Бекітемін Оқу-әдістемелік 20 ж


Сот билігі түсінігі, маңызы мен міндеттері



жүктеу 2,08 Mb.
бет6/11
Дата14.05.2018
өлшемі2,08 Mb.
#12667
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

1. Сот билігі түсінігі, маңызы мен міндеттері.

2. ҚР сот жүйесі.


3.Соттардың алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыруда сот төрелігі конституциялық қағидаттарының мағынасы.

4. Сот қызметінің қағидаттар жүйесі.
1. Сот билігі түсінігі, маңызы мен міндеттері. Сот билігі 1995 жылғы ҚР Конституциясы бойынша заң шығару және атқарушылық биліктен бөлінген және мемлекеттік биліктің дербес тармағын білдіреді. Сот төрелігінің мақсаты - аталған барлық істер бойынша әділ, заңды сот талқылауын қамтамасыз ету.

Сот төрелігінің міндеттері:



  1. соттардың қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді жан жақты, толық және объективті шешуі;

  2. азаматтардың сот арқылы қорғану құқығын жүзеге асыру;

  3. заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту;

  4. құқыққа деген кұрметтілік қатынасын қалыптастыру;

  5. құқық бұзушылықтарды ескерту.

Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана тиесiлi. Қзақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Соттың ерекше өкiлеттiгiн басқа органдарға берудi көздейтiн заң актiлерiн шығаруға тыйым салады. Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкiлеттiгiн немесе сот билiгi функцияларын иеленуге құқығы жоқ. Сот iсiн қарау тәртiбiмен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды. Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заѕдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi. 
      Әркiмге мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтiретiн немесе оларды шектейтiн кез келген заңсыз шешiмдерi мен iс-қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепiлдiк берiледi.  Ешкiмдi де оның iсiн заңның барлық талаптары мен әдiлеттiлiктi сақтай отырып құзыреттi, тәуелсiз және алаламайтын соттың қарау құқығынан айыруға болмайды. 

Сот билiгi азаматтық, қылмыстық және заңда белгiленген ґзге де сот iсiн жүргiзу нысандары арқылы жүзеге асырылады. Судьялар сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Судьялардың мәртебесi мен тәуелсiздiгiне нұқсан келтiретiн заңдарды немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға жол берiлмейдi. Соттың сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметiне қандай да бiр араласуға жол берiлмейдi және заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Судьялар нақты iстер бойынша есеп бермейдi. Сот iсiн жүргiзудiң белгiленген тәртiбiне қарамастан берiлген сот iстерi бойынша, сондай-ақ соттың құзыретiне кiрмейтiн мәселелер бойынша өтiнiштердi сот қараусыз қалдырады немесе тиiстi органдарға жiбередi. Сотқа немесе судьяға құрметтемеушiлiк бiлдiру заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады. Сот актiлерi мен судьялардың өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiндегi талаптарын барлық мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi. Сот актiлерi мен судьяның талаптарын орындамау заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соғады.



2. ҚР сот жүйесі. Қазақстан Республикасының сот жүйесiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергiлiктi соттар құрайды. Қандай да болмасын атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берiлмейдi. Жергiлiктi соттарға мыналар жатады: 
      1) облыстық және оларға теңестiрiлген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған сот - Қазақстан Республикасының Әскери соты, мамандандырылған қаржылық соттар және басқалар); 
     2) аудандық және оларға теңестiрiлген соттар (қалалық, ауданаралық, мамандандырылған сот - гарнизонның әскери соты және басқалар). 

Қазақстан Республикасында мамандандырылған (әскери, қаржылық, экономикалық, әкiмшiлiк, кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi және басқа) соттар құрылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергiлiктi соттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы мен өзiнiң атауы бейнеленген мөрi болады.



3.Соттардың алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыруда сот төрелігі конституциялық қағидаттарының мағынасы. Сот төрелігі, өз кезегінде сот төрелігі принциптеріне сай қызмет жасайды. Сот төрелігінің принциптері - бұл сот қызметтерінің ұйымдастырылуы мен қызметтерінің мәні мен мазмұнын анықтайтын басшылыққа алатын идеялар, ережелер.

Сот төрелігінің принциптері ҚР-сы Конституциясында және сот жүйесі туралы конституциялық заңда бекітілген принциптерге деп бөлінеді. Сот төрелігінің басты принциптері ҚР-сы Конституциясында бекітілген және олардың жоғары заң күші бар. ҚР-сы Конституциясында бекітілген сот төрелігінің принциптері (Конституциясының 77 бабы):



  1. адамның кінәлігі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;

  2. бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;

  3. өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды;

  4. сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы;

  5. жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлатын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, онда жаңа заң қолданылады;

  6. айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;

  7. ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куә болуға міндетті емес;

  8. адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады;

  9. заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес;

  10. қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.

ҚР-сы Конституциясымен белгіленген сот төрелігінің принциптері Республиканың барлық соттары мен судьяларына ортақ және бірыңғай болып табылады.

2. Сот жүйесі туралы заңда бекітілген прициптерге тоқталсақ, онда сот төрелігінің принциптері мыналар:



    1. заңдылық;

    2. сот төрелігін тек сот ғана жүзеге асыруы;

    3. судьяларды сайлау мен тағайындау;

    4. судьялардың тәуелсіздігі;

    5. судьяларға ешкімнің тиіспеуі;

    6. сот істерін кәсіби негізде қарау;

    7. барлығының заң мен сот алдындағы теңдігі;

    8. тараптардың теңдігі мен жарыспалылығы;

    9. сот ісінің тілі;

    10. сот ісінің жариялылығы;

    11. сот арқылы қорғану;

    12. кінәсіздік презумпциясы.

4. Сот қызметінің қағидаттар жүйесі.

Сот төрелігінің принциптерінің маңызы мынадан көрінеді:

  1. сот төрелігінің маңызды ерекшеліктерін анықтап көрсетеді;

  2. сот төрелігінің принциптері барлық органдар мен тұлғаларға міндетті;

  3. сот төрелігі туралы нормаларды дұрыс түсіндіруге үлкен маңызы бар.

Заңдылық.

Заңдылық - сот төрелігінің басты принципі ретінде орнықтырылады. Заңдылық принципі сот төрелігінде мынаны білдіреді:



  1. сот төрелігін заңда белгіленген тәртіппен құрылған соттар ғана жүзеге асырады;

  2. сот төрелігін жүзеге асыру кезінде судьялар тәуелсіз және ҚР-сы Конституциясы мен заңдарға бағынады;

  3. сот төрелігін жүзеге асыру кезінде соттар азаматардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша қызмет атқарады;

  4. сот төрелігін жүзеге асыру кезінде соттар заң талаптарын қатаң сақтап отыруы қажет.

Сот төрелігін тек сот ғана жүзеге асыруы.

Бұл принциптің үлкен саяси маңызы бар. Себебі, осы принцип арқылы сот төрелігін соттардан басқа ешқандай мемлекеттік органдар мен ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтар жүзеге асыра алмайтындығын белгілейді. Сондықтан, сот төрелігін тек соттар ғана жүзеге асырады, сөйтіп сот төрелігі арқылы соттар қылмысқа кінәлі тұлғаны анықтап, қылмыстық жазаға тартады және азаматардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіреді. Және бұл принцип арқылы соттардың қызметтеріне араласуға жол берілмейді.



Судьяларды сайлау мен тағайындау.

ҚР-нда судьялар корпусын қалыптастыру екі тәсілмен жүзеге асырылады. Яғни, судьяларды сайлау мен тағайындау арқылы:



  1. ҚР-сы Жоғарғы сот төрағасын, Жоғарғы сот алқаларының төрағаларын және Жоғарғы сот судьяларын ҚР-сы Жоғарғы сот кеңесінің кепілдемесі негізінде ҚР-сы Президентінің ұсынуымен ҚР-сы Парламенті Сенаты сайлайды;

  2. ҚР-сы облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағаларын, облыстық және оған теңестірілген соттардың алқа төрағаларын және облыстық және оған теңестірілген сот судьяларын ҚР-сы Жоғарғы сот кеңесі кепілдімесі негізінде ҚР-сы Президенті тағайындайды;

  3. ҚР-сы аудандық және оған теңестірілген сот төрағаларын және судьяларын ҚР-сы Әділет біліктілік алқасының кепілдемесі негізінде ҚР-сы Әділет Министрі ұсынуымен ҚР-сы Президенті тағайындайды.

Судьялардың тәуелсіздігі және олардың тек ҚР-сы Конституциясы мен заңдарға бағынуы.

Судьялардың тәуелсіздігі принципі мынаны білдіреді:



  1. судьялардың қызметтеріне араласуына жол берілмейді;

  2. сот мемлекеттік биліктер органдарының жүйесінде дербес орында тұрады;

  3. сот тек республикалық бюджет арқылы қаржыландырылады;

  4. судьяларға ешкімнің тиісуіне жол берілмейді;

  5. соттар саясаттан тыс;

  6. нақты қылмыстық, азаматтық істер бойынша судьялар есептер бермейді;

  7. судьяларды қызметтерінен ауыстыруға болмайды;

  8. судьяларды кұрметтемегені үшін қылмыстық жауаптылық көзделеді.

Барлығының заң және сот алдындағы теңдігі.

Сот төрелігінің алдында барлық азаматтар олардың әлеуметтік, нәсілдік, жыныстық, ұлттық, тегіне, лауызымына, тіліне, дініне, көзқарастарына қарамастан тең болады.

Заң алдындағы теңдік арқылы заңдар барлық азаматтарға бірдей таралады және азаматтар заңдарды мүлтіксіз орындап, сақтап отыруы қажет. Заңды бұзған азамат жауапқа тартылады.

Сот алдындағы теңдік арқылы сотқа келген барлық азаматтардың құқықтары мен іс жүргізушілік мәртебелері тең болады (мысалы, айыпталушыға адвокат беріледі, егер азамат сот ісін жүргізу тілін білмесе, онда оған аудармашы беріледі). Сотта сот ісін жүргізу заңдары біртұтас талаптар арқылы теңдіктен ерекшеліктері бар. Мысалы, қылмыстық ізге түсуден иммунитеттері бар тұлғаларға қатысты қылмыстық іс жүргізу өзгеше сипатта болады. Мысалы, ҚР-сы Президенті, Парламент депуттары, Бас прокурор, елшілер мен консулдар.



Сот ісінің жариялылығы

ҚР-нда барлық соттарда істерді қарау ашық түрде жүргізіледі. Бірақ, мынадай жағдайларда істерді қарау жабық түрде өткізіледі:



  1. егер сот талқылауында мемлекеттік, әскери, қызметтік, коммерциялық құпиялары ашылу қауіпі туындалса;

  2. егер сот талқылауында адамның жеке өмірінің немесе жеке отбасының құпиясы ашылып қауіпі туындалса;

  3. егер қылмыстық іске қатысушылардың (мысалы, жәбірленуші, куә) қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет болса.



4-тақырып. Қазақстан Республикасының сот органдары қызметінің құқықтық негізі

1.Судьялар - сот билігін жүргізушілер. Судьялардың құқықтық мәртебесі және оны заңнамалық реттеу.

2.Судьялар тәуелсіздігінің кепілдіктері.

3.Судьяларға өкілеттік беру тәртібі және судьялыққа үміткерлерге қойылатын талаптар.

4. Судьялардың тәртіптік жауапкершілігі.
1.Судьялар - сот билігін жүргізушілер. Судьялардың құқықтық мәртебесі және оны заңнамалық реттеу. 1995 жылғы ҚР-сы Конституциясы сот билігін мемлекеттік биліктің дербес тармағы ретінде бөліп алып, заң шығарушылық және атқарушылық биліктен бөлуді жария етті. Сот билігінің мақсаты азаматтардың, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асырудан, ҚР-сы Конституциясының, заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, ҚР-сы халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуден тұрады. Осы арқалы сот билігіне, біріншіден, құқық туралы барлық жан жалдар мен дауларды шешетін төрешінің, екіншіден, мемлекетте заңдылық режимінің орындалуы мен сақталуын қамтамасыз ететін органдардың рөлі берілген.

Заңда белгіленген тәртіппен судья лауазымына тағайындалған немесе сайланған, тиісті сотта жұмыс істейтін және өз өкілеттіктерін кәсіптік негізде жүзеге асыратын адам судья болып табылады. Судьялардың құқықтық мәртебесі судьялардың тәуелсіздігі мен ауыстырылмайтындығын, сондай-ақ оған ешкімнің тиіспеушілігін қамтиды. Тәуелсіздік судьяның тәуелсіздігін және тек Конституцияға бағынатындығын көрсетеді. Ешкімнің де сот төрелігін жүзеге асыруға араласуға және судьяға қандай да бір ықпал етуге құқығы жоқ. Судья қаралған немесе қаралып жатқан сот істерінің мәні жөнінде қандай да бір түсінік беруге міндетті емес.

Судьялардың құқықтық мәртебесі соттарды құру тәртібін, оларды ұйымдастыру қағидаттары мен қызметін, сот жүйесін, әрбір сот буының құрамын, құрылымын, құзіретін, сондай-ақ судьялардың құқықтық мәртебесін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер жүйесін құрайтын ҚР-сы сот билігі заңнамасымен реттеледі.

Соттардың қызметін және судьялардың мәртебесін реттейтін негізгі құжаттар ҚР-сы Конституциясы мен сот жүйесі туралы конституциялық заң болып табылады.



2 Судьялар тәуелсіздігінің кепілдіктері. ҚР-сы Конституциясының 77 бабының 1 тармағына және сот жүйесі туралы конституциялық заңның 25 бабына сәйкес сот төрелігін атқару кезінде судья тәуелсіз және тек Конституция мен заңға бағынады. Судьялар оларға заңмен берілген өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде атқарушылық және заң шығарушылық мемлекеттік билік тармағының қандай да бір органы мен лауазымды адамына бағынбайды және жоғары тұрған сот сатыларына есеп бермейді. Сот істерін қарау кезінде сот талқылауына қатысушылардың пікіріне байланысты емес, айыптау жағында, қорғау жағында қолдамайды. Судья істі қарау кезінде әділ болуға және қаралған дәлелдемелерге баға беруге негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша шешім қабылдауға және бұл ретте тек Конституцияға мен заңды басшылыққа алуға тиіс.

Судьяның тәуелсіздігі Конституция мен заңда қорғалады және:



    • сот төрелігін жүзеге асырудың заңда көзделген рәсімімен;

    • оның сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне қандай да болмасын араласумен жауапкершілігіне қауіп төндіруге тыйым салумен;

    • сотты сыйламағандығы үшін жауапкершілік белгілеумен;ъ

    • белгіленген тәртіппен судьяны қызметке сайлау, тағайындау, өкілеттігін тоқтату және тоқтата тұру тәртібімен, оның орнынан түсу құқығымен;

    • судьяларға мемлекет есебімен олардың мәртебесіне сәйкес материалдық жағдай жасау және әлеуметтік қамсыздандыру арқылы қаматамасыз етіледі.

  1. Судьяларға өкілеттік беру тәртібі және судьялыққа үміткерлерге қойылатын талаптар. Сот жүйесі туралы заңның 29 бабының 1,2 тармақтарына сәйкес, аудандық соттың судьясы болып жиырма бес жасқа толған, жоғары заң білімі бар, еңбек жолы мінсіз және заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс стажы бар, біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағлымдамадан ойдағыдай өткен және соттың жалпы отырысының оң пікірін алған ҚР-ның азаматы тағайындалуы мүмкін.

Көрсетілген талаптармен қатар, жаса, білім, кәсіпқойлық және моральдық шек қойылады. Бұл жеткілікті теориялық білім мен практикалық тәжірибенің болуымен қатар, жылдар бойы жинақталатын адаигершілік тазалықты талап ететін сот қызметінің өзгешілігіне байланысты. Судья ұқыпты әрі тәрбиелі адам, биязы мінезді, барлық жағдайларда өзін өзі ұстай білуге тиіс. Шыдамсыздық, ашуланшақтық, тараптарды және басқа да іс жүргізуге қатысушыларды төзіммен мыңдай білмеу төрелік шешімдердің адал шығарылуына кедергі келтіреді. Сот органдары тәуелсіздігінің негізгі қағидаларына сәйкес сот лауазымына үміткерлердің жоғары моральдық қасиеті мен қабілеті болуға тиіс.

Аудандық соттың судьясы қызметінің бос орнына кандидат іріктеуді сот жүйесі туралы заңның 29 бабының 1 тармағының талаптарына сай келетін адамдар, сондай-ақ судья қызметінің бос орнына орналасуға өтініш берген, қызмет істеп жүрген судьялардың арасынан конкурстық негізде Әділет біліктілік алқасы жүзеге асырады. Аудандық сот төрағасы лауазымының бос орнына кандидатураларды Жоғарғы сот төрағасы тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын ескере отырып, енгізген ұсыныс бойынша Әділет біліктілік алқасы қарайды.

Әділет біліктілік алқасы аудандық сот төрағасы немесе судьясы қызметінің бос орнына кандидатты Әділет Министріне ұсынады, ол заңда белгіленген тәртіппен оны қызметке тағайындау үшін ҚР-сы Президентіне ұсынады (көрсетілген заңның 30 бабының 2 тармағы). Аудандық соттың судьясы Әділет министрінің Әділет біліктілік алқасының кепілдемесіне негізделген ұсынуы бойынша ҚР-ның Президенті тағайындайды. Аудандық соттардың төрағаларын Әділет министрінің ұсынуы бойынша ҚР-ның Президенті бес жыл мерзімге тағайындайды.

Облыстық сот судьясы қызметіне кандидат іріктеуді бос қызмет орнында жұмыс істеуге өтініш берген және осы конституциялық заңның 29 бабының 2 тармағының талаптарына сай келетін адамдар конкурстық негізде Жоғарғы сот кеңесі жүзеге асырады. Жоғарғы сот кеңесі конкурстық қорытындысы бойынша облыстық соттың судьясы қызметінің бос орнына кандитатты қызметке тағайындау үшін ҚР-ның Президентіне ұсынады.

Облыстық сот төрағасы және оның алқасының төрағасы қызметінің бос орнына кандидатураны Жоғарғы сот төрағасы Жоғарғы соттың жалпы отырысының қорытындысын ескере отырып енгізген ұсыныс бойынша Жоғарғы сот кеңесі қарайды. Жоғарғы сот кеңесі облыстық сот төрағасы және оның алқасының төрағасы қызметінің бос орнына кандидатты қызметке тағайындау үшін ҚР-ның Президентіне ұсынады. Облыстық соттың судьясын Жоғарғы сот кеңесінің кепілдемесі бойынша ҚР-ның Президенті тағайындайды. Облыстық соттардың төрағалары мен алқаларының төрағаларын Жоғарғы сот кеңесінің кепілдемесі бойынша ҚР-сы Президенті бес жыл мерзімге тағайындайды.

4. Судьялардың тәртіптік жауапкершілігі. Жоғарғы сот алқасының төрағасы және судьясы қызметінің бос орнына кандидатураны Жоғарғы соттың төрағасы Жоғарғы соттың жалпы отырысының қорытындысын ескере отырып енгізген ұсыныс бойынша Жоғарғы сот кеңесі қарайды. Жоғарғы сот төрағасы қызметіне кандидатураны Жоғарғы сот кеңесі қарайды. Жоғарғы сот кеңесі Жоғарғы сот төрағасы, алқа төрағасы және судья қызметінің бос орнына кандидатураны ҚР-сы Парламентінің Сенатына ұсынуы үшін ҚР-сы Президентіне ұсынады. ҚР-сы Жоғарғы сотының судьяларын ҚР-сы Президентінің Жоғарғы сот кеңесінің кепілдемесіне негізделген ұсынуы бойынша Сенат сайлайды. Жоғарғы соттың төрағасы мен осы соттың алқаларының төрағаларын ҚР-сы Президентінің ұсынуы бойынша тиісті қызметтерге бес жыл мерзімге Сенат сайлайды. Жоғарғы соттың төрағасы мен алқаларының төрағалары, облыстық соттың төрағасы мен алқаларының төрағалары, аудандық соттың төрағасы өкілеттіу мерзімдері аяқталғаннан кейін, егер олар бұрыңғы қызметтеріне енемесе басқа соттағы осындай қызметке тиісінше қайтадан сайланбаған немесе тағайындалмаған болса, тиісті соттың судьясы өкілеттігін жүзеге асыруды жалғастырады.Сот жүйесі туралы заңның 27 бабында бекітілген судьяларға ешкімнің тиіспеуі судьяның қандайда бір жауапкершілікке тартылмайтынын білдірмейді. Осы заңның 39 бабына сәйкес мынадай бұзушылықтар үшін:

- егер судья сот істерін қарау кезінде заңдылықты бұзса, сот актісінің күшін жою немесе өзгерту, егер бұл орайда заңды өрескел бұзуға жол берілмеген және ол туралы жоғары тұрған сот сатысының сот актісінде көрсетілмеген болса, өздігінен судьялардың жауаптылығына әкеп соқпайды;

- егер судья қайшы келетін теріс қылық жасаса, бұл ретте қоғамдық орындарды мас күйінде жүру, бейпіл сөздер айту ұғынылады;

- еңбек тәртібін өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Сот төрағалары және сот алқаларының төрағалары аталған заңда көзделген лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

Заңнамаға сәйкес судьяларға тәртіптік жазаның мына түрлері қолданылуы мүмкін:



  1. ескерту;

  2. сөгіс;

  3. біліктілік сыныбын төмендету;

  4. қызметтік міндеттерін тиісінше атқармағаны үшін сот төрағасы немесе сот алқасының төрағасы қызметінен босату;

  5. судья заңда көзделген негіздер бойынша судья қызметінен босату.

Әрбір тәртіп бұзушылық үшін тәртіптік теріс қылықтың сипаты, судьяның жеке басы туралы деректер және оның кінәсінің дәрежесі ескеріле отырып, тек бір тәртіптік жаза қолданылады. Тәртіптік іс қозғау құқығы:

  1. ҚР-сы кез келген судьясына қатысты – Жоғарғы сот төрағасына;

  2. Облыстық соттың алқа төрағасы мен судьяларына, аудандық соттың төрағасы мен судьяларына қатысты – облыстық сот төрағасына тиесілі болады;

Судьяға қатысты тәртіптік іс қарау, қызметтік тексеру мен судьяның дәлелді себептермен жұмыста болмаған уақыттын есепке алмағанда, теріс қылық анықталған күннен бастап – үш айдан кешіктірілмей және теріс қылық жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктірілмей қозғалуы мүмкін.

Жоғары тұрған сот сатысының заңдылықтың бұзылу фактісі анықталған сот актісі заңды күшіне енгізілген күн судьяның сот ісін қарау кезінде заңдылықты бұзуына байланысты тәртіптік теріс қылықтың анықталған күні болып есептеледі, ал заңсыз сот актісі шығарылған күн осындай теріс қылықтың жасалған күні болып есептеледі.Тәртіптік іс қозғалған күнінен бастап екі ай мерзім ішінде қаралуға тиіс.

Тәртіптік істерді қарау жөніндегі органдар:


    1. Республикалық тәртіптік-біліктілік алқасы Жоғарғы соттың алқа төрағалары мен судьяларына, облыстық соттардың төрағалары мен алқа төрағаларына қатысты тәртіптік істерді, сондай-ақ облыстық тәртіптік-біліктілік алқаларының шешімдеріне қатысты шағымдарды қарайды;

    2. Облыстық тәртіптік-біліктілік алқалары облыстық соттардың судьяларына, сондай-ақ аудандық соттардың төрағалары мен судьяларына қатысты тәртіптік істерді қарайды.

Тәртіптік іс жөніндегі тәртіптік-біліктілік алқа:

  1. ескерту және сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы;

  2. тәртіптік іс жүргізуді қысқарту туралы;

  3. қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін судьяның біліктілік сыныбын төмендету сот төрағасы немесе алқа төрағасын қызметінен босату және судьяның өкілеттігін тоқтату жөнінде тиісті органдарға немесе лауазымды тұлғаға ұсыныс жіберу туралы;

  4. төменгі тұрған тәртіптік-біліктілік алқаның шешімін өзгерту не оның күшін жою және істі жаңадан қарауға жіберу туралы шешімдердің бірін шығарады.

Егер судья жаа қолданылғна күннен бастап бір жыл бойы жаңадан тәртіптік жазаға тартылмаса, онда ол тәртіптік жазаға тартылмаған деп есептеледі. Судья мінсіз тәртібімен өз міндеттерін адал атқарған жағдайда, тәртіптік жаза қолданылған күннен бастап алты ай өткеннен кейін мерзімінен бұрын алынуы мүмкін. Тәртіптік жазаны берген тәртіптік-біліктілік алқасы оны мерзімінен бұрын алуы мүмкін. ҚР-сы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның немесе оның лауазымды тұлғасының кез келген әрекетіне не шешіміне белгіленген тәртіппен шағым берілуі мүмкін. Осы маңызды конституциялық принцип сот жүйесі туралы заңда көрсетілген. Аталған заңның 46 бабының 1,2 тармақтарына сәйкес облыстық тәртіптік-біліктілік алқасының шешіміне өзіне қатысты шешім шығарылған судья, сондай-ақ тәртіптік іс қозғаған тұлға Республикалық тәртіптік-біліктілік алқасына шағымдануы мүмкін. Ал, Республикалық тәртіптік-біліктілік алқасының шешімі түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды.


жүктеу 2,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау