Барлығы – 135 сағат


Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны



жүктеу 0,65 Mb.
бет11/13
Дата21.11.2018
өлшемі0,65 Mb.
#23295
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:


  1. Қаржы рыногы туралы ұғым

  2. Бағалы қағаз нарығы, оның мәні және түрлері.

  3. Қаржы нарығының қатысушылары

  4. Қор биржасы оның қызметін ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы рыногының құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы рыногы бұрын-соңды болған емес. Қаржы рыногы-бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа рыноктармен (капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер, алтын және т.б рыноктармен етене байланысты).

Экономикалық жүйедегі рыноктың өзара байланысы


Бағалы қағаздар рыногы

Қаржы рыногы

Ақшалай нысанда (кредит рыногы)

Материалдық нысанда

Еңбек рыногы

Өнім және қызмет көрсету рыногы

Қордаланған инвестициялық ресурстардың рыногы

Табиғи

Ресурстар

рыногы

Жер

рыногы


Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында қаржы рыногы қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысын ұтымды ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар рыногы, сондай-ақ несие рыногы түрінде де іс-әрекет етеді. Қаржы рыногы экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әр түрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы (ортақ) ұғым болып табылады.

Экономикалық әдебиеттерде және шаруашылық практикада қаржы рыногы ұғымы ақша, валюта, кредит, капитал рыноктарын қоса отырып кеңінен түсіндіріледі. Бұл қаржыны жалпы ақша мен құн категорияларына бара-бар категория ретінде қарастыратын практикамен, негізінен жүниежүзілік практикамен байланысты, өйткені экономикалық ресурстардың кез-келген түрі меншіктің титулдары болып табылатын ақшамен немесе тиісті бағалы қағаздармен, басқа құжаттармен ортақтастырылуы мүмкін.




Қ
Бағалы қағаздар рыногы

Туынды бағалы қағаздар рыногы

Қор рыногы

Айналыстағы қолма-қол ақша рыногы

Несие капиталының рыногы
аржы рыногының құрылымы
.

Қаржы рыногында бағалы қағаздардың қозғалысымен ортақтастырылатын экономикалық қатынастар болып табылатын бағалы қағаздар рыногы маңызды орын алады. Қор құндылықтарының – бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздардың айналысымен байланысты ьолғандықтан оны қор рыногы деп те атайды. « Қор рыногы» термині бастапқыда бағалы қағаздармен мәміле жасалынатын және рәсімделінетін мекеменің – қор биржасының атымен байланысты.

Рыноктың барлық тұрпаттарының өзара байланысы қаржы рыногының жұмыс істеу шарттарын айшықтайды. Оған мыналар жатады:


  1. реттелінген тауар рыногының болуы, яғни кез келген түрлердегі және арналымдағы тауарлар мен қызмет көрсетулер бойынша сұраным мен ұсынымның теңгерімділігі;

  2. Ұлттық ( орталық ) банк тарапынан ақша айналысын қалыпты реттеп отыру : бұған қолма-қол және қолма-қолсыз айналым бойынша эмиссияға бақылау жатады;

  3. кредит рыногының жандандырылуы, оның толық коммерциялануы, яғни кредит ресурстарын еркін рынокқа орналастыру, крелит ресурстарының қозғалысы Орталық банктің пайыздық есептік мөлшерлемесін, коммерциялық банктердің міндетті резервтерінің нормасын, ашық ақша рыногында операциялар жүргізуді белгілеу арқылы реттелінеді.

Кез келген субъектінің қаржы ресурстарына қажеттілігі және оны қанағаттандырудың нақты көздерімен тура келмеуі қаржы рыногының жұмыс істеуінің объективті алғышарты болып табылады.

Қаржы рыногының жұмыс істеуінің негізгі алғышарттарына мыналар жатады:



  1. бәсекені дамыту мен монополизмді шектеу мақсатындағы материалдық өндіріс сферасының бастапқы шаруашылық буындарының- меншіктің барлық нысандары кәсіпорындарының, соның ішінде мемлекеттік сектордың да кең дербестігі;

  2. қаржы ресурстарын қайта бөлудегі мемлекет рөлінің қысқаруы: өндірістік күрделі жұмсалымдарды орталықтан қаржы ландырудың, қаражаттарды кәсіпорындар арасында ішківедомстволық қайта бөлудің азаюы;

  3. шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың бағалы қағаздарға және басқа активтерге инвестицияланатын ақшалай табыстарының өсуі;

  4. бюджет тапшылықтарын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды тоқтатуреспубликалық, сондай-ақ жергілікті бюджеттердің тапшылықтары мемлекеттік қарыздарды шығару арқылы жабылуы тиіс.

Қаржы рыногының маңызы бос ақша қаражаттарын алу және оларды қайта бөлу есбінен ұдайы өндіріс процесіне ықпал етумен ғана айқындалып қоймайды. Оның жұмыс істеуі әкімшіл-әміршіл экономикаға тән «сатылас» әдістің орнына «деңгейлес»қозғалыс бойынша ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді. Деңгейлес қозғалыс кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында қаржы ресурстарын өтеусіз қайта бөлу түрінде төте байланыстар іс-әрекет етеді. Бұл қаражаттарды маңызды сфералар мен объектілерге жедел аудару есебінен кәсіпорындардың, салалардың және жалпы экономиканың қаржылық жағдайын тұрақтандырады.

Қаржы рыногы бағалы қағаздардың бағасын белгілеу жолымен бизнестің нақтылы құнын бағалауға мүмкіндік береді: тиімді жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілерде олардың неғұрлым жоғары бағасы белгіленеді.

Қаржы рыногының болуы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылығын жабу үшін үкімет ақша эмиссиясын пайдаланбайды, рынокта еркін жүретін, бағасы сұраным мен ұсыным арқылы анықталатын құнды қағаздар шығарады.

Экономикалық реформа процесінде қаржы рыногының қалыптасып, жұмыс істеуі экономиканың дағдарысын тудыратын және оның инфляциясымен қосарланатын қарама-қайшылықтарға және қиыншылықтарға кезігеді.

Инфляция бағалы қағаздарға айтарлықтай шектеу жасайды- олар қысқа мерзімді несие құны жоғалмай жеңіл өтетіндей болуы тиіс. Бағаның үнемі өсіп отырған жағдайында инвесторлар қаражаттарды өтімі аз бағалы қағаздарға ұзақ мерзімді инвестициялар үшін жылжымайтын дүние – мүлікке, тауарларға, еркін айырбасталымды бағалы қағаздарға жұмсау неғұрлым тартымды болып табылады.

Қаржы рыногының дамуы халықтың көпшілік бөлігінің тұрмыс деңгейінің төмендігінен тежеліп отыр, мұның өзі жеке инвесторлардың санын азайтады. Кәсіпорындардың төлеуге созылмалы қабілетсіздігі жағдайында олардың қаражаттарды бағалы қағаздарға салуы екі талай.Ақша қаражаттарының тапшылығы қысқа мерзімді кредиттер мен депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің өсуіне жеткізеді, мұның нәтижесінде бағалы қағаздардың табыстылығы банктердің ақша – кредит операциялары жөніндегі мұндай табыстылықпен бәсекелесе алмайды.

Қаржы рыногының жұмыс істеуінің маңызды факторы сонымен қатар саяси тұрақтылық болып табылады, ал бағалы қағаздардың айналысы бірқатар елдердің экономикалық кеңістігін қамтуы мүмкін. ТМД елдерінің саяси болмыстары не ол, не бұл кәсіпорындарының рентабельділігіне қатысты ұзақ мерзімді болжамның мүмкіндігін жоққа шығарады және солай болған соң бағалы қағаздарды сатып алу ықыласын шектейді.

Қаржы рыногының жандануы корпоративтік бағалы қағаздарды – экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының акциялары мен облигацияларын шығару және олардың айналысын жандандыру кезінде мүмкін. Қазақстанда соңғы уақытқа дейін қаржы рыногының бұл сегменті жақсы дамымады, бұл жалпы экономикалық әлуетті тежейді.

Инвестициялық институттар, қор биржалары, биржадан тыс сауда, депозит мекемелері түріндегі құрамды элементтерді кірістіретін ұлттық қор жүйесін қалыптастыру бір мезгілде басқа нарықтық құрылымдардың, ең алдымен әр түрлі тұрпаттағы акционерлік қоғамдардың қалыптасуымен, бұл жүйенің қызметін мемлекеттің экономикадағы оң құрылым жасаушы рөлі кезіндегі сенімді заңнамалық қамтамасыз ету жағдайында жүргізілүі тиіс.
Жоғарыда баяндалғандардың туындағанындай, бағалы қағаздар рыногы- шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет шығарған ( айналысқа шығарған ) бағалы қағаздардың сан- алуан түрлері сатылатын және сатып алынатын қаржы рыногының бөлігі. Бұл рыноктың жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе инвестициялық процестерді реттеп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған осы рыноктың қор құрылымдарының – бағалы қағаздардың және өзге де активтердің сан алуандығымен қол жетеді.

Бағалы қағаздар рыногы экономиканың барлық субъектілерінің өздеріне қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер жасайды және алудың жолын жеңілдетеді. Ол нарықтық экономикадағы көптеген стихиялы түрде өтіп жатқан процестердің реттеушісі болып табылады. Бұл әсіресе күрделі жұмсалымдарды инвестициялау процесіне қатысты.



Бағалы қағаздардың айналымға түсу уақыты мен әдісіне қарай олардың рыногы бастапқы және қайталама болып бөлінеді. Бастапқы рынокта бағалы қағаздардың бастапқы иеленушілерінің жаңа шығарылған бағалы қағаздары сатылады; қайталама рынокта бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың иелерінің ауысуы болады. Бағалы қағаздардыңноминалдық ( номиналдық құн- бағалы қағазды шығарған кезде анықталған оның құнының ақшалай тұлғалануы), эмиссиялық және рыноктық бағасы ( бағамы ) болады. Қайталама рынок екі бөліктен тұрады: ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногы- мәмілелер сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылатын эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналыс сферасы және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногы – бағалы қағаздар айналысының бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер қаржы құралдарымен сауда- саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында мәміле объектісіне және оның қатысушыларына белгіленген талаптар сақталмай жүзеге асырылатын сферасы. Биржадан тыс айналым рыногының ұйымдастырылған рыноктан айырмашылығы онда операцияларды жүзеге асыратын бірыңғай орталық жоқ, мәмілелерді олардың офистарында дилерлер мен брокерлер жүргізеді. Ұйымдастырылған рынокта операциялар қатаң регламенттелінген, ал ұйымдастырылмаған рынокта орерациялар шамалы қатаң ережелер бойынша жүргізіледі.
Тақырып: Сыртқы экономикалық байланыстар қаржысының жүйесіндегі қаржы

Мақсаты:Сыртқы экономикалық қызтеметтегі қаржының ролін анықтау.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:

  1. Сыртқы экономикалық қызметтің және оның даму бағытының сипаттамасы.

  2. Сыртқы экономикалық қызметті ретттеудің нысандары мен әдістері

  3. Валюта ресурстарын қалыптастыру және пайдалану

  4. Елдің төлем балансы.



Тақырып: Қаржы және инфляция

Мақсаты: Қаржы мен инфляцияның өзара байланысын анықтап, Қазақстандағы инфляция ерекшеліктерін қарастыру

  1. Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланысы

  2. Инфляцияның түрлері мен титпері

  3. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары

  4. Инфляцияға қарсы саясат шаралары


6. СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ




Тақырып

Семинар сабағының мазмұны

Апта

Әдебиеттер



Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары және ролі

Нарық жағдайындағы қаржының ролін анықтап, «қаржы» категориясына берілген анықтамаларды талдау.




1,3,5, 15,20.




Қаржы жүйесін ұйымдастыру

    1. Қаржы жүйесін жетілдіру бағыттары.

    2. Қаржы жүйесінің құрылымына рыноктық жаңғыртудың әсері



1,2,10,17,22



Қаржы саясаты және қаржы механизмі

  1. Қазақстандағы қаржы саясатының мақсаттары және қаржы механизмінің құрылымы

  2. Әлеуметтік-экономикалық дамудың міндеттерін шешудегі жергілікті қаржы органдарының ролі

  3. Қаржылық жоспарлаудың қаржылық болжаудар айырмашылығы

  4. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары



1,2,12,14,16,23.




Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы

    1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының нарықтық жүйеде дамуы.

    2. Қаржыны басқару мен қаржы менеджментінің ерекшеліктері

    3. Нарық жағдайындағы коммерциялық емес қызмет ұйымдары мен мекемелерін қаржыландыру көздері.






1,5,7,18,20.



Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы. Мемлекеттің кірістері мен шығыстары

1. Мемлекеттік қаржының қаржы жүйесіндегі оның орны мен рөлі.

2.«Мемлекеттің қаржы ресурстары» мен «мемлекеттің кірістері» ұғымдарының айырмашылықтары



3. Мемлекет шығыстарының әлеуметтік-экономикалық мәні мен ролі




1,2,4,6,8,11.



Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру.

  1. Салықтарды аудару

  2. Салық төлеуден жалтарыну



1,12,22,25.



Мемлекеттік бюджет.

  1. Экономиканы басқару ретіндегі мемлекеттік бюджеттің рөлі мен мәні

  2. Жекелеген бюджет түрлерінің сипаттамасы мен экономикалық мазмұны

  3. Бюджеттік несиелеу және бюджеттік инвестиция



1,2,22,23,24.




Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар.

  1. Әлеуметтік сақтандыру қоры

  2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының елдің экономикасымен қаржы жүйесінің тұрықты дамуындағы рөлі.



1,2,3,6,8,9,12,17.




Мемлекеттік несие және мемлекеттік борыш.

  1. Кредиттік әдістермен халықтың, шаруашылық субъектілердің қаражаттарын жұмылдырудың ауқымына әсер етуші факторлар.

  2. Қарыздар және оның сыныптамасы және мемлекеттік қажеттіліктерін қанағаттандырудағы тиімділігі.

  3. Мемлекеттік борышты басқару



1,2,12,22,23,26.




Үй шаруашылықтарының қаржысы.

  1. Халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеу

  2. Халықтың әлеуметтік топтарының табыстарын салықтық бюджеттік реттеу



1,12,13,16.




Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік негіздері.

      1. Нарықтық экономика жағдайында сақтық қатынастардың дамуы

      2. Әлеуметтік сақтандыру сферасындағы мемлекет саясаты

      3. Медициналық сақтандыру халықтың денсаулығын қорғаудағы ролі



1,2,11,13,14,20.




Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу.

  1. Экономиканы мемлекеттік реттеу.

  2. Фискалдық саясат нұсқалары тұжырымдамасының даму теориясы



1,2,11,13,15,16,22,24



Қаржы нарығы

  1. Қор нарығы

  2. Қаржы нарығының инфрақұрылым

  3. Қазақстан қор биржасы



1,11,12,15,16,17, 22



Сыртқы экономикалық байланыстар қаржысының жүйесі.

              1. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің ерекшеліктері мен даму перспективалары

              2. Қазақстан төлем балансының құрылымы, оның ерекшеліктері мен динамикасы



1,14,16,18,20,22,24,29.



Қаржы және инфляция

      1. Инфляцияның жалпы, соның ішінде қаржы жүйесіндегі зардаптары

      2. Қазақстандағы инфляцияның ерекшеліктері

      3. Инфляция кезінде мемлекет іс-қимылының нұсқалары



1,4,6,8.



7. ПӘНДІ МЕҢГЕРУ БОЙЫНГША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

    1. Теориялық білімді менгеру үшін әдістемелік нұсқау

«Қаржы» курсы экономикалық ғылымның маңызды бөліктерінің – базалық оқу пәні болып табылады. Қаржы туралы ғылымның ерекшеліктері зерделетін «Қаржы» - арнаулы пән және оның мақсат – қаржы категорияларын, ұғымдарын, терминдерін, олардың сыныптамасын, әлеуметтік-экономикалық үдерістегі маңызы мен орнын игеруде студенттердің теориялық және практикалық даярлығын қамтамасыз ету; мыналар пәннің міндеттері болып табылады: қаржының табиғатын, олардың жұмысістеу ерекшеліктерін, қоғамдық өндірісті тиімді дамытуда категориялар механизмінің мүмкіндіктерін зерделеу, қаржыны ұйымдастыру нысандарының өзара байланысы мен өзара іс әрекетін және қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының нақтылы жағдайларында оларды қодаудың әдістерін түсінуге жету.

Дәріс оқытушының ауызша баяндауы, конспект түрінде материалды жеткізетін оқу нысаны.

Курста қаржының негізгі аспектілері берілген: теориялық негіздері, ұйымдастыру нысандары, практикалық қолданымы. Қаржыны әр түрлі тұрғылардан қарастыру студенттерге бұл экономикалық категорияның мәнін, ұдайы өндірістік үдерістер мен қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының рөлі мен маңызын игеруге мүмкіндк береді.

Курста логикалық дәйектілік түрде қаржының табиғаты, функциялары, оның басқа экономикалық категориялармен өзара іс-әрекеті мен шаруашылық өмірде көріну ерекшеліктері қаралады, қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың нысандары мен әдістері арқылы іс-әрекет механизмі, қалыптасып отырған рыноктық экономиканы реттеуде қаржыны пайдалану мүмкіндіктері көрсетілген. Қаржыны зерделеудің маңызды жағы оған кіретін қосалқы категорияларды, жүйелерді олардың іс-әрекеті мен өзара байланысының қағидаттарын анықтау, топтастыру және сыныптау болып табылады. Бұған мыналар кіреді: табыстар, салықтар, қорлар, шығыстар, резервтер, сақтандыру, функциялық жүйелер – қаржылық жоспарлау мен болжау, қаржылық қатынастарды құқықтық қамтамасыз ету, қаржы рыногы. Курста түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілердің бастапқы буындарында және сыртқы экономикалық байланыстар сферасында, қаржының іс -әрекетінің өзіндік ерекшелігіне айтарлықтай орын берілген.

Курсты зерделеу экономика мен қаржыларды рыноктық негіздерді қолдану жөнінде қолданыстағы шаруашылық практиканы белсенді қолдануды қажет ететід. Сондықтан рыноктық қатынастардың дамуының жинақталған тәжірибесін және олардың қаржыға әсерін талдау және қорытындылай отырып, рыноктық экономиканың дамуының болып жатқан үдерістеріне үнемі көңіл бөліп отыру қажет.

7.2. Семинар жұмыстарына әдістемелік нұсқау

Семинар сабағы оқу сабағын өткізудің неғұрлым кең қолданылатын нысаны болып табылады. Ол пәнді оқытудың негізі және неғұрлым күрделі мәселелерін игеруге мүмкіндік береді.

Семинар сабағының негізгі тапсырмалары мыналар:


  • дәрісте берілген студенттің өз бетінше жұмыс істеу бырсында игерілген теория және тәжірибе сұрақтары бойынша білімді тереңдету;

  • әдебиеттер мен басқалай ақпараттық материалдармен өз бетінше жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру;

  • қарастырылатын мәселелерге сәйкес талдау жасай білу қабілетін қалыптастыру;

  • материалдың игерілгендігіне бақылау жасау.

Студент семинар сабағына қатысу үшін оған алдын- ала дайындықпен келуге, әдеби шолу жасап, тапсырманы орындауға міндетті.

Семинар сабағына студенттер қаржының көптеген анықтамалары мен, қаржылық бақылау, қаржылық басқару түрлерімен, бағалы қағаздарды жетілдіру нысандарымен танысады. Практикалық оқып-үйренуге бастайтын, сондай-ақ қаржы заңдылықтарын қамтамасыз етуге комплексті шаралар қолдану көзделеді.



7.3. Эссені жазу үшін әдістемелік нұсқау

Эссе тақырыпты еркін пайымдауды қарастырады. Оның жалпы көлемі-5-7 бет. Материалдың зерделенген тәжірибесі, өзінше талдауы, аргументтілігі, дәлелдәләгә, өзіндік көзқарасы оны бағалаудың критерийі болып табылады.

Эссе құрылымы:


      1. Тақырыпта ақырында тұжырымдаушы кіріспе, маңыздылығын негіздеуі, тақырып туралы пікірдің айырмашылықтарын көрсету, негізгі пікір айтуға көшу

      2. Автор (2-3) келтірген пікірлердің негізгі бөлігі, айтылған пікірдегі пайдаланылған негізгі түсінікті анықтау, дәлелдерге қарсы талдау және оған қарсы пікір айту

      3. Негізгі пікірді қайталайтын қорытынды мазмұны, негізгі пікірді қорғайтын дәлелдерді түйіндейтін бір немесе екі сөйлем, ұсынылған пікірді қабылдамағанда болатын салдарын жалпы ескерту және аталған пікірдің пайдалылығы туралы жалпы қорытынды

7.4. Рефератты жазу үшін әдістемелік нұсқау

Бірнеше тақырыпты еңбектерді шолу немесе белгілі бір тақырып бойынша бірнеше автордың пікірі, қандай да бір тақырыпты, сондай ақ бір ойшылдығ еңбегін талдау реферат болып табылады. Реферат кітапханадағы белгілі бір оқулықтар негізінде жазылады. Реферат комьпютерде 14 шрифтпен жазылады, 1,5 интервалымен, жан жақтары сол жағы- 3 см, оң жағы-1,5см, жоғарғы және төменгі жағы 1,5 см. Жалпы бет көлемі – 13-15бет. Кіріспе- 1,5 бет, негізгі бөлім- 10-12 бет, қорытынды бөлім-1,5 бет. Кіріспе 3 беттен бастап нөмірленеді.

Реферат құрылымы:


  1. Титуль беті

  2. Жоспар

  3. Кіріспе

  4. Негізгі бөлім (2-3 сұрақтан) тұрады

  5. Қорытынды бөлім

  6. Пайдаланылған әдебиеттер (3-4 әдебиет кем дегенде)


7.5. СӨЖ мен ОЖСӨЖ-ін ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау

1 апта.

Тақырып: Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары және ролі

ОЖСӨЖ мақсаты: Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні мен ролін, қызметтерін білу

Өткізу түрі: Ауызша жауап түрінде жауап беру

Тапсырмалар, сұрақтар:

1. Қаржының айрықшалықты белгілерін анықтау

2. Нарық жағдайында жаңа қаржы қатынастарының дамуын қарастыру

Әдістемелік нұсқаулар: Дәрісті, конспектіні оқу, әдебиеттерді оқу

Пайдаланатын әдебиет: Құлпыбаев С Қаржы. Алматы 2007 жыл
2 апта.

Тақырып: Қаржы жүйесін ұйымдастыру

ОЖСӨЖ мақсаты: Қаржы жүйесінің үзбелері мен құрылымының мазмұнын білу

Өткізу түрі: Дәріс сұрақтарына жауап беру, Дәріс сұрақтары бойынша жауап беру, ҚР қаржы жүйесінің сызбасына талдау жасау

Тапсырмалар, сұрақтар:

1. Қаржы жүйесінің құрылымына сипаттама беру

2. Қаржы ресурстарының көздері, өсу факторларын анықтау

Әдістемелік нұсқаулар:Дәрісті, БАҚ тыңдау, әдебиеттерді оқу,

Пайдаланатын әдебиет: Құлпыбаев С Қаржы. Алматы 2007 жыл
3 апта.

Тақырып. Қаржы саясаты және қаржы механизмі

ОЖСӨЖ мақсаты: ҚР қаржы саясатының тапсырмалары мен міндеттерін білу, тақырыпты терең түсіну

Өткізу түрі: Үйге берілген сұрақтар бойынша жазбаша жауап беру

Тапсырмалар, сұрақтар:

1.Фискалдық саясат.

2. Қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасы

3. Қаржыны басқаруды жетілдірудің қажеттігі

4. Қаржы көрсеткіштері

5.Нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңдегі Қазақстандағы қаржы саясатының мақстаттары.

6. Қаржыны стратегиялық басқару жөніндегі органдар және олардың бұл процестегі негізгі функциялары.

Әдістемелік нұсқаулар:Дәрісті оқу, Бизнес Хабар жаңалықтарын тыңдау, БАҚ оқу, әдебиеттерді оқу,

Пайдаланатын әдебиет: Құлпыбаев С Қаржы. Алматы 2007 жыл, «Қаржы қаражат» журналы
4 апта.

Тақырып: Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы

ОЖСӨЖ мақсаты: Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының жіктелуін ажырата білу, тақырыпты терең түсіну

Өткізу түрі: Үйге берілген сұрақтар бойынша ауызша және жазбаша жауап беру

Тапсырмалар, сұрақтар:

1. Қаржы жүйесінің жетекші буыны ретіндегі шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы, ұдайы өндіріс процесіндегі олардың рөлі, әлеуметтік-экономикалық мәні.

2. Шаруашылық жүргізушілер сыныптамасы.

3. Коммерциялық және коммерциялық емес қызмет, шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысын ұйымдастыруға оның әсері.



  1. Қорлар қаражаттарын реттеудің экономикалық және әлеуметтік аспекттері.

  2. Кәсіпорын шығындары. Жиынтық табыс, таза табыс, оны бөлу.

Әдістемелік нұсқаулар:Дәрісті оқу, әдебиеттерді оқу,

Пайдаланатын әдебиет: Құлпыбаев С Қаржы. Алматы 2007 жыл
5 апта.

Тақырып: Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы. Мемлекеттің кірістері мен шығыстары

ОЖСӨЖ мақсаты: Қосымша материалдар арқылы студенттің білімін күшейту

Өткізу түрі: Үйге берілген сұрақтар бойынша ауызша сабақ айту, реферат қорғау және оны талқылау

Тапсырмалар, сұрақтар:

  1. Тауар әлеміндегі қоғамдық тауарлар, қызмет көрсету, игіліктер.

  2. Қазақстаннның мемлекеттік қаржысының құрамы.

  3. Мемлекеттік қазына.

  4. Қаржы ресурстары, мемлекеттің кірістері мен шығыстары.

  5. «Мемлекеттің қаржы ресурстары» мен «мемлекетің кірістері» ұғымдарының айырмашылықтары.

  6. Мемлекеттің табыстарының әр түрлі белгілері бойынша сыныптау.

Реферат тақырыптары: 9-ші пунктте көрсетілген тақырыптардан өзіңізге қатыстысын жазыңыз
6 апта

Тақырып: Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру.

ОЖСӨЖ мақсаты: Еліміздің салық жүйесі туралы толық ақпараттандыру

Өткізу түрі: Бақылау жұмысын жазу, презентациялар жасау

Тапсырмалар, сұрақтар:

  1. Салықтарды өндіріп алудың тәсілдері мен салық есебінің әдістері

  2. Салық салудың механизмі

  3. Қазақстанның салық жүйесіндегі салықтар, алымдар және төлемақылардың айырмашылығы

  4. Тікелей салықтар мен жанама салықтардың ерекшеліктері

  5. Салықтарды саралау

  6. Арнаулы салық режимі

Презентациялар тақырыбы:

  1. Корпоративтік табыс салығы,

  2. Жеке табыс салығы,

  3. ҚҚС,

  4. Акциздер,

  5. Жер салығы,

  6. Мүлік салығы,

  7. Көлік құралдарына салынатын салық

Әдістемелік нұсқаулар: Бақылау жұмысын жазу үшін дәрісті оқу, әдебиеттерді оқу, презентация дайындау үшін ҚР Салық Кодексін оқу, презентацияны комьпютерде жасау және түсті принтер арқылы шығару

Пайдаланатын әдебиет: Үмбеталиев А.Д. Салық және салық салу. Алматы 2006, ҚР Салық Кодексі
7 апта

Тақырып: Мемлекеттік бюджет.

ОЖСӨЖ мақсаты: Еліміздің бюджет жүйесі туралы толық ақпараттандыру

Өткізу түрі: Эссе айту, үйге берілген сұрақтар бойынша ауызша сұрақ-жауап алу

Тапсырмалар, сұрақтар:

  1. Қоғамның әлеуметтік дамуындағы бюджеттік қатынастардың рөлі мен маңызы.

  2. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың маңызы

  3. Салықтар – бюджет кірістерінің негізгі түрі.

  4. Бюджет тапышылығын қаржыландыру жолдары

  5. Бюджет процесінің кезеңдері

  6. Бюджет тапшылығымен байланысты бюджет саясатының тұжырымдамалары.

  7. Арнайы экономикалық зоналардың (АЭЗ) қаржыларын ұйымдастыру.

  8. Жергілікті бағыныстағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржыларының ерекшеліктері.

Эссе тақырыптары:

  1. Республикалық бюджет- Мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қоры

  2. ҚР бюджет жүйесі

  3. ҚР Ұлттық қоры оны қалыптасуы мен қолданылу мақсаты

  4. Жергілікті бюджеттердің мәні, оның кірісі мен шығысы

  5. Транесферттік төлемдер

  6. Бірыңғай бюджеттік сыныптама

Әдістемелік нұсқаулар: Дәрісті оқу, әдебиеттерді оқу, эссе дайындау үшін ҚР бюджет кодексін оқу

Пайдаланатын әдебиет:Қазақстан Республикасының бюджет кодексі, Өтебаев Б.С. . Мемлекеттік бюджет. Алматы 2006
8 апта.

Тақырып:Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар.

ОЖСӨЖ мақсаты: Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың қызметін толық ұғыну

Өткізу түрі: Тақырып бойынша тест жазу

Тапсырмалар, сұрақтар:

1. Қазақстандағы бюджеттен тыс қорлардың қызмет етуіндегі қайшылықтар

2. Басқарудың жергілікті органдарының бюджеттен тыс қорлары.

3. Қорлардың қаражаттарын қалыптастырудың проблемалары.

4. Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары

5. Әлеуметтік бағыттағы бюджеттік қорларды қалыптасырудың жалпы параметрлері



6. Әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар.

Әдістемелік нұсқаулар: Дәрісті оқу, әдебиеттерді оқу, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы 2008 жылғы есепті қарау, БАҚ оқу

Пайдаланатын әдебиет:Қазақстан Республикасының бюджет кодексі, Өтебаев Б.С. . Мемлекеттік бюджет. Алматы 2006
9 апта.

Тақырып: Мемлекеттік несие және мемлекеттік борыш.

ОЖСӨЖ мақсаты: Мемлекеттік несиенің мемлекеттік борыштардан айырмашылығын білу, ажырату

Өткізу түрі: Дөңгелек үстел өткізу

Тапсырмалар, сұрақтар:

  1. Мемлекеттік несие қатынастарының пайда болуы

  2. Ақша айналысының жай-күйіне мемлекеттік кредиттің әсері.

  3. Мемлекеттік бағалы қағаздар, олардың түрлері және сипаттамасы.

  4. Мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы, қаржы рыногында оларды орналастыру проблемалары.

  5. Ішкі мемлекеттік борыш

  6. Сыртқы мемлекеттік борыш

  7. Мемлекеттік борыштың пайда болуы мен өсуінің себебі

  8. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алулары

  9. Мемлекеттік борыштың мүмкін жағымсыз салдарлары

  10. Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың әдістері

Әдістемелік нұсқаулар: Дәрісті оқу, әдебиеттерді оқу, БАҚ оқу, қосымша материалдарды Қаржы министрлігінің сайтынан оқу

Пайдаланатын әдебиет: Өтебаев Б.С. . Мемлекеттік бюджет. Алматы 2006, Құлпыбаев С Қаржы. Алматы 2007 жыл
10 апта

Тақырып: Үй шаруашылықтарының қаржысы.

ОЖСӨЖ мақсаты: Үй шаруашылықтарының қаржысының мазмұнын түсіндіру

Өткізу түрі: Ситуацияларды шешу

Ситуациялар:

  1. Сіздің отбасы тек қана жәрдемақылар есебінен өмір сүреді, бұл қаражат тапшылығын тудырады, осы жағдайдан Сіз қалай шығасыз

  2. Мемлекеттен алатын әлеуметтік көмек пен еңбекақы ай сайын 40 000 теңгені құрайды, ал Сіздің жанұяның шығысы 55 700 теңгені құрайды, көріп отырғандай табыс шығыннан аз, жағдайдан шығудың жолын көрсетіңіз

Әдістемелік нұсқаулар: Дәрісті оқу, әдебиеттерді оқу, БАҚ оқу, қосымша материалдарды Қаржы министрлігінің сайтынан оқу, ситуацияға дайындалу үшін үйден есептеулер жүргізу, ол үшін «Бухгалтерь бюллетені» журналындағы ситуацияларды қарау

Пайдаланатын әдебиет: Өтебаев Б.С. . Мемлекеттік бюджет. Алматы 2006, Құлпыбаев С Қаржы. Алматы 2007 жыл, «Бухгалтерь бюллетені» журналы
11 апта

Тақырып: Сақтандыру

ОЖСӨЖ мақсаты: Сақтандырудың әлеуметтік экономикалық мәнін, мақсатын түсіну

Өткізу түрі: Сұрақ жауап, баяндама жасау

Тапсырмалар, сұрақтар:

  1. Міндетті әлеуметтік сақтандырудың мәні мен қажеттігі, проблемалары.

  2. Сақтық қорлары, оларды жасау әдістері және пайдалану бағыттары.

  3. жүктеу 0,65 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау