"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай
бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі
кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10
маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі
:
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
1. Қоса беріліп отырған «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай
(бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
бағдарламасы
2.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.04.2016
№ 234
(алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске
асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Жергілікті атқарушы органдар ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне қарай
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне Бағдарламаны іске асыру шеңберінде
бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
5. Осы қаулыға
сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
4-қосымшаға
шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
министрлігіне жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 168 қаулысымен
бекітілген
«Бизнестің жол картасы 2020»
бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы
1. Паспорт (негізгі параметрлері)
Ескерту. 1-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.08.2016
қаулысымен.
№ 515
Атауы
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай
бағдарламасы
Әзірлеу үшін негіздеме
«Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту
жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды
деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы
19 наурыздағы № 958
;
Жарлығы
«Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 –
2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» және «
Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына
толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014
жылғы 1 тамыздағы № 874
;
Жарлығы
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі.
Үкіметтік бағдарламаны
әзірлеуге және іске
асыруға жауапты
мемлекеттік органды
көрсету
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Мақсаттары
Өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету,
сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа
жұмыс орындарын құру
Міндеттері
1. Ауылдық елді мекендердің, шағын қалалар мен моноқалалардың
кәсіпкерлерін қаржыландыруға қол жетімділікті арттыру.
2. Ауылдық елді мекендер, шағын қалалар мен моноқалалар
кәсіпкерлерінің өндірістік қуатын ұлғайту.
3. Ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда
кәсіпкерлердің бизнес бастамаларын кеңейту.
4. Өңдеуші өнеркәсіп өндірген өнім көлемін ұлғайту.
5. Бәсекеге қабілетті жаңа өндіріс орындарын құру.
6. Халықтың шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылуын ұлғайту.
7. Шетелдік валюталардың ауытқуларына байланысты болатын валюталық
тәуекелдердің кредиттікке көшуін болдырмау.
8. Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету.
9. Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру.
10. Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру.
11. Іскерлік қатынастарды кеңейту.
Іске асыру мерзімдері
2015 – 2019 жылдар
Нысаналы индикаторлар
Бағдарламада қойылған міндеттерді орындау арқылы 2020 жылға қарай
мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізілетін болады:
1. ЖІӨ құрылымында өңдеуші өнеркәсіптің үлесін кемінде 12,5 %-ға
жеткізу.
2. ШОК-тың өнім шығару көлемін 2014 жылғы деңгейден 1,5 есеге ұлғайту
.
3. Белсенді жұмыс істейтін ШОК субъектілерін 2014 жылғы деңгейден 50%-
ға ұлғайту.
4. ШОК-та жұмыс істейтіндердің санын 2014 жылғы деңгейден 50%-ға
ұлғайту.
Қаржыландыру көздері
мен көлемдері
1) республикалық бюджет қаражаты:
2015 – 60 531 976 мың теңге;
2016 – 60 250 273 мың теңге;
2017 – 41 342 611 мың теңге;
2018 – 41 342 611 мың теңге;
2019 – 41 342 611 мың теңге;
2) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға
бағытталған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорының қаражатынан субсидиялауға 2015 жылы – 7
200 000 мың. теңге, жетіспейтін инфрақұрылымды тартуға 2015 жылы – 9
781 530 мың теңге, 2016 жылы – 15 000 000 мың теңге.
2. Кіріспе
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (
бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық - жаңа
экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына
және
Жолдауын
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 925 Жарлығымен бекітілген