Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,06 Mb.
Pdf просмотр
бет15/92
Дата19.11.2018
өлшемі1,06 Mb.
#21356
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   92

35
Онымен  құрастырылған  ұжымның  дəстүрлері  мен  рəсімдері  қатал  болғаны
анық; ұжымның өкілдері аскетикалық өмір сүрген. «Ең данышпан - сан», «сан
заттардың  иесі» - Пифагордың  тұжырымдарының  бірі. Тұтас  бастама  өзінің
көрінбейтін мəнінде - нөль болады, ал - абсолюттің  көрінісі  ретінде - бірлікке
тең. Бірлікті екіге айналдыру: тұтас нақтылықты материя мен рухқа; «бір нəрсе
туралы» біліммен «басқа  туралы» білімге. Пифагор «аумақтардың
үйлесімділігі» туралы  ойында  ғарышты  реттелген  жəне  симметриялық
біртұтастығы деген. Дүниені «сезімді емес» интеллект арқылы түсінуге болады.
Математика парадоксалдық түрде теологиямен байланысты болған, ал теология
өзі математикадан басталған.
П. Гайденко айтқандай, Грецияда біз математиканың теориялық жүйесін
қалыптасуын  байқаймыз: гректер  тұңғыш  рет  қатал  түрде  бір  математикалық
ережелерден екіншісін шығарды, яғни, математикалық дəлелдемені енгізген.
Элеадтар, олардың  ішінде, Ксенофан, Парменид, Зенон  жəне  Мелис
болмыстың  субстанционалдық  негізі  туралы  жəне  ойлау  мен  болмыс
арасындағы  қатынастар  туралы  сұрақтар  қойған. Өзінің «Табиғат  туралы»
негізгі  шығармасында  əділет  құдайының - Парменидтің  аузымен  өзінің
философиялық  ойы  жеткізіледі - «пəн  туралы  ой  жəне  пəннің  ойы  бір».
Бейболмысты ойлауға мүмкін емес, себебі, ол - жоқ. Сөйтіп, бейболмыс туралы
ой өзі бейболмысты болмыс қылып, ойдың пəніне айналдырады. «Нағыз» бар,
ал «нағыз  емес» жоқ. «Нағыз  болмыс» тұтас, өзгермейтін, бөлінбейтін
«біртұтас». Уақытша, өзгеретін, ағылым  сезіммен  байланысты. «Нағыз
болмысты» біз ақылмен түсінеміз. Ойлау біртұтастықты, ашады, ал сезімдер –
көп  түрлілікті. Қалай  сезім  дүниесі  ақиқатқа  қарсы, солай  пікір - білімге.
Парменидтің  ойлау  мен  болмыс  арасындағы  теңдік  ғылыми  ойлаудың
бастамасы.
Парменидтің  шəкірті  Зенон  болмыстың  біртұтастығы  туралы  идеяны
қарсылық  əдіс  арқылы  дəлелдейді. Көп  түрлі  заттар  нақты  түрде  қанша  болса
сонша  болу  қажет, одан  аз  да  көптей  болмау  керек. Олар  қанша  бар, сонша
болады, саны  шектеледі. Болмыстың  қозғалмайтындығын, Зенон  апориялар
(қиын, шешілмейтін  мəселелер) арқылы  дəлелдегісі  келді. Оның  пікірлері
Аристотельдің «метафизикасы» арқылы  жетті, келесіде  осы  атауларға  ие
болды: «Дихотомия», «Ахиллес  жəне  тасбақа», «Жебе», «Стадион».
Біріншісінде, «Дихотомияда» қозғалыс  басталу  үшін  қозғалушы  жолдың
жартысың өту керек, солай шексіз. Шексіз  кішкентай үзінді нөльге ұмтылады,
бірақ жоғалмайды да. Оны анықтау мүмкін емес, себебі, адам бүкіл жолды өте
алмайды  да, бастап  да  алмайды. Зенон, сөйтіп, дүниеде  өзгеретін, қозғалатын
заттар қайшысыз ойланбайды деп тұжырымдайды. Физикалық əлем қайшы.
Зенонның  апориясында  сезімнің  нəтижелеріне  сүйенгенде  керісінше
пікірлер  туылды. Сезімдер  қозғалысты «көрсе», ақыл  оны «түсінгісі» келеді.
Ақыл  мəнді  зерттейді  десек, ал  сезім - құбылыс  пен  қөріністерді, яғни, мəнде
қозғалыс  жоқ. Бірақ  Зенон  қозғалысты  қайшылықсыз  сүреттеу  мүмкін  емес
дейді. Сөйтіп, қозғалыс - ол қайшылық. Зенонның апорияларының құндылығы -
нақтылықтың  қайшылығын  айқындайды. Сол  себепте, оны  диалектиканың
бастаушысы деп  Аристотель айтқан. Ал Зенон өз шығармаларын  Парменидтің


36
«бəрі көп болады» деген тезисті дəлелдеу деп қабылдайды. Бəріне себеп болған
пікірталасқа сүйіспеншілік.
Философтардың  барлығы  қозғалыс  мəселесін  маңызды  деп  есептеген.
Аристотель (Стагирит) қозғалыстың  білмегендігі  себептің  білмегендігіне
əкеледі  деген. «Санға  азаю  мен  көбею  қасиеттер  берілген: сапаға - айналыс,
мəнге - жəй  шығу  мен  жоюшылық». Қозғалыстың  алты  түрін  ажырату  қажет:
пайда  болуы, жоюшылық, азаю, ауысу. Бірақ  материяның  өзгермейтін
концепциясын  дамытуда  Аристотель, түбінде  келесі  тұжырымға  келген:
қозғалыстың себебі бірінші түртпе - барлық іс-əрекеттің бастамасы, таза форма.
Сонда  қозғалыс  атрибут  емес  модус  болады, материяның  қарапайым  қасиеті,
бірінші  итермемен  негізделеді. Философияның  келесі  кезеңдерінде  қозғалыс
материяның атрибуты  ретінде  қарастырылмайды, тек оның  қарапайым  қасиеті
деп қабылданады.
Анаксагордың «Табиғат  туралы» шығармасы  келесі  сөйлеммен
басталады: «Заттар  бəрі  бірге  болған...». Стихияны  бастама  ретінде
қабылдамай, ол «бəрі  барлығында» деген  тезисті  ұсынған. Бастаушы  болып
заттардың  қасиеттері  қабылданған, ал  олар  көп. Анаксагор  оны «дəндер» деп
атаған, ал  Аристотель «гомеометрия», яғни  нақты  сияқты  дейді. Əр
гомеометрия  шексіз  бөлінеді, көптүрлі, біртұтас  сияқты  өзіне  бəрін  қамтиды.
Бірақ, Анаксагордың  гомеометриясы  пассивтік  материя, ал  хаостың  космосқа
тек  активтік  бастама  арқылы  ауысатындығын  ол  ескермеген. Анаксагор  оны
Нус  немесе  Ақыл  дейді. Ол  əуелі  бəрін  айналмалы  қозғалысқа  əкеледі, содан
кейін, сол  арқылы  түрлер  пайда  болады. Жеңілдер  шетіне, ал  салмақтылар
ортасына түседі. Анаксагорды рационалистік дəстүрдің бастаушысы деп атауға
болады. Бірақ  ол  осы  бағытты  ұстанбай, бəрін  механистикалық  тұрғыдан
түсіндірген.
Атомистика  өзінің - Левкипп, Демокрит, Эпикур, Лукреций  Кар  деген
өкілдерімен - элеадтардың «бейболмыс  жоқ» деген  пікіріне  қарсы  шығып
«қуыстықты» ұсынады. Бүкіл процестер мен қозғалыстың бастамасы болып, ол
өзі қозғалмайды, шексіз, тығыздықсыз. Болмыстың түрлері мен тығыздығы бар,
жəне  ол  бөлінбейді (грек «атомос»). Атом  өзіне  тең, бірақ  көптүрлі, реттілігі
мен  орны  өзгеше. Демокриттің  ілімінде  жан  атомнан  тұрады. Дүниенің
атомистикалық  тұжырымдамасында  көп  түрлілікке  сипаттау  берілген  жəне
пайда болу, жойылу, қозғалыс мəселелері өзгеше шешілген.
А.Н  Чанышевтің  пікірінше, атомистер  Гераклит  пен  Парменидті
біріктіріп: зат дүниесі ағылуда, ал соны - құрастыратын элементтері өзгермейді,
деген. Атомистер  болмысты, қозғалысты  сақтау  заңдарын  жəне  себептілік
туралы  заңды  жариялаған. «Ешқандай  зат  себепсіз  болмайды, бəрі  себеп
байланысы  мен  қажеттілік  арқасында». Кездейсоқтық  əлі  субъективтік  деп
түсінген, оның себебін адамдар білмейді.
Ғылыми  ойлаудың  даму  тұрғысынан  софистердің  де  қызметі  жоғары
бағаға  ие  болды. Олар  өздерінің  күшін  анықтама, əдіс, аргументация,
логикалық дəлелді шығару процесіне, пікірдің нəтижелерін айқындауға салады.
Қайшылықсыз  дəлелделген  рационализм, релятивизм, скептицизм  жəне  нақты
қойылған  мақсаттар  софистерден  бастапқы  ғылыми  ізденістің  қажетіне


жүктеу 1,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау