Барлығы – 135 сағат


Жетілдіру және дамыту мақсатында әрекет ететін процесс. Қаржылық жүйеде басқару қаржылық миханизімнің әдістері, тетіктері, стимулдары және санкциялары арқылы жүргізіледі



жүктеу 0,65 Mb.
бет7/13
Дата21.11.2018
өлшемі0,65 Mb.
#23295
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

Жетілдіру және дамыту мақсатында әрекет ететін процесс. Қаржылық жүйеде басқару қаржылық миханизімнің әдістері, тетіктері, стимулдары және санкциялары арқылы жүргізіледі.


Қаржылық басқарудың қағидалары:

- Басқарудағы демократизм

Қаржылық сұрақтарға саяси қадамы


    • Басқарудағы экономикалық және әкімшілдік әдістердің тиімді сәйкес келуі

    • Басқарудың ғылымилығы

    • Орталықтанған, салық және аймақтық басқарудың келісімділігі

    • Басқарудағы жауапкершілігі

    • Шаруашылық шешімдердің қабылдануы

Қаржылық басқарудың 2 аспектісі бар:

        1. Мемлекеттік қаржыны, оның түрлерін құрамдар санасында қолданады, экономикалық және әлуметтік сфераны басқару тетіктерін қолданады және қоғамдық өңдіріс процесіне әсер етеді.

        2. Қаржы- басқару объектісі болып табылады; қаржылық қатынастар формалары басқарылады, ақша құралдары қоры, қаржылық ақпарат, яғни қаржылық мекемелер жүйесі.

Қаржылық басқаруда өзара байланысты элементтер болады:

Ақпарат, жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу, бақылау.

1. Қаржылық ақпарат- барлық қаржылық процестерді оперативті басқару мақсатында шешімдер қабылдау үшін маңызды. Ақпараттың шындылығы және уақтылығы арқылы нәтижені алдын –ала анықтауға, жағдайларды талдауға мүмкіндік береді.

2. Жоспарлау- қаржылық басқаруда орталық орынды алады. Ол материалдық, еңбек және қаржылық ресурстардың баланстылығын қамтамасыз етеді, сонымен қатар өндірістік немесе қаржылық көрсеткіштердің өзара байланысын, ұлттық шаруашылықтың өзара байланысын, ұлтық шаруашылықтың барлық денгейің қаржылық жоспарларын қамтиды.

3. Ұйымдастыру- басқарудың барлық үзбелерінің нақтылығын, қаржылық ақпараттың жоғарғы нәтижелігін, басқару жүмысшыларының тәртіптілігін және жауапкершілігін білдіреді.

4. Каржылық реттеу – жоспарлы тапсырмалардың орындалуы үшін қаржылық ресурстарды басқару.

5. Бақылау- ақшалай қорларды қалыптастыру және пайдалану процесіндегі шаруашылықтың барлық денгейіндегі оперативті басқару студиясының жүргізілуі.


Қаржылық жоспарлау- бұл қаржылық механизмнің жүйесі және экономикалық -әлеуметтік жоспарлаудың маңызды құрамдас бөлігі.

Қаржылық жоспарлаудың объектісі болып табыстар мен қорлардың пайда болуы және бөлінуі, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша құралдары қорларының қалыптасуыжәне пайдаланылуы болып табылады.

Қаржылық жоспарлаудың тапсырмасы болып шаруашылық субъектілерін дамытудың баланстылығы мен пропорционалдығына жету табылады.

Қаржылық жоспарлаудың мақсаты:

1. Қаржылық ресурстарды және олардың жалпы көлемін қалыптастырудың көздерін анықтау.

2. Ұлттық шаруашылық салалары мен әкімшілік –территориялық бөлімшелер және орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлудің тиімді пропорциясын қалыптастыру.

3. Қажетті резервтерді құру және ресурстарды пайдаланудың нақты бағыттарын анықтау.



  • Болжам- арнайы ғылыми зерттеу негізіндегі болашақтағы қандайда бір құбылысты талқылау

  • Болжамдау- қандай да бір құбылыстың, объектінің, процестің нақты перспективалық дамуы туралы болжам жасау.

  • Жоспар- тапсырманың толықтай мақсатына жетуге бағытталған өзара байланысты жүйе.

  • Жоспарлау- жоспардың жасалуын, оның орындалуын ұйымдастыруды және атқаруын бақылауды қамтитын процесс.

Қаржы құқығы – бұл қоғам дамуының тиісті кезеңіндегі мемлекеттің міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану процесінде пайда болатын қаржы қатынастарын реттейтін заң нормаларының жиынтығы. Ол біртекті қаржы қатынастарына жататын жеке бағыттар бойынша: бюджет құқығына, салық құқығына, шаруашылық құқығына межеленіп айырылады;қаржының кең ұғыныс тұрғысында жалпы ақша қатынастары ретінде баян етілуіне байланысты қаржы құқығына сонымен бірге валюта және сақтық заңнамасын, банк құқығын, мемлекеттік несиені, ақша айналысын құқықтық реттеу сияқты бөлімдерді де қосады.

Қаржы құқығында қаржы-құқықтық нормалар – құқықтың негізгі бастапқы элементтері, яғни мемлекет белгілеген және қаржы қатынастарындағы мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етілген қылықтың қатаң белгілі бір ережесі пайдаланылады. Сөйтіп қаржы-құқықтық нормалардың императивтік сипаты болады. Қағида бойынша, олардың үзілді-кесілді нысанда көрінетін талаптары болады және оларды беталды өзгерте беруге жол берілмейді, қаржы қатынастары қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің ауқымын дәл анықтайды. Қаржы-құқықтық нормалар міндеттеушілік, тыйым салушылық және уәкілеттілік болып бөлінеді.

Мемлекеттің қаржылық қызметі оның ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану сияқты үш жалпы бағытта іс-әрекет ететін толып жатқан және сан қырлы функцияларында білінеді. Бұлардың әрқайсысындағы ажырағысыз элемент бақылаудың функциясы болып табылады.

Сол немесе өзге функциялардың мазмұнына, рөліне және іс- қимылының ауқымдарына қарай қаржылық қызмет мемлекеттік билік немесе мемлекеттік басқару түрінде жүзеге асрылады. Мемлекеттік биліктің жоғарғы органы – ҚР-ның Парламенті, мемлекеттк биліктің жер-жердегі органдары – депутаттардың жиналысы – мәслихаттар. Атқарушы биліктің басшысы Президент болып табылады, атқарушы-өкімші қызметті ҚР-ның Үкіметі, жергілікті жерлерде – басшылар және жергілікті әкімшіліктер аппараты жүргізеді.

Мемлекеттің қаржылық қызметінің мынадай әдістері пайдаланады:

1. Орталықтандырылған мемлекеттік қорларға: мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс қорларға сақтық және несие қорларына төленетін міндетті және ерікті төлемдердің әдістері.міндетті төлемдерге салықтар, қаражаттардың аударымдары. Ерікті негіздерде жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру, мемлекеттік қарыздар, ақшалай-заттай лотереялар, банктерге салынатын салымдар – депозиттер бойынша төлемдердің бір бөлігі жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттің ақша қаражаттарын бөлген кезде мына әдістерді ажыратады: қаржыландыру – қаражаттарды қайтарусыз және өтеусіз беру және несие беру – қайтарымдылық және өтеулілік негіздерде ақша бөлу.

3. Қаржы операциялары кезінде ақша қаражаттарымен қолма-қол ақшасыз және қолма-қол ақшамен есеп айырысу әдістері қолданылады. Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар басымырақ болуы тиіс, өйткені олар ақша айналысының шығынын қысқартады, мемлекеттің кәсіпорындармен, ішінара халықпен қатынастарында пайдаланылады.



Қаржы-құқықтық актілер дегеніміз қарастырылған нысанда қабылданған және заңдық салдары бар мемлекеттік билік пен басқару органдарының олардың құзырына кіретін қаржылық қызметтің мәселелері жөніндегі шешімдер. Бұл актілер қаржы-құқықтық нормаларды белгілейді, өзгертеді немесе бұзады немесе нақтылы құқықтық қатынастардың пайда болуының, тоқталуының, өзгеруінің негізін атқарады. Қаржы-құқықтық актілердің жиынтығы қаржы заңнамасын құрайды.

Қаржы-құқықтық актілер заңи негіздер бойынша нормативтік және жеке, заңнамалық және қосалқы, жоспарлы-қаржылық болып бөлінеді.



Нормативтіктерге біртекті қаржы қатынастарының тобын реттейтін актілер жатады; бұл актілерде олардың қатысушыларының жалпы ережелері, яғни құқықтық нормалары болады және әдетте ұзақ уақыт іс-әрекет етеді. Олар кәсіпорындар мен азаматтардың мемлекет алдындағы қаржылық міндеттіліктерін, анықталған төлемдерді есептеудің тәртібін, төлемдердің тұрпатты нышандарын және басқаларын белгілейді.

Жеке актілер құқық нормаларын белгілі бір төлеушіге немесе қаражаттарды алушыға қатысты нақтылайды.

Заңнамалық актілер – бұл Парламент шығаратын заңдар мен қаулылар, Республика Президенттерінің Жарлықтары.

Қосалқы актілер – бұл заңға негізделген және заңды орындауға қабылданған актілер: басқарудың салалық және жоғарғы органдарының бұйрықтары, Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің нұсқаулықтары, лауазымды адамдардың қайсы бір іс-әрекеттерге рұқсат етуі туралы қарарлары және т.б.

Жоспарлы-қаржылық актілердің қалғандарынан айырмашылығы сол өзара қаржы саласындағы белгілі бір кезеңге арналған нақтылы тапсырмалар болады, яғни олар қаржы ресурстарын жұмылдыру, бөлу және пайдалану жөніндегі жоспарлар болып табылады; бұған бюджеттердің барлық түрлері, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы жоспарлары, бюджетте

қаржыландыруда тұратын мемлекет мекемелері шығындарының сметалары жатады



Қаржылық бақылау деп әдетте тиісті ақша қорлары бойынша қоғамдық жалпы өнімді құндық бөлу және оларды белгілі бір мақсаттарға жұмсаудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшалық қызметті айтады.

Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функционалдық элементтерінің бірі, ол басқарудың басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.

Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретіндегі қаржыға бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп отырады. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді ндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана адамдардың қатысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен толықтырғанда; бұл органдардың құқықтарын ретттемелегенде шындыққа айналады.

Бақылау функциясы – қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылауға қаржыға тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практикалық қолдану болып табылады.

Ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады. Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржы-шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы тексеріледі. Басқа жағынан, қаржылық бақылаудың нәтижелігі қаржылық жоспарлауда, оперативті басқаруда пайдаланылады.

Қаржылық бақылаудың өзгешелігі – оның ақша нысанында жүзеге асырылатындығында. Табыстар мен қорланымдардың қалыптасу процестері, ақша қорларын құру және пайдалану оның тікелей объектісі болып табылады.

Бақылауды жүзеге асырудың негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

- бақылаудың реттілігі, жаппайлылығы, әмбебаптылығы;



  • бақылаудың превентивтілігі, яғни оның алдын алу сипаты;

  • әрекеттілік, нақтылық, жариялылық – бұларға бақылау жұмысын дұрыс ұйымдастырғанда, негізделген әдістерді қолданғанда, істі ұқыпты зерделегенде, нақты ұсыныстар енгізгенде ғана жетуге болады;

  • бақылаудың алаламаушылығы;

  • бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі;

Қаржылық бақылаудың сыныптамасы субъектілердегі айырмашылықтарға, бақылау іс-қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне негізделген. Осы белгілерге қарай, қаржылық бақылау үш бағыт бойынша: түрлері, нысандары, оны жүзеге асырудың әдістері бойынша жіктеледі.

Қазақстан Республикасының қазіргі қаржылық бақылау жүйесі оны жүзеге асыратын субъектілеріне қарай мемлекеттік, қоғамдық және аудиторлық бақылау болып ажыратылады.

Мемлекеттік қаржылық бақылау жалпымемлекеттік және ведомстволық бақылау арқылы жүзеге асырылады.

Жалпымемлекеттік қаржылық бақылау ведомстволық бағыныштылығы мен меншік нысанына қарамастан бақылаудың кез келген объектісіне қолданылады. Бақылаудың бұл түрін мемлекеттік билік пен басқару органдары жүргізеді.

Мемлекеттік қаржылар жүйесінде бақылау салықтық, бюджеттік бақылау, сақтық және банктік қадағалау, кедендік бақылау және т.б болып ажыратылады.

Қаржылық бақылауды жетілдірудің аса маңызды бағыттарының бірі қаржылық бақылаудың тәуелсіз нысаны – аудиторлық бақылауды дамыту болып табылады, бұл мемлекеттік емес шаруашылық органдар санының көбеюімен және тиісінше қаржы, бақылау, есеп санында қызметтің сан алуан түрлерінің өсуімен байланысты болып отыр. Аудиторлық бақылау – тәуелсіз аудиторлық фирма мен шаруашылық жүргізуші субъектілер иелерінің жасасқан келісім шарты негізінде қаржы – шаруашылық қызметінің жай - күйін тексеру.

Нарықтық реформалардың тереңдей түсуі жағдайындағы қаржылық бақылау жүйесінің ажырағысыз бөлігі аудиторлық бақылаудың негізгі мақсаты кәсіпорындардың, фирмалардың, ұйымдардың бухгалтерлік (қаржылық) есебінің дұрыстығын белгілеу, олардың ақпараттық жүйелерінің сенімділігін бағалау.

Аудиторлық бақылау – ведомстводан тыс тәуелсіз қаржылық бақылау. Оны біліктік комиссиясы аттестаттаған “аудитор біліктілігінің берілуі” туралы куәлік алған жеке тұлға да, сондай-ақ ашық үлгідегі акционерлік қоғам да, өндірістік кооператив пен мемлекеттік кәсіпорынды қоспағанда, аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін кез-келген ұйымдық-құқтық нысанда құрылған коммерциялық аудиторлық ұйым да жүргізе алады.

Шетелдік аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті тиісті аудиторлық ұйымдарды – Қазақстан Республикасының резиденттерін құрған жағдайда ғана жүзеге асыра алады.

Аудиторлық палата коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.

Қаржы аудиті деп оған уәкілеттігі бар ұйымдар мен мамандардың қаржы есептемесіне сараптама және талдау жүргізу, қаржы – шаруашылық қызметін бақылау, шаруашылық жүргізуші субъектілерге олардың тапсыруы бойынша қызметтің басқа түрлерін көрсету жөніндегі және солардың есебінен жүргізетін тәуелсіз қызметін айтады.

Қаржылық бақылау әр түрлі әдістермен жүргізіледі. Нақтылы әдісті қолдану қаржылық бақылауды жүзеге асырушы органдар қызметінің нысандарының ерекшеліктері, бақылаудың объекті мен мақсаты, бақылау іс-қимылының пайда болуының негізі сияқты бірқатар факторларға байланысты болады.

Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай әдістері пайдаланылады:

тексеріс, тексеру, қарап шығу, қаржы жоспарларының жобаларын, өтінімдерді, қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептерді қарау, баяндамаларды тыңдау, лауазымды адамдардың ақпараттары және басқалары. Бұл әдістердің әрқайсысы аралық міндеттерді шешуге жағдай жасайтын тым көп жекелеген әдістерге бөлінеді. Мысалы, құжаттық тексерісте құжаттарды ыңғайласпа тексеру, ақша қаражаттары мен материалдық құндылықтарды түгендеу, сандық есепке алуды қалпына келтіру, бақылау мақсатында салыстыру және басқалары.

Қаржылық бақылаудың нысандары мен әдістері үнемі жетілдіріліп отырады, оларға есептеу техникасы негізіндегі ақпарат жүйесі белгілі түрде әсер етеді.

Аталынған жалпы әдістер түрлі объектілерге бақылау жүргізудің әдістемелерінде, ережелерінде нақтыланады.


Тақырып: Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы

Мақсаты: Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының негізін анықтап, коммерциялық және коммерциялық есем негізде жұмыс істейтін субъектілердің қаржылысының ерекшеліктерімен танысу.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:

  1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының негіздері.

  2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы.

  3. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының функциялары.

  4. Негізгі ұйымдық-құқықтық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының ерекшеліктері.

  5. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері.

  6. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары. Өндірістік капиталдар және кәсіпорындар қызметінің қаржылық нәтижелері

  7. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру.

  8. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелердің қаржыландыру көздері.

  9. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы – бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айрықша сферасы болап табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің айтарлықтай бөлігі қоғамның тіршілігін қамтамасыз ететін көзі – қоғамдық өнім жасалатын материалдық өндіріс сферасында жұмыс істейтіндіктен бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы өзіне қоғамдық – пайдалы қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, жабдықтау-өткізу, сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын-үй коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылықаралық, салараалық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын қамтиды.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы жалпы қаржылар сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бөлгіштік функциясының ерекшелігі қаражаттардың жеке-дара ауыспалы айналымының процесінде өндірілген өнімнің құны белгіленген экономикалық нормативтер негізінде бөлінетіндігінде болып отыр, мұның өзі қаржының өндіріс процесінде құнды бөлу және қайта бөлуге қатысуын айқындайды. Бөлу - өндіру мен тұтыну арасындағы байланыстырушы буын. Бұл процесс кәсіпорындардың өнім өткізуден түсім-ақша алуы және оны өндірістің жұмсалынған қаражаттарын өтеуге және таза табысты жасауға пайдалану арқылы болып жатады. Табыстың (пайданың) бір бөлігі қайта бөлу ретінде орталықтандырылған қорларға – мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс қорларға түседі, ал қалған бөлігі еңбекке ақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға, өндірісті кеңейту және дамыту жөніндегі шығындарды қаржыландыруға шаруашылықтың қарамағында қалады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы сонымен бірге бөлгіштік функция шеңберінде ұдайы өндірістік функцияны орындайды. Оның мазмұны жай және ұдайы өндіріс кезінде материалдық және ақша қаражаттарының ауыспалы айналымы процесінде олардың қозғалысы арасындағы сәйкестікті қамтамасыз етуде болып табылады. Бұл үшін кәсіпорындар өнім өндіру мен оны өткізудің жоспарлары, болжамдары мен ниеттері негізінде, белгіленген экономикалық нормативтер негізінде уақыттың белгілі бір мерзіміне кірістер мен шығыстардың көлемін жасайды; шығыстардың шамаланған меншікті қаржы ресурстары, басқа ұйымдар мен өз қызметкерлерінің уақытша тартылған қаражаттары, банк несиелері есебінен, ал айрықша жағдайда бюджеттен бөлінетін қаражаттар есебінен жабылатынын анықтайды.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бақылау функциясы кәсіпорын экономикасында маңызды роль атқарады; есепсіз және бақылаусыз шаруашылық жүргізуге болмайды. Қаржы басқа экономикалық тұтқалармен бірге экономиканы басқару, өндірістің өсуін ынталандыру және еңбек, материал, табиғи және еңбек ресурстарын ұтымды пайдалануға қажетті бақылауды қамтамасыз ету процесінде маңызды роль атқарады. Ақшамен бақылау тек шаруашылық жүргізуші субъектілердің ішінде ғана емес, сонымен бірге оның басқа субъектілерімен, жоғарғы ұйымдармен және қаржы - -кредит мекемелерімен өзара қарым-қатынастарында да жүзеге асырылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара қатынастарда бақылау жеткізілім тауарларға, көрсетілген қызметтерге және орындалған жұмыстарға ақы төлеу кезінде болады. Қаржы – кредит органдарымен өзара іс-әрекет кезінде бақылау бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы кезінде, банк несиелерін алған және қайтарған кезде жүзеге асырылады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы сферасындағы сан алуан қатынастар олардың шаруашылық қызметі процесінде басқа шаруашылық жүргізуші субъектілермен болатын мынадай топтарға ірілендірілген ақша қатынастарына саяды:



  • басқа әр түрлі кәсіпорындармен және ұйымдармен;

  • өзінің еңбек ұжымымен (бұл қатынастар еңбекке ақы төлеуді, сыйлық қорын жасауды, табысты бөлу және тұтыну қорынан қызметкерлерге жәрдемақылар төлеуді, сонымен бірге қызметкерлердің қаражаттарын тартуды ортақтастырады);

  • өз ішіндегі бөлімдермен;

  • мемлекетпен – бюджетке салықтар төлеу, бюджеттен қаржыландыру кезінде, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алған кезде, сондай-ақ олар бойынша төлемдер алғанда, валюта қорлары мен ресурстарды қалыптастырғанда;

  • банктермен;

  • сақтық органдармен – мүлікті, қызметкерлерді, коммерциялық және коммерциялық емес тәуекелді сақтандыру жөнінде;

  • жоғары ұйымдармен – ішкісалалық қайта бөлу шегінде;

  • құрылтайшылармен;

Шаруашылық жүргізуші субъектілер – кәсіпорындар мен ұйымдар, мекемелер әр түрлі белгілері бойынша сыныпталады және оларды не ол, не бұл түрі бойынша айырудың негіздемелері қаржыны ұйымдастырудың сипатына елеулі әсер етуі мүмкін.Айырудың ең жалпы белгісі кәсіпорындар мен ұйымдарды қызмет сфераларының біріне – материалдық немесе материалдық емес сфераға жатқызу болып табылады. Қызметтің материалдық сферасының кәсіпорындары бүкіл қоғамның тіршілік әрекетінің негізі болып табылатын материалдық өнімдер мен игіліктерді жасайды. Бұл сферада жасалған өнімнің бір бөлігі оның салалары ішінде тұтынылады, басқа бөлігі түпкілікті тұтынуға, соның ішінде өндірістік емес сфераға да бағытталады. Өндірістік емес сфера қызметінің нәтижелері қызметтердің нысанын қабылдайды, қызметтерді жасаудың процесі, әдеттегідей, оларды тұтыну процесімен тоқайласады, яғни олар қордалауға, сақтауға жатпайды.

Қоғамдық өндірістің екі сферасының аталған қағидалы айырмашылықтары бұл сфералардың қаржысын ұйымдастыруға – қаржыландыру, өнімдер мен қызметтер құнының жасалу процестеріндегі қаржы қорларының қозғалысы кезінде де, сондай-ақ қызметтің қаржы нәтижелерін қалыптастыру – қорланымдарды, табыстарды немесе пайданы бөлу және пайдалану кезінде де әсерін тигізеді.

Қаржы қатынастарының мазмұны мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық жұмысын ұйымдастыруға олардың салалық тиістілігі, ұлттық шаруашылықтың техникалық – экономикалық ерекшеліктері айтарлықтай ықпал жасайды.

Материалдық өндіріс сферасының кәсіпорындары қаржысының өзгешелігі едәуір дәрежеде кәсіпорынның іс-әрекет ететін саласына да байланысты болып келеді.

Қаржының салалық ерекшеліктері өндірістің сипатымен, түрлі салалардың технологиясымен, өндірістік циклдың ұзақтығымен, маусымдылықпен, өндірістің табиғат және климат факторларына тәуелділігімен, шаруашылықты жүргізудің экономикалық жағдайларының айырмашылығымен анықталады. Саланың өзгешелігі қаржы ресурстарының жылдамдығына, қалыптастырылатын ақша қорларының құрамына, қаржы ресурстары мен кәсіпорындардың шығындары құрылымына, бюджетпен және басқа қорлармен болатын өзара қатынастарға әсер етеді. Маусымдылық факторы ауыл шаруашылығы, құрылыс өндірісі үшін сипатты болып келеді.

Сыныптаманың келесі ірі белгісі кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қаржылық қызметінің сипаты – коммерциялық және коммерциялық емес қызметі болып табылады.

Коммерциялық қызметтің мақсаты табыс алу болып табылады. Коммерциялық негізде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс істейді.

Өндірістік емес сфера мекемелерінің едәуір бөлігі: мемлекеттік басқару, қорғаныс, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру, құқық тәртібін қорғау, айналадағы ортаны қорғау, денсаулық сақтау мен білім берудің, мәдениеттің және шаруашылықтың үлкен тобы, іргелі ғылым коммерциялық емес секторда қалып отыр. Коммерциялық емес қызмет табыс алуға емес, бүкіл қоғам үшін, соның ішінде халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге қажет функциялар мен іс – қимылдарды орындауға бағытталған.

Коммерциялық және коммерциялық емес қызмет болып межелену Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде бекітіліп берілген, онда заңды тұлға ұғымы анықталады. Заңды тұлға деп меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін ұйымды айтады. Өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтық міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алады, сотта талапкер және жауапкер бола алады.

Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестігі, өндірістік кооператив нысандарында құрылуы мүмкін.

Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.

Шаруашылық жүргізуші субъектілерді сыныптаудың маңызды белгісі меншіктің белгілі бір нысанына тиістілігі болып табылады. Заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасында меншіктің екі нысаны қабылданған: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктері ретінде болады, жеке меншіктің айрықша түрі ретінде қоғамдық ұйымдардың меншігі болады.

Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік болып ажыратылады.
Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілер табыс алу мақсатында құрылады. Олар өзінің қызметін мынадай нысандарда жүзеге асыра алады: мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар; шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктер; өндірістік кооперативтер. Коммерциялық негіздерде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс істейді: коммерциялық банктер, сақтық ұйымдар, қаржы секторының басқа мекемелері.

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік капиталдарды қалыптастыру, өнім өндіріп, оны өткізу, меншікті қаржы ресурстарын жасау, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды бөлу және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды айтады.

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру белгілі бір қағидаттарға негізделген, олар мыналар:


  1. коммерциялық – шаруашылық есеп;

  2. жоспарлылық;

  3. меншіктің барлық нысандарының теңдігі;

  4. қаржы резервтерінің болуы.

Шаруашылық - қаржы қызметі процесінде кәсіпорындар мен ұйымдар қаржы қорларын - белгілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражаттарын қалыптастырып, пайдаланады. Қорлардағы ақша қаражаттары үнемі қозғалыста болады: түседі, қордаланады, жұмсалады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс істеуі үшін неғұрлым маңыздылылары мына қорлар болып табылады: жарғылық, резервтік капиталдар, қорлану қоры, тұтыну қоры, еңбекақы төлеу қоры, валюталық, жөндеу қорлары.

Кәсіпорындардың өндірістік және коммерциялық қызметі негізгі өндірістік капиталдарды – негізгі және айналым капиталдарын пайдаланумен байланысты болады. Қаржының арқасында кәсіпорындардың өндірістік капиталдарының ауыспалы айналымы болып отырады. Бұған өндірістің натуралдық – заттық элементтерін – еңбек құралдары мен еңбек заттарын сатып алу, көбейту немесе олардың орнын толтыру үшін қаржы ресурстарын авансылау жолымен жетеді.

Негізгі өндірістік капиталдар мен материалдық емес активтер өндіріс процесінде ұзақ уақыт бойы қатысады және өзінің құнын біртіндеп, бөліп – бөліп тозығына қарай жаңа өнімнің құнына көшіреді. Көшу процесін амортизация, көшірілген құнның үлесін амортизация нормасы, ал бұл үлестің ақшалай көрінісін амортизациялық аударымдар деп атайды.

Амортизациялық аударымдар өндіріс шығындарында кіріктіріледі және өнім өткізуден түскен табыстан қалыптасады.

Өндірістік айналым капиталдары деп заттық мазмұны жағынан еңбек заттарын, сондай-ақ құны аз және тез тозатын заттардың құрамында есепке алынатын еңбек құралын айтады. Өндірістік айналым капиталдары өндіріс сферасына қызмет етеді және өндірістік цикл процесінде бастапқы нысанын өзгерте отырып, өзінің құнын дайын өнімнің құнына көшіреді.

Кірісті түсіру негізгі мақсаты болып табылмайтын және алынған таза табысты қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады.

Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік, қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі нысанында және заңнамалық актілерде көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Бұл ұйымдардың қызметінің мақсаты пайда табу емес, керісінше қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады.

Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы деп материалдық емес игіліктер мен қызметтерді жасау мақсатында материалдық өндіріс салаларында жасалған ұлттық табысты қайта бөлу нәтижесінде құрылатын ақша қорларының қозғалысын ортақтастыратын ақша қатынастарының жиынтығын түсінеді.

Коммерциялық емес ұйымдар қызметін қаржыландыру көздері әр түрлі болып келеді. Оларды бұл құрылымдардың іс-әрекет етуіне мемлекеттің қатысу дәрежесіне қарай топтастыруға болады. Мемлекет тиісті функцияларын толық атқарған жерде ұйымдарды ұстауға жұмсалатын шығыстар мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.

Коммерциялық емес ұйымдарды қаржыландырудың маңызы жағынан екінші көзі көрсетілетін қызметтерден, орындалатын жұмыстардан алатын табыстары түріндегі меншікті қаражаттары, сондай-ақ ведомствоға қарасты кәсіпорындарда өнім өндіруден алынған жалпы табыс ұйымның меншігіндегі басқа мүлікті пайдаланудан түскен табыстар болып табылады.

Қаржыландырудың үшінші көзі – бнктердің кредиттері. Бұл көзді ақылы қызмет көрсететін ұйымдардың пайдалануы мүмкін, өйткені қарыз қаражаттарын қайтарудың қажеттігі ұйымның кредитті пайдалану уақытынан асып түсетін мерзімі бойынша жақсы жолға қойылған, бірқалыпты жұмыс істеуін керек етеді.


Тақырып: Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы. Мемлекеттің кірістері мен шығыстары

Мақсаты: Мемлекет қаржысына сипаттама беріп, мемлекеттің кірістері мен шығыстарының құрамын анықтау.

жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау