ҚАЗАҚСТАНДА ТЕГІН ЗАҢ
КӨМЕГІН КӨРСЕТУ:
проблемалар мен даму жолдары
БЕСПЛАТНАЯ ЮРИДИЧЕСКАЯ
ПОМОЩЬ В КАЗАХСТАНЕ:
проблемы и перспективы развития
FREE LEGAL AID IN KAZAKHSTAN:
existing problems and prospects for development
Басылым Сорос-Қазақстан Қорының қаржылық қолдауымен шығарылды
Публикация выпущена при финансовой поддержке Фонда Сорос-Казахстан
This publication has been released with the support of Soros Foundation-Kazakhstan
2
ҚАЗАҚСТАНДА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
МАЗМҰНЫ
Қысқартулар тізімі
3
Кіріспе сөз
4
Тарауларға қысқаша шолу
5
I Тарау. Канафин Д. Республикалық Бюджет есебінен көрсетілетін білікті заңгерлік
көмек жүйесін жетілдіру
12
II. Тарау. Голендухин Е. Қазақстан Республикасында тегін заң көмегiн көрсетудің
жаңа үлгісін әзірлеу бойынша ұсыныста
25
III. Тарау. Сүлейменова Г. Қазақстанда қаржыландырылатын білікті заңгерлік көмектi:
құқықтық реттеу, ұйымдастыру мен қамтамасыз ету мәселелері
46
IV Тарау. Сүлейменова Г. Білікті заңгерлік көмек көрсету және оны алу құқығын
қамтамасыз ету саласындағы халықаралық стандарттар
67
Корытынды
86
3
Қысқартулар тізімі
ҚР ПВ
– Қазақстан Республикасы Парламентінің Ведомосы
ҚР АІЖК
– Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі
АҚтҚРЗ
– Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы «Адвокаттық қызмет
туралы» № 195-I Заңы
1
АҚЕС
– Адам құқықтары жөніндегі еуропалық сот
ЕО
– Еуропа одағы
ЕОМК
– Еуропа одағының Министрлер Комитеті
ӘҚтҚРК
– Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі
АСҚХП
– Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті
БҰҰ
– Біріккен Ұлттар Ұйымы
т.
– тармақ
т./т.
– тармақша
ҚР
– Қазақстан Республикасы
ҚР ПҮАЖ
– Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінің жинағы
б.
– бап
ҚР ҚІЖК
– Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі
ҚР ҚК
– Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі
1
1
ҚР ПВ. 1997. № 22. 328-бет; 2001. № 15-16. 236-бет; 2003. № 11. 65-бет; 2004. № 23. 142-бет; 2007. № 2. 18-бет; № 9. 67-бет; № 10. 69-бет;
2009. № 8. 44-бет; № 19. 88-бет; ¹ 299.
Қысқартулар тізімі
ҚАЗАҚСТАНДА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
4
Кіріспе сөз
Тегін заң көмегіне қол жеткізу құқығы Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген және
халықаралық міндеттемелерімен кепілденген әділсотқа қол жеткізуді қамтамасыз ету құқығының ажыра-
мас бөлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасы ратификациялаған Азаматтық және саяси құқықтар туралы Пактінің 14.3 (d)
бабына сай әрбір адам қорғалу құқығына ие. Сонымен қатар білікті заң көмегін алу құқығы Қазақстан
Республикасы Конституциясының 13 бабының 3 тармағымен қарастырылған.
Ашық демократиялық қоғам құру азаматтарды сотта қорғаумен қамтамасыз ету қағидасынсыз мүмкін
емес. Соңғы он жыл ішінде мемлекеттік бюджет есебінен көрсетілетін білікті заң көмегінің тетіктерін
реформалау мәселелері жан-жақты талқыланып келеді. Соған қарамастан, тегін заң көмегін көрсетудің
кешенді жүйесін ендіру мәселесі әлі де ашық болып келеді.
Осы жинақ тегін заң көмегін алу мен ұйымдастырудың қолданыстағы тәжірибесін оқырманға таныстыра
отырып, оны әрі қарайғы жетілдіру бойынша ұсыныстар береді.
Білікті тегін заң көмегін реформалаудың тиімді стратегиясын таңдау үшін тәжірибе көрсеткендей-
ақ, барлық тараптардың мүдделі болуы қажет – адвокатура, азаматтық қоғам, мемлекеттің саяси еркі.
Сорос-Қазақстан Қоры елдегі мемлекет тарапынан қаржыландырылатын заң көмегін көрсету жүйесін
реформалауға бағытталған әрекеттер бойынша мүдделі тараптардың талқылауын қолдап келеді. Осы
жинақ Қазақстандағы аталмыш институтты тиімді реформалау стратегиясын таңдап оны әділ сотқа және
тегін заң көмегіне қол жеткізу құқығын қос алғанда тиімді тетікке айналдыруға септігін тигізеді деп
сенемін.
Жинақтың материалдары құқықтық көмек жөніндегі Кеңесі жұмыс тобының аясында Данияр Канафин-
мен (I тарау), Евгений Голендухин және Ақпараттық технологиялар аймақтық орталығы қызметкерлерінің
қатысуымен (II тарау), және Сүлейменова Гүлнармен (III және IV тараулар) құрастырылды
Анна Александрова
Сорос-Қазақстан Қорының
Басқарма Төрайымы
Тарауларға қысқаша шолу
5
ҚЫСҚАША ШОЛУ
Республикалық Бюджет есебінен көрсетілетін білікті заң көмегі жүйесін
жетілдіру
2
(I-тарау бойынша)
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес әр азаматтың бiлiктi заң
көмегiн алуға құқығы бар. Кейбір жағдайларда мемлекет осындай көмекті адамға
тегін көрсетуге міндетті.
Қазіргі кезде мемлекеттің есебінен адвокаттың көмегін алу құқығына заңмен белгіленген жағдайларда
кепілдік беріледі. Өкінішке орай, бұл құқық әрдайым тиісті түрде қамтамасыз етіле бермейді. Істі
тергеудің ең бастапқы кезеңінде білікті адвокаттың пайда болуына тергеуші мүдделі болатын жайттар
сирек кездеседі. Адвокаттардың кез- келгені мемлекеттік бюджеттен өте шамалы төлемақыға бар күшін
салып жұмыс істеуге құлшынып тұрмайды. Азаматтық және әкімшілік істер бойынша адамдар тегін
құқықтық көмекті аса шағын көлемде алады. Азаматтық заңнамада мемлекет есебінен адвокат берудің
негіздемелері мүлде бұлыңғыр белгіленген.
Іс жүзінде бұл құқықтық көмектің сапасына, уақытылы берілуіне және оған жету мүмкіндігіне қатысты
белгілі бір қиындықтар тудырады. Өкінішке орай, азаматтар тіпті өздерінің пікірі бойынша құқықтары
мен мүдделерін заңгер білдіруі қажет деп тапқан жағдайларда да, солай болатынына көп жағдайда үміт
арта алмайды.
Мемлекеттік бюджет есебінен құқықтық көмек беру тәртібін жақсартуға болады. Мұны қалай жүзеге
асыруға болады? Осы талдауда аталған мәселе бойынша кейбір идеялар талқылау үшін ұсынылады.
1.
Қазіргі кезде орын алып отырғандай, қаражатты барлық құқық қорғау органдарына шашырат-
пай, бір мемлекеттік ведомствоға – Әділет министрлігіне мемлекеттік бюджет есебінен төленетін
құқықтық көмектің қаржыландырылуын басқаруға уәкілеттік берген жөн сияқты көрінеді.
2.
Мемлекет есебінен төленетін құқықтық көмек көрсету саласындағы басқару ісін үйлестіру мен
бақылауды мемлекеттің, адвокатура мен азаматтық қоғамның өкілдерінен тұратын құрылымдар
арқылы жүзеге асыру.
3.
Азаматтық қоғам институты ретіндегі адвокатураны нығайтуды жалғастыруды және оның айрықша
құзыретіне қылмыстық процесте, сондай-ақ азаматтық және әкімшілік істер бойынша соттарда
мемлекеттік бюджет есебінен азаматтарға құқықтық көмек көрсетуді жатқызуды ұсынамыз.
2
Бұл зерттеу Американ халқының Америка Құрама Штаттарының даму агенттігінің (USAID) көмегі арқасында дайындалды. Автор ақпараттың
мазмұнына тікелей жауапты, және де ол ақпарат USAID-тың, немесе Америка Құрама Штаттары үкіметінің пікіріне сай келмеуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |