44
ҚАЗАҚСТАНДА
ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
Дәл осы құжатта төлемақының мерзімдері де ескерілген: «Адвокат көрсететін заңгерлік көмектің ақысын
төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды республикалық бюджеттің қаражаты есебінен
өтеу туралы анықтау органының немесе тергеушінің қаулысы тек адвокат тапсырманы орындағаннан
кейін ғана, ал тапсырманы орындау бір айдан астамға созылған жағдайда – ай сайын шығарылады».
Осы ережелерді бұдан кейін де ұстана беруге болады, бұл орайда заңгерлік көмек бойынша төлемдерді
аванстық төлемдерге айналдыруға болады, себебі істің ақысының сомалары алдын ала белгілі болады,
немесе оларды бірнеше траншқа бөліп тастауға болады.
Тағайындалған адвокаттар көрсететін қызметтерді басқару міндеттерін жүзеге асыру және бақылау үшін
үйлестіруші
орган құру ұсынылады, ол алқалы түрде төмендегі мәселелерді шешер еді:
•
адвокат көрсететін
қызметтің сапасын бағалау;
•
іске қатысқаны үшін төлемақы ретінде адвокат сұрататын соманың сәйкестігін тарифтік кестеге
сәйкес бақылау;
•
тағайындалған адвокаттар мен мемлекеттік органдардың арасындағы қақтығыс жағдайларын
шешу;
•
заңгерлік қызметтер көрсететін органдарға басшылық нұсқаулар беру.
Бұл орган аймақтық деңгейде жұмыс істейді және төмендегі құрылымдардан тұратын болады деп
топшыланады:
•
адвокаттар алқалары (төралқаның өкілі);
•
әділет басқармасының өкілі;
•
құқық қорғау бағытындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілі. Тегін заңгерлік көмек көрсету
мәселесі тиісті деңгейде шешілген елдерде осы сияқты органдар түрлі атаумен жұмыс істейді.
«Мысалы, Нидерланды пен Оңтүстік Африка Республикасында бұл орган Заңгерлік көмек жөніндегі
кеңес, Англияда – Заңгерлік қызметтер көрсету жөніндегі комиссия, Израильде – Мемлекеттік
қорғаушылар бюросы деп аталады». Осындай құрылымдардың ұйымдық орналастырылуы,
құзыреті мен құрамы әр елде әр түрлі екені даусыз, алайда бұл бөлімшелердің ортақ сипаты
құқықтық көмекті қамтамасыз ету мәселелерін шешудегі олардың тәуелсіздігі болып табылады»
22
.
Тағайындау бойынша жұмыс істейтін адвокаттарға тұрақты ақы төлеу үлгісі туралы
Бүгін қазақстандық үлгіні қайта құру туралы пікірталастар өтіп жатыр, бұл орайда адвокаттар мемлекеттік
айыптаушылардың жұмысына төленетін ақыдан кем емес тұрақты еңбекақы ала алатын нұсқа ұсынылады.
Біздің ойымызша, бұл үлгінің басты кемшілігі адвокаттардың мемлекеттік құрылымдармен бірте-бірте біте
қайнасып, оларға кірігіп кетуі болып табылады. Егер нақтырақ айтатын болсақ, мемлекеттік кеңседе жұмыс
істей жүріп және мемлекеттік қаржы көздерінен тұрақты еңбекақы ала жүріп, адвокат кәдімгі мемлекеттік
қызметшіге айналады. Тұрақты және басқа мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысына теңестірілген
22
Роджер Смит. Заңгерлік көмек көрсету жүйесін ұйымдастырудың үлгілері: салыстырмалы тәжірибе» // Әділсотқа жету мүмкіндігі. Орталық және
Шығыс Еуропа елдеріндегі тегін заңгерлік көмек проблемалары. «Қоғамдық мүдделер құқығы» бастамасы, Колумбия университетінің Будапешт
құқық орталығы. 2002.