36
ҚАЗАҚСТАНДА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
Жоғарыда келтірілген, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінен алынған деректер бойынша
біз 2009 жылы тағайындау бойынша жұмыс істейтін адвокаттардың көрсететін қызметтерінің ақысын
төлеу үшін бөлінетін жалпы қаржыландыру сомасы 2008 жылмен салыстырғанда 30 пайызға артқанын
көреміз. Өсу үрдісі одан әрі де жалғаса береді деп топшылау қисынды болар еді.
Адвокаттың қылмыстық іске қатысуының орташа құнын есептеп көрейік. Бұл үшін бізге қылмыстық
істерде тағайындалған адвокаттардың құқықтық көмегін қаржыландыру бойынша және осы істердің саны
бойынша ақпарат керек болады.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінен және Қазақстан Республикасының Әділет
министрлігінен біздің зерттеудің барысында алынған деректер бойынша тағайындау бойынша жұмыс
істейтін адвокаттардың ақысына 2007 жылы төленген қаржы сомаларының төмендегі кестесі пайда бо-
лады:
5-кесте
Мекеменің атауы
Бағдарламаның атауы
Солтүстік
Қазақстан
облысы бойынша
(мың теңге)
Бүкіл
Қазақстан
бойынша
(мың теңге)
Қазақстан
Республикасының Ішкі
Істер министрлігі
003 бағдарламасы – «Қылмыстық
процеске қатысушы адамдардың
құқықтары мен бостандықтарының
қорғалуын қамтамасыз ету», 102
кіші бағдарламасы – «Тергеуде
адвокаттардың заңгерлік көмек
көрсетуі»
8 952
163 574
Қазақстан
Республикасының Әділет
министрлігі
005 бағдарламасы – «Сотта
адвокаттардың заңгерлік көмек
көрсетуі»
8 540
130 000
Тағайындалған адвокаттардың жұмысын жалпы
қаржыландыру:
17 492
293 574
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің және Солтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар
алқасының деректері бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 71-бабына
(«Қорғаушының міндетті түрде қатысуы») сәйкес адвокаттардың қатысуымен өткен қылмыстық істердің
саны төмендегідей екені көрсетілген:
II Тарау
37
6-кесте
Сот, анықтау, тергеу органдары
Қазақстан
бойынша
Солтүстік
Қазақстан облысы
бойынша
Анықтау органдарында
11 602
1 400
Тергеу органдарында
27 168
1 800
Бірінші сатыдағы соттарда
29 721
2 038
Апелляциялық сатыдағы соттарда
1 457
Қазақстан Республикасы бойынша тағайындалған
адвокаттар қатысқан істердің жалпы саны
69 948
5 238
5 және 6-кестелердегі деректер бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің
71-бабына («Қорғаушының міндетті түрде қатысуы») сәйкес адвокаттар көрсеткен қызметтердің мемле-
кет үшін орташа құнының мөлшерін аламыз:
7-кесте
Қазақстан бойынша
СҚО бойынша
Қазақстан Республикасы бойынша тағайындалған
адвокаттар қатысқан істердің жалпы саны
69 948
5 238
Тағайындалған адвокаттардың жұмысын жалпы
қаржыландыру (мың теңге)
293 574
17 492
Тағайындалған адвокат қатысқан іске жұмсалған орташа
шығындар (теңге)
4 197
3 339
Тегін заңгерлік көмек берудің қолданыстағы тетігін қайта құру бойынша
ұсыныстар
Мемлекет қаржыландыратын заңгерлік көмектің азаматтың айыптау тарапымен және басқа да
қарсыластарымен тең құқылы түрде іске қатысуы үшін көрсетілетіні мәлім. Ал іс жүзінде орын алатын
жағдай – адам формалды қорғану мүмкіндігін, тағайындалған адвокатты алады, бірақ сөйте тұра
осыған дейінгі сияқты әлсіз әрі қорғаусыз болып қала береді. Тағайындалған адвокаттардың көрсеткен
қызметтерін осыған дейін алып үлгерген адамдарды сауалдамадан өткізу барысында біз олардың 80-
90 пайызы өздері алған қызметтер туралы пайдасыз деген пікір білдіргенін анықтадық, бұл орайда
сауалдамаға жауап бергендердің 60-70 пайызы «тегін» адвокаттар мен олардың көмегін әуел бастан-
ақ шындап қабылдамаған. Тегін заңгерлік көмек көрсету мен оған ақы төлеу тетігін оңтайландыру
мәселелері бойынша біздің ұсыныстарымыз тек қылмыстық істерге қатысты екенін бірден ескерте
38
ҚАЗАҚСТАНДА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
кетейік, себебі азаматтық және әкімшілік істер бойынша ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінде де, Қазақстан
Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінде де азаматтың мемлекеттік
қаржыландыру қаражатынан адвокаттың көрсететін қызметтері үшін өтемақы алуға қашан құқығы
бар екенін бір мәнді түрде айқындалмайды. Оларда бұл үшін құқықтық сәттер орын алатын жайттар
көрсетіледі, алайда адвокатты тағайындау туралы шешім қабылдау судьяның үлесінде қалады, ол
корпоративтік мемлекеттік мүдделерді көздеуінен болса да, адвокатты сирек жағдайларда тағайындайды.
1. Сот пен тергеуге тартылған адамдардың неғұрлым көпшілігінің тегін заңгерлік көмек
алуға құқығы болған сайын заңгерлік қолдау алуға мұқтаж әрбір адамға соғұрлым азырақ
қаржы қаражаты берілетін болады да, тиісінше олар алатын заңгерлік қызметтердің сапасы
да соғұрлым төмен болады.
Тегін заңгерлік көмек алудан үміткер бола алатын адамдар тобы едәуір ауқымды болып шығады –
қылмыстық процестегі әрбір дерлік айыпталушы, сезікті, тергеудегі адам мемлекеттік бюджеттен
қаржыландырылатын тағайындалған адвокаттың қызметтерін пайдалана алады, ал сөйте тұра, осы
мақсаттарға бөлінетін қаржы ресурстары шектеулі. Қаржыландырудың төмен деңгейі қандай адамның
болса да, тегін заңгерлік көмек алу бойынша іс жүзіндегі құқығын мүлде жоққа шығарады деуге болады.
Бұл жағдайды жақсарту үшін біз тегін заңгерлік көмек көрсету бойынша қосымша шаралар қолдануды
ұсынамыз:
•
жаңа мемлекеттік және мемлекеттік емес бағдарламаларды әзірлеу және оларға ықпалдасу;
•
құқық қорғау саласында жұмыс істейтін баламалы ұйымдардың көмегін пайдалану;
•
тегін заңгерлік көмек алушы тұлғалардың шеңберін олардың мүліктік жағдайына қарай реттеме-
леу;
•
адвокаттар алқалары мен баламалы ұйымдарда тегін қабылдау күндерін ұйымдастыру.
2. Тағайындау бойынша жұмысқа жоғары кәсіпқой адвокаттарды тарту үшін біз ең бірінші
кезекте осы бағытта қызметтер көрсеткен кезде, адвокаттардың қоғамдастығының ара-
сында бәсекелесу мүмкіндігін жасауымыз керек. Әрине, бұл тарифтерді арттыру жолымен
шешілетін мәселе. Тағайындалған адвокаттардың жұмысына ақы төлеу тарифтерін бірнеше
тәсілмен немесе олардың қиысымымен жоғарылатуға болады:
•
тағайындалған адвокаттардың жұмысына ақы төлеу үшін бөлінетін мемлекеттік бюджеттен
қаржыландыру көлемдерін жалпы арттыру;
•
тегін заңгерлік көмек алу құқығы бар тұлғалардың санын қысқарту;
Достарыңызбен бөлісу: |