аспайды. Бұл ретте кредит сомасы бір кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың
кредиті бойынша берешекті ескермей есептеледі. Мұндай кредиттер үшін:
1) кепілдік мөлшері кредит сомасының 20%-ынан аспайды;
2) ұсынылатын кепілдік мерзімі 5 (бес) жылдан аспайды. Қаражатының 100%-ы айналым
қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік мерзімі
3 (үш) жылды құрайды.
121. Егер ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында іске асырылатын
жобаларға кредит мөлшері 360 млн. теңгеге дейін соманы құрайтын жағдайда, кепілдік мөлшері
кредит сомасының 50%-ынан аспайды, кепілдік мерзімі 5 (бес) жылдан аспайды.
122. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер үшін:
1) жоба шеңберінде кепілдік беру жүзеге асырылатын кредит сомасы 20 млн. теңгеден
аспайды. Бұл ретте кредит сомасы ісін жаңа бастаған кәсіпкер/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер
үшін онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті бойынша берешекті ескермей есептеледі
;
2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 85%-ынан аспайды;
3) ұсынылатын кепілдік мерзімі 5 (бес) жылдан аспайды. Қаражатының 100%-ы айналым
қаражатын толықтыруға бағытталған 20 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік мерзімі
3 (үш) жылды құрайды.
123.
Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.04.2016
№ 234
(алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
124. 180 млн. теңгеден астам кредиттер бойынша кәсіпкер жобаны іске асыруға өз
қаражатының (ақшалай қаражатының, жылжымалы/ жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз
етілуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен жобаны іске асырудың жалпы құнының 10%-нан
төмен емес деңгейде қатысуын қамтамасыз етуге тиіс.
125. Кәсіпкердің жобаға өз қаражатымен (ақшалай қаражатымен/жылжымалы/жылжымайтын
мүлкімен) қатысу шарттары, оның ішінде кәсіпкердің оны растауы жөніндегі мерзімдер ӨҮК
шешімінде көрсетіледі.
126. Банктердің/Даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беруді қаржыландыру
нысаналы трансферттерді Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілеріне аудару арқылы республикалық
бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
127. Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша банктердің сыйақы мөлшерлемесі
19 %-дан аспайды. Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша даму банкінің сыйақы
мөлшерлемесі 13 %-дан аспайды.
Ескерту. 127-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2016
№ 234
(алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
128. Қаржы агенттігі кредиттің нысаналы пайдаланылмау, Бағдарлама шарттарының бұзылуы,
қаржы агенттігінің кепілдіктер беру туралы шешімінде белгіленген шарттардың орындалмау
фактілері анықталған жағдайда ӨҮК шешімінің негізінде кепілдіктің күшін жояды.
129. Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде банктердің/даму банкінің кредиттері
бойынша ішінара кепілдік беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен
бекітілген Бағдарлама шеңберінде Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша
кепілдік беру қағидаларымен регламенттеледі.
Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту
130. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жекелеген жобалар үшін дара (оның
ішінде бірнеше жобаларды қамтамасыз ету үшін), индустриялық аймақтар құру шеңберінде де жаңа
өндірістерді құруға, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту мен кеңейтуге бағытталған
шағын және орта кәсіпкерліктің жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізуді білдіреді.
131. Шағын және орта кәсіпкерлік және индустриялық аймақтар жобаларының инфрақұрылымын
дамытуға қаражат бөлу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
132. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту Бағдарлама шеңберінде
экономиканың басым секторларында және ИИДМБ-да айқындалған өңдеуі өнеркәсіп салаларында
қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін, сондай-ақ моноқалалардың, шағын қалалар мен
ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлері үшін жүзеге асырылады.
133. Бөлінген қаражат мынадай инфрақұрылымды: су бұруды, сумен жабдықтауды (сумен
жабдықтау үшін ұңғыманы бұрғылау), газдандыруды, су таратқыштарды, бу құбырларын, жылумен
жабдықтауды, өнеркәсіптік алаңдарға арналған қазандықтарды, су құбырларын, теміржол
тұйықтарын, теміржол кірме жолдарын, телефондандыруды, кіші электр станцияларын, электр
тарату желілерін, септиктерді, бу-газ қондырғыларын, баламалы энергия көздерін салуға және
реконструкциялауға жіберіледі.
134. Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің
объектісі аумағының шекарасына дейін жүзеге асырылады, бұл ретте кәсіпкер объектісі
аумағының ішінде инфрақұрылымды жеткізуге қаражат бөлу көзделмейді.
135. Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу мынадай критерийлерге сай келетін шағын және
орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары үшін жүзеге асырылады:
1) жобаға инвестицияның көлемі 400 млн. теңгеден кем болмайды;
2) инфрақұрылым құрылысының (реконструкция) бағасы 100 млн. теңгеден кем болмайды.
136. Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу критерийлеріне сай келмейтін шағын және орта
кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу жергілікті бюджет
қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
137. Инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны шағын және орта кәсіпкерлік
субъектілерінің жобасы құнының 50%-ынан аспауы тиіс.
138. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің Бағдарламаның 135-тармағында
көрсетілген критерийлеріне сәйкес келмейтін жобаларына инфрақұрылымды жеткізу жергілікті
бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
139. Бұл ретте шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жетіспейтін инфрақұрылымды
жеткізу критерийлеріне сәйкес келетін жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу
сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қалауы бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен
жүзеге асырылуы мүмкін.
140. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды
жеткізу жергілікті бюджетінен құрылыс құнының кемінде 10%-ы көлемінде бірлесіп қаржыландыру
арқылы жүзеге асырылады.
141. Құрылыстың жобалау алды (техникалық-экономикалық негіздемелер) немесе жобалау (
жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуге байланысты шығындарды республикалық бюджеттен
қаржыландыруға жол берілмейді.
142. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері бюджеттік заңнамаға сәйкес жетіспейтін
инфрақұрылымды жеткізуге бюджеттік өтінімді, оның ішінде құрылатын тұрақты жұмыс орындары,
бюджетке түсетін салық түсімдері, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іске
асыру қорытындысы бойынша өнімнің өндірілу көлемі туралы болжамды ақпаратты береді.
143. Жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жеткізу мынадай тәртіппен
жүзеге асырылады:
1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі инфрақұрылымды жеткізу немесе жақсарту
қажеттілігінің негіздемесін қамтитын өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жобасын
қамтамасыз ету туралы өтініммен Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана, Алматы
қалаларының Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) жүгінеді;
2) Бағдарламаның Жергілікті үйлестірушісі қалыптастырған іріктелген өтінімдердің
тізбесі жобаларды одан әрі ӨҮК-ге шығару үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне
тапсырылады;
3) ӨҮК Бағдарламаға сәйкестігі тұрғысынан өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды
салуды немесе реконструкциялауды қаржыландыру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы
шешімдер қабылдайды;
4) ӨҮК оң шешім қабылдаған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі талап
етілетін құжаттарды қоса бере отырып, тиісті бюджеттік өтінімді уәкілетті органға жібереді;
5) ӨҮК теріс шешім қабылдаған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі шағын және
орта кәсіпкерлік субъектісіне уәжделген жауап жібереді.
144. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды салу немесе реконструкциялау
қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Индустриялық аймақтарды дамыту
145. Индустриялық аймақтың аумағында өндірістік мақсаттағы (өндірістік, қойма және
әкімшілік үй-жайлар), әлеуметтік қызметтерді көрсету объектілері (қоғамдық тамақтандыру,
қызметкерлердің біліктілігін арттыру, коммуналдық қызметтер көрсету орындары), банктік