Бесплатная юридическая помощь в казахстане



жүктеу 3,08 Mb.
Pdf просмотр
бет12/103
Дата07.02.2020
өлшемі3,08 Mb.
#28504
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   103

II Тарау 
29
• 
«5. Адвокаттың еңбегiне ақы төлеу қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргiзiледi. Қылмыстық 
процестi жүргiзушi орган оған негiз болған кезде сезіктiнi, айыпталушыны, сотталушыны заңгерлiк 
көмекке ақы төлеуден толық немесе iшiнара босатуға құқылы. Бұл жағдайда еңбекке ақы төлеу 
мемлекеттiң есебiнен жүргiзiледi;
• 
6. Адвокат анықтау, алдын ала тергеу жүргiзуде немесе сотта осы Кодекстiң 71-бабының үшiншi 
бөлiгiнде  көзделген,  клиентпен  келiсiм  жасаспастан  тағайындау  бойынша  қатысқан  жағдайда 
да  адвокаттардың  еңбегiне  ақы  төлеу  жөнiндегi  шығындар  мемлекеттiң  есебiне  жатқызылуы 
мүмкiн».
Адвокаттардың  еңбегіне  ақы  төлеу  бойынша  шығыстар  Қазақстан  Республикасының  Әкімшілік  құқық 
бұзушылықтар туралы кодексінің 590-бабына сәйкес әкімшілік істерде де мемлекеттің есебіне жатқызыла 
алады: 
• 
«5. Адвокаттың еңбегiне ақы заңдарға сәйкес төленедi. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi 
қарауға  уәкiлеттi  судья,  орган  (лауазымды  адам)  негiз  болған  жағдайда  өзi  жөнiнде  әкiмшiлiк 
құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамды заң көмегiне ақы төлеуден толық немесе 
iшiнара босатуға құқылы. Бұл жағдайда еңбекке ақы төлеу мемлекеттiң есебiнен жүргiзiледi;
• 
6. Адвокат клиентпен iс жүргiзуге келiсiм жасаспай, тағайындау арқылы қатысқанда, осы Кодекстiң 
589-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайда да адвокат еңбегiне ақы төлеу шығыны мем-
лекет есебiне жатқызылуы мүмкiн».
Азаматтық істерде адвокаттардың еңбегіне ақы төлеу мәселелері Қазақстан Республикасының Азаматтық 
іс жүргізу кодексінің 114-бабымен реттеледі, атап айтқанда:
• 
«1. «Істі сотта қарауға дайындау кезінде судья немесе істі қарау кезінде сот азаматтың мүліктік 
жағдайын негізге ала отырып, оны заң көмегіне ақы төлеуден толық немесе ішінара босатуға және 
адвокаттың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды мемлекеттің есебіне жатқызуға құқылы». 
• 
2. Заң кеңестемелеріне, кеңсеге, келісім-шарт бойынша жұмыс істейтін адвокатқа төленуге тиісті 
сомалардың  мөлшері  адвокаттар  көрсететін  заң  көмегіне  ақы  төлеуді  реттейтін  нормаларға 
сәйкес белгіленеді; 
• 
3.  Азаматты  заң  көмегіне  ақы  төлеуден  толық  немесе  ішінара  босату  туралы  соттың  немесе 
судьяның ұйғарымы назарға алу үшін заң кеңестемесіне, кеңсеге, келісім-шарт бойынша жұмыс 
істейтін  адвокатқа  және  орындау  үшін  соттың  орналасқан  жері  бойынша  қаржы  органына 
жіберіледі». 
Біздің жұмысымыздың теориялық бөлігін дамыта отырып, 
адвокаттың тегін заңгерлік көмек көрсетуі 
туралы конституциялық ережені тек қылмыстық сот өндірісіне ғана және қылмыстық жауапкершілікке 
тартылатын  тұлғаларға  ғана  таралатыны  туралы  айқындап  алған  жөн.  Егер  қылмыстық  істерде 
тағайындалған адвокатқа ақы төлеу бюджеттік қорлардан іске асырылатын болса, ал әкімшілік істерде 
–  «бұған  негіздеме  болған  кездерде»,  азаматтық  істерде  –  «процеске  қатысушы  азаматтың  мүліктік 


30
ҚАЗАҚСТАНДА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
жағдайына қарай» іске асырылады. Бұл мәселеде түпкілікті шешімді «істерді қарастыруға уәкілеттігі бар 
судья, орган (лауазымды тұлға) қабылдайды. 
Бұдан әрі осы жағдайда судьяның шешіміне үміт арту қажет, себебі азаматтық және әкімшілік істерде ақы 
төлеу мәселесі түгелдей соған байланысты болады. Бірақ мемлекеттің корпоративтік мүдделерінің өкілі 
ретінде ол ақы төлеуге мүдделі емес, себебі бұл бағыттардағы мемлекеттік қаржыландыру өте шектеулі. 
Ақы  төлеудің  жеке  мәселелерін  шешуде  Қазақстан  Республикасының  «Адвокаттық  қызмет  туралы» 
Заңының 6-бабына сүйенген ақылға қонымды болар еді, ол тегін заңгерлік көмек алу жағдайларын және 
оны алушылардың санаттарын реттемелейді: 
1.  «1.  Адвокаттар  сенімгерлердің  өтініші  бойынша  олар  үшін  тегін  заңгерлік  көмекті  мыналарға 
көрсетеді:
• 
асыраушысының  қайтыс  болуына,  жұмыспен  байланысты  мертiгуiне  немесе  денсаулығының 
өзгедей бұзылуы арқылы келтiрiлген зиянды өтеу туралы iстердi соттардың қарауы кезiнде талап 
қоюшыларға;
• 
егер соттың қарауындағы дау кәсiпкерлiк қызметпен байланысты болмаса, Ұлы Отан соғысына 
қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдар, мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер, I және 
II топтағы мүгедектер, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын талап қоюшылар мен жау-
апкерлерге;
• 
зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау туралы арыздарды жазған кезде азаматтарға;
• 
ақталу мәселелері бойынша кеңестеме берген кезде азаматтарға;
2.  Тегін заңгерлік көмек көрсету тәртібі адвокатттар алқасының жарғысымен айқындалады;
3.  Азаматтардың  материалдық  жағдайын  ескере  отырып,  адвокаттар  алқасының  төралқасы,  заң 
кеңестемесінің меңгерушісі, адвокаттық кеңсенің иесі (иелері) және өзінің қызметін заңды тұлға 
құрмастан жүзеге асыратын адвокат оларды заңгерлік көмек үшін ақы төлеуден босата алады. Ад-
вокаттар осы бапта көзделген жағдайларда көрсететін заңгерлік көмектің ақысын төлеу тиісінше 
адвокаттар алқасының, адвокаттық кеңсенің есебінен іске асырылады».
Бұл жерде адамдар мен істердің тиісті санаттары үшін қаржыландыру қызметтері көрсетушілерден тікелей 
мәлімденеді. Бірақ бұл заң қазіргі сәтте көбінесе формалды сипатта, себебі адвокаттық кеңселерде де, 
алқаларда да, жекелеген адвокаттарда да аталған санаттарды төлеу үшін ресми қаражат көздері жоқ. 
Яғни, іс жүзінде олар бұл үшін бюджеттік қаржыландырудан ешқандай өтемақы алмастан, қызметтерді 
тегін көрсетуге тиіс. 
Қолданыстағы тарифтер – өзгерістер бағыты
Заңмен  көзделген  жағдайларда  азаматтарға  тегін  заңгерлік  көмек  көрсету  –  бұл  мемлекеттің 
жауапкершілігі мен міндеті. Адвокатура – бұл институт, тәсіл, құрал, бұл еңбек мәжбүрлі әрі тегін сипатта 


жүктеу 3,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау