Бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы"



жүктеу 1,14 Mb.
Pdf просмотр
бет13/41
Дата25.05.2018
өлшемі1,14 Mb.
#17482
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41

кредиттеріне ішінара кепілдік беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 

бекітілген Банктердің микроқаржы ұйымдарына кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру 

 регламенттеледі.

қағидаларымен



      Екінші бағыт: экономиканың басым секторларында және

өңдеуші өнеркәсіп салаларында қызметті жүзеге асыратын

кәсіпкерлерді салалық қолдау

      93. Бағдарламаның екінші бағыты кәсіпкерлерге мынадай қаржылық қолдау шараларын 

көрсетуді көздейді:

      1) банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг 

шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

      2) банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;

      3) өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;

      4) индустриялық аймақтары құру;

      5) ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру.

      


Ескерту. 93-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 

№ 370


 (алғашқы ресми жарияланған 

күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      94. Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылар:

      1) Бағдарламаға 

 көрсетілген экономиканың басым секторларында;

1-қосымшада

      2) Бағдарламаға 

 көрсетілген ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің 

2-қосымшада

басым салаларында өз жобаларын іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған 

тиімді кәсіпкерлер болып табылады.

      


Ескерту. 94-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 

№ 234


 (алғашқы ресми 

жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.



      Банктердің/даму банкінің/Лизингтік компаниялардың

кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін

субсидиялау

      95. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ 

өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруға берілетін жаңа 

кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады. 

      Тиімді инвестициялық жаңа жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге 

бағытталған жобалар деп:

      1) кәсіпкерлердің Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы 

қалаларында – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі) өтініш бергенге дейінгі өткен 3 (үш) 

жылда кірістерінің өсуіне және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 20 %-ға өсуіне қол 

жеткізген орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектілерінің;

      2) ӨҮК шешімі шыққан күннен бастап 2 (екі) қаржылық жылдан кейін міндетті зейнетақы 

жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде кірістердің өсуін, 

жұмыс орындарының орташа жылдық санының ұлғаюын және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 

10 %-ға өсуін қамтамасыз ететін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары түсініледі.

      Банктердің кредиттері бойынша, оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың айналым 

қаражатын толықтыруға бағытталған, БЖЗҚ қаражаты есебінен берілген кредиттер бойынша сыйақы 

мөлшерлемесін субсидиялау да Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген лимиттер 

шеңберінде жүзеге асырылады. Айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ ағымдағы 

міндеттемелерді қаржыландыруға бағытталған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері 

бойынша осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар қолданылмайды.

      

Ескерту. 95-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 



№ 234

 (алғашқы ресми 

жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

95-1. Айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта 

      

қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаты есебінен банктер берген (беретін) шағын және орта кәсіпкерлік 



субъектілерінің кредиттері де субсидиялауға жатады.

      


Ескерту. Кіші бөлім 95-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 

№ 234


 (


алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 

қаулысымен.

      95-1. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг 

шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жобалар Бағдарламаға 1-

 көрсетілген экономиканың басым секторларына немесе Бағдарламаға 

қосымшада

 көрсетілген ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларына сәйкес 

2-қосымшада

болған жағдайда, сондай-ақ мұндай жобаны кәсіпкер одан әрі өзі пайдаланған жағдайда 

мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде мұндай жобаларды іске асыру үшін 

берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.

      


Ескерту. Кіші бөлім 95-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 

№ 370


 (алғашқы ресми 

жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      96. Жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 12 ай ішінде ішінде бұрын банктер/даму банкі/

лизингтік компаниялар берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары да жаңа кредиттерге/қаржылық

лизинг шарттарына жатады.

      


Ескерту. 96-тармақ жаңа редакцияда- ҚР Үкіметінің 11.12.2015

№ 1001


 қаулысымен.

      97. Жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 4 жыл ішінде (мерзім бірінші кредит/лизинг берілген

күннен бастап есептеледі) банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар бұрын берген және 

Бағдарлама критерийлеріне сәйкес келетін кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта 

қаржыландыруға бағытталған кредиттер/лизингтік мәмілелер де субсидиялауға жатады.

      98. Айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттерді субсидиялау жұмыс істеп тұрған 

кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша пайыздық 

мөлшерлемені субсидиялау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат 

есебінен жүзеге асырылатын, сондай-ақ айналым қаражатын қаржыландыру:

      1) негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті 

кеңейтуге арналған, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын кредит;

      2) БЗЖҚ қаражаты шеңберінде жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, субсидиялау 

айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша жүзеге асырылмайды.

      


Ескерту. 98-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 

№ 234


 (алғашқы ресми 

жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      99. Негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті 

кеңейтуге арналған кредит шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға арналған кредитті жаңарту

мүмкіндігінің шарты ӨҮК шешімінде көрсетілуге тиіс.

      100. 180 млн. теңгеден астам кредиттер бойынша Кәсіпкер жобаны іске асыруға өз 

қаражатының (ақшалай қаражатының, жылжымалы/ жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз 

етілуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен жобаны іске асырудың жалпы құнының 10%-нан 

төмен емес деңгейде қатысуын қамтамасыз етуге тиіс.

      101. Кәсіпкердің жобаға өз қаражатымен (ақшалай қаражатымен/жылжымалы/жылжымайтын 

мүлкімен) қатысу шарттары, оның ішінде кәсіпкердің оны растауы жөніндегі мерзімдер ӨҮК 

шешімінде көрсетіледі.

      102. Кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелердің орындалуына жобаны іске 

асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылған жағдайда

, бұл мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.

      103. Сомасы 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша 

жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.

      104. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылатын кредит/қаржылық лизинг 

шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 4,5 млрд. теңгеден аспауға тиіс және олармен үлестес 

тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешекті ескермей 

есептеледі.

      105. Кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі ӨҮК шешімі бойынша

6 (алты) жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша 

бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі Қаржы 

агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      Ескерту. 105-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2015 

№ 368

 қаулысымен.



105-1. Кредитті Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат есебінен 

      


субсидиялау кезінде кредиттер бойынша субсидиялау мерзімі 18 (он сегіз) айдан аспайды, 

субсидиялау мерзімі ұзартылмайды. Егер бiр жоба бойынша бiрнеше субсидиялау шарты жасалатын 

болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі Қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол 



жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау