Жалпы жаѓдайлар



жүктеу 0,74 Mb.
бет1/3
Дата01.12.2017
өлшемі0,74 Mb.
#2622
  1   2   3



1. Жалпы жағдайлар:

Берілген курстық жұмыстың негiзгi мақсаты студенттердiң пән бойынша алған блiмдерiн бекiту мен тереңдету және фирмалар мен ұйымдардың қызметтерiн бизнес- жоспарлаудың практикалық дағдысын алу болып табылады. Студенттер үшiн курстық жұмыстың жалпы тақырыбы "Фирма қызметiнің бизнес-жоспарын құру және инвестициялардың экономикалық тиімділігін анықтау" болып табылады. Берiлген тақырыптың қазіргі кездегі маңыздылығы бiрiншiден, қазiргi нарықтық экономика жағдайларында кез келген кәсіпорын өзінің қызметін тек пайда алуға ғана бағдарлау қажеттігімен, екіншіден өз бизнесіне несие, инвестиция, қаржы келтіру жұмысы міндетті түрде дұрыс, нақты және жан-жақты құрастырылған бизнес-жоспарды талап ететіндігімен түсіндіруге болады.

Берiлген курстық жұмыстың мақсаты - АӨК кіретін кәсiпорындарды қайта құру және қайтадан жасаудың бизнес-жоспарын құру және оның тиiмділiгiн потециалды инвесторлар үшiн дәлелдеу. Осылай студент алған бiлiмдерiн бекiтiп ғана қоймай, сондай ақ кәсiпорын қызметiн жоспарлаудың барлық бөлiмдерiн құрастыру дағдысын алады.

Жұмыс экономика және бизнес кафедрасымен берiлетiн тапсырмаға сәйкес орындалады және өндiрiстiң нақты жағдайларын ескеру керек. Бизнес жоспарды құрастыруға қажеттi материалдарды, мәлiметтердi және шамаларды студент арнайы анықтамалықтардан, оқулықтардан, кәсiпорынның статистикалық есебiнен, ғылыми басылымдардан, мақалалардан алады. Кейбір жағдайларда осы әдістемелік нұсқаулардың қосымшалар бөлімінде келтірілген мәліметтерді қолдануға болады.

Курстық жұмыс есептi-түсiндiрмелiк жазба (ЕТЖ) түрiнде орындалады. Бұл жазбада барлық қажет есептеулер, кестелер, графиктер болу керек. ЕТЖ көлемi қолмен жазылса - 40-45 бет құрайды (А4 формат беттерде). Жұмысты компьютермен басып орындауға болады (бет саны 25-30 бет).

Түсiндiрме қағазда жұмыстың орындалу тәртiбi және орындалған есептеулерге түсiндiрмелер болу керек. Жалпы курстық жұмыстың орындалуы стандарттар талаптарына сәйкес болуы қажет.

Жұмыстың орындалуынан кейiн студент оны мұғалiм мен топ студенттерiнiң алдында қорғауы керек.

Курстық жұмыс келесi бөлiмдерден тұрады:

Кiрiспе

1. Жоспарланатын саланың қазіргі жағдайын қысқаша сипаттау.



2. Өндiрiстiк бағдарламаны құрастыру және дәлелдеу.

3. Маркетинг стратегиясын және жоспарын құрастыру.

4. Материалдық-техникалық жабдықтау жоспарын құрастыру.

5. Кадрлар және еңбек ақы төлеу жоспарын құрастыру.

6. Өнiмнiң өзiндiк құнын жоспарлау. Бағаның жасалуы.

7. Қаржы жоспары. Инвестиция тиiмдiлiгiн есептеу.

Қорытынды.

Қолданған әдебиеттер тiзiмi.



2. Курстық жұмыс бөлiмдерiнiң сипаттамасы

2.1. Кiрiспе:

Берiлген бөлiмде студент шаруашылық жүргізудің қазiргi жағдайларында бизнес жоспардың маңызын, мәнін және міндеттерін сипаттау қажет. Сонымен қатар зерттелетін салада осындай жоспарлаудың маңызын көрсету керек. Сонымен, крiспеде студент келесi сұрақтарға жауап беру керек.

Бизнес-жоспар деген не, оны кiм құрайды, бизнес жоспар не үшiн қажет және қашан қажет. Берiлген бөлiмнiң көлемi 2-3 беттен аспау крек.

2.2 Жоспарланатын саланың қазіргі жағдайын қысқаша сипаттау.

Берiлген бөлiмнiң мақсаты зерттелетiн саланың даму үрдістерін анықтау (дамып жатыр, дағдарыста, тұрақты) және жобаланған өндiрiстiң болашағын ашу. Студент берiлген салаға өзіндік талдау жасайды және осы саланың дамуына сыртқы фактолардың әсер етуiн көрсету қажет. Жалпы берiлген бөлiмде келесiлердi қысқаша және нақты көрсету қажет:

- жоспарланған бизнеске қатысты саланың сипаттамасы. Осы сала дамуының қысқа және ұзақ мерзімді болжамын жасау.

- жоспарланған фирма қызметтерiнiң негiзгi бағыттары мен мақсаттары. Нарықтың қанағаттандырылатын қажеттiлiктерiн көрсету.

- фирманың орналасуы, бизнестiң дамыы қандай географиялық шектерде жоспарналып жатыр.

- берiлген салада бәсекелестiктiң жағдайы. Берілген сала нарығындағы фирманың үлесi.

- берiлген салаға (заңдар, салық салу, мемлекеттiк реттеу және т.б.) әсер ететiн сыртқы факторларды зерттеу.

- жоспарланған кәсiпорынның ұйымдастырылушылық-заңдық формасы және оның ерекшелiктерi, артықшылықтары.

Берiлген бөлiмдi орындаудың ақпараттық көздерi арнайы журналдар, газеттер, мемлекеттiк мақалалар және өзiндiк зерттеулер болып табылады. Берiлген бөлiмнiң көлемi 3 - 4 бет.
2.3. Өндiрiстiк бағдарламаны құрастыру және дәлелдеу.

Берiлген бөлiмде фирма берiлген сала бойынша (ет, сүт және т.б.) шығаруға жоспарлаған өнiмнiң ең тиімді ассортиментін таңдау қажет. Ол студенттерге берiлген өңделетiн шикiзат көлемiне қарай жасалынады. Таңдалған ассортиментті қалдықсыз және шикізатты толық өңдеу белгілеріне қарай түсiндiру қажет. Өнiмнiң таңдалған ассортиментiн және өнiмнiң әрбiр түрiн шығару көлемдерiн 1-кестеге енгiзу қажет.

Кесте 1. – Фирма шығаратын өнімнің ассортименті және көлемі


Өнім аты

Шығару көлемі (тонна, кг., дана, шартты бірлік)

Жалпы өңдеу көлеміндегі үлесі (%)









Тұтынушылар көзқарасы бойынша таңдалған өнiм түрлерiн сипаттау және нарықтың нақты қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты берiлген өнiмнiң қабiлеттiлiгiн атап көрсету қажет.

Студент бұл бөлiмде өнiмдi экспорттау мүмкiндiгiн қарсатыру керек. Сонымен қатар, өнiмнiң заңмен қамтамасыз етiлуiн қысқаша сипаттау қажет, яғни патенттермен, саудалық белгiлермен қамтамасыздығы. Берiлген өнiмнің отандық және импорттық аналогтарынан айырмашылықтары бар ма екендiгiн анықтау қажет. Сондай-ақ, бұл бөлiмде негiзгi тұтынушыларды, шығарылатын өнiмнiң клиентерiн, олардың санын, құрамын, төлем қабілеттерін және тұтыну ерекшелiктерiн сипаттау керек. Берiлген бөлiмнiң көлемi 4-5 бет.

2.4. Маркетинг жоспарын және стратегиясын құрастыру.

Бұл бөлiмде маркетингтің негізгі құрамдас бөліктері сипатталады: баға жасау, өнімді өткізу саясаты, тауарды нарыққа енгізу стратегиясы. Мұнда студент зертелетiн бизнестiң нарықтық мүмкiндiктерiн анықтау және бағалау керек. Өнiмге қатысты бар және потенциалды қажеттiлiктерді бағалау керек. Өндiрiс жобасын іске асыруға дейiн және одан кейiн халықтың берiлген өнiм бойынша қажеттiлiктерiнің қанағаттану дәрежесi, нарықтың сыйымдылығы, жоспарланған кәсiпорынның нарықтық үлесi, сатудың мүмкiн көлемi сияқты көрсеткiштер анықталады. Халық қажеттіліктерінің қанағаттану дәрежесі (Уп) келесі формула бойынша табылады:

Уп= ОП1/Ч*Нп = ОП2/Ч*Нп;

мұндағы ОП1,2 – жобаны іске асыруға дейін және кейін сатылатын өнім көлемі, т., кг., дана

Ч – аймақтағы халық саны, адам;

Нп- берілген өнім бойынша бір адамға арналған тұтыну нормасы, т.,кг.,дана

Сонымен қатар, бұл бөлімде жоспарланатын кәсіпорынның бәсекелестік қабілеті сипатталады, яғни нарықтағы бар бәсекелестердің саны, олардың шығаратын өнімдерінің ассортименті, ерекшеліктері. Бұл жерде студент жоспарланатын кәсіпорынның бәсекелестерге қарағанда артықшылықтарын, кемшіліктерін талдау керек.

Осыдан кейін студент болашақ фирманың маркетинг жоспарын құрастырады, яғни өнімді өткізуді ынталандыратын шараларды көрсету қажет: баға шегерімдері, жарнама түрлерін және құралдарын, өткізу жолдарын таңдау (делдал арқылы, өз дүкендері және с.с.), қызметін дамыту жолдарын (диверсификация, өндірісті кеңейту , т.б.). Осы айтылғанның негізінде өнімді өткізу шығындары анықталады. Бұл шығындарды анықтау үшін, ең алдымен бизнес-жоспардың басқа бөлімдерін құрастырып, санау қажет. Сондықтан да бұл есептеулерді бизнес-жоспардың соңында жасаған дұрыс. Жалпы алғанда өнімді өткізуге кеткен шығындар келесі түрде табылады (кесте 2)

Кесте 2.- Өткізу шығындары



Шығын баптары

Есептеу әдістемесі

Мәлімет, мың тг.

1. Сатушылардың еңбегін төлеу

15% нег.жұмысшылар еңбек ақысынан




2. Әлеуметтік төлемдер

30% П.1-ден.




3. Транспорттауға, тиеу-түсіруге кеткен шығындар

0,5% өндірістік өзіндік құннан




4. Маркетингтік зерттеулерге кеткен шығындар

70% П.1-ден.




5. Жарнама және өнімді өткізуді ынталандыру шығындары

1% өндірістік өзіндік құннан




6. Сатуға қажет құралдардың амортизациясы

120% П.1-ден




7. Делдалдық қызметтерді төлеу

25% П.1-ден




8. Басқа шығындар

5% П.1-7 сомасынан




Барлығы

Жалпы сомасы



Берілген бөлімді орындау үшін студент статистиканы, газеттердің, журналдардың мәліметтерін қолдану керек.

Берiлген бөлiмнiң көлемi - 6-7бет.
2.5 Материалдық-техникалық жабдықтау жоспарын құрастыру.

Бұл бөлiмде фирманың мақсаттарына жету үшiн керектi материалдық ресурстардың барлық түрлеріндегі кәсiпорынның қажеттiлiктерiн анықтау қажет. Сонымен қатар кәсiпорынды жабдықтау жүйесi сипатталады. Берiлген бөлiмдi келесi пункттер бойынша орындау керек.



1) Жоспарланған кәсiпорынның негiзгi өндiрiстiк қорларының мөлшерін анықтау. НӨҚ жалпы құнын табу үшін келесі әдістеме қолданады. Шығарылатын өнiмнiң көлемдерi және олардың орташа нарықтық бағаларының негiзiнде, кәсiпорынның тауарлық өнiмiнiң жуықталған көлемі анықталады: ТПп=

мұндағы: ТПп - болжам боынша тауарлық өнім, м.тг

В - өнделетін өнiм көлемi, т., дана

Ц - өнiм бiрлiгiнің орташа нарықтық бағасы, м.тг.

Тауарлық өнiмдi анықтағаннан кейiн, НӨҚ бағасы одан процент бойынша есептеледi.

Ет өндiрісi үшiн -25%, шұжық және консервiлiк өндiрiс үшiн -30%, сүт және тері, былғары өңдеу өндiрiсi үшiн 30-35%. НӨҚ құрамы бойынша есептеулер келесі құрылымдар бойынша жүргізіледі (3 кесте).



Кесте 3. – НӨҚ құны және құрылымы

НӨҚ түрлері

Ет өңдіру

Шұжық, консерв өндірісі

Сүт, тері, былғары өңдеу

%

м.тг.

%

м.тг.

%

м.тг.

Барлығы НӨҚ

100




100




100




Оның ішінде а) Өндірістік ғимарат

30




25




20




б) Әкімшілік ғимарат

5




5




5




в) Технол. жабдық және машиналар

25




35




35




г) Күш машиналары

10




10




10




д) Транспор құралдары

15




10




15




е) Құрлыстар

10




10




10




ж) Басқа қорлар

5




5




5



2) Шикiзат және негiзгi материалдар шығындарын анықтау.

Шығарылатын өнiмнiң ассортиментi, көлемi және қолданылатын технология негiзiнде негiзгi өндiрiстiң шикізаттағы, негізгі материалдардағы натуралдық және ақшалай қажеттілігі анықталады. Шикiзатқа деген қажеттiлiктердi есептеу үшiн оны өңдеудiң технологиялық ерекшелiктерiн, жоғалтулар нормативтерiн және өнім шығу және шикізат жұмсау нормаларын ескеру керек. Есептеулерде әртүрлi өндiрiстiң өзiнiң ерекшелiктерi ескерiлуi керек. Шикiзатқа деген қажеттiлiк есебi өнiмнiң әрбiр түрi үшiн жеке есептелiнедi. Өнiмдi шығару көлемi және әрбiр өнiм бiрлiгiн өндеу үшiн кеткен шикiзаттың шығын нормалары (сүт, консерв өндiрiсi, тері, былғары өндірісі үшін), өнiмнiң шығу нормалары (шұжық өндiрiсi, ет өңдірісі үшiн) сияқты көрсеткiштердi қолдану керек. Сүт және тері, былғары өндiрiстерiнде шикiзатты өңдеуден шығатын қалдықтарды (пахта, кесінділер), ет өңдіру комбинаты бойынша пайдалынатын шикiзаттың бағасынан алып тасталынатын қосымша өнiмдердiң (субөнiмдер, майлар, терiлер, т.б) бағасын есептеп, ескеру керек. Жалпы есептеулер қосымшаларда әр өндіріс бойынша жеке берілген кестелер негізінде жүргізіледі. Негiзгi материалдардың (дайын өнiм құрамына қоспалар ретiнде кiретiн тұз, қант, т.б.) шығындары ұқсас әдістеме бойынша табылады: яғни натуралды бірлікпен келесі формула бойынша табылады:

Пнат = В * Нр,

мұндағы В – берілген өнім түрінің жылдық көлемі,

Нр - өнiм бiрлiгi үшiн негiзгi материал түрiнiң шығын нормасы;

Ақшалай бірлікпен:

Пқ = Пнат * Цм ;

мұндағы Цм - материал бiрлiгiнiң бағасы, тг.

Шикiзаттың және материалдардың шығынын есептеу үшiн рецептураларды, анықтамалықтардың, салалық оқулықтардың, әдiстемелiк нұсқаулардың мәліметтерін қолдану қажет.

3) Көмекші материалдарға кететiн шығындар есебi. Көмекші материалдарға өнiмнiң сақталуын, тасымалдануын, маркiленуiн, ыдысталуын қамтамасыз ететiн материалдар жатады. Көмекші материалдарға кететін шығындар келесi формуламен анықталады:

Зк.м = В * Нр * Ц

мұндағы В - шығарылатын дайын өнім көлемi; Нр - өнiм бiрлiгi үшiн көмекші материалдардың шығындалу нормасы; Ц – көмекші материалдар бiрлiгiнiң бағасы.

Есептеулер қосымшада келтiрiлген кестелер бойынша жасалынады.

4) Энергия және отынның барлық түрлерiне кететiн шығындар есебi.

Энергияға (электр энергиясы, су, суық, жылу, бу, және т.б.) және отынға шығындар есебi негiзгi және көмекші материалдарға кеткен шығындар сияқты анықталады, яғни энергияның шығындалу нормалары, энергия түрлерінің бағалары қолданылады. Энергияға, отынға кеткен шығындар екi бөлiкке бөлiнедi: технологиялық мақсатқа кеткен шығындар, сонымен қатар жалпы шаруашылық мақсаттарға кететiн шығындар. Егер технологиялық мақсаттағы шығындар жоғарыда көрсетiлген формуламен анықталса, жалпы шаруашылық мақсаттағы шығындар жалпы энергетикалық шығындардың 30 %-н құрайды. Жалпы энергетикалық шығындар технологиялық мақсаттарға кететiн энергетикалық шығындардың көлемiн 0,7 коэффицентіне қатынасымен анықталады. Одан кейін жалпышаруашылық мақсаттағы шығындар анықталады.

Барлық есептеулер қосмымшада келтірілген кестелерде жүргізіледі.

Барлық көрсетілген есептеулер фирма үшін барлық материалдық қорлардың жабдықтаушыларына берілген қысқаша сипаттамамен толықтырылу керек. Қорларды жеткізу, материалдарға баға қою шарттары сипатталады.

Берілген бөлімнің көлемі өндіріс түріне байланысты 8-12 бет.
2.6. Кадрлар және еңбек ақы төлеу жоспарын құрастыру.

Бұл бөлімде студенттер есептеулер жүргізгенде негізгі және көмекші жұмысшылардың, басқарушы персоналдың және қызметкерлердің қажетті контингентін анықтайды. Сондай-ақ, еңбек ақы қорын және одан төленетін төлемдерді анықтауға есептеулер жүргізеді.

Өндірістің барлық түрлері бойынша негізгі жұмысшылардың санын есептеу үшін әрбір жұмысшының жұмыс уақытының тиімді қорын анықтау керек, яғни жұмыс уақыттың балансы құрылады.

Кесте 4.- Жұмыс уақытының балансы (барлық өндірістерге)



Көрсеткіштер

Есептеу әдістемесі

Мәлімет

1. Жұмыс уақытының күнтізбелі қоры, күн




365

2. Демалыс және мейрам күндері




58

3. Жұмыс уақытының номиналды қоры, күн

Пункт 1 – пункт 2

307

4. Жұмысқа шықпау күндердің саны, күн




35

оның ішінде а) сырқатқа байланысты




6

б) босануға байланысты




4

в) оқумен байланысты




3

г) кезекті және қосымша демалыстар




15

д) заңмен рұқсат етілген басқа себептер




2

5. Жұмыс уақытының нәтижелі қоры, күн

П.3 – П.4

272

6. Сменаның орташа ұзақтығы, сағ.




7,8

7. Жұмыс уақытының қоры, сағат

П.5*П.6

2122

8. Смена ішіндегі үзілістер, сағат




122

9. Нәтижелі жұмыс уақыт қоры, сағат

П.7 – П.8

2000

Негізгі жұмысшылардың санын анықтау үшін келесі формула қолданылады:

Чнег = Т / Фэф

мұндағы: Т - белгілі бір өнім түрін шығарудың еңбек сіңіргіштігі, адам - сағаттар;

Фэф - жыл бойынша жұмысшы уақытының тиімді қоры, сағат.

Еңбек сіңіргіштік берілген өнім түрінің жалпы көлемін (В) берілген өнім бірлігін шығаруға қажет уақыттың ірілендірілген нормасына (Нвру) көбейту арқылы анықталады:

Т = В * Нвру;

Әртүрлі өнім бірліктерін шығарудың уақыт нормалары қосымшаларда берілген. Есептеулер нәтижесін кестеге енгізуге болады.

Кесте 5.- Негізгі жұмысшылар санын есептеу


Өнім түрі

Өңдіру көлемі, тн.

Іріленген уақыт нормасы,адам-сағ

Жалпы еңбек сіңіргіштік, адам-сағ

Негізгі жұмысшылар саны, адам

1

2

3

4

5










П.2 * П.3

П.4 / 2000

Көмекші персоналдың саны өндірістің жеке учаскелері бойынша, сондай-ақ негізгі жұмысшылардың санынан процент түрінде есептелінеді. Жеке учаскілер бойынша санын есептеу үшін келесі кесте қолданылады.


Кесте 6. Көмекші персоналдың санын есептеу.



Өндіріс учаскесі

Учаске-нің жұмыс істеу режимі

Жыл-дық нәтижелі уақыт қоры, сағат

Қызмет көрсету нормасы адам

Жылдық еңбек сіңіргіштік, адам/сағ,

П.3 * П.4



Бір жұмысшының нәтижелі уақыт қоры, сағат

Көмекші персонал саны, адам

П.5/П.6


1

2

3

4

5

6

7

Жөндеу цехы

2 смена

4900

2

9800

2000

4,9 =5адам

Және т.б.


















Қосымша персоналдың санын есептеу негізгі жұмысшылардың санынан % түрінде алынуы мүмкін. Ет өндірісі бойынша - 25%, шұжық өндірісі бойынша - 30%, консервілік өндіріс бойынша - 30%, сүт өндірісі бойынша - 35%, былғары, тері өңдеу комбинаты - 35%. Жұмысшылар санын анықтағаннан кейін осы жұмысшыларының еңбек ақыларының қорын анықтау есебін жүргізу керек. Есептеулер мынадай көрсеткіштер негізінде жүргізіледі: ірілендірілген еңбек бағасы (кесімді жұмыс істейтін жұмысшыларға) және сағаттық тарифтік ставка (мерзімді жұмысшыларға). Еңбекті төлеудің тарифтік қоры 7-кесте бойынша анықталады.


Кесте 7. Жұмысшылардың еңбектерін төлеудің тарифтік қорының есебі.

Өнім түрі

Өңдіру көлемі, тн.

Іріл. еңбек бағасы

теңге


Кесімді ақы қоры, м.тг.

Мерозімді жұмысшылардың уақыт қоры, сағат

Орташа тарифтік ставка, тг/сағ

Мерзімді қор,

м.тг


Тариф. қор,

М.тг.


1

2

3

4

5

6

7

8










П.2*П.3

Мерзімді жұмысшылар са-ны*2000




П.5*П.6

П.4+П.7

жүктеу 0,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау