Жобаның тақырыбы: Білім беруді жаңарту жағдайында ата



жүктеу 50,35 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.11.2017
өлшемі50,35 Kb.
#468


Жобаның тақырыбы: 

«Білім беруді жаңарту 

жағдайында ата – 

аналармен жүргізілетін 

жұмыстар»                   

 

 



                                            

 


Жемісті тәрбиенің сыры – 

шәкіртке құрметпен қарауда

.              

Тәрбие – қиын іс, тәрбиеге жағдай жасау – 

 әр адамның ең елеулі борыштарының бірі.  

Тәрбие ошағы 

- мектеп.  

 

Н.Ә.Назарбаев 


Жобаның мақсаты: 

Ата – аналарды баламен 

 қарым – қатынас стилдерін оңтайлы 

пайдалануға дағдыландыру 

Отбасында мамыражай психологиялық 

ахуал қалыптастыру 

Жастарды отбасылық өмірге мектеп                    

қабырғасынан дайындау. 




Жобаның міндеттері: 

Ата – аналарды педагогикалық- 

психологиялық білім , біліктермен 

қаруландыру. 

Отбасы мүшелері және отбасының 

әлеуметтік – материалдық , тұрмыстық 

жағдайлары мен мектеп ісіне деген 

қызығушылықтары туралы толық 

мәлімет беру.  



Жобаның өзектілігі 

 

Ата – аналар өз балаларының психикалық және 



тұлғалық дамуындағы жас ерекшеліктеріне сай 

қиындықтарымен күресуде әлсіздік танытуы 

Жанұяның қарым – қатынас пен тәрбие стиліндегі 

ұстамдылық көзқарасының басым болуы, яғни 

моральдық ұстанымдар мен талаптардың жоғарлығы  

Бала дамуындағы психикалық дағдарыстар 

табиғатын жеке түсіну баланың өзіндік табиғатымен, 

ерекшеліктерімен санаспау 

Ұлттық мәдениет пен салт – дәстүрдің отбасынан 

бала бойына қалыптаспауы 

 



Ата-ана мен бала:             

идеал мен шындық 

 



Сауалнама нәтижесі 

Ряд 1 


Столбец1 

Столбец2 

столбец3 

0

10



20

30

40



50

35,2  43,4 

48,6 



Мұғалім 

оқушы 


Ата-ана 


Эмоциялық тұрғыдан үрей 

2- маска тағуға мәжбүрлік 

Баланың өзі қандай? 



Отбасы тәрбиесінің  

стильдері 

Бәсекелістік  стилі 

Үнемі қадағалау стилі 

Демократиялық стилі 

Өбектеу стилі 



Үнемі қадағалау стилі- өзіне сенімсіз, біреудің 

сілтемесімен жүретін, психологиялық үрей 

қалыптасқан оқушы 

Оқушыны сыныптағы іс-шараларға белсенді 

қатыстырып,жиі мақтап,өз-өзіне деген сенімін 

арттыру 


Ата-анасына  баланың өзі шешім қабылдауына 

мүмкіндік беруін түсіндіру, жеке 

жауапкершілікті  жұмыстарға тарту   



Демократиялық стилі- өмірге көзқарасы, 

ерік- жігері қалыптасқан, барлық жағдайды 

қалыпты қабылдайтын оқушы  

Ата-анасымен барлық сынып мәселесін 

талқылау,  әділқазы етіп сайлау және тек қана 

шынай жағдайлар туралы сөйлесу 




Өбектеу  стилі-  күлкіге  қалудан 

қорғау,  сынып  оқушылары  алдында 

жақсы 

істерін 


атау, 

ара-тұра 

зейіннен тыс қалдыру 

Ата-анасымен нұсқау түрінде 

сөйлесіп, ара-қашықтық сақтау 



                                          Мектеп міндеті: 

 Мемлекеттік стандарт пен оқу бағдарламасының толық 



орындалуын қамтамасыз етуге 

-  Оқу пәндерінің талапқа сай жүргізілуіне, білімді жаңа 

технологиялық иновациялық әдістерді қолдану арқылы беруге 

-  Оқушының білім деңгейін уақытылы және сапалы түрде 

тексеріп отыруға 

-  Білімді меңгермеген жағдайда себебін анықтап,шешім 

қабылдауға және ата-анасына хабарлап отыруға 

-  Оқушыларды күнделікті сабаққа келуін қадағалап отыруға 

-  Оқушылардың денсаулығын балалар ауруханасының 

жоспары бойынша медициналық тексеруден өткізіп отыруға 

 



Оқушылардың тәртіп бұзуының алдын-алу шараларын 

ұйымдастыру 

-  Оқушылардың шығармашылығын дамытуға байланысты 

жұмыстарды ұйымдастыруға 

-  Оқушылар мен мұғалімдер арасындағы өзара сыйластықты 

дамытуға 

-  Сабақтан кейін оқушылардың қызығушылығына 

байланысты іс-шаралар ұйымдастыруға 

-  Әр оқушының отбасына психологиялық және 

педагогикалық тұрғыдан көмек беруге 

-  Сабақ уақытында баланың өмір қауіпсіздігіне жауап беруге 

-  Ата-анамен тығыз байланыста болуға 




Ата-ана міндеті 

 Баласының оқу үлгерімін қадағалауға 



-  Баласының денсаулығын қадағалап отыруға 

-  Баласы ауырған жағдайда мектепке хабарлауға 

-  Баласының жеке басының тазалығына қарауға 

-  Баласына қажетті күн режимін жасауға 

-  Баласына мектеп құрал-жабдықтарын алып беруге 

-  Мектептің графигі бойынша мерекелерде, қажетті жағдайда 

кезекшілікте болуға 

-  Мектеп ұжымының кеңестерін орындауға 

-  Мұғалімдердің танымдық,тәрбиелік ұсыныстарын орындауға 

-  Керек жағдайда пед. консилиум және профилактика кеңесіне 

келуге 



 

   



Мектеппен үнемі байланыста болуға 

-  Баласын сабақтан себепсіз қалдырмауға 

-  Егер жұмыс орны мен мекен жайы ауысқан жағдайда 

мектепке хабарлауға 

-  Мектепте өтіп жататын іс-шараларға (ата-аналар 

жиналысы т.б.) қатысуға 

-  Егер баласы мектеп мүлкін бүлдірсе,комиссияның актісіне 

байланысты толық қалпына келтіруге 

-  Мектеп қабырғасында балалардың өмір қауіпсіздігін 

сақтау мақсатында дәліздерде жүгірмеуін және 

баспалдақтардан абайлап түсіп отыру тақырыптарында 

баласымен жеке әңгіме жүргізіп отыруға; 

 



Баласына мектеп ережесіне сай мектеп формасын алып 

беруге (жоғары сынып оқушылары: Қыз балаларға ақ көйлек, 

қара немесе қою көк түсті пиджак, классикалық түрде қара 

юбка, шалбар. Ер балаларға ақ көйлек, қара немесе қою көк 

түсті пиджак, шалбар, қара немесе қою көк түсті галстук. -

 Бастауыш сынып оқушылары үшін бір типті түсі қою көк 

мектеп формасы. 

-  Мектепте оқушының ұялы телефоны жоғалған жағдайда 

мектеп жауап бермейді. 

-  Жазғы демалыста мектептің территориясында 5-10 

сыныптар арасында ұйымдастырылған жазғы практикаға 

баласын қатыстыруға міндетті 



                                     

 

                          

Ата – ананың жауапкершілігі: 

1. 


  

Балаға арамза әрекет жасағаны үшін жауапты; 

2. Мұғалімге, мектептің педагогикалық ұжымына балағаттау 

және әдепсіз қарым-қатынас жасағаны үшін жауапты; 

3.    Бала тәрбиесі үшін қабылданған барлық қаулылардың 

орындалмағанына жауапты. 

4.   Балаға адамгершілік тәрбие беру үшін, өз жанұясында бірлік 

пен татулықты ұстануға жауапты. Үйдегі тыныштық баланың 

мектептегі мәселелерін тиімді шешудің бірден бір жолы; 

5.  Мектептен кейінгі баланың білім мен тәрбие алуына бақылау 

жасауына жауапты; 

6.  Кәмелеттік жасқа жеткенге дейінге баланың салауатты өмір 

салтына сай тәрбие алуына жауапты. 

 Бүгінгі оқушы мемлекетіміздің ертеңгі үлкен азаматы, кәсіп 

иесі. 

Сондықтан да бала тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарап, 



жас ұрпақты назардан тыс қалдырмаған жөн. 

 



Құрметті ата-аналар сіздерге балаларыңызбен өзара қарым-

қатынас құруға арналған 

10 қағиданы назарларыңызға ұсынамыз! 

1.Баладан сіз сияқты болуын немесе сіз қалағандай болып өсуін 

күтпеңіз, керісінше оған өз-өзін қалыптастыруға көмектесіңіз. 

2.Баладан оған жасаған барлық жақсылықтарыңыздың өтемін 

талап етпеңіздер. Сіздер оған өмір сыйладыңыздар. Ол сіздерге 

қалайша алғыс білдіруі қажет? Ол басқаға, басқасы үшінсісіне 

өмір сыйлайды, ол өмірдің қайтарымсыз жақсылық заңы. 

3.Қартайғанда өмірдің ащылығын тартпау үшін өз 

реніштеріңізді балаға артпаңыздар, басқаша айтқанда «Не 

ексең, соны орасың». 

4.Оның проблемаларына жоғарыдан қарамаңыздар, өйткені 

өмір жолы ауыр жол, ал оның өмірлік тәжірибесі жоқ. 

 

 



*

5.Қорлық-зомбылық көрсетпеңіз. 

*

6.Адамның өміріндегі маңызды кездесу – ол оның балалармен 



кездесуі екендігін ұмытпаңыздар. 

*

7.Өз балаңызға ештеңе істей алмасаңыз, өз-өзіңізді босқа 



қинамаңыз. 

*

8. Бала – сізді толық билеп алатын басқыншы емес. Ол сіздің 



қуанышыңыз, махаббатыңыз, жаныңыздың бір бөлшегі, 

өміріңіздің жалғасы. 

*

9. Өзге баланы да жақсы көре біліңіз, оны да өз балаңыздай 



көріп, ешқашан оған жамандық істемеңіз. 

*

10. Өз балаңызды – ол дарынсыз, жолы болмағыш, үлкен 



болса да жақсы көріңіз. Онымен қарым-қатынас орната 

отырып – қуаныңыз, өйткені бала деген – үнемі сізбен бірге 

болатын МЕЙРАМ!  



“Тек ата- аналармен бірге жалпы күш жігерді 

біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен 

адамдық бақытты беруі мүмкін” 

/В.А.Сухомлинский

 

Сондықтан педагогикалық әрекетте мектептің жалпы 



міндеттерінің көлемінің кеңдігіне қарамастан ата – 

анамен жұмыс, байланыс жасау №1 кезекте тұрады. 



№1 

Қорытынды: 


Жобаны дайындағандар: 

Айгүл Қабыхай – Қарағанды облысының №21 орта мектеп 

директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 

Айнұр Кенжалиева – Қызылорда облысының №17 орта 

мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 

Гүлсагат Оразгалиева – Өскемен қаласының №26 орта 

мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 

Гүлзира Алиаскарова – Талдықорған қаласының №18орта 

мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 

Айгерім Салқынбаева – Ақмола облысының “Еркіншілік” 

орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі 

орынбасары 

жүктеу 50,35 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау