Тақырып 1. Менеджмент түрлері мен принциптері.
1. Менеджмент түсінігі
2. Менеджмент түрлері
3. Менеджмент принциптері
1.Менеджмент (ағылш. мanage – басқару, меңгеру, ұйымдастыру, ) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы. «Менеджмент» түсінігінің анықтамалары өте көп. Жалпы менеджмент деп жеңу өнері ретінде, адамдардың интеллектісін, еңбегін ,жүріс-тұрысының уәжін пайдалану арқылы алдына койғанмақсаттарына жете алуын айтады. Мағынасы бойынша «менеджмент»термині «басқару» терминімен ұқсас. Алайда, қазіргі түсінік бойынша «басқару» ұғымынан «менеджмент» ұғымы кеңірек, өйткені ол адамзат қызметінің әр түріне қолданылады. Мысалы, автомобильдің және басқада неғұрлым күрделі техникалық жүйелерді басқару. Ал «менеджмент» термині ұғым деңгейіндегі ілеуметтік экономикалық процесстерді, шаруашылық қызметті, жеке тұлғаны және қызметшілерді басқаруды сиппаттайды. Басқару – алға қойылған мақсаттарға жету үшін адамдар бағыттап, жүзеге асыратын күрделі де серпінді процесс. Өндірісті басқаруды жүзеге асыру ісінде басқару әдістері жүйесінің маңызы зор. Басқару субъектісінің басқарылатын объектіге ықпал жасау әдістері басқару әдістері деп түсініледі. «Менеджмент» пәні басқарудың негізгі түсінігін, мәнін, басқару қағидаларын және заңдылығын қарастырады. Сондай – ақ стратегияны таңдауға әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды қарастырады, ұйымдағы менеджменттің негізгі міндеттері мен қызметтерін зерттелінеді. Қазіргі жағдайда ұйымдар мен фирмалардың басқарушылық потенциалдарын дамыту шарттары мен қалыптастыру мәселелері талданады. «Менеджмент» пәннің мақсаты – нарықтық қатынастар жағдайында менеджмент жөніндегі білімді, басқарудың практикасы мен шеберлігін, менеджменттің негізгі белгілерін, оның әдістер мен қабілеттерінің арсеналын және шаруашылықты жүргізудің нарық жағдайында қызмет атқаратын кәсіпорындар мен ұйымдардың басқарушылық әдістерін жүзеге асырудың қажетті шарттарын студентерге үйрету болып табылады. Менеджменттің міндеті тиімді өндірістік күшке ұйымдастыру үшін адамдарға бағыт беру: - Өңдірістің автоматтандырылуына және жұмысшылардың жоғарғы маманды болуын қамтамасыз ету; - Қызметшілер жұмысын неғұрлым жоғарғы еңбекақымен ынталандыру және еңбекке жағдай жасау;· - Фирма қызметінің тиімділігін бақылау, бөлімшелер жұмысын біріктіру; - Жаңа нарықты игеру мен үнемі іздеу; - Нақты мақсаттарды анықтау; - Мақсаттардың басымдылығын, олардың кезектілігін, шешімдердің дәйектілігін анықтау; - Фирманың дамуы стратегиясының шаруашылық міндетті мен оларды шешу жолдарын өндіру. Менеджмент өнер ретінде. Менеджмент – нақты басқару қозғалыстары жағынан кәсіпорынның дамуы мен қызмет етуін қамтамасыз ететін адамдардың қоғамдық тәжірибесінің формасы. Кәсіпорынды басқарудың жоғарғы дәрежесі өнер ретінде бағаланады. Менеджмент көп жағдайларда қағидаларға, теорияларға, принциптерге сүйенетн өнер ретінде қаралады. Менеджмент ғылым ретінде. Менеджмент – ұйымды басқару бойынша тәжірибелік қызмет негізінде пайда болған және оларды шешу амалдарды бар басқару ғылымы. Бұл пәннің ғылыми негізін тәжірибе арқылы жүздеген жылдар бойы жинақталған басқару туралы білімдердің сомасы және қағида, теория, принциптер, амалдар мен басқару формалар ретінде көрсетілген түрлері құрайды. Адамдардың өздік білімдернің аумағында, XIXғ. Алғында бөлініп шықты. Басқару объектілері бұл бақарылатындардың барлығы, яғни сала, кәсіпорын,бөлімшелер және т.б. Менеджментте басқару объектісі ретінде әр уақытта белгілі бір мақсатқа жету үшін өздерінің іс-қызметтерін үйлестіретін және бағытталатын адамдар тобы қарастырылады. Басқару субъектісі - бұл басқарушылардың барлығы, яғни саланы, кәсіпорынның,бөлімшелердің басқару аппараты. 2. Менеджер түсінігі Менеджер (ағылшынша manager – басқарушы) – жалдамалы басқарушы, өндірісті ұйымдастырушы маман. Ол негізінен кәсіпорындағы немесе фирмадағы барлық жұмысты ұйымдастыру, үйлестіру, басқару мәселелерімен айналысады, ұйым алдындағы міндеттердің орындалуына тікелей жауап береді. Менеджер жан-жақты сауатты болып, ішкі және сыртқы нарықты жақсы білуі керек. Менеджердің міндеттері: – қолда бар ресурстармен нағыз тұтас «өндірістік бірлік» құру. «Өндірістік бірлік» құру міндетін шешу үшін менеджерге бүкіл әлсіз буындарды жою, барынша дамытуды қамтамасыз ету, ұйымдық мәселелердің барлық күшті жақтарын, бірінші кезекте адам ресурстарын, пайдалану үшін тырысуына тура келеді. Кәсіпорынның күнделікті іс-әрекеті менеджердің әрдайым көз алдында болуы, қол жеткен нәтижелер барынша үйлестірілуі тиіс. – кез келген шешімді қабылдап, іс-әрекетке кіріскенде бүгінгі талапты ескерумен қоса кәсіпорынның болашағы туралы да ойлану. Менеджерлердің келесі қызметтері бар: 1) менеджер іскер кәсіпорынның мақсатын орындайды, сол мақсатын орындау үшін не істеу керектігін ойластырады, адамдарға нақты міндеттер жүктей отырып, оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді; 2) менеджер-ұйымдастырушы. Ол жұмыстарды жүйелеп бөледі, қажетті ұйымдық құрылымды құрады, басшы қызметкерлердің тиісті құрамын іріктейді және т.б.; 3) менеджер көтермелеу шараларын қамтамасыз етіп ұжымдағы барлық адамдармен тіл табысып, тығыз байланыс орнатады. Ол ұжымды өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын адамдардан құрады: бұл үшін қолда бар барлық мүмкіндікті — сыйлықақы беру, марапаттау, жоғары қызметке тағайындау шараларын – пайдаланады; 4) менеджер ұйымның іс-әрекетін талдайды, нормалауды белгілейді, кәсіпорында жұмыс істейтін барлық адамдардың жұмысын бағалайды; 5) менеджер адамдардың қызмет жағынан жоғарылауын қамтамасыз етеді. Адамдар мамандығының жетілдірілуі, қызмет жағынан жоғарылауы немесе төмендеуі де, ұжым бірлігінің нығаюы немесе берекесізденуі де менеджер жұмысына байланысты. Деңгейіне немесе ұйым ішіндегі қызмет саласына қарамастан, табысқа жеткісі келсе, менеджерлердің барлығы нақты бір рөлдерді атқаруға және белгілі бір дағдыларды көрсете білуі тиіс. Рөл концепңиясы осы тұрғыда актердің театр қойылымындағы рөліне ұқсас болып келеді. Тұлға белгілі бір басшы үлгісін жасайды, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандырады және ұйымда белгілі бір міндеттерге ие. Басқару рөлдері Бір классикалық зерттеулерде басқару рөлдерінің сипатына қатысты бірқатар қызықты түсініктер айқындалды. Осы зерттеу компанияның бас атқарушы директорларын таңдауды мұқият бақылау негізінде аға басшылар, жалпы алғанда, алуан түрлі он рәлді атқарады, осы релдер үш негізгі санатқа бөлінеді деп болжайды: тұлғааралық, ақпараттық және шешім қабылдауға қатысты рөлдер. Тұлғааралық рөлдер. Жоғарыда атап өтілген зерттеу аға басшының жұмысында үш тұлғааралық рөл бар екенін көрсетіп берді. Біріншіден, көбіне басшы атаулы тұлғаның рөлін атқарады - келушілерді кешкі асқа апарады, тұсаукесердің ашылу салтанатына қатысады және соған ұқсас іс-әрекеттерді орындайды. Осы қызмет түрлері әдетте маңыз тұрғысынан қарағанда, барынша салтанатты және символдық сипатқа ие. Сондай-ақ басшы қызметкерлерді оқытып және ынталандыра отырып, кошбасшының ролін атқарады. Ресми немесе бейресми түрде қарамағындағыларға шаруаны қалай атқару керегін және ауыр жағдайда қалай жұмыс істеу қажет екенін көрсететін басшы - көшбасшы болып келеді. Сайып келгенде,басшылар үйлестіруші рөлін иеленеді. Бұл рөл көбінесе адамдардың, топтардың немесе ұйымдардың арасында үйлестіруші немесе байланыстырушы буын қызметін орындауды көздейді. Мысалы, компанияда компьютерлік саладағы өз жоспарлары туралы басқа компаниялардың хабардар болуына қолдау көрсету үшін байланыстырушы қызметі пайдаланылуы мүмкін. Ақпараттық рөлдер. Жаңа ғана талқылап өткен тұлғааралық рөлдерден келіп төмендегідей үш ақпараттың рөл туындайды. Тұлғарааралық рөлдерді іске асыру барысы ақпаратты жинау мен тарату үшін басшыны стратегиялық нүктеге орналастырады. Бірінші ақпараттық рөл - пайдалық мүмкіндігі жоғары ақпараттыжанын сала іздейтін бақылаушы рөлі. Ақпаратқа зерек басшы қарамағындағылардан ерікті түрде ұсынылатын ақпаратты сұрастырады және барынша кең хабардар болуға тырысады. Басшы сонымен қатар тиісті ақпаратты жұмыс орнында басқаларға бере отырып, ақпарат таратушы да болады. Бақылаушьі мен таратушы рөлі бірге қарастырылғанда, басшы ұйымның қарым-қатынас тізбегінде өмірлік қажетті буын ретінде пайда болады. Үшінші ақпараттық рөл сыртқы коммуникацияға шоғырланады. Ресми өкіл бөлімшеден тыс немесе ұйымнан тыс адамдарға ақпаратты ресми түрде таратады. Шешім қабылдауға байланысты рөлдер. Басшының ақпараттық рөлдері,әдетте шешім қабылдауға байланысты рөлдерге алып келеді. Ақпараттық рөлдерді орындау нәтижесінде, басшының қаныққан ақпараты ол қабылдайтын маңызды шешімдерге қуатты ықпал етеді. Шешім қабылдауға байланысты рөлді төрт түрге бөліп қарастыруға болады. Біріншіден, басшы кәсіпкердің, өзгерістерді ерікті бастаушының рөлін иеленеді. ЗМ компаниясының бір басшысы желімделетін парақтары бар жазбаларға арналған блокнот идеясын әзірлеп шыққанымен, бірақ ол оны осы компанияның ішіндегі басқа бір скептикалық көңіл күйдегі басшыларға «сатуға» тиіс болды. Шешім қабылдауга байланысты екінші рөл басшы тарапынан емес, әлдебір басқа тұлғаның немесе топтың тарапынан жасалды. Басшы өз роліне ереуіл, авторлық құқықтардың бұзылуы сияқты мәселелерді, сонымен қатар қоғаммен байланысқа немесе корпоративтік имиджге қатысты мәселелерді шеше отырып, тәртіпсіздіктерді реттеуші ретінде қарайды. Шешім қабылдауға байланысты үшінші рол - ресурстарды таратушы рөлі. Ресурстарды таратушы ретінде басшы ресурстардың қалай таратылуы керегін және кіммен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеу керегін шешеді. Мысалы, басшы бөлімнің ағымдағы бюджетін белім мүшелері мен жобалары арасында бөледі. Шешім қабылдауға байланысты тортінші рөл - келіссоз жүргізетін тұлға. Осы рөлде басшы оз компаниясының окілі ретінде басқа топтармен немесе ұйымдармен келіссөз жүргізеді. Мысалы, басшылар ұжымдық шартқа қатысты, кеңесшімен келісімге немесе жеткізушімен ұзақмерзімді қатынастар жасауға қатысты келіссөз жүргізе алады. Келіссөздер сонымен қатар ұйым ішінде де жүргізілуі мүмкін. Басшы, мысалы, қарамағындағы екі қызметкердің арасында туындаған дауға делдал бола алады немесе қосымша қолдау табу үшін басқа бөліммен келіссөздер жүргізе алады. Сонымён қатар өзіндік тұрғыдан бірінші зерттеу осыдан бірнеше жыл бұрын откізілгендіктен, басқару рөлдерінің сипаты озгеруі мүмкін екенін де ескерген жон. Осында сипатталған рөлдердің кейбіреуінің маңызы аз болса, кейбірінің ма- ңызы едәуір жоғары болуы мүмкін, жаңа рөлдер жаһанданумен, жаңа техноло- гиялармен және т.б. байланысты міндеттер ретінде пайда болуы мүмкін. Дегенмен басшылардың бірқатар түрлі рөлдерін түсінуде белгілі бір құндылық орын алады. «Алуан әлем» тармағы бірқатар әртүрлі рөлдерді, сондай-ақ кез келген компаниясындағы этностық алуан түрлілікпен байланысты мәселелерді шешу кезінде маңызды болған дағдыларды суреттейді. Жоғары табысқа жеткісі келетін басшылар көптеген рөлдерді атқарып қана қоймай, сонымен бірге бірқатар арнайы дағдыларды меңгеруі қажет. Аса іргелі басқару дағдылары - техникалық, тұлғааралық, ой тұжы- рымдау, бағалау, коммуникаңия, сондай-ақ шешім қабылдаға және уақытты жоспарлауға байланысты дағдылар. Техникалық дағдылар ұйымда жүргізілетін нақты жұмыс түрін іске асыруға және түсінуге қажет. Олар төмен буын басшылары үшін ерекше маңызды. Мұндай басшылар уақытының басым болігін қарамағындағы қызметкерлерді үйретуге және жұмысқа байланысты мәселелерге қатысты сұрақтарға жауап беруге жұмсайды. Олар тиімді басшы болғысы келсе, өздері бақылайтын адамдардың алдына қойылған міндеттер қалай орындалуы керегін білуге тиіс. Везі Виу компаниясының бұрынғы днректоры жәнө бас атқарушы директоры Брайан Данн карьерасын 1985 жылы дүкенде кіші қызметкер ретінде бастады, бұл кезде Веві Виу компа- ниясы небәрі он екі дүкеннен тұратын. Ол дүкендегі басшы, аудан басшысы, өңір басшысы, өңірлік вице-президент, аға вице-президент, атқарушы вице-президент және бөлтиек сауда президенті лауазымдарын қоса алғанда, өз карьерасын барлық лауазымдарда откізді (Солтүстік Америка). Сөйтіи, бөлшек сауданың техникалық негіздерін тиянақты үйреніп шықты. Сергей Брин мен Лэрри Пейдж өз уақытының біршама болігін стратегия және басқару мәселелерімен жұмыс істеуге жұмсады, олар сонымен қатар Соо^іе-ге әсер ете алатын жаңа технологиялардан хабардар болып отырды. Тұлғааралық қатынас дағдылары. Басшылар маңызды уақытының көп бөлігін ұйым ішіндегі және сыртындағы адамдармен қарым-қатынас жасауға жұм- сайды. Сол себептерге байланысты басшыларға тұлғааралық қатынас дағдылары адамдармен және топтармен қарым-қатынас жасау, сондай-ақ оларды түсіну мен негіздеу қабілеті қажет. Басшы ұйым баспалдағымен көтерілген кезде, қарамағындағы қызметкерлерімен, лауазымы тең әріптестерімен және ұйымда деңгейі едәуір жоғары әріптестерімен тіл табыса білуі қажет. Басшылар орындайтын рөлдерінің көп болуына орай, жеткізушілермен, тапсырыс берушілермен, инвесторлармен және ұйымнан тыс басқа адамдармен жұмыс істей білуге тиіс. Кейбір басшылар жақсы тұлғааралық қатынас дағдыларына ие болмай-ақ табысқа жетсе де, осындай дағдыға ие басшының барынша табыскер болу ықтималдығы өте зор. Шерил Сэндберг \Үос1с1 Вапк компаниясындағы, АҚШ Қаржы министрлігіндегі және Соogle компаннясындағы жұмыстарынан соң, бас операциялық директор ретінде Ғасеbоок-ке 2008 жылы келді. Сэндберг өзінің тұлғааралық қатынас дағ- дыларымен және алғыр ақыл-ойымен бас атқарушы директор Марк Цукерберғтің томаға-тұйықтығын теңестіре білетінімен танымал. Бұл дағдылар неғізғі жарнама берушілермен мықты қарым-қатынас дамытуға көмектөсіп, ҒасеЬоок-тің ұдайы өсуі мен тұрақтылығына әкелді. Ой тұжырымдау дағдылары басшының абстракт ойлау қабілетіне байланысты. Басшыларға ұйымның барлық бөлімдерінің бір-біріне лайық келуін пайымдау және ұйымды біртұтас жүйе ретінде қарастыру үшін, оның жалпы жұмысы мен ортасын ұғыну мақсатында ақыл-ой қабілеті аса қажет. Бұл олардың стратегиялық тұрғыдан ойлауына, «алысты болжай» білуіне және бүкіл үйым мүддесіне қызмет ететін, өзекті мәселерді тұтас қамтитын шешім қабылдауына мүмкіндік береді. Бағалау дағдылары - табысты басшылардың жағдайға барынша лайық реакңия корсету дағдылары. Дәрігер симптомдарды талдау мен ықтимал себептерді анықтау арқылы емделушінің ауруын таниды. Басшы да осылай етіп, симптомдарды зерделеу, соңынан шешімдерді әзірлеу арқылы ұйымның мәселесін анықтап, талдау жасай алады. ЗіагЬискз компаниясының бастапқы иелері өз бизнесі үшін табысқа жете алмаған кезде, Говард Шульң басқару ролін өз қолына алып, пошта тапсырыстарымен шұғылданатын компанияның бизнесін бөлшек сауда саласында жұмыс істейтін кофеханаға өзгертті. Оның бағалау дағдылары оған ағымдағы коммерңиялық модель неліктен тиімді болмағанын түсінуге және үздік модельді қалай жасауға болатынын ұғынуға мүмкіндік берді. Коммуникация дағдылары - идеялар мен ақпаратты басқаларға тиімді беру, сондай-ақ басқалардан идеялар мен ақпаратты тиімді алу қабілеті: Мұндай дағдылар басшыға қарамағындағы қызметкерлердің осындай лауазымда жұмыс істейтін басқа адамдармен және әріптестерімен жұмысын үйлестіруге, олардың жұмысты бірге жақсы атқаруы үшін керектің бәрін істеуғе және болып жатқан оқиғалар туралы жоғары деңгейлі басшыларды хабардар етіп отыруға, сондай-ақ өздерінен не талап етілетінін түсіну үшін осы қарамағындағы қызметкерлерге идеяларды ұсынуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар коммуникаңиялық дағдылар басшыға басқалардың не айтып жатқанын тыңдауға, хаттардың, электронды хаттардың, есептер мен басқа да жазбаша хабарламалардың шынайы мағынасын түсіне білуге комектеседі. Жуырда жүргізілген бір зерттеу анықтағандай, жалдамалы корпоративтік мамандар арасында коммуникаңия дағдыларының маңызы оте зор болды. Жаңа кандидаттардың бойынан табылған дағдылардың аса маңызды жинағы - 70%. Шешім қабылдау дағдылары басшының мәселелерді және қолайсыз мүмкіндіктерді дұрыс тану, анықтау, соңынан мәселені оң, дүрыс шешу үшін тиісті іс- әрекет бағытын таңдай алу, мүмкіндіктерден пайда таба білу қабілетіне жатады. Әрбір басшы үнемі дұрыс шешім қабылдай бермейді. Алайда тиімді басшылар көптеген жағдайда оң шешімдер қабылдайды. Олар бұрыс шешім қабылдаған жағдайдың озінде, қалай болған жағдайда да өз қателерін тез байқап, туындаған мәселеден ұйым үшін мүмкіндігінше аз шығын жұмсап немесе зиянын азайта отырып, шығу жолын қарастыру үшін оң шешім қабылдауға тырысады. Ол 2007 жылы Сар Іпс. компаниясына қосылған соң, бас атқарушы директор Гленн Мерфи өсуді қалпына келтіру үшін өз күш-қуатын Сар брендіне шоғырландырды. Алайда компания өзінің классикалық ақшыл-көк шаршы логотипін ауыстырып, 2010 жылы жаңа лоғотип ұсынғанда, көп кешікпей-ақ клиенттердің наразылығы білінді, өйт кені брендтің даралығына нұқсан келген болатын. &ар компаниясы клиенттердің шағымдарын ескеріп, жаңа логотипті алып тастап, өзінің дәстүрлі брендіне қайта оралды. Сөйтіп, теріс ніешім логотиптің ауыстырылуына әкелді, ал екінші тиімді шешім фирмаға жағдайды сауықтыруға мүмкіндік берді. Тайм-менеджмент дағдылары Табыскер басшылар әдетте уақытты жоспарлауга байланысты жақсы дағдыларды неленеді, тайм-менеджмент дағдыларынабасшының қызмет барысында басымдықтарды анықтау, тиімді жұмыс істеу және тиісті дәрежеде нәтижеге жету қабілеті жатады. Жоғарыда айтылгандай, басшылар қысым көрсөту, сондай-ақ мәселелердің басқа да алуан түрлеріне тап болады. Басшы оп-оңай кейінгө қалдыруға немесе басқаларға беруге болатын құбылмалы іс-әрекет жасай отырып, шаруаға белшеден батып қалуы әбден кәдік.1э Мұндай болған жағдайда, өкінішке орай, недәуір маңызды да қажетті шаруа елеусіз қалуы мүмкін. Ашагоп.сош СЕО Дя;офф Бозос кездосулерінің борін аптаның үш күніне жоспарлайды да, екі күнді өз идеяларын пысықтауға арнап, қызметкерлермен бейресми қарым-қатынас жасау үшін алып қалады. Ұйымдар әдетте жоғары буын, орта буын және төменгі буын менеджерлерінен түратын басқарудың үш деңгейіне бөлінеді. Деңгейіне қарамастан, менеджерлер үйым ішінде маркетинг, қаржы, өн- дірістік қызмет, адам ресурстары, басқару және басқа да белгілі салалармен байланысты. Топ-менеджерлер бүкіл ұйымды басқаратын басшылардың салыстырмалы түрде шагын тобын құрайды. Осы топтағы негізгі лауазымдарды президент, вице-президент және бас атқарушы директор (СЕО) иеленеді, ал топ-менеджерлер ұйымның мақсатын, жалпы стратегиясын, операциялық саясатын құрады. Сонымен қатар олар сыртқы ортада ұйым атынан өкілдік етеді, үкіметтік шенеуніктермен, басқа ұйымдардың жетекшілерімен байланыста болады. Starbucs компаниясының бас атқарушы директоры Говард Шульцте - компанияның жаһандық маркетинг жоніндегі директоры Шерон Ротштейн сияқты жогары буын менеджері. Сонымен қатар Сергей Брин, Ларри Пейдж, Тим Кук (Арріе компаниясының СЕО) және Дениз Моррисон (СатрЬеІІ 8оир компаниясының СЕО) да - жоғары буын менеджерлері. Жогары буын менеджерінің жұмысы күрделі, әрі алуан түрлі болса керек: жоғары буын менеджерлері басқа компанияларды басып алу, зерттеу мен әзірлемелерді инвестициялау, түрлі нарықтарга шыгу, сондай-ақ жаңа зауыттар мен кеңсе жайларын салу сияқты әрекеттер туралы шешім қабылдайды. Олар көп жұмыс істейді, уақыты- ның басым бөлігін жиналыстарда өткізеді немесе телефонмен сөйлесуге жұмсайды. Көпшілік жагдайда жогары буын менеджерлері жоғары жалақы алады. Нақты алганда, өте ірі фирмалардың жогары буын менеджерлері кейде жалақы, бонустар мен акциялар түрінде бірнеше миллион доллар табыс табады. ВіагЬискз компаниясынан Говард Шульц 2014 жылы 1,5 млн доллар мөлшерінде жалақы, бонус ретінде 2,25 млн доллар, акциялар және акцияларға опциондар түрінде 13 млн доллар және өтемақы түрінде 215 933 доллар алды. Орта буын менеджерлері - көпшілік ұйымдардагы менеджерлердің ең үлкен тобы. Орта буын менеджерлеріне кәсіпорын басшылары, өндіріс директорлары және бөлім басшылары жатады. Орта буын басшылары, негізінен, жоғары буын басшылары әзірлеген саясаты мен жоспарларын жүзеге асыру үшін тиісті іс-әрекеттер жасайды, сондай-ақ төменгі буын басшыларының қызметін үйлестіруге жауап береді. Шығыс штаттағы үш фирманың жұмысына жауапты 8іагЬискз компаниясының өңірлік басшысы Джейсон Эрнандез - орта буын басшысы. Ғогсі зауытының басшылары, сондай-ақ орта буын басшылары түрлі өндіріс- тік квоталар мен мақсаттарды орындауы, сондай-ақ материалдықтехникалық жабдықтауды басқарумен, сапаны бақылаумен, жабдықтың істен шығуымен және кәсіподақ мәселелерімен шұғылдануы тиіс. Олар сонымен қатар зауыт аума- ғында инспекторлардың жұмысын үйлестіреді. Соңғы жылдары көптеген ұйымдар шығынды азайту және артық бюрократияны жою үшін, орта буын басшылары құрамын қысқартты. Дегенмен орта буын бас.шылары жоғары және төменгі буындарды байланыстыру және жоғарыда әзірленген стратегияларды ендіру үшін қа- жет. Көпшілік ұйымдар іс жүзінде орта буын басшыларының аз ғана санымен шектелсе де, үйымның қаншалықты табысты болатынын анықтауда олар ерекше маңызды рол атқаратынын мойындайды. Төменгі буын менеджерлері операциялық персонал қызметін бақылайды және үйлестіреді. Төменгі буын менеджерлері үшін кең таралған лауазым инспектор, үйлестіруші және кеңсе меңгерушісі болып келеді. Көбіне мұндай лауазымдарды, алдымен, операциялық персонал қатарынан басшылыққа кірген қызметкерлер иеленеді. Техастағы ЗіагЬискз кофеханасының басшылары Уэйн Максвелл мен Дженни Вагнер төменгі буын басшылары болып саналады. Олар тиісті дүкен- дердің күнделікті жүмысын қадағалайды, штатты жинақтау үшін операциялық қызметкерлерді жүмысқа қабылдайды және өздерінен құрылтайшы-корпорация талап ететін басқа да стандарт әкімшілік міндеттерді орындайды. Ғогсі зауыттарындағы қүрастыру желісінің инспекторлары төменгі буын басшылары болып келеді. Олардың жоғары және орта буын басшыларынан ерекшелігі - әдетте өз уақытының басым бөлігін қарамағындағы қызметкерлердің жүмысын бақылаумен өткізуі. Ұйымның түрлі салаларындағы басқару үлгілері Маркетинг менеджерлері - өткізу қызметімен байланысты салаларда жұмыс істейді – тұтынушылар мен тапсырыс берушілер ұйымның өнімдері мен қызметін сатып алуына қол жеткізеді. Маркетинг менеджерлері - өткізу қызметімен байланысты салаларда жұмыс істейді – тұтынушылар мен тапсырыс берушілер ұйымның өнімдері мен қызметін сатып алуына қол жеткізеді. Маркетинг менеджерлері - өткізу қызметімен байланысты салаларда жұмыс істейді – тұтынушылар мен тапсырыс берушілер ұйымның өнімдері мен қызметін сатып алуына қол жеткізеді. Адами ресурстары менеджері қызметкерлерді жұмысқа қабылдау мен дайындауға жауап береді. Әкімшілік директорлар немесе бас директорлар әлдебір нақты басқару мамандығымен байланысты емес. Әкімшілік директорлар әдетте кең бейінді мамандар, олар басқарудың барлық функциялық қызметтері туарлы базалық білімі бар, әлдебір салада арнайы дайындықтан өтпеген. Менеджерлердің басқа түрлері. Көпшілік ұйымдарда біз сипаттап өткеннен бөлек арнайы басқару лауазымдары бар. Айталық, қоғаммен байланыс жөніндегі басшылар ұйымның имиджін қорғау және нығайтуға ат салысады. 3. Менеджменттің негізгі қызметтері Жоспарлау- қашан, қалай орындалатындығы және кім орындау керектігі туралы перспективалық шешімдерді қабылдау процесі. Ұйымдастыру – ұйым мақсатына қол жеткізу үшін жүзеге асыратын барлық үдерістердің жиынтығы. Ынталандыру – адамды қызмет етуге жігерлендіретін процесс. Бақылау – ұйым өз мақсатына жету үшін қамтамасыз ететін процесс.
3. Менеджменттің негізгі принциптері – деп басқарудың практикалық міндеттерін қоярдағы басқарудың жүйесіне түрлі құрылымның (элементтің) аралығындағы байланыстарды, (қарым – қатынастарды) жүргізудің жалпылама заңдылықтарын түсіндіреді.
Менеджменттің негізгі принциптері мынадай:
Орталықтан және жергілікті жерден басқаруын ыңғайлы байланыстыру;
Құқықтарды, міндеттемелерді және жауапкершілікті байланыстыру;
Басқаруды демократизациялау;
Форд басқаруды ұйымдастырудың мынадай принциптерін қолданды:
— барлық өндіріс процесін, ондағы сатыларды байланыстарды дәл есептеу және жоспарлау;
— жұмыс жағдайын есептеу және жоспарлау;
— шикізаттарды, материалдарды, механизмдерді, жұмысшы күштерін әзірлеу;
— өндірісті стандартты технология бойынша жүзеге асыру;
— өндірісті жетілдіру жолдарын үнемі іздестіру.
Эммерсон ойлап шығарған «өнімділіктің 12 принципі» жұртқа кеңінен мәлім болды. (1912). Мұнда ол кәсіпорынды басқарудың принциптерін қарастырды, әрі тұжырымдады. Эммерсонның пікірінше, мұндай принциптерге мыналар жатады:
дәл тұжырымдалған мақсат, басқарудың барлық деңгейінде бұған жетуге әрбір басшы мен қол астындағылар ұмтылады;
болашақ мақсатты ескере отырып, әрбір жаңа процесті талдауға шынайы дұрыс көңіл бөлу;
білікті кеңес беру — өндіріске және басқаруға байланысты арнайы білімнің қажеттігі және барлық мәселеде білікті кеңес бірлесіп ақылдасқанда ғана нәтижелі болады;
тәртіп – барлық ұжым (коллектив) мүшелерінің белгіленген тәртіп пен ережеге бағынуы;
қызметкерлерге әділ төрелік;
басшыны қажетті мәліметтермен қамтамасыз ететін жедел, сенімді, толық, дәл және тұрақты есеп;
ұжым қызметін мұқият, жедел, басқаруды қамтамасыз ететін диспетчерлік жұмыс;
ұйымдастырудағы бүкіл кемшілікті дәл белгілеуге және одан келетін шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін нормалар мен жұмыс кестелері;
ең тәуір нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін уақыт, күш-қуат және өзіндік құнның үйлесімдерін қамтамасыз ететін жағдайларды қалыпқа келтіру;
уақытты белгілеуді және операцияның кезегімен орындалуын ұсынатын операциялар нормасы;
атқарылатын жұмыстардың барлық ережесін нақты бекітуді қамтамасыз ететін жазбаша стандартты нұсқаулар;
әрбір жұмысшылар еңбегін көтермелеу мақсатында еңбек өнімділігі үшін сыйлыққа ақы төлеу.
Г. Эммерсон өндірісті және басқарманы ұйымдастырудың күрделі міндеттерін жан-жақты ойластырып шешудің қажеттігін және тиімділігін тұңғыш рет атап көрсетті. Әсіресе, тиімділік тұрғысынан рационализациялауды (ұтымды етуді) қарастыруы (ол алғаш рет енгізген ұғым) ерекше көңіл аударарлық. Тиімділік деп, шығын мен нәтиже арасындағы ең қолайлы ара қатынасты атап көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |