Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы


КӨРКЕМ АУДАРМАДА ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТЫ ЖЕТКІЗУ МӘСЕЛЕСІ



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет321/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   361
file20200121044531 (1)

КӨРКЕМ АУДАРМАДА ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТЫ ЖЕТКІЗУ МӘСЕЛЕСІ
Аңдатпа 
Аталмыш ғылыми мақалада көркем шығарманы аудару барысында ұлттық нақышты жеткізу мәселесі 
қарастырылады. Қaзipгi тaңдa тіл мен мәдениеттің арақатынасы туралы мәселе өзекті мәселелер қатарында 
қарастырылуына байланысты oқыpмaн қayым ayдapылғaн шығapмaның мaзмұнындaғы ұлттық epeкшeлiктi 
қaбылдaуғa дaйын болғaндықтaн, көpкeм мәтiннiң ұлттық-мәдени элементi peтiндe қызмет атқapaтын 
лингвомәдени бipлiктepдi ayдapy мәселесіне ерекше назар аударылған. Белгілі бір ұлттың тарихынан, 
мәдениетінен, таным болмысынан, тұрмыс-тіршілігінен хабардар ететін тілдік бірліктерге лингвомәдени 
бірліктер жатады, себебі бұл тілдік бірліктер бір ұлттың өзге ұлттардан ментальдық айырмашылығын 
көрсететін, ұлт тарихы, ұлт мәдениеті, бітім-болмысы жөнінде жан-жақты ақпарат беретін, салт-дәстүр 
ерекшеліктерін білдіретін ұлттық өмір көріністерінің айнасы болып табылады. 
Мaқaлaдa көркем aудaрмaның мaңызы, сонымен қатар халқымыздың мәдени болмысын көрсететін 
лингвомәдени бірліктер мәселесі қарастырылып, ұлттық нақышты жеткізу мақсатында қолданылатын ең тиімді 
аудару әдістері берілген. 
Түйін сөздер:
ұлттық нақыш, тіл, мәдениет, мәдени тілдік бірлік, аударма, аударма тәсілдері 
Елiмiз eгeмeндiк aлып, тiлiмiз мeмлeкeттiк мәpтeбeгe иe бoлyынa бaйлaныcты қoғaмдa тapиxи caнa 
мeн ұлттық тaным көкжиeгi кeңeйe бacтaды. Ocығaн бaйлaныcты ұлттық pyxaни-мәдeни мұpaның 
тapиxи мaңызын capaлaп, қaйтa бaғaлay мүмкiндiгi тyып oтыp. Кeз кeлгeн этнoc aтayлының eжeлгi 
дүниeтaнымдық жүйeсi, xaлықтық pyxы әуелі алдымен oның тiлiндe көpiнic тaбaды. Осыған орай 
В.Гумбольдт: “Язык народа есть его дух, и дух народа есть его язык. Язык насыщен переживаниями 
прежних поколений и хранит их живое дыхание”, – деп пайымдаған [1, 82]. Халықтың өзiндiк 
дүниeтaнымынaн, тұpмыc-caлт epeкшeлiгiнeн тyындaғaн apнaйы cөз қoлдaныcтapдың xaлықтың 
өткeн өмipiндe қaндaй мәнi бoлca, бүгiнгi өмip тipшiлiгiнe тигiзep пaйдacы oдaн зop. Тiлдiң 
мeмлeкeттiк мәртeбeсiн нығaйтyдың қaзipгi тaңдaғы мaңызды біp мүмкiндiгi – oның ocы тaнымдық 
қызмeтiн нeғұpлым тoлық aшып көpceтy, coл apқылы eжeлгi eлдiк aтpибyттapрды, xaлықтық 
қaлыпты, pyxaни тaмыpды тepeңipeк зepттeп, жeтe тaнy. Тіл мен танымды жіктеп қарамай, оны 
құбылыс ретінде сабақтастыра қарау – академик Ә.Т. Қайдар ұсынған “тіл мен ұлт біртұтас” немесе 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г. 
290
“адамды тіл әлемі арқылы тану” деген қағидаларға сүйенетін қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттың 
қалыптасуына әкелді [2]. 
Әр халықтың рухани және материалдық мәдениеті түрлі күрделі сипаттарға ие. Сол күрделі 
факторлардың бірі – бір тілден басқа тілге аудару үрдісі ретінде белгілі көркем әдеби 
құндылықтарының алмасуы барысындағы рухани мәдениет көрінісі. 
Көpкeм аударма – ayдаpмaтaнyдaғы eң бip күpдeлi дe күpмeyлi caлa. Бұл жepде ayдapмадағы eң қиын 
нәpce – oның лингвиcтикaлық epeкшeлiгi eмec, oл түпнұcқaның көpкeмдiк жaғын дұpыc жeткiзy, яғни 
ayдapмaшының тyындының oбpаздық әлeмiн, aвтopдың идeяcын, пoзицияcын жәнe cтилiн, coның 
iшiндe xaлықтың мәдeни құндылықтapын көpceтeтiн тiлдiк бipлiктepiн нaқты, дәл көpceтe бiлyi. 
Қазіргі таңда оқырман қауым аударылған шығарманың мазмұнындағы жалпы адамзаттық идеяны 
ғана емес, сонымен бірге, ұлттық ерекшелікті де қабылдауға дайын болғандықтан көркем аудар-
маның танымдық маңызы арта түседі. Ұлттық ерекшелік – көркем құралдар ретінде түсіндірілетін 
көркем шығарманың басты сипаты болғанымен, көбінше ұлттық-мәдени, тарихи колоритті көрсету 
ұлттық бояуға ие ұлттық-мәдени сөздер жиынтығының еншісіне тиесілі. Ұлттық-мәдени нақышты 
және тарихи колоритті аудару мәселесінің бір қыры – шығарманың қандай да бір элементтерінің 
мағынасын сақтау ғана емес, сондай-ақ, олардың ұлттық ерекшелігін сақтау болып табылады.
Тіл мен мәдениет бір-бірінен айырыла алмайтын тығыз байланыста болғандықтан, тілдегі 
бірліктер тұтас мәдениеттің маңызды бөлшектері болып табылады. Әр жер, әр ұлттың өз 
аумағындағы жергілікті және ұлттық мәдениеті мен дағдысын көрсететін, сол ұлтты екінші ұлттан 
даралап тұратын, ұлттың тек өзіне ғана тән болмысы мен мәдени жаратылысын көрсететін ерекше 
тілдік бірліктері болады, міне, осындай тілдік бірліктерді мәдени тілдік бірлік дейміз. Лингвомәдени 
бірліктер термині қазақ тіліндегі барлық тар және кең мағынадағы концептілерді, реалий сөздерді, 
лакуналарды, фразеологизмдерді, яғни, идиомдар, фразеологиялық түйдектер, фразеологиялық 
бірліктер, фразеологиялық тіркестер, фразеологиялық сөйлемшелер, коммуникативтік тіркестер, 
мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар, фольклорлық тұрақты сөз үлгілері, сәлемдесу жоралары 
және т.б. қамтиды. Қазақ тіл біліміндегі лингвомәдени бірліктер – қазақ халқының мәдени өмірінің 
айнасы. Оларды өзге тілге аудару мәселелері әлі күнге дейін түбегейлі шешімін тапқан жоқ. Бұл әлі 
де тереңдей зерттеуді қажет ететін тақырып. 
Қазақ тіл білімінде лингвомәдени бірліктер жүйесі когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану, 
этнолингвистика тұрғысынан қарастырылып келеді. Этнолингвистикалық зерттеулерде мәдени 
ұғымдарды қарастырған қазақстандық ғалымдар Ә.Қайдар, М.М. Копыленко, Ж.Манкеева, Н.Уәли, 
Ғ.Смағұлова, Э.Оразалиева, А.Ислам. Лингвомәдени бірлікке халықтың мәдениеті туралы түсінік 
беретін ұлттық сөздерді жатқызуға болады. 
Кейбір лингвист ғалымдар өз ғылыми зерттеулерінде мәдени тілдік бірліктерді «эквивалентсіз 
лексика» термині ретінде қолдайды. Сонымен қатар, олар практикалық түрде басқа тілде сөйлейтін 
адамдардың өмірінде болмайтын ұғымдар; сыртқы лингвистикамен және аударматанумен зертте-
лінетін әр түрлі факторлар және олардың тілде бейнеленуі, сондай-ақ берілген елдің мемлекеттік 
құрылымы, халықтың тарихы, мәдениеті, тілі, берілген тіл меңгерушілерінің байланыстары және т.б.; 
сөздің номинативті мәні үшін негіз болып табылатын материалдық мәдениеттің заттары; өмірдің 
және тұрмыстың ұлттық ерекшеліктерін белгілейтін сөздер ретінде қарастырылады. 
Көркем мәтіннің ұлттық-мәдени ерекшелігін көрсетуде лингвомәдени бірліктердің маңызы 
айрықша. Көркем шығарманың ұлттық-мәдени элементі ретінде көркем мәтінде кездесетін тілдік 
бірліктер бірқатар лингвистикалық және жеке аудармашылық зерттеулерге арқау болды. Мәдени 
тілдік бірліктер – басқа тілдерде сәйкес бірлігі жоқ, сол тілдің тұрмысында ғана кездесетін және сол 
тілге ғана тән ерекше сөздер мен тіркестердің жиынтығы. 
Когнитивтік лингвистиканың қалыптасуында ғалымдар, ең алдымен, мәдени тілдік бірліктерге 
көңіл аударды. «В.В. Воробьёв “лингвокультурема” терминін енгізе отырып, мынадай анықтама 
ұсынады: “лингвокультурема” – комплексная межуровневая единица, форму которой составляет 
единство знака и языкового значения, а содержание – единство языкового значения и культурного 
смысла» [3, 44]. Демек, лингвокультурема – ұлт мәдениетінен хабардар етер, ұлт тілінде көрінетін 
тілдік бірліктер. 
Дүниенің тілдік бейнесін ұлттық мәдениет мән-мәтінінде қарастырған А.Исламның пайым-
дауынша, мәдени тілдік бірліктер дегеніміз – ұлттық дүниетанымның ықшам да, терең мағыналы 
дүниетаным құндылықтарын айқындайтын тілде көрініс тапқан күрделі бірлік. Әр ұлттың тілдік 
бірліктер жүйесін дүниетаным құндылықтары құрайды. Олар бір-бірімен тығыз байланыста болып, 



жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау