Бекітемін Оқу-әдістемелік 20 ж


Облыстық сотта жұмыстарды ұйымдастыру



жүктеу 2,08 Mb.
бет8/11
Дата14.05.2018
өлшемі2,08 Mb.
#12667
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

2. Облыстық сотта жұмыстарды ұйымдастыру.

Облыстық және оған теңестірілген соттың қызметіне жалпы басшылықты заңмен кең ауқымды өкілеттіктер кешені берілген оның төрағасы жүзеге асырады.

Сот алқаларының төрағаларына алқаның жұмысын ұйымдастыру жөніндегі міндеттер жүктелген. Осы мақсаттарда олар сот ұйымдастыру және істерді қарау үшін құрамдарды жасақтайды, азаматтардың жеке қабылдауын жүргізеді, алқаның қызметі туралы есептер ұсынады және тағы басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Облыстық соттың төрағасы мен сот алқаларының төрағалары сот кеңсесінің көмегімен жұмысты ұйымдастырады. Аталған соттардың аппараты сот төрағасының көмекшісінен, бас консультанттардан, жетекші консультанттардан, сот отырыстары хатшыларынан, сот алқалары хатшыларынан, аға сот орындаушысынан, сот орындаушыларынан, сот приставтарынан, кеңсе меңгерушісінен, аға инспекторалардан, инспекторлардан, мұрағат меңгерушісінен және техникалық қызметшілерден тұрады.



Сот төрағасының көмекшісі төрағаның зерделеуі үшін істер мен материалдарды дайындайды, олар бойынша қорытынды даярлайды, жеке мәселелер бойынша азаматтардың қабылдауын ұйымдастырады және т.б.

Кеңсе меңгерушісі хатшылық құрамға басшылықты жүзеге асырады, кеңсе қызметкерлері арасындағы міндеттерді бөледі, олардың жұмысын ұйымдастырады әрі бақылайды.

Консультанттар сотқа келіп түскен шағымдар мен арыздарды зерделейді, сот мүшелеріне сот істерін қарауға дайындау кезінде көмектеседі, сот төрағасы мен сот алқалары төрағаларының жекелеген тапсырмаларын орындайды.

3.ҚР-сы Жоғарғы Соты қызметінің құқықтық негіздері. ҚР-сы Жоғарғы сотының өкілеттігі өз өкілеттігінің шегінде бірінші сатыдағы сот ретінде, апелляциялық тәртіппен, қадағалау тәртібімен және жаңадан ашылған мән жайлар бойынша істерді қараудан тұрады. ҚР-сы Конституциясының 81 бабы мен сот жүйесі туралы заңның 17 бабына сәйкес “ҚР-ның Жоғарғы соты жалпы құзырлы соттардың қарауына жататын азаматтық, қылмыстық және басқа да істер бойынша жоғарғы сот органы болып табылады”.

Ол еліміздің барлық сот жүйесін басқарады және барлық төменгі тұрған соттардың қызметіне сот қадағалауын жүзеге асырады. ҚР-сы Жоғарғы сотының жоғарғы сот органы ретіндегі жағдайы Конституция мен тиісті заңдарда берілген өкілеттіктердің; оны құрудың ерекшеліктері мен тәртібінің сипатына; қаралатын істердің өзгешелігіне, сондай-ақ сот практикасының мәселелері бойынша түсініктемелер беретін ол шығаратын нормативтік қаулылардың елімізде қолданылатын құқық көзіне жататындығымен байланысты.

Бірінші саты бойынша істерді қарау Жоғарғы сотта іс жүргізу заңнамасында белгіленген жалпы тәртіп бойынша үкім, қаулы, шешім немесе ұйғарым шығара отырып жүргізіледі.

Бірінші саты бойынша қылмыстық істерді қараудың ерекшелігі соттылықтың дербес белгілеріне шарттастырылған олардың өзгешілігі болып табылады. Мәселен, ҚР-сы ҚІЖК-нің 292 бабының 2 тармағына сәйкес, Жоғарғы сот бірінші саты бойынша қарайды:



  1. адамның ҚР-сы Президентінің міндеттерін атқаруы кезеңінде жасаған мемлекеттік опасыздығы туралы;

  2. адамдардың ҚР-сы Жоғарғы соты судьялары, ҚР-сы Парламентінің депутаты, ҚР-сы Бас прокуроры, ҚР-сы Конституциялық кеңесінің төрағасы не мүшесі міндеттерін атқару кезеңіндегі жасаған қылмыстары;

3ҚР-сы Үкіметі мүшелірінің, Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың бірінші басшыларының, сондай-ақ ҚР-сы Президентіне тікелей бағынатын мемлекеттік органдарының бірінші басшыларының қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты жасаған қылмыстары туралы істер жатады.

Қарауына жататын азаматтық істер заңда нақты айқындалмаған: ҚР-сы Жоғарғы соты тек істің қаралуына қатысы бар адамдардың келісімімен кез келген соттан кез келген істі алуға және өзіне іс жүргізуге қабылдауға құқығы бар. Әдетте, бұлар ерекше күрделі немесе айрықша маңызды істер.

Мемлекеттің жоғарғы сот органы бола отырып, Жоғарғы сот іс жүргізу заңнамасында көзделген нысандарда соттардың нақты азаматтық, қылмыстық істердің шешуінің заңдылығы мен негізділігін тексеру арқылы төменгі тұрған соттардың сот қызметтерін қадағалауды жүзеге асырады.

Жоғарғы сот жүзеге асыратын сот қадағалауының нысаны сот істерін апелляциялық тәртіппен, сот қадағалауы тәртібімен және жаңадан ашылған мән жайлар бойынша қайта қарау болып табылады.

ҚР-сы Жоғарғы соты облыстық соттар үшін апелляциялық саты бола отырып, облыстық сот алқасының заңды күшіне енбеген үкімдері мен шешімдеріне наразылықтар мен шағымдар бойынша істерді қарайды. Қадағалау тәртібімен ҚР-сы Жоғарғы соты республикадағы барлық соттардың заңды күшіне енген үкімдері мен шешімдеріне ҚР-сы Бас прокурорының наразылығы бойынша істерді қарайды.Сонымен қатар, ҚР-сы Жоғарғы соты, егер тиісті іс бойынша қадағалау тәртібімен осы соттың қадағалау алқасының қаулысы болған жағдайларда, жаңадан ашылған мән жайлар бойынша істі қайта қарауға құқылы.

Жоғарғы сот жалпы құзырлы соттардың қарауына жататын барлық істер бойынша соңғы сот сатысы болып табылады.Жоғарғы соттың құрамы мен құрылысы: Негізгі және орта буындағы соттардан айырмашылығы Жоғарғы соттың судьялық корпусын құрамында төраға, сот алқалырының төрағалары мен тұрақты судьялармен ҚР-сы Жоғарғы сот кеңесінің ұсынымына негізделген ҚР-сы Президентінің ұсынуы бойынша ҚР-сы Парламентінің Сенаты сайлайды. Жоғарғы соттың сандық құрамын Жоғарғы сот төрағасының ұсынуы бойынша ҚР-сы Президенті белгілейді.



Сот жүйесі туралы заңның 17 бабының 2 тармағына сәйкес:

  1. өзінің қарауына жатқызылған сот істері мен матариалдарын қарайды;

  2. сот практикасын зерделейді және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды;

  3. сот практикасында заңдарды қолдану мәселелері бойынша түсіндірмелер беретін нормативтік қаулылар қабылдайды;

  4. заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Жоғарғы сот құрылымы мен құрамы аталған заңның 18 бабында айқындалған. Жоғарғы сот төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады. Жоғарғы сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы сот төрағасының ұсынуы бойынша ҚР-сы Президенті белгілейді.

Жоғарғы сот органдары мыналар:

  1. қадағалау алқасы;

  2. азаматтық істер жөніндегі алқа;

  3. қылмыстық істер жөніндегі алқа;

  4. соттың жалпы отырысы.

Жоғарғы соттың жанынан ғылыми-консультативтік кеңес және баспа органы құрылады.

Жоғарғы сот төрағасы.

Жоғарғы сот төрағасы судья болып табылады және судья міндетін атқарумен қатар:



  1. судьялардың сот істерін қарауын ұйымдастырады;

  2. қадағалау алқасын басқарады, алқада сот істерін қараған кезде төрағалық етуге құқылы;

  3. Жоғарғы соттың жалпы отырыстарын шақырады және оларда төрағалық етеді;

  4. Жоғарғы соттың жалпы отырысының қарауына сот практикасында заңдарды қолдану мәселелері бойынша Жоғарғы соттың нормативтік қаулыларын қабылдау үшін материалдар енгізеді;

  5. Жоғарғы соттың жалпы отырысының бекітуіне Жоғарғы соттың жалпы отырысы хатшысының және ғылыми-консультативтік кеңес мүшелерінің кандидатураларын енгізеді;

  6. және т.б. өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Жоғарғы сот төрағасы орнынан түскен жағдайда не өкілеттігі мерзімімен бұрын тоқтатылған басқа да жағдайда төрағанің міндетін уақытша атқаруды ҚР-сы Президенті Жоғарғы сот алқалары төрағаларының біріне жүктейді.

4 Жоғарғы Сот алқалары. Сот алқалары олардың төрағалары мен Жоғарғы соттың судьяларынан тұрады: олардың құрамын Жоғарғы соттың төрағасы бекітеді.

Сот жүйесі туралы заңның 19 бабында Жоғарғы сот алқасның құрамы айқындалған:



  1. Жоғарғы соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы мен қылмыстық істер жөніндегі алқасын – алқа төрағалары, ал қадағалау алқасын Жоғарғы соттың төрағасы басқарады.

  2. әр алқадағы судьялар саны Жоғарғы сот төрағасының ұсынысымен соттың жалпы отырысында белгіленеді.

  3. қадағалау алқасы Жоғарғы сотттың жалпы отырысында жасырын дауыс бері арқылы судьялардың жалпы санының көпшілік дауысымен жыл сайын сайланатын судьяларынан тұрады.

Азаматтық істер жөніндегі алқа және қылмыстық істер жөніндегі алқа соттың жалпы отырысында талқыланғаннан кейін дербес құрамын Жоғарғы сот төрағасы белгілейтін судьялардан тұрады. Жоғарғы соттың төрағасы азаматтық істер жөніндегі алқада және қылмыстық істер жөніндегі алқада мамандандырылған құрам түзуі мүмкін. Жоғарғы соттың сот алқалары бірінші саты бойынша, апелляциялық, сондай-ақ қадағалау тәртібімен және жаңадан ашылған мән жайлар бойынша сот істерін қарайды.

Сот алқалары бірінші сатыдағы сот ретінде ҚР-сы Жоғарғы сотының құзіретіне заңмен жатқызылған азаматтық, қылмыстық істерді қарайды және шешеді. Қылмыстық істер жөніндегі алқасы шығарған үкімдерге аппелляциялық та, қадағалау тәртібімен де наразылық келтірілуі және шағым берілуі мүмкін. Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының шешімдері оларды жария еткеннен кейін дереу заңды күшіне енеді және тек сот қадағалауы тәртібімен Жоғарғы соттың қадағалау алқасына наразылық білдірілуі мүмкін.

Сот алқалары облыстық соттар үшін аппеляциялық саты болып табылады. Олар облыстық соттағы сот алқаларының заңды күшіне енбеген үкімдерге және шешімдерге шағым мен наразылық бойынша істерді қарауға құқылы.

Жоғарғы сот алқасының төрағасы. Жоғарғы сот алқасының төрағасы судья болып табылады және судья міндеттерін атқаруымен қатар:


  1. алқаның сот отырыстарында төрағалық етеді;

  2. сот практикасын жүргізу, заңдарды қолданудағы сот практикасын зерделеу мен жинақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

  3. Жоғарғы соттың жалпы отырысында қарау үшін судьялардың тиісті құжаттардың дайындалуын қамтамасыз етеді;

  4. Жоғарғы соттың жалпы отырысын алқа қызметі туралы ақпарат береді;

  5. заңда көзделген басқада өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Алқа төрағасы орнында уақытша болмаған жағдайда оның міндетін атқару Жоғарғы сот төрағасының өкімі бойынша алқа судьяларының біріне жүктеледі.

Жоғарғы соттың қадағалау алқасы Жоғарғы соттың төрағасынан және жалпы отырыста жасырын дауыс беру арқылы судьялардың жалпы санының көпшілік дауысымен жыл сайын сайланатын судьяларынан тұрады. Қадағалау алқасының сот алқаларынан айырмашылығы сот істерін қадағалау ретінде қарайды; сонымен қатар, ұйымдастыру функцияларын да жүзеге асырады.



Қадағалау сатысындағы сот ретінде қадағалау алқасы:

  1. бірінші саты бойынша істі қарау кезінде ҚР-сы Жоғарғы соты алқасының үкімдеріне, қаулыларына;

  2. аппелляциялық және қадағалау тәртібімен істі қарау кезінде шығарылған ҚР-сы Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа қаулыларына.

Тұрақты жұмыс істейтін сот алқаларынан айырмашылығы қадағалау алқасының отырысы жиі, қажеттілігіне қарай кемінде айына бір рет өткізіледі. Қадағалау алқасы оның мүшелерінің жартысынан астамы қатысқанда заңд болып табылады. Қадағалау алқасының қаулысы дауыс беруге қатысқан қадағалау алқасы мүшелерінің ашық дауыс беруімен қабылданады және оған төрағалық етуші қол қояды.

Жалпы отырыс.

Жалпы отырыс ҚР-сы Жоғарғы сот төрағасынан, сот алқалары төрағаларынан және барлық судьялардың жиналысын білдіреді. Жалпы отырыс үнемі жұмыс істемейді, қажеттіліген қарай жиі, бірақ кемінде бір жылда екі рет шақырылады. Оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, онда оның отырысы заңды болып есептеледі.

Жалпы отырыстың қаулысы дауыс беруге қатысқан мүшелердің көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс санын есептеуді жалпы отырыстың хатшысы жүргізеді. Жалпы отырыстың қаулысы жазбаша түрде рәсімделеді және оған Жоғарғы сот төрағасы мен жалпы отырыстың хатшысы қол қояды.

Заңнаманы қолдануға байланысты мәселелер бойынша жалпы отырыстың қаулысы республикада бірыңғай сот практикасын қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен бірге, олар тек соттардың ғана емес, қаулыда түсінік берілген, заңды қолданатын басқа да органдар мен лауазымды тұлғалар үшін міндетті болып табылады. Жоғарғы соттың нормативтік қаулысы қолданылатын құқық көздеріне жатады. Жоғарғы соттың нормативтік қаулыларына заңнаманы қолдану мәселелері бойынша соттың түсініктері қамтылған және сот ісін жүргізу тұжырымдалған қаулылар жатады. ҚР-сындағы барлық соттар үшін міндетті болып табылатын мұндай нормативтік қаулылар сот практикасында тек заңнаманы, соның ішінде ҚР-сы Конституциясын қолдану мәселелері бойынша шығарылуы мүмкін.

Жоғарғы соттың жалпы отырысы:

1.алқа құрамының санын белгілейді және қадағалау алқасының құрамына судьялар сайлайды;



  1. сот практикасын зерделейді және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша ҚР-сы соттарының сот төрелігін іске асыру кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды;

  2. сот практикасында заңдардың қолданылуы мәселелері бойынша түсіндірмелер беретін нормативтік қаулылар қабылдайды;

  3. Жоғарғы сот алқалары төрағаларының және уәкілетті орган басшысының хабарламасын тыңдайды;

  4. заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Жалпы отырыс оған Жоғарғы сот судьялары жалпы санының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болып табылады.

Жоғарғы сот жалпы отырысының жұмыс тәртібі өзі бекітетін регламентпен белгіленеді. Жоғарғы сот жанынан ғылыми-консультативтік кеңес құрылады, оның құрамы Жоғарғы соттың жалпы отырысында Жоғарғы сот мүшелері, тәжірибелі қызметкерлер мен құқық саласындағы ғалымдар кіреді. Оның құрамына төраға, оның орынбасары, ғалым хатшы кіреді. Ғылыми-консультативтік кеңес екі секциядан тұрады:



  1. азаматтық-құқықтық секция (конституциялық, азаматтық, еңбек, неке отбасылық құқықтар және азаматтық іс жүргізу;

  2. қылмыстық-құқықтық секция (қылмыстық құқық пен қылмыстық іс жүргізу).

Ғылыми-консультативтік кеңес сот тәжірибесін, Жоғарғы соттың нормативтік қаулыларының жобаларын, сот тәжірибесі шолуларының жобаларын, әдістемелік хаттар мен басқа да құжаттарды зерделеуге және жинақтауға байланысты материалдардың дайындалуын қамтамасыз етуге арналған кеңесші орган болып табылады. Ғылыми-консультативтік кеңем соттар мен ғылыми заң мекемелері арасындағы байланысты нығайтуга жәрдемдеседі.

Жоғарғы сот аппараты. Жоғарғы соттың оны ұстауға бөлінген қаражат шегінде Жоғарғы сот төрағасының ұсынуы бойынша ҚР-сы Президенті бекіткен өз аппараты, құрылымы мен штаттары болады. Аппарат өз өкілеттіктерін жүзеге асыру, сот тәжірибесін жинақтау және сот статистикасын талдау, судьялар мен процеске қатысушыларды қорғау, сондай-ақ басқа да функцияларды орындау бойынша Жоғарғы сот судьяларының қызметін қамтамасыз етеді.
Жоғарғы сот аппараты мынадай бөлімшелерден тұрады:

    1. Жоғарғы соттың аппараты;

    2. Жоғарғы сот төрғасының хатшылығы;

    3. жалпы бөлім;

    4. ұйымдастыру-талдау бөлімі;

    5. кадр жұмысы басқармасы;

    6. материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы;

    7. баспасөз қызметі;

    8. халықаралық байланыс және хаттама бөлісі;

    9. заң шығару жұмыстары жөніндегі сектор;

    10. және т.б.

Жоғарғы сот аппаратының құрылымдық бөлімшелері мынадай функцияларды орындайды:

    • іс қағаздарын жүрізуді ұйымдастыру, келіп түсетін істерді, материалдарды, хаттарды, арыздар мен шағымдарды қабылдау, есепке алу және бақылау;

    • шығыс істерді, құжаттар мен басқа да хат хабардарды рәсімдеу және және жөнелту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; нормативтік құқықтық актілерді жүйелендіру, судьяларды құқықтық ақпаратпен қамтамасыз ету;

    • Жоғарғы сот жұмысының жұмыс жоспарларын дайындау және әзірлеу; сот тәжірибесін жерделеу және жинақтау, сот статистикасын талдау; сот алқалары, Жоғарғы сот қызметі туралы есептер, ақпараттық, шолу және басқа да анықтамалар дайындау;

    • Жалпы отырыстар үшін жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шаралар қабылдау және т.б. Жұмысты бөлімдерде және басқа да құрылымдық бөлімшелерде меңгерушілер, ал аппараттың барлық жұмысын аппарат басшысы бақылайды және ұйымдастырады. Аппарат қызметкерлерін жұмысқа қабылдау мен жұмыстан шығару Жоғарғы сот төрағасына жүктелген.


7-тақырып. Тақырыбы: ҚР-сының Әділет министрлігі.

1. Әділет органдарының міндеттері.

2. Әділет органдарының жүйесі және оның қызметін ұйымдастыру.

3.Әділет органдарының қылмыстық атқару жүйесі.

1. Әділет органдарының міндеттері.

Кез келген құқық қолдану қызметінің тиімділігі көбінесе оны басқару деңгейіне, сол немесе өзге құқық қорғау органдарының алдында тұрған нақты міндеттерді тиісінше іске асыру үшін ұйымдастырудың алғы шарттарын жасауға байланысты болады. Мысалы, кәсіпкерлердің заң қызметі, адвокаттық қызмет қамтамасыз етіліп, әділет органдары тарапынан ұйымдық басқару құралдары арқылы белгілі бір деңгейде бағыт сілтенеді. Әділет органдары туралы ҚР-сы заңы белгіленген әділет органдарының басты міндеттері олардың функцияларын да, яғни олардың қызметінің негізгі бағыттарын да айқындай түседі. әділет органдары функцияларының бірі - бұл норма шығармашылық қызметін ұйымдастыру, нормативтік актілердің жобаларын дайындау, заңнаманы жүйелеу және жинақтау.

Бұл жұмыстың қазіргі кезде, сот-құқықтық реформалау барысында ҚР-сының барлық заңдары жаңарлағанда ерекше маңызы бар. Әділет министрлігі, ең алдымен орталық атқарушы билік органдарының норма шығармашылық қызметін ұйымдастырады, ҚР-сы Үкіметі нормативтік актілерінің жобаларын әзірлейді немесе оларды дайындауға қатысады. ҚР-сы Президентінің тапсырмасы бойынша оған қол қоюға жіберілетін заңдарға сараптама жүргізеді. ҚР-сы Президенті мен Үкіметінің тапсырмасы бойынша белгіленген тәртіппен олардың қарауына тиісті министрліктер мен ведомстволар ұсынатын құқықтық актілер жобаларының Конституцияға және заңдарға сәйкестігі туралы қорытынды жасайды.

ҚР-сы Әділет министрілігінің маңызды міндеттері - қолданыстағы заңдарды жүйелеу, ҚР кодекстері мен заң жинақтарының ресми басылымдарын шығаруға дайындауға қатысу болып табылады. Сонымен қатар, ҚР Әділет министрлігі, егер онда азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері қозғалса, егер олар ведомствоаралық сипатта болса, орталық ақтарушы билік органдары шығаратын нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады, қазақстандық және халықаралық бірлестіктердің жарғыларын тіркейді.



2. Әділет органдарының жүйесі және оның қызметін ұйымдастыру.

Әділет органдары нотариатқа басшылықты жүзеге асырады. Олар мемлекеттік нотариат кеңселерін ашады әрі таратады және олардың тізілімін, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын нотариустар кеңселерінің тізілімін жүргізеді. Әділет органдары нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лиценциялар береді және ҚР-ның нотариат туралы негізгі заңнамасында көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Әділет органдарына азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтарын іске асыру мақсатында заң қызметін көрсету жүйесін дамыту жөніндегі іс әрекеттерді үйлестіруді жүзеге асыру жүктелген. Бұл жұмыс адвокаттар бірлестігімен және ұйымдарымен тығыз ынтымақтыстықта жүргізеді. Әділет органдары азаматтар мен заңды тұлғаларға құқықтық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лиценцияларды тіркеуді және беруді жүзеге асырады.

Әділет органдары басқа да функцияларды жүзеге асырады:


    • Әділет министрлігінің сот сараптамасы жүйесінің мекемелерін құрады, қайта құрады және таратады, олардың қызметіне басшылық жасайды;

    • Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, азаматтарды құқықтық ағартушылыққа қатысады;

    • Құқықтық мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Өз құзіреті шегінде ҚР-ның Әділет министрлігі мен оның органдары:

    • белгіленген тәртіппен мемлекеттік және өзге ұйымдардан, мекемелерден, ұйымдардан, және лауызымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды сұратуға;

    • заң жобалау, сарапшылық және зерттеу жұмыстарын, консульатцияларды жүзеге асыру үшін ғылыми ұйымдарды, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлерін, маман сарапшыларды және т.б. тартуға құқылы.

Оның құзіретіне жатқызылған мәселелер бойынша ҚР-сы Әділет министрлігі ведомстволық нормативтік актілер, соның нәтижесінде сот, Әділет министрлігінің жүйесіндегі органдар, мекемелер және ұйымдар, орталық атқарушы билік органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ лауазымды адамдар мен азаматтарға арналған міндетті болып табылатын нұсқаулықтар мен түсіндірмелер шығарады.

Бұдан басқа, Әділет министрлігі Әділет аттестациялық алқасының жұмысын материалдық-техникалық және ұйымдық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Қазақстанда саяси және экономикалық жүйені түбегейлі өзгерту орталық атқарушы билік органдарын, атап айтқанда әділет саласындағы орталық мемлекеттік басқару органу ретінде Әділет министрлігін ұйымдастыруды және оның қызметін құқықтық реттеуді реформалауға әкелді. Мемлекетте басты тіркеуші орган бола отырып, Әділет министрлігі заңды тұлғаларды тіркеуді, соның ішінде ҚР Президентінің “Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы” жарлығына сәйкес, ұйымдарды тіркеуді жүзеге асырады.
3.Әділет органдарының қылмыстық атқару жүйесі. Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi - қылмыстық жазаның атқарылуын және тергеу изоляторларында сезiктiлер мен айыпталушылардың күзетпен ұсталуын қамтамасыз ету жөнiндегі атқарушы және өкiмшi функцияларды жүзеге асыратын органдар мен мекемелердiң, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiнiң тыныс-тiршiлiгін қамтамасыз ететiн ұйымдардың жүйесi. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң өз туы мен нышаны болады. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң туы мен нышанының сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

Қылмыстық-атқару жүйесінің құрылымын:1) уәкiлеттi орган (орталық атқарушы органның ведомствосы); 2) қылмыстық-атқару жүйесiнің аумақтық органдары; 3) қылмыстық жазаларды атқаратын мекемелер мен органдар:   қылмыстық-атқару инспекциялары;      түзеу мекемелерi;4) тергеу изоляторлары;5) ғылыми-зерттеу, емдеу-профилактика ұйымдары мен бiлiм беру ұйымдары; 6) қылмыстық-атқару жүйесi саласындағы өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыруға және сотталғандарды еңбекке тартуға арналған ұйымдар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерi; 7) оңалту орталықтары - мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға олар босатылғаннан кейiн алты ай iшiнде еңбекке және тұрмыстық орналастыруда жәрдемдесуге, құқықтық және психологиялық көмек көрсетуге арналған қылмыстық-атқару жүйесiнiң ұйымдары құрайды.

Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының, мекемелерi әкiмшiлiктерiнiң және олардың лауазымды адамдарының қызметiн ұйымдастыру тәртiбi, құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi


8-тақырып. ҚР-сы прокуратура органдарының қызметтерін ұйымдастыру.

1. Прокурорлық қызметтің мақсаттары мен негізгі бағытары.

2. Прокуратура органдарының ұйымдастырылуы мен қызметінің принциптері.

3 Прокуратура органдарының жүйесі.

4.Аудандық (қалалық) прокуратуралар.Мамандандырылған прокуратуралар
1. Прокурорлық қызметтің мақсаттары мен негізгі бағытары.Бүгінгі күннің болмысы республиканың мемлекеттік-құқықтық институттарының жүйесі ретінде ҚР-сы Конституциясының сақталуын мемлекеттің атынан жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, қылмысқа қарсы күресте құқық қорғау және өзге де органдардың қызметін үйлестіретін, өз кезегінде, заңдардың, азаматтардың құқықтарын қорғауға және мемлекеттік мүдделердің сақталуына ықпал ететін көп функционалды орган ретінде прокуратура органдарының құқықтық мәртебесін заңнамалық тәртіппен кеңейтуді талап етеді.

Сондықтан, “Прокуратура туралы” заңға сәйкес, прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру және оның қызметі мәселелерін қарастыра отырып, мыналарды есте сақтау қажет:

- прокурорлық қадағалау - бұл прокуратурадан басқа ешқандай да басқа да мемлекеттік, қоғамдық, өз бетінше немесе өзге де ұйымдар, мекемелер немесе лауазымды тұлғалар жүзеге асыра алмайтын мемлекеттік қызметтің дербес, өзгеше бір түрі.

- прокурорлық қадағалау мемлекеттің - ҚР-ның атынан жүзеге асырылады. Мұның маңыздылығы, прокурор қадағалауды жүзеге асыра отырып, құқық бұзушылықтарды анықтайды, оларды жоюға және жекелеген жергілікті өзін өзі басқару органдарының, атқарушылық немесе сот билігінің атынан емес, мемлекет жүйесіне біріктірілген барлығынан атынан жалпы мемлекеттің мүддесіне сәйкес жекелеген органдардың, ұйымдардың, мекемелердің, лаузымды тұлғалардың немесе жеке адамдардың мүддесін білдіріп, кінәлілерді жазалауға шаралар қабылдайды.

- прокурорлық қадағалау - мемлекеттік қызметтің дербес түрі. Оның мемлекеттік қызметтің басқа түрлерінен айырмашылығы ҚР Конституциясының нақты сақталуын, заңдардың талоптарын орындалуын, өзге де құқықтық актілердің заңға сәйкестігін және анықталған құқық бұзушылықтарды заңмен тек прокуратураға берілген құралдардың көмегімен жоюға шаралар қабылдануын тексеруден тұратын осы қызметтің мазмұнының өзгешелігімен айқындалады.

- прокуратура ҚР-сы Президентіне есеп беретін орган болуына қарамастан, Конституцияға сәйкес ол барлық актілерге, соның ішінде мемлекет басшының актілеріне де жоғары қадағалауды жүзеге асырады.

Прокурорлық қадағалауды мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретінде мемлекет атынан жүзеге асырылатын арнайы уәкілдік берілген адамдардың - прокурорлардың - бұзушылықтарды дер кезінде анықтау және оларды жоюға шаралар қабылдау, кінәлілерді жауапкершілікке тарту, қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру арқылы заңдардың дәл орындалуын және бірыңғай қолданылуын жоғары қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызмет ретінде сипаттауға болады.

Прокурорлық қадағалаудың мақсаттары мен міндеттері өзара тығыз байланысты. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты ретінде прокуратураның тұтастай алғанда барлық қызмет және атап айтқанда, оның маңызды функциясы - прокурорлық қадағалауда қол жеткен нәтижені түсіну керек. Прокурорлық қадағалаудың мақсаттары прокуратураның мәртебесімен, оның мемлекеттегі орны әрі рөлімен айқындалады.



жүктеу 2,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау