32
ҚАЗАҚСТАНДА
ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
бойынша төленуге тиіс. Бұл орайда ресми түрде қалада орналасқан мекемелерге баратын жол едәуір
ұзақ уақыт алатын болса да, мұндай мекемелерге барудың жолақысы төленбейді.
Сонымен, тағайындалған адвокаттардың төлемақысы уақыт бойынша, адвокат істі жүргізу үшін жұмсаған
сағаттар саны үшін төленеді. Келтірілген кестеде көрсетілгендей, бұл төлемақы жоғары дәрежелі кәсіпқой
маманды қызықтыра қоятындай көп емес. Бұл орайда адвокаттардың жұмыс уақыты олардың істер
санына тәуелді күрделі жұмыс кестесіне байланысты. Адвокатқа соттың, тергеу изоляторының, уақытша
ұстау изоляторының арасында жүріп-тұруға, тергеу сынағы өткізілетін жерге баруға көп уақыт жұмсауға
тура келеді – яғни ол мүмкіндігінше көбірек сағат санын жинақтау үшін үнемі қозғалыста болуға мәжбүр.
Осы жүріс-тұрыстың бәрі – іс жүзінде адвокаттың жұмыс уақытының бір бөлігі болып табылады, бірақ
өкінішке орай ақы төленбейді.
Қазіргі кезде Қазақстанда, әсіресе қылмыстық процесте тегін заңгерлік көмектің ең кең тараған үлгісі
– адвокаттарды тағайындау қолданылады.
Ex officio жүйесі пайдаланылады, мұнда адвокат нақты бір
іске тағайындалады да, оның көрсеткен қызметтерінің ақысы жұмсалған уақыт мөлшеріне байланысты
төленеді.
Қолданыстағы үлгінің кемшіліктері
Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде осы үлгі басым болып табылады. Бұл жүйе құқық қорғау орган-
дары үшін барынша қарапайым жүйе, бірақ клиенттің құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын нашар
қамтамасыз етеді. Оның басты кемшіліктері:
•
егер адвокаттар істерді қабылдауға мүдделі болса, олардың осы мәселеде соттарға, полиция мен
прокуратураға тәуелділігі клиенттің мүдделерінің және өзін тағайындаған судьялармен, полиция
қызметкерлерімен немесе прокурорлармен жақсы қарым-қатынасты сақтауға деген тілегінің ара-
сында олай-бұлай ауытқуға мәжбүр етеді;
•
егер адвокаттар іске мүдделі болмаса және оны масыл ретінде қабылдаса, олар өздерінің
міндеттерін көбінесе жорта елең қылмастан, клиентті шын мәнінде қорғаусыз қалдырады, ал кей-
де тіпті өздерінің келмей
қалуымен процесті созады;
•
адвокаттарды тағайындау тәжірибесінен хабардар қорғанушылар көбінесе оларға
көп сенім арта
бермейді де, оларға арқа сүйеуге аса бейімділік танытпайды. Бұл клиенттерді сапалы қорғауды
одан да қиындатуы мүмкін:
•
төлемақыны есептеудің қиындығына байланысты қорғаушының жұмысын орындауын
қаржыландыру әдетте кешіктіріледі, бұл да қызметтердің сапалы көрсетілуіне ықпалдаспайды;
•
адвокаттар процестің ұзаққа созылуына мүдделі, себебі төлемақы адвокаттың сот процесіне, тер-
геуге немесе анықтауға қатысу үшін жұмсаған сағаттарының
санына қарай іске асырылады;