4) бірінші басшы қол қойған және мөрмен расталған сауалнама;
5) кредиттік тарих субъектісінің (заңды және жеке тұлғаның) кредит бюросына ол туралы
ақпаратты беруге және кредиттік тарихы туралы ақпарат алуға кредиттік тарих субъектісінің
бірінші басшысы, «ҚДБ-Лизинг» АҚ тарапынан басқарма төрағасы немесе өзге уәкілетті тұлға қол
қойған келісімі;
6) әділет органдарында заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы
куәліктің нотариус куәландырған көшірмесі/электрондық түрде тіркелген заңды тұлға туралы
анықтама;
7) қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке қойылғаны туралы куәлік (бар болса);
8) құрылтай құжаттардың (құрылтай шарты, жарғы) нотариус куәландырған көшірмелері,
әділет органдарында тіркелген өзгерістер мен толықтырулар/әділет органының алғаны туралы
белгісі бар енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарламалар;
9) жарғыға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы әділет органынан анықтаманың
түпнұсқасы және/немесе электрондық құжат;
10) бірінші басшыны сайлау/тағайындау туралы мөрмен расталған шешімнің немесе
бұйрықтың нотариус куәландырған көшірмесі түрінде, бірінші басшының лауазымға кірісуі туралы
бұйрық, бас бухгалтерді тағайындау туралы бұйрық, бас бухгалтерге немесе өзге тұлғаларға
төлем, қаржы және өзге құжаттарға қол қою құқығына өкілеттік беру туралы бұйрық;
11) жарғылық капиталдың қалыптастырылуын растайтын құжаттардың нотариус куәландырған
көшірмелері не мөрмен расталған көшірмелері (төлем тапсырмасы, кіріс кассалық ордер,
жарғылық капиталды мүлікпен қалыптастырған кезде мүлікті қабылдау-тапсыру актісі, ақшаны
және басқаларды қоспағанда мүліктің тәуелсіз бағасы);
12) лизинг алушының ұйымдық-құқықтық нысаны – акционерлік қоғам болған жағдайда,
акциялардың 5 және одан да көп % иелері туралы бағалы қағаздар иелерінің тізілімі жүйесінен
үзінді;
13) өтінім берушінің ұйымдық-құқықтық нысаны – жауапкершілігі шектеулі серіктестік
болған жағдайда (серіктестік тізілімін жүргізуге шарт болған жағдайда) серіктестіктің
жарғылық капиталына қатысу үлесіне меншік құқығын растау туралы жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктің қатысушылары тізілімінен үзінді;
14) әлеуетті лизинг алушының атынан, егер бұл тұлға әлеуетті лизинг алушының өкілі
болып табылса құжаттарға және «ҚДБ-Лизинг» АҚ-мен жасалатын шарттарға қол қою құқығына
тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат (хаттамадан үзінді, сенімхат);
15) бірінші басшының, бас бухгалтердің немесе әлеуетті лизинг алушының атынан өкілдік
ететін тұлғаның (егер әлеуетті лизинг алушының мүддесін сенімхат бойынша өкілі білдірген
жағдайда) қолдарының үлгілері бар және әлеуетті лизинг алушы мөрінің таңбасы бар нотариус
куәландырған құжат;
16) әлеуетті лизинг алушының бірінші басшының, бас бухгалтердің немесе сенімхат
негізінде әлуетті лизинг алушының атынан өкілдік ететін тұлғаның нотариус куәландырған жеке
куәліктерінің көшірмелері;
17) құжаттардың мөрмен расталған көшірмелері: жеке тұлға үшін – жеке куәлік, заңды
тұлға үшін – жарғы, заңды тұлғаның атқарушы органын (бірінші басшысын) тағайындау туралы
құрылтайшылар шешімі;
18) акцияларды орналастырудың қорытындысы туралы есептердің көшірмелері, барлық
өзгерістері мен толықтырулары бар акцияларды шығару проспектісі, акциялар шығаруды
мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, аффилийрленген тұлғалар (акционерлік қоғамдар үшін) туралы
мәліметтер;
19) соңғы үш жылдың және соңғы есепті күнге (тоқсан, жартыжылдық, 9 ай) (акционерлік
қоғамдар үшін жылдық қаржылық есептілік аудитпен расталуы тиіс) әлеуетті лизинг алушының
қаржылық құжаттары (БҚЖК бойынша № 1, 2, 3 және 4 нысандар);
20) сомаларын, мерзімдерін көрсете отырып кредиторлық, дебиторлық және қаржы
берешектерін және оның қалыптасу себептерін, 3 айдан артық мерзімге кешіктірілген
кредиторлық берешекті өтеу және дебиторлық берешекті қайтару бойынша жүргізілетін
іс-шараларды таратып жазу, сондай-ақ баланс валютасынан 20 % асатын бухгалтерлік баланс
баптарын таратып жазу;
21) «негізгі құралдар» деген бухгалтерлік баланс баптарын таратып жазу;
22) қызмет көрсететін банктерден соңғы 12 айдың банктік шоттары бойынша ай сайынғы
айналымды көрсете отырып, банк шоттарының бары туралы, несие/мерзімі өткен несие берешек,
несие/мерзімі өткен несие берешек сомасының бар болуы немесе болмауы туралы анықтама,
картотека бойынша мәліметтер, сондай-ақ лизинг алушының өзге банктік шоттарының бар/жоғы
туралы хаты;
23) салықтар және бюджетке және зейнетақы қорына басқа да міндетті төлемдер бойынша
берешектің бар болуы немесе жоқтығы туралы салыстыру актісін қоса бере отырып, салық
комитетінің анықтамасы;
24) қолданыстағы қарыз, кредиттік желі, қаржылық лизинг шарттарының және ақша
қаражатын тарту бойынша өзге де шарттардың көшірмелері;
25) қосымшалары, ерекшеліктері және барлық өзгерістері мен толықтырулары (мұндайлар
болған жағдайда) қоса берілген шарттар және/немесе алдын ала жасалатын шарттар (дайын өнімді
өткізу, қызмет көрсету бойынша);
26) әлуетті лизинг алушы қызметінің негізгі түрлерін жүзеге асыру үшін қажетті
рұқсаттардың, лицензиялардың және өзге де құжаттардың нотариус куәландырған көшірмелері және
/немесе электрондық құжаты;
27) жобаның іске асырылуы болжанатын жер учаскесіне меншік құқығын/иелену және
пайдалану (жалдау) құқығын растайтын (құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары)
құжаттардың нотариус куәландырған көшірмелері;
28) лизинг заттарына құжаттар:
құнын, жеткізу талаптарын, жеткізу мерзімдерін, кепілді мерзімін, кепілді мерзімнен
кейінгі қызмет көрсетудің бар/жоғын және шарттарын көрсете отырып, сатып алынатын лизинг
заттарына коммерциялық ұсыныс;
лизинг заттарына (арнайы техниканы және өзге лизинг заттарын қоспағанда жабдыққа)
техникалық құжаттаманың көшірмелері: өнімділікті, энергия тұтынуды, жабдық габариттерін,
орындау және жарақтандыру параметрлерін, жұмыс жылдамдығы мен режимін, пайдалы қызмет
мерзімін қоса алғанда, конструкциясын, негізгі техникалық сипаттамасы мен жиынтықталуын
сипаттай отырып, сатып алынатын лизинг заттарына техникалық ұсыныс;
басқа өнім берушілерден ұқсас жабдыққа баламалы техникалық және коммерциялық ұсыныстар
;
СЭҚ ТН кодын беру бойынша брокерлік компанияның қорытындысы, келісімшарт болған
жағдайда кеден органынан КО СЭҚ ТН кодының алдын ала шешімі беріледі (түпнұсқалар және/
немесе нотариус куәландырған көшірмелер);
лизинг заттары үшін үй-жайлар мен инфрақұрылымға арналған техникалық құжаттаманың
көшірмелері (арнайы техника, автокөлік және өзге лизинг заттарын қоспағанда, жабдыққа):
жылжымайтын мүлік объектілеріне (лизинг заттарын орналастыру үшін), қосалқы үй-жайларға (
ілеспе өндіріске) және инженерлік инфрақұрылымға техникалық паспорттар; жаңа, салынып жатқан
жылжымайтын мүлік объектілеріне (лизинг заттарын орналастыру үшін) және қосалқы үй-жайларға
жобалау және құрылыстың нақты дайын кезеңінің құжаттары беріледі (мемлекеттік сараптаманың
қорытындысы, құрылысқа рұқсат, қабылдау комиссиясының актісі және басқалар). Техникалық
паспорт оларды алу шамасына қарай беріледі;
лизинг заттарын орналастыруға арналған (қажет болған жағдайда) жылжымайтын мүліктің
жоспарланатын құрылысына, реконструкциясына, күрделі жөнделуіне (егер жөндеу жүргізген кезде
конструкциялық немесе тіреу элементтері, сондай-ақ көлемді сипаттамалары мен ғимараттың
қауіпсіздігі өзгерсе) жобалау-сметалық құжаттама (түпнұсқалар және/немесе нотариус
куәландырған көшірмелер);
лизинг заттарының пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін (қажет болған жағдайда) инженерлік
инфрақұрылымның жобалау немесе техникалық құжаттамасы (түпнұсқалар және/немесе нотариус
куәландырған көшірмелер) (құрылыс жобасы немесе инженерлік желілерге, жүйелерге немесе
коммуникацияларға техникалық паспорт пен талаптар);
негізгі өнім берушіні таңдауға негіз болған өлшемшарттар мен параметрлерді көрсете
отырып, бағалардың егжей-тегжейлі салыстырмалы талдауын, техникалық сипаттамаларын,
өндірістің технологиялық әдістерін қоса алғанда, негізгі және балама коммерциялық және
техникалық ұсыныстардың салыстырмалы бәсекелес талдау;
сатып алынатын жабдыққа және басқаға сертификаттар, сондай-ақ дилерлік сертификаттар (
авторландыру); дайын өнімді өткізуге арналған алдын ала жасалған шарттар болған кезде
конструкциясын, қасиеттерін, қолданыстағы нормативтер мен стандарттарға сәйкестігін көрсете
отырып, сатып алынатын жабдыққа арнап шығару жоспарланатын бұйым ассортиментінің сипаттамасы
;
жаңа өндіріс құрылған немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды түбегейлі жаңғыртқан
кезде, технологиялық жоба ұсынылады;