2) шағын кәсіпкерлік субъектісінің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен
алынатын жағдайларды қоспағанда, қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе
микрокредитке байланысты өзге де төлемдерді алмайды.
64. Қолданыстағы микрокредитті субсидиялау туралы шешім қабылданған жағдайда
микроқаржы ұйымдары бұдан бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де
төлемдерді ағымдағы қаржы жылы өтейді.
65. Микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін
субсидиялауды қаржыландыру уәкілетті органның қаржы агенттігіне тиісті қаржы жылында
субсидиялау үшін бөлінген қаражаттың барлық сомасын аударуы жолымен республикалық бюджеттен
жүзеге асырылады.
Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің
№ 370
(алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
66. Қаржы агенттігі микроқаржы ұйымдарын Бағдарлама шеңберінде микрокредиттерді
субсидиялау мәселелері бойынша хабардар етеді.
Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің
№ 370
(алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
67. Микроқаржы ұйымы шағын кәсіпкерлік субъектілерін Бағдарлама шеңберінде
микрокредиттерді субсидиялау шарттары туралы хабардар етеді.
68.
Алып тасталды - ҚР Үкіметінің
№ 370
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
69.
Алып тасталды - ҚР Үкіметінің
№ 370
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
70.
Алып тасталды - ҚР Үкіметінің
№ 370
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
71. ӨҮК жобаларды мақұлдау/мақұлдамау жөнінде шешім қабылдайды.
72.
Алып тасталды - ҚР Үкіметінің
№ 370
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
73.
Алып тасталды - ҚР Үкіметінің
№ 370
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
74.
Алып тасталды - ҚР Үкіметінің
№ 370
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
75.
Алып тасталды - ҚР Үкіметінің
№ 370
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
76. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері
бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тәртібі Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысымен бекітілген Микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы
мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларында регламенттеледі.
Ескерту. 76-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің
№ 370
(алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Микроқаржы ұйымдарының банктер алдындағы кредиттеріне
ішінара кепілдік беру
77. Ішінара кепілдік беру моноқалалардың, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің
кәсіпкерлеріне кейіннен микрокредит беру мақсатында банктерден айналым қаражатын толықтыруға
алынған микроқаржы ұйымдарының жаңа кредиттер бойынша ғана беріледі.
78. Микроқаржы ұйымдары үшін ішінара кепілдікті қаржы агенттігі береді.
Ескерту. 78-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің
№ 370
(алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
79. Микроқаржы ұйымдарының банктер алдындағы кредиттеріне кепілдік беруді қаржыландыру
уәкілетті орган мен қаржы агенттігі арасында тиісті шартқа қол қою арқылы республикалық
бюджеттен жүзеге асырылады.
Ескерту. 79-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің
№ 370
(алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
80. Микроқаржы ұйымдары үшін:
1) кепілдік беру жүзеге асырылатын кредит сомасы 500,0 млн. теңгеден аспайды. Бұл
ретте кредит сомасы бір микроқаржы ұйымы үшін онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың
кредиті бойынша берешекті ескермей есептеледі.
2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 100%-ына жетуі мүмкін;
3) берілетін кепілдік мерзімі 3 (үш) жылдан аспайды;
4) Банктердің кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша номиналды сыйақы
мөлшерлемесі 16%-дан аспайды.
81. Микроқаржы ұйымдары үшін кепілдік ақылы негізде беріледі. Кепілдіктер бергені үшін
микроқаржы ұйымдары кепілдік беру сомасының 2%-ына дейінін қайтарады.
82. Кредиттің нысаналы пайдаланылмауы, Бағдарлама шарттарының бұзылуы, қаржы
агенттігінің кепілдіктер беру туралы шешімінде белгіленген шарттардың орындалмауы фактілері
анықталған жағдайда қаржы агенттігі кепілдіктің күшін жояды.
Ескерту. 82-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің
№ 370
(алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
83. Микроқаржы ұйымы ішінара кепілдік алу үшін банкке қаржы агенттігінің кепілдігімен
кредит алуға өтініш береді.
Ескерту. 83-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің
№ 370
(алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
84. Банк өз бетінше ішкі құжаттарда белгіленген рәсімге сәйкес микроқаржы ұйымының
қызметіне бағалау жүргізеді және ұсынылған ақпарат пен кепіл мүлкін бағалау туралы
қорытындының негізінде қамтамасыз етудің кепіл құнына бағалау жүргізеді, одан кейін қаржы
агенттігінің кепілдігімен микроқаржы ұйымын қаржыландыру не қаржыландырудан бас тарту туралы
шешім қабылдайды. Микроқаржы ұйымын қаржыландыру жөнінде оң шешім қабылданған жағдайда банк
5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне кепілдік беру туралы шешім қабылдау үшін қажетті
құжаттарды жібереді.
Ескерту. 84-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің
№ 370
(алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
85. Қаржы агенттігі 10 (он) жұмыс күні ішінде банк ұсынған құжаттарды қарайды және
ішінара кепілдік беру немесе бермеу туралы шешім қабылдайды. Ішінара кепілдік беру туралы оң
шешім қабылданған жағдайда қаржы агенттігі банкке кепілдік берудің мүмкіндігі туралы оң
шешімі бар хат жібереді.
Ескерту. 85-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің
№ 370
(алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
86. Қаржы агенттігінің оң шешімі туралы хатын алғаннан кейін банк микроқаржы ұйымына
қажетті кепілдік сомасының есептемесін көрсете отырып, жасалатын кредит шарттары туралы
тиісті хат ұсынады.
Ескерту. 86-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің
№ 370
(алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
87. Банк пен микроқаржы ұйымы арасында тиісті кредит шарты жасалғаннан кейін банк,
қаржы агенттігі және микроқаржы ұйымы микрокредит беру жөнінде кепілдік шартына қол қояды.
Ескерту. 87-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің
№ 370
(алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
88. Шығарылған кепілдіктер үшін ақы төлеу мақсатында уәкілетті орган кезекті жылдың
басында қаржы агенттігіне микроқаржы ұйымдарының кредиттеріне кепілдік беруге бөлінген
нысаналы трансферттер сомасының 50 %-ын аударады.
Ескерту. 88-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің
№ 370
(алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
89. Нысаналы трансферттердің қалған бөлігі кепілдік шарттарының жасалуына қарай жылдың
басында қаржы агенттігіне аударылған қаражаттың бірінші жартысы толық игерілгеннен кейін
қаржы агенттігіне аударылады.
Ескерту. 89-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің
№ 370
(алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
90. Қаржы агенттігі жасалатын кепілдік шарттары бойынша ақы төлеу үшін тиісті қаржы
жылына бөлінген бюджет қаражаты шегінде ғана жобалар бойынша құжаттарды қабылдайды. Бұл
жағдайда кепілдік шартын жасасу фактісі бюджет қаражатын игеру болып табылады.
Ескерту. 90-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің
№ 370
(алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
91.
Алып тасталды - ҚР Үкіметінің
№ 370
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
92. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде микроқаржы ұйымдарының Банктер алдындағы