ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
6М010600 «МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ» МАМАНДЫҒЫНЫҢ КЕШЕНДІ ОҚУҒА ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Орал 2017
6М010600 «МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ» мамандығының кешенді түсу емтихандарының бағдарлама мен әдістемелік нұсқаулары кешенді түсі емтихандарына дайындалуға арналған. Бағдарлама Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес және жоғары мектеп оқушыларының мамандандырылуы ескеруімен құрастырылған. Бағдарлама емтиханда тексерілетін 6M010600 «Музыкалық білім» магистратура талаптарын, сондай-ақ емтиханға ұсынылатын тапсырмаларды және бағалау критерийлерін қамтиды.
I. Түсіндірме жазба
Қабылдау сынақ бағдарламасы 6М010600 Музыкалық білім мамандығы бойынша Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес құрастырылған.
Магистратураға түсетін тұлғалар үшін талаптар
Магистрлік бағдарламаны меңгеруге келген тұлғалардың алдынғы білім деңгейі – жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі» арқылы магистратураға азаматтар қабылданады.
Түсу емтихандарының мақсаты:
талапкердің магистрліқ бағдарламасын меңгеруіне теориялық, әдістемелік, ғылыми-зерттеу дайындығын анықтау.
Түсу емтихандарының міндеттері:
- талапкердің теориялық және әдіснамалық білім деңгейін тексеру;
- талапкердің ғылыми-зерттеу және шығармашылық қызметіне дайындығын анықтау;
- музыкалық өнер саласындағы ғылыми мәтіндермен өз бетінше жұмыс істей білетіндін анықтау.
Магистратураға түсуші міндетті:
Музыкалық білім беру теориясы мен әдістемесі бойынша арнайы әдебиеттерді – білу.
Музыкалық білімнің әдістемесі мен теориясының мәселелері мен сұрақтарын, негіздерін сауатты түсіндіру; өз көзқарастарын дәлелдеу – білу.
Музыкалық білім педагогикасы саласында ғылыми талдаудың негізгі әдістемесін, музыкалық білім теориясы мен әдістемесі саласында негізгі терминологиясын, сауатты сөйлеу – меңгеру.
ӨТКІЗУ ТҮРІ:
Кешенді емтиханның өтуі:
- ауызша түрде билет бойынша. Емтихан билеттері «Музыкалық білім тарихы, теориясы және әдістемесі» пәнінен үш сұрақтан құралған.
- шығармашылық емтихан – жеке шығармашылық бағдарлама орындау (аспаппен немесе вокалдық бағдалама орындау).
Барлық пәндер және тапсырмалар білім берудің алдыңғы деңгейінде қалыптасқан құзыреті бойынша негізделген.
Жоғары білімі бар бакалаврларға, 6М010600 Музыкалық білім мамандығының магистратурасына түсетін емтихан пәндерінің тізімі
Кешенді түсу емтиханның барлық пәндері және тапсырмалары білім берудің алдыңғы деңгейінде қалыптасқан құзыреті бойынша негізделген. Білікітілк келесі пәндер арқылы құрылған:
№
|
Пән атауы
|
Кредит саны
|
1
|
Музыкалық білім әдістемесі
|
2
|
2
|
Негізгі музыкалық аспап
|
4
|
Таңдалған «Музыкалық білім беру әдістемесі» пәнінің түсу емтихандарының өзектілігі, ол студент меңгеретін ақпараттың үлкен көлемінде алғашқы қадамы болып саналады. Осы пән кәсіби дайындықта ерекше орын алатын себебі, ол «Музыкалық білім» бағытында пәндерді байланыстырады. Пәннің ерекшелігі ол балабақшалар мен мектептерде музыкалық білім беру және білім беру мазмұны мен әдістерін үйренуге мүмкіндік береді. Балалардың шығармашылық даму міндеттері мен олардың шешімдерді. Пән барлық кәсіби курстармен тығыз байланысты.
Таңдалған «Негізгі музыкалық аспап» пәнінің түсу емтихандарының өзектілігі – бұл пән өнер тарихы, рухани мәдениет және білім беру тәжірибесінде байланыс болып саналады. Осы пәнді енгізу қажеттілігі - аспаптық орындаушылықтың шығармашылық қызмет түрі ретінде мұқтаждығы. Бұл пән музыкалық шығарманы меңгеру барысында аспапта ойнау техникалық дағдыларын иелену және көрсетуді, музыкалық және есту қабілеттерінің орындаушылық түрлері мен әдістерін дамытуды, әртүрлі жанрдағы стильдегі және бағыттағы шығармалардың репертуарын меңгеруін қалыптастырады. Студенттер алған білімдері мен дағдылары олардың шығармашылық ойлауына және жеке шығармашылық мүмкіндіктеріне қажет. Пән барлық кәсіби курстармен тығыз байланысты.
II. Бағдарламаның мазмұны
Емтихан мазмұны теориялық сұрақтар мен практикалық тапсырмалар тұрады.
Емтиханның теориялық сұрақтар мәселелері:
- музыкалық білім беру жүйесін дамытудың субъектісі ретінде музыкалық өнерінің мәні;
- музыкалық және оқу процесіне жеке студенттің орны мен рөлі;
- бағыттың, мақсаттары мен міндеттерінің, принциптер сипаттамасы, музыкалық білім беру әдістері мен мазмұнын анықтау;
- оқушылардың музыкалық қызмет түрлерінің сипаттамасы және жіктеуі, оның ұйымдастыру формалары мен әдістері;
- педагог-музыканттың кәсіби қызмет түрлерінің сипаттамасы және жіктеуі.
Емтихан кезінде музыкалық білімнің проблемалық оқытудың әдістерін қолдануымен немесе қосымша кәсіби музыкалық білімде бөлек музыкалық пәндерді үйретуімен студенттердің жас ерекшеліктері және тұлғаның жеке қасиеттерінің ескерілуімен музыкалық қабілеттері мен олардың даму жолдарына қатысты мәселелер қозғалады.
Шығармашылық қызметі бакалавриат профильді пәндер бойынша үміткерлердің дағдылары мен қабілеттерін көрсетуге арналған. Талапкерге Музыкалық орындау саласындағы құзыретін көрсетуге музыка немесе басқа жеке өнімділігін орындауға мүмкіндік беріледі.
III. Қабылдау сынақтың өткізу ережелері
1. Оқуға түсу сынақтың алдында сынақтарының талапкерлер үшін кеңес өткізіледі (бекітілген кесте бойынша).
2. Оқуға түсу сынақ аралас түрде өтеді.
3. Оқуға түсу емтиханнын барысында ұялы телефондар және басқа да байланыс құралдары өшірулі болуы тиіс.
4. Емтихан барысында талапкерге жауап парағы және емтихан материалдары беріледі.
5. Жауап парағын толтыру кезінде, қара немесе көк қалам пайдалану керек.
6. Емтихан өту барысында аудиториядан тек сарапшымен бірге шығуға болады.
7. Талапкер аудиториядан тек сарапшының рұқсатымен шығуға құқылы.
8. Түсу емтихандары жүз балдық шкала бойынша бағаланады.
9. Егер талапкер қойылған бағамен келіспесе апелляцияға беруге құқылы.
10. Оқуға түсу емтиханына талапкер келмесе немесе себепсіз кешігіп келсе, келесі сынақтарға жіберілмейді.
Оқуға түсу сұрақтары
1. Жоғары оқу орындары оқыту жүйесіндегі музыкалық-педагогикалық қызметкерлерінің
орны.
2. Д.Б.Кабалевскийдің жетекшілігімен өңделген, музыкалық бағдарламалардың негізгі принциптері мен әдістері.
3. Музыка мәдениетін қалыптастырудагы психологиялық- педагогикалық негіздер.
4. Музыкалық білімінң қоғамдық-әлеуметтік маңыздылығы.
5. Оқу үрдісінде оқыту бірлігін, тәрбиелеудің, музыкант-педагогтың музыкалық өнерінің дамуын іске асыру.
6. Жеке тұлғаның танымдық мүдделерін қалыптастырудағы аспаптық музыка мағынасы.
7. Педагог-музыканттың зерттеу-эксперименталдық жұмысы.
8. Музыкалық-педагогикалық зерттеулердің санаттары.
9. Музыка өнеріне жеке тұлғаның эмоциялық-құнды қарым-қатынасы.
10. Педагог-музыканттың әдіснамалық мәдениетінің мазмұны.
11. Музыка сабағында қолданылатын жаңа ақпараттық технологиялар.
12. Ежелгі және орта ғасырдағы музыкалық тәрбие берудің көздері.
13. Музыка педагогикасының философия және туыстық ғылым салаларымен байланысы.
14. Мұғалім-музыканттың музыкалық мәдениетін қалыптастырудағы орындаушылық
қабілеттері.
15. Музыкалық эстетикалық тәрбие барысында айтыс (импровизация) мағынасы.
16. Адамгершілікке тәрбиелеудегі қазақ халық әндерінің маңызы.
17. «Елім-ай» бағдарламасының ғылыми-әдістемелік негіздері.
18. Музыкалық білім беру әдістемесінің үш аспектілері.
19. А.Затаевич және оның қазақ музыкасына қосқан үлесі.
20. Құзыретті кадрларды даярлауда инновациялық технологияларды пайдалану.
21. Карл Орф«Шульверк» концепциясының негізгі бағыттары мен принциптері.
22. Баланы дамытудағы музыкалық тәрбиенің рөлі.
23. «Музыка» бағдарламасындағы басты оқыту әдістері.
24. Сөз бен музыканың байланысы.
25. Мұғалім-музыканттың жеке басым сапасы.
26. Өнер салаларының сабақтастығы (әдебиет, бейнелеу өнері және тарих)
27. Абай Құнанбаевтың музыкалық мұрасы арқылы эстетикалық тәрбие беру
28. Жасөспірімдердің бос уақытын дұрыс ұйымдастырудағы музыкалық өнердің әлеуметтік маңыздылығы.
29. «Музыка» бағдарламасының негізгі әдістері.
30. Музыкалық білімдегі музыкалық әрекеттің маңыздылығы .
31. Педагог-музыканттың дүниетанымы.
32. Қазақстандық балалар мен жасөспірімдердің музыкалық тәрбиесі.
33. Музыка сабақтарында эпикалық әндерді қолданудың оңтайлы жолдары.
34. Музыка пәнінде коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру.
35. Музыка сабағында фольклорды пайдалану тәсілдері.
36. Оқушылардың музыкалық деңгейін дамытудағы педагогикалық технологиялардың мәні.
37. Музыкалық –педагогикалық зерттеудің әдістемелік сипаттамасы: мәселе және тақырып , объектісі және субъектісі.
38. Жеңіл және байыпты музыкадағы педагогикалық қиыншылықтар.
39. Музыка мәдениетін қалыптастырудагы психологиялық- педагогикалық негіздер.
40. Шығыс шығармаларындағы музыкалық -дидактикалық және эстетикалық көзқарастар.
41. Л. Яворский, Б.Асафьев, В.Н. Щацкийлердің музыка тыңдау туралы көзқарастары.
42. Алдыңғы қатарлы педагог- наваторлардың музыкалық педагогикадағы іс тәжірибелерінің бағдарламасы.
43. Психологиялық- педагогикалық зерттеу әдістері және олардың сипаттамасы.
44. Шетелдердегі музыкалық тәрбие.
45. Қазақстан кәсіби композиторлар шығармалары арқылы жүйелеп оқытудың әдісі мен технологиясы.
46. Озық педагогикалық тәжірибелерді зерттеу, жалпылау және қолдану.
47. Музыкалық педагогикалық проблемаларды әдіснамалық талдау.
48. Е.Г. Брусиловскийдің музыкалық- педагогикалық қызметіне әдіснамалық талдау.
49. Музыкалық -педагогикалық зерттеудің санаттары.
50. Музыкалық білім мақсаты, міндеті және принциптері.
53. Ән репертуарлары және оған қойылатын талаптар.
54. Педагог-музыканттың практикалық іс-әрекетіндегі философиялық дүниетанымның маңызы.
55. Музыкалық тәрбиені қалыптастырумен дамытудағы Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин және А.Құнанбаевтың рөлі.
56. Күйдің тақырыптық- мазмұндық ерекшелігі.
57. Зерттеудегі дүниетаным мен өнер мәселелері.
58. Музыкалық фольклорды зерттеушілер мен жинақтаушылар
59. Дәстүрлі өнер жүйесіндегі негізгі теориялық тәрбие мүмкіндіктерін анықтау.
60. Музыка педагогикасындағы жалпы оқыту принциптеріне сипаттама.
61. Музыкадағы ұлы ойшылдардың еңбектері.
62. Музыка мұғаліміне қойылатын жаңа талаптар.
63. Халықтық музыка тәрбиесінің жүйелік мазмұны.
64. Музыка мұғалімінің музыкалық- педагогикалық даярлығы.
65. Музыка сабағындағы балалар шығармашылығы.
66. Эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары және оның ұлттық ерекшеліктері.
67. Ұлттық аспаптық музыкаға қызығушылық оятудын педагогикалық жолдары.
68. Қазақ музыкасын зерттеудегі А.Жұбановтың еңбектері.
69. Б.Байқадамовтың музыкалық-педагогикалық көзқарасын қалыптастырған саяси қоғамдық оқиғалар.
70. Қазақстандағы музыкалық тәрбие.
71. Жеке тұлғаға музыка арқылы патриоттық тәрбие берудің теориялық негіздері.
72. Шығыс ғұламаларының дидактикалық -эстетикалық көзқарастары.
73. Табиғат туралы музыкалық шығармалардың мәні.
74. Музыкалық қызығушылықты дамытудағы сөз өнерінің күші.
75. Балалар музыка тәрбиесіне үлес қосқан, Қазақстандық ғалым –оқытушылар және олардың еңбектері.
БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
90-100 балл «өте жақсы»
Тақырыптың, билет сұрақтарының терең және дәлелді негіздемесі; зерттелетін мәселенің нақты мәлімдемесі және түсінуі; әдебиет тақырыбына байланысты және қолданған аналитикалық әдістерін кең және дұрыс пайдалануы; пайдаланылатын теориялардың кемшіліктерін анықтау білу және тарих, теория, музыкалық білім беру тәжірибесін талдау фактілер негізінде қорытынды жасау. Жауаптар магистранттың жоғары кәсіби дайындығын және оның ғылыми жұмысын көрсетеді. Билеттегі баяндалған сұрақтарға жауаптар логикалық дәйекті болып табылады, және одан әрі түсініктеме талап етпейді. Әдебиет тіл нормалары орындалады. Барлық үш дидактикалық бірліктер қамтылған жауаптар төмендегі критерийлер бойынша бағаланады: әрбір мәселе барынша айқын егжей-тегжейлі логикалық баяндалған болса; себеп-салдарлық байланыстар анықталса; теориялық материал қолданбалы біліммен байланысты болса; теориялық қорытындылар нақты мысалдармен бекітілсе; жауапта кәсіби терминология дұрыс қолданылса; кәсіби талқылау және дебат дұрыс дәлелді жүргізілсе; нанымды фразеология және эмоционалды қарым-қатынас; өз ұстанымы кәсіби дәлелденсе.
75-89 балл «жақсы»
Тақырыптың, билет сұрақтарының жақсы дәлелді негіздемесі; айқын мәлімдеме және зерттелетін мәселенің түсінуі; талдауда әдебиеттердің шектеулі санын қолану. Жұмыс зерттелетін мәселе бойынша орташа негізделген және аздаған қорытулар жасалды. Курстың мазмұны мен жауаптар музыкалық білім беру саласындағы студенттік дағдыларын көрсетеді. Жауаптар музыкалық білім тәжірибесі тарихын, теориясын талдау барысында жеткілікті ғылыми және кәсіби дайындықты көрсетеді. Материалды талдау қабілеті көрсетіледі, бірақ барлық қорытындыларда негізделген және дәлелді сипаты жоқ. Әдебиет тіл нормалары орындалады. «Жақсы» деген баға қойылады – бағаланатын жауапта барлық дидактикалық бірліктер төмендегі критерийлер бойынша көрсетілген болса: әрбір сұрақ жақсы баяндалған, логикалығы және жүйелілігі байқалса; себеп-салдарлық байланысы анықталса; теориялық материал қолданбалы біліммен байланысты болса; кәсіби терминология дұрыс қолданылса.
50-74 баллов «удовлетворительно»
Тақырыптың, билет сұрақтарының жеткілікті негіздемесі, бірақ қарастырылп жатқан мәселенің терең түсінігі жоқ. Мәселені жан-жақты зерттеуге қажетті ғылыми жұмыстар келтірілмеген, тарих, теория, тәжірибеден визуалды аналогтар жауап кезінде шектеулі көлемде қолданылған. Мәдениет және музыкалық білім тарихын талдау барысында құзыреті жетіспеушілігі байқалады. Жауап қанағаттанарлық кәсіби дайындықты, бірақ ғылыми жұмысқа шектеулі бейімділігін көрсетті. Қорытындылармен қиындықтар бар. Әдебиет тіл нормаларының бұзушылықтары бар. Мәселені жан-жақты зерттеуге қажетті ғылыми жұмыстар келтірілмеген, тарих, теория, тәжірибеден визуалды аналогтар жауап кезінде шектеулі көлемде қолданылған. Мәдениет және музыкалық білім тарихын талдау барысында құзыреті жетіспеушілігі байқалады. Жауап қанағаттанарлық кәсіби дайындықты көрсетті. «Қанағаттанарлық» деген баға қойылады – бағаланатын жауапта екі дидактикалық бірлік толық емес көрсетілген; қорытындылар анық тұжырымдалмаған, жауапта нақты және логикалық қателер бар; терминологияда қателер байқалса.
0-49 балл 2 «қанағаттанарлықсыз»
Билет сұрақтары тақырыбы жалпы көрсетілген. Әдебиет көрсетілмеген. Материал толық көрсетілмеген. Қолданылған теориялар және тұжырымдамалардың қасаң көзқарас болуы. Зерттелген мәселе бойынша ой-пікірлері әрқашан құзыретті емес. Тарих, теория, тәжірибе фактілерін талдыу барысында қате және дұрыс емес қорытындылар. Жауап барысында ешқандай ғылыми білімділік жоқ, әдебиет нормасында бұзушылықтар байқалады. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады – бағаланатын жауапта теориясы мен практикасында қойылған сұрақтарға жауап алған жоқ.
МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ОҚУҒА ТҮСУ КЕШЕНДІ
ЕМТИХАННЫҢ БАҒАЛАРЫ
Әріптік жүйесі негізінде бағалар
|
Әріптік бағаға сандық эквиваленттер
|
Меңгерген білімнің пайыздық мазмұны
|
Дәстүрлі жүйе негізінде бағалар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
А
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
3,0
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
75-89
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
Қанағаттанарлық
|
С
|
2,0
|
65-69
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D-
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
«Қазақ өнері» Энциклопедия «Білік» редакциялық – Баспа орталығы, Алматы, 2002.
Актуальные проблемы музыкально-педагогического образования: Межвузовский сборник научных статей Республиканской научно-практической конференции, посвященной 70-летию О.байдильдаева.-Алматы: Комплекс, 2002.-136с.
Музыка: Жалпы білім беретін мектептің 1-сыныбына арналған оқулық /Ш.Құлманова, М.Оразалиева, Б.Сүлейменова.- Алматы: Атамұра, 2001.-128 бет, суретті, ноталы.
Музыка: Жалпы білім беретін мектептің 2-сыныбына арналған оқулық /Ш.Құлманова, М.Оразалиева, Б.Сүлейменова.- Алматы: Атамұра, 2002.-128 бет, суретті, ноталы.
Музыка: Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық /Ш.Құлманова, М.Оразалиева, Б.Сүлейменова.- Алматы: Атамұра, 2003.-128 бет, суретті, ноталы.
Музыка: Жалпы білім беретін мектептің 4-сыныбына арналған оқулық /Ш.Құлманова, М.Оразалиева, Б.Сүлейменова, С.Елеманова.-Алматы: Атамұра, 2000.-128 бет, суретті, ноталы.
М.Балтабаев, Б.Өтемұратова «Елім-ай» Алматы «Атамекен» 1993.90б.
Б.Ғизатов, Л.Хамиди «Домбыра үйрену мектебі» а, 1983.
Б.Ғизатов «Мектептегі музыка сабағы» А, 1994.
Композиторы и музыковеды Казахстана А-1983г.
Төртжылдық бастауыш мектептің 2-класына арналған музыка программасы және оған методикалық құрал. Алматы «Рауан» 1990.
Төртжылдық бастауыш мектептің 2-4-кластарына арналған музыка программалары. Алматы «Рауан» 1990.
Қазақ орта мектебінің І,ІІ,ІІІ кластары үшін музыка программалары А.»Мектеп» 1984.
Ахметова М. Ән өнері және уақыт.-Алматы: Өнер, 1993.-112 бет.
15. Нұрмұхамбетова Р.Ә. Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ фольклоры арқылы эстетикалық тәрбие беру //Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авторефераты/.
16. Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы,1984.
17. Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тәрбие. Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы –Алматы: «Білім», 1995.232б.
6. Уәлиханов Шоқан. Таңдамалы.2-бас.-Алматы: Жазушы,1985.560б.
7. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Ы.Алтынсариннің тәлім-тәрбиелік тұлғалары. Алматы, 1990.
8. Ұзақбаева С.А. Өміршең өнер өрісі. Алматы «Мектеп»1988..
9. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы //Егемен Қазақстан, 2004, 16-қазан.
сөздігі
10. Павлов И.П. Полн. Собр. Соч. Изд.2. М.-Л., Изд-во АНСССР 1951. Т.Ш. кн. Вторая.
11.Коменский Я.А. Избранные педагогические сочинения. Уч-педгиз. 1955, с.297.
12.Ушинский К.Д. Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері. Алматы, 1961,80б.
13.А.Бейсенбаева. Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру.Алматы1995.
14.Давыдов В.В. Психологическая теория учебной деятельности и методов начального обучения основанных на содержательном обобщении. Томск, 1992.-112с.
15.Қоянбаев Б. Педагогика. Алматы. «Рауан», 1992.165б.
16.Сухомлинский А.В. Балаларға жүрек жылуы.-Алматы: Мектеп, 1976.- 222.
17.Балтабаев М.Х. Мектеп және этнокөркем білім негіздері.-Алматы: Мәдениет мәселесі жөніндегі республикалық ғылыми орталық баспаханасында басылып шықты, 1977.-7б.
18.Каган М.С. Искусство как феномен культуры //Искусство в системе культуры.-Л: Наука, 1987.-с. 12-14.
19.Ушинский К.Д. Собр. Соч. Т 5.-М. АПН РСФСР, 1946.-С. 345.
20.Кабалевский Д.М. Прекрасное пробуждает доброе.-М: Педагогика, 1973.-с.8.
21.Қалиев С., Майғаранова Ш. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі.- алматы, 1999.-10б.
22.Королев Ф.Р. Структурно-системный подход и возможности его применения в педагогических исследованиях //Советская педагогика.-1970.-№9.С.103-115.
23.Ұзақбаева А.С. Өміршең өнер өрісі. –Алматы: Мектеп, 1991. -20-51б.
24.Қазақ мектептері мен мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі имандылық-эстетикалық тәрбие берудің кешенді программасы // Қазақстан мұғалімі.-1990.-9 маусым.
25.Еңсепов Ж., Ысқақов. Музыка пәнінің бағдарламасы /5-6 сыныптар/. –Алматы: РКБ, 2000.-3б.
26.Әуезов М. Әдебиет тарихы. –Алматы: Ана тілі, 1991. -50-51б.
27.Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. –Алматы: Жазушы, 1975.- 45-46б.
28.Ахметова М. Ән өнері және уақыт.-Алматы: Өнер, 1993. -11б.
29. С.Қалиев., М. Оразалиев., М..Смайылова Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы «Рауан»,1994.
Достарыңызбен бөлісу: |