Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01701- Қазақ тілі мен әдебиеті 1(3)-курс Пән циклы атауы және коды



жүктеу 112,5 Kb.
бет7/36
Дата27.11.2022
өлшемі112,5 Kb.
#40356
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36
Жұбановтану- 1(3)Қтә-2022 (1) (1)

3-тақырып: Қ.Жұбановтың фонологиялық зерттеулері. Қ.Жұбанов және морфология мәселелері
Сағат саны -1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Қ.Жұбановтың фонологиялық зерттеулері туралы.
2. Қ.Жұбановтың фонема туралы көзқарасы.
3. Қ.Жұбанов және морфология мәселелері туралы.
4. Қазіргі ғылыми грамматикаларда, оқу құралдарындағы морфология мәселелері.
Дәріс тезисі
Қазақ тіл білімінде арнайы «фонология» деп атын атап, түсін түстемесе де, осы бағыттағы алғашқы ізденістер А.Байтұрсынов пен Қ.Жұбанов еңбектерінен бастау алады.
Әлем лингвистикасына жүгінер болсақ, алғашқы фонологиялық танымдар алфавит жасау мәселелерімен ұштасып жатқанын байқауға болады. Қазақ тіл біліміндегі фонологиялық бағыттағы А.Байтұрсыновтың ізденістерін Қ.Жұбанов жалғастырған.
Қ.Жұбанов өзінің «Қазақ тілі грамматикасы» атты оқулығында «фонема» деп айтпай, оның орнына «сапалы дыбыс» терминін қолданады.. Қ.Жұбанов фонема заңдылығына ерекше көңіл бөлген. Ол дыбыс пен фонема туралы көзқарасын былай жеткізеді: Алтай мен шувашта «с» пен «з» екі дыбыс болғанымен, бір фонема (кес-кезер, пузи-басы), баба сөзіндегі соңғы «б» басқаша естіледі, сонда да бұрынғы екі «б» бір фонема. Сондай-ақ, қайыр-хайыр дегендегі «қ» мен «һ» екі дыбыс болғанмен бір фонема. Файзолла мен Пайзолла да солай, «п» мен «ф» бір сөзді екінші сөзден айыру үшін тұрмағандықтан оларды дербес фонема демейміз. Ғалымның бұл пікірлері фонема, фонология заңдылықтарын терең меңгергендігін байқатады. Қ.Жұбановтың фонологиялық танымдары қазіргі зерттеушілер ойларымен ұштасып жатқанын көреміз.
Қ.Жұбанов өзінің «Қазақ тілі грамматикасы» атты оқулығында «грамматика нендей ғылым», «сөз бөлшектері», «сөз», «сөз бен ой», «сөйлем», «сөйлем мүшелері», «сөз қиыны», «сөз тұлғасы», «өлі қосымша», «өлі түбір», «кіріккен түбір», «қыйулы сөз», «қосар сөз», «қосалқы сөз» «туынды негіз» деген терминді қолданып, оларға анықтама беріп, ғылыми талдау жасаған. Қазіргі ғылыми грамматикаларда, оқу құралдарында тұрақты қолданыс тапқан «жұрнақ» терминін Қ.Жұбановтың «үстеу» деп атаған. Жұрнақтардың табиғатында лексикалық немесе грамматикалық мағына үстеушілік қызметі бар. Қ.Жұбанов жұрнақтардың осы ерекшелігіне қарай «үстеу» деген терминмен атаған болу керек.
Қосымшалардың түбірге жалғану реті туралы мәселеде ғалымның көрегендікпен айтқан тағы бір ой-тұжырымдарын кездестіреміз. Бұл -да, -де – жатыс септігінен кейін -ғы, -гі жұрнағының және -дай, -дей жұрнағынан кейін жалғаулардың жалғануына (нардайлары, үйдейлері) қатысты айтқан «ескертулерінде» айқын көрініс тапқан. Жатыс септігінен кейін жалғанатын -ғы, -гі жұрнағының сөзжасамдық/формажасамдық қызметі туралы қазіргі грамматикаларда даулы пікірлер бар. Ғалым -дай/-дей қосымшасын «теңдес септік» деп атап қана қойған жоқ, осы тұжырымын дәлелдейтін тілдік деректер де берді. Қ.Жұбанов сын есімнің шырайлары туралы да ғалым тың ойлар айтып, шырайлардың мынадай түрлерін атайды: 1).жай шырай; 2).араластырмалы шырай (бірі тура күйде, бірі шығыс жалғаулы күйде болады); 3). салыстырмалы шағын шырай (-рақ, -рек, -леу); 4). жалаң шағын шырай (қызғылт, қаралтым, көтеріңкі, созылыңқы); 5): таңдаулы шырай (өте қысқа, қып-қысқа, ұзын-ақ); 6). орта шырай (бір қос, бірсыпыра, бірқатар, бір жөн, едәуір);. Қ.Жұбанов өзіне дейінгі еңбектерде сөз тудырушы қосымшалар ретінде танылып жүрген -ғыл‚ -ғылт(-ым), -шыл‚ -ша т.б. жұрнақтары мен -ақ демеулігін де шырай көрсеткіштері ретінде келтіреді.

жүктеу 112,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау