Бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы"



жүктеу 1,14 Mb.
Pdf просмотр
бет11/41
Дата25.05.2018
өлшемі1,14 Mb.
#17482
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41

      40. Грант қаражатын жылжымайтын мүлікті, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысын 

төлеу ретінде пайдалануға болмайды.

      41. Мемлекеттік гранттар беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 

бекітілген Бағдарламаның шеңберінде Мемлекеттік гранттар беру қағидаларында регламенттеледі.



      Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру

      42. Микрокредиттер ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда қызметін 

жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кейіннен кредит беру үшін ӨҮК шешімімен 

айқындалатын МУҰ-ға беріледі.

      

Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 



№ 234

 (алғашқы ресми 

жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      43. Микрокредиттер жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту және айналым капиталын 

толықтыру үшін салалық шектеулерсіз беріледі.

      44. Микрокредит тұтынушылық мақсаттарға, алдыңғы кредиттерді өтеуге, жылжымайтын 

тұрғын үй, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысын төлеуге берілмейді.

      45. Микрокредиттің ең көп сомасы бір қарыз алушыға 10 000 000 (он миллион) теңгеден 

аспайды.

      46. Соңғы қарыз алушы үшін микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 10%-

дан аспауға тиіс.

      47. Республикалық бюджеттен бюджеттік кредит Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне 

мынадай шарттарда беріледі:

      1) қайтарымдылық, жеделдік және ақылы негізде 0,01% жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 5 

жылға;

      2) кредит беру мерзімі - 5 жылдан аспайды;



      3) игеру кезеңі - Бағдарламаның Өңірлік Үйлестірушісі бюджеттік кредит алған кезден 

бастап 5 жыл;

      4) бюджеттік кредиттің нысаналы пайдаланылуы - жеке істі ұйымдастыру немесе кеңейту, 

айналым капиталын толықтыру;

      5) МУҰ/кредит бойынша микроқаржы ұйымы кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен 

аспайтын мерзімге негізгі борышты өтеу жөнінде жеңілдік кезеңін ұсынуы мүмкін.

      48. Бағдарламаны өңірлік үйлестіруші МУҰ-ға кредит береді және онымен кредит беру 

туралы келісім жасасады. МУҰ үшін кредит бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі 0,01% мөлшерінде

белгіленеді.

      49. Микроқаржы ұйымдарына арналған кредит бойынша жылдық ең үлкен номиналды сыйақы 

мөлшерлемесін МУҰ белгілейді, бірақ ол 4 %-дан аспайды.

      Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2015 

№ 368

 қаулысымен.



      50. МУҰ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Шағын кәсіпкерлік 

субъектілеріне микрокредит беру қағидаларында айқындалатын өлшемшарттарға сәйкес ХҚҰ-ға 

кредиттік ресурстар береді.

      


Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 

№ 234


 (алғашқы ресми 

жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      51. Кредит ресурстары микроқаржы ұйымдарына мерзімділік, қайтарымдылық, ақылылық, 

нысаналы пайдалану және қамтамасыз ету шарттарында не қаржылық орнықты микроқаржы ұйымдарына

үшін қамтамасыз етусіз беріледі.

      


Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 

№ 370


 (алғашқы ресми жарияланған 

күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      52. Микрокредиттер беру мынадай тәсілмен жүзеге асырылады:

      1) шағын кәсіпкерлік субъектісі Бағдарлама шеңберінде микрокредит беру мәселесі 

бойынша консультациялар aлу үшін МУҰ-ға және (немесе) микроқаржы ұйымдарына өтініш білдіреді

;

      2) шағын кәсіпкерлік субъектісі жобаның бизнес-жоспарын әзірлейді және МУҰ-ға, 



Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру құқығын алған микроқаржы ұйымына микрокредит 

алуға өтініммен жүгінеді (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап өтінімдерді қабылдауды Бағдарламаға 

қатысушыларға микрокредит беру құқығын алған микроқаржы ұйымы жүзеге асырады);

      3) МУҰ, микроқаржы ұйымы жобаға бағалау жүргізеді, қорытынды береді және микрокредит 

берудің мүмкін (немесе мүмкін емес) екені туралы шешім қабылдайды (2016 жылғы 1 қаңтардан 



бастап жобаны бағалауды, қорытынды беруді және микрокредит берудің мүмкін (немесе мүмкін 

емес) екені туралы шешім қабылдауды микроқаржы ұйымы жүзеге асырады);

      4) микроқаржы ұйымы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 30-күніне дейінгі мерзімде 

МУҰ-ға Бағдарлама шеңберінде берілген микрокредиттер бойынша ақпарат береді.

      «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске

асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 

599 

 бекітілген Қазақстан Республикасының Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 



қаулысымен

микрокредиттер беру қағидаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, МУҰ-ның шағын 

кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредиттер беруіне жол берілмейді.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 

№ 370

 (алғашқы ресми жарияланған 



күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      53. МУҰ мониторингті жүзеге асырады және Микрокредит беру қағидаларында көзделген 

нысан бойынша Уәкілетті органға тоқсан сайынғы есеп береді.

      54. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру тәртібі Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің қаулысымен бекітілген Бағдарлама шеңберінде Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 

микрокредит беру 

 регламенттеледі.

қағидаларымен



      Микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін 

субсидиялау

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 

 (алғашқы ресми жарияланған 

№ 370


күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      55. Шағын кәсіпкерлік субъектілері микроқаржы ұйымдарынан бюджеттен тыс көздерден 

алған микрокредиттер микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің 

бір бөлігі субсидиялауға жатады.

      

Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 



№ 370

 (алғашқы ресми жарияланған 

күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      56. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды салалық шектеулерсіз шағын кәсіпкерлік 

субъектілерінің жобаларын ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда іске 

асыруға берілетін жаңа микрокредиттер бойынша қаржы агенттігі жүзеге асырады.

      

Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 



№ 370

 (алғашқы ресми жарияланған 

күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      57. Тұтынушылық мақсаттарға, алдыңғы кредиттерді өтеуге, жылжымайтын тұрғын үйді, жер 

учаскесін сатып алуға және жалдау ақысын төлеуге жіберілген микрокредиттер бойынша сыйақы 

мөлшерлемесін субсидиялауға жол берілмейді.

      58. 

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 

№ 370

 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 



күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      59. Айналым қаражатын толықтыруға берілетін микрокредиттер де субсидиялауға жатады.

      

Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 



№ 370

 (алғашқы ресми жарияланған 

күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      60. Жаңартылатын негізде берілген айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 

микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға жол берілмейді.

      61. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын микрокредиттер 

сомасы бір шағын кәсіпкерлік субъектісі үшін 10 млн. теңгеден аспайды.

      62. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 20 %-дан аспайтын микрокредиттер бойынша

ғана жүзеге асырылады, олардың 10 %-ын мемлекет субсидиялайды, ал айырмасын шағын 

кәсіпкерлік субъектісі төлейді. Бұл ретте «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған 

көрмесіне қатысуға дайындық мақсатында көрмелерге, симпозиумдарға, көрсетілімдерге, 

конкурстарға қатысуға алынған шағын кәсіпкерлік субъектілерінің микрокредиттері бойынша 

субсидиялау мөлшерлемесі 14 %-ды құрайды.

      


Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 

№ 370


 (алғашқы ресми жарияланған 

күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      63. Бағдарлама шеңберінде микроқаржы ұйымдары:

      1) шағын кәсіпкерлік субъектісі бастамашы болған кредит беру шарттарын өзгертуге 

байланысты жағдайларды;



жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау