Бағдарламасы қостанай, 2016 жыл мазмұНЫ



жүктеу 3,02 Mb.
бет7/13
Дата20.11.2018
өлшемі3,02 Mb.
#21889
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

Негізгі проблемалар

Бала туушылықтың және жаратынды өсу көрсеткіштің төмендеуі .

Қатерлі ісіктерден өлімнің өсуі.

АИТВ инфекциясын жұқтырған аурулардың өсуі.

Салауатты өмір салты қызметінде және жалпы денсаулық сақтау

жүйесінде жұмыс істейтін қызметкерлердің тапшылығы.

Дәрігерлердің үлкен жетіспеушілігі.

БМСК ұйымдарын қаржыландырудың жеткіліксіздігі.


Жұмыспен қамту

Облыста қала және ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету деңгейі арасында сәйкессіздік байқалады.

2016 жылдың 1 қаңтарына жұмыспен қамтамасыз ету органдарының есебінде тұрған жұмыссыздардың саны 1643 адамды құрады, 63,1 % (1036 адам) әйелдер құрайды.

Жұмысқа тартылған адамдар саны азаюының негізгі себебі экономикалық белсенді халықтың ішкі көші-қонуы болып табылады.

25-кесте

2012-2015 жылдардағы халықты жұмыспен қамту көрсеткіштерінің серпіні



Көрсеткіштер атауы

2012ж

2013ж

2014ж

2015ж

Экономикалық белсенді халықтың саны, мың адам

539,6

536,1

529,5

520,3

Жұмыспен қамту деңгейі, %

94,8

94,8

95,1

95,0

Жалпы жұмыссыздықтың деңгейі, %

5,2

5,2

4,9

5,0

Тіркелген жұмыссыздықтың деңгейі, %

0,2

0,1

0,2

0,3

Құрылған жұмыс орындары

18459

13442

12192

11367

Жұмыспен қамту органдарына өтінді, адам

15416

12942

20156

19692

Қоғамдық жұмыстарда қатысушылар саны, адам

4857

4908

4599

4603

Кәсіптік оқуға жолданғандар саны, адам


1183

930

747

90

Өңірдің негізгі мәселелері – мамандандырылған кадрларымен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі, еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессіздік.

Еңбек нарығында Өңірлік жұмыспен қамтамасыз ету, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының іске асуы оң көрініс тапты.

Халықты өңірлік жұмыспен қамтамасыз ету стратегиясын іске асыру шеңберінде өнімді жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдем беру үшін бос жұмыс орындарын белсенді іздеу мен іріктеу пайдаланылады, жұмыссыздар мен басқа арнаулы топтар өкілдерін оқыту, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс органдарын құру, бос орындар жәрмеңкелерін өткізу, жастар мен әйелдердің жұмысқа тұруына көмек беру, кепілді әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз ету және мүгедектерге, үлкендер мен басқаларға әлеуметтік қолдау көрсету пайдаланылады.

2016 жылдың 1 қаңтарына жұмыспен қамтамасыз ету органдарына 19692 адам өтініш жасады, олардан 16927 адам ағымдағы, жаңа бос жұмыс орындарына орналастырылды. Қоғамдық жұмыстарға 4603 жұмыссыз азаматтар қатысты, кәсіби білім алуға 90 адам жіберілді.

2015 жылы кәсіби оқуға 90 адам, оның ішінде 2020 жылғы Жұмыспен қамту бағдарламасының шеңберінде – 35 адам жіберілді.

Сонымен қатар, ауылдық елді мекендер үшін бос жұмыс орындары санының жетіспеушілігі проблема болып қалуда.

2012 жылы төртінші санат бойынша рұқсат берілген жоқ, ШЖК құрамында жоғары білікті жұмыс күшінің үлесі 100% құрады.

2013 жылы төртінші санат бойынша шетел азаматтарын тартуға 2 рұқсат берілген (білікті жұмысшылар), тартылған шетел жұмыс күшінің құрамында 1, 2 және 3 санаттағы мамандар үлесі 95,7 % құрады.

2014 жылы рұқсат бойынша 50 адам жұмыс істеді, соның ішінде бірінші санат бойынша 4 адам, екінші санат бойынша 2 адам, үшінші санат бойынша 37 адам, төртінші санат бойынша (білікті жұмысшылар) 7 адам. ШЖК құрамында жоғары білікті жұмыс күшенің үлесі 86%.

2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыстың 17 кәсіпорындарында рұқсат бойынша 62 адам жұмыс істейді, оның ішінде бірінші санат бойынша - 8 адам (бір мезгілде құрылтайшылар), екінші санат бойынша -3 адам, үшінші санат бойынша - 44 адам, төртінші санат бойынша (білікті жұмысшылар) - 7 адам жұмыс істейді. ШЖК құрамында жоғары білікті жұмыс күшенің үлесі 88,7 %.



Өндірісте болатын төтенше жағдайлар

Соңғы кезеңде өндірістік травматизмінің шешімі облыс үшін өте өзекті болды. 2012 жылмен салыстырғанда 2015 жылдың қорытындылары бойынша зардап шекендердің төмендеуі бар болғанға қарамастан, олардың саны 153 адам құрады (2014 ж. - 171 адам, 2013ж. - 233 адам, 2012ж. - 209 адам, 27%-ға төмендеуі), соның ішінде қиын бітуімен 47 жағдай (2014 ж. - 38, 2013ж. - 50, 2012ж. - 52, 10%-ға төмендеуі).

26-кесте

Төтенше жағдайлардың және сонда зардап шеккендер серпіні




Көрсеткіштердің атауы

2015 жыл

2014 жыл

2013 жыл

1

Зардап шеккендердің саны:

153

171

233

Оның ішінде әйелдер:

33

42

42

2

Кісі өлімімен аяқталған жазатайым оқиғалар:

18

25

23

Оның ішінде әйелдер:

-

2

-

3

Ауыр аяқталған жазатайым оқиғалар:

47

38

50

Оның ішінде әйелдер:

12

6

7

4

Жазатайым жағдайлар бойынша арнайы тергеу өткізілді

74

82

99

2012 жылмен салыстырғанда өлім бітуімен жағдайлардың ұлғаюы 18 адамға немесе 20%-ға дейін белгіленіп тұр, олардың ішінде Қостанай қ. - 5, Рудный қ. - 4, Таран және Қостанай ауданында - 2, Арқалық қ., Алтынсарин, Әулиекөл, Меңдықара мен Таран аудандарында - 1.

2015 жыл бойынша облыста мемлекеттік инспекторлар өндірісте болатын төтенше жағдайлар бойынша 74 арнайы тергеулерді өткізді.

Еңбек қызметпен байланысты төтенше жағдайларының жиілік коэффициенті 1000 жұмысшылар санына облыс бойынша 0,74% (2014 ж. - 0,83%,2013ж. - 1,12%, 2012ж. - 1,03%) құрайды.

Кісі өлімімен аяқталған жазатайым жағдайлардың жиілік коэффициенті 1000 жұмысшылар санына облыс бойынша 0,09% (2014 ж. - 0,12%, 2013ж.-0,11%, 2012ж. - 0,07%) құрайды.
Саланың дамыту жағдайын Swot-талдауы:


Күшті жақтары:

1. Облыс туындаған әлеуметтік шиеленістің шамалы тәуекелдер фонына жатады.

2. Еңбек заңнамасының өзекті мәселелерін, атап айтқанда, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы еңбекті қорғау мен қауіпсіздік мәселелерін түсіндіру.

3. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру кезінде мемлекеттік еңбек инспекторлары облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметкерлерімен еңбек заңнамасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді



Әлсіз жақтары:

1.Жұмыстардың өндіріс жаратымсыз ұйымдастыруы

2.Еңбек қорғау және қауіпсіздік бойынша оқыту мен нұсқауының жеткіліксіз ұйымдастыруы

3.Ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жаратымсыз жағдайы, жер маңызы және жұмыс орындарды ұйымдастыруында жетіспеушілектер

4. Еңбек қауіпсіздігі тәсілдеріне оқытудағы кемшіліктер.


Мүмкіндіктері:

1.Еңбек заңнамасын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізуі

2.Әлеуметтік қарбаластықтың төмендеуі. Жоспардан тыс тексеру жүргізу, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеу кезінде кәсіпорындардың жұмысшыларына жалпыға бірдей оқу өткізу.


Қауіп-қатерлері:

1. Өндірісте болатын жасырылған төтенше жағдайлар




Негізгі проблемалар

Жұмыс жүргізудің қанағаттанғысыз ұйымдастырылуы

Еңбек қорғау және қауіпсіздік бойынша оқыту мен нұсқауының жеткіліксіз ұйымдастыруы

Ғимараттардың, құрылыстардың техникалық қанағаттанғысыз жай-күйі, аумақтардың ұсталуы және жұмыс орындарының ұйымдастырылуындағы кемшіліктер.

Еңбектің қауіпсіз әдістеріне оқытудың кемшіліктер.

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік қағидаларын бұзу.

Мемлекеттік еңбек инспекторларымен берілген анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаманы жұмыс берушілердің орындамау.

Әлеуметтік қамтамасыз ету

2015 жылы табыстары кедейшілік шегінен төмен облыс тұрғындарының үлесі 0,2% құрады. 2012 жылмен (0,5%) салыстырғанда бұл пайыздық көрсеткіш бес жыл ішінде 0,3% -ға төмендеді.

Кедейлік деңгейін азайту халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге қабылданатын шаралардың (әры қарай жұмысқа орналастырып, кәсіби даярлау және қайта даярлау, оның ішінде қайта құрылған жұмыс орындарына, әлеуметтік жұмыс орындарына және қоғамдық жұмыстарға), келісім-шарт негізінде аз қамтамасыз етілген отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетуге жаңа тәсілдерді пайдаланудың арқасында қол жеткізілді.

Асыраушылықтың алдын алу мақсатында АӘК және МБЖ алатындардың арасында азаматтарды әлеуметтік қолдаудың белсенді түрлеріне тарту бойынша үздіксіз жұмыстар жасалып жатыр, осыған байланысты тұрмысы төмен азаматтардың кірістері өсуде және балалар жәрдемақысы мен атаулы әлеуметтік көмекті алушылар санының жыл сайынғы төмендеуі байқалуда.

АӘК алушылардың негізгі үлесін 18 жасқа дейінгі балалар құрайды. 2015 жылы АӘК алушылар арасында еңбекке жарамды азаматтардың саны 769 адам (жұмыссыздар, есепте тұратындар, жалдамалы жұмыс істейтіндер, өз бетімен жұмыс істейтіндер, күтім жасайтын адамдар және басқалар) немесе көмек алушылардың жалпы санынан 31,8% құрады. 2014 жылмен салыстырғанда пайыздық көрсеткіш 1,1 пайыздық тармақшаға төмендеді (2014 жыл – 32,9 % немесе 1060 адам). 2013 жылы еңбекке жарамды азаматтардың саны алушылардың жалпы санынан 1543 адам немесе 35,6% құрады.

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша аз қамтылған азаматтар саны 1686 адамды (456 отбасы) құрайды, бұл 2014 жылмен салыстырғанда (656 отбасыда 2420 адам) 734 адамға (30%) кем және 2013 жылмен салыстырғанда (960 отбасыда 3377 адам) 1691 адамға (50%) кем.

2016 жылғы 1 қаңтарға жалпы сомасы 12,8 млн. теңгеге аз қамтылғандардың қатарынан 792 бала тегін тамақпен қамтылды, 2,6 млн. теңге сомасына 319 адамға демеушілік көмек көрсетілді, өткен жылдармен салыстырғанда аз қамтылған отбасылар санының азайуына байланысты көмек көлемі жыл сайын азаюда (2014 жылы 14,7 млн. теңге сомасына 1249 бала тегін тамақ алды, 2013 жылы 14,7 млн. теңгеге 2082 бала, 2014 жылы 5,1 млн. теңгеге 1142 алушыларға демеушілік көмек көрсетілді, 2013 жылы 10,0 млн. теңгеге 1472 алушыларға).

2015 жылға бір табысы аз адамға қаржыландырудың барлық көздерінен көрсетілген көмектің сомасы 36422  теңгені құрады, бұл 2014 жылға қарағанда 1876 теңгеге (34546 теңге) көп және 2013 жылға қарағанда 5829 теңгеге (30593 теңге)көп.

Жергілікті бюджеттің қаражатынан жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекеленген сатыларына 2013 жылы 36850 азаматқа 509,8 млн. теңге сомасына, 2014 жылы 20387 азаматқа 538 млн. теңге сомасына, 2015 жылы 19731 азаматқа 588,9 млн. теңге сомасына әлеуметтік төлемдер төленді. жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша әлеуметтік төлемдерге 2016 жылы 573,5 млн теңге қарастырылған.

Қажеттілік пен оларды алушылардың кірістерін бағалау өлшемдерін ескере отырып, 2015 жылы өткізілген оңтайландырудан кейін мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына – 19731 алушыға 588,9 млн. теңге сомасына әлеуметтік төлемдер берілді, бұл 17,1 мың адамға аз, бірақ 2013 жылғы кезеңнен 79,1 млн. теңгеге артық (509,8 млн. теңге сомасына 36850 алушы). 2015 жылы ең төменгi күнкөрiс 18350 теңге құрады, 2013 жылғы кезеңмен салыстырғанда (16449 теңге) аталған көрсеткіш 11,6%-ға өстi.

Кедейшілікті төмендету бойынша өткізілген іс-шаралар нәтижесінде оның деңгейі 2016 жылдың 1 қаңтарына 0,2% (01.01.2013 ж. – 0,5%, 01.01.2014 ж. – 0,4%, 01.01.2015 ж. – 0,3%) құрады.

2015 жылы әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру үшін 1,4 млрд. теңге беруді көзделген, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 1,2 есе артық (1,1 млрд. теңге). 2016 жылы әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру үшін 1,5 млрд. теңге беруді көзделген.

27-кесте

Әлеуметтік қамтамасыз ету көрсеткіштердің серпіні


Көрсеткіштер атауы

2013 ж

2014 ж

2015 ж

Табысы кедейлік шегінен төмен облыс халқы санының үлесі,%

0,4

0,3

0,2

Мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушылар саны, адам

27725

24715

24220


Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны, адам

4354

3260

2493

Тұрғын үй көмегін алушылар саны, адам

15557

15753

15971

Тегін тамақ алушылар саны, адам

2082

1249

792

МАӘК алушылар құрамындағы еңбекке жарамды халықтың үлесі, %

35,6

32,9

30,2

Халықтың 1 адамға шаққандағы табысы, теңге

52601

53123

23519

Халықтың табыстары 2012 жылмен (44832 теңге) салыстырғанда 2015 жылы 23,3%-ға өсіп, 1 адамға шаққанда 55280 теңге құрады. 2015 жылы орташа айлық еңбек ақы 93560 теңге құрады, бұл 2012 жылмен (76647 теңге) салыстырғанда 22,1%-ға артық.

2016 жылғы 01 қаңтардағы жағдайы бойынша облыс аумағында арнайы әлеуметтік қызметтерді:

1661 адам тұратын, 11 медициналық-әлеуметтік мекеме, олардан күндіз қаралатын бөлімдерге 32 мүгедек бала және психоневрологиялық аурулары бар 7 мүгедек барады;

1793 мүгедек денсаулығын жақсартқан Қостанай және Жітіқара қалаларында орналасқан 2 оңалту орталығы;

2816 адам, оның ішінде 2297 қарт кісі, 127 мүгедек, 282 мүгедек бала, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан 110 мүгедек, әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтылған аудандар мен қалалар әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жанында үйде әлеуметтік көмек көрсететін 26 бөлім ұсынады.

1126 адамға қызметін көрсеткен тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған 3 әлеуметтік бейімдеу орталығы.

120 адам баратын, психоневрологиялық ауытқулары бар 18 жастан асқан мүгедек балалар мен мүгедектерге арналған 5 күндіз болу бөлімшелері.

Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің балама түрлері дамып келе жатыр. 2016 жылдың 01 қаңтарына арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылғандардың саны 54 адамды құрады.

28-кесте

2012-2015 жылдардағы арнайы әлеуметтік көмек көрсету көрсеткіштердің серпіні


Көрсеткіштердің атауы

2012 ж

2013 ж

2014 ж

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету:

медициналық-әлеуметтік мекемелерде

1641

1692

1671

оңалту орталықтарында

1833

1663

1662

тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтарында

1378

908

915

жұмыспен қамту бөлімдері жанындағы психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектерге арналған күндіз болу бөлімшелерінде

101

125

123

үкіметтік емес секторда

54

54

94

паспорттандырылған нысандар, бірлік

1641

1692

1671

Саланың дамыту жағдайын Swot-талдауы:




Күшті жақтары:

1.Еңбек нарығында жаппай жұмыстан босату көзделіп отырған жоқ, бұл жұмыссыз азаматтар санының ұлғаюына апармайды.

2.Жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға жергiлiктi атқарушы органдардың қаражаттары жеткiлiктi.

3.Әлеуметтiк қолдауға мұқтаж азаматтардың барлық санаттарын іс жүзінде қамту.

4.Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде арнайы әлеуметтік қызметтеріне мұқтаж қиын жағдайда болған адамдардың барлық санаттарын қамту.

5.Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде мүгедектерді, қарттарды, мүгедек балаларды арнайы әлеуметтiк қызмет түрлерiмен толық қамту.

6.Мүгедектерді әлеуметтiк және кәсiби оңалтуға бағытталған іс-шараларды өткiзу


Әлсіз жақтары:

1.Үнемі бөгде адамдардың күтіміне мұқтаж, психоневрологиялық аурулармен ауыратын 18 жастан жоғары тұлғалар санының өсуi.

2.Психоневрологиялық интернат-үйлерге кезектілік.

3.Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету үшін ҮЕҰ материалдық - техникалық базасының болмауы.




Мүмкіндіктері:

1.Жұмыс орындарын құру, оның iшiнде халықтың жұмыспен уақытша қамтылуына жәрдемдесудің белсенді бағдарламаларын іске асыру бөлiгiнде:

а) қоғамдық жұмыстар;

б) әлеуметтiк жұмыс орындары.

2.Жұмыссыз азаматтарды кәсiптiк оқыту, қайта даярлау.

3.Бос жұмыс орындары мен бос лауазымдардың жәрмеңкелерiн өткiзу.

4.Әлеуметтiк шиеленістің төмендеуі.

5.Әлеуметтік қызмет түрлерін көрсету саласындағы жұмыс iстейтiн ҮЕҰ-дың қызмет саласын кеңейту.



Қауіп-қатерлері:

1.Жасырылған жұмыспен қамту.

2.Тiркелген жұмыссыздар санының өсуi.

3.Жасанды жұмыссыздықты жасау (мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау жұмыспен қамтылмаған тұрғындардан жұмыссыз азаматтың мәртебесін және табыстар туралы анықтама беруді талап етеді).

4.Мүгедектердің оңалту іс-шараларымен толық қамтылмауы.

5.Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша ҮЕҰ белсенділігі төмен.





Негізгі проблемалар:

Қала және ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылу деңгейiнiң арасындағы сәйкессіздік.

Ауылдық елдi мекендердегi бос жұмыс орындары санының аздығы.

Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессiздiк.

Азаматтардың белгілі санаттарына мемлекеттiк бюджеттен жәрдемақы алу ақша алудың жалғыз қайнар көзi болып табылады.

Мәдениет

Облыстың мәдениет потенциалы жеткілікті дамыған инфрақұрылыммен көрсетілген. 2016 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша Қостанай облысы барлық меншік түрлерінің объектілері бары бойынша (734 объект) Оңтүстік Қазақстан облысынан кейін 2 орын алады.

2012-2015 жылдары облыс мәдениетінің кәсіпорындар мне ұйымдар жүйесі 6 объектіге ұлғайтылды және 734 мемлекеттік мекемелер мен мәдени кәсіпті құрады: 303 мәдени-демалыс ұйымдары, 409 кітапхана, 10 музей, 4 театр, облыстық филармония, кинобейнеқорды сақтау және пайдалану бойынша орталық, 4 кинотеатр, 2 мәдениет және демалыс саябағы.

29-кесте


Мәдени іс-шараларды өткізу

Іс-шараның атауы

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Іс-шаралардың саны

Келген адамдар (мың адам)

Іс-шаралардың саны

Келген адамдар (мың адам)

Іс-шаралардың саны

Келген адамдар (мың адам)

Концерттер

336

255,8

338

258,0

338

258

Қойылымдар

1205

192,9

1197

187,9

1157

178,7

Мәдениет саласының тұрақты дамуы саланың жоспарлы қаржыландырумен қамтамасыз етілген: 2012 жылы – 3 739,8 млн. теңге, 2013 жылы - 3377,8 млн. теңге, 2014 жылы - 3927,9 млн. теңге, 2015 жылы-3846,6 млн. теңге.

2016 жылғы 01 қаңтарға 1157 спектакль көрсетілді, келушілер саны 178,7 мың адам, бұл 2012 жылғы деңгейден 16,4%-ға жоғары (01.01.2012 ж. – 994).

Облыстық филармониямен 338 концерт көрсетілді, оларға 258 мың көрермен қатысты, бұл 2012 жылғы деңгейден 11,5%-ға жоғары (01.01.2012 ж. – 303).

Облыстың 10 мұражайында 12315 іс-шара өткізіліп, оларға 376,7 мың адам барды, бұл 2012 жылдың деңгейінен 9%-ға жоғары (01.01.2012 ж. – 11299 іс-шара). Облыс мұражай қорларында 281,5 мың астам раритеттік экспонат сақталады.

2015 жылы мәдениет саласында бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асты: XXIХ облыстық халық шығармашылығы өнерпаздары фестивалі; «Золотой микрофон» ХІІІ халықаралық балалар вокалдық байқауы; «Қостанай меценаттар Клубы» қоғамдық қорының сыйақы беру салтанатты рәсімі; Х халықаралық «Джаз-бомонд-2015» джаз музыкасының фестивалі; Астана қаласында Қостанай облысының мәдениет күндері; «Прогресс-Азия-Сервис» ЖШС-мен бірлесіп «Қазақфильм» АҚ киностудиясының «Камшат» фильмінің рестоврацияланған және бейнеленген таныстыру рәсімі (Алматы қ.); Ресей Федерациясының еңбек сіңірген суретшісі Никас Сафроновтың көрмесі; Служанка-госпажа» күлкілдіргі интермедияның тұсаукесері; Қостанай облысында Батыс Қазақстан облысының мәдениет күндері. Сондай-ақ, 7 мерейтойлық кештер өткізілді, соның ішінде жазушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері С. А. Досановтың 75-жылдығына орай, Халық ақындар Асии Беркенова мен Аселхан Калыбекованың 65-жылдығына арналған.

2015 жылы Қостанай облысының 68 талантты өкілдері (2012 жылы - 14) және 35 ұжымы (2012 жылы - 2) 65 халықаралық және республикалық фестивальдер мен конкурстарға қатысты, бұл 2012 жылға қарағанда 54 конкурс пен фестивальға көп, олар Қазақстанның: Астана, Алматы, Семей, Көкшетау, Павлодар қалаларында, Мәскеудің: Челябі, Волгоград, Екатеринбург, Магнитогорск, Набережные Челны, Геленджик, Сочи қалаларында, Чехияда (Прага қ.), Словакия (Пьештяны), Беларусь Республикасы, Болгария Республикасы (Нова Загора), Қырым Республикасы, Марий Эл (Йошкар-Ола қ.), Франция (Париж) өтті.

Облыстың шығармашыл өнерпаздары 83 жүлделі орындар алды, оның ішінде Гран-при 10 адам, 38 адам – 1 орын, 23 адам – 2 орын, 12 адам – 3 орын, қатысқаны үшін 17 адамға грамоталар, дипломдар, сертификаттар берілді, 1 – арнайы жүлде, 1 – халықаралық үлгідегі диплом, 1 – күміс медаль, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясының құрметті белгісімен 1 марапатталды.

Мәдениет және спорт

2016 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша 390 ауылдық елді мекендердің жерінде 674 мәдениет объектілері бар, соның ішінде: 289 клуб (жұмыс істейтін 281), 380 кітапхана, 5 мұражай.

2012 жылмен салыстырғанда кітапханалар желісі 2 бірлікке азайды. 2012 жылмен салыстырғанда АЕМ-нің клуб желісі 2 бірлікке өсті.

Облыстың 347 ауылдық елді мекендердің жерінде келесі спорттық объектілер бар: 15 ДЮСШ, 25 стадион, 21 жабылған спорттық кешен, 470 спорттық зал, олардың ішінде 372 жалпы білім беретін мекемелерде, 5 бассейн және 12 шаңғы базасы.

АЕМ мәдениет объектілерінің толық қызмет етпеуінің жалпы проблемалары: ауыл тұрғындарының аз болуы, алыс қашықтықта орналасқан ауылдарды мәдени-ағартушы іс-шаралармен қамтамасыз ету үшін автокөлік санының жеткіліксіздігі, сонымен қатар мәдениет ұйымдарын, тарихи және мәдени ескерткіштерді қалпына келтіретін шаруашылықты субъектілеріне, мәдениет объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жеткіліксіз қаржы бөлу болып табылады.

Саланың дамыту жағдайын Swot-талдауы:



Күшті жақтары:

1.Мәдениет саласын қаржыландыруға және жаңа объектілерін салуға жергілікті бюджеттен қаражат бөлу.

2.Мәдени объектілерге қатысу деңгейін ұлғайту.

3.Өткізілген мәдени-бұқаралық іс-шаралардың санын ұлғайту.

4.Мүгедектер үшін мәдениет мекемелерінің қолжетімділігін арттыру.

5.Туристік қызығушылық білдіретін мәдениет объектілердің санын арттуы.



Әлсіз жақтары:

1. Кадрлардың тұрақтамауы және мамандар тапшылығы.

2.Қорғау міндеттемелері барлық тарих және мәдениет ескерткіштері бойынша жоқ

3. Ескерткіштер бойынша есеп, қорғау және бақылау жүргізілмейді, олар бойынша бүгінгі күні күзет міндеттемелері жасалмаған (ескерткіштердің бұзылуы және жоғалуы нәтижесінде).

4. Мекемелер желісі мен кітап қоры бойынша ең төменгі мемлекеттік нормативтердің болмауы.


Мүмкіндіктері:

1.Жаңа мәдениет нысандарының құрылысы, мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық жарақтандыруын жақсарту.

2. Мүгедектер үшін мәдениет қолжетімділігін қамтамасыз ету.

3. Өңірдің жас әртістерін жылжыту үшін республикалық конкурстарға қатысу.

4. Мәдениет қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру.


Қауіп-қатерлері:

1. Ауыл тұрғындары санының аздығы.

2. Шалғайдағы ауылдарды мәдени-ағарту іс-шараларымен қамтамасыз ету үшін автокөлік санының жеткіліксіздігі.


Негізгі проблемалар:

Ауылдық кітапханаларда Интернет желісіне қол жеткізуге компьютерлендірудің болмауы (20 орталық аудандық кітапханалардан және 13 орталық аудандық балалар кітапханасынан басқа)

Мәдениет қызметкерін даярлау орталықтарының болмауы. Бейіндік білімі бар мамандардың жетіспеушілігі.

Әлсіз материалдық-техникалық жарақтандыру (музыкалық аспаптардың, заманауи жабдықтардың, сахналық костюмдердің жетіспеуі), бұл қызметтің сапасына әсер етеді.



Тілдерді дамыту

Облыста ересектердің мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту инфрақұрылымы қалыптасқан. 2012 жылдан бастап аудандар мен қалалар әкімдіктердің маңында (Амангельды мен Жангельды аудандарды санамай) 18 тілдерді оқыту орталығы жұмыс істейді.

Тілдерді оқыту орталықтарын ашу тілдерді оқытудың бірегей инфрақұрылымын құруға мүмкіндік берді, бұл мемлекеттік тілді оқыту сапасына және облыс тұрғындарының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне оң әсерін тигізеді.

Жыл сайын мемлекеттік тілді оқитын ересек тұрғындардың саны өсіп келеді. 2013 жылғы 01 қаңтарға мемлекеттік тілді оқитындардың саны 9,8 мың адамды құрады, олардан 3,6 мыңы қазақ тілін қазіргі заманғы оқыту құралдарымен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтылған тілдерді оқыту орталықтары базасында оқыды. 2016 жылдың 1 қантарындағы жағдай бойынша мемлекеттік тілді 10253 адам үйренуде. Олардан 6056 адам тілдерді оқыту орталықтары базасында.

Облыстық тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары оқу-әдістемелік құралдар, кітапшалар, сабақтың жұмыс жоспарлары, «Мемлекеттік тілде құжат айналымы» курстарының тыңдаушылары үшін электрондық құрал және т.б. әзірледі.

ҚР ҒБМ-ң ұлттық тестілеу орталығының өкілдердің қатысуымен «Казтест» қазақ тілін білу деңгейінің бағалау жүйесімен және тестілеу өткізу жүрісімен танысу бойынша іс-шаралардың шеңберінде 2012-2015 жылдары кезеңінде «Казтест» бағдарлама бойынша диагностикалық тестілеуден 8072 адам өтті.

Мемлекеттік тілді оқу үрдісіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мақсатында тілдерді оқыту бойынша бағдарламалар орналастырылатын басқарманың сайты құрылды. Қазіргі таңда мемлекеттік тіл порталы «Тіл порталы» мен SOYLE.KZ сайтына қол жетімділік қамтамасыз етілді.

2013 жылдан бастап мемлекеттік тіл мен қатар ағылшын тіліне оқыту ұйымдастырлған. 2016 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша ағылшын тіліне оқытумен 1182 тыңдаушы қамтылды.

Тілдерді оқыту үрдісіне әр түрлі қызмет салаларының кәсіпорындары мен ұйымдары белсенді кірісіті: «Қазақтелеком» АҚ облыстық филиалы, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ облыстық филиалы, «Транстелеком» АҚ, «Фармация НЕО» ЖШС, «Компас» ЖШС және басқалар.

Ісқағаздарды мемлекеттік тілге аудару бойынша жұмыстар дәйекті түрде жүргізілуде. Құжат айналымының жалпы көлемінде мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізудің үлес көлемі 2012 жылы мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу 81% құрады. 2016 жылдың 01 қаңтардағы жағдай бойынша аталған көрсеткіш 91%-ға жетті. Өсімнің 10%-ға оң тенденциясы байқалады. Бұл ретте, бұл қазақ тілімен бірге орыс тілі де ресми түрде қолданылатынын атап өту қажет.

Білім беру жүйесінде мемлекеттік тілдің рөлі нығаюда. 2012-2013 оқу жылдарында оқушылардың 29,6% қазақ тілінде оқыды. 2014-2015 оқу жылдарында осы көрсеткіш 30,3% құрады.

Қазақ ұлтының ана тілінде оқитын оқушыларының үлесі ұлғаюда. 2012-2013 оқу жылында аталған көрсеткіш 59,8% құрады. 2015-2016 оқу жылы қазақ ұлты оқушыларының 60,1% ана тілінде білім алуда.

Мемлекеттік тілдің коммуникативтік функциясы нығаюда. Тұрғындарға мемлекеттік тілді үйренуге қолдау көрсету мақсатында «Алау» телеарнасында және «Рудный дауысы» радиосында қазақ тілі сабақтары өткізіледі («Тілашар» телесабақтары, «Изучаем казахский язык» радиосабақтары), «Костанайские новости», «Федоровские новости», «Арқалық хабары» газеттерінде «Изучаем казахский язык» арнасы қызмет етеді.

Әлеуметтік зерттеулердің мәліметтері бойынша 2016 жылғы 01 қаңтарға облыста қазақ тілін меңгеру деңгейі 60,5% құрайды, соның ішінде 28,7% тілді жетік меңгерген, 9,7% - орта деңгейде және 22,1% - төмен деңгейде.

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында облыс әкімдігі Қостанай облысында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті.

Өңірдің лингвистикалық капиталын сақтау мақсатында бірқатар ұлттық-мәдени орталықтар жанында жексенбілік мектептердің жұмыстары ұйымдастырылған. Тілдерді оқыту орталығының базасында этникалық топтардың тілдеріне оқыту ұйымдастырылған.

Саланың дамыту жағдайын Swot-талдауы:


Күшті жақтары:

1.Тілді оқыту инфрақұрылымын құруы (тілді оқыту үшін 18 орталық);

2.Тілді оқыту орталықтарының материалдық-техникалық базасын бекіту;

3.Мемлекеттік тілін білетін халық санын ұлғаюы;

4.Өткізетін тіл саясатын облыс халықтың қолдауының жоғары деңгейі.


Әлсіз жақтары:

1.аумақтарда мемлекеттік тілді меңгеру деңгейінің әркелкілігі;

2.өңірдің әлеуметтік-коммуникативтік кеңістігіне мемлекеттік тілдің жеткіліксіз енгізілуі мемлекеттік тілді дамытудағы проблемалар болып табылады;


Мүмкіндіктері:

1.Аккредитивтік тілдерді оқыту орталықтарын ашу

2.Өңірдің әлеуметтік-коммуникативтік кеңістігінде мемлекеттік тілді насихаттау және енгізу.

3. Мемлекеттік тілді әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікке енгізу үрдісінде коммуникация, ойын-сауық, демалыс салаларында оны белсенді қолдану аясын кеңейту, отбасылық құндылық ретінде мемлекеттік тілді қолдану мерейін арттыру және насихаттау, балаларды мемлекеттік тілде танымдық, радио және теле бағдарламаларды оқып-үйренуді қалыптастыруда БАҚ рөлін күшейту



Қауіп-қатерлер:

1. Іскери қарым-қатынас, бизнес, ғылым және халыққа қызмет көрсету саласы мен мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесінде де мемлекеттік тілді қолданудың төмен деңгейі



Негізгі проблемалар:

халыққа қызмет көрсету саласында мемлекеттік тілдің жеткіліксіз қызмет атқаруы, әлеуметтік-қоғамдық;

оқытудың сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік тілде оқытудың әдістемелік базасының әлсіздігі.

Даму тенденциялары

Қолданыстағы тілдерді оқыту орталықтарын аккредиттеу.

Аймақтың әлеуметтік-коммуникативтік кеңістігіне мемлекеттік тілді насихаттау және енгізу.
Дене шынықтыру және спорт

2015 жылы дене шынықтырумен және спортпен белсенді айналысатын тұрғындардың саны 256,9 мың адам – облыс тұрғындарының жалпы санынан 29,1% құрады. Үш жыл аралығында облыс тұрғындарының дене шынықтырумен және спортпен айналысумен қамтылу серпіні 1,1% немесе 14,4 мың адам құрады.

Жыл сайын 7 мыңнан астам спорт іс-шаралары, оның ішінде ауылдық жерлерде – 4,8 мың іс-шара өткізіледі. Іс-шараларға 530,0 мың адам, оның ішінде ауылдық жерлерде – 350,0 мың адам қатысады.

Дене шынықтыру жұмысын дене шынықтыру және спорт бойынша 2,3 мың штаттық жұмыскер, оның ішінде ауылдық жерлерде 1,1 мың адам жүргізеді.

Бұқаралық дене шынықтыруды дамытудың ынталандыруының бірі спорт ғимараттары желісін кеңейту болып табылады. 2012 мен 2015 жылдар аралығында 132 объект, оның ішінде Қостанай ауд. Затабол ауылында, Қарасу ауд. Қарасу ауылында және Сарыкөл ауд. Сарыкөл ауылында стадион пайдалануға берілді. Тобыл ауд. Таран ауылында, Қамысты ауд. Алтынсарин ауылында, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, Қостанай қ. «Қазақстан» және «Арлан-2050», Рудный қ. «Качарец», Қостанай ауд. Озерное ауылында және Федоров ауд. Федоров кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынған. Қалпына келтірілді: Әулиекөл ауд. Әулиекөл ауылында «Болашақ» спорт ғимаратының кешені және Костанай қаласында «Технодом Арена» коньки тебу стадионы. Ұзынкөл ауд. Ұзынкөл ауылында спорт зал қайта жаңартылған.

Спорт кешендерінің саны 2461 бірлікті немесе 2012 жылдың деңгейіне (2341 құрылыс) 5,1% құрайды. 2012-2015 жылдары кезеңде спорт инфрақұрылымын дамытуға 4276,3 млн. теңге, оның ішінде жергілікті бюджеттен 2432,4 млн. теңге, тартылған қаражаттардан 1843,9 млн. теңге бағытталды.



Спорт инфрақұрылымын дамытуға инвестициялар

30-кесте (млн. теңге)






2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Жергілікті бюджет

37,9

698,3

1167,9

528,3

Тартылған қаражаттар

143,3

1093,0

592,2

15,45

Барлығы

181,2

1791,3

1760,1

543,7

2015 жылы 28 балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің жұмысы қамтамасыз етілді, оларда 17712 оқушы оқиды. Спорт мектептерінде жалпы білім беретін мектептер оқушыларының 17,7%-ы спорт мектептерінде сабақтармен қамтылды. 2011-2015 жылдары: Қазақстан Республикасының 226 спорт шебері және 36 халықаралық сыныптағы спорт шеберлері даярланды.

Спорт мектептерінде 35 спорт түрлері, оның ішінде 24 олимпиадалық, 3 ұлттық және 8 олимпиадалық емес спорт түрлері таратылады.

Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде 504 жаттықтырушы-оқытушы сабақ жүргізеді, оның ішінде 345-штаттық жаттықтырушы-оқытушы. 151 бөлімшенің жұмысы қамтамасыз етілді, соның ішінде 120 бөлімше олимпиадалық спорт түрлері бойынша, 13 – ұлттық спорт түрлері бойынша 18 – олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша.
Облыста 2966 жасөспірім айналысатын 34 балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру клубы құрылған. Клубтар жұмыс істейді: Лисаков қаласында – 5, Қостанай қаласында – 19, Қостанай ауданында – 4, Таран ауданында – 1 және Жітіқара ауданында – 5.

31-кесте


Балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен қамту серпіні




2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Жалпы білім беретін мектептер оқушылардың саны (адам)

104313

102005

100821

99671

Бозбала спорттық мектептерде, спорттық клубтарда дене шынықтырумен және спортпен жүйелi түрде айналысатын 7-18 жастағы балалар мен жасөспірімдердің қамтуы

16664

16949

17379

17712

Бозбала спорттық мектептерде, спорттық клубтарда дене шынықтырумен және спортпен жүйелi түрде айналысатын 7-18 жастағы балалар мен жасөспірімдердің қамтуы

3587

3188

2862

2966

Бозбала спорттық мектептерде, спорттық клубтарда дене шынықтырумен және спортпен жүйелi түрде айналысатын 7-18 жастағы балалар мен жасөспірімдердің қамтуы

19,4

19,7

20,1

20,1

Талдау көрсеткендей, салауатты өмір салты мен бұқаралық дене шынықтыруға халық арасында қызығушылық артып келеді. Спортпен шұғылданатын азаматтар санының өсуі байқалады. Спортпен белсенді шұғылдануға халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін спорт объектілерін салу мен қайта жаңарту және спорт мекемелері ұсынатын дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін кеңейту бойынша жұмыстар жалғастырылады.

Балалар мен жасөспірімдерді спортпен шұғылдануға тарту үшін дене шынықтыру дайындығының спорт мектептері мен балалар-жасөспірімдер клубтарын кеңейту бойынша жұмыстар жалғастырылады, спорттық кешендер желісін дамыту бойынша шаралар қабылданды.

Жоғары спорттық нәтижелерге жету үшін балалар-жасөспірімдер спорт ұйымдарын қаржыландыруды ұлғайту қажет.

Саланың дамыту жағдайын Swot-талдауы:



Күшті жақтары

1.Тұрғындардың спорт объектілеріне баруын ұлғайту;

2.2012 жылмен салыстырғанда спорттық кешендердің саны 7 бірлікке ұлғаюы.


Әлсіз жақтары

1.Материалдық-техникалық базаның төмен деңгейде жабдықталуы;

2.Спорт залдарының жеткіліксіздігі; әдістердің жұмысымен спорт бойынша 47,7% ауыл мекелер қамтылған.


Мүмкіндіктері:

1.Облыстық инфрақұрылымда дене шынықтыру және спорт сабақтары үшін жағдайлар жасау;

2.Жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу;

3.Қолданыстағы спорт объектілерін қайта жаңарту және күрделі жөндеуден өткізу;

4.Барлық қызмет салаларында жұмыскерлердің кәсіби деңгейін арттыру (даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру).


Қауіп-қатерлері:

1. Халықаралық деңгейдегі ресми жарыстарда жоғары спорт нәтижелерін көрсететін спортсмендер мен жаттықтырушыларды әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету мақсатында нормативтік құқықтық актілердің жетілдірілмеген нысандарының салдарынан кадрлардың аталған сектордан кетуі туындап отыр және осы бағытта біліктілігі жоғары мамандар қызығушылығының төмен болуы байқалып отыр.




Жүргізілген талдау негізінде облыстың қалалары мен аудандарында дене шынықтыру мен спорттың дамуын тоқтатып тұрған негізгі проблемалар анықталды:

1.Спорт инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы;

2.Спорттық ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтармен жабдықтаудың төмен деңгейі;

3. Жаттықтырушы-оқытушылар құрамы еңбекақысының төмен деңгейіне байланысты дене мәдениеті және спорт секторынан білім беру секторына білікті кадрлардың кетуі.



Туризм

Облыс аумағындағы Наурызым қорығының, «Сосновый бор» шипажайының, «Джайляу КЗ» сауықтыру кешенінің болуы туризм дамуының стратегиялық маңызды факторларының бірі болып табылады.

Тобыл өзені жайылмасының бойында орналасқан туристік базалар бар рекреациялық туризм дамуда.

2016 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша туристік ұйымдардың саны 115 бірлік құрап, оның ішінде туроператорлық қызметтегі – 16, турагенттік қызметтегі – 99.

2015 жылы туристерді жайғастыру үшін объектілердің саны 107 бірлікті құрады, бұл 2014 жылғы деңгейге қарағанда 12,6%-ға көп соның ішінде 88 қонақ үй, 9 пионерлік лагерь, 2 туристік база, 6 демалыс үй, 1 мотель.

2015 жылы көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі 1075,4 млн. теңге құрады, бұл 2013 жылдың деңгейінен 5,6%-ға артық.

Ішкі туризмнің төмендеуі байқалады. 2014 жылдың қорытындылары бойынша резидент туристтерінің саны 178,7 мың адам құралды, 2015 жылы 152,8 мың адам (14,5%-ға төмен), 2013 жылмен салыстырғанда 12,7%-ға төмендеді (175,0 мың адам).

Сонымен қатар, 2015 жылы облысқа келуші шетелдік туристер саны 12,1%-ға артты (8425 адам).

Сала дамытудың Swot-талдауы:


Күшті жақтары:

1. Бірегей табиғи және мәдени-тарихи ресурстардың болуы.

2. Көлік қатынасында ыңғайлы, елдің басқа өңірлерімен байланыс.

3. Қостанай облысы автомобиль және темір жол қатынасының көлік торабымен транзиттік аймақ болып табылады.

4. Наурызым қорығының және табиғи қаумалдардың болуы.

5. Туристік игеру үшін жарамды орман алқаптарының және су қоймаларының бар болуы.

6. Базалық санаториялық-курорттық объектілердің болуы.


Әлсіз жақтары:

1. Облыс аудандарында инфрақұрылымның дамымауы немесе әлсіз дамуы.

2. Өңірде туризмді дамыту бойынша жүйелі іс-шаралардың болмауы.

3.Табиғат ресурстарын тиімсіз пайдалану.

4. Мәдени-тарихи нысандарды қорғау, қалпына келтіру және консервациялау бойынша қабылданып жатқан шаралардың болмауы.

5. Дамыған қонақ үй-мейрамхана шаруашылығының болмауы.

6. Туристік орындарға апаратын жолдардың нашар жай-күйі және/немесе болмауы.


Мүмкіндіктері:

1. Қала мен облыстың кәсіпорындары арасындағы экономикалық өзара әрекеттесуді күшейту;

2. Облыстың шалғай аймақтарының инфрақұрылымын дамыту;

3.Ішкі және кіру туризмін дамыту.

4. Этнотуризм мен экотуризм бағыттарын құру.

5. Тарихи ескерткіштер мен естелік орындарды (объектілерді) қалпына келтіру, тиімді пайдалану және қорғау.

6. Табиғи-ландшафтық аумақтарды сақтау және табиғатты қорғау шаралары және абаттандыру есебінен қоршаған ортаның сапасын жақсарту;

7. Туризімнің инфроқұрылымдық бәсекелестігін құру мүмкіндігі.

8. Облыс аудандарының халықын жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге.

9. Бюджет кірістерінің және түсімдерінің өсуі.



Қауіп-қатерлері:

1. Инвестициялық тапшылықтың өсуі және соның салдары ретінде, құрылыс бағдарламаларын тоқтата тұру немесе бұралу, сондай-ақ жаңа құрылыс, қолданыстағы автомагистральдарды. қайта құру;

2. Көршілес облыстар мен Ресей Федерациясында ұқсас турөнімдер көздерінің тарапынан бәсекелестіктің күшеюі;

3. Күзету шараларын қабылдамаған жағдайда қолда бар объектілер мен ресурстарды жоғалту мүмкіндігі;

4. Туристік сұраныстың маусымдылығы.

5. Сыртқы (көшпелі) туризм тарапынан бәсекелестік.

6. Туристік-рекреациялық бизнесте дағдылары мен кәсібилік деңгейінің төменділігі;

7. Ұсынылатын туристік қызметтерге қызмет көрсету сапасы мен деңгейі бағасының сәйкессіздігі.



Жасалған талдауға сәйкес өңірде туризм саласының дамуына кедергі келтіретін проблемалардың қатарын анықтауға болады:

1) туризмнің дамыған инфрақұрылымының болмауы

Қонақ үйлерді, пансионаттарды, үйлер мен демалыс базаларын, сонымен қатар шипажайлық-курорттық ұйымдарды қоса алғанда орналастыру обьектілерінің материалдық базасы моральдық және физикалық тозу деңгейімен сипатталады;

2) қонақ үй қызметінің төмен деңгейі

Қазіргі күні туризм ауқымдары, түрлері, сапасы және туристерге орналасу орындарын ұсыну халықаралық талаптарға сәйкес келмейді;

3) әлсіз насихаттау және облыстың тарихи-мәдени орындары бойынша туристік маршруттарды көбейту

4) өңірді шетелде төмен деңгейде білуі

Әлемдік нарықта облыстың имиджін көтерудің жеткіліксіздігі, өңірдің туристік әлеуеті жөнінде жарнамалық ақпараттардың жеткілікті көлемде болмауы.


жүктеу 3,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау