Балаға мейірімді қала Бастаманы Қазақстан Республикасында жүзеге
асыру әдістемесі
7
«Балаға мейірімді қала»
түсінігі нені білдіреді?
Балаға мейірімді қалада жергілікті атқарушы
органдар, мекемелер, балалар мен жастар-
дың бірлестіктері, барлық тұрғындар Бала
құқықтары туралы конвенцияда мазмұндалған
балалардың құқықтарын іске асыру үшін
барлық күш-жігерін жұмсайды. Мұндай қалада
балалардың пікірлеріне құлақ асады және
оларды жергілікті даму бағдарламаларын
әзірлеу барысында ескереді.
Бастаманың мақсаты балалар мен жастардың
өмірлерін жақсарту болып табылады және ол
жас тұрғындардың мынадай құқықтарын іске
асыру арқылы жүзеге асырылады:
• өздері тұрып жатқан қаланы қалай көргісі
келетіні туралы өз пікірлерін білдіру;
• өздері тұрып жатқан қалаға қатысты
шешім қабылдауға ықпал ету;
• отбасы мен қоғам өміріне араласу;
• медициналық қызмет, білім беру және
тұрғын үй жағдайларын қоса алғанда, негізгі
қызметтерге қол жеткізу;
• қауіпсіз ауызсуды пайдалану және қажетті
санитарлық-гигиеналық жағдайларға қол
жеткізу;
• қанаудан, зорлық-зомбылықтан және
ұрып-соғудан қорғалу;
• өсімдік және жануарлар әлеміне қол
1
Балаларға мейірімді қалаларды құру: іс-қимылдар жасау негізі, ЮНИСЕФ Зерттеу орталығы, наурыз 2004
жеткізу;
• көшеде өміріне қауіп төнбейтіндей
жағдайда өз бетімен жүріп-тұру;
• достарымен кездесіп, ойнау;
• ластанбаған қоршаған ортада өмір сүру;
• қаланың мәдени және әлеуметтік өміріне
қатысу;
• өз қаласының (ауданының) тең құқылы
азаматы болу, этникалық шығу тегіне, дініне,
отбасының табысына, жынысына және дене
бітімінің даму ерекшеліктеріне қарамастан,
қызметтерге қол жеткізу
1
.
Балаға мейірімді қала дегеніміз (бұдан әрі – БМҚ) – балалар мен жастар-
дың жан-жақты және толыққанды дамуға, қоғам өміріне белсенді және
шынайы қатысуға, өздерінің мүдделерін қозғайтын мәселелерге қатысты
шешімдер қабылдауға мүмкіндіктері бар қала; бұл жынысына, денсау-
лығының жай-күйіне, әлеуметтік жағдайына, ұлтқа тиістілігі және діни
сеніміне қарай кемсітушілікке орын жоқ қала.
Балаға мейірімді қала Бастаманы Қазақстан Республикасында жүзеге асыру әдістемесі
9
8
Балаға мейірімді қала Бастаманы Қазақстан Республикасында жүзеге асыру әдістемесі
«Балаға мейірімді қала»
бастамасының әлемдегі
және Қазақстандағы тарихы
Төрт жыл өткен соң (1996 ж.), Түркияның
Ыстамбұл қаласында БҰҰ-ның елді мекендер
бойынша Екінші конференциясының қара-
рына жауап ретінде «Балаға мейірімді қала»
бастамасы ресми түрде басталды. Осы конфе-
ренцияда балалардың әл-ауқаты саламатты
өмір сүру ортасының, демократиялық қоғам-
ның және мемлекеттік билік органдарының
жауапты жұмысының негізгі көрсеткіші болып
табылатыны танылды.
Бастапқыда «Балаға мейірімді қала» баста-
масы ірі қалаларға арнап әзірленсе де, бірақ
келе-келе бастамаға деген қызығушылық
артып, оған басқа шағын елді мекендер де
қосыла бастады.
2000 жылы Флоренцияда (Италия) бастаманы
іске асыру бойынша сараптамалық көмек
көрсету үшін «Балаға мейірімді қала» баста-
масының Халықаралық хатшылығы мен оның
интернет-ресурсы www.childfriendlycities.org
құрылды. 2010 жылдан бастап ресурстық-әді-
стемелік қызмет Флоренциядағы Хатшылықтан
Нью-Йорктегі БҰҰ Балалар қорының (ЮНИ-
СЕФ) штаб-пәтеріне ауысты.
Жергілікті атқарушы органдардың
балалардың құқықтарын іске асы-
рудағы маңызды рөлі тұңғыш рет
ресми түрде 1992 жылы Дакар (Се-
негал) қаласында жария етіліп, онда
БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ)
«Мэрлер – балаларды қорғаушы-
лар» бастамасы бастау алған еді.
Бастама көптеген серіктестерді – орталық және
жергілікті билік органдарын, үкіметтік емес
және қоғамдық бірлестіктерді, ұлттық және
халықаралық ұйымдарды, сарапшылар мен
ғылыми мекемелерді, бизнес-құрылымдар
мен бұқаралық ақпарат құралдарын, ең басты-
сы, балалар мен жастар ұйымдарын тартты.
Қазақстанда «Балаға мейірімді қала» халықа-
ралық бастамасын Қазақстандағы БҰҰ Балалар
қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым министр-
лігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Пре-
зидентінің жанындағы Әйелдер істері және
отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі
ұлттық комиссия іске асыруда.
2008–2009 жж. өзінде-ақ бастамаға қосылған
алғашқы қалалар Сәтпаев, Саран, Семей, Өске-
мен, Ақсу, Павлодар және Алматы қаласының
Алмалы ауданы болды.
Қазіргі кезде бастамаға Астана, Қараған-
ды, Шымкент, Екібастұз, Ақсай, Петропавл,
Қызылорда, Балқаш, Ақтөбе, Қостанай, Ақтау
қалаларын, сонымен қатар Қарағанды облы-
сының Абай, Осакарка және Нұра аудандарын
қоса алғанда, еліміздің 21 қаласы мен ауданы
қатысуда.
Бастамаға қатысушы қалалардың бірінде
мерзімді түрде балаға мейірімді қалалардың
ұлттық форумы өткізіліп тұрады. Бұл фо-
румда қалалар мен аудандар бастаманы іске
асыру аясында қол жеткізген нәтижелерімен
бөліседі.
Орталық және жергілікті мемлекеттік орган-
дармен жүргізілген консультациялар негізінде
және халықаралық озық тәжірибелерге сүйене
отырып, Қазақстанға арналған балаларға мей-
ірімді қалаларды тану жүйесі әзірленді.
Барлық кезеңдерден жақсы нәтижелерге ие
болғаны және қаланың (ауданның) ілгеріле-
ушілікке жеткені туралы дәлелдер ұсынғаны
үшін балаға мейірімді қала (аудан) атағы
беріледі.
«Балаға мейірімді қала»
бастамасына қатысу
маңыздылығы
Бастама қалалардың, аудандардың және ауыл-
дардың жергілікті өзін-өзі басқару органдары-
на балалардың құқықтарын жергілікті страте-
гиялар мен даму бағдарламаларының негізгі
компоненті ретінде енгізуіне көмектеседі.
2
Бастама бірнеше маңызды үрдістерді; ауыл
халқының жедел қарқынмен қалаға шоғыр-
лануын (урбанизация); билік органдарының
мемлекеттік басқаруды орталықтың иелігінен
алу контексінде тұрғындардың алдында өсіп
келе жатқан міндеттерін; еліміздің саяси және
экономикалық жүйелеріндегі қалалар мен елді
мекендердің өсіп келе жатқан мәнін ескере
отырып туындағандықтан оның маңызы зор.
Бастама Бала құқықтары туралы конвенцияны
балалардың өміріне неғұрлым тікелей әсер
ететін деңгейде жүзеге асыруға ықпал етеді.
«Балаға мейірімді қала» бастамасының бұл
әдістемесі қалаға (ауданға) олардың жергілікті
басқару, инфрақұрылым және қызмет көрсету
жүйелеріне қатысты барлық аспектілерде ба-
лаларға неғұрлым мейірімді болуы үшін көмек
ретінде бағытталған. Бастама жергілікті билік
органдарының құрылымы мен қызметі бойын-
ша балалардың құқықтары тұрғысынан тиісті
шешімдер қабылдау үдерісіне балалардың
белсенді қатысуын қамтамасыз ету, сондай-ақ
негізгі қызметтерге қол жеткізуге тең құқықты
қамтамасыз ету үшін қажетті тоғыз элементтен
тұрады. Олар мыналар:
1 Балалардың қатысуы
Балалар мен жастардың өз мүдделеріне
қатысты шешім қабылдау үдерісіне қатысуы;
балалар мәселелері бойынша шешім қабыл-
даған кезде олардың пікірлерін тыңдау және
назарға алу.
2 Балаларға мейірімді заңнамалық база
Барлық балалардың құқықтарын біртіндеп
ілгері жылжытатын және қорғайтын норма-
тивтік-құқықтық базаны қамтамасыз ету.
3 Балалардың құқықтары жөніндегі стра-
тегия
БҰҰ Бала құқықтары конвенциясына сүйене
отырып, балаға мейірімді қаланы құру бойын-
ша егжей – тегжейлі және кешенді стратегия
әзірлеу.
4 Бала құқықтары бойынша үйлестіру тетігі
Бала мәселелерінің басымдылығын қамта-
масыз ету үшін жергілікті өзін-өзі басқару
органдарында тұрақты құрылым құру.
5 Заңнамалардың балаларға әсерін бағалау
Бастаманың жүзеге асырудың барлық кезең-
дерінде заңнамалар мен нақты бағдарлама-
лардың балаларға тигізетін әсерін бағалау
бойынша жүйелі үдерістің болуын қамтама-
сыз ету.
6 Балалардың мүддесін көздейтін бюджет
Балалардың мүддесі үшін қажетті ресурстар-
мен қамтамасыз ету және бюджет қаражатына
талдау жасау.
7 «Қаладағы балалардың жағдайлары тура-
2
«Балаға мейірімді қала» халықаралық бастамасы, http://childfriendlycities.org/overview/the-cfc-initiative