4
5
6
7
8
11
23
Ұсынбалы Б траекториясы. Мемлекеттік сектордағы менеджмент
Ұсынбалы В траекториясы. Логистикалық менеджмент
Пәннің жалпы модульдері
Мамандық базалық модуль пәндері
Мазмұны
Кіріспе
Ұсынбалы А траекториясы. Менеджмент (салалар және қызмет сфералары бойынша)
Траектория пәндері
Кіріспе
Оқу үрдісінде әрбір студент оқу түрі мен базалық біліміне байланыссыз, таңдап алынған мамандық бойынша бакалавр дәрежесін алу үшін теориялық оқудың 129 кредит ең төменгі көлемдегі
білім беру бағдарламасын меңгеруі тиіс.
Міндетті компанент (МК) – таңдап алынған траекторияға байланыссыз студенттермен міндетті түрде оқытылатын сәйкес кредит көлеміндегі оқу пәндері.
Таңдау компоненті (ТК) – нақты білім беру бағдарламасының ерекшеліктерін және пререквизиттерін ескере отырып кез келген академиялық кезеңде студентпен таңдап алынатын және нақты
білім беру траекториясының ерекшеліктерін көрсететін сәйкес кредит көлеміндегі оқу пәндері.
Білім беру траекториясы – студент оларды табысты меңгеру нәтижесінде белгілі бір кәсіптік қызметтер үшін қажетті білімдерге, дағдыларға, біліктілікке ие болатын МК және ТК пәндерінің
жиынтығы.
Білім берудің кредиттік технологиясы жағдайында әрбір студент эдвайзердің көмегімен өзінің білім беру траекториясын (бағдарламасын) қалыптастырады.
Студенттің оқу траекториясын иілгіш және өз бетінше жан-жақты анықтау мүмкіндіктерін құру мақсатында білім беру траекториясын (мамандануды) ескере отырып таңдау компонентіне
кіретін пәндердің тізімін құрайтын ЭПК – элективті пәндер каталогы құрылады.
Әрбір пәннің қысқаша мазмұны, пәнді оқытудың мақсаты мен мәселелері және пәнді оқытудан күтілетін нәтижелер, пәннің кредиттердегі көлемі көрсетіледі.
Білім беру траекториясын қалыптастыру кезінде:
оқуды аяқтағаннан кейін таңдап алынатын кәсіптік қызметтің саласын анықтау;
осы қызмет саласында талап етілетін құзыреттіліктерді анықтау;
аталған құзыреттіліктерді қалыптастыратын ТК пәндерін іріктеу;
пререквизиттерді ескере отырып МК пен ТК пәндерінің реттілігін және семестрдегі орташа ұсынылтаны жүктемені анықтау (күндізгі оқу бөліміндегі студенттер үшін – 18-21 кредит, сыртқы
оқу түрі 15-17 кредит, кешкі оқу түрі – 12-15 кредит) ұсынылады.
Элективті пәндерді ретсіз таңдауға жол бермеу үшін студенттерге «Мирас» университетінің мамандарымен еңбек нарығының қажеттіліктері мен жұмыс берушілердің талаптарын ескере
отырып әзірлеген үш білім беру траекториясы ұсынылады (А, Б, В).
Білім беру бағдарламасы міндетті компонент пен таңдау компоненттерінің пәндерінен тұратын, студенттің таңдап алған білім беру траекториясына байланыссыз оқытылатын мамандықтың
базалық модульдерді және мамандануды алу мақсатында студентпен игерілетін таңдау компонентінің пәндерінен тұратын мамандық модульдерін қамтиды.
Жоғары білім мамандығының мамандануы бойынша білім беру бағдарламаларын сапалы меңгеру үшін оқудың аяқталуына дейін таңдап алынған траекторияны ұстану ұсынылады.
Ұсынбалы А траекториясы
Менеджмент (салалар мен қызмет саласы бойынша)
Алынатын құзыреттілік пен дағды:
- Кәсіби этика талаптарын білу және осы талаптарға сәйкес әрекет етуге дайын болуы; басқа тұлғаларға қатысты,оның ішінде этикалық мінез-құлық ережесінен ауытқуына төзбеушілікпен
иеленуі; азаматтық-құқықтық жауапкершілікті игеруі және этикалық мінез-құлық ережелерін сақтауға қойылатын талапшылдықты білуі;
- Табиғат, қоғам, ойлау қабілеттерінің дамуы заңдылықтарын ұғуы және олардың осы білімдерін кәсіби қызметте қолдана білу; іс-шараларды, процестерді жыне әлеуметтік маңызды
құбылыстарды талдау және бағалай алу қабілеті; сандық талдау және модельдеу, теориялық және эксперименталды зерттеудің негізгі әдістерін меңгеру;
- Ақпарат алмасу, алу, сақтау, өңдеу және ақпаратты түсіндірудің негізгі жолдары мен құралдарын иелену, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы дағдыларының болуы;
ақпаратты қабылдай білу және әдістемелік түрінде жалпылау, мақсат қою және оған қол жеткізу жолдарын таңдау;
- Ұжымда өзінің міндеттерін шығармашылық түрде орындай отырып, басқа да ұжым мүшелерімен өзара іс-қимылда жұмыс атқаруы;
- Басқару шешімдерін жобалауға қатысуға және өздерінің қызметтік міндеттері шегінде шешімдерді іске асыру үшін жауапкершілікті ала білу, осы шешімдердің қорытынды нәтижесін
бағалай алуы;
- Қолда бар қолданыстағы технологиялар мен кадр жұмысының әдістерін пайдалана білу
- Басқару шешімдерінің сапа праметрлерін айқындауға және әкімшілік процестерді жүзеге асыра білу, ауытқуларды анықтап, қажетті түзету шараларды қолдануы;
- Экономикалық, әлеуметтік және саяси ортаны, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметі, саяси партиялардың, қоғамдық-саяси және коммерциялық емес ұйымдардың жай-күйін сандық және
сапалық талдау әдістерімен бағалау;
- Жұмыс есебін жүргізе білу және кәсіпорын мен ұйымдарда , меншік түрі мен ұйымдық-құқықтық нысандардың, сондай-ақ мекемелердің барлық кәсіп түрлерінде құжат айналымын
жүргізудегі іске қатысу;
- Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметін жақсарту үшін ұсынымдар әзірлеу және ұсынымдарды жүзеге асыру мүмкіндігі;
- Қаржылық жоспарлау мен болжау әдістерін иелену;
- Активтерді бағалау үшін қаржылық менеджментті басқарудың негізгі әдістерін қолдана білу, айналым капиталын басқару, қаржыландыру, дивидендтік саясат және капитал құрылымын
қалыптастыру туралы шешім қабылдау.
Кәсіби қызметтегі қажетті салалар:
- Ұйымдар мен бөлімшелерді , топ (командалар)қызметкерлерін, жобалар және желілермен экономиканың нақты секторында басқару;
- Қаржылық және банк жүйесіндегі топ (команда) қызметкерлерінің бөлімшелерін, жобалар мен желілерді басқара білу;
- Меншiк нысанына, сондай-ақ қызмет түріне қарамастан іскерлік және қаржылық қызмет субъектілерін басқару, жүзеге асыру;
- Ғылыми зерттеулерді, инновациялық жобаларды ғылыми-зерттеу институттар мен ұйымдарда басқару;
- «Менеджмент» мамандығы бойынша магистратурада оқуын жалғастыру.