8
•
оқыту түрлері ерекшеліктерін.
Студенттің төмендегідей іскерліктері қалыптасқан болуы керек:
•
оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттерге сараптама жүргізу, біртұтас педагогикалық
үдерісті құру барысында білім беру құралдарын таңдап, оларды бағдарламалық материалға
өзіндік мазмұн беруі кезінде қолдана білуі;
•
дене шынықтыру және спорт саласына негізделген педагогика мәселелері бойынша
бағдарлана біліп, тәжірибелік ісінде инновациялық педагогикалық идеяларды қолдана білуі;
•
педагогикалық жұмыста оқушылардың жеке ерекшеліктерін (жас, әлеуметтік,
психологиялық, мәдениеттілік т.б.)
ескере білуі;
•
түрлі педагогикалық фактілер мен жайттарды бағалап, талдай білуі;
•
педагогикалық жағдайларға сараптама жүргізіп, оларға негіздеме бере алуы;
•
жоспарлау құжаттарымен жұмыс жүргізе білуі;
•
дене тәрбиесін оқыту технологияларының негізгі элементтерімен таныс болуы;
•
ғылым жетістіктері мен озық тәжірибесі тұрғысынан спортпен айналысатын
балалардың ұжымдық және жеке ерекшеліктерін зерттеу үшін үздік тәжірибені айқындауы.
Студент бірқатар тәжірибелік дағдыларды меңгеруі қажет:
- дене шынықтыру және жаттықтыру қызметтері барысында арнайы кәсіби
терминологияны қолдана білу;
- дене шынықтыру және спорт саласы бойынша кәсіби қызметіне қажетті ақпараттарды
іздестіріп, жинақтап, өңдеп, белгілі бір жүйеге келтіре білу;
- алдыңға қатарлы тәсілдерді меңгере отырып, оқыту мен тәрбиелеудің негізгі әдістерін,
құралдары мен жолдарын еркін таңдап, қолдана білу;
- сауатты сөйлеп, өз ұстанымын кәсіби тұрғыдан негіздей білу;
- педагогикалық жағдайларды өздігінше талдай білу;
- өздігінен білім алу және өзін-өзі бақылау.
Курстың пререквизиттері:
«Дене шынықтыру және спорт педагогикасын» оқу алдыңғы «Педагогика» және басқа
да гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық және жаратылыстану-ғылыми циклді пәндерден
алынған білім негізінде жүзе асырылады.
Постреквизиттері:
Аталмыш пәнді меңгеру алда оқытылатын «Дене шынықтыру және спорттың теориясы
мен әдістемесі» пәнінің әдіснамалық негізі болып табылады.
9
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
1 МОДУЛЬ. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қазақстанда дене шынықтыру жүйесінің қалыптасуы мен дамуының тарихи
алғышарттары
Қазақ педагогикалық пікірлер саласындағы дені сау адамды қалыптастыру
идеяларының дамуы. Дене шынықтыру және спорт педагогикасы қалыптасуының
алғышарттары. Дене шынықтыру идеяларының генезисі.
1.2 Дене шынықтыру мен спорттың жалпы білім беру жүйесіндегі рөлі
Дене шынықтыру және спорт Қазақстан Республикасының Білім туралы
Заңындағы алатын орны. Шетелдерде спорт педагогикасы дамуының ұстанымдары.
Педагогиканың әдістемелік негіздері. Дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми-
зерттеу әдістерінің жіктемесі және оның мазмұны.
1.3 Дене тәрбиесі бойынша білім берудің әлемдік білім беру кеңістігі мен бірлестігі
Дене шынықтыру және спорт педагогикасы пәні. Дене шынықтыру педагогикасының
арнайылығы және оның санаттары. Қазақстандағы дене шынықтыру саласының білім беруді
дамыту стратегиясына қойылатын ғылыми-негіздемелі тәсілдері. Дене тәрбиесінің әлемдік
білім беру кеңістігі мен бірлестігі.
2
МОДУЛЬ. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ
МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ
2.1 Дене шынықтыру және спорт саласындағы заманауи маманның қызметіне
қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру стандартының мазмұны. Заманауи
дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандардың кәсіби және педагогикалық
құзыреттілігінің қағидаттары, олардың құрылымы мен мазмұны
2.2
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі
Мұғалімнің кәсіпқойлығын сипаттайтын педагогикалық қызметін жүзеге асыру үшін
теориялық және тәжірибелік дайын болуының бірлігі, сарапшылардың құзыреттілігін
қалыптастыру деңгейлері. Дене шынықтыру және спорт саласындағы білім беру қызметінің
шарттары, уәждемелері, құралдары.
2.3 Дене шынықтыру және спорт саласы мамандарының заманауи жағдайларда
кәсіби білім алуы
Дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандардың педагогикалық іс-әрекет
салалары. Спорттық қызмет үлгісінің сипаттамасы. Дене шынықтыру және спорт
оқытушыларының
жобалау,
құрылымдық,
ұйымдастырушылық,
қарым-қатынас,
сараптамалық қызметі. Мұғалімнің студенттермен жұмыс істеуге тәжірибелік дайындығы.
3
МОДУЛЬ.
ДЕНЕ
ШЫНЫҚТЫРУ
МЕН
СПОРТТЫҢ
БІРТҰТАС
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІС ЖҮЙЕСІНДЕ АЛАТЫН ОРНЫ
3.1 Дене шынықтырудың және спорттың біртұтас педагогикалық үдеріс
құрамындағы мәні
Педагогикалық үдерістің мазмұны, құрылымды бөлімдері, олардың сипаттамалары
(мақсатты, мазмұндық, және орындау саласындағы қызметі). Педагогикалық үдерістің
тиімділігін тудыратын факторлар. Біртұтас педагогикалық үдерістің құрамындағы дене