Бекітемін Оқу-әдістемелік 20 ж


Сот билігі түсінігі, маңызы мен міндеттері



жүктеу 2,08 Mb.
бет4/11
Дата14.05.2018
өлшемі2,08 Mb.
#12667
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

1. Сот билігі түсінігі, маңызы мен міндеттері.

2. ҚР сот жүйесі.


3.Соттардың алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыруда сот төрелігі конституциялық қағидаттарының мағынасы.

4. Сот қызметінің қағидаттар жүйесі.


4-тақырып. Қазақстан Республикасының сот органдары қызметінің құқықтық негізі

  1. Судьялар - сот билігін жүргізушілер. Судьялардың құқықтық мәртебесі және оны заңнамалық реттеу.

  2. Судьялар тәуелсіздігінің кепілдіктері.

  3. Судьяларға өкілеттік беру тәртібі және судьялыққа үміткерлерге қойылатын талаптар.

  4. Судьялардың тәртіптік жауапкершілігі.


5-тақырып. Қазақстан Республикасының сот жүйесі

1.Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитеті.

2.Аралық соттар.

3 Аудандық (қалалық) сот.


6-тақырып. Қазақстан Республикасының соттары

  1. Облыстық және оларға теңестірілген соттар.

  2. Облыстық сотта жұмыстарды ұйымдастыру.

  3. ҚР-сы Жоғарғы Соты қызметінің құқықтық негіздері.

  4. Жоғарғы Сот алқалары.


7-тақырып. Тақырыбы: ҚР-сының Әділет министрлігі.

1. Әділет органдарының міндеттері.

2. Әділет органдарының жүйесі және оның қызметін ұйымдастыру.

3.Әділет органдарының қылмыстық атқару жүйесі.



8-тақырып. ҚР-сы прокуратура органдарының қызметтерін ұйымдастыру.

1. Прокурорлық қызметтің мақсаттары мен негізгі бағытары.

2. Прокуратура органдарының ұйымдастырылуы мен қызметінің принциптері.

3 Прокуратура органдарының жүйесі.

4.Аудандық (қалалық) прокуратуралар.Мамандандырылған прокуратуралар
9-тақырып. Тақырып: ҚР-сындағы алдын ала тергеу және анықтау органдарының жүйесі және жедел іздестіру қызметі

1. Алдан ала тергеуді, анықтауды жүзеге асыратын органдардың түсінігі мен жалпы сипаттамасы.

2. Алдан ала тергеу органдары. Анықтау органдары.

3 Жедел іздестіру қызметі.


10-тақырып. ҚР-сы Ішкі істер министрлігінің қызметі.

        1. ҚР-сы ішкі істер органдарының мәртебесі.

        2. ҚР-сы ішкі істер органдарының міндеттері.

ҚР-сы ішкі істер органдары қызметінің қағидаттары.
11-тақырып. ҚР-ның Кеден органдары, құрылымы мен қызметі.

1.   Кеден органдарының құқық қорғау қызметінің  нысандары

2.  Кеден ережелерін бұзудың түсінігі және жалпы сипаттамасы

3.   Кеден ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жаза түсінігі және   түрлері


12-тақырып. ҚР-ның қаржы полициясы органдары.

  1. Қаржы полициясы туралы түсінік.

2 Қаржы полициясы органдарының жүйесі және қызметінің ұйымдастырылуы
13-тақырып. Тақырып: ҚР-сының ұлттық қауіпсіздік органдары.

1 .Қазақстан Республикасының егемендігі жэне үлтық қауіпсіздІк арақатынасы.

2.Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету кезiндегi азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiктерi

 3.Экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету


14-тақырып. Құқықтық көмектер көрсету.

    1. Адвокатураның ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидаттары.

2. Адвокаттың мәртебесі.
15-тақырып. ҚР-сында құқықтық қамтамасыз етуді ұйымдастыру

1.Нотариат.

2.Нотариустың құқықтық жағдайы.

Студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптары:

1 тапсырма

1-тақырып. Құқық қорғау органдары пәнінің түсінігі, жүйесі

Өткен дәріс тақырыптарын қайталап, тиісті нормативті-құқұқтық актілерлі, әдебиетті қарап шығып төменде берілген сұрақтарға жауап беру


  1. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары пәні мен әдістері

  2. Құқық органдарының қызметі және Қазақстан Республикасының Конституциясында қарастырылған адамдар мен азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғаудағы ролі

2 тапсырма

2-тақырып. Қазақстандағы құқық қорғау оргадарының пайда болу тарихы

Өткен дәріс тақырыптарын қайталап, тиісті нормативті-құқұқтық актілерлі, әдебиетті қарап шығып төменде берілген сұрақтарға жауап беру және таңдау бойынша слайд немесе схема құру

  1. Конституция Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін анықтайтын басты заң

  2. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының өкілеттілігін, қызметін, мақсатын бекітетін басқа да нормативтік актілер және заңдар

3 тапсырма

3-тақырып. Қазақстан Республикасының аумағында алғашқы сот институттарының пайда болу тарихы, сот билігінің түсінігі

Берілген сұрақтар бойынша баяндама жазып келу не дәрісті қайталап төменде берілген сұрақтарға жауап беріп аызша жауапқа дайындалу

- Мемлекеттік органдар жүйесіндегі сот органдарының орыны және оның басқа да мемлекеттік органдармен өзара байланысы



  1. Қазақстанда сот билерінің пайда болу тарихы, оның жаңа ждағдайы мен қарқынды дамуы

  2. Қазақстан Республикасындағы сот өндірісінің нысандары

4 тапсырма

4-тақырып. Қазақстан Республикасының сот органдары қызметінің құқықтық негізі

Өткен дәріс тақырыптарын қайталап, 1-2 сұрақтарға тізбе құру не 3-4-5 сұрақтарға тест сұрақтарын құру және ауызша жауапқа дайындалу не «Кеден статистикасының маңыздылығы» тақырыбында эссе жазу және силлабуста көрсетілген тақырыптар бойынша баяндама жазу

  1. Жоғарғы сот жарлығы құқықтың қайнар көзі судьялардың құқықтық статусы

  2. Судья кандитаттарынына қойылатын талаптар

5 тапсырма

5-тақырып. Қазақстан Республикасының сот жүйесі

Тақырып негізінде кедендік бақылау жүргізудің кемшіліктері және оны жақсарту жолдары тақырыбында эссе жазу не ауызша жауапқа дайындалу

  1. Соттық инстанциялар жүйесі

  2. Күдіктінің түсінігі

6 тапсырма

6-тақырып. Қазақстан Республикасының соттары

Өткен дәріс тақырыптарын қайталап, тиісті нормативті-құқұқтық актілерлі, әдебиетті қарап шығып төменде берілген сұрақтарға жауап беру және тақырып бойынша тізбенұсқа құрып келу

  1. Облыстық және оған теңестірілген соттар құзыры

  2. Облыстық соттың құрамы, құрылымы және алқасы



7 тапсырма

7-тақырып. Тақырыбы: ҚР-сының Әділет министрлігі.

Өткен дәріс тақырыптарын қайталап, тиісті нормативті-құқұқтық актілерді, әдебиетті қарап шығып төменде берілген сұрақтарға жауап беру өткен – 1-7 тақырыптар бойынша терминдерге анықтамалар жазып, қорғау

  1. Экономикалық соттар

  2. Әскери соттар

  3. Әкімшілік соттар

8 тапсырма

8-тақырып. ҚР-сы прокуратура органдарының қызметтерін ұйымдастыру.

Тақырып негізінде кедендік бақылау жүргізудің кемшіліктері және оны жақсарту жолдары тақырыбында эссе жазу және ауызша жауапқа дайындалу

  1. Қазақстан Республикасының жоғарғы соттың құрамы және құзыры

  2. Жоғарғы сот органдары

9 тапсырма

9-тақырып. Тақырып: ҚР-сындағы алдын ала тергеу және анықтау органдарының жүйесі және жедел іздестіру қызметі

Өткен дәріс тақырыптарын қайталап, тиісті нормативті-құқұқтық актілерлі, әдебиетті қарап шығып төменде берілген сұрақтарға жауап беру

  1. Конституциялық кеңестің құрамы және құзыры

  2. Қазақстан Республикасындағы Констициялық бақылау институтының дамуы және қалыптасу тарихы

  3. Конституциялық кеңес қаулысы

10 тапсырма

10-тақырып. ҚР-сы Ішкі істер министрлігінің қызметі.

Тақырып сұрақтары бойынша төмендегі тізімге сәйкес шағын баяндамалар жазып келіп қорғау және лекция, практика сұрақтарына ауызша жауапқа дайындалу

  1. Прокурордың құқықтық статусы

  2. Прокурорлық тергеу түсінігі және түрлері

  3. Прокурорлық тергеудің құқықтық актілері

11 тапсырма

11-тақырып. Тақырып: ҚР-ның Кеден органдары, құрылымы мен қызметі.

Өткен дәріс тақырыптарын қайталап, тиісті нормативті-құқұқтық актілерді, әдебиетті қарап шығып төменде берілген сұрақтарға жауап беру және таңдау түрінде бірнеше сұраққа тізбе жасау

  1. Ішкі істер органының жүйесі және құзыры

  2. Ұлттық қауіпсіздік органдары

12 тапсырма

12-тақырып. ҚР-ның қаржы полициясы органдары.

Өткен дәріс тақырыптарын қайталап, тиісті нормативті-құқұқтық актілерді, әдебиетті қарап шығып төменде берілген сұрақтарға жауап беру және таңдау түрінде 1 сұраққа слайд жасау

  1. Жедел-іздестіру қызметінің түсінігі

  2. Экономикалық қылмыспен күресті мамандандырылған орган, қаржы полицисы органы жүзеге асырылуы

13 тапсырма

13-тақырып. Тақырып: ҚР-сының ұлттық қауіпсіздік органдары.

Берілген сұрақтар бойынша баяндама жазып келу және дәрісті қайталап төменде берілген сұрақтарға жауап беріп аызша жауапқа дайындалу

- Кеден ережелерін бұзу бойынша істерді қарастыру

- Қазақстан республикасының кеден ісі аясындағы халықаралық ұйымдарға қатысуы

- Кеден бақылауын ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары



  1. Қазақстан Рсепубликасының Әділет министрлігінің құрылымы, құзыры

  2. Қылмысстық органдырының жүйесі, қызметі және мақсаты. әділет органдарының жергілікті орындау органы

14 тапсырма

14-тақырып. Құқықтық көмектер көрсету.

Өткен дәріс тақырыптарын қайталап, 1-2 сұрақтарға тізбе құру және 3-4-5 сұрақтарға тест сұрақтарын құру және ауызша жауапқа дайындалу

  1. Әділет органымен адвокатураның өзара байланысы

  2. Адвокат алқасы

15 тапсырма

15-тақырып. ҚР-сында құқықтық қамтамасыз етуді ұйымдастыру

Өткен дәріс тақырыптарын қайталап, тиісті нормативті-құқұқтық актілерді, әдебиетті қарап шығып төменде берілген сұрақтарға жауап беру өткен – 8-15 тақырыптар бойынша терминдерге анықтамалар жазып, қорғау

  1. Францияның сот жүйесі

  2. Ресей Федерациясының сот жүйесі

  3. АҚШ сот жүйесі


Әдебиет тізімі

Нормативтік актілер



  1. Қазақстан Республикасы. Конституция (1995) Қазақстан Республикасының Конституциясы : ресми басылым. – А. : Заң әдебиеті, 2008.

  2. “ҚР соттарының мәртебесі мен сот жүйесі туралы” ҚР Конституциялық Заңы : жеке басылым. - А. : Ғылым, 2000.

  3. “Прокуратура туралы” Қазақстан Республикасының Заңы: жеке басылым. – А.: Ғылым, 1995.

  4. «ҚР Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының: жеке басылым. – А.: Заң әдебиеті, 1998.

  5. “Әділет органдары туралы” Қазақстан Республикасының 2002 ж. 03 наурыздағы Заңы : жеке басылым. - А. : Ғылым, 2004.

  6. “ҚР қаржы полиция органдары туралы” Қазақстан Республикасының Заңы : жеке басылым. – А.: Ғылым, 2002.

  7. «Адвокат қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы : жеке басылым: жеке басылым – А.: Ғылым, 1997.

  8. «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының 1997 ж. 14 шілдедегі Заңы

  9. «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1994 ж. 15 қыркүйектегі Заңы

  10. «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Президентінің Заң күші бар 1995 ж. 26 желтоқсандағы бұйрығы

  11. Қазақстан Республикасының қылмыстық-процессуалдық 1997 ж. 13 желтоқсандағы кодексі

  12. Қазақстан Республикасының Президентінің “Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды одан әрі жетілдіру туралы” заң күші бар жарлығы : жеке басылым. – А.: Ғылым, 1996.

Негізгі әдебиет



  1. Авдонкин, В.С., Карпов, Е. А., Науменко, А. Б. Правоохранительные органы: сборник схем. / В. С. Авдонкин, Е. А. Карпов, А.Б. Науменко - М.: Новый юрист, 1998.

  2. Безнасюк, А. С., Рустамов, Х. У. Судебная власть: учебник для вузов./ А. С, Безнасюк, Х. У. Рустамов - М.: Юнита – Дана, 2002.

  3. Гуценко, Г. Ф., Ковалев, М. А. Правоохранительные органы: учебник / Г. Ф. Гущенко, М. А. Ковалев - М.: Зерцало ТЕИС, 2001.

  4. Григоне, Э. П., Правоохранительные органы: курс лекций / Э. П. Григоне – Питер, 2000.

  5. Дубова, Г. В., Опалева, А. В. Профессиональная этика работников правоохранительных органов: учебник / под ред. Г. В. Дубова, А. В. Опалева - М.: «Щит – М», 1998.

  6. Ибрагимов, Х. Ю. Правоохранительные органы: учебник / Х. Ю. Ибрагимов – А.: Данекер, 2000.

Қосымша


  1. Самалдыков, М. К., Правоохранительные органы в РК: учебник / М. К. Самалдыков – А., 1996.

  2. Туякбаев, Ж. А. Развитие прокуратуры Казахстана в период государственно-правовой реформы: учебник / Ж. А. Туякбаев - А., 1997.

  3. Шнитковский, А. А., Правовые основы организации и деятельности правоохранительных органов РК: учебник / А. А. Шнитковский – А., 1996.

9. Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсырудың графигі





Барлық балы

1бірлікке балл

Семестр аптасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Аралық бақылау

100
























100



















100

Семинарлық сабаққа қатысу

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

СӨЖ

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

Қорытынды баға

100

























100



















100

Жіберу рейтингі допуск

100

























100



















100

Емтихан

100














































100

Үлгерімді ағымдағы бақылау пән бойынша білімді қорытынды бағалаудың 60% құрайды және емтиханның бағасы пән бойынша қорытынды бағалаудың 40% құрайды. Қорытынды бағаны есептегенде тіркеу бөлімі 0,6;0,4 коәффиценттерін қолданады.





ҚБғ =

РБ1 (100) + РБ2 (100)

х 0,6 + ҚБ (100) х 0,4

2

мұнда:


РБ 1 – 1-ші рейтингілік бақылау;

РБ 2 – 2- ші рейтингілік бақылау;

ҚБ– қорытынды бақылау;

ҚБғ– қорытынды бақылау;

Студент рұқсат алу рейтингілік бағаның және/немесе қорытынды бақылаудың нәтижесімен келіспеген жағдайда рейтингті қою және емтиханның өту күнінен бір күн ішінде шағымдана алады. Шағымдану комиссиясы отырысының нәтижелері хаттамамен безендіріледі.

Қорытынды бақылаудың қанағаттанарлықсыз бағасы мен оң бағасын (жоғарлату мақсатында) қайта тапсыруларға рұқсат етілмейді.





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ОӘК

ПОӘК 042-18-20.1.46/02-2013

«Құқық қорғау органдары» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

№1 басылым 2013ж


18.09.2013

Оқу-әдістемелік оқу жұмыс кешені

Қүқық қорғау органдары

Заңтану мамандығына 050301

«
СЕМЕЙ 2013ж




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ОӘК

ПОӘК 042-18-20.1.46/02-2013

«Құқық қорғау органдары» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

№1 басылым 2013ж


18.09.2013

Оқу-әдістемелік оқу жұмыс кешені

Қүқық қорғау органдары

Заңтану мамандығына 050301

«
СЕМЕЙ 2013ж




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ОӘК

ПОӘК 042-18-20.1.46/02-2013

«Құқық қорғау органдары» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

№1 басылым 2013ж


18.09.2013

Оқу-әдістемелік оқу жұмыс кешені

Қүқық қорғау органдары

Заңтану мамандығына 050301

«
СЕМЕЙ 2013ж

Мазмұны


1

Глоссарий

2

2

Дәріс

4

3

Практикалық сабақ

4

4

Курсовой жұмыстарын тақырыбы

5

5

Емтихан сүрақтары (тест тапсырма)

6


Глоссарий

1) "сот" - сот билiгi органы, Қазақстан Республикасының сот жүйесiне кiретiн, iстi алқалық немесе жеке қарайтын кез келген заңды түрде құрылған сот;

2) "бiрiншi сатыдағы сот" - қылмыстық iстi мәнi бойынша қарайтын сот;

3) "апелляциялық саты" - бiрiншi сатыдағы соттың заңды күшiне енбеген үкiмдерiне, қаулысына апелляциялық шағымдар (наразылықтар) бойынша iстi қарайтын екiншi сатыдағы сот;

5) "қадағалау сатысы" - тараптардың осы сатының алдындағы сот сатыларының заңды күшiне енген сот шешiмдерiне шағым, наразылығы бойынша iстi қадағалау тәртiбiнде қарайтын сот;

6) "судья" - сот билiгiнiң иесi; осы лауазымға заңда белгiленген тәртiппен тағайындалған немесе сайланған кәсiпқой судья (соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы, соттың мүшесi немесе тиiстi соттың басқа да судьясы);

7) "төрағалық етушi" - қылмыстық iстi алқалық немесе жеке қарау кезiнде төрағалық ететiн судья;

7-1) алқаби - соттың қылмыстық істі осы Кодексте белгіленген тәртіппен қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы;

8) "басты сот талқылауы" - бiрiншi сатыдағы соттың қылмыстық iстi мәнi бойынша қарауы;

9) "процеске қатысушылар" - қылмыстық iзге түсудi және сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өздерiнiң немесе өздерi бiлдiретiн құқықтар мен мүдделердi қорғайтын адамдар: прокурор (мемлекеттiк айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы, сезiктi, айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер, оның заңды өкiлi мен өкiлi, жәбiрленушi, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi мен өкiлдерi;

10) "қылмыстық процестi жүргiзушi орган" - сот, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша iстi сотқа дейiн жүргiзу кезiнде прокурор, тергеушi, анықтау органы, анықтаушы;

11) "тараптар" - сот талқылауында бәсекелестiк пен тең құқықтылық негiзiнде айыптауды (қылмыстық iзге түсудi) және айыптаудан қорғауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар;

12) "айыптау тарабы" - қылмыстық iзге түсу органдары, сондай-ақ жәбiрленушi (жеке айыптаушы), азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi мен өкiлдерi;

13) "қылмыстық iзге түсу (айыптау)" - қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды, соңғысының қылмыс жасаудағы кiнәлiлiгiн анықтау мақсатында, сондай-ақ мұндай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшiн айыптау тарабы жүзеге асыратын iс жүргiзу қызметi;

14) "қылмыстық iзге түсу органдары" - прокурор (мемлекеттiк айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы;

15) "анықтау" - анықтау органдарының осы Кодекспен белгiленген өкiлеттiк шегiнде iстiң мән-жайының жиынтығын анықтау, белгiлеу, бекiту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөнiндегi сотқа дейiнгi қызметiнiң iс жүргiзу нысаны;

16) "алдын ала тергеу" ("алдын ала iздестiру") - уәкiлеттi органдардың осы Кодекспен белгiленген өкiлеттiк шегiнде iстiң мән-жайының жиынтығын анықтау, белгiлеу, бекiту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөнiндегi сотқа дейiнгi қызметiнiң iс жүргiзу нысаны;

17) "тергеуде болу" - осы Кодексте белгiленген, белгiлi бiр қылмысты тергеу белгiлi бiр алдын ала тергеу органының немесе анықтаудың құзыретiне жататын белгiлердiң жиынтығы;

18) "қорғану тарабы" - сезiктi, айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер және оның өкiлi;

19) "қорғау" - қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген адамдардың құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ету, айыптауды жоққа шығару немесе жеңiлдету, сондай-ақ заңсыз қылмыстық iзге түсуге ұшыраған адамдарды ақтау мақсатында қорғау тарабы жүзеге асыратын iс жүргiзу қызметi;

20) "мәлiмдеушi" - сотқа немесе қылмыстық iзге түсу органдарына қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен өзiнiң (басқаның) нақты немесе жорамалды құқығын қорғау үшiн өтiнiш жасаған адам;

21) "өкiлдер" - заңның немесе келiсiмнiң күшiне орай жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң, азаматтық жауапкердiң заңды мүдделерiн бiлдiруге уәкiлдiк берiлген адамдар;

22) "заңды өкiлдер" - сезiктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары, сондай-ақ сезiктiнi, айыпталушыны немесе жәбiрленушiнi қорғап немесе асырап отырған ұйымдар мен адамдардың өкiлдерi;

23) "туыстар" - үлкен атасы мен үлкен әжесiне дейiн ортақ ата-бабалары бар туыстық байланыстағы адамдар;

24) "жақын туыстар" - ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандар, бiрге туған және бiрге тумаған туыс аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, атасы, әжесi, немерелерi;

25) "қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар" - сот отырысының хатшысы, аудармашы, куә, куәгер, сарапшы, маман, сот приставы;

26) "қылмыстық iс" - жасалды деп жорамалданған бiр немесе бiрнеше қылмыстар бойынша қылмыстық iзге түсу органы мен сот жүргiзетiн оқшауландырылған iс жүргiзу;

27) "iс бойынша iс жүргiзу" - қозғау, сотқа дейiнгi дайындау, сотта талқылау және соттың үкiмiн (қаулысын) орындау барысында нақты қылмыстық iс бойынша жүзеге асырылатын iс жүргiзу әрекеттерi мен шешiмдерiнiң жиынтығы;

28) "қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу" - қылмыстық iс қозғалған кезден бастап оны мәнi бойынша қарау үшiн сотқа жолдағанға дейiн қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу (анықтау және алдын ала тергеу), сондай-ақ қылмыстық iс бойынша жеке айыптаушы мен қорғау тарабының материалдар дайындауы;

29) "iстiң материалдары" - iстiң құрамдас бөлiгi болып табылатын немесе оған қосу үшiн ұсынылған құжаттар мен заттар, хабарлаулар, сондай-ақ iс бойынша жағдайды белгiлеу үшiн маңызы болуы мүмкiн құжаттар мен заттар;

30) "iс жүргiзу әрекеттерi" - осы Кодекске сәйкес қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында жүргiзiлетiн iс-әрекеттер;

31) "хаттама" - қылмыстық процестi жүргiзушi орган жасаған iс жүргiзу әрекетi көрсетiлетiн iс жүргiзу құжаты;

32) "iс жүргiзу шешiмдерi" - өз құзыреттерi шегiнде қылмыстық процестi жүргiзушi органдар шығаратын және осы Кодексте айқындалған нысанда көрiнiс табатын қылмыстық iс жүргiзу құқығын қолдану актiлерi - үкiмдер, қаулылар, қорытындылар, ұсыныстар, санкциялар;

33) "қаулы" - соттың үкiмнен басқа әртүрлi шешiмдерi, анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында қабылданған шешiмдерi;

34) "үкiм" - айыпталушының кiнәлiлiгi немесе кiнәсiздiгi және оған жаза қолдану немесе қолданбау туралы мәселе бойынша бiрiншi сатыдағы соттың басты сот отырысында немесе апелляциялық соттың талқылауында шығарылған сот шешiмi;

35) "қорытынды шешiм" - қылмыстық процестi жүргiзушi органның iс бойынша iс жүргiзудiң басталуын немесе жалғастырылуын болдырмайтын, сондай-ақ, түпкiлiктi болмаса да, iстi мәнi бойынша шешетiн әртүрлi шешiмдерi;

36) "санкция" - прокурордың, соттың сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында қылмыстық iзге түсу органы қабылдаған iс жүргiзу шешiмiн бекiту актiсi;

37) "түсiндiру" - процеске қатысушылар мен мәлiмдеушiлердiң өзiнiң дәмесiн немесе өздерi өкiлi болған адамдардың дәмесiн негiздеу үшiн келтiрiлген ауызша немесе жазбаша дәйектемесi;

38) "шағым, наразылық" - процеске қатысушылардың анықтау, алдын ала тергеу, прокурор немесе соттың iс-әрекетiне өздерiнiң құзыретi шегiнде және осы Кодексте белгiленген тәртiппен енгiзiлген көңiл аудару актiсi;

39) "өтiнiш жасау" - тараптың немесе мәлiмдеушiнiң қылмыстық процестi жүргiзушi органға арналған өтiнiшi;

40) "ғылыми-техникалық құралдар" - дәлелдердi анықтау, көрсету, алу және зерттеу үшiн заңды түрде қолданылатын аспаптар, арнаулы жабдықтар, материалдар;

41) "арнаулы бiлiм" - адам кәсiби оқудың не белгiлi бiр мамандық бойынша жұмыс iстеуiнiң нәтижесiнде алған, қылмыстық сот iсiн жүргiзу мiндеттерiн шешу үшiн пайдаланылатын қылмыстық сот iсiн жүргiзудегi жалпы жұртқа белгiлi емес бiлiм;

42) "баспана" - бiр немесе бiрнеше адамның уақытша немесе тұрақты тұруына арналған үй-жай немесе құрылыс, оның iшiнде: меншiктi немесе жалға алынған пәтер, үй, саяжай үйi, мейманхана нөмiрi, каюта, көп пәтерлi үйлердi қоспағанда, оларға тiкелей жалғасатын тұрғын үйлердiң верандалары, террасалары, галереялары, балкондары, жертөлесi және шатыры, сондай-ақ өзен немесе теңiз кемесi;

43) "түнгi уақыт" - жергiлiктi уақыт бойынша сағат жиырма екiден алтыға дейiнгi уақыт аралығы.

6. ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
1-тақырып. Құқық қорғау органдары пәнінің түсінігі, жүйесі

1.Құқық қорғау қызметінің түсінігі, белгілері және міндеттері.

2.Құқық қорғау қызметтерінің басты бағыттары

3.Құқық қорғау органдары, оның түсінігі мен жүйесі.

4.Құқық қорғау органдары оқу курсының пәні, жүйесі.


  1. Құқық қорғау қызметінің түсінігі, белгілері және міндеттері. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдарының қызметтері қоғам өмірінің алуан түрлі саласын қамтиды. Бір мемлекеттік органдар еліміздің экономиканың дұрыс қалыптасуына әсер етсе, екіншісі сыртқы саясатты жүзеге асырады, ал үшіншісі еліміздің қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз етіп отырады және тағы басқа да мемлекеттік органдар мемлекеттің маңызды деген мәселелерін шешіп отырады.

Дегенмен, аталған мемлекеттік қызметтердің ішінде, заңдылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету қызметі ерекше маңызды орында тұрады. Себебі, Қазақстан Республикасында заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету арқылы азаматтардың құқықтары мен бостандықтары қорғалады.

Ал, Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында ең басты құндылық - ол адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Сондықтан, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету құқық қорғау қызметінің басты мәселесі болып табылады. Осыдан көрінітіндей, мемлекеттік қызметтің ішінде, құқық қорғау қызметі басты орын алады.

Құқық қорғау қызметтерін дұрыс түсіну үшін алдымен құқық қорғау қызметінің белгілерін жақсы түсіну қажет. Сондықтан, құқық қорғау қызметінің белгілері мыналар:


  1. құқық қорғау қызметі кез келген тәсілмен емес, тек заңда белгіленген құралдары арқылы жүзеге асырылады. Заңда белгіленген құралдарына жатады, атап айтсақ мемлекеттік күштеу шаралары (мысалы, егер адам қылмыс жасаса, онда сот сол қылмыс жасаған адамға қатысты жаза тағайындайды немесе заңмен белгіленген басқада әсер ету шараларын қолдана алады, айыппұл, қоғамдық жұмыстар). Демек, заңдық әсер ету құралдарының ішінде, заң бұзушылықтарды ескерту және оларды алдын алу шаралары басты орын алады.

  2. құқық қорғау қызметін жүзеге асыру кезінде заңдық әсер ету шаралары тек қатаң заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Нақты әсер ету құралдарын қолданудың негізі болып әрқашанда тек заң болып табылады. Әсер ету құралдарын қолдану кезінде заң нормаларына сілтеме жасалуы қажет. Мысалы, адам біршама уақыт бойы көші-қон органдарынан заңда белгіленген тәртіп бойынша тіркеуден өткен жоқ болса, онда арнаулы органдар сол адамға қатысты әсер ету шарасы ретінде тек айыппұл ғана салынады. Демек, сол адамның заңсыз іс әрекеті үшін қамауға алуға немесе оған жаза беруге болмайды.

  3. құқық қорғау қызметі әрқашанда нақты тәртіптерді сақтау арқылы заңда белгіленген ережелермен жүзеге асырылады. Мысалы, сот адамға қатысты үкім шығармас бұрын, мыналарды орындау қажет:

а) сот талқылауына тараптар қатысады және олар дәлелдемелерді жан жақты, толық зерттеуі қажет;

б) сот үкімі арнайы кеңесу бөлмесінде талқылануы қажет.



  1. құқық қорғау қызметін әрқашанда арнайы мемлекеттік органдары жүзеге асырады. Арнайы мемлекеттік органдар деп аталуы мынамен түсіндіріледі.

а) аталған органдарда арнайы дайындықтан өткен азаматтар жұмыс атқарады (мысалы, ҚР-сы Ішкі істер Академиясы, ҚР-сы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Академиясы, ҚР-сы Қаржы полициясы Академиясы, Жоғарғы оқу орындарының заң факультеттері).

б) аталған органдар арнайы тәртіптер бойынша құрылады, қайта құрылады немесе таратылады (көп жағдайда, құқық қорғау органдарын ҚР-сы Президенті құрады).

в) аталған органдарда міндетті түрде заңгерлер жұмыс атқарады (мысалы, судья, прокурор, тергеуші, анықтаушы, адвокат).

г) аталған органдардың қызметтері тек арнайы заңдермен реттеледі (мысалы, ҚР-сы сот жүйесі туралы заңмен, Прокуратура туралы заңмен, ҚР-сы Қылмыстық істер жүргізу заңымен және т.б.).

ғ) аталған органдардың арнайы өкілеттіктері бар (мысалы, азаматтарды ұстауға, қамауға алуға, қылмыстық жазаға тартуға).

Міне, жоғарыда аталған барлық ережелерді талдай отырып, біз құқық қорғау қызметінің түсінігін аша аламыз. Яғни, құқық қорғау қызметі дегенімізі - бұл заңға сәйкес және заң талаптарын қатаң сақтау арқылы құқық қорғау мақсатында заңда белгіленген әсер ету шараларын қолдануға өкілеттігі бар арнайы органдардың мемлекеттік қызметі.

Құқық қорғау қызметтерінің міндеттері туралы мәселеге келсек, онда оның міндеттінің түсінігі мен мазмұны заңда толық әлі шешілмеген.

Бірақ, құқық қорғау қызметінің міндеттері тіптен жоқ дегенді білдірмейді. Құқық қорғау қызметінің міндеттері бар және олар бірқатар нормативтік құқықтық актілерде анықталады. Мысалы, құқық қорғау қызметі ретінде ҚР-сы Ішкі істер министрілігінің өзіндік міндеттері болса, онда прокуратураның өзіндік міндеттері болады, ал Ұлттық қауіпсіздік органдарының міндеттері де өзгеше, ал соттың міндеттері де қайталанбас өзіндік міндеттері бар.

Сондықтан, құқық қорғау қызметінің міндеттері, алдымен сол құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын құқық қорғау органдарының міндеттерінен көрінеді.


  1. Құқық қорғау қызметтерінің басты бағыттары Өзінің мазмұны бойынша құқық қорғау қызметі алуан түрлі екеніне көзіміз жетті. Алуан түрлі болуына құқық қорғау қызметтерінің көптігі әсер етеді. Сондықтан, құқық қорғау қызметінің бағыттары мыналар:

а) сот төрелігі;

б) сот қызметтерін қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

в) прокурорлық қадағалау;

г) қылмыстарды анықтау мен тергеу;

ғ) заң көмектерін көрсету.

Аталған әрбір құқық қорғау бағыты өзінің мақсатына жетуге бағытталады. Мысалы;

а) сот төрелігі - іс бойынша әділ, заңды үкім не шешім шығару;

б) сот қызметтерін қамтамасыз етуді ұйымдастыру - сот билігі қалыпты деңгейде жұмыс жасауы;

в) прокурорлық қадағалау - заңдардың дәл әрі бірыңғай орындалуы;

г) қылмыстарды анықтау мен тергеу - қылмыстарға сапалы тергеу жүргізу;

ғ) заң көмегін көрсету - азаматтардың құқықтарын қорғау.

Осы аталған мақсаттарды тиімді орындау арқылы ғана құқық қорғау қызметтерінің жалпы міндеттері орындалады. Аталған құқық қорғау қызметінің әрбір бағытының өзіндік маңызы бар. Сондықтан, мына құқық қорғау қызметінің бағытының маңызы төмен немесе жоғары деп айта алмаймыз.

Дегенмен, аталаған бағыттардың ішінде сот төрелігі басты орын алады. Енді түсінікті болуы үшін сот төрелігін ашып қарастырайық.

ҚР-сы Конституциясы мен сот жүйесі туралы заңға сәйкес сот билігінің басты әрі маңызды нысаны ол сот төрелігі.

Сот төрелігін дұрыс түсіну үшін біз оның белгілерін жақсы білуіміз қажет. ҚР-сы Конситуциясының 75, 78 баптары мен сот жүйесі туралы заңының нормаларын талдай отырып, сот төрелігінің мынадай белгілерін шығара аламыз: сот төрелігін мемлекет атынан мемлекеттік биліктің арнайы органы - сот ғана жүзеге асырады. Соттардың нақты тізімі ҚР-сы Конституциясында және сот жүйесі туралы заңда белгіленеді. Соттар мәртебелерінің ерекшелігі олардың ұйымдастыру тәртіптерімен байланысты. Аудандық (қалалық) соттарды уәкілетті органның ҚР-сы Жоғарғы сот төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша ҚР-ның Президенті құрады, қайта құрады және таратады. Облыстық және оларға теңестірілген соттарды уәкілетті органның ҚР-сы Жоғарғы сот төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша ҚР-сы Президенті құрады, қайта құрады және таратады.

ҚР-сы судьялар корпусы екі тәсілмен жасақталады:

а) Жоғарғы сот төрағасын, Жоғарғы сот алқаларының төрағаларын, Жоғарғы сот судьяларын - ҚР-сы Жоғарғы сот кеңесінің кепілдемесі негізінде ҚР-сы Президентінің ұсынуымен ҚР-сы Парламенті Сенаты сайлайды.

б) Облыстық және оларға теңестірілген сот төрағаларын, облыстық сот алқалары төрағаларын, облыстық сот судьяларын - ҚР-сы Жоғарғы сот кеңесінің кепілдемесі негізінде ҚР-сы Президенті тағайындайды.

в) аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларын, судьяларын - ҚР-сы Әділет біліктілік алқасының кепілдемесі негізінде ҚР-сы Әділет Министрі ұсынуымен ҚР-сы Президенті тағайындайды.

Сот төрелігі міндетті түрде іс жүргізушілік заңдылықтарға сәйкес жүзеге асырылады (ҚР-сы Қылмыстық істер жүргізу кодексі, ҚР-сы Азаматтық істер жүргізу кодексі, ҚР-сы Әкімшілік істер жүргізу кодексі). Сондықтан, іс жүргізушілік заңдылықтармен жүзеге асыру екі жолмен анықталынады:

а) қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді қарау арқылы (яғни, аталған істердің мән-жайларын анықтау мақсатында дәлелдемелерді зерттеу арқылы);

б) қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді шешу арқылы (яғни, аталған істер бойынша үкім, шешім шығару арқылы).

Қылмыстық, азаматтық істер әрқашанда сот мәжілісінде қаралады. Оның өзі мына жолдармен анықталынады:

а) сот мәжілісіне әрқашанда тараптардың қатысуы қажет - айыптау тарабы мен қорғау тарабы;

б) айыптау тарабы мен қорғау тарабы сот мәжілісінде дәлелдемелерді зерттеу кезінде тең құқықтарға ие болады.

Заңды күшіне енген шешімдер мен үкімдер заң күшіне ие болады, сөйтіп үкім және шешімді барлығы орындау міндетті болады. Ал, заңды күшіне енген шешімдер мен үкімдерді орындамау заң бойынша қылмыстық жауапкершілікке алып келеді. Сот актілерін тек ғана тұрған сот арқылы ғана өзгертіледі немесе жойылады.Сот төрелігі әрқашанда Конституцияда, сот жүйесі туралы заңда және тағы басқада заңдарда белгіленген принциптерге сүйенеді. Сот төрелігінің басты принциптері ҚР-сы Конституциясында белгіленгендіктен, олардың жоғары заң күші болады.

Сот төрелігі құқық қорғау қызметі болғандықтан, ҚР-нда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, мемлекеттік органдарының және қоғамдық ұйымдарының мүдделерін сақтауға бағытталады.

Сонымен, қорытынды жасасақ, онда сот төрелігі - бұл соттың қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді қарау мен шешу бойынша жүзеге асыратын құқық қорғау қызметі.


  1. Құқық қорғау органдары, оның түсінігі мен жүйесі. Құқық қорғау қызметтерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасында нақты органдар құрылады және оларды тиісінше құқық қорғау қызметінің органдары деп атайды. Құқық қорғау қызметтерінің мазмұнын, құқық қорғау қызметінің бағытын талдай отырып, құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын органдарына мыналарды жатқызуға болады:

а) соттар (ҚР-сы Жоғарғы соты, облыстық және оған теңестірілген соты, аудандық және оған теңестірілген соты);

б) прокуратура (ҚР-сы Бас прокуратура, облыстық және оған теңестірілген прокуратура, аудандық және оған теңестірілген прокуратура);

в) қылмыстарды анықтау мен тергеуді жүзеге асыратын органдар (ҚР-сы Ішкі істер Министрлігі және оның органдары, ҚР-сы Ұлттық қауіпсіздік комитеті және оның органдары, ҚР-сы Қаржы полициясы және оның органдары);

г) Әділет Министрлігі және оның органдары;

ғ) адвокатура;

д) нотариат.

Осы құқық қорғау қызметтерін жүзеге асыратын органдардың ішінде сот органдары басты орында тұрады. Себебі;

а) сот органдары - сот билігін құрайды;

б) сот органдары арнайы тәртіптер бойынша құрылады;

в) сот органдары азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда түпкілікті, соңғы шешім шығарады.

Құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын органдардан бөлек тұратын және олармен тығыз байланыста болатын және олардың жүйесінен шығатын - ол құқық қорғау органдары. Құқық қорғау органдарының ерекшелігі тек олар ғана қылмыстармен күреседі, қылмыстарды алдын алады, анықтап, жояды. Қылмыс жасаған тұлғаны анықтап, оны қылмыстық жауапқа тартады және жасалған қылмыс бойынша тергеу жүргізеді. Сондықтан, құқық қорғау органдарына мыналар жатады:

а) ҚР-ның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу аппараты;

б) ҚР-ның Ішкі істер министрлігінің тергеу аппараты;

в) ҚР-ның Қаржы полициясының тергеу аппараты;

г) Анықтау органдары.

4. “Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары” оқу пәнінің мәні мен жүйесі.

“Қазақстан Республикасы құқық қорғау” оқу пәнінің мәніне мыналар жатады:



  1. құқық қорғау қызметтері;

  2. құқық қорғау қызметтерінің басты бағыттары;

  3. құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын органдары мен құқық қорғау органдарының құрылысы.

“Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары” оқу пәнінің шеңберінде құқық қорғау қызметтерінің түсінігі, маңызы мен мазмұнына байланысты жалпы мәселелер қарастырылады.

“Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары” оқу пәнінің жүйесінде ерекше орында сот төрелігінің түсінігі мен маңызы тұрады.

Аталған оқу пәнінің жүйесінде, сонымен бірге, соттардың қызметтерін қамтамасыз етуді ұйымдастыру, прокурорлық қадағалау, қылмыстарды анықтау мен тергеу, заң көмектерін көрсету мәселелерін ашып қарастыруға бағытталады.

5. “Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары” курсының басқада құқықтық пәндерімен ара қатынасы.

“Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары” курсы құқық қорғау қызметтері туралы бастапқы мәліметтер беретін оқу пәні болғандықтан, ол басқада құқықтық пәндерімен тығыз байланыста болады.

Құқықтық пәндер жүйесінде, бірінші орында “Конституциялық құқық” пәні тұрады. Бұл оқу пәнінде Конституцияға сәйкес құқық қорғау органдарының алатын рөлі мен қызметіне жалпы сипаттама беріледі.

“Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары” курсы “Әкімшілік құқықпен” де байланысты. “Әкімшілік құқық” барлық мемлекеттік органдарының (оның ішінде, құқық қорғау органдарына ұқсас) ұйымдастырылуы мен қызмет жасау заңдылықтары зерттелінеді.

“Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары” курсы сонымен бірге, Мемлекет және құқық теориясымен, Мемлекет және құқық тарихы және тағы басқа құқықтық пәндерімен тығыз байланыста болады.




2-тақырып. Қазақстандағы құқық қорғау оргадарының пайда болу тарихы

1. ҚР-сы құқық қорғау органдары туралы нормативтік-құқықтық актілердің жалпы сипаттамасы мен олардың жіктелуі.

2. ҚР-сы құқық қорғау органдары туралы құқықтық актілерді заңдық маңызы бойынша жіктеу.

1. ҚР-сы құқық қорғау органдары туралы нормативтік-құқықтық актілердің жалпы сипаттамасы мен олардың жіктелуі. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының құрылысы мен қызметтерін жақсы меңгеру үшін алдымен бірқатар заңнамалар мен құқықтық актілерді де зерттеу қажет. Бірқатар, заңнамалар деп отырғанымыз шартты түрде айтамыз. Себебі, құқық қорғау қызметтерін реттейтін құқықтық актілердің тізімі 500 тен асады.

Құқық қорғау органдары туралы заңдардың көп болуы мынамен түсіндіруге болады:



    1. құқық қорғау қызметтері үлкен жауапкершілікті талап етіледі;

    2. құқық қорғау қызметінің барлық тәртіптері мұқият реттеліп отырылады;

    3. құқық қорғау органдарында заң бұзушылықтарды болдырмау үшін қажет.

Құқық қорғау органдары туралы заңнамалар әртүрлі деңгейлі болады. Мысалы, ҚР-сы Конституция, заңдар, Президент Жарлықтары бір тізбекте тұрып, бір уақытта қолданылуы мүмкін. Сондықтан, әрбір заңның өзіндік заңдық мәртебесі болады. Соған сәйкес, құқық қорғау органдары туралы құқықтық актілерді екі түрге бөлуге болады:

а) Құқық қорғау органдары туралы құқықтық актілерді мазмұны бойынша жіктеу;

б) құқық қорғау органдары туралы актілерді заңдық күші бойынша жіктеу.


  1. Құқықтық актілерді мазмұны бойынша жіктеуді келесі топқа бөлуге болады:

а) жалпы сипаттағы құқықтық актілер;

б) сот билігі, сот төрелігі және соттар туралы актілер;

в) соттардың қызметтерін қамтамасыз етуду ұйымдастыру туралы актілер;

г) прокурорлық қадағалау және прокуратура органдары туралы актілер;

ғ) қылмыстарды анықтау мен тергеуді ұйымдастыру туралы актілер;

д) заң көмектерін ұйымдастыру туралы актілер.



А) Жалпы сипаттағы актілер:

  1. ҚР-ның Конституциясы, 30.08. 1995 жыл;

  2. “Ұлттық қауіпсіздігі туралы” заңы, 21.12. 1995 жыл;

  3. “ҚР-ң ұлттық қауіпсіздік органдары туралы” заңы, 21.12.1995 жыл;

  4. Всеобщая декларация прав человека, 1948 год;

  5. Международный пакт о гражданских и политических правах, г. Нью-Йорк, 19.12.1966г;

  6. Конвенция о защите прав человека и основных свобод, подписанная в Риме, 4.11.1950г.

жүктеу 2,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау