|
Бастауыш сыныптардағы жазба жұмыстары
|
Дата | 14.11.2018 | өлшемі | 52,5 Kb. | | #19603 |
| Навигация по данной странице:
- Тексеру үшін көшіріп жазу
- Қатемен жұмыс жазба жұмысы алынған дәптерде орындалады. Диктант жұмысын бағалау мөлшері.
- 2 сынып 3 сынып 4 сынып 1
- Қатесі жоқ. Жазуы көркем, таза, анық, каллиграфиялық нормаға сай. Түзету саны екіден артық емес.
- Қатесі жоқ. Жазуы көркем, таза, анық, каллиграфиялық нормаға сай. Түзету саны екіден артық емес. «4»
- Емле қатесі – 2, тыныс белгі қатесі – 2; Жазу көлбеулігі сақталмаған, әріптер ара қашықтығы аздап бұзылған.
- Емле қатесі – 2, тыныс белгі қатесі – 2; Жазу көлбеулігі сақталмаған, әріптер ара қашықтығы аздап бұзылған. «3»
- 2 – 3 емле қатесі, 2- 3 тыныс белгі қатесі бар. 4 емле, 2 тыныс белгісі немесе 5 емле, 1 тыныс белгісі . Көлбеулік сақталмаған, кейбір әріптер дұрыс таңбаланбаған, әріптер биіктігі әртүрлі.
- 1 - 2 тыныс белгі қатесі бар. 4 емле, 2 тыныс белгісі немесе 5 емле, 1 тыныс белгісі . Көлбеулік сақталмаған, кейбір әріптер дұрыс таңбаланбаған, әріптер биіктігі әртүрлі.
- Бағалар Жіберілетін қателер мөлшері. «5»
Бастауыш сыныптардағы жазба жұмыстары
Бастауыш оқытудағы басты орынның бірі қазақ тілінде. Бағдарлама талаптары аясында оқушылардың білім , білік, дағдыларының нақты болуы қазақ тілін оқытудың мазмұны мен әдістеріне байланысты. Қазақ тілін оқытуда негізгі дидактикалық принциптер жүзеге асады.
Білімді меңгеруді қамтамасыз ететін басты дидактикалық жағдай – оны жүйелі тексеріп отыру және бағалау. Қазақ тілі бойынша негізгі жазба жұмыстарының түрлері көшіріп жазу, диктант (түсіндірме, көру, терме, сөздік, шығармашылық, бақылау), тест жұмысы.
Түсіндірме диктанты бұрын оқытылып кеткен тақырыптарды қайталауға, жаңадан оқылған ережелерді бекітуге арналады. Тақырыпқа байланысты диктантты сабақтың кез – келген кезеңінде орындатуға болады. Алдымен мәтін толық оқытылады., сонан соң әр сөйлем жеке оқылады. Оқушылар оқылып отырған ережеге байланысты талдау, түсіндіруге қатысады.
Терме диктанты оқушылардың белгілі бір ережеге байланысты сөздерді немесе сөз тіркестерін есту арқылы ажырата білу дағдыларын жетілдіреді. Мұғалім мәтінді оқиды, ал балалар оқылып отырған ережеге сәйкес сөздерді ғана теріп жазады. Бұл диктант түрін тақырыпты оқу барысында алған оңтайлы. Уақыт үнемделеді, қажетті сөздер көбірек жазылады, ең бастысы оқушы зейін қоя тыңдауға машықтанады.
Көру диктантының мақсаты – есте сақтауды дамыту, орфографиялық сауаттылыққа жетелеу. Таныс емес не оқылмаған ережелерге байланысты сөздер дің астын сызып қоюға не басқа түспен жазуға болады. Сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қарай бұл диктант көлемі әртүрлі болады.
Сөздік диктантта – сыныпқа сәйкес сөз саны беріледі. Сабақ соңында алуға ыңғайлы . Оқушылар жазған сөздерін сөздіктен қарап өздері түзетсе тиімділігі артады.
Шығармашылық диктант оқушылардың тілін дамытуға, сөздік қорларын байытуға өте тиімді. Балалар сөйлем, мәтін құруға өздері белсенді қатысады. Мұғалім суреттер арқылы , қажетті сөздерді тақтаға жазып қою арқылы орындатады. Қолданылатын ережелер еске түсіріледі, түсіндіріледі. Бұл – таза диктант емес, шығармаға дайындық деп қарауға да болатын жұмыс.
Тексеру үшін көшіріп жазу – бастауыш мектеп сатысындағы өте маңызды жұмыс түрлерінің бірі. Бұл орфографиялық сауаттылықты жетілдіреді, сөз бен сөз тіркестерін есте сақтауға және жазылуын көру арқылы меңгеруге көмектеседі. Мәтінді тақтаға жазған соң дауыстап оқиды. Сонан кейін оқушылар өз бетімен оқып, көшіріп жазады, тапсырмаларды орындайды. Жұмыс соңында мәтінді, тапсырманы тексеруге уақыт беріледі. Бұл жұмысты жаңа тақырыптар оқылғанда үнемі пайдалану ұсынылады.
Бақылау диктанты оқушының тақырыпты меңгеру дәрежесін тексеру мақсатында алынады. Нәтижесінде оқушы біліміндегі олқылықтар анықталып , оларды жою жолдары белгіленеді.
Мұғалім мәтінді әуелі толық, сонан соң әр сөйлемді жеке оқиды. Таныс емес ережелерге байланысты сөздер, тыныс белгілерін алдын ала ескертуге болады. Оларды жазарда анық, орфоэпия заңдылықтарын сақтай отырып оқыған дұрыс. Қайталауға , көмек беруге болмайды.
Диктантқа (көшіріп жазуға) мазмұнды, байланысқан мәтінді алған дұрыс. Бұл мәтіндер қазіргі әдеби тіл нормаларына сәйкес, тәрбиелік мәні бар, оқушылардың танымдық білімін кеңейтетін, мазмұны мен құрылымы сынып ерекшеліктеріне сай алынуы қажет.
Диктант орта қиындықта құрылған , өтілген ережелерге сәйкес түзілген мәтінде болғаны дұрыс. 1 сынып үшін алынатын диктантта айтылуы мен жазылуында айырмашылық жоқ сөздерден құрылған мәтін болғаны жөн. Егер диктант мәтінінде (1 – 4 с) әлі оқылмаған ережелерге байланысты сөздер, тыныс белгілері кездессе ол тақтаға жазылады, мұғалім ол сөздерді анық, түсінікті оқуға баса назар аудару керек. Бақылау диктантынан соң қатемен жұмыс жүргізіледі. Оған арнайы сағат бөлінеді. Басқа диктанттардағы қатемен жұмысқа арнайы сағат бөлінгенмен, келесі сабақта уақыт бөліп, қатемен жұмысты тиімді өткізу қажет. Қатемен жұмыс жазба жұмысы алынған дәптерде орындалады.
Диктант жұмысын бағалау мөлшері.
Баға
|
Жіберілетін
|
қателер
|
мөлшері.
|
|
2 сынып
|
3 сынып
|
4 сынып
|
1
|
2
|
3
|
4
|
«5»
|
Қатесі жоқ. Жазуы көркем, таза, анық, каллиграфиялық нормаға сай. Түзету саны екіден артық емес.
|
Қатесі жоқ. Жазуы көркем, таза, анық, каллиграфиялық нормаға сай. Түзету саны екіден артық емес.
|
Қатесі жоқ. Жазуы көркем, таза, анық, каллиграфиялық нормаға сай. Түзету саны екіден артық емес.
|
«4»
|
Емле қатесі – 2, тыныс белгі қатесі – 2; Жазу көлбеулігі сақталмаған, әріптер ара қашықтығы аздап бұзылған.
|
Емле қатесі – 2, тыныс белгі қатесі – 2; Жазу көлбеулігі сақталмаған, әріптер ара қашықтығы аздап бұзылған.
|
Емле қатесі – 2, тыныс белгі қатесі – 2; Жазу көлбеулігі сақталмаған, әріптер ара қашықтығы аздап бұзылған.
|
«3»
|
2 – 3 емле қатесі, 2- 3 тыныс белгі қатесі бар. 4 емле, 2 тыныс белгісі немесе 5 емле, 1 тыныс белгісі . Көлбеулік сақталмаған, кейбір әріптер дұрыс таңбаланбаған, әріптер биіктігі әртүрлі.
|
2 – 3 емле қатесі,
1 - 2 тыныс белгі қатесі бар. 4 емле, 2 тыныс белгісі немесе 5 емле, 1 тыныс белгісі . Көлбеулік сақталмаған, кейбір әріптер дұрыс таңбаланбаған, әріптер биіктігі әртүрлі.
|
2 – 3 емле қатесі,
1 - 2 тыныс белгі қатесі бар. 4 емле, 2 тыныс белгісі немесе 5 емле, 1 тыныс белгісі . Көлбеулік сақталмаған, кейбір әріптер дұрыс таңбаланбаған, әріптер биіктігі әртүрлі.
|
«2»
|
Диктант жұмысы жоғарыдағы талаптардан төмен жағдайда. Қате саны 6 – 7.
|
Диктант жұмысы жоғарыдағы талаптардан төмен жағдайда. Қате саны 6 – 7.
|
Диктант жұмысы жоғарыдағы талаптардан төмен жағдайда. Қате саны 6 – 7.
|
«1»
|
Жұмыс өте лас, түсініксіз, ұқыпсыз жазылған жағдайда.
|
Жұмыс өте лас, түсініксіз, ұқыпсыз жазылған жағдайда.
|
Жұмыс өте лас, түсініксіз, ұқыпсыз жазылған жағдайда.
|
Сөздерді жазғанда орфографиялық ережелерді сақтамаса, сөзді жазғанда әріп тасталса не ауыстырылып қойса, оқылған тыныс белгілерін көрсетпесе диктанттағы қателер деп есептеледі.
Алынғанға дейін оқылмаған ережеллерге сәйкес сөздер , тыныс белгілері.
Келесі сөйлем бас әріппен жазылып, бірақ алдыңғы сөйлем соңынан кейін нүкте қойылмаса;
Мәтін мазмұны бұзылмайтындай етіп сөзді басқа сөзбен ауыстыру жағдайы бір рет кездескен жағдай;
Тасымалдауда алдыңғы жолда сөздің бар бөлшегі келесі жолда қайталанып жазылса;
Бір сөзді қайталап жазып қойса.
Бір қате есептелетіндер:
Екі орфографиялық бірдей қате;
Ұқсас екі тыныс белгі қатесі;
2 өрескел емес, мыс; орыындық, қаала тектес.
Грамматикалық тапсырмаларға қойылатын талаптар.
Оқушылардың өтілген тақырыптар бойынша білім, білік, дағдыларын меңгерулерін, олардың алған білімдерін іс жүзінде, ауызша және жазбаша тілдерінде қолдануларын тексеру мақсатын көздейтіндіктен, диктантта алынатын грамматикалық тапсырмалар алынып отырған мәтінмен, ережемен байланысты болғаны дұрыс. Бағалау мөлшері.
-
Бағалар
|
Жіберілетін қателер мөлшері.
|
«5»
|
Жұмыс қатесізорындалған. Оқушы алған білімін өз бетімен іс жүзінде саналы қолдана алады.
|
«4»
|
Жұмыстың 3 4 бөлігі дұрыс орындалған. Білімді меңгерген, іс жүзінде қолдана алған.
|
«3»
|
Жұмыстың жартысы дұрыс орындалған. Берілген білімнің жартысын меңгерген. Іс жүзінде қолданған.
|
«2»
|
Оқушы оқу материалын меңгермеген, тапсырманың жартысын көбін орындамаған.
|
«1»
|
Оқушы тапсырманы мүлдем орындамаған.
|
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|