42
ҚАЗАҚСТАНДА
ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
туралы түрлі әңгімелер – бұл өзінің кәсіпқой мәртебесін теріс пайдаланудың және адвокаттың кәсіби
әдептілігін бұзудың анық белгісі. Дегенмен де, адвокатта істі жеңіспен аяқтау үшін ынталандыратын
себеп болуға тиіс. Табыстылық қаламақысының мөлшерін адвокаттық қызметтерге ақы төлеу бойынша
қабылданған тарифтік кесте үшін немесе қандай да бір басқа жолмен әзірлеуге болады. Ең бастысы,
бұл сома таза формалды іске айналмай, адвокаттың қорғау мәселесіне жауапкершілікпен қарауға
мүдделілігін тудыра алатын болуға тиіс. Бұл орайда адвокаттарда іске көбірек жауапкершілікпен және
салиқалы тұрғыдан қарау, яғни барынша кәсіпқой көзқарас танытуға қаржылық ынтагерлік пайда болады.
Десе де, адвокаттық этика нормаларын ұстану туралы «Қазақстан Республикасындағы адвокаттық қызмет
туралы» Заңның 16-бабында былай делінген:
Адвокат заң көмегiн көрсету кезiнде мынадай кәсiптiк ережелердi сақтауға тиiс:
1).
Көп күш-жiгер не уақыт жұмсауды талап ететiн қажеттi әрекеттер жасаудан жасқанбай
ыждағаттылық
пен құлшыныс бiлдiру;
2).
Заң мәселелерiн қарап жатқан органдар мен лауазымды адамдарға
қатысты өзiн әдептi ұстау;
3).
Өз кәсiби мiнез-құлқын көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның құқықтары мен заңды мүдделерiне
сәйкес қалыптастыра және тежей отырып, iстi негiзсiз сөзбұйдаға салуға, заң көмегiн көрсетудiң
заңсыз әдiстерiне, алдауға
жол бермеу;
4).
Көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның мүдделерiне адал болу және оның мүдделерiне қарсы
қандай да болмасын әрекет жасамау.
Осы нормаларды орындау түгелдей қорғаушының ар-ожданына қатысты екені айқын.
Ұсынылып отырған тұжырымдама тағайындалған адвокаттың көрсеткен қызметтері үшін қаржылық
сыйақыны есептеу мен төлеу сұлбасын оңайлатады. Бұл орайда ол істі жүргізу жылдамдығына да, сондай-
ақ оны сапалы жүргізуге де мүдделі болады.
7. Заңгерлік көмек бастапқы және екінші болып бөлінетіні мәлім. Бастапқы көмек кеңестеме
беруден, құқықтық ақпарат беруден, құқықтық құжаттарды дайындаудан тұрады. Бастапқы
көмекті кәсіпқой заңгер немесе тіпті құқықтық заңнаманың қыр-сырын жақсы білетін адам
да көрсете алады. Екінші құқықтық көмекті көрсету үшін соттың өкілдігі, анықтау мен тергеу
барысында сотқа дейінгі көмек қажет. Ол клиентпен ұзақ уақыт әңгімелесуді топшылайды
және заңгер немесе жай ғана заң жағынан білімді адам көрсете алатын бастапқы заңгерлік
көмектен өзгеше, оны жай ғана заңгер емес, тура адвокаттың өзі атқаруға тиіс.
Бастапқы заңгерлік көмек көрсету мәселелерінде басым түсе алатын тегін заңгерлік емханалар
жүйесіне қолдау көрсету қажет. Жалпы, заңгерлік емхана жүйесі көптеген елдерде қолданылады. Ол
құқықтық бағыттағы үкіметтік емес бейкоммерциялық ұйымның негізінде немесе жоғары оқу орнының
заң факультетінің негізінде жұмыс істейді. Емхананың көрсететін қызметтерінің көпшілігін еріктілер
мен заңгер студенттер тегін көрсетеді. Бұл орайда оның жұмысына кәсіпқой заңгер немесе адвокат