Оқу орны
|
Еріктілік қызмет іс тәжірибесі(еріктілер қатысқан іс-шара сипаттамасы,)
|
Назипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің
НКО (нағыз көшбасшылар одағы) Төрайымы: Қадірбек Ақбота
«Миранда Кир» волонтерлік топ Президенті: Ембергенова Аружан
|
Қайырымдылық көмек шарасы
1.Соғыс ардагері Владимир Бушуеевтің жесірі Аза Николаевнаға үй маңына және ішіне көктемгі тазалық жұмыстары жүргізіліп, барлық колледж топтары кесте бойынша үнемі көмектесу қарастылған. Бұл жұмысқа (үш топ) 60 –қа жуық студент тартылды.
|
|
2.Колледж студенті Қабден Таңшолпанның үйі өртенгенде барлық студенттер бірігіп барып, өрт шалған аймақты тазарту жұмыстарына ат салысты, қаржылай көмек көрсетілді. Шараға 50 студент тартылды
|
|
3. Дүниежүзілік алғыс айту күніне арналған «Рахмет» акциясы ұйымдастырылды. Акцияға 80 нен астам колледж студенттері тартылды. Акция қатысушыларының көмегімен «Рахмет» сөзі жазылды.
|
|
4. Біздің еріктілердің қатысуымен жүзеге асырылған жобалар(2015-2016)оқу жылы
Арқалық қаласы ішкі саясат бөлімі мен жастар ресурстық орталығының ұйымдастырған әлеуметтік маңызды жобалар байқауында ұтып алған «Мәңгілік ел- мәңгілік мұратым»әлеуметтік жобасын жүзеге асыруға шағын грант ұтып алдық.
Жобаның мақсаты: Жастардың бойында елге деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімдерін арттыру, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Жоба бойынша жұмыс үш кезеңді қамтыды. І кезең 4. «Мәңгілік ел конвенциясы» Арқалық қаласының барлық білім ордаларында, үгіт насихат тобы жұмыс жасап, түсіндірме, насихат шараларын ұйымдастырды.
ІІ кезең Барлық білім ордаларына
«Алаш ордадан - Мәңгілік елге» пікірсайыс ережесі түсіндірілді. Жобамен жұмыс қорытындысы ретінде «Облыстық пікірсайыс турнирі» өткізілді. Жобаға 150ден астам адам тартылды. Жоба қатысушылары ҚМПИ, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, РИИ,КПК,КГК, Ы.Алтынсарин атындағы РӘГК , Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ, Н.Құлжанова атындағы ТГК, ТАТК, АПК оқу мекемелерінен командалар қатысты. Турнир екі күнге созылды.
|
|
5. «Азаматтық қоғамды қалыптастырудың жолы волонтерлік» республикалық жоба аясында Республикалық «Жастар» ғылыми - зерттеу орталығының үйлестіру және аймақтық даму басқармасының басшысының өткізуімен семинар – тренингке қатысты. Волонтерлік жұмыс туралы жергілікті «Арқалық хабары» апталық газетінде «Ерікті болудың ерте кеші болмайды» атты мақала жарыққа шықты.Оқу –семинарына 30 студент тартылды. Белсенді қатысқан балалар сертификат алды.
|
НКО (нағыз көшбасшылар одағы) Төрайымы: Қадірбек Ақбота
«Миранда Кир» волонтерлік топ Президенті: Ембергенова Аружан
|
6. ««Менің арманым» республикалық зияткерлік шоу аясында «Әлеуметтік маңызды жобалар» байқауына екі волонтерлік топ атынан екі жоба жіберілді. «Миранда кир» волонтерлік тобының ұсынған «Мереке сыйлық» деп аталатын екінші жоба екінші турға өтіп 28.02.17ж.-03.10.17ж аралығында жоба шеңберінде ұйымдастырылған оқу - жаттығу сабағына қатысып, 02.10.17. «Хабар» агенттігінің түсіруімен зияткерлік теле шоуға қатысты. Теле жоба желтоқсан айында қорытындыланады.
|