Болашақ тарих мҧғалімдерін «Мәңгілік Ел» қҧндылықтарын оқытуға даярлау әдістемесі



жүктеу 2,69 Mb.
Pdf просмотр
бет39/70
Дата23.11.2018
өлшемі2,69 Mb.
#24147
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   70

 
88 
 
(1.1  тақырыпта  зерттеу  бағыттары  келтірілген)  кӛптеген  ғалымдардың 
қызығушылықтары  кәсіби-педагогикалық  даярлық  түрлерін  жетілдіруге 
бағытталғандығын кӛруге болады. 
Ғылыми-педагогикалық  зерттеу  жұмыстарының  ішінде  Ш.Т.Таубаеваның 
ғылыми  еңбегінде  [214]  жалпы  білім  беретін  мектеп  мұғалімдерінің  кәсіби 
қызметінде  зерттеушілік  мәдениетін  қалыптастырудың  әдіс-тәсілдері  ғылыми 
негізделгендігін атап айтамыз. 
Болашақ мұғалімдердің кәсіби мәнді сапаларын қалыптастыру бойынша да 
жүргізілген  қазақстандық  ғалымдардың  еңбектері  басшылыққа  алынуда. 
Мәселен, С.Т.Каргиннің зерттеу жұмыстарында болашақ мұғалімдердің кәсіби 
мәндік  қасиеті  мен  кәсіби  құндылықтарын  қалыптастыру,  мәдениетін  кӛтеру 
жолдары жан-жақты тұжырымдалады [49]. 
А.А.Калюжныйдің 
ғылыми-зерттеу 
жұмысында 
жеке 
тұлғаны 
адамгершілікке  тәрбиелеу  жүйесінде  мұғалімдердің  кәсіби  қасиеттеріне 
қойылатын  талаптарға  сипаттама  берілген  және  ғылыми  тұрғыдан  негізделген 
[50]. 
К.С.Успанов  ӛз  еңбегінде,  педагогикалық  үдерісте  болашақ  мұғалімдерді 
адамгершілікке, азаматтықа, ізгілікке тәрбиелеуді кәсіби даярлаудың ажырамас 
бӛлігі ретінде қарастырып, теориялық және практикалық тұрғыдан жан–жақты 
негіздеп, сипаттама берген [215]. 
Десекте,  ешқандай  ЖОО  ӛзінің  түлегіне  ӛмірдің  барлық  жағдайын 
қамтитын  кӛлемдегі  білімді,  дайындықты  толық  бере  алмайды  және  барлық 
құзыреттер жүйесін қалыптастыра алмайтынын практика кӛрсетіп беруде. Сол 
себепті,  үнемі  ӛзгеріп  отыратын  әлеуметтік-педагогикалық  жағдайларға 
болашақ мамандарды бейімдеу үшін, ӛзінің кәсіби қызметінде жаңа ақпаратты 
меңгеруге,  білімін  толықтырып,  кӛзқарасын  кеңейтуге  қабілетті  болатындай 
ғылыми таным әдіснамасымен қаруландыруға жұмыстар жасалуда. 
Педагогика  саласында  болашақ  мұғалімдерді  даярлау  мәселесі  кеңінен 
қарастырылған.  Зерттеулерде  мұғалімнің  академиялық  және  әдістемелік,  т.б. 
даярлығы  кәсіптік  сапалар  жүйесінің  негізін  қалайтыны  айтылған. 
Мұғалімдердің  даярлығы  және  олардың  түрлері  бойынша  кеңінен  жазған 
ғалымдардың  бірі  -  В.А.Сластенин.  Ол  мұғалімнің  педагогикалық  іс-әрекетке 
кәсіби  даярлығын  бірқатар  қасиеттермен  және  сипаттамалармен  анықтайды. 
Оның ішінде: 
-  психологиялық  даярлық  -  бұл  мектептегі  жұмысты  мақсат  еткен 
педагогикалық  іс-әрекетке  әртүрлі  деңгейде  қалыптасқан  мұғалімнің 
бағыттылығы; 
-  ғылыми-педагогикалық  даярлық  -  бұл  мұғалімнің  педагогикалық  іс-
әрекетке  қажетті  кӛлемдегі  қоғамдық-саяси,  психологиялық,  педагогикалық 
және арнайы білімдері; 
-  практикалық  даярлық  -  бұл  талап  етілген  деңгейдегі  мұғалімнің 
қалыптастырылған кәсіби-педагогикалық ептіліктері мен дағдылары; 


 
89 
 
психофизиологиялық даярлық - белгілі (мұғалімдік мамандықты игеруге) 
педагогикалық іс-әрекет үшін сәйкес алғы шарттың болуы, кәсіби құнды жеке 
тұлғалық сапаның қалыптасқандығы; 
-  дене  бітім  даярлығы  -  денсаулық  жағдайының  педагогикалық  іс-әрекет 
талабы мен дене бітімінің дамуы және кәсіби жұмыс жасау қабілеттілігі [216]. 
Зерттеу  жұмысы  тақырыбына  байланысты  «даярлық»  ұғымын  кеңінен 
ашуды  қажет  етеді.  Психологиялық-педагогикалық  әдебиеттерде  «даярлық» 
ұғымы: 
-  белгілі  бір  психологиялық  жағдай  (Селиванов  В.И.,  Райский  Б.Ф., 
Матюжина М.Ф. т.б.); 
- жеке тұлғаның тұрақты сипаты (Дьяченко М.И., Кандыбович Л.А. т.б.); 
-  жеке  тұлғаның  күрделі  құрылымдық  білімі  (Дурай-Новакова  К.М., 
Линенко А.Ф. т.б.); 
-  мотивациялық  және  күрделі  процессуалдық  компоненттердің  ажырамас 
бірлігі (Ильин В.С., Ковалевская Н.Г.); 
- педагогикалық кәсіби мәнді қасиетін, жалпы және арнайы білім, іскерлік, 
дағдыларының  жиынтығымен  педагогикалық  іс-әрекетін  іске  асыруға 
талаптарын біріктіретін білім (Веретенников Л.К.) ретінде қарастырылады. 
Педагогикалық  тұрғыдан  «даярлық»  оқу-тәрбие  үдерісін  ұйымдастыруға 
сәйкес мұғалімнің дайындығы, яғни меңгерілген және кӛрініс табатын нәтиже 
ретінде  қарастырылады.  Сондай-ақ,  даярлық  –  оқыту  нәтижесі  ретінде  білім 
беру құжаттарында тіркеледі. 
К.Ә.Дүйсенбаев  қоғамның  мұғалім  дайындығына  әлеуметтік  тапсырысын 
«Егер мектептегі оқыту үдерісінде оқушыларды еңбекке баулу мен тәрбиелеуде 
жаңа  міндеттер  қойылса,  бұл  міндетті  түрде  еңбек  пәні  мұғалімін  даярлау 
мазмұнында  кӛрінуі  қажет»,  -  деп,  үздіксіз  білім  беру  жүйесіндегі  жүйелік 
тұғырдың  орын  алуын  атап  кӛрсетеді  [48,  с.  97].  Сол  себепті,  «Мәңгілік  Ел» 
құндылықтарын оқытуды жүзеге асыратын пән мұғалімдерін даярлау мәселесі 
орта  және  жоғары  мектептің  педагогикалық  мәселелерінің  түйіндесуінде 
жатады. 
Жүргізілген  зерттеу  жұмыстарына  сәйкес  және  алдыңғы  тақырыптардағы 
теориялық  мағлұматтарды  талдау  негізінде  болашақ  тарих  пәні  мұғалімдерін 
«Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  оқытуға  даярлауда  оқытудың  дидактикалық, 
практикалық бағыттылығын күшейтудің әдістері мен тәсілдерін іздеу және оны 
келешекте қолдануға дағдыландыру қажеттілігі туындайды. 
Жоғары  оқу  орындарында  болашақ  мұғалімдерді,  оның  ішінде  тарих 
мұғалімдерін  даярлау  бойынша  еңбектерді  зерделей  келе,  оқушыларға 
«Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  оқытуға  даярлауда  тӛмендегілерді  назарға  алу 
қажет: 
-  білім  беру  жүйесі  құрылымындағы  бір  ӛзгеріс  басқа  құрылымға  сәйкес 
ӛзгеріске ұшырайды, орта мектептегі білім беруге байланысты ӛзгеріс болашақ 
мұғалімдерді даярлауда кӛрініс табуы тиіс; 
-  болашақ  тарих  пәні  мұғалімдерін  оқушыларға  құндылықтарды  оқытуға 
даярлау орта мектеп пен жоғары оқу орындары түйіндесуінде зерттелуі керек. 


жүктеу 2,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   70




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау