Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:
Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік. қызметі. Қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер көрсету
Мемлекет қаржысының ұғымы және құрамы
Мемлекет кірістерінің мәні және оның сыныптамасы Мемлекет шығыстарының мәні, құрамы және сыныптамасы Экономиканы қаржыландыру
Жалпы мемлекеттің қоғамдағы экономикалық қызметі мына функцияларда білінеді:
экономикалық дамудың қалыпты дамуына құқықтық базаны анықтау;
монополиялық қызметті шектеу және бәсекелестікті қорғау;
табыстар мен байлықты қайта бөлу;
экономиканы тұрақтандыру;
ресурстарды қайта бөлу.
Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру жөніндегі іс-қимылы экономикалық жағдаяттың ауытқулары туғызатын жұмыспен қамтылуды және инфляция деңгейін бақылауды, сондай-ақ экономикалық өсуді ынталандыру жөніндегі шараларды қамтиды.
Өндіріске және тиісінше белгілі бір тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді өндіретін, қамтамасыз ететін салаларды қаржыландыруға мемлекеттің тікелей қатысуының басқа да нұсқамалары болуы мүмкін.
Олар қоғамдық және әлеуметтік деп аталады. Қоғамдық тауарлардың кәдуілгі рыноктік тауарлардан қағидалы айырмашылығы сол, олар бөлінбейді және шығарып тастау қағидатының іс-әрекетіне ұшырамайды.
Бөлінгіштік жеке сатып алушының тауарға қол жетушілігін, оның тап өзіне қажетті нақтылы тауарларды сатып алу мүмкіндігін қажет етеді, мұның өзі сатып алушының егемендігін анықтайды.
Шығарып тастау қағидаты тұтынушыны егер ол тауардың нарықтық бағасын төлей алмаса немесе төлегісі келмесе осы тауардан болатын пайдадан аластатуды білдіреді.
Кез-келген жағдайда нарықтық жүйе не қоғамдық тауарларға ресурстарды бөлмейді, немесе оларды жеткіліксіз көлемде бөледі. Сондықтан мемлекеттің қаржы механизмі арқылы мұндай тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді өндіру және қоғамды олардың белгілі бір көлемімен қамтамасыз ету туралы мемлекет шешім қабылдауы тиіс. Экономикалық ресурстарды қайта бөлуге салық-бюджет жүйесі арқылы жетеді: салық және басқа да міндетті төлемдер арқылы, жекеше сектор дара, нарықтық тауарларды өндіруде, ал халық – оларды тұтынуда шектелінеді. Сөйтіп, ресурстардың бір бөлігі мемлекеттік бюджетке беріліп, керекті қажеттіліктерді, қоғамдық мүдделерді қанағаттандыруды қамтамасыз етуші салалар, өндіріс қаржыландырылады.
Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономика мен социумдағы сан алуан өзара байланыстарды қамтитын мемлекеттік сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс-қимылымен байланысты.
Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражаттарды мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлумен байланысты болатын ақша қатынастарын білдіреді.
Мемлекеттің қаржысы республикалық және жергілікті дейгейлерде іс-әрекет етеді және мемлекеттік бюджетті, бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті, мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларын қамтиды. Экономикалық және әлеуметтік сфераға мемлекеттік басшылықтың деңгейіне қарай мемлекеттің қаржысы жалпымемлекеттік және жергілікті муниципалдық қаржылар болып бөлінеді.
Мемлекеттің шығыстары – бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен бйланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.
Мемлекеттің шығыстары мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттің тікелей шығындары мен өндірістік және өндірістік емес салалардың мемлекеттік кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің шығындарынан тұрады.
Мемлекет шығыстарының құрамына мемлекеттік бюджеттің, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, өндірістік және өндірістік емес сфералар мекемелерінің шығыстары кіреді.
Мемлекеттік сектордың кәсіпорындары шығыстарының құрамына мыналар кіреді:
өндірістік, шаруашылық – пайдалану қызметімен байланысты шығындар;
ұлғаймалы ұдайы өндіріске жұмсалатын шығындар;
бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төленетін төлемдер;
көтермелеу және ынталандыру қорларына аударылатын аударымдар.
Шығындардың бірінші тобы қорлардың ауыспалы айналымымен байланысты және өндіріс шығындарының орнын толтыру болып табылады және шартты түрде шығыстрға жатады. Сондықтан кәсіпорындар бойынша мемлекеттің шығыстары шығыстардың екінші және үшінші топтарын қамтиды.
Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың қайтарусыз сипаты берілген ресурстарды тіелей өтеуді талап етпейді. Бұл қағидат бойынша қаржы ресурстарын беру соңғы уақытта мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудың кредиттік әдістерімен қатар қолданылды. – бұл пайдаланылатын қаржы ресурстарының тиімділігін арттырды.
Мемлекеттің шығыстарын шектеудің аса маңызды ритерийі материалдық өндіріс пен ұлттық табысты жасаудың процесінде олардың қатысы болып табылады. Осыған сәйкес мемлекеттің шығыстары экономикалық мазмұны бойынш үш негізгі топқа бөлінеді:
материалдық өндіріспен тікелей байланысты және өндірістік сфераға жататын шығыстар;
қызметтің өндірістік емес сферасындағы шығыстар;
мемлекеттік резервтерді жасау шығыстары;
Шығыстардың бірінші тобы мемлекеттің шаруашылық қызметімен шарттасылған және ұлттық табысты жасаумен байланысты.
Мемлекет шығыстарының екінші тобы қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты.
Үшінші топтың мемлекет шығыстары – мемлекеттік резервтерді жасау мен молықтыруға жұмсалатын шығындар өндірістік, сондай – ақ өндірістік емес сфералардың төтенше жағдайлар кезіндегі қажеттіліктерін қанағаттндыруға арналған.
Мемлекеттің шығыстры қаражаттарды ең жоғары тиімділіпен пайдаланған жағдайда мемлекеттік қажеттіліктерді неғұрлым толық қамтамасыз етуі тиіс. Осыған байланысты шаруашылық жүргізудің ерекшеліктерімен анықталатын мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың екі әдісі болады:
Шаруашылық есептегі кәсіпорындар мен ұйымдрды қаржыландыру меншікті ресурстар, банк кредиттері есебінен және жетіспеген бөлігі – бюджет қаражаттары есебінен жасалынады;
Сметалық – бюджеттік қаржыландыру. Сметалық тәртіппен ерекше құжаттардың – сметалардың негізінде әлеуметтік-мәдени шаралар, мемлекеттік билік пен басқару органдарын ұстау, қорғаныс шығындары қаржылндырылады.
Ерекше жағдайларда әдіс ретінде айналысқа қолма – қол ақша шығару және кредиттік эмисия есебінен эмиссиялық қаржыландыру қолданылады.
Тақырып: Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру.
Мақсаты: Салықтардың қажеттілігн, ролін анықтап, оның түрлеріне жеке-жеке сипаттама беру
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:
Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні.
Салық жүйесі
. Салықтарды алуды ұйымдастыру.
Жанама салықтар және олардың экономикалық мазмұны
Тікелей салықтар және олардың экономикалық мазмұны
Ұйымдық – құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында .
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделді. Салықтар тауар – ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Салықтарда ежелден салық жүктемесін ( салық ауыртпалығын ) бөлудің екі қағидаты қалыптасқан:
пайда ( алынған игіліктер ) қағидаты;
« қайыр көрсету » ( төлем қабілеттілігі ) қағидаты.
Салықты ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаттарын бұрын
А. Смит ұсынған еді. Олар мынаған саяды:
1. салық салық төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс
( әділеттілік қағидаты );
2.салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек ( анықтылық қағидаты );
3. әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы тиіс ( қолайлылық қағидаты);
4. салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс ( үнем қағидаты).
Еліміздегі салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдектерін беруге тыйым салынады.
Қазіргі кезде салықтар фискальдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функция орындайды.
Фискальдық функция – барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады, мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толыстыра отырып, экономиканы, әлеуметтік – мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл орайда салықтардың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерінің , алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады.
Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс - әрекетінің ауқымы жалпы ішкі өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады; ол ұлттық табыстың мемлекеттендірілу дәрежесін көрсетеді.
«Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оны құры мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды.
Салықтарды салу объектісі бойынша, олар тура және жанама салықтар болып бөлінеді.
Тура салықтар – салық төлеушінің кірісі мен мүлкінен тікелей төленген салықтар. Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі. Нақты салықтар салық төлеушілердің мүлкінің кейбір түрлеріне салынады. Жеке тура салықтар – бұл жеке адамдар мен заңды ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардан айырмашылығы – жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайын да ескереді.
Жанама салықтар – баға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық, акциздер жатады.
Салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай орталық
( жалпымемлекеттік ) және жергілікті салықтарды ажыратады.
Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты болып бөлінеді.
Жалпы салықтар тиісті деңгейлердегі бюджеттерде шоғырландырылады және жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланылады. Мақсатты салықтардың нысаналы арналымы болады және әдеттегідей түрлі арнаулы қорлардың қаржы базасын құруға арналады.
Объектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салықтар және тұтынуға салынатын салықтар болып ажыратылады. Табысқа салынатын салықтар төлеушінің салық салынатын кез – келген объектіден алған табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар – бұл тауарлар мен қызметтер көрсетуі тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.
Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай салық алудың мынадай төрт әдісі қолданылады: кадастрлық, салық төлеушінің мағлұмдамасы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік негізде.
Бірінші жағдайда салықты есептеу мен оны алу, салық салу объектілерінің нақты табыстылығын есепке алмай табыстылық нормасын көрсете отырып, олардың тізімдемесі негізінде жүзеге асырылады.
Мағлұмдамада салық төлеушілер табыстың көлемін, қажетті жеңілдіктерді, шегерімдерді көрсетеді және салық сомасын есептеп, төлейді.
Үшінші әдіс бойынша салық төлеуші жұмыс істейтін ұйымның, мекеменің бухгалтериясы одан салықты табыс алынған жерде есептеп, ұстайды.
Төртінші әдіспен салық кәсіпкерлік қызметтің сан алуан түрлеріне берілетін патент негізінде төленеді. Патент – арнаулы салық режімін қолдану құқығын куәландыратын және салық сомасының бюджетке төленгендігін растайтые құжат.
Салық есебінің екі әдісі қолданылады:
кассалық;
есептеу әдісі.
Кассалық әдіске сәйкес табыстар мен шегерімдер жұмысты орындау, қызмет көрсету, мүлікті жөнелту мен кірістеу және ол бойынша жасалынған ақы төлеу мезетінен бастап есепке алынады.
Есептеу әдісі бойынша табыстар мен шегерімдер ақы төлеудің уақытына қарамастан жұмысты орындау, қызмет көрсету, тауарларды өткізу және кіріске алу мақсатымен тиеп жіберу мезетінен бастап есепке алынады.
Қазақстан Республикасындағы салықтар:
1. корпорациялық табыс салығы
2. жеке табыс салығы
3. қосылған құнға салынатын салық
4. акциздер
5. жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері
6. әлеуметтік салық
7. жер салығы
8. көлік құралдарына салынатын салық
9. мүлікке салынатын салық
10. бизнесі салығы
Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы «Бюджет жүйесі туралы» Заң мен тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.
Салық салуды ұйымдастыру салық қатынастары нысандарының элементтерін, яғни салық түрлерінің нақты аттарын, сондай-ақ оларды қолданудың тәртібі мен әдістерін, іс- қимылының тәсілдерін қамтитын салық механизмін құруға және оның жұмыс істеуіне саяды.
Негізгі салық элементтеріне мыналар жатады: салық субъектісі, салық салынушы, объектісі, салық базасы, салық салудың өлшемі, салық мөлшерлемесі, үлес, салықпұл, салық жеңілдіктері, салық төлеудің мерзімі мен тәртібі, салық төлеушілер мен салық органдарының міндеттіліктері мен құқықтары, салықтарды төлеуді бақылау, салық заңнамасын бұзғаны үшін санкциялар және басқалары.
Салық субъектісі немесе салық төлеуші. Ол – салықты және бюджетке басқа төлемдерді төлеуші тұлға, алайда нарық механизмі арқылы салық ауыртпалығы басқа тұлғаға – салық салынушыға аударылуы мүмкін.
Салық салынушылар – нақты салық ауыртпалығы түсетін жеке тұлғалар, түпкілікті салық төлеушілер, яғни мемлекет азаматтары.
Салық объектісі. Мүлік пен іс-әрекеттер салық объектілері және салық салуға байланысты объектілер болып табылады, олардың болуына байланысты салық төлеушінің салықтық міндеттемесі туындайды.
Салық базасы – салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектінің құндық, заттық немесе өзге де сипаттамалары, олардың негізінде бюджетке төленуге тиіс салықтар және басқа да міндетті төлемдердің сомасы анықталады.
Салықтың негізгі базасы мыналар болып табылады:
Табысқа салынатын салық - бұған корпорациялық табыс салығы мен жеке табыс салығы жатады;
Тауарларға салынатын салықтар – олар қосылған құнға салынатын салықтарды, кеден баждарын қамтиды;
Капиталға салынатын салық – оған жер салығы, мүлікке салынатын салық және басқалары жатады;
Салық мөлшерлемесі – салық базасының өлщем бірлігіне салық есептеулерінің шамасын білдіреді.
Салық салу практикасында мөлшерлемелердің мынадай түрлерін ажыратады:
Тұрақты салық мөлшерлемесі – олар табыс көзіне қарамастан салық салу бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді.
Үйлесімді салық мөлшерлемесі – олар салық объектісіне бірдей пайыздық қатынаста іс - әрекет етеді.
Прогрессивті салық мөлшерлемесі – бұл жағдайда прогрессивтік салық мөлшерлемесі табыстың артуына қарай өсіп отырады.
Регрессивті салық мөлшерлемесі – олар табыстың өсуіне қарай төмендейді, және табысы көп тұлғаларға тиімді болып келеді, ал табысы аз адамдардың иығына ауыртпалық түсіреді.
Салық кезеңі – жекелеген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерге қатысты белгіленген уақыт кезеңі салық кезеңі деп түсініледі, ол аяқталған соң салық базасы анықталады және бюджетке төленуге тиісті салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің сомасы есептеледі.
Салықпұл – субъектінің бір объектіден төлейтін салық сомасы.
Салық жеңілдіктері – заңнамаға сәйкес төлеушілерді салықтан толық немесе ішінара босату. Салық жеңілдіктеріне мыналар жатады:
Салық салынбайтын минимум – салық салудан толық босатылатын салық объектісінің ең аз бөлігі;
Табыстың есептелген сомасынан шегерілетін шегерімдер;
Салық салынатын табыстың құрамына кіріктірілмейтін сома;
Салық салудың жеке субъектілері мен төлеушілердің санаттары үшін салық мөлшерлемесін төмендету.
Салық жеңілдіктеріне сонымен бірге төлеу мерзімін ұзарту және салық бойынша бересіні есептеп шығару да жатады.
Жеңілдік кезеңі - салықтар бойынша заңмен белгіленген жеңілдіктердің іс-әрекет ететін уақыты.
Салық төлеушілер мен салық органдарының құқықтары мен міндеттіліктері - билік пен басқару органдарының салық заңнамасымен реттеледі.
Салықтық бақылау – салық службасы органдарының салық заңнамасының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы аударылуын бақылауы.
Салық заңнамасын бұзған салық төлеушілерге олардың жасырған сомасын, төмендеткен табыстарын төлеттіріп алу , бұзу ауыртпалығына қарай үлестік немесе еселенген көлемде айыппұлдар, бюджетке төленетін төлемдер мерзімін өткізіп алғаны үшін өсімдер түрінде санкциялар қолданылады.
Жанама салықтар – бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салықтар, олар салық төлеушінің табыстарына немесе мүлкіне тікелей байланысты емес. Жанама салықтар мемлекеттің фискалды мүдделерін білдіреді. Оларды саналы пайдалану баға белгілеу процесінде оңтайлы ықпал жасауы және тұтыну құрылымына әсер етуі мүмкін. Бұдан басқа, салық төлеушілер үшін табыстарға тура салық салудың өсуінен гөрі олардың шығыстарына салық салудың өсуі жақсырақ. Жанама салықтардың ішіндегі ең маңыздысы 1992 жылы енгізілген қосылған құнға салынатын салық – ҚҚС болып табылады. Салық төлеуші мемлекетке оны төлеу нәтижесінде шеккен шығысының орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады және салықты төлеуді сатып алушыға аударады. Салық салу объектісі материалдық шығындарсыз өндірілген өнім болып саналатын қосылған құн болып табылады: қосылған өнімге кешенді шығыстар, мысалы, жарнамаға жұмсалатын және басқа бірқатар шығындар қамтылуы мүмкін. Бұл салықтың ерекшелігі – оның салық салынатын объектісі сатудан түскен бүкіл түсім -ақша емес, тек салық салынатын айналым мен салық салынатын импортты қамтитын қосылған құн болып табылатындығында.Жанама салықтардың үшінші тобына акциздер кіреді. Бюджет кірістеріндегі салықтың түсімдерінде олар 3 пайызды құрайды. Акциздер – бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтін тауарларға салынатын салық. Акциздерді өзінің айрықшалықты ерекшеліктеріне қарай монополды түрде жоғары бағалары мен тұрақты сұранымы болатын тауарларды өндірушілер төлейді. Акциздер көрсетілетін қызметтерге де салынуы мүмкін, бұл орайда салық сомасы тарифке кіріктіріледі.Қазақстанда өндірілетін тауарларға, қызметтерге акциз салығын салу объектілері республика аумағында акцизделетін тауарларды өткізу немесе оларды алыс – беріс негізінде ұқсатуға беру, көрсетілетін қызметтерді, акцизделетін қызметті жүзеге асыру операциялары болып табылады, импорт кезінде импортталатын акциз тауарларының көлемі немесе таурдың кедендік құны болып табылады.
Тақырып: Мемлекеттік бюджет.
Мақсаты: Мемлекеттік бюджеттің мәні мен рөлін анықтап, оның кірістері мен шығыстарының құрамына анықтай отырып, олардың орындалуына талдау жасау.
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі.
Бюджет жүйесі мен құрылысы.
Мемлекеттік бюджет кірістері мен шығыстары, олардың құрамы мен құрылымы.
Бюджет балансы. Бюджет тапшылығы
Бюджеттік процесс
Жергілікті қаржылардың мәні мен маңызы
Жергілікті бюджеттердің мәні, кірістері мен шығыстары
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланғн сфераларды бөліп. Көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастарды жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды.
Объективті бөлгіштік қатынастардың экономикалық нысаны бола отырып, құндық бөліністің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықшалықты қоғамдық арналымды орындайды – жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қызмет етеді, экономикалық категория ретінде көрінеді.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарынң бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады , мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы қайта бөлу жолымен жүзеге асырылды.
Ақырында, мемлекеттік бюджет мемлекет заңдарының бірі болып табылады.
Шығыстар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың , өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады.
Бюджеттік жоспарлау мен бюджеттің атқарылуы процесінде ұлттық шаруашылықтың қаржы – шаруашылық қызметіне бақылау жасалынады. Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында ресурстарды жұмылдыру және оларды пайдалану процесінде бюджеттік бақылаудың маңызы күшейе түсуде.
Мемлекеттік органдардың өдерінің фунцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік – аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардыңақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру, оларды теңестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым – қатынастар пайда болды. Осы элементтердің барлығы – бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары бюджет құқықтарының жиынтығы – бюджет құрылысын құрайды.
Бюджет құрылысынд басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлердегі бюджеттердің жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен оның аумақтық бөлінісіне байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық – мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федератифтік және унитрлық құрылымы болуы мүмкін.
Федеративті мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады: мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің бюджеті.
Унитарлық мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер.
ҚР – ның бюджет жүйесі мемлекеттік бюджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтылығы, нақтылығы және жариялығы қағидаттарына негізделеді.
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік -экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Бюджет жүйесі туралы заңға сәйкес бюджеттің құрылымы мыналардан тұрады:
түсімдерден:кірістерден;алынған ресми трансферттерден;бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі борышты өтеуден;
шығыстардан және кредит беруден: шығыстардан; кредит беруден;
бюджет тапшылығынан
бюджет тапшылығын қаржыландырудан.
Өз кезегінде кірістер: салықтық түсімдер, салыққа жатпайтын түсімдер, капиталмен жасалатын операциялардан алынатын кірістер болып бөлінеді.
Бюджеттің шығыстар бөлігі функционалдық топтардың шығыстарын қаржыландыруға жұмсалады.
Бюджет тапшылығы шығыстар мен бюджеттен қайтарымды негізде бөлінген кредиттер ауқымының бюджетке түсетін түсімдердің жлпы сомасынан асып түсуін қамтып көрсетеді. Ал бюджет профициті – бұл бюджетке түсетін кірістер мен ресми трансферттер түсімдерінің және бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі борышты өтеудің жалпы сомасының жалпы шығыстардың және қайтарымдық негізде бөлінетін кредиттердің ауқымынан асып түсуі.
Кірістер мен шығыстардың егжей-тегжейлі тізбесі мен топтамасы бюджеттік сыныптамамен айқындалады. Қаржы Министрлігі бекіткен бірыңғай бюджеттік сыныптама – функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша бюджетке түсетін түсімдер мен бюджеттен жұмсалатын шығыстардың топтастырылуын белгілейтін нормативтік құқықтық акт. Рол кірістердің сыныптамасынан, шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамаларынан тұрады.
Шығыстардың экономикалық сыныптамасы оларды экономикалық белгілері бойынша төрт бөлімге бөледі: санат, сынып, ішкі сынып, ерекшелік. Санат мыналарды қамтиды: ағымдағы шығыстар, күрделі шығыстар, кредит беру, қаржыландыру. Сынып, ішкі сынып және ерекшелік шығыстардың арналымы мен сипатын нақтылай түседі, мысалы, ағымдағы шығыстарда: тауарлар мен қызметтер көрсетуге жұмсалатын шығыстар – жұмысшылар мен қызметшілердің негізгі жалақысы.
Бюджеттің кірістері – бюджетке қайтарылмайтын негізде салықтардан, алымдардан және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден алынатын түсімдердің, салыққа жатпайтын және өзге де түсімдердің, сондай – ақ капиталмен жасалатын операциялардан түсетін кірістердің көлемі.
Бюджеттің шығыстары – бұл бекітілген бюджет шегінде қайтарылмайтын негізде бөлінетін қаражаттар.
Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, яғни баланыстандырған дұрыс. Баланс – бұл тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай – күйіне жету болып табылады. Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізге бөлінетін кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артығын – профицитті құрайды. Ол мемлекеттік борышты өтеуге бағытталады немесе бюджеттік қаражаттардың бос қалдығын құрауы мүмкін. Шығыстардың кірістерден асып түсуі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын тудырады. Тапшылықтың едәуір әрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай – күйін сипаттайды.
Бюджет тапшылығын жабудың мынадай әдістері бар:
а) мемлекеттік қарыздар;
ә) салық салуды көбейту;
б) ақша эмиссиясы;
Бюджеттік процесс – мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың бюджетті әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, оның атқарылуын бақылау және бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекіту жөніндегі заңнамалық актімен регламенттелген қызметі. Бюджеттік рәсімнің барлық стадиялары өзара байланысты және қоғамның экономикалықпроцестерін ғана емес, сонымен бірге саяси өмірінің тікелей бейнеленуі болып табылады. Қазақстан Республикасында бюджеттік процесс «Бюджет кодексі», жыл сайынғы «Қазақстан Республикасының бюджет туралы», «ҚР-ның жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңға және ҚР – ның басқа заңдарына сәйкес жүргізіледі. Бұл заңдар әртүрлі деңгейдегі бюджеттерді қалыптастыру процесінде пайда болатын қаржы қатынастарын реттейді, республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және бақылау тәртібін белгілейді.
Жергілікті қаржы – қоғамдық өнімнің ақша нысанындағы бір бөлігін жергілікті басқару органдары өздеріне артылған функцияларға сәйкес жасау, бөлу, пайдалану процесіндегі қаржы қатынастарының жүйесі. Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Ол жергіліктібюджеттерді, арнаулы бюджеттен тыс қорларды және басқарудың жергілікті органдарының қарамағындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын қамтиды.
Жергілікті қаржы отандық экономика үшін жаңа ұғым. Бүкіл жергілікті бюджеттер елдің мемлекеттік бюджетінің бірыңғай жүйесіне кіріктірілген 1938 жылдан бастап жергілікті қаржы дербес категория ретінде өзінің өмір сүруін тоқтатқан болатын.
Жергіліктің қаржының рөлі, оның құрылымы мен бағыты бүтіндей билік пен басқарудың жергілікті органдарына жүктелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік – аумақтық құрылысымен және оның саяси – экономикалық бағыттылығымен анықталады.
Жергілікті қаржыда билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы қызметінің қаржы бзасы болып табылтын жергілікті бюджеттерге маңызды рөл беріледі.
Жергілікті бюджет – бұл ұлттық табысты аумақтық тұрғыда қайта бөлуге мүмкіндік жасайтын және билік пен басқарудың жергілікті органдарының қаржы базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру мен пайдалану өндіріс пен айырбасқа қатысушылар арасындағы , атап айтқанда: кәсіпорындар мен мемлекет арасындағы, меншіктің барлық нысандарындағы макроэкономиканың өндірістік және өндірістік емес салаларының кәсіпорындары , ұйымдары мен мекемелері арасындағы, бюджет жүйесінің буындары арасындағы, мемлекет пен халық арасындағы қоғамдық өнім құнының қозғалысын білдіреді.
Тақырып: Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар.
Мақсаты: Бюджеттен тыс қорлардың қажеттігі мәні мен қажеттігіін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |