Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет322/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   361
file20200121044531 (1)

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж. 
291
бір-бірінен туындап отырады. Әр қоғамның даму кезеңдерге сәйкес тіл мен мәдениет иелерінің 
ұлттық ұғымдарды танып түсінуінде өзгерістер болғанымен, негізгі мәдени, дүниетанымдық мәні 
өзгеріссіз ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады» [4, 12]. 
Аударматануда мәдени тілдік бірліктер баламасы жоқ лексиканың жеке бір тобы ретінде 
қарастырылғандықтан, оларды аудармада жеткізудің өзіне тән белгісі мен тәсілдері бар. Біз оларды 
бір елде бар және өзге елде жоқ, бірегей заттар мен құбылыстарды атайтын лексика түрі ретінде 
қарастырамыз. Олай болса, аралас филологиялық ғылымдарға қарағанда, аударматануда 
лингвомәдени бірлік ұғымының ауқымы тар. 
Баламасы жоқ болғандықтан, көркем мәтіндегі мәдени тілдік бірліктерді мүлдем аударуға 
келмейді деуге болмайды. Шет тіліндегі осы лексиканы аударуда оның ұлттық нақышын сақтауға аса 
мән беру қажет. Осы сөздермен жұмыс істеуде аудармашының алдында мынадай міндеттер тұрады: 
тілдік бірліктің мағынасына нұқсан келтіре отырып, ұлттық нақышты сақтау немесе мәдени сөздің 
колоритін сақтамай, мағынасын жеткізу. Осы жайт аудармашының мәдени тілдік бірліктерді 
аударуда қандай да бір тәсілді қолдануына себеп болады. 
Аудармашы мәдени тілдік бірліктерді бірінші, ескі авторлардың көне шығармаларынан және 
екінші, ежелгі немесе жуырдағы өткенді – көнерген құбылыстарды суреттейтін қазіргі заманғы 
жазушылардың шығармаларынан кездестіре алады. Олардың арасындағы айырмашылықтар олардағы 
концептілерді, реалийлерді, лакуналарды және т.б. эквивалентсіз сөздер мен сөз тіркестерін аударуда 
түрлі тәсілді талап етеді. 
Қазіргі таңда мәдени тілдік бірліктерді аударуда бірнеше тәсіл қолданылып жүр. Олар: трансли-
терация, транскрипця, калькалау, тілде бар болған элементтердің арқасында жаңа сөздерді тудыру, 
ұқсас аударма, контекстің ішінде дәлденетін грамматикалық ауыстыру арқылы аудару және т.б. [5]. 
Енді осы тәсілдерге жеке-жеке тоқталайық: 
Транслитерация, транскрипция 
Транслитерацияда аударылатын тіл құралдарымен бастапқы тіл сөзінің графикалық формасы, ал 
транскрипцияда оның дыбыстық формасы беріледі. Бұл тәсілдер шет тілдік жалқы есімдерді, геогра-
фиялық атауларды және т.б. бергенде қолданылады. Қазіргі кезде көркем әдебиетті аударғанда 
транслитерация мен транскрипция тәсілі бұрынғыға қарағанда анағұрлым сирек қолданылады. Кейбір 
кездерде транслитерация және транскрипция тәсілдерінің ұқсастығына байланысты оларды ажырату 
қиыншылық тудырады. Транслитерация әдісін қолдану көбінесе ғылыми әдебиеттерге тән. Бұл әдіс 
көркем аудармада да лайықты орнын тауып келеді. «Түпнұсқа тілінің арнайы лексикаларын аударма 
тілінде беру үшін транслитерация әдісін қолданады. Ол белгілі бір реалияны білдіретін тап сол сөзді 
немесе оның түбірін аударма жасалатын тілдің әріптерімен жазып, тікелей қолданумен іске асады»
[6, 141-142], – дейді зерттеуші Б.Бекмухамедов. Ұлттық реалийлерді аударудың мұндай тәсілі халық-
тардың тарихи дамуының, тұрмыс-тіршіліктерінің әлеуметтік-экономикалық шарттарының әртүрлі 
болып келуіне, осы тілдер арасында ұзақ уақыт аударма жұмыстарының болмай келуіне байланысты. 
Транскрипция көбінесе кең таралған публицистикада және көркем шығармаларда мәтіннің 
сипаттамасына қарай қолданылады. Автордың сөзінде және толық сипаттаумен берілген мәтінде 
транскрипция ең жақсы шешім болып табылады. Өйткені сондай мәтіндерде мәдени ұлттық сөздерді 
кеңірек ашу мүмкіндігі туады. Транскрипцияның аудару тәсілі ретінде негізгі құндылықтардың бірі 
максималды түрдегі ықшамдық. Осыған қарамастан басқа бір аудару тәсілі сияқты транскрипцияны 
байқап қолдану қажет. Кейде ұлттық нақышты жеткізгенде мәдени тілдік бірліктердің мағынасы 
екінші орынға жылжиды да, аударманың коммуникативті мәселесі жүзеге асырылмай қалады. 
Жаңа сөздің/сөз тіркесінің пайда болуы 
Неологизмнің енгізілуі – мәдени тілдік бірліктің мазмұнынын және ұлттық нақышын сақтау үшін 
(транскрипциядан кейін) қолданылатын тәсілдердің бірі. Алайда жаңа сөздің (сөз тіркесінің) пайда 
болуы кейде түпнұсқадағы ұлттық бояуы қалың сөздерді аударма тілге жеткізудің өнімді тәсілі емес. 
Дегенмен де кей мәдени сөздердің баламасын жасауға тура келеді. 
Калька
Калька – бұл бір сөздің немесе сөз тіркесінің бөліктерінің морфемаларын аударма тіліндегі 
олардың эквиваленттерімен ауыстыру арқылы шетел тілдік бірліктерін беру. Сонымен қатар, 
жартылай калька – бұл ауысып алынған сөздер және сөйлемшелер. Олар жартылай бастапқы тілінен, 
жартылай аударма тілінің элементтерін алады. 
Ұқсас аударма
Осы аударма тәсілі өте жиі қолданылады. Мысалы, көп таралған тәсіл функционалды эквивалентті 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г. 
292
таңдау. Бұл тәсіл бойынша аударма оқырманда түпнұсқа оқырманыңда туатын ассоциацияларға 
сәйкес ассоциациялар туғызады.
Контекстуалды аударма 
Бұл тәсіл өз қағидасы бойынша ұқсас аударма тәсіліне ұқсайды, бірақ сөздік аудармаға қайшы. 
Өйткені осы тәсілдермен аударылып жатқан сөздің мағынасы сөздікте берілген оның эквивалентінің 
мағынасынан тыс болуы мүмкін. Сонда аудармашы негізінен контекстке бейімделеді. Бұл тәсілдің 
мәні – сөздікте берілген сөзді контекстке, логикалық жағынан байланысты сөзбен алмастыру.
Тілдік бірлікті алмастыру 
Кейбір ғалымдар бастапқы мәтінде берілген лингвомәдени бірлікті аударма тіліндегі тілдік 
бірлікпен алмастырады, бұл сонымен қатар, «реалияны алмастыру» тәсілі деп те белгілі. Алайда, 
осындай алмастыру сөзді бүкіл мәтіннен оқшаулайды. Осындай жағдайда шартты аударылып жатқан 
немесе аудармашымен ұсынылған сөздің ұлттық нақышы жоғалады. Басқа мәдени бірліктерді 
қолданған кезде ұлттық нақыш өзгеріліп, оқырмандар өз назарларын автордың ойынша маңызды 
емес және ешқандай маңызы жоқ ұсақ бөлшектерге аударады.
Сипаттамалы аударма 
Сипаттамалы аударма қолданылған кезде лингвомәдени бірліктің мазмұны ашылады. Егер 
аудармашыда басқа елдің заты немесе құбылысы туралы мәліметі, білімі жеткілікті болса, егер де ол 
осы тілдік бірлік нені белгілейтінін білетін болса, онда сипаттамалы аударма дұрыс болады.
Сонымен, лингвомәдени бірліктерді аударғанда белгілі бір тәсілді таңдау үшін, аудармашы оның 
алдында тұрған мақсатты нақты анықтау керек: тіл бірлігінің ұлттық нақышын сақтап, семантикаға 
кемістік келтіру немесе мәдени тілдік бірліктің мағынасын жеткізіп, ұлттық колоритті жоғалту.
Жоғарыда аталған тәсілдердің өз артықшылықтары мен кемшілік тұстары бар. Мәселен, 
транслитерациялау тәсілін қолдануда шет тіліндегі сөздің колориті сақталады, бірақ, кей кездері 
оқырманға жақсы таныс болмаған жағдайда, түсініктеме беру қажеттігі туындайды. Мағынасы жақын 
сөздермен аударуда оқырманға түсіндіріп жатудың керегі жоқ, бірақ та, транслитерациялауда, 
калькалауда шет тілін білмейтін оқырманға аударылатын сөздің немесе сөз тіркесінің мағынасын 
дұрыс аша бермейтін жайттар кездеседі. Осы жағдайда сипаттау немесе түсіндіру арқылы аудару 
тәсілін қолданған жөн. 
Ұлт мәдениетінің қай түрінде болмасын, онда сол ұлттың бүкіл таным болмысы мен тұрмыс-
тіршілік суреті сақталған. Қандай да бір тіл болмасын оның ұлттық сөз қоры халық мәдениетін, 
менталитетін, ұлттың психологиясын барынша қамтиды және мәдени өмір көріністерінің айнасы 
болып табылады. 
Әлемдік аренада өз орнын енді тауып, халықтарға танылып келе жатқан қазақ елінің ұлттық құн-
дылықтары мен мәдени өмірі жүзге таныс болғанымен мыңға бейтаныс. Өзге ел қазақты қазақтың 
әлемдік ұлы тұлғалары арқылы, әлемге танымал үздік көркем туындылары арқылы танып білері хақ. 
Өзге ұлт өкілдері қазақтың өткені мен бүгінін тек аударма нұсқасынан оқып біледі. Аударманың бұр-
малануы не нақты жеткізілмеуі ұлттың рухы мен мәдени құндылықтарының деңгейін төмендетеді. 
Көркем аудармада ұлттық мәдени тілдік бірліктерді аудару аудармашыдан шығармашылық пен 
терең экстралингвистикалық білімді талап етеді. Аударма үдерісінде өзге тілде мағынасы мен 
мазмұнын жеткізу қиын лексикалық бірліктерді зерттеп-зерделеу аудармада сол елдің тілі, мәдениеті, 
тарихы мен күнделікті тұрмыс-тіршілігін шынайы түрде жеткізуге жол ашады. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1 Гумбольдт В. Избранные труды по языкознанию. – Москва: Прогресс, 1984. – 398 с. 
2 Қайдар Ә.Т. Этнолингвистика // Білім және еңбек. – Алматы, 1985. – №10. – 103 б. 
3 Воробьев В.В. Лингвокультурология (Теория и методы). – М.: Изд-во Российского ун-та дружбы народов, 
1997. – 332 с. 
4 Ислам А. Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті (салыстырмалы-салғастырмалы 
лингвомәдени сараптама). Ф.ғ.д. дәрежесін алу үшін дайындалған дисс. – Алматы, 2004. – 180 б. 
5 Комиссаров В.Н. Общая теория перевода. – М.: Учебное пособие, 1999. – 336 с. 
6 Копыленко М.М. Основы этнолингвистики. – Алматы: Ақыл кітабы, 1997. – 178 с. 
Б.М. Мизамхан
1
, А.Б. Жаксылыкова

 
1,2
Казахский университет международных отношений и мировых языков имени Абылай хана,
г. Алматы, Казахстан 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж. 
293
 

жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау