Болашақ тарих мҧғалімдерін «Мәңгілік Ел» қҧндылықтарын оқытуға даярлау әдістемесі



жүктеу 2,69 Mb.
Pdf просмотр
бет46/70
Дата23.11.2018
өлшемі2,69 Mb.
#24147
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   70

 
103 
 
 

БОЛАШАҚ 
ТАРИХ 
МҦҒАЛІМДЕРІН 
«МӘҢГІЛІК 
ЕЛ» 
ҚҦНДЫЛЫҚТАРЫН  ОҚЫТУҒА  ДАЯРЛАУ  ӘДІСТЕМЕСІ  ЖӘНЕ 
ТӘЖІРИБЕЛІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҦМЫС 
 
3.1  Болашақ  тарих  мҧғалімдерін  «Мәңгілік  Ел»  қҧндылықтарын 
оқытуға даярлаудың әдіс-тәсілдері 
Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздік  алғалы  еліміздің  азаматтарының 
тарихи  білімін  кӛтеруге  ерекше  кӛңіл  бӛлінуде.  Еліміздің  болашағы  жас 
ұрпақты  тәрбиелеуде,  олардың  санасына  ұлттық  рух  пен  патриоттық  тәрбие 
қалыптастыруда  Отан  тарихының  орны  мен  мүмкіншіліктері  мол.  Ӛйткені, 
тарих  халықтың  рухани  мұрасы,  Отанымыздың  ӛткені,  ұрпақтарымыздың 
мектебі саналады. Тарихы жоқ бірде-бір халықтың бүгіні болмағандай келешегі 
де  болмайды.  Тарих  адамдарды  ойландырады,  болған  тарихи  жағдайлар  мен 
құбылыстарды  талқылап,  парақтайды,  ой  елегінен  ӛткізеді  және  олардан 
ӛмірлік  қорытындылар  шығарып  алуына  негіз  болады.  Жас  ұрпаққа  ӛткен 
тарихымыз  туралы  тарихи  білім  мен  тәрбие  бермей  халық  санасында  ұлттық 
сезім мен сананы, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру мүмкін емес. 
Болашақ  тарих  мұғалімдері  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  оқыту  үшін 
алдыңғы  тақырыптарда  айтып  ӛткендей  ӛздерінің  тарихи  және  «Мәңгілік  Ел» 
құндылықтары  бойынша  білімдері  болуы  тиіс.  Екіншіден,  тарихи  білімдерді, 
оның  ішінде  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  оқыту  үшін  әдістемелік  білімдер 
мен іскерліктерді меңгеруі керек. 
ЖОО-да  тарихты  оқыту  мақсатын,  міндеттерін  және  әдістерін  жүзеге 
асыру гуманитарлық білім берудің университеттік маңызынан туындауы қажет. 
Себебі, гуманитарлық білім адамның рухани-адамгершілігі мол, еркін, жетілген 
тұлға болып қалыптасуына және әлеуметтенуіне ықпал етеді. 
Десекте, тарихты оқытудың мақсаттары мемлекет дамуының кезеңдерінде 
ӛзгеріп отырады. Кеңестік кезеңде тарих пәнінің мазмұнында таптық сипаттар 
басым болды. Егемендік пен дербестікке қол жеткізілгеннен кейін Отан тарихы 
мәселелерін  жетік  оқытудың  бағдараламары  жасалып,  тың  идеялар  қолға 
алынғандығын жоғарыда айтып ӛттік. 
Тарихи білім берудің қазіргі заманғы жалпы мақсаты мынадай идеяларды 
құрайды: 
- ЖОО-нын бітірген түлектің әлемдік және отандық мәдениет контекстінде 
ӛзін  айқындай  отырып,  дамуын  қамтамасыз  ететін  тарихи  білімнің  мазмұнын 
мәдени әдіспен іріктеу; 
- кәсіби даярлауды практикалық бағыттылықпен байланыстыратын тарихи 
білімнің мазмұнын іргелендіру; 
- білім  беру  мазмұны  ӛзгермелілігінің  дамуы  ретіндегі  әртүрлі  деңгейдегі 
білім және кәсіби бағдарламалар тұтастығы, сабақтастығы; 
- тарихи  білім  беру  мазмұнын  шығармашылыққа,  ӛзіндік  болмысқа, 
студенттің тұлғалылығына бағдарлау; 
- тарихи  білім  беру  мазмұнын  ақпараттандыру,  жаңа  ақпараттық 
технологияларды  енгізу  және  кеңінен  пайдалану  [240,  с.  94-97].  Осы 


