Балаға мейірімді қала Бастаманы Қазақстан Республикасында жүзеге
асыру әдістемесі
Балаға мейірімді қала Бастаманы Қазақстан Республикасында жүзеге асыру әдістемесі
15
14
Созылмалы аурулармен
ауыратын балалардың
үлесі
6 айға дейін тек емшек
еметін балалардың пай-
ызы
Жасөспірім қыздардың
арасындағы туу коэффи-
циенті
14–17 жастағы қылмыс
жасаған балалар саны
БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА
Сәбилерді емізу олардың дені сау болып өсу және оңтай-
лы даму мүмкіндіктерін арттырады. Емшек емізудің кең
таралуы сәби туылған кезде және өмірінің алғашқы 6 айында
көрсетілген медициналық көмек сапасының, сондай-ақ
халықтың баланың денсаулығы, бойы және дамуына қатысты
озық тәжірибелер туралы жалпы хабардарлығының жалпы
көрсеткіші болып табылады.
Ерте бала туу жүктіліктің жайсыз аяқталуының жоғары
ықтималдығымен, балалардың денсаулығы мен дамуына
мейлінше жоғары қауіп-қатер тууымен байланысты. Көрсет-
кіш, сонымен қатар, қажетсіз жүктілікті азайтуға бағытталған
жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын қорғау бойын-
ша жүргізілетін іс-шаралардың тиімділігін сипаттайды. Оған
қоса, жасөспірімдік жастағы босанушы қыздардың санының
азаюы репродуктивті денсаулыққа жаппай қолжетімділікке
жету бойынша Мыңжылдық даму мақсаттарын орындаудағы
жетістік көрсеткіші болып табылады.
Жасөспірімдер арасында қылмысты санын азайту адам
құқықтары бойынша стандарттарды іске асыруға ұмтылатын
мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың жалпы міндеті
болып табылады.
5
ОШЕ мен ТМД елдері бойынша ЮНИСЕФ Өңірлік офисі, TransMonee деректер базасы, 2015
Жол – көлік оқиғалары
салдарынан болатын
балалардың өлім – жітім
жағдайларының саны
Балаларға қатысты
қылмыс саны
Жазатайым жағдайлар,
жарақат және улану
салдарынан болатын
балалардың өлім-жітімі
жағдайларының саны
Жекелеген ауа ла-
стағыштардың орташа
жылдық шоғырлануы
Бұл көрсеткіш қатер деңгейін, соған сәйкес, жолды жобалау-
ды жақсарту, көше қозғалысын басқару мен көлік қауіпсіздігі
жөніндегі бағдарламаларға тигізетін ықпалы мен қажет-
тіліктерін сипаттайды.
Көрсеткіш Бала құқықтары туралы конвенцияның балаларды
қорғауға қатысты құқық бұзушылық деңгейінің сандық баға-
сын береді және осы салада мемлекеттік саясатты дайындау
үшін бастапқы негіз болып табылады.
Көрсеткіш балаларға арналған әділсот саласындағы про-
филактикалық бағдарламалар мен қызметті әзірлеу мен
жоспарлау үшін пайдаланылатын деректерді қамтамасыз
етеді. Көрсеткішті сонымен қатар қылмыс түрлері мен бала-
лардың жасына қарай егжей – тегжейлі қарастыруға болады.
Бұл көрсеткіш балалардың үйдегі және одан тыс жерлер-
дегі қауіпсіздігі үшін жалпы қатер деңгейін, сәйкесінше,
балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі
бағдарламаларға тигізетін ықпалы мен қажеттіліктерін
сипаттайды.
Қазақстанда ауаның ластануы денсаулық пен қоршаған
орта үшін, әсіресе, қалалар мен индустриалдық тұрғыда
дамыған өңірлерде айтарлықтай салдарлар туғызатынына
көптеген дәлелдер бар. Деректер ірі қалалардағы ауа сапа-
сының көбінесе санитарлық нормалардан жоғары екенін,
әсіресе көмір қышқыл газы қалдығының жоғары екенін көр-
сетеді. Дүниежүзілік банк пен ҚР Қоршаған ортаны қорғау
министрлігінің арасында 2013 жылы жасалған «Экономика-
лық зерттеулер бойынша бірлескен бағдарлама» құжатына
сәйкес, Қазақстанның жекелеген өңірлеріндегі экологиялық
жағдай аса күрделі, сондықтан оның балалардың денса-
улығына әрі қарай зиян келтірмеуі үшін егжей-тегжейлі ақпа-
рат жинау қажет.
Өлшенген бөліктердің көлемі балалардың денсаулығына
тигізетін салдарлармен тығыз байланысты бірден – бір
ауа ластағыш болып табылады
6
. Балалардың ауа ла-
стағыштар салдарынан қорғалмауы өмірлерінің алғашқы
жылдарында айтарлықтай жоғары болып табылады. «Қазги-
дромет» РМК деректеріне негізделген көрсеткіш балалардың
экологиялық денсаулығы бағдарламалары аясында басым
сипатта болып табылатын қоршаған орта/таза ауа бойын-
ша бағдарламаларды сипаттайды және олардың ықпалын
бақылап отырады.
Балалар арасында созылмалы аурулардың таралғандығы
туралы деректер: а) денсаулық сақтау, білім беру және әлеу-
меттік қызмет саласындағы қажеттіліктерді бағалау;
ә) босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі кезеңдердегі
балаларға арналған профилактикалық бағдарламаларды
жоспарлау үшін қажет.
беру салаларының мамандарына бағытталған кешенді про-
филактикалық бағдарламаларды әзірлеу үшін пайдаланылуы
мүмкін.
Қазақстанда жасөспірімдер суициді өзекті мәселе болып
табылады, әсіресе 15–17 жас аралығындағы жасөспірімдер
үшін және 100 000 халыққа
5
17,6 оқиғадан келеді. Ол Орталық
Азия мен Еуропа елдеріне қарағанда айтарлықтай жоғары.
Қазақстан Үкіметі суицидті денсаулық сақтау және жалпы ба-
лалар мен жасөспірімдер аман-саулығы мәселесіндегі күрделі
проблема ретінде таныды. Осыған байланысты жасөспірім-
дер мен жастар арасындағы суицид деңгейі бойынша
тұрақты түрде деректер жинау қажеттілігі туындап отыр.
6
«Ауа ластануының денсаулыққа әсері туралы мәліметтерге шолу» Қоршаған орта және денсаулықты қорғау жөніндегі БДҰ Еуропалық орталығы, 2013 ж.