Бағдарламасы қостанай, 2016 жыл мазмұНЫ



жүктеу 3,02 Mb.
бет9/13
Дата20.11.2018
өлшемі3,02 Mb.
#21889
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Негізгі проблемалар

1. Облыстық және аудандық маңызы бар автожолдар жүйесінің қалыптасуы және ағымдағы шығындардың қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз қаржыландыру.

2. Республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдардың тозуы.

3. Жол жабындарының көтеру қабілетін жоғалтуының үдеуі байқалады өйткені облыста жолдардың көбісі автомобильдің өсіне түсетін салмақ 6 тоннадан жоғары болмау керек деп белгіленген, 60-80 жылдары жобаланып, салынған, ал бүгінгі күні өске түсетін салмақ 10-12 тоннаға дейін жетеді және жолаушы мен жүк тасымалдаудың пайызы - 50%.

4. Елді мекендерді тұрақты жолаушы қатынасымен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі.

5. Жолаушыларды және жолжүкті заңсыз тасымалдау, бұл жолаушылардың қауіпсіздігіне әсер етеді.



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Электрмен жабдықтау

Қостанай облысы энергияға тапшы болып есептеледі. Облыс аумағында орналасқан электр стансаларының электр энергиясын өндіруі жалпы пайдаланудың 34%-нан аспайды (2015 жылға жалпы облыс бойынша энергияны пайдалану – 4,7 млрд. кВт.с., 2012) және 1,5 млрд. кВт.с. құрайды. Облыс энергиясын тұтыну 1500 км қашықтықта орналасқан Екібастұз-Павлодар энергия кешенінен тасымалдау есебінен жабылады.

Облыстың негізгі энергия өндіруші көздері: қуаттылығы 267 МВт Рудный «ССКӨБ» АҚ ЖЭС, қуаттылығы 12 МВт Қостанай ЖЭС, қуаттылығы 4 МВт Арқалық ЖЭС болып табылады. Электр станциялармен өндірілетін электр энергиясының үлес салмағы облыс тұтынатын электр энергияның жалпы көлеміне 31 пайызды құрйды. Барлық өндірілетін электро энергия энергия көздерімен кәсіпорындардың өз мұқтаждықтары үшін пайдаланылады.

Облыс қалаларын электрмен жабдықтауды мынандай кәсіпорындар: Қостанайда – «ЭПК forfait» ЖШС; Рудныйда – «РудныйЭнергоКомпаниясы» ЖШС; Арқалықта – «Қостанайюжэлектросервис» МҚК; Жітіқарада – «Жітіқаракоммунэнерго» МҚК; Лисаковскта – «Лисаковскгоркоммун-энерго» МҚК ШОҚ жүзеге асырады.

Облыстың ауылдық елді мекендерін электрмен жабдықтауды облыстың 14 солтүстік ауданына қызмет көрсететін «ҚостанайскийЭнергоЦентр» ЖШС және Амангелді мен Жангелдин аудандарына қызмет көрсететін «Қостанайюжэлектросервис» МҚК жүзеге асырады.

35-220 кВ желілері бойынша облыста электр энергиясын жеткізуді «Межрегионэнерготранзит» ЖШС, 0,4-10 кВ желілері бойынша – «ЭПК forfait» ЖШС, Рудный қаласы бойынша – «Жарық Жол» ЖШС, бүгінгі таңда « ЭПК Аtika» ЖШС жүзеге асырады.

Электр желілерінің жалпы ұзындығы – 29,3 мың км , оның ішінде кабельдік желілер – 1268,5 км. Облыс аумағында кернеулігі 35 кВ құрайтын 327 қосалқы станса және жоғары және 4462 РП, ТП, КТП 6-10/0,4 кВ бар.

Облыс энергетиктерінің негізгі проблемасы энергетикалық жабдықтардың өте жоғары тозуы болып табылады, пайдаланудағы электр жабдықтарының тозуы: ВЛ-10 кВ – 78,3%, ВЛ-0,4 кВ – 77,3%, КЛ-10-0,4 кВ – 68,4% құрайды.

Облыс бойынша тұтастай алғанда, қалалардағы желілердің кернеулігі жоғары. Алайда қалалық және ауылдық жерлер арасындағы электр- және жылу желілерінің сәйкессіздік тығыздығын атап өткен жөн.

2016 жылғы 1 қаңтардағы Қостанай облысының барлық елді мекендері орталықтандырылған электр желілері жүйесіне қосылған. 01.01.2016 жылға орталықтандырылған электрмен қолданатын халық саны 883 907 адам.



Энергия үнемдеу

Қостанай облысының энергия тұтыну құрылымы көрсеткендей, 76% өнеркәсіп секторына келеді, оның ішінде энергетика, көлік секторына 15%, 5% халыққа, 3% ауыл шаруашылығына, 1% экономиканың басқа салаларына.

Тұтыну құрамында Қостанай облысының электроэнергиясының 51% өнеркәсіп секторына келеді, оның ішінде энергетика, көлік секторына 26%, 14% халыққа, 6% ауыл шаруашылыққа, 3% экономиканың басқа салаларына.

Өнеркәсіптік сектормен тұтынылатын облыстың он ірі өнеркәсіп кәсіпорындары 42% энергетикалық ресурстармен пайдаланады.

Тұрғын үй секторы 14% электр энергиясымен және 64% жылу энергиясымен пайдаланады.

Аумақтың тұрғын қордың 97,3% тиісті жағдайда, 1,8% жөндеуді талап етеді және 0,9% апатты жағдайда.

Қостанай облысы коммуналдық секторында инженерлік жүйелердің тозу деңгейі келесі сипатымен көрінеді:

нормативтік жағдайда жылумен жабдықтау 37% және 63% жөндеу талап етеді (798,5 км);

нормативтік жағдайда электрмен жабдықтау 22% және 78% жөндеу талап етеді (29200 км);

нормативтік жағдайда газбен жабдықтау 83% және 17% жөндеу талап етеді (3124,7 км);

Бюджеттік секторда энергия үнемдеу әлеуметтік маңыздылығы мен жеткіліксіз қаржыландыруына байланысты аса маңызды рөл атқарады, сондықтан жарықтандыруды жаңарту есебінен электр тұтынуды қысқарту қажет.

Осылайша, облыс бойынша:

- білім объектілерінде сынап бар шамдар – 3936, жарықдиодтық – 8869, натрий – 591, галоген – 269, люминесценттік – 45409 шам орнатылған.

- денсаулық сақтау объектілерінде сынап бар шамдар – 1535, жарықдиодтық – 4434, натрий – 200, галоген – 68, люминесценттік – 7828 шам орнатылған.

Облыс бойынша көше және саябақ жарықтандыру бөлінісінде: доғалық сынап - 11362, жарықдиодты - 1750, натрилі - 9687, люминесценттік - 7725, галогенді - 22, жинақы - 19 анықталды.

2015-2020 жылдарға энергия үнемдеуді дамыту мақсатында және 2015-2020 жылдарға арналған энергия үнемдеудің Кешенді жоспары әзірленді және Қостанай облысы мәслихатының шешімімен бекітілді. Кешенді жоспар шеңберінде энергия үнемдеу бойынша77 іс-шаралар қарастырылды. Энергия үнемдеу бойынша шараларды іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттен 39190,1 млн. теңге қарастырылған.

«Электроэнергетиканы және энергия үнемдеуді дамыту институты» («Қазақэнергосараптама» АҚ) Қостанай филиалы әкімдікпен бірлесіп, 2015 жылға саны 324 субъектілерде мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің тізбесі анықталған.

Тұрғын үй ғимараттарында энергия тиімділігін арттыру және шығындарды азайту мақсатында «2012-2020 жылдарға арналған тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңарту» бағдарламасына сәйкес үйлерді жаңарту жұмыстары жүргізілуде.


Саланың дамыту жағдайын Swot-талдауы:


Күшті жақтары:

1. 220-500-1150 кернеуімен кВ жүйе құрушы электр беру желілерінің дамыған схемасы.

2. Жедел диспетчерлік басқарудың орталықтандырылған жүйесі;

3. Электр энергия көтерме-бөлшек сауда нарығының тиімді жұмыс істеуі үшін нормативтік-құқықтық база қалыптасты.



Әлсіз жақтары:

1.Электрмен жабдықтау инфрақұрылымның тозудың жоғары деңгейі (60-80%);

2. Саланы қаржыландыруды қысқарту, экономикалық жағдайдың нашарлауы салдарынан дамыту бағдарламаларын тұжыру.


Мүмкіндіктері:

1.Жаңартылатын көздердің даму беталысы;

2.Электрмен жабдықтау объектілердің жаңартуы.


Қауіп-қатерлері:

1.Күштіліктердің шығып қалуы.



Негізгі проблемалар:

Электрмен жабдықтау инфрақұрылымы тозуының жоғары деңгейі (60-80%).

Жоғары қуатты объектілерді жөндеу үшін мемлекеттік инвестицияларды қысқарту.

Газбен жабдықтау

2016 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша облыстың 63 елді мекені табиғи газбен жабдықталған. Облыс бойынша табиғи газды тұтыну 2015 жылы 757,6 млн. м3 құрады.

2016 жылдың 01 қаңтардағы жағдайы бойынша Қостанай облысы бойынша газ құбырларының жалпы ұзындығы 3124,6 км құрайды, оның ішінде магистральдық газ құбырларының 619,3 км облыс жалғыз «Интергаз Центральная Азия» АҚ газ оператордың республикалық меншігіне жатады. Желілердің тозуы 25% құрайды.

2016 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша (383483 адам) табиғи газбен пайдаланатын қалалық халықтың саны 2012 жылмен салыстырғанда (349379 адам) 98%-ға ұлғайтылды, ауыл халықтың саны 01.01.2016 ж. (88437 адам) 2012 жылмен салыстырғанда (102729 адам) 113,9%-ға ұлғайтылды.

Саланың дамыту жағдайын Swot-талдауы:


Күшті жақтары:

1. Аудандарда тұтынушыларды табиғи газбен қамтамасыз ету мүмкіндігімен газ инфрақұрылымын дамыту.



Әлсіз жақтары:

1.Газ тарату орнатулардың, тоқсан ішкі жүйелердің жаратымсыз техникалық жағдайы халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп-қатерлі болып табылады;



Мүмкіндіктері:

1.Жаңа абоненттерді қосу мүмкіндігімен газ өткізетін жүйелердің құрылысы, сонымен бірге жаңа елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету;

2. Жылу көздерін жағармайдың осы түрдің пайдаланымына аудармасы аумақтың экологиялық жағдайын жақсару мүмкіндігін береді.


Қауіп-қатерлері:

1.Орталық газбен жабдықтау жаңа жүйелердің құрылысы бойынша немесе қалпына келтіру бойынша іс-шаралардың жеткіліксіз қаржыландыруы.



Негізгі проблемалар:

Облыстың барлық елді мекендері табиғи газбен қамтамасыз етілмеген.

Газ тарату қондырғысының техникалық жай-күйі қанағаттанарлықсыз.

Жылумен жабдықтау

Қостанай облысы бойынша 100 Гкал/сағ.-тан жоғары 6 бірлік қазандық, 100 Гкал/сағ. дейін 102 бірлік қазандық бар. Жылу көздері жабдықтарының тозуы орташа есеппен 42% құрайды.

Қостанай облысы қалаларында орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесі пайдаланылады. Облыстың орталықтандырылған жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету деңгейі 41 % құрайды. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау пайдаланатын халықтың саны 2016 жылдың 1 қантарына 362118 мың адамды құрайды.

Жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 798,5 км. Желілердің тозуы – 51% құрайды.

2012-2014 жылдары облыс бойынша 118,3 км жылу желілері жөнделді және қайта жаңартылды, 2015 жылы 12,2 км жылу желілерін ауыстырылды.

Көп пәтерлі тұрғын үйлердің жылу энергиясын есептеу құралдарымен қамтамасыздығы 46% құрайды.

Саланың дамыту жағдайын Swot-талдауы:


Әлсіз жақтары:

1.Облыс жыл көздерімен жыл энергияны өндірісінің өсуі;

2.Күрделі жөндеуін талап ететін жүйелердің үлесі 63%-ға дейін төмендету.


Күшті жақтары:

1.Жылуэнергитикалық кәсіпорындардың жаратымсыз қаржы жағдайы;

2.Жылумен жабдықтау инфрақұрылымның тозудың жоғары деңгейі (63%);

3.Саланың қаржыландыруын қысқарту,

экономикалық жағдайдың нашарлауы салдарынан дамыту бағдарламаларын тұжыру.


Мүмкіндіктері:

1.Жылумен жабдықтау көздердің даму беталысы;

2.Орталықтандырылған жылумен жабдықтау саласында жаңа технологияларды енгізу (изоляцияланған құбырлардың ПӘК қазандықтарын арттыру).

3.Мемлекеттік қолдау («2020 жылға дейін аумақтарды дамыту»)

4. Жылумен қамтамасыз ету нысандарын жаңарту.


Қауіп-қатерлері:

1. Белгіленген және орналасқан ТЭЦ күштіліктердің мүмкін бұқаралық төмендеуі, қазандықтар күштіліктердің шығып қалуы, дәрежесі жоғары негізгі қорлардың тозуына байланысты апаттық жөндеуде жылу көздері агрегаттарының тоқтауы.




Негізгі проблемалар:

Жылумен жабдықтау инфрақұрылымның тозудың жоғары деңгейі (63%)

Объектілердің жөндеуіне бағытталған мемлекеттік инвестициялардың қысқартуы.

Жылу-энергетикалық кәсіпорындар желілері мен жабдықтарының жеткіліксіз жаңартылуы.



Сумен қамтамасыз етілуі

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай облыс бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтауға елді мекендердің қол жетімділігі 29,9% құрайды (598 елді мекендерден орталықтандырылған сумен жабдықтаумен 179 қамтамасыз етілген), оның ішінде: қалаларда-100% - ды құрайды (5 қала және 3 қалалық үлгідегі кент), ауылдық жерлерде – 29% (590 ауылдан орталықтандырылған сумен жабдықтаумен 171 қамтамасыз етілген).

Егер халыққа қатысты сумен қамтамасыз етілуге көшсек, онда жағдай критична емес. Орталықтандырылған суға қол жеттімділікке 696,3 мың адам ие немесе облыстың 78,8% тұрғындары, оның ішінде: ауылдық жерде – 56,4% - ға, қалаларда – 97,4%.

Облыс бойынша сумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 3993,8 км, тозу 49,8% құрайды.

Ауыз су қажеттіліктеріне тұрғындар тұтынатын су сапасының төмендетуіне және қол жетімділігіне мынадай факторлар ықпал етеді:

- су құбыры желілерінің және құрылыстарының тозуы;

- құбырлар беті коррозияға қарсы жабынының бұзылуына байланысты бактериялық қызметті өнімдерімен ауыз судың қайталама ластануы;

- орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне ауылдық елді мекендердің төмен қолжетімділігі;

- жаңа сумен жабдықтау жүйелерін салуға, қолда бар жүйелерге жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына мемлекеттік инвестициялардың жеткіліксіздігі;

- облыстың кейбір аудандарында жергілікті ауыз сумен жабдықтау көздерінің болмауы.

Ауыз су сапасын және тұрғындардың қол жетімділігін қамтамасыз ете отырып қалыптасқан жағдайдың себептерін жою жөніндегі мақсатты шаралар қабылдамау, жағымсыз салдарға әкеледі:

- облыс халықы денсаулығының нашарлауына;

- аудандарда медициналық-экологиялық ортаның нашарлауына байланысты халықтың реттелмейтін көші-қонына;

- коммуналдық сектор кәсіпорындарында ескірген өндірістік қорларды көлемінің өсуіне;

- эксплуатациялық шығындардың өсуімен қатар коммуналдық қызметтерді сапасының төмендеуіне және үздіксіз ұсынуына;

- сумен жабдықтау жүйелерін ұстауға арналған шығындарды арттыруға.

Тұрғындарды сумен қамтамасыз ету бойынша проблемаларды шешуде негізгі бағыттар:

- елді мекендерде сумен жабдықтау желілерін салу және қайта жаңарту;

- коммуналдық кәсіпорындардың инвестициялық бағдарламалары есебінен сумен жабдықтау жүйелерін жөндеу бойынша шараларды іске асыру, қаржы институттарының қаражатын тарту (халықаралық қаржы ұйымдары, екінші деңгейдегі банктер);

- құрылыс және қайта жаңарту жобаларында қазіргі заманғы технологиялар мен материалдарды қолдану;

- сумен жабдықтау және су бұру секторының мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану;

ауыз судың санитарлық-гигиеничским талаптарына сәйкестігіне сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру болып табылады.



Қалалық жерді сумен жабдықтау

Облыстағы қалалар мен қалалық үлгідегі кенттерде 8 бірлік есептелінетін 467,1 мың адам тұрады. Қалалық елді мекендер тұрғындарының орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділігі 100% құрайды, ауаылдық елді мекендер бойынша 97,4 % немесе 455 мың адам құрайды. Қостанай қаласы бойынша сумен жабдықтау көздері – Амангелді су қоймасы және Қостанайлық жерасты суларының кен орындары; Арқалық қаласы – Ащы-Тасты су қоймасы; Лисаков қаласы – Жоғарғытобыл су қоймасы; Жітіқара қаласы – Желқуар су қоймасы; Рудный қаласы – Қаратомар су қоймасы.

Облыстың қалаларында су құбырлары желілерінің жалпы ұзындығы – 1554,6 км құрайды.

2012 жылы қаланың сумен жабдықтау желілерінің 44,3 км, 2013 жылы – 0 км (жобалар жоқ), 2014 жылы – 47,4 км өзгертілді, 2015 жылы – 22,9 км өзгерту жоспарланып отыр.

2012 жылы қаланың сумен жабдықтау желілерін дамытуға 7 жобаны іске асыруға 1,7 млрд. теңге бөлінді және игерілді. Сумен жабдықтау желілері 44,3 км салынып және қайта жаңартылды. 2013 жылы жобалар іске асырылған жоқ.

2014 жылы қаланың сумен жабдықтау желілерін дамытуға 9 жобаны іске асыруға 2,5 млрд. теңге бөлінді және игерілді. Сумен жабдықтау желілері 47,4 км салынып және қайта жаңартылды.

2015 жылы қаланың сумен жабдықтау желілерін дамытуға 6 жобаны іске асыруға 2,6 млрд теңге бөлінді. Сумен жабдықтау желілері 22,9 км салу және қайта жаңарту жоспарланды.

Мынадай индикаторларға қол жеткізілді:



Индикатор

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Қалалар бойынша орталықт. сумен жабдықтауға қол жеткізуі

89%

96,9%

97,4%

97,4%

2016 жылғы 1 қантарға орталықтандырылған сумен жабдықтаумен пайдаланатын қалалық халықтың саны 2012 жылмен салыстырғанда (437685 адам) 4%-ға ұлғайды (454995 адам).

Қалалық сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту мақсатында халықаралық қаржы ұйымдарының қаражатын тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Кредиттік шартты және «Қостанай қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңарту» жобасын қолдау шарттының шеңберінде Қостанай облысы әкімі, Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі, Қостанай қаласы әкімі және «Қостанай Су» МКК арасында 3,3 км магистралды су құбырын және 7,7 км коллекторларды, 6 кәріздік сорғы станцияларын қайта жаңғырту, сумен жабдықтауды тазарту құрылыстарын жаңарту (дезинфекциялау жүйесін ауыстыру, су резервуарларын гидрооқшау, 2-ші көтеру сорғы станциясының су құбырын қайта жаңғырту), гидравликалық модельдеу жүйесін енгізу (ГАЖ SCADA), зертханалық жабдықтарды, арнайы техника мен автокөлік сатып алу шеңберінде жоспарланған 22 іс-шаралар жүзеге асырылатын болады.

«Қостанай қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңарту» жобасын іске асыру:

- 2015 жылғы қарқынның жалпы санынан (12 157 бірлік) 2,01%-ға желілердегі апаттылықты төмендетуді, осылайша жылына судың шығынын 1 017,0 мың м3 немесе су шығынының жалпы санынан 2015 жылға 42,2% (2 410 мың м3) және топырақтың ластану тәуекелін азайтуды;

- 218, 5 мың кВтсағ/жыл электр энергиясын тұтынудың қысқартуын (жылдық электр энергиясын тұтынудан1,22%);

- оның қаттылығын және минералдануын азайту арқылы судың сапасын жақсартуды;

- суды зарарсыздандыру сенімділігін арттыруды;



  • суды залалсыздандыру үшін хлорды алу технологиясын өзгерту арқылы сұйық хлорды пайдалануға байланысты апат тәуекелін жоюды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл сұйық хлорды пайдаланудан бас тартуға әкеледі. Дезинфекциялау жүйесін қайта жаңарту бойынша барлық жұмыстар су құбыры құрылыстарын тазарту аумағында жоспарланған.

Ауылдық жерді сумен жабдықтау

2016 жылғы 01 қаңтардағы жағдайында облыс бойынша 590 ауылдық елді мекен бар, олардан 171 орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізді, 381 АЕМ орталықтандырылмаған сумен жабдықтауды, 38 АЕМ тасымалданатын суды пайдаланады.

Бұл ретте ауыл тұрғындарының 56,4%-ы (234,9 мың адам) орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізе алады.

Ауылдық елді мекендерде су бұру желілерінің жалпы ұзындығы 2439,2 км.

2012 жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 2,5 млрд. теңгеге ауылды сумен жабдықтау бойынша 11 жоба іске асырылды, оның ішінде 6 – өтпелі. 5 – жаңа объектілер енгізілген. «Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асыру қорытындылары бойынша АЕМ орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділігі 23,6 %-дан 24,2 %-ға дейін ұлғайды.

2013 жылы жалпы сомасы 3,96 млрд. теңгеге ауылды сумен жабдықтау бойынша 14 жоба іске асырылды, 5 – объект енгізілген, 6 – өтпелі. «Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асыру қорытындылары бойынша АЕМ орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділігі 24,2 %-дан (2012 жылы ) 25,7 %-ға дейін ұлғайды.

2014 жылы жалпы сомасы 5,4 млрд. теңгеге ауылды сумен жабдықтау бойынша 15 жоба іске асырылды, оның ішінде 8 – өтпелі. 7 – объект енгізілген. АЕМ орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділігін іске асыру қорытындылары бойынша 25,7 %-дан (2013 жылы) 27,4 %-ға дейін ұлғайды.

2015 жылы жалпы сомасы 3,6 млрд. теңгеге ауылды сумен жабдықтау бойынша 10 жоба іске асырылды. 7 – объект енгізілген. 6 ауылда орталықтандырылған сумен жабдықтауды пайдалануға енгізу есебінен АЕМ орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділігін іске асыру қорытындылары бойынша 27,4 %-дан (2014 жылы) 28,9%-ға дейін ұлғайды (Наурызым ауд. Буревестник а., Денисов ауд. Озерное а., Алтынсарин ауд. Большая Чураковка, Малая Чураковка, Қосқұдық а., Федоров ауд. Жаркөл а.).

Саланың дамыту жағдайын Swot-талдауы:


Күшті жақтары:

1.Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын, «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру;

2.Сумен қамтамасыз ету саласын мемлекеттік қолдау шаралары (сумен жабдықтау объектілерін салу және қайта жаңғыртуды субсидиялау).

3. Қалалық тұрғындардың орталықтандырылған сумен жабдықтауға 97,4%, ауыл халқының 56,4% дейін көрсеткішке қол жеткізу.




Әлсіз жақтары:

1.Сумен қамту объектілері мен желілерінің үлкен тозуы бар және осының апаттардың, жоғалтулардың салдарынан ауыз су сапасының төмендігі.

2.Жаңа сумен жабдықтау жүйелерін салу және қолданыстағыларын қайта жаңартуға мемлекеттік және жеке инвестициялардың жетіспеушілігі.

3.Сумен жабдықтау қызметін көрсететін, коммуналдық кәсіпорындардың көпшілігі қызметке қолданыстағы тарифтер қалпына келтіру жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті шығындарды жаппайды.

4.Ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қызмет көрсету бойнша кәсіпорындардың материалдық-техникалық жарақтандыру жеткіліксіз.


Мүмкіндіктері:

1.Облыс халқын ауыз сумен қамтамасыз етілуін көтеруге мүмкіндік беретін өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын, «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру;

2. Жер асты тұщы суларының жаңа кен орындарын игеру.

3. Сумен қамтамасыз ету жүйелерінің техникалық жағдайын жақсарту.

4. Қазіргі заманғы тиімді технологияларды енгізу.

5. Материалдық-техникалық базасын жарақтандыру арқылы пайдалану қызметін жетілдіру.



Қауіп-қатерлері:

1.Жабдықтың физикалық тозу себептері бойынша ықтимал бас тартуы.

2. Ұзақ пайдалану мерзімі нәтижесінде қалыптасқан сумен жабдықтау объектілерінің техникалық жай-күйі қанағаттанарлықсыз; қаржыландырудың жетіспеушілігі.

3. Ескірген суды дайындау технологияларын қолданудан халық денсаулығының нашарлауы.



Негізгі проблемалар:

сумен жабдықтау желілерінің жай-күйі қанағаттанғысыз;

облыс бойынша желілерде судың ысыраптылықтың жоғары деңгейі– 19,1%.

Су бұру

Орталықтандырылған су бұру бойынша елді мекендердің қол жетімділігі облыс бойынша 7,8% - ды құрайды (сумен қамтамасыз етілген 179 елді мекендерден, 14 орталықтандырылған су бұрумен қамтамасыз етілген), оның ішінде: қалаларда - 100%-ды құрайды (5 қала және 3 қалалық үлгідегі кент); ауылдық жерлерде – 3,5% (сумен қамтамасыз етілген 171 ауылдардан, 6 орталықтандырылған су бұрумен қамтамасыз етілген).

Орталықтандырылған су бұруға облыс тұрғындарынан 499,3 мың адам қол жеткізді немесе 56,5%, оның ішінде қала 450,8 мың адам немесе 96,5%.

Кәріз желілерінің ұзындығы 1107,4 км құрайды, оның ішінде қалалық жерлерде 983,3 км және ауылдық 124 км. Су бұру желілерінің тозуы 72,8% құрайды.

2012 жылы кәріздік тазарту құрылыстары арқылы 29233,8 мың м3, 2013 жылы – 26607,8 мың м3, 2014 жылы – 26253,9 мың м3, 2015 жылы – 26027,8 мың м3 ағын су жүргізілді.

АЕМ-де көбінесе ЖТҚ салынған (бір, екі қабатты жеке үйлер/коттедждер), оларда септик орналастырылады. 6 ауылдық елді мекенде орталықтандырылған су бұру жүйесі бар (Таран ауданының Тобыл к., Майский а., Әулиекөл ауданының Құсмұрын к., Қостанай ауданының Затобол к. мен Заречный а., Қарабалық ауданының Қарабалық к.), бұл орталықтандырылған су бұру жүйесіне қосылған ауылдық елді мекендердің жалпы санынан 3,5 % құрайды.

2012 жылы 16,1 км су бұру желілері ауыстырылды, 2013 жылы 16,7 км, 2014 жылы – 21,96 км, 2015 жылы – 9,1 км.

Қарабалық ауд. Қарабалық кентіндегі кәріз желілері құрылысының 2014 жылы аяқталуымен орталықтандырылған су бұру елді мекендердің саны 4-тен 5-ке дейін ұлғайды. 2016 жылдың соңында Денисов ауылында орталықтандырылған су бұру жүйесін пайдалануға беру жоспарлануда (Денисов ауданының аудан орталығы), бұл ретте су бұру жүйесімен қамтамасыз етілген ауылдар саны 7 ауылдық елді мекенге дейін өсуде.

Саланың дамыту жағдайын Swot-талдауы:


Күшті жақтары

1. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын, «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру;

2.Су бұру саласын мемлекеттік қолдау шаралары (су бұру объектілерін салу және қайта жаңғыртуды субсидиялау).

3.Қарабалық а. (Қарабалық ауданның аудандық орталығы) тұрғындарды орталықтандырылған су бұрумен қамтамасыз ету, сондай-ақ Денисов а. (Денисов ауданның аудандық орталығы) су бұру жүйесін салу бойынша жұмыстарды жалғастыру.




Әлсіз жақтары

1. Кәрәздік желілердің 72,8% қанағаттанарлықсыз жай-күйде тұр.

2. Орталықтандырылған су бұру қызметтерімен елді мекендердің қамтылу пайызы төмен (7,8%).

3.Жаңа су бұру жүйелерінің құрылысына, тазарту құрылыстарына және қолда барды қайта жаңғыртуға мемлекеттік және жеке инвестициялардың жеткіліксіз қаражат бөлу.

4. Көптеген су бөлу қызметтерін көрсететін коммуналдық кәсіпорындардың әрекет ететін тарифтері жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін қажет шығындарды өтемейді.

5. Жаңа және қолданыстағы су бұру жүйелерінің құрылысына және қайта жаңартуларға мемлекеттік инвестициялардың жеткіліксіздігі.



Мүмкіндіктері

1.Су бұру объектілердің, кәріздік жүйелердің және тазартатын құрылыстардың құру мен қайта құру бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру тұрғындарды су бұру қызметімен қамтамасыз ету деңгейін арттыруға мүмкіндік береді

2.Ағынды суларды тазартудың қазіргі замаңғы тиімді технологияларды енгізу.


Қауіп-қатерлері

1.Физикалық тозу себебінен жабдықтардың бас тартуы.



Негізгі проблемалар:

Облыстың кәріздік жүйелер тозудың жоғары деңгейі (72,8% жаратымсыз жағдайда).

Елді мекендердің орталықтандырылған су бұру қызметтерімен қамтудың төмен пайызы (7,6%).

Тұрғын үй қордың саласы.

2016 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша облыста 3341 көп пәтерлі тұрғын үй бар, оның ішінде 1848 үйлерге күрделі жөндеу керек, бұл облыста бар үйлердің жалпы санынан 56,4% құрайды.

Көп қабатты тұрғын үйлердің негізгі көпшілігі өз отыз жылдығын аттап өтті, дәл осы мезгіл жалпақ жабынның және үйдің ішкі жылыту жүйесінің жұмыс мерзімін құрайды.

Заңнамасына сәйкес мемлекет жеке меншікті көп пәтерлі үйлерді жөндеуге қаражат жібере алмайды. Үй-жайлардың меншік иелері ортақ мүлікті жөндеу және күтіп ұстау бойынша жұмсалатын барлық шығыстарға дербес қатысуға міндетті, ал бюджеттен тек қана аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй көмегі түрінде көмек көрсетіледі.

2011 жылы Қазақстан халқына Мемлекет басшысы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» өз жолдауында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа ауқымды жаңғырту өткізу, тұрғын үй қатынастарының оңтайлы моделін құру бойынша міндет қойды және Үкіметке жинақтауды ынталандыру және жөндеу жұмыстарын жүргізуді қоса қаржыландыру мен ортақ мүлікті қалпына келтіру тетіктерін әзірлеуді тапсырды.

Жолдауды жүзеге асыру аясында 2011 жылғы 30 сәуірде Үкімет 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасын бекітті. Бағдарламаның негізгі мақсаты кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеу жұмысын жүргізу есебінен коммуналдық инфрақұрылымның жағдайын жақсарту болып табылады. Бағдарлама үйлерді жөндеуге қаражат кредит түрінде қайтарымды негізде бөлінетінін көздейді, бұл ретте ақшаны қайтару бірнеше жыл бойы жүзеге асырылады.

Сонымен, жоғарыда айтылған бағдарлама шеңберінде 2012-2015 жылдары бюджеттік және қайтару қаражаттар есебінен (2012 жылы-35 үй, 2013 жылы II механизмінің қайтару қаражаттары есебінен-14 үй, 2014 жылы-40 үй жөнделді (оның ішінде қайтару қаражаттары есебінен 2 үй) 99 көп пәтерлі үй жөнделді, күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілердің үлесі 59%-дан 56%-ға дейін төмендеді.

Бұл іс-шаралар тұрғындардың қолайлы тұру жағдайларын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді және жалпы үйлік жылу энергиясын есепке алу аспаптары орнатылған үйлерде жылу төлемдерінің мөлшерін төмендетті және терможаңғырту элементтерімен жөндеу өткізілді.

Саланың дамыту жағдайын Swot-талдауы:


Күщті жақтары (S):

1.Бағдарламаның іске асыру кезеңінде 111 көп пәтерлі үй жөнделген.

2. Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 59%-дан 56%-ға дейін төмендеді


Әлсіз жақтары (W):

1.кондоминиум объектісін басқаруында пәтерлер жекеменшіктерінің төмен белсенділігі;

2.пәтер иелерінің тұрғын үйді кондоминиум объектісі ретінде тіркеуге ниеттері жоқ. Бұл ретте кондоминиумды тіркеуден бас тартқаны үшін пәтер иелерінің заңнамалық деңгейде атқару жауапкершілігі жоқ;

3. кейбір пәтер иелерінің тұрғын үйді күтіп-ұстау шығыстарына қатысуға ниеттері жоқ;

4. жалпы үй мүліктің күрделі жөндеуіне ақшалай қаражаттарды жинаудың әлсіздігі.


Мүмкіндіктері (O):

1.қаладағы үйлердің эстетикалық ажарын жақсару;

2.тұрғын үй жағдайлары мен өмір сүру қолайлығын жоғарылытудың жақсару;

3.жылумен қолдану 30%-ға дейін үнемі;

4.Қала және ауылдық жерлерде коммуналдық сала объектілерінің іске асыру санын, құрылыс және жаңартуға қаржыландыруды ұлғайту.


Қауіп-қатерлері (T):

1. Үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізбеу себебінен халықтың тұрғын үй жағдайларының нашарлауы.





Негізгі проблемалары:

Коммуналдық инфрақұрылым тозуының жоғары деңгейі, бұл үлкен капитал салымының қажеттілігіне байланысты тауар нарығының тартымсыздығына әсер етеді.

Энергия тапшылығы.

Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен ауылдық елді мекендерді қамтамасыз етілудің төмен көрсеткіші.

Тұрғын үй-коммуналдық сала объектілерін жаңарту және қайта құруға кәсіпорындардың инвестициялық ресурстарының жеткіліксіздігі.

Талап етілетін қолданыстағы инженерлік коммуникациялардың техникалық пайдалану деңгейінің жоқтығы.

Кәсіби кадрлардың тапшылығы мен жоғары тұрақсыздығы және салалық мамандарды арттыру мен қайта даярлау жүйесінің жоқтығы.

Тұрғын үй иелерінің кондоминиум объектісін басқаруға белсенділігі төмен.

Пәтер иелерінің тұрғын үйді кондоминиум объектісі ретінде тіркеуге ниет жоқ. Бұл ретте, заңнамалық деңгейде пәтер иелерінің кондоминиумды тіркеуден бас тартуға жауапкершілікті атқару жоқ.

Пәтер иелерінің тұрғын үйді ұстау шығыстарына қатысу үшін ниет жоқ.

Жалпыүйлік мүлікті күрделі жөндеуге ақшалай қаражатын жинақтау тәжірибесі әлсіз.

Ортақ мүлкін басқару және күтіп-ұстау бойынша қызмет көрсетуге төлемдер жиналуының деңгейі төмен, соның ішінде ПИК ортақ үй мүлкіне толық сапалы қызмет көрсете алмайды.



Даму беталысы:

Облыстың коммуналдық кәсіпорындарының инвестициялық бағдарламаларында жөндеу жұмыстарының көлемдерін ұлғайту.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде жағдайдың жақсы жағына қарай өзгеруі.

Сумен жабдықтау және су бұру саласын дамытуға қаржы ұйымдарының (халықаралық қаржы ұйымдарының және екінші деңгейдегі банктердің) қаражатын тарту.

Салуға және қайта жаңғыртуға қаржыландыруды, қалалық және ауылдық жерлерде сатылатын коммуналдық сала нысандарының санын ұлғайту.

Органдармен кондоминиум нысандарын басқаруды, ең жақсы тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын құру мақсатында тұрғын үйіді қадағалау және күту бойынша ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларды уақтылы жүргізу.

Үйлердің жалпы мүлкін күрделі жөндеуді қаржыландырудың қолданыстағы тетіктері туралы халық арасында үгіттеу-насихаттау жұмысын жүргізу.

Жалпы үй мүлігіне күрделі жөндеу жүргізу.


2.1.5. Экология және жер ресурстары

Облыс өмір сүруге қолайлы аумаққа жатады, ауаны ластауды төмендетуде үлкен рөлін жасыл көшеттер атқарады. Орман жолақтары мен саябақтар ауаның температурасына, ауаның ылғалдылығы мен желдің жылдамдығына әсер етеді, ауаның тозаңды ластануын ұстайды.



Атмосфералық ауаны қорғау

Әуе бассейінінің жағдайы бойынша Қостанай облысы ең қолайлы аумақ болып табылады. Соңғы жылдары облыстың атмосфералық ауасының сапалы жағдайы тұрақты болып отыр.

Атмосфералық ауаның ластану деңгейі төмен болып бағаланады.

Облыстың әуе бассейнін ластандыру тау кен өндірістік, жылу энергетика өнеркәсібі, автомобиль көлігі кәсіпорындарынан ластандырушы заттардың қалдықтарына байланысты.

Стационарлы көздерден атмосфераға ластаушы заттектерді шығару лимиттері қоршаған ортаға эмиссиялар рұқсатымен белгіленеді. 2013 жылға- 224,4 мың тонна, 2014 жылға -227,4 мың тонна, 2015 жылы - 228 мың тоннаны құрады.

2012-2015 жылдары атмосфераға ластандырушы заттар қалдықтарының жалпы көлемі бір деңгейде қалады (2013 жылы - 314,37 мың тонна, 2014 жылы – 308,82 мың тонна, 2015 жылы – 316,1 мың тонна). Ластандырушы заттар қалдықтарының негізгі үлесі автомобиль отынын жағудан шығыстарына келеді (70%). 2012-2015 жылдары стационарлық көздерінен өнеркәсіптік шығыстары бойынша серпіні: 2012 жылы - 80 мың тонна, 2013 жылы - 115,37 мың тонна, 2014 жылы - 103,82 мың тонна, 2015 жылы – 91,6 мың тонна.

Облыс кәсіпорындарының өнеркәсіп шығыстарының 80%-ға жуығы Қостанай облысының ең ірі тау кен өнеркәсібі «ССКӨБ» АҚ үлесіне тиесілі.

Ағымдағы және әлеуетті проблемалар

Өнеркәсіп кәсіпорындарынан залалды заттарының шығыстарын тазарту бойынша тазарту құрылыстарының жұмысы жеткіліксіз тиімді.



Даму беталысы

Атмосфералық ауаның қолайлы жағдайына Қостанай облысының ірі қазандықтарына отын ретінде табиғи газды пайдалану себеп болып отыр. Әсіресе көмірді пайдаланатын «ССКӨБ» АҚ ЖЭС және мазутты пайдаланатын Арқалық ЖЭС болып табылады.

Облыстың елді мекендерінің көбісі газды пайдалануға ауысып жатыр, бұл өңірдің атмосфералық ауасының жағдайын тиісті жақсартуға мүмкіндік береді.

Су ресурстарын қорғау.

Қостанай облысының су обьектілері Тобыл-Торғай су бассейніне жатады. Облыс аумағында 310 жуық су ағымдары бар. Ұзындығы 100 км-ден жоғары өзен – 21, 500 км – тек екі өзен (Тобыл, Торғай) бар. Облыс аумағында жиынтық көлемі облыс аумағының көлемінен 2% құрайтын 5000 артық көл бар.

Облыс жеткіліксіз түрде ылғалданбаған аймақта орналасқан және атмосфералық жауын-шашынның орта жылдық мөлшері 240-280 мм құрайды. Өзен желісі өте нашар дамыған, сондықтан жер үсті су қорлары маңызды емес. Өңірдің басты сумен жабдықтау көзі оған құятын Үй, Тоғызақ, Обаған, Аят, Желқуар өзендерінің тармағынан және онда сарқырамадан құрылған су қоймалары бар Тобыл өзені болып табылады.

2015 жылғы мониторинг нәтижелері бойынша су сапасы өткен жылмен салыстырғанда Тоғызақ, Үй өзендерде – айтарлықтай өзгермеген, Тобыл, Аят, Обаған өзендерде – нашарлады. Қостанай облысының аумағында су объектілері суының сапасы мынадай түрде бағаланады: су «жоғары деңгейдегі ластану» - Тобыл, Айет, Тоғызақ, Үй, Обаған өзендері, Қаратомар су қоймасы; су «қалыпты ластану деңгейін» - Амангелді, Жоғарғы Тобыл су қоймасы.

Тобыл өзенінде артық ШРК тіркелген ауыр металдар тобы (никель 5,2 ШРК, мыс 7,6 ШРК, мырыш-1,3 ШРК, марганец 8,9 ШРК), басты иондар заттары (сульфаттар 2,1 ШРК, магний 1,1 ШРК), биогендік заттар (жалпы темір 2,8 ШРК) және органикалық заттары (фенолдар 6,7 ШРК) бойынша болды.

Ауыр металдар бойынша ШРК асыру фондық сипатқа (табиғи) ие.

Облыста Тобыл (2 дана) және Шортанды өзендеріне, Құсмұрын көліне, Қаракөл-Қояндықопа көлдерінің жүйесіне төрт шартты таза судың ағысы келіп құяды. 2012-2015 жылдары 1,5 есеге жер үсті су қоймаларына ағызудың жалпы көлемі қысқарды. Су қоймаларына келіп құятын сулардың жалпы көлемі 2015 жылы 12,546 млн.м3, 2014 жылы – 15,734 млн.м3, 2013 жылы – 19,341 млн.м3 құрады.

Облыстың барлық сыртқы су қоймаларына су жіберуі бақылауға алынды. Мониторинг қорытындылары бойынша өнеркәсіп кәсіпорындарының су қоймаларына құятын ағын сулары нормативті таза болып табылады, тұтастай алғанда шекті рұқсат етілген ағын сулардың мөлшерінен аспайды және сапасы жағынан су қоймаларының құрамына кері әсерін тигізбейді.

Қалалардың 30 млн. м3 көлеміндегі шаруашылық-тұрмыстық ағын сулары жергілікті тазарту құрылыстарында алдын ала тазартылады. Тазартылған ағын сулар одан әрі арнайы жеке су жинайтын буландырғыштарға, сүзгі алаңдарына түседі. Қазіргі таңда канализациялық тазарту құрылыстары әбден тозған және қайта жаңартуды талап етіп отыр.

Ағымдағы және әлеуетті проблемалар

Облыстың ең маңызды экологиялық мәселелерінің бірі облыс орталығында биологиялық тазарту стансасының болмауы болып табылады. Қазіргі уақытта қолданылатын Қостанай қаласының ағын суларын тазарту технологиясы қарапайым және 1966 жылдан бастап пайдаланылатын жер тұнбаларында тек механикалық қоспалары бойынша жартылай тазартуға мұршасы бар. Қостанай қаласының іс жүзінде тазартылмаған ағын суларының көлемі шамамен 13 млн. м3 құрайды.



Даму беталысы

«Ақбұлақ» бағдарламасы аясында кәріз тазарту қондырғылары жүйелерінің құрылысы енгізілген «Қостанай қаласының сумен қамту және су тарту жүйелерінің инвестициялық негіздемесі» жобалық құжаттамасы әзірленді. Жоба мемлекеттік сараптамадан өтті. Тапсырыс беруші Құрылыс істері комитеті мен ТКШ болып табылады, қаржыландыру республикалық қаражат есебінен.

Қазіргі уақытта осы жобаны іске асыруға инвестициялар бойынша мәселелер қарастырылуда.

Жер ресурстарын қорғау

Қостанай облысының жер қоры өзгерген жоқ және 19 600,1 мың гектарды құрайды. Жер құрылымында ауыл шаруашылығы жайылымдарының жалпы аумағы 18129,7 мың гектарды немесе өңірдің жалпы аумағынан 92,5% құрайды.

Жерлерді ұқыпты пайдалану және ластаудан қорғау біздің заманымыздың өңірлік маңызды экологиялық мәселелеріне жатады. Облыстың экологиялық жағдайы қанағаттандырарлық.

Қостанай облысының жер ресурстарының жағдайына басым ықпалын тау кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, жылу энергетикасы кәсіпорындары тигізіп отыр.

Техногенді бұзылған және ластанған жерлер қалалардың өнеркәсіп аймақтарында, пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өндеу орындарында таралған. Ашық тәсілімен өндіру кезінде үлкен аумақтарда ауыл шаруашылығына жатпайтын мақсаттарға, яғни кеніштер, үйінділер, қоймалар, кен және шаруашылық тұрмыстық сулардың жинауыштары үшін жерлер оқшауландырылады.

Қоршаған ортаның жағдайына техногендік әсерін тигізетін нысандар үнемі бақыланып отырады.



Өндіріс қалдықтары және тұтыну

Қостанай облысының 2016 жылғы 01 қаңтарға жиналған қалдықтардың жалпы көлемі 11,9 млрд. тонна құрады, қалдықтардың негізгі үлесі (99%) тау кен өндірісі кәсіпорындарының тұрмыстық қалдықтарына, атап айтқанда аршымалы жынысына (92% ) және байыту қалдықтарына (7%) тиесілі.

Барлық тау-кен өндірісі кәсіпорындарында қалдықтардың қалыптасуын болдырмау және азайту сияқты қалдықтардың технологиялық циклінің барлық кезеңдерін, есептеу мен бақылауды, жиналуын, сондай-ақ өндіріс қалдықтарын жинауды, қайта өңдеуді, пайдаға асыруды, тасымалдауды, сақтауды және жоюды қамтитын қалдықтарды басқару жүйесі әрекет етеді.

Жыл сайын кәсіпорындар қоршаған ортаға бос жыныстар үйінділерінің, күл үйінділері мен қоймалардың жағымсыз әсерінің алдын алуға бағытталған табиғат қорғау іс-шараларын жүзеге асырады.

2012-2015 жылдары қалдықтарды жою пайыздары 1,2 есе артты. Сонымен, өңірде 2015 жылы өндірістік қалдықтарды пайдалану мен жоюдың жалпы көлемі шамамен 24%, 2014 жылы – 18%, 2013 жылы – 19,8%, 2012 жылы - 15% құрады.

2016 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша Қостанай облысының елді мекендерінде 310 қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигоны бар, барлығы нақты жеке және заңды тұлғалармен бекітілген. Облыста экологиялық заңнаманың талаптарына сәйкес ҚТҚ полигондарын рәсімдеу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

Қатты тұрмыстық қалдықтардың негізгі ауқымы компоненттерге бөлінбей, ашық қоқыс үйінділеріне шығарылып, қатталып тасталады. Қатты тұрмыстық қалдықтар орналастырылған аумақ 3 мың гектардан артық, жыл сайын ҚТҚ полигондарына 500 мың тоннадан (2014 жылы – 453 мың тонна) артық қатты тұрмыстық қалдықтар түсіп отырады.

2016 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша облыста қалдықтарды қайта өңдеу бойынша кәсіпорындар жұмыс істейді:

- «Тазалық-2012» ЖШС (Қостанай қ.) базасында пластмасса және басқа да полимерлі қосылыстар қалдықтарынан әр түрлі (кәріздік люктер, геоторлар және т. б.) бұйымдар өндіру бойынша желі жүмыс істейді;

- «Лисаков Картон-Қағаз Кешені» ЖШС (Лисаков қ.) қағаздар қалдықтарын қайта өңдеу бойынша;

- «ГЭСПОЛ» ЖШС (Қостанай қ.) базасында «Иволга-Холдинг» ЖШС холдингіне кіретін өндіріс және тұтыну қалдықтарын термическому жою бойынша инсинераторная орнату жұмыс істейді. Медициналық қалдықтарды өртеуге облыстың емдеу ұйымдарымен және ластанған топырақты мазутпен жағуға шаруашылық субъектілерімен шарт жасалды.

- Пайдаланылған майларды регенерациялау бойынша «Эkoline sport» ЖШС (Қостанай қ.);

- «Экосфера+» ЖШС өңделген құрамында сынап бар лампалар мен құрамында сынап бар аспаптарды демеркуризациялауға маманданған;

- «Агротехмаш» ЖШС пайдаланылған шиналарды өңдеумен айналысады.

Қалдықтарды кәдеге жарату қоршаған ортада қалдықтарын орналастыру көлемін қысқартуға мүмкіндік береді, бұл улы қалдықтарды қоршаған ортаның компоненттеріне теріс әсерін айтарлықтай төмендетеді.

Қостанай облысы аумағында облыстың емдеу-профилактикалық ұйымдарында жыл сайын 160 т. астам қауіпті медициналық қалдықтар құрылады (2013 жылы – 163,18 тонн, 2014жылы – 171,69 тонн, 2015 жылы – 168,9 тонн).

Санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес полигондар мен үйінділерде тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыруға тыйым салынады. Осыған орай, қауіпті медициналық қалдықтарды жою атмосфераға жоғары улы заттардың, соның ішінде ауыр органикалық ластағыштардың (АОЛ) көп шығаруылуына әкелетін арнайы қондырғыларда негізінен жағу жолымен жүргізіледі және нәтижесінде аймақта экологиялық жағдайдың нашарлауына алып әкеледі.

Қостанай облысында арнайы қондырғыларда жағу әдісімен медициналық қалдықтарды кәдеге жарату бойынша 4 ұйым айналысады («Қостанай облыстық наркологиялық диспансер» ШЖҚ МКК, «Рудный қалалық балалар ауруханасы», «ЖК Әлішер» ЖК Бермухамедов). 2 денсаулық сақтау объектілерінде жағуды қолданбай меншікті қалдықтарды кәдеге жарату бойынша қондырғысы орнатылған («Облыстық қан орталығы» КМК және Қостанай қ. № 4 емханасы), мында облыс бойынша қалыптасқан медециналық қалдықтардың жалпы көлемнен 6% жойылады.



Ағымдағы проблемалар

Облыста қоқысты қайта өндіретін кешендердің жоқтығы ҚШҚ маңызды қорлануына жеткізеді. ҚШҚ пайдаға асырудың төмен пайызы-0,012% құрайды.

Медициналық қалдықтарды өртеу аса улы ластаушы заттардың - орнықты органикалық ластағыштардың (ООЛ) шығарындыларына әкеп соқтырады. Аналитикалық бақылаудың нәтижесі бойынша ООЛ (диоксиндер, фурандар) концентрациясы шығарындыларында жағу қондырғыларынан атмосфералық ауаға нормадан 28 рет артық.

Даму беталысы

Республикалық бюджеттен «Қостанай қаласында қатты тұрмыстық қалдықтар басқару жүйесін жаңарту жобаларына инвестицияларды негіздеу» үшін ТЭН әзірленген. Осы жоба бойынша мемлекеттік сарапшылық алынды. Жобаның шамалы құны 8,5 млрд. теңге. Жергілікті бюджетте қаржыландыру көздерінің болмауына байланысты Жобаны іске асыру мүмкін емес. Қазіргі уақытта осы жобаны іске асыруға инвестицияларды тарту бойынша мәселе пысықталуда. Қоқыс өңдейтін кешен 2020 жылдан ерте пайдалануға берілмейтіндіктен ҚТҚ пайдаға асыру бойынша көрсеткішті айтарлықтай ұлғайтуға мүмкін емес.

2014 жылдың қыркүйегінде ҚР Энергетика министрлігі мен Қостанай облысы әкімдігі арасында «Қазақстанда медициналық қалдықтарды ұлттық жоспарлау және оңтайлы басқару үдерісінде орнықты органикалық ластағыштармен басқаруды орындау, интеграция ұлттық жоспарын жаңарту» Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Біріккен Ұлттар Ұйымын Дамыту Бағдарламасының Бірлескен жобасы аясында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Жоба аясында Қостанай облысы үшін Жаһандық Экологиялық Қор қаражаты есебінен оларды алу мақсатында баламалы жағу тәсілімен медициналық қалдықтарды залалсыздандыру бойынша технологиялар мен қазіргі заманғы жабдықтарды таңдау жөнінде мәселе қарастырылуда. Осы жабдықты Жетіқара аудандық ауруханада орнату және «Қостанай облыстық наркологиялық диспансер» ШЖҚ МКК бар жабдықты ауыстыру жоспарланып отыр.



Радиациялық қауіпсіздік.

Ағымдағы инструменталдық өлшемдер нәтижесінде облыста радиациялық жағдайды жайлы деп айтуға болады. Тұрғылықты жердің радиациялық аясының төмен деңгейі бастапқы қолайлы геологиялық жағдайға, уран өндіруші кәсіпорындардың, уран және тау-химия өнеркәсібінің болмауына байланысты.

Аумақтың елді мекендері бойынша атмосфераның жерге жақын қабатының радиациялық гамма-аясының 2012-2015 жылдар аралығында орташа мәні сағатына аяның 0,10-0,14 мкЗв шегінде тұр және табиғи аядан аспайды.

Жергілікті жерлерде гамма сәулелену деңгейін бақылау күн сайын облыстың 6 метеорологиялық станциясында жүргізіледі.

Атмосфераның жерге жақын қабатында радиоактивтік түсудің орташа тәуліктік тығыздығы облыс аумағында 0,7-3,1 Бк/м2 Бк/м2 құрайды.

Облыс бойынша түсу тығыздығының ошрташа шамасы 1,2 Бк/м2 құрайды, бұл шекті - рұқсат етілген деңгейден аспайды.

Қостанай облысының аумағында атмосфераның жерге жақын қабатының радиоактивтік ластануын бақылау 2 метеорологиялық станцияда (Жітіқара, Қостанай) жүзеге асырылды.

Флора мен фаунаны қорғау

Қостанай облысының аумағында жалпы көлемі 2 826 558,6 гектар ерекше қорғалатын 16 табиғи аумақ, олардың ішінде: Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы, «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи қоры, 3 мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қорықтары: Тауынсор, Жарсор-Ұрқаш және Михайлов, «Ырғыз-Торғай-Жыланшық» экологиялық дәліз, сонымен қатар 10 жергілікті маңызы бар табиғи ескерткіш бар.

Су-батпақ жерлердің жалпы аумағы 864,1 мың гектарды, оның ішінде сулы жер – 506,8 мың гектарды құрайды. Көлдердің басым бөлігі қыс кезінде қатып қалады.

Жануарлар әлемін жануарлардың 334 түрі: оның ішінде сүтқоректілердің 44 түрі, құстың – 261, амфибиялардың – 3, рептилиялардың – 3 және балықтардың – 23 түрі қамтиды.

Жануарлар әлемін пайдаланушылардың атына жалпы аумағы 15 290 мың гектарды құрайтын 96 аңшылық жер-су тіркелді, облыстың резервтік коры 1884,1 мың гектар құрайды. Су пайдаланушыларға 477 су айдындары бекітілген, жалпы ауданы шамамен 144 мың. га.

Қоршаған ортаны қорғаудағы маңызды орынды орман алқаптары алады. 2016 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша Қостанай облысының мемлекеттік орман қорының жалпы аумағы 1 143,563 мың гектар құрайды, оның ішінде орманы бар 236,4 мың гектар (01.01.2015ж. – 235 мың га, 01.01.2014ж. – 229 мың га, 01.01.2013ж.-224,1 мың га) құрайды.

Ормандарды сақтау және қорғау мақсатында орман шаруашылығы мекемелері жыл сайын өртке қарсы алдын алу іс-шараларын жүргізеді, оның ішінде 600 км аумақта орман отырғызу шекаралары бойынша минералдандырылған алқаптардың құрылысы, сонымен қатар 47000 км аумақта қолда бар минералдандырылған алқаптарды күтіп-бағу жүзеге асырылады.

Жыл сайын орман қорының 217,7 мың гектарды алып жатқан жалпы аумағында ормандарды екі әуе кемесімен әуеден күзету жүзеге асырылады.

Орман қорының учаскелерінде өртті қадағалау мұнараларының (ӨҚМ) жер үсті желісі құрылған. Орман мекемелерінде орман өрттерін айқындауда басты рөлді атқаратын 22 ӨБМ қызмет етеді.

Сумен жабдықтау көздерінің санын ұлғайту үшін соңғы жылдары мемлекеттік орман қорында 33 жаңа қазаншұңқыр, сонымен қатар 5 ұңғыма жасалды. Табиғи су қоймалары жоқ орындарда мемлекеттік орман қорының жерлерінде өртке қарсы техниканы жедел толтыру мақсатында су жинауға арналған 30 ыдыс орнатылды.

2015 жылға мемлекеттік бір мекемеге қарасты орман қорында 1593,81 га орман алаңында (2014ж: 969,165 га алаңында 26 оқиға; 2013ж: 25,527 га алаңында 22 оқиға; 2012ж: 1441,8 га алаңында 63 оқиға) орман өрттердің 40 оқиға болды.

Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы орман шаруашылығы мекемелерінің техникалық жабдықталуы Республикада үздіктердің бірі болып табылады. Өрт сөндіру машиналары 23 бірлік нормасы бойынша 78 бірлік бар, суды тасымалдау агрегаты 0 бірлік нормасы бойынша 11 бірлік бар, бүріккіштер арқа-аспалы 110 дана нормасы бойынша 335 дана, патрульдік машиналар 32 бірлік нормасы бойынша 132 бірлік, өрт қадағалау мұнаралары 0 дана нормасы бойынша 24 дана және т. б.

Осы техникалық жабдықталуды ескере отырып, орман шаруашылығы мекемелері орман өрттерінің көлемін барынша азайтатын болады.


жүктеу 3,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау