II Тарау
39
•
тағайындалған адвокаттардың жұмысына қолдау көрсететін жергілікті бюджеттерден төлемақы
тағайындау.
Біздің ойымызша, жоғарыда айтылып өткендей, тегін заңгерлік көмекті әлеуетті тұтынушылардың санын
қысқарту барынша оңтайлы нұсқа болар еді. Қызмет көрсету желісін кеңейту әдістері көрсетілді. Алайда
бұл проблеманы іштен де шешуге болады – әрбір адам адвокаттың көрсеткен қызметтерінің ақысына
төлейтін қаражат ала алатын тетікті құру, себебі біз тегін заңгерлік көмек алуға құқығы бар адамдардың
осы санатын жайдан жай қысқартып тастай алмаймыз ғой – бұл олардың құқықтарын бұзу болар еді.
Сондықтан мемлекетте соттық сақтандыру жүйесін енгізуді ұсынамыз, бұл жүйе бойынша сақтандыру
оқиғасы орын алатын, атап айтқанда, қылмыстық іс бойынша қорғану қажет болатын жағдайға арнап
жарналар аударатын әрбір адам заңгерді жалдап, оған мемлекетте қолданылатын ресми орташа
тарифтер бойынша соттық сақтандыру қорларының қаражатынан сыйақы төлеу мүмкінідігіне ие болады.
Осындай тетіктер әлемдік іс-тәжірибеде қолданылады және олар сақтандыру оқиғасы орын алған кезде
тұрғындардың пәрменді көрсетілетін қызметтерді пайдалану мүмкіндігін кеңейтеді. Осыған ұқсас жүйе
автомобиль жүргізушілер үшін – апат орын алатын жағдайда қолданылады. Әрине, заңгерлік сақтандыру
жүйесін қабылдаған жағдайда осы тетіктің барлық құқықтық қырларын және оның жұмыс істеу үлгісін
әзірлеп, нақтылау қажет екені түсінікті.
3. Өкінішке орай, қазіргі сәтте тұлғаның мүліктік жағдайына қарай тегін заңгерлік көмек
алуы үшін нақты бағалау өлшемдерін әзірлеу едәуір қиын. Алайда, халықтың құқықтық және
салықтық мәдениетінің деңгейін арттыруға ұмтыла отырып, келешекке арнап мемлекеттің
осы өлшемдерді көздеуіне және оңтайлы іріктеу тетігін әзірлеуіне болады. Осы тетікке сәйкес
жылдам әрі бюрократтық үзіп-созғыламастан тұлғаның мүліктік параметрлерін белгілеуге
болады (дамыған елдерде дәл осылай істейді).
Бұрын тегін заңгерлік көмектің әр түрлі қырлары Азаматтық іс жүргізу кодексі мен Қылмыстық іс жүргізу
кодексінің Әкімшілік процедуралар туралы, Адвокатура туралы заңдардың, Бюджет туралы заңдардың
және т.б. өзара байланысы жоқ ережелерімен реттеліп келген көптеген елдерде
осындай көмек беруді
біртұтас көзқарас тұрғысынан реттейтін бірыңғай заңнамалық актілер қабылданды.
Адвокаттың көрсететін қызметтерінің төлемақысының қылмыстық іс бойынша тартылған тұлғаның
мүліктік жағдайына белгілі бір тәуелділігін енгізу қажет. Өз тұжырымдамамызда біз осыдан бұрын бұл
мәселені қозғап, бұл үдеріске әлі дайын емес екенімізді халықтың құқықтық және салықтық мәдениетінің
төмен болуынан деп дәлелдегенбіз. Алайда болашақта жоғарыда аталған құжаттарды біріктіретін
біртұтас заңнамалық актіні қабылдау тегін заңгерлік көмек алудан үміткер азаматтардың санын азайтуға
көмектеседі, ал бұл өз кезегінде, азаматтардың аталған құқықтық сегментте қалған санаттарына жеке
төлемақыны жоғарылатады.
40
ҚАЗАҚСТАНДА
ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
4. Қазіргі жағдайда бағдарламалардың бюджеттеріне халықты хабардар етуге жұмсалатын
шығыстар ғана емес, сонымен қатар адвокаттар алқаларының заңгерлік қызметтер көрсетуді
басқаруға, есептік құжаттаманы жинау мен сақтауға және т.с.с. байланысты әкімшілік
шығыстары да кіргізілмеген. Бұл орайда, Қазақстан Республикасының «Адвокаттық
қызмет туралы» Заңына сәйкес адвокаттық қызмет кәсіпкерлік қызмет болып табыл-
майды, адвокатураның мемлекеттегі мақсаты – адам мен азаматтың құқықтарын қорғау.
Сондықтан біз ұсынып отырған жаңа үлгі тікелей ақпараттық қызметті белгілі бір дәрежеде
қаржыландыруды топшылайды, бұл қызмет тұрғындардың адвокаттің рөлін түсінуіне және
айыпталушы, күдікті немесе айыпкер ретінде тартылған жағдайда өзінің құқықтары туралы
хабардарлығын кеңейтуге көмектесе алады.
Осы үлгіні құқықтық сауат ашу шеңберінде заңгерлік көмек жүйесі туралы және оның ерекшеліктері
туралы ақпаратты таратумен толықтыру қажет. Мұны іске асыру бір көргендегідей қиын емес, іске
асырудағы бірінші қадам ретінде әрбір тергеудегі адамға, сезіктіге, айыпталушыға заңгерлік көмек алу,
соның ішінде тегін көмек алу мүмкіндігі туралы өзінің негізгі құқықтары сипатталған жадынама, буклет,
кітапша беруге болады.
5. Тағайындалған адвокаттардың қызметін мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру ны-
саны ретінде біз істі жүргізуге адвокат жұмсаған сағаттар санына ақы төлеуді емес, жеке-
леген процеске қатысқаны үшін тұрақты төлемақыны пайдалануды ұсынамыз. Бұл орайда
бұл шығыстар тым жоғары немесе тым төмен болмауға тиіс, олар бір істі жүргізу бойын-
ша жұмыстарды қаржыландырудың орташа мөлшеріне сәйкес болуға тиіс. Бұл орайда,
бір сот отырысында шешілетін істерді бірнеше айға және тіпті бірнеше жылға созылуы
мүмкін істермен бір мәнді салыстыруға болмайтынын айта кетейік. Сондықтан істердің
күрделілігіне, тақырыбына, қатысушыларының санына, қылмыс жасалған жерге және басқа
да көптеген жайттарға қарай, оларға арналған төлемақының тарифтік кестесін әзірлеу қажет.
Осы маңызды нормативтік құжатты әзірлеген кезде адвокаттың іске қатысуының орташа
статистикалық «бағасын» негізге алу қажет. Зерттеу барысында біздің шығармашылық
топ өңдеген статистикалық деректерден алынған есептемелер Қазақстан мен Солтүстік
Қазақстан облысы бойынша бір іске төленетін орташа төлемақы тиісінше 4197 және 3339
теңгеге тең екенін анықтады. Әрине, бұл сандар 2007 жылғы нақты жағдайды көрсетеді,
қазіргі кезде олардың мөлшері 20-30% пайызға артық болуға тиіс.
Істердің тарифтік кестесін әзірлеу барысында мамандардың, яғни адвокаттардың да, сондай-ақ
тағайындалған адвокаттардың көмегінің сомалары мен қаржыландыру көлемін әзірлеу үшін жауап
беретін мемлекет өкілдерінің де аймақтық деңгейде де, сондай-ақ республикалық деңгейде де бірлесіп
қатысуы қажет.
Тағайындалған адвокатқа іске қатысқаны үшін ақы төлеу әзірленген тарифтерге сәйкес іске асырылуға
тиіс. Жұмысты қабылдай отырып, адвокат төлемақы мөлшерін алдын ала біледі, істің мейлінше тез
аяқталуына мүдделі болады. Мұндай жағдайда адвокатқа ақы төлеу жүйесі оңайлатылады.