Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:
Бюджеттен тыс қорлардың қажеттігі мен мәні, олардың қоғамның әлеуметті-экономикалық дамуындағы рөлі.
Бюджеттен тыс қорлардың сыныптамасы
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры. Әлеуметтік сақтандыру қоры.
Инвестициялық және инновациялық қорлар 2015 жылға дейін Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының стратегиясын іске асырудың қаржылық көздері ретінде.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
Бюджеттен тыс қорлар – мемлекеттен тыс қорлар – мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны; мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланылатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар мемлекеттің мақсатты қажеттіліктерін қанағаттандыруды қаржыландыруға бағытталатын қаржы ресурстарын шоғырландыру үшін ұлттық табысты қайта бөлу жөніндегі қатынастар болып табылады.
Бюджеттен тыс қорлар мынадай белгілері бойынша сыныпталады: мақсатты белгісі бойынша - әлеуметтік мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, міндетті медициналық сақтандыру қоры, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудың мемлекеттік, экономикалық, ғылыми – зерттеу, табиғат қорғау, көші – қон, құқық қорғауға жәрдемдесу, мәдени арналым және басқалары;
Басқару деңгейі бойынша – мемлекет аралық , мемлекеттік және аймақтық.
Ұйымдық жағынан қорлар арнаулы ақпараттың немесе министрліктің басқаруында болады, мұнын өзі қаржы ресурстарының оқшауланған бөлігін басқаруға, олардың ұтымды, мақсатты пайдаланылуына бақылау жасауға мүмкіндік туғызады. Бюджеттен тыс қорлардың болуы олардың басқаруында шоғырландырылған мақсатты қаржыларды басқарып, ұйымдастыруға жағдай жасайды: дүниежүзілік практикада қорларды басқару автаномды түрде яғни биліктің өкілетті органдарының араласуынсыз түрінде болады, бұл қорларды басқарудың мемлекеттік органдарына мақсатты қаржыландырудың мәселелерін тез шешуге, ахуалының өзгеруіне дер кезінде құлақ асуға мүмкіндік береді.
Өтпелі кезеңдегі бюджеттен тыс қорлардың жалпы проблемасы төлеушілердің қаржылық жайсыз жағдайынан жобаланған көлемдегі олардың қаржысын қалыптастырудың қиынтықтары: олардың көбісінің залалдығы , өзара берешектер, төлем қабілетсіздігі болып табылады. Нәтижесінде қордың бюджеттері теңгерімсіз болды және шұғыл әлеуметтік – экономикалық мұқтаждарды мақсатты қаржыландыру жөніндегі көптеген шаралар қамтамасыз етілмеді.
Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар 1996 жылдан бастап қаржы саясатының мемлекеттің қаржы ресурстарын орталықтандыру жағына өзгеруінен байланысты мақсатқа сәйкес емес деп мойындалды: қорлардың қаражаттары республикалық бюджетке шоғырландырылады. Алайда дүниежүзілік практика орталықсыздандырудың және қоғам тарапынан қаражаттардың жұмсалуына кідіртуге болмайтын бақылауды қамтамасыз ету кезіндегі оларды жедел басқару үшін мемлекеттің қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігін растайды.
Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары мыналар болды:
Зейнетақы қоры;
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры;
Міндетті медициналық сақтандыру қоры;
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры.
ҚР-ның Ұлттық қоры мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге дүниежүзілік бағалардың жағдайына республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында құрылды. Яғни, Қазақстанның ұлттық қорын қалыптастыру болашақ ұрпақ үшін қорланымды және елдің экономикасын келеңсіз сыртқы факторлардан қорғау үшін қаржы резервтерін шоғырландырады. Бүгінде қор активтерінің ауқымы 2 миллиард АҚШ долларына жуық болып отыр. Сөйтіп, қор 2 функция орындайды: жинақтаушы және тұрақтандырушы функциялары.
2001 жылдың ішінде Қордың жұмыс істеу ттігі іс жүзінде толығымен орнықты және іске қосылды.
Қор мына түсімдердің есебінен қалыптасады:
республикалық және жергілікті бюджеттерден алынатын ресми трансферттер;
қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістер;
ҚР-ның заңнамасымен тиім салынбаған өзге түсімдер мен кірістер.
Қаражаттарды қорға есептеудің тәртібін Үкімет анықтайды.
Қордың қаражаттары оларды сақтау және инвестициялық кіріс алу мақсатында сенімді және өтімді шетелдік қаржы активтеріне орналастырылады. Оларды жекеше немесе мемлекеттік ұйымдарды несиелендіруге және міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде пайдалануға болмайды.
Қордың қаражаттары мына бағыттар бойынша жұмсалады:
Шикізат секторы ұйымдарынан түсетін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің бекітілген және іс жүзіндегі сомасының арасындағы айырмасы ретінде анықталатын ысыраптарды өтеу үшін;
қордың мақсатты трансферттері түріндегі одан республикалық және жергілікті бюджеттерге ҚР-ның Президенті анықтайтын мақсаттарға берілетіні;
қорды басқарумен және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізумен байланысты шығыстарды жабуға.
Тақырып: Мемлекеттік несие және мемлекеттік борыш.
Мақсаты:Мемлекеттік несие мен борыштың мәнін анықтап, оның нсандарына, әдістеріне, түрлеріне сипаттама беру.
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:
Мемлекеттік несиенің мәні
Мемлекеттік несиенің түрлері, нысандары және әдістері.
Мемлекеттік борыш ұғымы, оның түрлері
Мемлекеттік борышты басқару.
Мемлекеттік кредит – жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және кредит қатынастарының жиынтығы, бұл қатынастарда тараптардың бірі мемлекет, заңды және жеке тұлғалар несиегерлер немесе қарызгер болып табылады. Халықаралық экономикалық қатынастар саласында мемлекет қарызгердің де, қарыз алушының да, несиегердің де рөлінде көрінеді.
Мемлекеттік кредиттің еркшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, меезгілдігінде және ақылығында. Алайда бұл қатынастарды банк несиесімен шатастыруға болмайды. Несие қоры ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорындар мен ұйымдарды несиелендіру және оның тиімділігін арттыру үшін пайдаланады; несиелерді жеке адамдар да ала алады. Шаруашылық жүргізуші субъектілерді банктік несиелендіру несие қорын өнімді пайдалану болоып табылады.
Мемлекеттік кредиттің көмегімен жұмылдырылған қаражаттар көбінесе экономиканы қаржыландыруға бағытталатындықтан оның өндірістік сипаты болуы тиіс.
Қаржының бөлгіштік функциясы шеңберінде мемлекеттік кредит ақша қаражаттарын қайта бөлудің қосалқы функциясын орындайды. Бұл халықтың, кәсіпорындар мен ұйымдардың уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Бұл функцияда мемлекеттік кредит жинақ ақшаны ұйымдастыру нысандарының бірі болып табылады. Бұл функция іс-әрекетінің объективті нәтижелері ұлғаймалы ұдайы өндірістің ауқымын арттыру және оның қарқынын тездету болып табылады.
Мемлекеттік кредиттің екінші қосалқы функциясы – реттеу функциясы. Бірінші кезекте мемлекет несиелік пайыздың мөлшеріне ықпал жасай отырып, ақша ағымдарын реттейді: несие капиталының нарығында қаржыгер бола отырып, ол бұл капиталға деген сұранымды арттырады, мұның нәтижесінде несие капиталының нормасы артады.
Мемлекеттік кредит түрлері бойынша ішкі, сыртқы, шартты болып ажыратылады.
Ішкі кредитте мемлекеттік кредит қатынастары жан-жақты тұрғыда: қарызгер кезінде де, несиегер ретінде де елдегі үкіметтің, биліктің жергілікті органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың арасында пайда болады.
Халықаралық кредитте қатынастарға бір жағынан, үкімет, биліктің жергілікті органдары, екінші жағынан басқа мемлекеттердің үкіметтері, банктері, компаниялары, сондай-ақ халықаралық қаржы-банк ұйымдары араласады. Кредит беруші тарап мемлекет – донор немесе ұйым – донор, ал кредит алушы ел реципиент-ел деп аталады.
Шартты мемлекеттік кредит отандық қарызгерлер: кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің несиегерлеріне берілген кепілдіктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады. Қарыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық қарызгердің уақыты келген міндеттемелері бойынша қарызгердің мүлкінен немесе басқа активтерінен бюджет қаражаттары есебінен қарыздың сомасын төлейді.
Мемлекеттік кредиттің негізгі нысаны кредит қатынастары болып көрінетін мемлекеттік қарыздар болып табылады, бұл қатынастарда мемлекет негізінен қарызгер ретінде болады.
Мемлекеттік қарыздардың мынадай түрлері мен нысандары болады:
Қарызгерге қатысы бойынша:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары;
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қарыздары;
Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдарының қарыздары болып бөлінеді.
Несие капиталының нарығы бойынша:
Сыртқы мемлекеттік қарыздар;
Ішкі мемлекеттік қарыздар болып бөлінеді.
Қарыз алу нысанасы бойынша:
мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы;
қарыз туралы шарттар (келісімдер) жасау болып бөлінеді.
Қолданылу мерзімі бойынша мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар:
айналыс мерзімі 1 жылға дейін, қысқа мерзімді;
айналыс мерзімі 1 жылдан 10 жылға дейін, орта мерзімді;
айналыс мерзімі 10 жылдан астам, ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздары құжаттық және құжатсыз нысанда номиналды және дисконтталған құны бойынша, сыйақының бекітілген және бекітілмеген мөлшерлемесімен шығарылуы мүмкін.
Мемлекеттік кредиттің әдістері әртүрлі және баяндалған нысандарға сай келеді. Мемлекеттік қарыздарда – бұл қаражаттарды тартудың және оларды кейін қайтарудың амалдары, тәсілдері: олар қарыздарды шығарудың шарттары мен анықталады: табыстылықты анықтаудың және табыс алудың әдістері, іс-қимылдың мерзімі, орналастыру амалдары, өтеу амалы.Қарыздардағы әдістерге сондай-ақ мемлекеттің борышын басқару әдістері де жатады.
МҚМ-да мыналар әдістер болып табылады: дисконттың мөлшері, кесіп тастау бағасы, құн бойынша өтеу, өтеу мерзімі, аукциондарды өткізудің тәртібі.
Мемлекеттік кредиттің нысандары кезінде – мемлекеттік банктердің депозит ресурстарының қалдықтарын пайдалану кезінде мұндай қолданудың шарттары әдістері болып табылады: мемлекеттік қаржы ресурстары ретінде тартылатын ресурстардың үлесі, қайтару мерзімі, табыстылық нормасы. Елдің орталық эмиссиялық банкісінің қаражаттарын тарту шарттары - әдістері ұқсас болады; бұл әдістер мұндай қарыз алудың инфляциялық ықпылын азайтуы тиіс.
Мемлекеттік кредиттер нысанындағы әдістер кәдуілгі банк кредитінің әдістеріне ұқсас болып келеді.
Халықаралық мемлекеттік кредит – халықаралық экономикалық қатынастар сферасында елдердің материалдық ресурстарының қозғалысы, мемлекет дүниежүзілік қаржы нарығында борышкер немесе несиегер ролінде болатын қатынастардың жиынтығы. Бұл қатынастар мемлекеттік сыртқы қарыздар нысанын қабылдайды және ішкі қарыздар секілді оларда қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық жағдайында беріледі. Алынған сыртқы қарыздардың сомасы есептелген пайыздар мен бірге елдің мемлекеттік борышына қосылады. Мемлекеттік сыртқы қарыздар ақша және тауар нысанасында беріледі. Несие субъектісі мемлекеттік уәкілетті органдар арқылы елдер болып саналады.
Мемлекеттікк борыш – бұл алынған және белгілі бір күнде өтелмеген мемлекеттік қарыздардың сомасы. Мемлекеттік борыш ұлғаймалы ұдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақша ресурстарын тарту нысандарының бірі ретінде мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан туады. Мемлекеттік борышты мемлекет мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді. Орналастыру нарығына, қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік борыш ішкі және сыртқы мемлекеттік борыш болып бөлінеді. Сондай-ақ күрделі және ағымдағы мемлекеттік борыш болып ажыратылады. Күрделі мемлекттік борыш деп мемлекеттің шығарылған және өтелмеген борышқорлық міндеттемелерінің бүкіл сомасын айтады. Ағымдағы борыш – бұл мемлекеттің барлық борышқорлық міндеттемелері бойынша несиегерлерге табыс төлеу және мерзім келген міндеттемелерді өтеу жөніндегі шығыстар.
Мемлекеттік борышты басқару – мемлекеттің өзі және оның кепілдігімен алынған борышқа қызмет көрсету, оны жоспарлы өтеу, жаңа қарыздарды тарту мен жүзеге асырудың шарттарын жасау жөніндегі мемлекет шараларының бүкіл спектірі; мемлекеттің оған уәкітетті органдары арқылы ұтымды және тиімді қарыз алуды қамтамасыз ету және мемлекеттік кредитке қызмет көрсетудің құнын оңтайландыру жөніндегі қызметі; басқару келешекте макроэкономикалық қиыншылықтардан және төлем балансының проблемаларынан аман болу мақсатында жүзеге асырылады. Бұл орайда борыштың қалыптасуы өзгерті және оған қызмет көрсету процестерін қадағалап, бақылап отыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметі ретіндегі мемлекеттік борыштың мониторингі жүргізіледі.
Тақырып: Үй шаруашылықтарының қаржысы.
Мақсаты: Үй шаруашылығы қаржысының мәні және маңызын анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |