Бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы"



жүктеу 1,14 Mb.
Pdf просмотр
бет16/41
Дата25.05.2018
өлшемі1,14 Mb.
#17482
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41

қызметтерді көрсету объектілері орналастырылады.

      146. Индустриялық аймақтарды құрудың негізгі міндеттері:

      1) өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерліктің жедел дамуына жәрдемдесу;

      2) жаңа өндірістердің инфрақұрылымын құруға және дамытуға жұмсалатын шығындарды 

оңтайландыру;

      3) өндіріс тиімділігін арттыру;

      4) халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.

      147. Индустриялық аймақтар:

      1) өндіріске арналған ғимараттар мен құрылыстарды салуға арналған, инфрақұрылыммен 

қамтамасыз етілген жер учаскелері;

      2) кәсіпкерге, оның ішінде тоқтап тұрған, консервацияланған немесе жұмыс істемейтін 

өндірістердің өндірістік инфрақұрылымымен бірге жалға беру немесе сату үшін дайын өндірістік

үй-жайлар;

      3) құрылысқа арналған жер учаскелері, сол сияқты өндірістік үй-жайлары да бар кешенді 

индустриялық аймақтар түрінде құрылады.

      148. Индустриялық аймақ аумағының шекарасына дейін және оның ішінде инфрақұрылымды 

жеткізу бюджеттік заңнамаға сәйкес жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландырыла отырып, 

республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      149. Индустриялық аймақтарды құру бойынша қаржыландыруды уәкілетті орган индустриялық 

аймақтарды дамытудың бизнес-жоспарларын конкурстық негізде іріктеу қорытындылары бойынша 

және қолданыстағы заңнамаға сәйкес құжаттардың толық пакеті болған жағдайда жүзеге асырады.

      150. Индустриялық аймақтарды құру ИИДМБ-да айқындалған өңірлік мамандануға, жергілікті

кәсіпкерліктің мүмкіндіктеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      151. Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу мынадай критерийлерге сәйкес келетін 

индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жобалары үшін жүзеге асырылады:

      1) жобаға салынатын инвестициялар көлемі 10 млрд. теңгеден кем болмайды;

      2) инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны 2 млрд. теңгеден кем болмайды.

      Бұл ретте жобалардың жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу критерийлеріне сәйкестігі ӨҮК 

шешімімен расталуға тиіс.

      152. Инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны индустриялық аймақтарды құру немесе 

дамыту жобасы құнының 50%-ынан аспауға тиіс.

      153. Бағдарламаның 151-тармағында көрсетілген критерийлерге сәйкес келмейтін 

индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жобаларына инфрақұрылымды жеткізу жергілікті 

атқарушы органдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      154. Бұл ретте жетіспейтін инфрақұрылымдарды жеткізу критерийлеріне сәйкес келетін 

индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жобаларына инфрақұрылымды жеткізу жергілікті 

атқарушы органдардың қалауы бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен де жүзеге асырылуы 

мүмкін.


      155. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі индустриялық аймақты құру немесе дамыту 

жобасын әзірлейді және оны ӨҮК қарауына жібереді. Жоба Бағдарламаның критерийлеріне, 

сондай-ақ ИИДМБ-да айқындалған өңірлік мамандануға, жергілікті кәсіпкерліктің 

мүмкіндіктеріне сәйкес келген жағдайда, ӨҮК оң шешім шығарады.

      156. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК-нің оң шешімін алғаннан кейін бюджеттік 

заңнамаға сәйкес құжаттардың толық пакетін қоса бере отырып, индустриялық аймақты құру 

немесе дамыту жобасын уәкілетті органның және индустриялық-инновациялық даму саласындағы 

уәкілетті органның қарауына жібереді.

      157. Индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган өтінім келіп түскен 

кезден бастап 1 (бір) ай ішінде уәкілетті органға индустриялық аймақты құру немесе дамыту 

жобасының ИИДМБ-ға сәйкестігі туралы қорытындыны жібереді. Индустриялық-инновациялық даму 

саласындағы уәкілетті орган 1 (бір) ай ішінде қорытынды бермеген жағдайда, ол оң шешіммен 

берілді деп саналады.

      158. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері бюджеттік заңнамаға сәйкес жетіспейтін 

инфрақұрылымды жеткізуге арналған бюджеттік өтінімді, оның ішінде құрылатын тұрақты жұмыс 

орындары, бюджетке түсетін салық түсімдері, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 

жобаларын іске асыру қорытындысы бойынша өнім өндірісінің көлемі туралы болжамды ақпарат 

береді.


      159. Индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті органның қорытындысын есепке

ала отырып, уәкілетті орган өтінім келіп түскен кезден бастап 2 (екі) ай ішінде индустриялық




аймақтың жобасын қаржыландыру туралы шешім қабылдайды және Бағдарламаның өңірлік 

үйлестірушісін қабылданған шешім туралы хабардар етеді.

      160. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация (бұдан әрі - ӘКК) индустриялық аймақтардың 

операторы болып табылады.

      161. Индустриялық аймақтар операторының функцияларына мыналар жатады:

      1) индустриялық аймақтарға қатысушыларды тарту;

      2) инфрақұрылым объектілерін салу үшін инвестициялар тарту және индустриялық аймақты 

қаржыландыру мәселелерін шешу;

      3) жер учаскелерін жерді қайтадан пайдалануға (қосалқы жалға) беру және инфрақұрылым 

объектілерін жалға (қосалқы жалға) беру;

      4) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар жасасу, оларды бұзу және олардың талаптарының 

орындалуын мониторингтеу;

      5) индустриялық аймақ қызметін қамтамасыз ету және қолдау.

      162. ӘКК операторлық қызметтеріне ақы төлеу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге

асырылады.

      163. ӘКК индустриялық аймақтарды тиімді басқару мақсатында басқарушы компаниялар, оның

ішінде жергілікті және шетелдік тысқары ұйымдарды тарта отырып, құра алады.

      Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру

      Ескерту. 5-бөлім кіші бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 

 (алғашқы ресми 

№ 370

жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.



      163-1. Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды Қазақстан Республикасы Инвестициялар 

және даму министрінің 2015 жылғы 

9 желтоқсандағы № 1194 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік 

тіркеу тізімінде № 12640 болып тіркелген Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық 

кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне 

мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларына (бұдан әрі – Индустриялық-инновациялық 

қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидалары) 

 сәйкес экономиканың

1-қосымшаға

басым секторларында инвестициялық жобаны іске асыратын және (немесе) іске асыруды 

жоспарлайтын кәсіпкерлерге «Қазақстанның даму банкі» АҚ еншілес ұйымы «ҚДБ-Лизинг» АҚ 

ұсынады.


      163-2. Кәсіпкер ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды пайдалану кезінде жобаны іске 

асыруда лизинг мәнінің жалпы құнының кемінде 15 %-ы мөлшерінде ақша қаражатымен қатысуды 

қамтамасыз етуге тиіс.

      163-3. Лизинг мәнінің құны кемінде 150 млн. теңге болуға тиіс (жеңіл өнеркәсіп 

кәсіпорындары үшін кемінде 75 млн. теңге).

      163-4. Ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржыландыру 10 жылға дейiнгi мерзiмге берiледi. 

Қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесі өтінім беруші үшін 5 % құрауға тиiс, бұл 

ретте «ҚДБ-Лизинг» АҚ бюджеттік кредиті мен өзге де қорландыру құралдарының қатынасы 80/20 

құрауға тиіс. Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну көлемін ұлғайту мақсатында осы 

Бағдарламада айқындалған шарттармен өтелген лизингтік төлемдер есебінен ақша қаражатын қайта

пайдалануға жол беріледі. Осы талаптар «Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 

 бекітілген «

қаулысымен

Өнімділік 2020» бағдарламасы шеңберінде 2011–2012 жылдары жасалған шарттарға да қолданылады.

      163-5. Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алу үшін кәсіпкер «ҚДБ-Лизинг» АҚ-қа 

мынадай құжаттар топтамасын ұсынады:

      1) бірінші басшының, бас бухгалтердің (бар болса) қолдары қойылған және мөрмен 

расталған өтінім;

      2) өтінім берушінің Бағдарлама талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтерді көрсететін 

жобаның паспорты. Жоба паспортының нысаны Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне 

мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларымен бекітілген;

      3) бизнес-жоспар, жобаның ТЭН-і, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау

саласындағы уәкілетті орган бекітетін индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын 

әзірлеу әдістемесіне сәйкес әзірленген кешенді жоспар;



жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау