94
1. Әлеуметтік-тұлғалық;
2. Жалпыкәсіби;
3. Арнайы құзыреттіліктер.
Сонымен біздер, «
болашақ тарих пәні мҧғалімдерінің «Мәңгілік Ел»
қҧндылықтарын оқытуға даярлығы деп, мектеп оқу пәні мен оқу-тәрбие
ҥдерісіне тән қҧндылықтар жҥйесі бойынша білімі мен іскерліктерін және
оны жҥзеге асыруда сапалық қасиеттерді меңгеруін практикалық
тҧрғыдан кӛрсетуін тҥсінеміз». Бұл айтылғандар құзыреттілік шеңберінде
қарастырылады және оның құраушысы болып та табылады деп білеміз.
Аталған дайындықты жүзеге асыру ЖОО педагогикалық жүйенің ішке
жүйесінде қарастырылады. Дайындық барысында әдіснамалық тұғырлар
басшылыққа алынады.
Педагогикада тұғыр танымдық және тәжірибелік іс-әрекеттің ерекше түрі,
зерттелетін үдерістің зерттеу стратегиясы, зерттеушінің ұстанымын анықтай-
тын, негізгі құндылық бағдары болып табылады [230]. В.А.Беликов әдіснама-
лық тұғырды «зерттеу затын таңдауды анықтайтын, теориялық негіздеме,
зерттеу қоры; зерттеу мақсатын, міндетін қарастыру; міндеттерді орындау және
алынған нәтижелерді бағалау үдерісі ретінде» қарастырады [231].
Зерттеулерге сәйкес болашақ тарих мұғалімдерін даярлауда тӛмендегідей
әдіснамалық тұғырлар басшылыққа алынады: аксиологиялық, ізгіліктік, іс-
әрекеттік, синергетикалық,
құзыреттілік, тұлғалық-бейімділік, т.б. жүйелік,
Тақырыпқа қатысты әдіснамалық тұғырлардың арасынан аксиологиялық
тұғырға ерекше тоқталуға болады. Ол тұғырдың мәні студенттердің назарына
жалпыадамзаттық, ұлттық және кәсіби, коммуникативті сипаттағы, болашақ
маманның кәсіби педагогикалық іс-әрекетіндегі тұлғаның шығармашылығын
жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құндылықтарды біріктіруімен ерекшеленеді.
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтарын оқытудың әдістемесін
жетілдіруде басты бағдарға алынатын әдіснамалық тұғыр болғандықтан да
аксиологиялық тұғырға алдағы тарауларда кеңінен тоқталатын боламыз.
Ізгіліктік тұғыр жаңа білім беру парадигмасының дүниетанымдық негізі
болғандықтан ізгілікке бағытталған білім беру философиясы – білім беру
үдерісінің әр сатысындағы сапалы жаңарудың бағдарламасы болғандықтан да
біздің зерттеуімізге әдіснамалық ӛзек бола алады.Тұлғалық іс-әрекеттік тұғыр
да білім берудің жетекші стратегиясы ретінде тұлғаны іс-әрекеттің негізінде
педагогикалық үдеріске тартуға мүмкіндік беретін тұғыр болғандықтан да
«Мәңгілік Ел» идеясы құндылықтарын оқу үдерісінде қолданудың әдістемесін
негіздеуге кӛмегін тигізеді деп білеміз. Ынтымақтастыққа негізделген
синергетикалық тұғырды да аталған әдістемені негіздеуде батыл қолдануға
болатындай. Шетелдік ғалымдар [232] (И.В.Мелик-Гайказян және т.б.) соңғы
кезде ақпараттық-синергетикалық тұғырдың мағынасын үдерістегі кӛпдеңгейлі
ақпарат; ақпараттық үдеріс деп күрделі үдерістің ӛзін-ӛзі ұйымдастыру тетігі
ретінде екі жағдайда қарастыра бастады.
Акмеологиялық тұғыр – бүкіл ӛзінің кәсіби іс-әрекетін жетілдіруге
бағытталатын болашақ мамандарды қалыптастыруға негізделген тұғыр.