 
104 
 
 
тұжырымнан  оқытудың  «Мәңгілік  Ел»  идеясы  құндылықтарына  бағдарланған 
әдісімен тарихи білім берудің міндеттері келіп шығады.  
«Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқытуда, оның ішінде жеке тұлғаны ұлттық 
құндылықтарға баулуда тӛмендегідей міндеттер қойылды: 
- ӛз халқы, оның мәдениеті мен дәстүрлерін мақтаныш тұтатын Қазақстан 
азаматын тәрбиелеу; 
- жалпыадамзаттық  негіздер  мен  құндылықтарды  құрайтын  саналы 
кӛзқарастары мен қағида ұстанымдарын тәрбиелеу; 
- Қазақстан  Республикасының  азаматын  тәрбиелеудің  үлгісіне  сәйкес 
этнопедагогика,  этнопсихология,  этномәдениет  негізінде  тәрбие  үдерісін 
ұйымдастыру; 
- оқушыларды  табысты  іс-әрекетке  бағыттау,  олардың  шығармашылығы 
мен білім құмарлығын дамыту, қолдау. 
Тарихи  білім  беруге  қатысты  ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  ӛз  сӛзінде: 
«Осы  күнге  дейін  Қазақстанның  ең  жаңа  тарихының  бірде-бір  қалыпты 
оқулығы  жоқ.  Біздің  тәуелсіздігіміздің  қасіретті  оқиғалары  және  оны  нығайту 
жолындағы  біздің  күресіміз  зерттеу  тақырыбына  айналмаған»  деп 
тарихшылардың  алдына  Қазақстанның  жаңа  тарихын  жазу  міндетін  қойды. 
Тарихшы ғалымдар сол сынға байланысты кейбір оқулықтарды қайтадан қарап, 
оларға  түзетулер  мен  ӛзгерістер  енгізді.  Қазақстан  тарихы  пәнінің 
бағдарламалары  мен  оқулықтары  ғылыми-әдістемелік  тұрғыда  талданып, 
салыстырмалы, жаңа нұсқаларындағы ӛзгерістер мен ерекшеліктері кӛрсетілді, 
оларды  жетілдіру  бағыттары  анықталды,  жаңа  бағдарламалар  мен  оқулықтар 
жасау  қажеттігі  және  олардың  ғылыми-әдістемелік  негіздері  ұсынылды.  2004 
жылы  «Ғылым»  баспасынан  Т.Тұрлығұлдың  «Мектепте  Қазақстан  тарихын 
оқыту теориясы мен әдістемесі» атты еңбегі жарық кӛрді [64]. Аталмыш еңбек 
мұғалімдер үшін Қазақстан тарихын оқытудың негізгі мәселелерін түгел талдап 
беретін, жоғары оқу орындарының тарих мамандықтары студенттері үшін оқу 
жоспарындағы «Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі» пәніне 
арналған  оқу  құралы  міндетін  атқарады.  Сонымен  қатар,  еңбектің  тарихи-
әдістемелік сипаты бар, яғни тың тақырыпқа тұңғыш жазылып отырғандықтан, 
оның  мазмұнында  оқыту  теориясы  мен  әдістемесі  мәселелерімен  қатар, 
Қазақстан  тарихы  курсының,  пәнінің  даму,  қалыптасу  мәселелері  де 
қарастырылған. Аталмыш еңбектің тарихшы мұғалімдерге, әдіскерлерге тигізер 
кӛмегі мол болды. 
Болашақ  тарих  мұғалімдерін  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  оқытуға 
даярлау ЖОО аталған пәнді оқыту бойынша әдістемелік даярлығын талап етеді. 
Оқыту  әдістемесі  «таным  тәсілі»,  «зерттеу  жолы»  екендігі  белгілі.  Тарихты 
оқыту  әдістемесі  педагогикалық  үдерістің  жүзеге  асырылуын  қарастырады 
және ол тӛмендегідей компоненттерден тұрады: оқыту мақсаты, оның мазмұны, 
білім және оны игеруге басшылық жасау, оқушы әрекеті (оқу әдістері), педагог 
әрекеті (оқыту әдістері), оқыту нәтижесі деген тізбекті құрайды. 
Тарих  пәні  мұғалімдері  оқытуда  тӛмендегідей  сұрақтарды  шешуді 
қарастырады: Не үшін оқытамын? Қалай оқытамын? Немен оқытамын? 


жүктеу 2,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   70




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау