Барлығы – 135 сағат


Сақтық ісіндегі негізгі ұғымдарға глоссарий жазу



жүктеу 0,65 Mb.
бет12/13
Дата21.11.2018
өлшемі0,65 Mb.
#23295
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Сақтық ісіндегі негізгі ұғымдарға глоссарий жазу


  • Міндетті мемлекеттік және ерікті әлеуметтік сақтандыру

  • Сақтық қадағалау

  • Қазақстандағы сақтандыру сыныптамасының ерекшеліктері

  • Қазіргі жағдайындағы сақатндырудың даму тенденциялары.

  • Әлеуметтік сақтандыру қорлары, оларды қалыптастыру қағидаттары, өзара байлансы, қалыптастыру мен пайдалану мәселелері

    Баяндама тақырыптары: 9-ші пунктте көрсетілген тақырыптардан өзіңізге қатыстысын жазыңыз

    Әдістемелік нұсқаулар: Дәрісті оқу, әдебиеттерді оқу, БАҚ оқу, тыңдау

    Пайдаланатын әдебиет: Құлпыбаев С Қаржы. Алматы 2007 жыл, «Қаржы қаражат» журналы
    12 апта

    Тақырып: Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу.

    ОЖСӨЖ мақсаты: Тақырыптың мазмұнын терең түсіну

    Өткізу түрі: Конспект бойынша сабақ айту

    Тапсырмалар, сұрақтар:

    1. Қаржылық реттеудің алғышарттары

    2. Ұдайы өндіріске тура және жанама ықпал ету

    3. Шығыстардың, баланстандырылған бюджеттердің мультипликаторы

    4. тепе-теңдікке салықтардың әсері. Лаффердің қисық сызығы

    5. Капиталды инвестициялық үдерісіне салықтың әсері.

    6. Монетаризм, «ұсыным экономикасы» тұжырымдамалары.

    7. Қаржылық реттеудің шарттары

    8. Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы

    Әдістемелік нұсқаулар: Дәрісті оқу, әдебиеттерді оқу, БАҚ оқу, тыңдау

    Пайдаланатын әдебиет: Құлпыбаев С Қаржы. Алматы 2007 жыл, «Қаржы қаражат» журналы
    13 апта

    Тақырып: Қаржы нарығы

    ОЖСӨЖ мақсаты: Тақырыптың мазмұнын терең түсіну

    Өткізу түрі: Дөңгелек үстел

    Тапсырмалар, сұрақтар:

    1. Қаржы нарығының жұмыс істейтін шарттары мен алғышарттары

    2. Бағалы қағаздардың бастапқы және қайталама рыногы.

    3. Бағалы қағаздар түрлері, олардың қысқаша сипаттамасы.

    4. ҚР бағалы қағаздар рыногының заңнамалық негіздері.

    5. Қазіргі жағдайдағы қаржы нарығының дамуына талдау жасау

    6. Инвестициялық институттар мен қорлары

    7. Қор нарығының индикаторлары

    8. Бағалы қағаздары нарынығының негізгі белгілері

    9. Бағалы қағаздың туынды түрлеріне сипаттама

    Әдістемелік нұсқаулар: Дәрісті оқу, әдебиеттерді оқу, БАҚ оқу, Қазақстан биржасындағы жаңалықтарды қарау, тыңдау

    Пайдаланатын әдебиет: Құлпыбаев С Қаржы. Алматы 2007 жыл, «Қаржы қаражат» журналы, «Рынок ценных бумаг» журналы
    14 апта

    Тақырып: Сыртқы экономикалық байланыстар қаржысының жүйесі.

    ОЖСӨЖ мақсаты: Тақырыптың мазмұнын терең түсіну

    Өткізу түрі: Дәріс және конспект сұрақтары бойынша сабақ сұрау

    Тапсырмалар, сұрақтар:

    1. Сыртқы экономикалық қызметтің түрлері және олардың қысқаша сипаттамасы.

    2. Қазақстан Республикасынның сыртқы экономикалық қызметінің ерекшеліктері және олардың даму преспективалары.

    3. Шетел капиталын тарту мәселелері

    Әдістемелік нұсқаулар: Дәрісті оқу, әдебиеттерді оқу, БАҚ оқу, Жаңалықтар тыңдау

    Пайдаланатын әдебиет: Құлпыбаев С Қаржы. Алматы 2007 жыл, «Қаржы қаражат» журналы, «Рынок ценных бумаг» журналы
    15 апта

    Тақырып: Қаржы және инфляция

    ОЖСӨЖ мақсаты: Тақырыптың мазмұнын терең түсіну

    Өткізу түрі: Дәріс және конспект сұрақтары бойынша сабақ сұрау

    Тапсырмалар, сұрақтар:

    1. Инфляция көрінісінің нысандары

    2. Қазақстанда инфляцияның пайда болу себептері

    3. Лоренц қисығы

    Әдістемелік нұсқаулар: Дәрісті оқу, әдебиеттерді оқу, Жаңалықтар тыңдау

    Пайдаланатын әдебиет: Құлпыбаев С Қаржы. Алматы 2007 жыл,
    8.ТИПТІК ЕСЕПТЕУ, ГРАФИКАЛЫҚ ЖҰМЫС, ЛАБОРАТОРЛЫҚ ЖҰМЫС, КУРСТЫҚ ПРОЕКТ (ЖҰМЫС) ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

    «Қаржы» пәні бойынша курстық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау
    «Қаржы» пәнінен курстық жұмысты орындау бойынша нұсқау берілген. Студенттің курстық жұмысты орындау тәртібі мен негізгі талаптары келтірілген. Оқу-әдістемелік құралда күндізгі және сырттай бөлім студенттері үшін «Қаржы» пәні бойынша курстық жұмыстың тақырыптары көрсетілген.
    МАЗМҰНЫ

    Кіріспе

    1. Қаржы пәнін оқудағы курстық жұмыстың мәні

    2. Жұмыс құрылымы

    3. Негізгі талаптар

    4. Курстық жұмысты орындау тәртібі

    5. Курстық жұмысты бағалау критериийлері

    6. Қурстық жұмысты қорғаудың тәртібі

    7. «Қаржы» пәні бойынша курстық жұмыс тақырыптары

    8. Қосымшалар


    Кіріспе
    Оқу жоспарына сәйкес «Қаржы» мамандығы бойынша 2 курс студенттері «Қаржы» пәнінен курстық жұмысты жазуы керек.

    «Қаржы» пәні бойынша курстық жұмыс студенттердің теориялық білімін қалыптастыру мен орнықтырудың нысаны.

    Курстық жұмыс жазудың мақсаты мынада:

    - экономикада мамандығы бойынша оқитын студенттердің теориялық және тәжірибелік бөлімін тереңдету, ұштастыру, жетілдіру;

    - әдістемелік, анықтамалық-нормативтік, құқық және т.б. материалдармен жұмыс жасауға дағдылану және оны одан әрі тереңдету;

    Курстық жұмысты орындау барысында студенттер әртүрлі әдебиеттерден алынған деректерді өңдеу, қорытыңдылау бойынша дағдыны көрсетуі тиіс.




    1. Қаржы пәнін оқудағы курстық жұмыстың мәні

    Курстық жұмыс жоғары білікті мамандарды дайындаудың нысандарының бірі болып табылады. Оның жазылуы үлкен мәнге ие:



      • біріншіден, ол студентті экономикалық әдебиеттермен өз бетімен жұмыс жасауға, таңдалған тақырыпқа қатысты негізгі ережелерді табуға үйретеді, нақты материалдарды таңдауға, өңдеуге және талдауға, кестелер мен диаграммаларды құруға және олардың негізінде дұрыс қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.

      • екіншіден, студентті теориялық мәселелерді талдауда өзінің ойын нақты экономикалық сауатты түрде жазуға үйретеді және қаржыларды тәжірибемен байланыстырып оқытады.

      • үшіншіден, «Қаржы» пәні бойынша студенттердің білімін тереңдетеді және бекітеді.

    Курстық жұмыс – бұл дипломдық жұмысты жазудың дайындық кезеңі. Ол студентті ғылыми – зерттеу жұмыстарымен айналысуға үйретеді. Сондай-ақ қаржы мәселелері бойынша студенттердің өзіндік жұмысының қорытындысы болып табылады.

    Қойылған талаптарға жауап беретін курстық жұмысты дайындау үшін студентті қаржы пәні бойынша алынған теориялық білімдерін пайдаланып қана қоймай, сонымен бірге шаруашылық субъектілердің қызметін сипаттайтын нақты деректерді пайдалануды үйретеді.


    2. Жұмыс құрылымы
    «Қаржы» пәні бойынша курстық жұмыс келесі бөлімдерден тұрады:

    • кіріспе

    • негізгі бөлім

    • қорытынды

    • пайдаланылған әдебиеттер тізімі

    Кіріспеде автор таңдалып алынған тақырыптың өзектілігін, жұмыстың мақсаты, жұмысты орындау барысында қойылатын міндеттер, ақпарат көздері, зерттеу объектісі көрсетіледі.

    Кіріспе қысқа әрі нақты болуы керек және мазмұны 2-3 беттен аспауы қажет.

    Негізгі бөлім тақырыптың мазмұнына негізделеді. Бұл бөлімді 3 тарауға бөлу негізделеді, яғни онда қарастырылатын мәселенің маңызын ашу, қазіргі жағдайына сипаттам беру, артықшылықтарын немесе кемшіліктерін анықтап және оларды жетілдіру жолдарын ұсыну. Негізгі бөлімді жазу барысында соңғы 3-5 жылдың мәліметтеріне талдау жасалады.

    Бөлімдер бөлімшелерге бөлінуі қажет. Негізгі бөлім стандартты бетте, бет параметрлерін сақтай отырып 20-25 бетті құрау керек.

    Үшінші бөлім курстық жұмыстың өз материалдарынан шығады. Ол зерттеу тақырыбына негізделген қысқа қорытынды мен ұсыныстардан тұрады.

    Курстық жұмыстың соңында қолданылған әдебиеттердің тізімі көрсетіледі, белгілі бір ретпен құрастырылады және 10-15-тен емес әдебиеттердің тізімінен тұрады.

    Курстық жұмыстың жалпы көлемі А4 стандартты парақты 25-30 бетті құрайды.
    3. Негізгі талаптар
    Курстық жұмысты жазу барысында студент зерттелетін мәселенің теориялық негізін және оның жеке бөліктерін кеңінен ашуға көңіл бөлуі қажет.

    Курстық жұмысты жазуды әр бөлімдегі негізгі сұрақтардың мазмұнын құрастырудан бастау қажет. Теориялық негіздері және қорытындылары жеке іс-әрекеттің нақты мәліметтеріне негізделуі керек. Экономикалық құбылыстарды және заңдарды дұрыс қолдану үшін оның тарихи аспектілерін қаратыру қажет.

    Таңдалып алынған тақырыптың мазмұнын дұрыс және толық ашу үшін студент келесілерді білуі қажет:


    • тақырып бойынша ғалымдардың ғылыми жұмыстарын оқу;

    • статистикалық жинақтар мен мерзімді басылымдарды шығатын статистикалық мәліметтермен танысуы қажет;

    • ҚР және басқа елделдерде ғылыми және мерзімді басылымдарда жарық көрген тақырып бойынша мақалаларды оқу.

    Курстық жұмысты жазушы студенттерге қойылатын бірден-бір шарт болып оны өзіндік және шығармашылық орындау табылады.

    Оқулықтардан және басылымдардан, жарияланған мақалалардан және т.б.-дан мәтіндерді тікелей көшіріп алуға рұқсат етілмейді. Курстық жұмысты мұндай жолмен орындау қанағаттанарлықсыз деп бағаланады.


    4. Курстық жұмыс орындау тәртібі
    Курстық жұмысты орындауды мақсатты үлгіде 6 кезеңге бөлеміз:

    1. Тақырыпты таңдау

    2. Әдебиетті оқу және таңдау

    3. Жұмыс жоспарын құру

    4. Теориялық және статистикалық материалдарды жинау және өңдеу

    5. Курстық жұмысты жазу

    6. Курстық жұмысты қорғау

    Курстық жұмыстың тақырыбын студент «Есеп және қаржы кафедрасымен» ұсынылған тақырыптардың ішінен өз еркімен таңдалады. Кей жағдайларда студент кафедрамен дайындалған тақырыптар тізіміне өзінің тақырыбын енгізу құқығы беріледі. Тақырыпты дұрыс таңдаудан тек қана жұмыстың сапасы ғана емес, сонымен бірге жалпы оның орындалу мүмкіндігі тәуелді.

    Курстық жұмыстың тақырыбын студенттің ғылыми қызығушылығын туындату және түсіну үшін барынша қиын болып табылатын қаржының бөлімдерінен таңдау керек.

    Бұл студентке курстың күрделі де қиын мәселелерін терең оқып білуге, аралықты өтеуге, оларды қызықтыратын ғылыми мәселелер бойынша білімін тереңдетуге және курстық жұмысты шығармашылық түрде жазуға көмектеседі.

    Сондай-ақ студент қаржы курсының бөлімдерінен өздері жақсы оқып меңгерген тақырыптарын да таңдай алады, бұл оған жұмысты нәтижелі жазуға көмектеседі. Яғни алынған білімді курстық жұмысты жазу арқылы одан әрі терең меңгереді және мазмұнын ашады.

    Курстық жұмыстың тақырыбын таңдауда студент мынаны ескергені жөн. Бір оқу тобында оқитын студенттер бірдей тақырыптағы курстық жұмысты жазуға құқығы жоқ.

    Тақырыпты таңдағаннан кейін өзіндік түрде кітапханалық каталогты қолдана отырып, қажетті әдебиеттер тізімін жасауы керек және сол әдебиеттерді іріктеп оны оқуы қажет. Жұмысты жазуды әдебиеттер тізімін зерттеуден бастау қажет, Бұл әдебиеттер тізімі сәйкесті тақырып бойынша тәжірибе сабақтарының жоспарларында және аталған курс бойынша жұмыс бағдарламаларында «Есеп және қаржы» кафедрасымен ұсынылуы керек. Кітапханалақ тізімді құрастыруда библиографиялық және электрондық каталогтарды, экономикалық басылымдарды жарық көрген мақалаларды қолдану ұсынылады.

    Каталогтар жүйелік, пәнді және алфавиттік деп бөлінеді. Білім саласы бойынша орналасқан мақалалар және кітаптар аты көрсетілген карточкалардан тұратын жүйелік каталогтарды пайдалану ұсынылады. Жүйелік каталогте «жалпы қаржы» деген арнайы бөлім бар. Онда карточкалар әдетте курс тақырыптары бойынша ретпен тұрады. Студент әдебиеттерді таңдауда жүйелік каталогтен өзінің курстық жұмысының тақырыбына сәйкесті тақырыптарды, бөлімдерді табуы керек және карточкаларға өзіне қажетті мақалар мен кітаптарды жазуы қажет.

    Әдебиеттерді таңдап оқығаннан кейін студент өзінің курстық жұмысының жоспарын мұқият түрде ойланып құрастыруы қажет, жоспарда қарастырылған сұрақтар оның мәнін толықтай ашуы керек. Жоспар – бұл жұмыстың негізі және оның құрылуынан жұмыстың барлық деңгейі тәуелді болуы керек. Жұмыс жоспары оның құрылымымен тығыз байланысты . Курстық жұмыстың жоспарының құрылымы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Курстық жұмысты жазу үшін әдебиет көздерімен қатар қоғамның экономикалық өміріндегі болып жатқан құбылыстар мен процестер туралы негізгі қорытындыларды жасау үшін нақты материалдар қажет. Нақты материалдар жинағына мұқият қарау қажет және де тақырыпқа тікелей қатысты дерекдерді ған жазу қажет, онда да барлығын емес тақырып сұрақтарын ашуға көмектесетін барынша маңызды типтік және үйлесімділерін алу керек. Әдебиет көздерінен мәтіндерді тікелей көшіруде, сондай-ақ статистикалық деректерді қолдануда жұмыс атауы, авторы, басылымы, жылы бет нөмірі көрсетілген беттің төменгі жағында сілтеме жасалынуы керек. Мұндай мәтін тырнақшаға алынады. Оқулықтар мен оқы құралдарының материалдарын студент өз сөзімен жазуы керек.

    Статистикалық және нақты деректердің көздері болып, Президент жарлықтары, Үкімет қаулылары мен шешімдері, статистикалық жинақтар және анықтамалар, газет журналдар экономикалық сұрақтар бойынша ақпараттық бюллетенндер, кітаптар, мақалалар, кәсіпорындар мен мекемелердің есептік деректері табылауы мүмкін.

    Әдебиеттерді таңдау және оқу жоспарлар құрастырылғаннан кейін, нақты материалдар сәйкесті үлгіде таңдалып өңделгеннен кейін курстық жұмысты жазуға кірісуге болады. Бұл барынша жауапты және еңбектенуді қажет ететін саты, яғни студент бұл жерде өзіндік түрде ойлауға, деректерді талдауға, шаруашылықтандыру тәжірибесі үшін нақты ұсыныстар мен қорытындылар мен ұсыныстар жасалуы керек. Осы сатыда жұмыс жоспарын нақтылауға, басты сұрақтарды бөлімдерге және бөлімшелерге болады.

    Нақты материалдарды қолдануда белгілі ережелерді сақтау қажет. Соның ішінде:


    • деректерді абсолюттік (мың тг., млн.тг., т.,м., дана) немесе салыстырмалы (%) көрсеткіштермен келтіру және салыстыру керек;

    • нақты бір заңдылықтарды тенденцияларды дәлелдеу үшін экономикалық процестің мәнін ашатын бірнеше цифрлар қатарын келтіру қажет;

    • көрнекілік үшін сандық деректер кестелер, диаграммалар, графиктер, сызбалар түрінде келтіріледі;

    Курстық жұмысты қорғауға дайындауда аргумент болып ғылыми жетекшінің сын-пікірі, сондай-ақ беттер бойынша ескертулер (егерде ол жұмыс мәтінінде бар болса) табылады. Курстық жұмысқа берілген сын-пікірде қорытынды баға көрсетілмеуі мүмкін. Онда қорытынды түріндегі алдын-ала баға көрсетілуі мүмкін, яғни «жұмыс қорғауға жіберілді» немесе «жұмыс қорғауға жіберілмейді». Қорытынды бағы курстық жұмыс қорғалғаннан кейін қойылады. Егер де жұмыс қорғауға жіберілмесе, онда сын-пікірге сәйкесті ол қайта өңделіп, кафедраға тапсырылуы керек. Сын пікір үшін, қолданылған әдебиеттер тізімінен кейін таза ақ қағаз тігілуі қажет.

    Қорғауға жіберілмеген жағдайда жұмыстың тақырыбын өзгертуге рұқсат етілмейді. Себебі жаңа тақырыпты оқытушының әдістемелік кеңестерінсіз тура келеді және оған сын пікір берілмейді. Демек жаңа тақырып бойынша курстық жұмыс нашар түрде орындалуы және қайтадан қорғауға жіберілмеуі (жаңа тақырып бойынша) мүмкін.

    Жұмыс өзіндік сипаттам жазылмаған болса, әдебиеттер көздерінен, басқа авторлардан, дисктерден немесе интернеттен көшірілген болса, негізгі сұрақтар мазмұны ашылмай, олар сызбалар, фрагменттер түрінде болса қорғауға жіберілмейді.

    Егер сын пікірде студентке түсініксіз ескертулер берілсе онда оны сын пікір беруші студентке ескертудің мәнін түсіндіруі қажет. Ал курстық жұмысты қорғау барысында өзінің жайғасымын (позиция) қосымша дәлелдемелер келтіру керек.

    Жұмысынан қателік табылған уақытта студентке студентке өзінің қателіктерін түсініп, оны түзету қажет.

    Сонымен қатар басты назарды сын пікір берушінің ұсыныстары мен тілектеріне аудару қажет, сын пікір берушімен көрсетілген қосымша көздерді оқу қажет.

    Курстық жұмыстың соңында қолданылған әдебиеттердің тізімі көрсетіледі, белгілі бір ретпен құрастырылады және 10-15-тен емес әдебиеттердің тізімінен тұрады. Олар келесі тәртіпте орналастырылады:


    1. Мәтінде қолданылған Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің қаулылары мен заңдары;

    2. Оқулықтар, оқу құралдары, баспасы, қаласы, басылым жылы және беттері көрсетілген ғылыми және мерзімді басылымдар;

    Кестенің мәтіндік бөлігін және курстық жұмыстың басқа да материалдарын әрбір парақтың беткі жағына орналастырады. Ал екінші жағын (артқы бетін) курстық жұмыстың жетекшсінің ескертулері мен ұсыныстары үшін бос қалдырады.

    5. Курстық жұмысты бағалау критерийлері
    Курстық жұмысты қорғау барысындағы студенттің міндеті - нақты тақырыптың сұрақтарын терең түсінгендігін көрсету, тақырып бойынша материалдарды жақсы меңгеру.

    «Өте жақсы» деген бағамен ғылыми-шығармашылық элементтері мазмұндалған, өз бетінше қорытындылар жасалған, нақты материалдарға өзіндік талдаулар жасалған жұмыстар алады.

    «Жақсы» деген бағаны жұмыстың тақырыбы ашылған кезде, бірақ оқытушыының сұрақтарына толықтай жауап бермеген, яғни зерттеу тақырыбы бойынша жеткілікті білім деңгейін көрсетпеген студенттер алады.

    «Қанағаттанарлық» деген бағаны сын пікір берушінің ескертулеріне жауап бере алмаған, жұмыс бойынш материалдарды меңгермеген, аталған жұмыстың теориялық мазмұны мен қорытындыларына түсініктеме бере алмаған студент алады.

    Курстық жұмысты қорғау және бағалау – бұл студенттің өзіндік жұмысын қорытындылау және «Қаржы» пәні бойынша емтиханға кіруге рұқсат алу.

    Ең жақсы курстық жұмыстар студенттік конференцияларға қатысу үшін қолданылуы мүмкін, сондай-ақ студенттердің ғылыми жұмысының конкурсына ұсыну мүмкін.




    1. Курстық жұмысты қорғау тәртібі

    Орындалған курстық жұмысты студент тексереді, түзетеді, тігеді, титулдық бетін жасайды және талаптарға сәйкес рәсімдейді. Әрі қарай курстық жұмыс сын пікір жазу үшін белгіленген мерзімде «Есеп және қаржы» кафедрасына тіркеледі және курстық жұмыстың жетекшісіне тапсырады. Оң нәтижелі сын пікір (бұл жағдайда оқытушымен «қорғауға жіберіледі» деп жазылады) курстық жұмысты қорғауға құқық береді. егер де курстық жұмыс «қанағаттанарлықсыз» болса (бұл жағдайда оқытушымен «толықтырылуға, түзетуге» немесе «толықтырумен қорғауға» деп жазылады) онда оны сны пікір берушінің ескертулеріне сәйкесті қайта жазу немесе жаңа жұмысты жазу керек, екі жағдайда да ескертулер берілген сын пікірді сақтап қою қажет. Курстық жұмысты қорғау оқытушымен бекітілген мерзімде жүзеге асырылады және оның нәтижесі «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық» деп бағаланады.

    Курстық жұмысты сын пікір жазуға уақытылы тапсыру оқытушыға оны кешіктірмей тексеру және белгіленген мерзімде бағалауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда студент курстық жұмысты қорғауға дайындалу үшін жеткілікті уақытқа ие болады.

    Курстық жұмысты қорғаудң нәтижесі бойынша оның мазмұны мен рәсімделуін есепке ала отырып, емтихан ведомостісі мен студенттің сынақ кітапшасына баға қойылады.



    9.СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

    СӨЖ – дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға, танымдық қабілетті арттыруға және белгілі бір ғылым саласысына байланысты білімін толықтыруға негізделген оқу процесінің ерекше бір түрі.

    СӨЖ шығармашылық белсендікті, логикалық ойлауды дамытуды қамтамасыз ететін практикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты болып табылады.

    СӨЖ оқытушының қатысуымен (ОЖСӨЖ) аудиториядан тыс және оқытушысыз аудиториядан тыс (СӨЖ) сабақтардан тұрады.



    9.1. СӨЖ материалдарының түрлері, келесі құжаттарды қамтиды:

    • типтік және жұмыс оқу бағдарламарының негізгі бөлімдеріне сай келетін тапсырмалар жүйесі

    • рефераттардың, баяндамалардың, шығармашылық жұмыстардың тақырыптары

    • негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі

    • кеңес түрлері

    • бақылау түрлері

    • бағалау критериялары, орындалатын жұмыстың көлемі және оны тапсыру уақыты т.б.

    9.2. СӨЖ-дің ұйымдастырылуы

    • жазбаша жұмыстарды дайындаумен (реферат, баяндама, бақылау тапсырмалары,глосаррий),

    • ғылыми жобаны өндеумен (проблемалық мақалалар),

    • виртуальдық жұмыстарды іздестірумен (интернет жүйесі және локальды желі арқылы),

    • электрондық курстың материалын меңгерумен (компьютерлік жүйе арқылы),

    9.3. Өзіндік жұмысты істеу кезінде студенттерге қойылатын талаптар.

    • Мәтінмен жұмыс істей білу

    • Білімді қарым қатынас жасауға бейімділік

    • Өзіндік ұйымдастыру

    • Жоғары білімділік пен ой-өрістің кеңдігі

    9.4. Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары (реферат, баяндама)

    1. Экономикалық ғылымдар жүйесіндегі қаржы туралы ғылым. Қаржылық ғылымының теориялық негіздері.

    2. Қаржы жүйесін жетілдіру бағыттары. Нарықтық экономиканы құрудағы қаржы жүйесінің ролі.

    3. Қоғамның дамуындағы мемлекеттің қаржы саясатының ролі.

    4. Бюджеттік және ақша-кредит саясаты.

    5. Халықаралық қаржы саясаты.

    6. ҚР Президентінің жылмы-жыл жолдауларындағы ҚР-ның қаржы саясатының бағыттары мен мәселелері.

    7. Экономикалық механизм жүйесіндегі қаржылық механизм.

    8. Мемлекеттің фискалдық саясаты және оның мазмұны.

    9. Қаржыны басқаруда мемлекеттік билік органдарының функциялары.

    10. Жергілікті қаржыны басқару.

    11. Дамыған шет елдердегі қаржыны басқару.

    12. Қаржыны басқаруды жетілдіру бағыттары.

    13. Нарықтық экономика жағдайында қаржылық жоспарлаудың қажеттігі.

    14. Қаржылық болжауды дамыту.

    15. Аймақтық қаржылық жоспарлау.

    16. Сметалық жоспарлау.

    17. Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау мен болжауды жетілдірудің негізгі бағыттары.

    18. Қаржылық-құқықтық механизмнің сипаттамасы

    19. Мемлекеттің қаржы қызметінің мазмұны және оған әсер етуші факторлар.

    20. Мемлекеттің қаржы қызметінің нысандары мен әдістері.

    21. Қаржы қызметін реттейтін ҚР-ның маңызды заңнамалық актілері.

    22. Қаржылық бақылаудың қажеттігі.

    23. Қаржылық бақылаудың әрекеті мен объектілері.

    24. Нарықтық жағдайда қаржылық бақылаудың ролі.

    25. Аудит және аудиторлық қызмет.

    26. Ревизиялардың мазмұны.

    27. Қазақстанда қаржылық бақылауды ұйымдастыру.

    28. Қаржылық бақылаудың органдары.

    29. Шаруашалақ жүргізуші субъектілер қаржысының функцияларына түсініктеме.

    30. Кәсіпорындарды сыныптаудың белгілері.

    31. Қаржы мазмұнына кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанының әсері.

    32. Шаруашылық серіктестіктердің қаржысын ұйымдастырудың ерекшеліктері.

    33. Акционерлік қоғамдарының қызметінің ерекшеліктері.

    34. Мемлекеттік кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың ерекшеліктері.

    35. Шетелдік қатысумен біріккен кәсіпорындардың жұмыс істеуі.

    36. Меншікті қайта құрудың негізгі нысандарының ерекшеліктері.

    37. Шаруашылық немесе коммерциялық есеп айырысудың мәні.

    38. Өндірістік қорлардың айналымы.

    39. Қаржы менеджментінің ерекшеліктері.

    40. Коммерциялық емес мекемелерді қаржыландырудың спецификасы.

    41. Экономикалық өмірдегі мемлекеттің ролі.

    42. Қоғамдық тауарлардың түрлері.

    43. Мемлекеттік қаржының экономикалық мәні.

    44. Қаржының іс-әрекет етуімен байланысты мемлекеттік меншіктің нысандары.

    45. Мемлекеттік кірістер.

    46. Салықтардың экономикалық мәні.

    47. Салықтардың басқа міндетті төлемдерден айырмашылықтары.

    48. Қайта бөлу процесіндегі ҚҚС-тің ролі.

    49. Акциздер және оларды қолдану қажеттігі.

    50. Бюджетті қалыптастырудағы корпорациялық табыс салығының ролі.

    51. ҚР – ғы жеке табыс салығының ерекшеліктері.

    52. Жер қойнауын пайдаланушыларының салықтары мен арнайы төлемдері.

    53. Әлеуметтік салықтың мәні мен қажеттігі.

    54. Меншікке салықтардың экономикалық мәні мен мазмұны.

    55. Арнайы салық режимдерінің экономикалық арналымы мен ролі.

    56. Бірыңғай жер салығының мәні.

    57. Алымдар, төлемдер, баждардың мәні мен ролі.

    58. Салық төлеуден жалтарынудың себептері мен салдары.

    59. Шет елдердегі салық салу тәжірибесінің қысқаша сипаттамасы.

    60. Мемлекеттік шығыстар түсінігінің экономикалық мәні.

    61. Әлеуметтік мәдениет шараларына шығындардың сыныпталуы.

    62. Білім беру саласына шығындардың ерекшеліктері.

    63. Мемлекетпен қаржыланатын мәдениет, өнер, БАҚ мекемелері.

    64. Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру қаражаттарының көздері.

    65. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету шығындарын қаржыландыру.

    66. ҚР-ғы зейнетақылық қамтамасыз етудің ерекшеліктері.

    67. ҒТП-ті қаржыландырудың ерекшеліктері.

    68. Қорғаныс саласын қаржыландыру.

    69. Бюджеттік қарым-қатынастардың спецификасы.

    70. ҚР-ның мемлекеттік бюджетінің кіріс пен шығыстарының құрамы мен құрылымы.

    71. Жаңа бюджеттік сыныптаудың ерекшеліктері.

    72. Бюджеттік тапшылықты жабу әдістері.

    73. Бюджеттік саясаттың тұжырымдамалары.

    74. Казақстанның республикалық бюджеті бойынша бюджеттік процедуралары.

    75. ҚР-ның жергілікті бюджеті бойынша бюджеттік процедуралары.

    76. Жергілікті қаржының мәні мен маңызы.

    77. Жергілікті бюджеттің кірістері мен шығыстары.

    78. Арнайы экономикалық аймақтардың қаржысы.

    79. Бюджеттен тыс қорлардың мәні мен қажеттігі. Қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуында бюджеттен тыс қорлардың ролі.

    80. Бюджеттен тыс қорлардың сыныптамасы.

    81. ҚР-ның ұлттық қоры.

    82. Мемлекеттің несиелік қатынасы.

    83. Мемлекеттік-несие қатынастарының факторлары.

    84. Ішкі мемлекеттік қарыздардың мәселелері.

    85. Мемлекеттік қарыздарды басқарудың негізгі әдістері.

    86. Сыртқы мемлекеттік қарыздардың мәселелері.

    87. Сақтандырудың экономикалық табиғаты және оның әсер ету аймағы. Қажеттігі.

    88. Әлеуметтік сақтандыру.

    89. Медициналық сақтандыру.Жеке және мүліктік сақтандырудың ерекшеліктері.

    90. ҚР-да сақтандыру ісін ұйымдастыру.

    91. Мемлекеттік қаржылық реттеудің маңызы.

    92. Шығыстар мультипликаторы.

    93. Қаржы нарығының ерекшеліктер және оның басқа нарықтардан айырмашылығы.

    94. Бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың құрамы.

    95. Бағалы қағаз нарығын мемлекеттік реттеу.

    96. ҚР-да экспорттық-импорттық операциялардың ерекшеліктері.

    97. ҚР-ды сыртқы эконмикалық қызметті дамыту бағыттары.

    98. Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің әдісеті мен формалары.

    100. Валюталық ресурстарды пайдалану және қалыптастыру
    10.ОҚУ, ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ДИПЛОМАЛДЫ САРАМАНДЫ ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР ЖӘНЕ ЕСЕП ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ТҮРІ (ЕГЕР ПӘН БОЙЫНША ҚАЖЕТ БОЛСА)

    Бұл пән бойынша қарастырылмаған


    11.СТУДЕНТТІҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ МАТЕРИАЛДАРЫ (БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ, ТЕСТТІК ТАПСЫРМА, ӨЗІН-ӨЗІ ДАЯРЛАУ СҰРАҚТАР ТІЗІМІ, ЕМТИХАНДЫҚ БИЛЕТТЕР ЖӘНЕ Т.Б.)

    11.1. Бағалау схемасы



    «Қаржы » пәні бойынша білімді бағалау кестесі


    Бағалау критериясы


    Бағалау түрі

    Атпа

    Жұмыс үшін %

    Барлығы

    %


    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    8

    9

    10

    11

    12

    13

    14

    15

    1

    Дәрістерге қатысу

    0,4

    6

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    2

    Практикалық сабақтарды орындау

    1

    15

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    3

    Жеке тапсырмалар (реферат, баяндама)

    4,5

    9
















    +






















    +




    4

    Коллоквиум

    15

    30



















    +






















    +

    ...

    т.б.























































    Р1 + Р2




    60














































    ...

    Емтихан




    40














































    Барлығы




    100














































    11.2. Бағалау саясаты

    Бағалау саясаты келесі принциптерге негізделу керек: шынайлық, әділдік, айқындылық, икемділік, жоғары дифференциация.

    Қорытынды бағалауға рейтингтік бақылау және емтихан кіреді.

    Ќорытынды бағалау мен рейтингті бақылау



    • Семестрдің 7(8) аптасында (1-7 апта нәтижесі бойынша) және 15 аптада (8-15 апта нәтижесі бойынша) оқытушы 100 пайыздық шкала бойынша рейтингті бақылау нәтижелерін шығарады және оқытушы өткізген рейтингке қойылатын баға, ағымды, рубеждік бақылау пайыздарының сомасын көрсетеді.

    • Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі

    U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4

    P1 - бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

    P2 - екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

    Е – емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті

    Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан).

    Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15 апталарда.

    Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).

    Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.

    Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.

    Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)



    Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:

    Бағалау

    Бағаның әріптік баламасы

    Бағаның сандық баламасы

    Бағаның проценттік баламасы

    Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

    A

    4,0

    95-100

    өте жақсы

    A-

    3,67

    90-94

    B+

    3,33

    85-89

    жақсы


    B

    3,0

    80-84

    B-

    2,67

    75-79

    C+

    2,33

    70-74

    C

    2,0

    65-69

    қанағаттанарлық

    C-

    1,67

    60-64

    D+

    1,33

    55-59

    D

    1,0

    50-54

    F

    0

    0-49

    қанағаттанарлықсыз

    Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)

    Курс саясаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті және барлық студенттер үшін міндетті. Әрбір оқытушы студенттерге сабақ барысында тәртіп ережелерін, оқытушымен және басқа студенттермен өзара қатынастарын ұстаудағы өзіндік жүйесін талап етеді.



    Студенттерге қойылатын талаптар:

    Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша)



    1. Сабаққа қатысу

    Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.



    2. Аудиториядағы тәртіп

    Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.



    3. Үй тапсырмасы

    Үй тапсырмасы міндетті түрде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.



    4. Жеке тапсырмалар

    Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.



    5. Бақылау жұмысы.

    Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.



    6. Пікірлесу.

    Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.



    Студенттің оқудағы жетістіктерін бақылау және тексеру үшін жазбаша бақылау тапсырмалары, тест тапсырмаларын, өз бетімен дайындалу сұрақтары, емтихан сұрақтары т.б. дайындалды.
    11.3. Өзін-өзі даярлау сұрақтар тізімі

    1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.

    1. «Қаржы» термині қандай ұғымды білдіреді.

    2. Экономикалық категория ретіндегі қаржының анықтамасы.

    3. Қаржының объективті қажеттігі

    4. Қаржының бөлу функциясы

    5. Қаржының бақылау функциясы

    6. Қаржылық бақылау түрлері

    7. Қаржының экономикалық ролі

    8. Қаржы ресурстары – бұл

    9. Қаржы қорлары –

    10. Қаржы ресурстарының турлері мен көздері

    11. Қаржы ресурстары өсуінің негізгі факторлары

    12. «Қаржы жүйесі» ұғымы

    13. ҚР-ның қаржы жүйесінің құрылымы

    14. Қаржы жүйесінің элементтері

    15. Қаржы жүйесінің негізгі қағидаттары

    16. Қаржы саясаты анықтамасы

    17. Қаржы механизмі ұғымы

    18. Қаржы стратегиясы

    19. Қаржы тактикасы

    20. Қаржы саясатының мақсаты

    21. Қаржы саясатының міндетттері

    22. Қаржы саясатының қағидаттары

    23. Қаржы мезанизмі құрылымы

    24. Қаржыны басқару ұғымы

    25. Қаржыны басқарудың негізгі қағидаттары

    26. Қаржыны басқару әдістері мен нысандары

    27. Қаржыны басқару объектілері

    28. Қаржыны басқару субъектілері

    29. Стратегиялық басқару

    30. Басқарудың жоғарғы органдары

    31. Қаржы министрлігінің негізгі міндеттері мен функциялары

    32. Қазынашылық органдарының міндеттері мен функциялары

    33. Салық комитетін басқарудың құрылымы

    34. Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржы бөлімінің құрылымы

    35. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы службаларының міндеттері

    36. Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі

    37. Қаржы есеп-қисаптарының автоматтандырылған жүйесі

    38. Кәсіпорындарды басқарудың автоматтандырылған жүйесі

    39. Қаржылық жоспарлаудың мазмұны

    40. Қаржылық болжаудың мазмұны

    41. Қаржылқ жоспарлаудың объектісі

    42. Қаржыны жоспарлаудың міндеті

    43. Қаржылық жоспарлаудың мақсаттары

    44. Индикативтік жоспарлау дегеніміз

    45. Қаржылық жоспарлаудың қағидаттары

    46. Қаржылық жоспарлау әдістері

    47. Қаржылық жоспарлауды жасау кезеңдері

    48. Орталықтандырылған қаржы жоспарларының белгілері

    49. Құрама қаржы балансы

    50. Қаржылық жоспарлардың түрлері

    51. Орталықтандырылмаған қаржы жоспарлары

    52. Бизнес жоспар дегеніміз

    53. Кәсіпорындар мен ұйымдар деңгейінде қаржы-экономикалық көрсеткіштер

    54. Мемлекеттік мекемелерде қолданылатын көрсеткіштер

    55. Құрама қаржы көрсеткіштері

    56. Қаржы құқықғы ұғымы

    57. Қаржы-құқықтық нормалар дегеніміз

    58. Қаржы-құқықтық реттеудің әдістері

    59. Қаржы-құқықтық механизм қалай сипатталады

    60. Мемлекеттің қаржылық қызметінің мазмұны

    61. Мемлекеттің қаржылық қызметіне әсер ететін факторлар

    62. Мемлекеттің қаржылық қызметінің әдістері

    63. Қаржы-құқықтық актілер дегеніміз

    64. Қаржылық қызметті реттейтін ҚР-ның аса маңызды заңнамалық актілері

    65. Қаржылық бақылау дегеніміз

    66. Қаржылық бақылаудың объектісі

    67. Бақылауды жүзеге асырудың негізгі қағидаттары

    68. Қаржылық бақылаудың міндеттері

    69. Макродеңгейдегі қаржылық бақылау, міндеттері

    70. Қаржылық бақылау субъектілері

    71. Микродеңгейдегі қаржылық бақылау, міндеттері

    72. Қаржылқ бақылаудың түрлері бойынша сыныпталуы

    73. Жалпымемлекеттік қаржылқ бақылау

    74. Салықтық бақылау

    75. Бюджеттік бақылау

    76. Банктік қадағалау

    77. Сақтандыру сферасындағы қаржылық бақылау (қадағалау)

    78. Ведомоствалық қаржылық бақылау

    79. Жүргізу нысандары мен уақыныа қарай қаржылық бақылау түрлері

    80. Аудиторлық бақылау дегеніміз

    81. Қаржы аудиті дегеніміз

    82. Аудиторлық қызмет

    83. Аудиторлық қызметтің негізгі қағидаттары.

    84. Аудиттің түрлері

    85. Аудитор

    86. Қаржылық бақылаудың әдістері

    87. Қаржылық бақылау органдары.

    88. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысының анықтамасы

    89. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысының бөлгіштік функциясының ерекшелігі

    90. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысының бақылау функциясының еркшелігі

    91. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысының негізгі белгілері

    92. Шаруашылық жүргізуші субъектілер сыныптамасы

    8-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.

    1. Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру қағидаттары

    2. Кәсіпорындарда қандай қаржы қорлары қалыптасады.

    3. Негізгі өндірістік құралдар (капиталдар) дегеніміз

    4. Өндірістік айналым капиталдары және айналыс капиталдары дегеніміз

    5. Өндірістік капиталдарды қалыптастырудың және олардың өсімінің көздері

    6. Кәсіпорынның шығындары дегеніміз

    7. Кәспорындар шығынының сыныпталуы

    8. Кәсіпорын табысының (пайдасының) қалыптасуы

    9. Кәсіпорында табыстың (пайданың) бөлінуі

    10. Кәсіпорындардың қаржы менеджменті дегеніміз

    11. «Ақша ағыны» ұғымы нені білдіреді

    12. Қаржы менеджментінде пайдаланылатын әдістер мен тәсілдер

    13. Коммерциялық емес қызметтің түрлері

    14. Коммерциялық емес қызмет ұйымдары мен мекемелерін қаржыландыру көздері

    15. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары

    16. Қазақстанның мемлекеттік қаржысының құрамы (схема түрінде)

    17. “Қоғамдық тауар” ұғымы

    18. Қоғамдық тауарлардың тиістілік қағидаттарына қарай олардың негізгі екі түрін ата

    19. Мемлекеттің қаржысы дегеніміз

    20. Мемлекет қаржысының функциялары

    21. Мемлекеттің кірістері дегеніміз

    22. Орталықтандырылған қаржы кірістері

    23. Орталықтандырылмаған кірістер

    24. “Мемлекеттік қаржы ресурстары” мен “мемлекеттің кірістері” ұғымдарының айырмашылықтары

    25. “Мемлекеттің кірістері” және “мемлекеттік бюджеттің кірістері” ұғымдарының айырмашылықтары

    26. Мемлекет кірістерін жұмылдыру әдістері

    27. Меншік нысандарын ұйымдық-құқықтық ресімдеуге қарай мемлекеттің кірістері

    28. Жасалу сфераларына байланысты мемлекеттің кірістері

    29. Қаржылық мазмұны бойынша мемлекеттің кірістері

    30. Жұмылдыру әдістері бойынша кірістер қалай жіктелді

    31. Таза табыс өсуінің басты факторлары

    32. Салық дегеніміз

    33. Салықтарды экономикалық мәні

    34. Салықты ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаттары

    35. Салық функциялары

    36. Салықтың фискалдық функциясы

    37. Салықтардың реттеуші функциясы

    38. Салықтардың қайта бөлу функциясы

    39. Мемлекеттің салық жүйесі


    11.4. Емтиханға дайындық сұрақтары.

    1. жүктеу 0,65 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




    ©g.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет
    рсетілетін қызмет
    халықаралық қаржы
    Астана халықаралық
    қызмет регламенті
    бекіту туралы
    туралы ережені
    орталығы туралы
    субсидиялау мемлекеттік
    кеңес туралы
    ніндегі кеңес
    орталығын басқару
    қаржы орталығын
    қаржы орталығы
    құрамын бекіту
    неркәсіптік кешен
    міндетті құпия
    болуына ерікті
    тексерілу мемлекеттік
    медициналық тексерілу
    құпия медициналық
    ерікті анонимді
    Бастауыш тәлім
    қатысуға жолдамалар
    қызметшілері арасындағы
    академиялық демалыс
    алушыларға академиялық
    білім алушыларға
    ұйымдарында білім
    туралы хабарландыру
    конкурс туралы
    мемлекеттік қызметшілері
    мемлекеттік әкімшілік
    органдардың мемлекеттік
    мемлекеттік органдардың
    барлық мемлекеттік
    арналған барлық
    орналасуға арналған
    лауазымына орналасуға
    әкімшілік лауазымына
    инфекцияның болуына
    жәрдемдесудің белсенді
    шараларына қатысуға
    саласындағы дайындаушы
    ленген қосылған
    шегінде бюджетке
    салығы шегінде
    есептелген қосылған
    ұйымдарға есептелген
    дайындаушы ұйымдарға
    кешен саласындағы
    сомасын субсидиялау