96
асырылған жүйе» [235, с. 19]. Соған орай, педагогикалық модельдеу үдерісі
қайта түзілетін объект немесе үдерісті қалыптастыруға бағытталады.
«Модель» ұғымына берілген анықтамалар мен түсіндірмелерді
тӛмендегіше кестеге сәйкес беруге болады (5 - кесте).
5 - кесте - «Модель» ұғымына берілген анықтамалар мен түсіндірмелер
«Модель» ҧғымына берілген
анықтамалар мен тҥсіндірмелер
Еңбек атаулары мен авторлары
1
2
«Модель» термині, латынның «modules»
сӛзінен шыққан, ол «ӛлшем», «әдіс»,
«бейне» деген ұғымдарды білдіреді.
Қазақ тілінің түсіндірме сӛздігі. 8 том.
//Жалпы редакцияны басқарған Қазақ ССР
ғылым
академиясының
корреспондент
мүшесі – А.Ы.Ысқақов. -Алматы: Ғылым,
1985, - 122 б.
Модель - үлгі, сұлба, ӛрнек, ӛң, кейіп деген
ұғымды білдіреді.
Қазақша-орысша аударма сӛздік. - Алматы,
1989. - 425 б.
Модель – үлгі, макет. Нобай – бір нәрсенің
жалпылама алғандағы жобасы, сұлбасы.
Қазақ тілінің түсіндірме сӛздігі / Жалпы
редакциясын басқарған Т.Жанұзақова. –
Алматы:
Дайк-Пресс, 2008. – 968 б.(596 б.)
Модель - зерттеу үшін арнайы жасалған
объектіде,
басқа
бір
объектінің
сипаттамасын қайта жаңғырту; объектіні
модельдеу нәтижесі.
Нұрғалиев Р.Н., Ақмамбетов Ғ.Ғ., Әбділдин
Ж.М., т.б. Философиялық сӛздік. - Алматы:
Қазақ энциклопедиясы, 1996. - 525 б.
Модель
-
теориялық
тұрғыдан
қалыптастырылған
ережелердің
ӛзі,
азаматтық заңдар мен заңдылық актілердің
жеке-дара кӛрінуі.
Қандай да бір кітаптың мазмұны оның
моделі ретінде қарастырылады.
Климов Е.А. Как выбирать профессию: кн.
для учащихся. –М.: Просвещение, 1984. –
160 с.
5-кестеде берілген еңбектердің мазмұнына сәйкес «модель» - деп, объект
туралы жаңа ақпарат беруге қабілетті, объектіні ауыстыратын, бейнелейтін
немесе ойша бейнеленген зерттеу жүйесін айтады. Оқу-тәрбие үдерісіндегі
модель модельдеу нәтижесі. Педагогикалық үдерісте оқу әрекетін модельдеу
екі аспектіден тұрады: біріншісі – оқу үдерісіндегі білімді меңгеру болса,
екіншісі – оқудағы іс-әрекет элементтері. Сонда, бірінші аспектіде модель мен
модельдеуді психологиялық бағыт білім жүйесіне енгізу болса, екіншіде –
модельдеудің формасын, әдісін, қолданылатын әрекетінің ерекшелігін
оқушылардың икемділігіне қарай бағыттауды кӛрсетеді [236].
Модельдеу үдерісі барысында танымның ӛзіндік тәсілінде бір жүйе
(зерттеу объектісі) басқаға (модельге) ӛзгереді деп түсіндіреді. Сонымен,
модель деп, зерттеу қиындық тудыратын немесе мүлдем мүмкін емес
құбылыстарды (затты, үдерісті, ситуацияны және т.б.) зерттеу үшін оларға
ұқсас басқа құбылыстарды зерттеу үшін жасанды түрде құбылысты (зат, үдеріс,
ситуация және т.б.) құру түсіндіріледі.
Модельдеу негізінде [224, б.22-34]:
97
- қандайда бір құбылысты, үдерістерді немесе объектілер жүйесін олардың
моделін тұрғызу жолымен зерттеу жүзеге
асырылады;
- объекті дамуының соңғы нәтижесін кӛруге мүмкіндік беріледі (ғылыми
таным әдісі ретінде).
Модель негізінен модельдеудің барысында жүзеге асырылады.
Педагогикалық тұрғыдан зерттеліп отырған сапаны қалыптастыру моделін
сызба түрінде де, мазмұндық сипаттама ретінде де беруге болады.
«Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқытуға болашақ тарих мұғалімін
даярлаудың мазмұндық жағы ӛзара тығыз байланыстағы тӛрт құрамдастан
тұратыны байқалады:
- теориялық білім (соның ішінде педагогикалық қызметті жүзеге асыру
тәсілдері де),
- іскерлік
пен дағдылар,
- шығармашылық
қызмет тәжірибесі,
- педагогикалық қызмет пен тарих мұғалімі мамандығына деген
эмоционалдық-еріктік қарым-қатынас тәжірибесі.
Болашақ тарих пәні мұғалімдерінің «Мәңгілік Ел» құндылықтарын
оқытуға даярлау моделі туралы сӛз қозғалған кезде іс-әрекет теориясы мен
құрылымына сәйкес келесі блоктар болуы міндетті: мақсатты, мазмұндық, іс-
әрекеттік және бағалау.
Тарих пәні мұғалімдерін «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқытуға даярлау
моделінің құраушы аспектілері тӛмендегідей компоненттерден тұрады деп
білеміз:
- мотивациялық-құндылық;
- танымдық;
- іс-әрекеттік;
- рефлексивті-бағалау.
Мотивациялық-құндылық компонент – тарих мұғалімдерін «Мәңгілік Ел»
құндылықтарын оқытуға қызығушылығының туындауын, мотивінің болуын,
ӛзіндік білім алуға, дамытуға ұмтылысын, мұғалімге тән жетекші ерік
сапаларының болуын сипаттайды.Танымдық (когнитивті) компонент – болашақ
тарих пәні мұғалімдерінің философия, психология, педагогика, әдістеме және
арнайы пән бойынша білімі мен «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқыту
әдістемесін танып білуі, интеллектуалдық іскерліктерді жүзеге асыруы (білу,
түсіну, қолдану деңгейінде); алған теориялық білімдерін практикада қолдануы.
Іс-әрекеттік компонент – «Мәңгілік Ел» құндылықтарын мектеп тарих
пәніне қатысты оқытуды ұйымдастыруы, оқыту үдерісінде тұлғааралық ӛзара
іс-әрекетті ұйымдастыру іскерлігі – педагогикалық іскерліктері, мектептен
және сабақтан тыс оқу жұмыстарында «Мәңгілік Ел» құндылықтарын жүзеге
асыруы. Рефлексивті-бағалау – болашақ тарих пәні мұғалімдерінің «Мәңгілік
Ел» құндылықтарын тарих пәні мазмұнына сәйкес оқытуды, оқу жұмыстарын
жүзеге асыру іс-әрекетіне, оқыту нәтижелеріне талдау жүргізу, ӛзіндік баға
беру.