ТмржБҚк атырау облысы. Департамент провел пресс-тур на реконструируемых объектах тоо "Жылыойгаз"



жүктеу 36,03 Kb.
Дата25.11.2017
өлшемі36,03 Kb.
#1410

ТМРжБҚК - Атырау облысы.

Департамент провел пресс-тур на реконструируемых объектах ТОО "Жылыойгаз".
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті тілшілерге арнап «Жылыойгаз» ЖШС-нің инвестициялық міндеттемелерге және жөндеу жұмыстарының жоспарына сәйкес, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық саласы бойынша газбен қамту жүйелерін модернизациялау және қайта құру жұмыстары жүргізілген нысандарды аралау арқылы атқарылған жұмыстармен таныстыру үшін 2015 жылғы 01 қазанда пресс-тур өткізді.

Пресс-турға бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен жергілікті атқару органының және департаменттегі сараптау кеңесінің мүшелері қатысты.

Нысандарды аралау кезінде «Жылыойгаз» ЖШС басшылығы пресс-турға қатысушыларды инвестициялық бағдарлама аясында 2014 жылда орындалған газбен қамту жүйелерін модернизациялау және қайта құру жұмыс көлемімен таныстырды.

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2014 жылғы 03 маусымдағы № 62-ОД және ҚР құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 314-НҚ біріккен бұйрығымен, «Жылыойгаз» ЖШС-нің 2013-2015 жылдарға арналған құны 210,6 млн.тұратын инвестициялық бағдарламасын түзетулермен бекітілген.


2013 жылға арналған инвестициялық бағдарламасы аясында құны 59,3 млн. тенге тұратын бес шара жоспарланған. Бағдарламаның нақты орындалуы 59,3 млн.теңге, яғни қаражаттың игеруі 100 пайыз.

Берілетін газ қысымын газ пайдаланатын тұтынушылардың санына байланыссыз тұрақты ұстау үшін және газ тасымалдау кезіндегі нормативтік газ шығынын азайту үшін инвестициялық бағдарлама аясында бұрыннан қолданыстағы екі ескі газ реттеу пункттері бұзылып, орынына жаңа екі комплект шкафты газ реттегіш пункттер сатып алынып орнатылды. Ол нысандар 1 ықшам аудан және 5 учаскесінде орналасқан.

2013 жылға арналған инвестициялық бағдарламаның аясында Құлсары қаласындағы №1,2 және Жаңа-Қаратон поселкесінде №3 автоматты газ тарату бекеттерінде 3 дана БО-150М-01 маркалы одоризациялау қондырғысы орнатылған.

Жобаның негізгі мақсаты – газ тасымалдау кезіндегі қауіпсіздікті арттыру. Ол үшін тасымалданатын газға қосымша иіс беру үшін одарант қосылып отырады. Сорап-өлшеуіш қолданыстағы табиғи газдың құрамындағы одарантты электрикалық айналғыштың көмегімен автоматты түрде бір қалыпты реттеп, соның арқасында газ қондырғысын қауіпсіз пайдалану тиімділігін арттырады.


2014 жылға арналған инвестициялық бағдарламасы аясында құны 70,5 млн. тенге тұратын бес шара жоспарланған. Жаңартуға арналған инвестицияның нақты сомасы 70,4 млн.теңге.

2014 жылы тұтынушыларды табиғи газбен үздіксіз және қауіпсіз қамтамасыз ету үшін Құлсары қаласы, Жаңа Қаратон, Қосшағыл елді мекендеріндегі қимасы 114 мм - 219 мм., жалпы ұзындығы 7 984,5 м. орта қысымды жер үсті газ құбырлары қайта құрылып жер асты полиэтилен газ құбырына ауыстырылды.

Берілетін газ қысымын газ пайдаланатын тұтынушылардың санына байланыссыз тұрақты ұстау үшін және газ тасымалдау кезіндегі нормативтік газ шығынын азайту үшін инвестициялық бағдарлама аясында бұрыннан қолданыстағы екі ескі газ реттеу пункттері бұзылып, орынына жаңа екі комплект шкафты газ реттегіш пункттер сатып алынып орнатылды. Ол нысандар «Орталық» және «Вокзал маңы» ықшам аудандарында орналасқан.

2015 жылғы жөндеу жұмыстарының және 2015-2016 жылдардың жылу беру маусымына дайындық жоспары бойынша қимасы әртүрлі, ұзындығы 432 м.газ құбыры жөндеуден өткізілді.

Құлсары қаласының 8 учаскесінде берілетін газ көлемінің қыс айларында азайып кетуіне байланысты қолданыстағы ұзындығы 340 метр, қимасы 57 мм. жер үсті газ құбыры қимасы 76 мм. газ құбырына ауыстырылды.

Жалпы ұзындығы 625 м. Байшаханов, Кемелов көшелеріндегі қимасы 57-114 мм.жер үсті газ құбыры толықтай көше бойынан алынып қайта жүргізіліп, Завершинский көшесі бойындағы ұзындығы 380 м жер үсті төменгі және орта қысымды газ құбырлары полиэтилен жер асты газ құбырына ауыстырылды.

Тозығы жеткен газ реттегіш пункт бұзылып, орынына жаңа шкафты газ реттегіш пункт орнатылды.

Газ тарату құбырларында орналасқан қималары әртүрлі 13 ысырма ауыстырылды.



Ұзындығы 160 м. болатын компенсаторлар жаңасына ауыстырылып, он төрт дана компенсаторлар жөндеуден өткізілді.
Шкафты газ реттегіш пункттері ағымдағы жөндеу жұмыстарымен қамтылып үш дана шар кран, отыз бес дана манометр ауыстырылып, жиырма бес дана шкафты газ реттегіш пункттер сырланды.Бұл жұмыстар өз күшімізбен атқарылды. Бұдан басқа ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспары бойынша он бес километр газ құбырлары сырланып, тозығы жеткен болттармен фланецтердің қыстырмалары ауыстырылды.Тозған болат газ құбырлары полиэтиленге ауыстырылып танымдық белгілер орнатылды.

Қолданыстағы газ құбырларын және қондырғыларын қайта құруға 2015 жылға арналған инвестициялық бағдарлама заң талаптарына сәйкес уақытында ойдағыдай жүзеге асырылуда.
жүктеу 36,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау