М.Мақатаев «Қара өлең»
|Мақсаты
1. Білімділік: ақынның өмірін, өлеңдерінің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып өзгешелігіне көңіл бөлу; оқушылардың мәнерлеп оқу, жаттау дағдысын қалыптастыру, өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету.
2. Дамытушылық: оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз пікірі эстетикалық талғамы бар сауатты оқушыны дайындау; ауызша да, жазбаша да еркін, шешен, көркем сөйлеуге үйрету; оқушылардың ойлау қабілетін, тілдерін дамыту, байланыстырып сөйлеуге, салыстыра талдай білуге, ой ұшқырлығына баулу.
3. Тәрбиелік: өз бетімен іздене білуге, ой қорытуға дағдыландыру; оқушыларды отансүйгіштікке, тіл, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ақын өмірінен естеліктер, фотосуреттер, арнайы дайындалған слайдтар.
Сабақтың әдіс-тәсілдері : Занков «Дамыта оқыту әдісі», Қараеев «Деңгейлеп оқыту әдісі»
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: музыка, қазақ тілі ( шешендік өнер)
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру
Оқушыларды үш топқа өз таңдаулары бойынша тең бөлу.
Психологиялық тренинг.( оқушыларды бір-біріне қаратып,бір-бірінің қолынан ұстап сәттілік тілету)
Қызығушылықты ояту( электронды оқулықтан М. Мақатаевтың «Поэзия» өлеңін тыңдату) .
Поэзия!
Менімен егіз бе едің!
сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан тауларлан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.
Сені іздедім зеңбірек гүрсілінен,
Күннен, түннен, гүлдердің бүршігінен.
Қуаныштан, түршігу-күрсінуден,
Жүректердің іздедім дүрсілінен.
Сені іздедім сезімге у шараптан да,
Минуттерден іздедім, сағаттан да,
Сені іздедім.
Іздеймін тағат бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба?
Балалар, бұл әннің авторы кім деп ойлайсыңдар? Бұл әнді кім орындайды?
Поэзия аспанында ән болып қалықтап, халықтың жүрегінен орын алған ақиық ақын, халықтың сүйіктісі- М. Мақатаев.
І.Өткен тақырыпты пысықтау сұрақтары
Туған жерің?
Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың.
Туған жылың?
1931. Құрдасымын Шәмілдің.
Шыққан тегің?
Шаруамын. Бар тірілктен бағалы оны санаймын.
Білімің ше?
Орташа ғой. Алайда өзім жоғарыға балаймын.
Ана тілің ше?
Қазақща қысылғанда орысша, немісше де тағы бар.
Міндеттісің бе әскерге?
Міндеттімін. Біздің әлі жас кеуде.
Жауынгердің ұлымын ғой
Жанын қиған Мәскеуге.
Мекен-жайың?
Мекен-жайым – жер менің,
Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!
1.Мұқағали Мақатаев қай жылы,қай жерде дүниеге келген?
қайталанбас дарын иесі 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы Нарынқол ауданы қасиетті Қарасаз ауылында туған.
2. Мұқағали ақынның отбасы туралы не білесіздер?
Әкесінің аты-Сүлеймен,шешесі-Нағиман.Атасының аты-Мақатай,әжесі-Тиын,
әйелі-Лашын.
3. Мұқағали ақынның қандай өлеңдерін білесіңдер?
4. Ақынның үш бақыты не?Өлең қалай аталады?
1. Халқы 2. Тілі 3. Отаны
«Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев.
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім» Расында да, Мұқағали өлеңдері бәріміздің сүйіп оқитын жырларымыз болды.
Ақын өмірі мен шығармашылығынан 5-кластан бері таныспыз. «Үш бақытым», «Фантазия» өлеңдерімен танысқан болатынбыз.
Олай болса оқушылар « Мұқағали кім?» тақырыбында мен ұсынған плакаттарға өз ойларыңызды суреттеп,топтастырыңдар.
Топтастыру стратегиясы
Тума талант ақиық ақын
сазгер жазушы
Публицист ұстаз
Драматург үлкен суреткер
Оқушыларды шабыттандыру мақсатында « Үш шапалақ» әдісімен белсендіру.
ІІ.Жаңа сабақ
Ақынмын деп мен қалай айта аламын,
Халқымның өзі айтқанын қайталадым.
... Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын, - деп ақынның өзі айтқандай, өзін өзгелерден ерекше көрмесе де, келешек ұрпақ Мұқағалидың арқалы ақын екендігін танып отыр.
Мұқағали бағы мен соры, күнгейі мен көлеңкесі қатар жүрген ақын. Оның бағы өлмес жыр жаратқаны, өтірік өлең жаза алмағаны, ойлау мен өрудің теңдесі жоқ классикалық, әлемдік биігіне көтергені.Соры өз қоғамы мен өз ортасына сыймай, қасірет шеккені, тапқан-таянғаны отбасын асырауға жетпей, өмірінің қиыншылықта өткені, соны дер кезінде өз замандастарының бағалай қоймағаны.
Бүгінде Мұқағалидың 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр. Мұқағалидың 35 мың жолға жуық өлеңіпоэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жырына айналды. Ақын өлеңдерінің 100-ден астамын әндер жазылды. Соның ішінде 30-дан астам жауһар жырларына Нұрғиса Тілендиев ән жазып берген екен.
Қазақтың қара өлеңі 11 буынды, бірінші, екінші, төртінші жолдары ұйқасатын, әр жолы төрт буынды сөзге бітетін бір шумақтан тұрады. Екі сөзден құралған «қара өлең»ұғымы бір қарағанда түсінікті сияқты. «Өлең» ұғымы қыпшақ тіліндегі «ұма»сөзінен шыққан екен. Бұл сөздердің бір-бірімен ұласуы, үйлесуі, ұйқасуы деген мағына береді. «Қара»- ол әлемнің алғашқы қалпы.Қара өлең ауыз әдебиетіне жатады.Оның иесі, авторы - халық.Табиғатқа таңдануды, әділетті, аңсауды, сұлулыққа сүйсінуді т.б бір шумақ қара өлеңмен сипаттау-халқымыздың қанына сіңген қасиет.
Оқулықпен жұмыс
Өлеңді тыңдату
Оқушылар топта жұппен,топпен талқылап бір оқушы қысқаша түсінген мазмұнын айттыру.
ІІІ.Сатылай кешенді талдау
І топ
1. Авторы -М.Мақатаев (1931-1976) Қазақтың ақиық ақыны. Алматы облысы Райымбек ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген..
2. Тақырыбы – Тіл өнері, өлең - жыр құдіреті.
Тақырып - автордың айтайын деген ойының негізгі арқауы.
3. Жанр түрі -поэзия (өлең)
Өлең дегеніміз-белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен келетін өрнекті сөз жүйесі.
4. Идеясы - халық өмірін қастерлеу, сөз өнерін бағалау, ел алдында кішіпейіл, ізетті болу, борышын адал атқару.
Идея-тақырып арқылы автордың айтайын деген ойы мен мақсаты, арманы.
ІІ топ
5. Шумақ саны-4
6. Тармақ саны- 16 тармақты
7. Бунақ саны-3 бунақты
8. Ұйқас түрі- қара өлең ұйқасы (а, а, б, а)
ІІІ топ
9. Әдеби теориялық ұғымдар.
Эпитет-сұмдық сыр, жат жер, қара көз;
Метафора- құдіретім, дәл өзіндей, күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне
қайтарамын.
Ауыспалы мағынадағы сөздер:
Қазақтың қара өлеңі қаза болса,
Көзден неге қара қан ағызбайын.
10. Негізгі түйін, тәрбиелік мәні. . Қара өлеңді қастерлеуге тәрбиелейді.Сөз өнерін жетік меңгеруге, ұлттық құндылығымызды дәріптеуге үйретіп, патриоттық сезімді оятады.
«Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған»- дегендей, ол өлген жоқ, халқымен бірге жасайды. Мұқағали жырларын оқымайтын адам кемде-кем. Ақын сөзі кез- келген адамға –үлгі, өнеге, өсиет.Ақын Оразақын Асқар айтқандай «Жұмыр жердің қай түкпіріне барсақ та, Мұқағали алдымыздан шығады».Өйткені, халықтың жыры да, пірі де – Мұқағали.
IV. Сергіту сәті
- Балалар, келесі тапсырмаға көшпес бұрын, ойымызды, бойымызды сергітіп алайық.
-Мұқағали ағамыздың қандай әнін ұнатып тыңдайсыздар немесе өлеңін сүйіп оқисыздар.
1. « Бақыт деген...»
Бақыт жайлы менің мынау білгенім.
Бақыт деген - бірде шаттық, бірде мұң.
Бақытты сол - тәрік етіп түндерін,
Бақыт іздеп азаптанса, кімде-кім.
Бақыт деген - сенің бала күндерің
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің,
Бақытын да, басқасын да білмеуің
Бақытсыз-ақ ойнағаның-күлгенің.
Бақыт деген - әркімдерде бір арман,
Сол арманның шыққан жері құмардан.
Ал сен үшін бақыт деген - дәл қазір,
Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң.
2. « Сарыжайлау»
Жазира, жасыл кілем өрнектелген,
Туған жерге, дариға, жер жетпеген!
Кең өлкем, әлдилей бер, сен деп келем,
Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем.
Қайырмасы:
Саумал бұлақ-балдай дәрім,
Салқын самал-баурайларың.
Саялаған, беу, туған жер,
Сағындырған Саржайлауым!
V. Үш топқа тапсырмалар беріледі.
« Бес жолды өлең»
1.Зат есім-
2.Сын есім-
3.Етістік-
4.Сөзді сөйлем-
5.Синоним-
|
Салыстыру
Мұқағали «Қара өлең»-Мағжан «Қазақ тілі»
|
«Сөз өнері», тіл туралы мақал - мәтел
|
VI. Шығармашылық жұмыс.
Білемін,
Керемет бір күн келеді!
Жайнайды жасыл бағым, гүлденеді.
Көремін, керемет бір күн кешемін!
Болашағым, сенімен бірге өсемін- деп жырлаған Мұқағали ағамыз болашаққа сенді, өлеңінің өміршеңдігіне сенді. Олай болса оқушылар ақын ағамызға деген сырымызды,ойымызды, тілегімізді әр топ өзінше жеткізуге мүмкіндік беріледі.
Эссе « Мұқағали атаға сыр...»
І топ
Мұқағали атаға сыр
Мұқағали Мақатаев... Осы есімді естігенде көз алдымда өр тұлғалы, кең иықты, көздері мейірім мен нұрға толы ақын бейнесі келеді. Сіздің өлеңдеріңіздіоқыған әрбір адам кең әлемді, халқын, туған жерін сізше сүйіп, сізше құрметтейтін болар.
Мұқағали ата өте жас кезінде дүниеден өтті, дегенмен де артына көптеген өлең шығармалар қалдырып кетті. Шіркін, Мұқағали ата қазір тірі болғанда өзі қалдырған қазыналарынан да өте көп жазбалар қалдырар еді. Неге ол менің сүйікті ақыным? Себебі, Мұқағали атаның жазған өлеңі мен шығармаларында терең ой, терең сыр бар. Ақын аузынан шыққан бір сөзінің өзі киелі, тәрбиеге үйрететін сөз. .
Мұқағали мәңгі менің жүрегімде
ІІ топ
Өздері шығарған өлеңдерін ұсынды
Мейірімді көздерің
Ұлағатты сөздерің
Қазақтың нағыз ақыны
Алабұртқан жүздерің
Ғашықтықты жырлаған
Ақиық ақын атанған
Лашын атты жарыңмен
Игі істер бастаған
Мұқағали атты ақын мәңгі бізбенен!
ІІІ топ
« Мұқағали» есіміне арнаған лебіздері:
М – Мұқағалидың
Ұ – ұрпаққа
Қ – қалдырған
А – аманатын
Ғ – ғасырлар
А – арнасына
Л – лайық
И – иіліп, бас иеміз.- барлығы бірге.
Достарыңызбен бөлісу: |