Қайта өңдеу кәсіпорындары өнімдерінің көлемдері
тонна
Атауы
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
2015
|
2012 жылға қарағанда 2015%
|
Ет және азықтық ішек-қарын өнімдері
|
7980
|
9295
|
11523
|
11598
|
145,3
|
Шұжық өнімдері
|
3680
|
4071
|
4355
|
3766
|
102,3
|
Сұйық өңделген сүт пен кілегей
|
55925
|
64926
|
76020
|
51880
|
92,7
|
Сары май
|
427
|
645
|
1944
|
3370
|
7,9 раза
|
Сүт және қоюлатылған кілегей
|
763
|
657
|
799
|
517
|
67,8
|
Сүзбе және ірімшік
|
2016
|
1893
|
2375
|
1575
|
78,1
|
Ұн
|
1028666
|
992813
|
982478
|
967247
|
91,7
|
Макарон
|
22286
|
23471
|
21346
|
21998
|
98,7
|
Жаңа піскен нан
|
42323
|
47264
|
46468
|
43596
|
103
|
2015 жылдың қорытындысы бойынша облыс өнімнің негізгі түрлері бойынша өзін-өзі қамтыған болып табылады: астық бойынша – 31 есе, нан өнімдері бойынша – 9,4 есе, еттің сойыс салмағы бойынша – 1,3 есе, сүт – 2,6 есе, жұмыртқа – 4,9 есе.
Тамақ өнеркәсібін дамыту және ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында қайта өңдеу кәсіпорындарына айналым қаражаттарын толтыру үшін екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша банктік сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша бюджеттік бағдарлама іске асырылуда.
Ауыл шаруашылығы өнімінің өндіріс көлемін ұлғайту, сапасын көтерілу және шикізат құнын төмендету үшін отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау іске асырып жатыр.
Бұл мақсатпен ірімшік, май және сүт өндіру үшін шикізат сатып алуға қайта өндейтін кәсіпорындарының шағындар субсидиялау механизмі қарастырылған. 2015 жылы бұл мақсаттарға 384 млн. теңге субсидия, бұл сүтті азық-түлік өндірісінің ұлғайтуға ықпал етті.
Ынтымақтастық
Тұқым шаруашылығы саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық ғылыми-зерттеу институттарының, өндіріске дәнді, майлы, азық және көкөніс дақылдарының жаңа жоғары өнімді сұрыптарын сынау және кеңінен ендіру жөніндегі тәжірибелі шаруашылықтардың өзара іс-қимыл жасауын көздейді:
Перспективті селекция материалын анықтау мақсатында Омбы қ. «Ресей ауыл шаруашылығы академиясының СібАШҒЗИ МҰУ» селекциясының жазғы бидайдың жаңа сұрыптарын экологиялық сынауды жүргізу.
Сұрыптарды агроэкологиялық сынау және кейіннен өндіріске кеңінен енгізу үшін өңіріміздегі олардың бейімделу әлеуетіне сенімді баға алу мақсатында Липецк қаласының «Ресейлік рапсты ғылыми-зерттеу және жобалық-технологиялық институтымен» жазғы рапстың селекциялық материалымен ауысу орындалды.
Новосибирск қаласының Ресей ғылым академиясының Сібір цитология және генетика институтымен бірге Солтүстік Қазақстан жағдайында сұрыпты сынау үшін күзгі жұмсақ бидай сұрыпын өсіру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Өңіріміздегі олардың бейімделу әлеуетіне сенімді баға алу мақсатында «Ресей ауылшаруашылық академиясының В.С. Пустовайта атындағы майлы дақылдарды ресейлік ғылыми-зерттеу институтымен» майлы дақылдардың өнімділігін арттыру үшін майлы зығыр селекциялық материалымен ауысу орындалды.
«Кургансемена» ЖАҚ (Қорған қ.), «Сібір ауыл шаруашылығын ғылыми-зерттеу институты» (СібАШҒЗИ, Омск қ.), «Ресей ауылшаруашылық академиясының В.С. Пустовайта атындағы майлы дақылдарды ресейлік ғылыми-зерттеу институты» МҰУ РАСХН(Краснодар қ.), «Башқұрт ауыл шаруашылығын ғылыми-зерттеу институты» МҰУ РАСХН, Челябі облысының Оңтүстік-орал АШ ҒЗИ (Тимирязевский к.) және басқа да ғылыми ұйымдардың ғалымдары мен мамандарын шақыра отырып, бірлескен семинарлар, дала күндері өткізіледі.
2. Шекаралас облыстармен тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп отырады, шегіртке зиянкестері бойынша болжамдар, нақты зерттелген және өңдеуге жататын алқаптар жөнінде ақпарат алмасып отырады.
3. Механикаландыру
Облыстың ауылшаруашылық өндірушілері РФ-ның ауылшаруашылық машина жасау кәсіпорындарымен тығыз қызмет етуде, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қор бөліктерімен қамтамасыз ету бойынша дилерлік орталықтар, ауыл шаруашылығы машиналарын шығару бойынша бірлескен кәсіпорындар ашылып жатыр, тракторлар мен комбайндарды жинау жүзеге асырылады.
Мәселен, "Агротехмаш" ЖШС және «Агромаш Холдинг Казахстан» АҚ (Қостанай қ.) базасында "Ростсельмаш" жинақтау зауыты, Красноярск комбайн зауытында – 1686 «Енисей» және «Акрос»астық жинайтын комбайн жинақталды, Петербург жинақтайтын трактор зауытында – К-744 Р1 68 трактор жинақталды.
Қостанай облысы әкімдігі және «Петербург трактор зауыты» ЖАҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, онда тараптар ПТЗ тракторларын Қостанай облысының аумағында көрмесін өткізу туралы келісті.
Мал шаруашылығы саласы
2012-2015 жылдары кезеңінде РФ ет және сүт бағдарындағы 1374 ІҚМ басы әкелінде.
Ірі мал шаруашылығы кешендерін салуға байланысты ресей өндірісіндегі құрама жем зауытының жабдықтарын сатып алу мәселесі пысықталуда.
Облысымыздың құс фабрикалары асыл тұқымды жұмыртқа және тәуліктік балапан стапы алу бойынша Челябі және Свердлов обллыстарының құс шаруашылықтарымен өзара тығыз ынтымақтастықты жүзеге асыруда.
Инвестициялық жобалар
2010-2014 жылдары индустриализация Картасының шеңберінде 44,9 млрд. теңге қаржы бөлуімен және 2061 жұмыс орын құруымен 56 инвестициялық жоба пайдаланымға енгізілді.
2016 жылға 330 жаңа жұмыс орын құруымен, 7,5 млрд.теңге сомасына 40 инвестициялық жобаларын пайдаланымға енгізуі жоспарлануда.
Саланың дамыту жағдайдың SWOT-талдауы:
Күшті жақтары (S)
1. Облыс бидай және бидай ұнын өндіру бойынша жетекші орында келеді;
2. АӨК даму бағдарламасын мемлекеттің қолдауының анағұрлымлылығы;
3. Жер және су ресурстарымен қамсыздығы;
4. Агротехнологиялардың жиналған үлкен тәжірибесі.
5. Облыстың РФ шекарасында қолайлы геоэкономикалық жайғастыруы.
|
Әлсіз жақтары (W)
1. АӨК төмен еңбек өнімділігі;
2. АӨК субъектілері тиімділігінің төмен деңгейі;
3. АӨК шикізат бағыттылығы.
|
Мүмкіндіктері (O)
1.Ауыл шаруашылық шикізатты қайта өндіру дәрежесін ұлғаю.
2.Өтім рыногын ұлғаю, өндірісті кеңейту.
|
Қауіп-қатерлері (T)
1.Саланың өніміне бағаның ішкі мен сыртқы конъюнктурасының нашарлануы;
2.Табиғатты-ауа-райылық жағдайлардың қолайсыз өзгерістері (су ресурстар тапшылықтың өсуі, ауа-райылық жағдайлардың құбылмасы).
3.Жер, су, биологиялық ресурстардың тозуы.
|
Ағымдағы және әлеуетті проблемалары:
Өндіріс инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы;
Машина-тракторлық парктың техникалық жабдықтың жеткіліксіз деңгейі;
Өндірісте жаңа прогрессивтік технологиялардың әлсіз енгізуі.
Даму беталысы:
- импорт орнын басатын өндірістерін дамыту және экспорттық потенциалын іске асыру;
- саланың мемлекеттік тиімді қолдауын қалыптасу;
- ІҚМ еттің экспортын;
- май, дәнді және тағы басқа дақылдар өндірістерін кеңейту
Ветеринария
Облыста мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі мен эпизоотикалық қолайлылығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдануда.
Облыстың барлық аудандары мен қалаларында 416 ветеринар мамандары жұмыс істейтін (қамтамасыз етудің 96) 236 ветеринарлық пунктпен мемлекеттік ветеринарлық ұйымдар (МВҰ-ветстанциялар) құрылды.
Ветеринарлық пунктерімен ветеринарлық ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтауға 2013-2014 жылдары ресспубликалық бюджеттен 1 млрд. 600 млн.теңгеден астам қаражат бөлінді. Екі жыл ішінде бекітілген заттай нормаларға сәйкес қажетті техникалық құралдар мен жабдықтар, сондай-ақ ветеринарлық құралдар мен ұйымдастыру техникасының толық жинағы сатып алынды, бұл облыстың барлық аумағында втеринарлық-санитарлық тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
2012-2015 жылдары жануарлардың барлық түрлері бойынша аса қауіпті аурулардың алдын алу және диагностикасы бойынша ветеринарлық-алдын алу жұмыстары жүргізілді. Жыл сайын бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 600 млн.теңге қаржы қаражаты бөлінеді.
Жануарлардың эпизоотиялық аурулары бойынша өңірде ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына жануарлардың эпизоотиялық ауруларының алдын алу бойынша ветеринарлық дәрі-дәрмектерді орталықтаныдырып сатып алуға және оларды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызмет көрсетуге қаржы қаражаты бөлінеді. 2015 жылы 34,0 млн.теңге сомасына бюджеттік қаражат бөлінді. Жануарлардың эпизоотиялық ауруларының 7 түрі бойынша алдын алу іс-шаралары жүргізілді (жылқыларды жуындыру, ірі қара малды гиподерматозы және трихоитиясы, жылқылардың параскаридозы, шошқалардың аскаридозы және тілмесі, ұсақ қара малдың псороптозы).
Облыстың ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайы тұрақты. Қостанай облысы аусылға қарсы вакцина қолданылмайтын, аймақ болып табылатын республика облыстарының қатарына кіреді, бұл өз кезегінде, ауылшаруашылық өндірушілеріне өз өнімдерін республикадан тыс жерлерге шығаруға мүмкіндік береді.
2015 жылдың қорытындылары бойынша облыста – құтыру, пастереллез, қарасан сияқты инфекциялардың табиғи ошақтарының пайда болуы бірлі-жарым жағдайлар ғана тіркелген. Республикалық эпизоотияға қарсы жасағы эпизоотиялық жағдайы нашар пункттерде жою және сауықтыру іс-шараларын уақытында жүргізді.
Облыс аумағында ірі қара мал бруцеллезі бойынша эпизоотиялық жағдай соңғы 10 жылдың ішінде қиын болып отыр. Жеке ауылшаруашылық құрамаларында, сондай-ақ жеке аулаларда да ірі қара мал бруцеллезінің жұқпалылығы кезінде, облыстың ветеринария қызметі белгілі әкімшілік аумаққа шектеулі іс-шаралар жүргізу жолымен инфекция ошақтарын жедел оқшаулау және жою қамтамасыз етіледі.
Жануарлардың инфекциялық ауруларын диагностикалау мақсатында бруцеллезді серологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Мәселен, 2015 жылы тексерілген 644,269 мың бас ірі қара малдың ішінен 5592 басы бруцеллезге оң әрекет етіні анықталды, жұқпалылығы 0,87%-ды құрады (2014 жылы 0,98%-ды құрады).
21-кесте
2012-2015 жылдары аралығындағы бруцеллездің жұқпалылық серпіні
Жылы
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
Жұқпалылығы (%)
|
0,7
|
0,6
|
0,98
|
0,87
|
Ауылшаруашылық жануарларының жаңа туған төлін бірдейлендіру және «Ауылшаруашылық жануарларын сәйкестендіру» деректер базасына енгізу бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізілуде. 2015 жылы сәйкестендірілді: ІҚМ – 150749 бас (жоспарға 112 %), ҰҚМ – 123353 (107%), жылқы – 23922 бас (111 %), шошқа – 85801 бас (107 %), түйе – 19 бас (106 %).
22-кесте
2012-2015 жылдары ІҚМ және ҰҚМ сәйкестендірілді
Жылы
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
ІҚМ (бас)
|
126335
|
127821
|
134682
|
150749
|
ҰҚМ (бас)
|
297541
|
118714
|
112442
|
123353
|
Облыста 29 мал соятын орын және 61 мал соятын алаң жұмыс істеуде, 267 мал қорымы бар, оның ішінде 28-үлгілік, 239-қарапайым.
Ветеринарлық-санитарлық және тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша шамамен бес мың бақылау объектілері есепке алынды. Мал шаруашылығы өнімін сату бойынша мал қорымдарында және алаңдарында, сондай-ақ азық-түлік және мамандандырылған дүкендерде күнделікті бақыланып отырады.
SWOT-анализ состояния развития отрасли:
Күшті жақтары (S)
Облыстың ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайын сақтау.
Белгілі әкімшілік аумаққа шектеулі іс-шаралар жүргізу жолымен инфекция ошақтарын жедел оқшаулау және жою қамтамасыз ету.
2.Жануарлар және адам үшін, ортақ аурулардан халықтың денсаулығын сақтау.
3. Заманауи жоғары технологиялық ветеринарлық жабдықтардың болуы және ветеринарлық дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілу.
|
Әлсіз жақтары (W)
1. Жануарлар басының көптен бір бөлігі жеке аулаларда, бұл ветеринарлық бақылауды қиындатады.
2. Халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі және халықаралық ұйымдарға әлсіз үдемелілігі.
|
Мүмкіндіктер (O)
1. Ынталандырудың экономикалық тетіктерін ендіру кезінде өнімділікті арттырудың жоғары әлеуеті.
2. Басқару үшін халықаралық стандарттарды қолдану.
|
Қатерлер (T)
Табиғи –климаттық жағдайлардың қолайсыз өзгеруі (су ресурстары тапшылығының өсуі, құрғақшылық жылдары азық базасының жетіспеушілігі және т.б.)
2. Аса қауіпті инфекциялардың тарауынан экономикалық зардап шегу.
|
Ағымдағы және әлеуетті проблемалар:
Ветеринария саласында заңнамалық базаның жетілмеуі.
Ветеринария мамандарымен қамтамасыз етілудің жеткіліксіз пайызы.
Құлақ сырғаларын жоғалтудың көп үлесі.
«АЖС» веб-портал деректер базасының жұмысындағы іркілістер.
Даму беталысы
Отарлы мал шаруашылығындағы ветеринарлық ахуал кезінде ІҚМ етін экспорттауды дамыту.
Ауыл шаруашылығы мал басының санын арттыру.
Ветеринариядағы үдерістерді тиімді бақылау үшін ақпараттық технология енгізу.
Ветеринарлық ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтау және жаңарту.
Ветеринария мамандарын есепке алу, даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру.
Шағын және орта кәсіпкерлік, сауда
Облыс экономикасының дамуының басым бағыты шағын және орта бизнестің дамуы болып табылады.
ШОК құрамында тіркелген субъектілердің ең үлкен үлесі жеке кәсіпкерлерге жатады 2012-2014 жылдары бойынша 80,5%, заңды тұлғалар 11,8%, ФШҚ 7,7% құрайды.
ШОК құрамында тіркелген субъектілердің ең үлкен үлесі:
- белсенді (әрекет етуші) субъектілердің көп үлесі жеке кәсіпкерлерге келеді (2012-2015 жылы орташа – 81,4%). Белсенді (әрекет етуші) субъектілердің жалпы санынан ФШҚ 10%-ды, заңды тұлғалар – 8,5%-ды құрады.
- өзін-өзі жұмыспен қамтыған субъектілер саны заңды тұлғаларға 48,8%-дан келеді, жеке кәсіпкерлер – 44,9% және ФШҚ орташа 7,0%-ды құрады;
- ШОК субъектілері өндірген өнімі заңды тұлғаларға келеді (2012-2015 жылдары орташа – 74,9%). ШОК субъектілері шығарған өнімнің жалпы көлемінен ШОК орташа 11,9%-ын, ДК – 13,2%-ын шығарады.
2015 жылдың қорытындылары бойынша жалпы өнірлік өнімде ШОК үлесі 22,3% құрады. Басқа аймақтарымен салыстырғанда 2015 жылы осы көрсеткіші бойынша облыс Республика бойынша 6 орын алды. Сонымен бірге, 2012 жылмен салыстырғанда ЖӨӨ құрамында ШОК үлесі 2014 жылы 4,6%-ға ұлғайды (17,7%) және 2013 жылмен салыстырғанда ШОК үлесі 4,7%-ға ұлғайды.
23-кесте
Өңірдегі ШОК дамуының негізгі көрсеткіштері
Көрсеткіштер
|
Өлшем бірлігі
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015*
|
ШОК тіркелген субъектілердің саны
|
бірл.саны
|
70 570
|
77 524
|
82914
|
69471
|
ШОК белсенді субъектілердің саны
|
бірл.саны
|
41464
|
45097
|
46 067
|
60368
|
ШОК субъектілердің жалпы санын ішінде белсенділердің үлесі
|
%
|
58,8
|
58,1
|
55,6
|
86,9
|
ШОК-те қолы бос емес саны
|
бірл.саны
|
129 343
|
136 646
|
147 668
|
155275
|
ШОК субъектілермен өнімнің шығаруы
|
млн. теңге
|
335 945
|
370 764
|
503 151
|
485624
|
* 2015 жылғы жедел деректер
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Бизнес жол картасы-2020» Бағдарламасы (бұдан әрі-БЖК-2020) іске асыруда.
Қостанай облысының БЖК-2020 іске асыру үшін республикалық бюджеттен 2012 – 2015 жылдары бойынша 8,6 млрд. теңге берілген, 419 жоба субсидияланды, 129 кредит бойынша ішінара кепілдендірілді, 59 грант берілген. 4 131 жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін 5 836 сервистік қызмет көрсетілді.
24-кесте
«Бизнес жол картасы-2020» Бағдарламаның шеңберінде қаржы қолдау алған жобалардың саны
Қолдау құралдары
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
Барлық бағыттары бойынша субсидиялау
|
110
|
67
|
103
|
116
|
Кепілдік
|
8
|
15
|
37
|
64
|
Гранттар
|
7
|
13
|
12
|
27
|
Өндірістік инфрақұрылымын дамыту
|
5
|
6
|
4
|
3
|
БЖК-2020 бойынша шамаларын іске асыру нәтижесінде 2012-2014 жылдары 2,3 мыңнан астам жұмыс орын құрады және 14,6 мыңнан астам жұмыс орын сақталды.
БЖК-2020 шеңберінде «Кәсіпкерлерді қаржылық емес қолдау» 4-бағыты іске асырылуда, оның шеңберінде «Бизнес-кеңесші» компоненті бойынша 2012-2015 жылдары 4 754 кәсіпкер «Топ-менеджментті оқыту» компонентінің шеңберінде – 91 ШОК басшылары, «Іскерлік байланыстар» компонентінің шеңберінде – 170 кәсіпкер оқыды, 18 кәсіпкер шет елде оқытылды, «Аға Сеньор» компоненті бойынша – 11 кәсіпкер, «Жас кәсіпкер мектебі» компонентінің шеңберінде – 60 кәсіпкер оқытылды.
Саланың дамыту жағдайдың SWOT-талдауы:
Күшті жақтары:
1.Мемлекеттік бағдарламалардың шеңберінде мемлекеттік қолдауының шамалары.
2.Аумақтың жайғастыруы, облыс РФ-мен шектеледі.
3.Аумақтар экономиканың инвестициялық жобаларын іске асыру түрінде өсу нұсқалары бар, Жітіқара, Қостанай қалаларында индустриалдық жобаларын құру.
4.Бұршақ құратын және жүйелер құратын кәсіпорындар бар.
|
Әлсіз жақтары:
1.Аумақтың экономикасын дамытудың жоғары тәуелділігі.
2.Екінші деңгейдегі банктардың несиелеу көлемдерін төмендету, сонымен бірге несиелердің орта өлшенген пайыз ақысын ұлғаю.
3.Статистика органдармен облыс шеңберінде ШОК әрекеттегі субъектілердің есебі жүргізілмейді, сонымен байланысты жедел қолдау және тиісті шамаларды қабылдау үшін облыс аумақтарында төмендеуін немесе өсуін қадағалау мүмкін емес.
|
Мүмкіндіктері:
1.Өзін жаулап алынған халықтың бары. 2.Қажетті қолдау көрсету үшін аумақтардың мамандандыруын анықтау.
3.Шағын мен орта кәсіпорындары құру үшін аутсорсинг базасында кәсіпорындармен орналастыру.
|
Қауіп-қатерлері:
1.Макроэкономикалық айналымда қолайсыз өзгерістер.
2.Кәсіпкерлікті қолдау бойынша шаралардың жеткіліксіз қаржыландыру.
|
Ағымдағы және әлеуетті проблемалар:
Жеке меншік қаражат айналымының, кепілге берілетін мүліктің жеткіліксіздігіне, сыйақы беру мөлшерлемесінің жоғары пайызына байланысты ШОБ субъектілеріне кредит беру қиындығы
білікті кадрлардың тапшылығы;
электрондық сауданың дамымауы.
Ішкі сауда
Облыста соңғы жылдары ішкі сауда саласында тұрақты оң серпін байқалуда: халыққа сату көлемінің ұлғаюы, сауда желісі мен қызметтер инфрақұрылымының дамуы, оның ішінде осы заманғы технологияларды қолдана отырып, тауарларды сату үдерісін іске асыратын сауда обьектілері.
Мәселен 2015 жылы облыс бойынша көтерме тауар айналымы 421,6 млрд. теңгені құрады және 2012 жылмен салыстырғанда 17-ға ұлғайды.
2015 жылы бөлшек тауар айналымының жалпы көлемі 234,4 млрд.теңгені құрады және 2012 жылға қарағанда 39,1-ға ұлғайды. Бөлшек сауданың НКИ 98,2ды құрады.
Қоғамдық тамақтану кәсіпорындардың қызмет көрсету көлемі тұрақты ұлғаю тенденциясын көрсетуде, талданып отырған мерзім аралығында (2012-2014 жылдары) 3,6 млрд. теңгеден 6,2 млрд. теңгеге дейін немесе 1,7 есе ұлғайтылды.
Мамандандырылған дүкендер, супер және гипермаркеттер, сауда орталықтарының желілері дамып келеді, бұл қоғамдық тамақтану, тұрмыстық және қаржылық қызметтерді қоса алғанда, тауарлар мен қызметтердің неғұрлым кең сұрыптамасын қамтамасыз етуге, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер сапасына кепілдік беруге мүмкіндік береді.
2016 жылдың 1 қаңтарына облыста 7286 сауда обьектісі, олардың ішінде 3665 бірл. ауылдық елді мекендерде, 955 қоғамдық тамақтану обьектілері, оның ішінде ауылдық жерлерде 506-і бар.
Облыста әрекеттегі сауда базарлардың паспорттандыру жүргізілді, 2015 жылдың қорытындылары бойынша облыста 46 сауда базары, 7,3 мың сауда орындары тіркелген. Қалалық жерлер бойынша 27 базар, ауылда – 19 тіркелген. Базарлардың түрлері бойынша азық-түлік - 3, азық-түлік емес - 18, мамандандырылған - 2 және әмбебап - 23 болып бөлінеді. 46 сауда рыногының – 44 бөлшек және 2 көтерме-бөлшек; санаты бойынша: 1 рынок - бірінші, 15 рынок – екінші және 30 рынок – үшінші санатты.
Облыста дамыған сауда инфрақұрылымын құру жөніндегі жұмыстар бойынша сауда объектілерін заманауи сауда нысаны мен әдістерін қолдана отырып, сатып алушыларға қызмет көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сауда-технологиялық жабдықтармен жарақтандыру бойынша іс-шаралар жүргізілуде, мамандандырылған, сондай-ақ әмбебап бағдардағы ірі сауда кешендер желілері дамып жатыр.
Облыс аймағында «ТОТ» бөлшек сауда дүкендерінің желісі орналастырылған («Меркурий 2030» ЖШС), Қостанай қаласында «Норма» маркет желісі («КВАРД ЛТД»), «Астықжан» сауда орталығы және «Тамаша Маркет» ЖШС бар.
Сонымен бірге, облыста 47 әлеуметтік дүкен (оның ішінде 1 көтерме-бөлшек сауда рыногы), 65 бөлім және 45 сауда нүктесі бар.
Сауда орындарында инфрақұрылымды жетілдіру, жергілікті тұтынушылырадың жергілікті өнімдер мен тауарлар туралы хабардар болуы, жергілікті тауар өндірушілердің жәрмеңкесін ұйымдастыру, өңірлік рыноктар туралы ақпаратты жариялау, заманауи сауда форматтары алаңдарының санын және олардың бөлшек саудадағы жалпы айналымындағы үлесін ұлғайту бойынша жұмыстар жалғауда, «Қазақстанда жасалған» акциясын көпшілікке тарату бойынша жұмыс жалғасып жатыр.
Саланың дамыту жағдайдың SWOT-талдауы:
Күшті жақтары:
1. Шағын мен орта кәсіпкерлік субъектілердің, өндірілетін өнімдер, қызметтер, оның ішінде көлемдерінің сандық ұлғаюы.
2. Шағын кәсіпкерлік дамытудың нарық инфрақұрылымның болуы: кәсіпкерлікті дамыту «Даму» Қоры АҚ, ШНҰ, кәсіпкерлер ассоциациялары, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары.
3.«Бизнес жол картасы 2020» бизнестің қолдау мен даму Бірыңғай бағдарламасы моноқалалардың кәсіпкерлері үшін және өз қызметтерін ауылды жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін мүмкіндіктер береді.
4. Кәсіпкерлікті қолдауға арналған бюджеттік шығындардың жыл сайынғы ұлғаюы.
|
Әлсіз жақтары:
1. Салалық теңгерімсіздік және шағын және орта бизнестің әртараптанудың төмен деңгейі.
2. Электрондық сауданың нашар дамуы.
4. банк кредиттерінің жоғары пайыздық сыйақы мөлшерлемесі.
|
Мүмкіндіктері:
1. Ауыл шаруашылық өнімін терең қайта өңдеуді ескере отырып, ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпорындардың шикізаттық бағыттарынан шығу.
2. Шағын кәсіпкерліктің өндірістік инфрақұрылымын дамыту үшін әлеуеттің болуы.
3.Нарықта сұраныс пен ұсыныс, бәсекелестер, шикізатты жеткізуші туралы ақпарат банкін құру.
4.Шағын кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуін қамтитын нарық инфрақұрылымын даму.
5.ШОК консалтингілік және консультанциондық қызметтерді көрсету.
|
Қауіп-қатерлері:
Ішкі нарықтың импортқа тәуелділікті ұлғайту.
2. Теңгенің құнсыздануына байланысты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуі.
|
Негізгі проблемалар
Дамыған көлік-логистикалық жүйесінің жоқтығы.
Жөнге салынған рынок өтімінің болмауы ұсақ тауар өндірушілерге өздігінен (делдалсыз) шығарылған өнімдерді облыстың ішкі рыногында, сондай-ақ оның шегінен тыс жерлерде сатуға кедергі келтіреді.
Қысқа уақытқа қаттау жүйесінің дамымауы.
Даму беталысы
Франчайзинг және аутсорсинг көзқарасында ірі мен орта кәсіпорындармен өзара тиімді қатынастарды реттеу.
Нарықтағы сұраныс пен ұсыныс, бәсекелес, шикізатті жеткізу туралы ақпарат банкін құру.
Шағын кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін нарықтық инфрақұрылымын дамыту.
Аймақаралық ынтымақтастық
Қостанай облысында еліміздің өңірлер арасында республика ішіндегі кооперация тамақ, хиимия, жеңіл өнеркәсіп, машина жасауда реттелген.
Өңіраралық кооперацияның нарықтық әлеуеті өңірде ауылшаруашылық тауар өндірушілер мен ауыл шаруашлығын қайта өңдеу кәсіпорындарының барлығына байланысты.
2013 жылы ҚР басқа өңірлерінен сатып алынған тауарлардың үлес салмағы 45,6-ды құрады (39,5 млрд.теңге).
2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда облысқа 11,6ға (34,9 млрд.теңге) төмен тауар сатып алынды және үлес салмағы 13,1ды құрады.
Резидент емес заңды тұлғалардан 2014 жылы 12,8 млрд.теңге сомасына тауар сатып алынды. Тауарлардың үлес салмағы 2013 жылмен салыстырғанда төмендеді және 13,3ды құрады (2013 жыл – 15,9).
2015 жылы басқа өңірлерден сатып алынған тауарлардың үлес салмағы 59,7немесе 168,3 млрд.теңгені құрады.
2015 жылы тауардың неғұрлым көп көлемі Алматы қ. кәсіпорындарынан сатып алынған – 5,3 млрд.теңге (11,1), Солтүстік-Қазақстан облысы – 5,0 млрд.теңге (10,6), Павлодар облысы – 4,2 (8,9), Ақмола облысы – 3,6 млрд.теңге (7,6), Қарағанды облысы – 3,5 млрд.теңге (7,4), Астана қ. -1,6 млрд.теңге (3,4), Оңтүстік-Қазақстан облысы – 1,4 млрд.теңге (3,1), Ақтөбе облысы – 1,2 млрд.теңге (2,5).
Облыстармен оңтүстік макроөңірлер шеңберінде кәсіпорындар арасында машина-техникалық өнім және металл бұйымдары секторында, машина жасау бұйымдарын жеткізу бөлігінде өңіраралық сауданы дамыту әлеуеті бар. Облыстың машина жасау кәсіпорындары шығаратын өнімдер «AllurAuto» ЖШС-не (Алматы қ.) жеткізіледі.
Металлургия саласының жобаларын пайдалануға енгізгеннен кейін Республикамыздың оңтүстік облыстарына метал прокатын өткізу реттелетін болады.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірлерімен химия, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп саласында ынтымақтастық меорандумдарын жасау қажеттігі бар.
Өңдеу өнеркәсіптерінде өндіріс көлемінің ұлғаюы үшін Астана қаласымен және солтүстік өңірге кіретін облыстармен өзара іс-қимыл жасау талап етіледі.
Солтүстік макроөңірдегі облыстарда аграрлық бағдар бар, астана айналасында азық-түлік белдеуін құра отырып, Астана қаласымен тамақ өнімдерін жеткізуде меморандумдар мен келісімдер жасау бойынша шаралар қабылданатын болады.
Облыстың кәсіпорындары республиканың барлық өңірлеріне жеткізіліп отырады. «Баян-Сұлу» АҚ кондитерлік бұйымдарды барлық облыстарға жеткізеді. «Алтын Өмір» ЖШС алкогольді және алкогольсіз сусындарды Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Шығыс-Қазақстан, Солтүстік-Қазақстан облыстарына жеткізеді. «Арасан» фирмасы» ЖШС Рудный филиалы рспубликаның барлық өңіріне, Астана және Астана қалаларына жеткізуді жүзеге асырады. Ұн өндірісі мыналар өткізеді: «Костанайский мелькомбинат» АҚ (барлық облыстар, Астана және Алматы қалалары), «Romana - нан» ЖШС (Оңтүстік-Қазақстан, Шығыс-Қазақстан, Солтүстік-Қазақстан, Қызылорда, Ақмола облыстарына) «Аруана – 2010» ЖШС (Ақтөбе, Оңтүстік-Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарына). Шұжық және ет деликатестерін «Қарасу-Ет» ЖШС, «Аян-Озат» ЖШС кәсіпорындары Ақтөбе, Ақмола облыстарына және Астана қаласына жеткізіп отырады. Сүт өнімдері «ДЕП» ЖШС Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Павлодар, Петропавл, Балхаш, Атбасар қалаларына түсіріледі. «МИЛХ» ЖШС сүт өнімдерін АСтана және Алматы қалаларына және де оңтүстік өңірді қоспағанда, республиканың барлық облыстарына жеткізеді.
2015 жылы басқа өңірлерге түсірілген өнімнің көлемі (саны 50 адамнан астам өнеркәсіп кәсіпорындары бойынша) 130,8 млрд.теңгені құрады (2014 ж. – 367,4 млрд.теңге).
Өңірде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында тұрақты негізде ақапараттық-презентациялық жұмыс жүргізіліп отырады (көрмелер, бизнес-конференциялар, семинарлар, кездесулер).
Саланың дамыту жағдайдың SWOT-талдауы:
Күшті жақтары (S):
Өндейтін өнеркәсіп көлемінің ұлғаюы, бұл шектес салаларды, кадрларға сұранысты, технологиялардың дамуына себепші болады;
2.ИИДМБ шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары (индустриаландыру Картасы, Өндірістік Бағдарламалар 2020, Экспортшы 2020);
3. ИИДМБ шеңберінде шектес өнеркәсіп, ауылшаруашылық салаларында өндірістің өсуі (металлургия, машина жасау, қайта өңдеу).
|
Әлсіз жақтары (W)
1.Аумақтың экономикасы шикізат пен металлдар бағаларына әлемдік конънктурасынан дамуының жоғары тәуелділігі;
2.Өнеркәсіп құрамында тау-кен өнеркәсіптің үлкен үлесі (осал экономиканың өсімі, басқа секторларға инвестицияны тарту төмендігі);
3. Дайын бұйымдар мен жабдықтарды өндіру бойынша кәсіпорындардың тәуелдігі.
|
Мүмкіндіктері (О):
1.Құрылыс материалдар өндірісті, металлургияны дамыту үшін бай минералдық-шикізат базасының бары;
2.Отандық таурлар өндірушілердің сыртқы экономикалық қолдауы.
|
Қауіп-қатерлері (Т):
1.Әлемдік экономикаға бірігуге байланысты өңірлік экономикада бәсекелестіктің төмендеуі;
2.Табиғи ресурстардың тозуы.
|
Ағымдағы және әлеуетті проблемалар
ҚР Солтүстік өңірі, ел іші және ЕВРАЗЭС тараптары шеңберінде өңіраралық кооперацияны дамыту бойынша өңірдің Жол картасы әзірленбеген.
Даму перспектикасы
өңірде ұлттық ауылшаруашылық кластерін құру шеңберінде ауыл шаруашылығы секторы кәсіпорындары;
өңірде шығарылмайтын өнімдерді жеткізу бөлігінде Қазақстанның басқа да облыстарымен кооперация;
индустриалдық аймақ аумағында ҚР басқа өңірлерінде және ЕАЭК-да өткізуге көзделген тауарлар шығару үшін процессингтік орталықтар құру.
Инвестициялық қызмет
Қостанай облысы бойынша 2012-2015 жылдардағы негізгі капиталға инвестицияларды талдау 2012-2014 жылдардағы көрсеткіште жыл сайынғы өсу қарқыны болғанын көрсетіп отыр (НКИ: 2012 ж.- 102,7%, 2013 ж. 105,5%, 2014ж. -101,6%), алайда ол 2015 жылы төмендеп кетті (НКИ-82%).
2015 жылы инвестициялар 2012 жылмен салыстырғанда 0,5-ға төмендеп, 163 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 820 құрады (республика аймақтардың арасында 14 орын). Республика бойынша бұл көрсеткіш – 103,7.
Облыс инвестицияларының үлесі республика көлемінде 2,3-ды құрады (РК негізгі капиталға инвестициялар көлемі – 7024 млрд. теңге).
2015 жылы инвестициялар 2012 жылмен салыстырғанда 778 млн. теңгеге төмендеді (164 млрд. теңге).
2012-2015 жылдары экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі капиталға инвестициялар мынадай салалар бойынша ұлғайды:
өңдеу өнеркәсібінде 2 млн. теңге (2012 ж. – 12,4 млрд. теңге, 2015 ж. –12,6 млрд. теңге);
сумен жабдықтауда 9,3 млрд. теңге (2012 ж. – 284 млн. теңге, 2015 ж. –9,6 млрд. теңге;
тау-кен өнеркәсібінде 4,3 млрд. теңге (2012 ж. – 56,4 млрд. теңге, 2015 ж. – 60,7 млрд. теңге);
Негізгі капиталға инвестициялардың негізгі қайнар көзі кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың меншікті қаражаттары болып табылады. Осы қайнар көздің инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы 2015 жылы 75,3%-ды құрады. Тартылған қаржат есебінен – 2,3, банк кредиттері – 5,3%, бюджетік қаражаттар 17,1%-ды құрады.
2014 жылы негізгі капиталға салымдардың басым бөлігі өнеркәсіпке – 86,8 млрд. теңге (негізгі капиталға ивестициялардың көлемінен 53,3%) бағытталды, оның ішінде тау-кен өнеркәсібіне – 60,7 млрд. теңге, өңдеу өнеркәсібіне – 12,6 млрд. теңге, электрмен жабдықтау, газ беру, бу және ауа реттеуге 3,9 млрд. теңге, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қоқыстарды жинақтау мен таратуды бақылауға – 9,6 млрд. теңгені құрады.
Ауыл, балық және орман шаруашылығына инвестициялар – 27,3 млрд. теңге (16,7%), көлік және жинақтауға – 15,4 млрд. теңге (9,4%), жылжымайтын мүлікпен операцияларға – 19,3 млрд. теңге (11,8%), білім саласына 2,3 млрд. теңгені (1,4%) құрады.
2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы облыс аудандары мен қалаларында (Денисов-75,7%, Жітіқара-64,9%, Наурызым-56,6%, Таран-28,8%, Федоров-72,9%, Рудный-55,2%, Арқалық-93,7%) ауыл шаруашылығына арналған инвестициялары төмендеді.
Инвестицияларды игеруге индустриализациялау шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыратын кәсіпорындар белгілі бір үлесін қосып отыр.
Индустриализациялау картасын іске асырудың бірінші бес жылдығы шеңберінде 115,8 млд.теңге сомасына 77 объекті пайдалануға берілді. 4753 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылды. Оның ішінде: индустрия саласында жылпы сомасы 73,2 млрд.теңгеге 22 объект пайдалануға берілді, 2710 жұмыс орны ашылды; АӨК саласында жалпы сомасы 42,6 млрд.теңгеге 55 объект, 2043 жұмыс орны ашылды (2011 жылы құны 24,6 млрд.теңге 28 объект , 1081 жұмыс орны ашылды; 2012 жылы – құны 20,8 млрд.теңге 20 объект, 1298 жұмыс орны ашылды; құны 39 млрд.теңге 11 инвестициялық жоба, 844 жұмыс орны ашылды).
2014 жылы, 14,5 млрд. теңге сомасына 8 объект енгізілді, 455 жұмыс орны ашылды.
2015 жылы 4,9 млрд.теңге сомасына 4 инвестициялық жоба іске асырылды, 126 жұмыс орны ашылды.
Инновациялық даму
2015 жылдың қорытындылары бойынша облыстың 1502 кәсіпорынның инновациялық қызметіне статистикалық бақылау жүргізілді, ондағы 203 шаруашылық субъектісінде технологиялық инновация болды (2014 ж. – 204 кәсіпорын, 2013 ж.-164 кәсіпорын).
Инновациялық өнімдер көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 18,0%-ға төмендеп, 47252,6 млн.теңгені құрады, оның 35164,9 млн.теңге сомасына өнім өткізілді. Экспортқа жеткізілген инновациялық өнім көлемі 5712,8 млн.теңгені құрады.
Талданып жатқан кезеңде инновация шығындары 4084,4 млн.теңгені құрады. Бұл ретте, инновацияға кәсіпорындардың жұмсаған меншікті қаражаты 2202,6 млн.теңгені құрады, бұл инновациялық қызметті іске асыруға арналған жалпы шығындардың 53,9%-ын құрады.
Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 2012-2015 жылдары – 0,4ға ұлғайды және 14,5ды құрады.
Инновация саласының барлық түрлері бойынша неғұрлым жоғары белсенділік ірі кәсіпорындар арасында байқалды және 35,2ды құрады (125 есеп берген ірі кәсіпорындардың ішінен 44 кәсіпорын инновацялық қызметті жүзеге асырды).
Инновациялық өнімнің көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 6,3 есеге азайды және 47252,6 млн.теңгені құрады, оның 35164 млн.теңге сомасына өнім өткізілді. Экспортқа жеткізілген инновациялық өнімнің көлемі 5712,8 млн.теңгені құрады.
2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда өнімдік және процесті инновацияларға шығындар 1,5 есеге ұлғайып, 4084,4 млн. теңге құрады (2014 жылы – 26991,6 млн. теңге). Бұл ретте, кәсіпорындардың меншікті қаражаты 2202,6 млн. теңгені құрады, бұл инновациялық қызметті атқарудағы жалпы шығындар көлемінен 53,9ды құрады.
Ішкі шығындарды қаржыландыру көздердің құрамында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарына тартылған қаражат есебінен ҒЗТКЖ – 95,2,9, меншіктік қаражат есебінен – 4,8. Қаржыландырылды.
Ұйым қызметін талдау ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының басым бағыты ауылшаруашылық ғылым саласындағы зерттеулер болып табылады, оның ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарына ішкі шығындардың жалпы сомасындағы үлес салмағы 74,6%-ды құрады. Инженерлік әзірлемелер мен технология саласында -11,7табиғи ғылым – 3,1және гуманитарлық ғылым -2,4% алып отыр.
2015 жылы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарымен 574 маман, олардың ішінде 462 адам зерттеуші-мамандар болып табылады. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын орындайтын ғылым докторларының саны – 34 адам, профиль бойынша докторлар – 3 адам, Phd философиясының докторлары – 9 адам, ғылым кандидаттарының саны – 181 адам және магистрлер саны – 103 адам.
Облыста «Моноқалаларды 2012-2020 жылдарға дейінгі дамыту» бағдарламасының шеңберінде Жітіқара қ. индустриалдық аймағына қажетті инфрақұрылым құрылысы басталды. Аймақта шағын және орта бизнестің жаңа жобаларын ғана орналастыру жоспарланып отыр.
Қостанай облысы өңірлік үйлестіру кеңесінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 17 шешімімен Жітіқара қаласының индустриалдық аймағына орналастыру үшін инвестициялық жобаларды іріктеу қағидлары бекітілді.
Индустриалдық аймақтарды құру кластерлік тәсіл және жалпы өңірлік онімді дамытудың негізінде заманауи инновациялық өндірістің дамуына байланысты бірқатар міндеттерді шешуге сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашу есебінен жұмыссыздық деңгейін қысқартуға мүмкіндік береді.
Облыста 2012 жылдың сәуірінде инновацияны дамыту бойынша қойылған міндеттерді іске асыру үшін инвестицияларды тарту және инновацияны қолдау орталығы «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ (бұдан әрі - Орталық) ашылды.
Орталық ақпараттық-аналитикалық қолдау көрсетеді, инвестицияларды тартады, инновациялық және инвестициялық қызметті жандандыру жолымен облыстың инновациялық инфрақұрылымын дамытуға, индустриалдық-инновациялық дамуына жәрдем көрсетеді, нақты инвестициялық жобаларға, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізу бойынша жобаларға талдау жасайды және іске асырады.
2015 жылдың ақпанында «ҚИнЭУ инновациялық орталығы» ЖШС инженерлік-технологиялық бюросының «Технологиялық үдерістерді модельдеу және қолдану» лабораториясының базасында Өңірлік инновациялық орталық ашылды, оның құрамына М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті (ҚИнЕУ), «АгромашХолдинг» АҚ, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, «Агротехмаш» ЖШС кіреді.
ӨИО ынтымақтастық үшін ашылды және қазіргі уақытта өңірлік инновациялық орталықтың қызметіне басқа да өнеркәсіп кәсіпорындарын және ЖОО-ын тарту бойынша жұмыжүргізіліп жатыр.
«КИнЭУ» инновациялық орталығы» ЖШС қызметі өндіріс, білім, ғылымның өзара тиімді іс-қимыл жасауына және ЖОО ғылыми-техникалық әлеуетінің өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарымен бірігуіне ықпал етеді және Қостанай облысы индустриализациялау картасын және ИИДМБ екінші бес жылдығын неғұрлым тиімді іске асыруға жәрдемдеседі.
А. Байтұрсынова атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде патенттік-лицензиялық қызмет табысты дамып отыр. Университетте өнертабыстар мен өнеркәсіптік үлгілерге өтінімдер, негізінде техникалық, аграрлық және ветеринарлық бағыттар бойынша қалыптастырылады.
Новацияны дамыту бойынша жұмыстардың шеңберінде облыста 255 019 «Инновациялық тәжірибені тарату және ендіру бойынша қызметтер» бюджеттік бағдарламасы көзделген.
Қостанай облысының агроөнеркәсіп кешенінде (бұдан әрі - АӨК) инновациялық жобаларды іске асыру бойынша іс-шараларды субсидиялау жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
1. Қостанай облысының жағдайына қолданылатын, АӨК саласында қолданбалы сипаттағы ғылыми жетістіктерді (әзірлемелерді) тарату және ендіру;
2. Қостанай облысының табиғи-климаттық, әлеуметтік-экономикалық және өзге де жағдайларына қолданылатын, АӨК субъектілерінде инновациялық агротехнологияны тарату және ендіру.
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың қатысуымен инновациялық дамуды қолдаудың негізгі тетіктерін түсіндіру мақсатында, оның ішінде «Технологиялық даму бойынша Ұлттық агенттік» АҚ арқылы инновациялық гранттар ұсыну бойынша презентациялар, семинарлар, конференциялар тұрақты негізде өткізіледі, сондай-ақ «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жобаларды іске асыруға, оның ішінде инновациялық құрайтын өңірдің кәсіпкерлеріне қаржылық қолдау көрсетіледі (банк кредиттерін кепілдендіру, кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, гранттар бөлу).
Сонымен бірге мемлекеттік қолдау «ТЫҰА» АҚ (Технологиялық ынтымақтастық жөніндегі Ұлттық агенттік) арқылы гранттар бөлу тәсілімен көрсетіледі.
Күшті жақтары
1. Инвестицияларды тарту және инновацияны қолдау орталығы «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ (бұдан әрі - Орталық) ашылды;
«Технологиялық ынтымақтастық жөніндегі Ұлттық агенттігі» АҚ инновациялық гранттар ұсынылады;
2. «Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасын іске асыру шеңберінде инновациялық құрайтын өңірдің кәсіпкерлеріне қаржылық қолдау көрсетіледі
3.Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің базасында қызмет саласына инновацияны дамыту, ғылыми-техникалық әзірлемелерді коммерциализациялау, Қостанай облысының индустриализациялау картасын іске асыруға жәрдемдесу кіретін Консалтинг орталығын ұйымдастыру.
|
Әлсіз жақтары
1. Дәстүрлі өнеркәсіп кәсіпорындарының инновациялық технологияларды ендіру кезінде белсенділігінің төмендігі;
2.Машина жасау кешені инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы: инфрақұрылымның едәуір бөлігін жоғалту (ғылыми зерттеу институттарын, конструкторлық бюроларды, тәжірибелі-эксперименттер базасын, сынақ және техникалық бақылау орталықтарын);
3. Өнімдер өндірісінде құны жоғары қойылған ғылымды қажетсінетін, жоғары технологиялық бұйымдар үлесінің төмендігі;
4. Өндірістің тиімділігін арттыруға кедергі келтіретін, жабдықтардың тозуының жоғары деңгейі;
5. Бар өндірістік сыйымдылықты толық пайдаланбау;
6. Инвестициялық тартымдылықтың төмендігі және кәсіпорындарда айналым құралдарының тұрақты тапшылығы.
|
Мүмкіндіктер
1. Индустриалдық аймақ құру;
2.өңірлік, республикалық және халықаралық іс-шараларға қатысу;
3. «Бизнестің жол картасы 2020» бюджеттік бағдарламасының шеңберінде өнеркәсіп кәсіпорындарын жаңартуды жүзеге асыру;
4. «Өнімділік -2020» бағдарламасының шеңберінде инновациялық технологияларды ендіру жолымен өнеркәсіптік кәсіпорындарда еңбек өнімділігін арттыру;
5.Инвестициялық және инновациялық жобалардың деректер базасын қалыптастыру және тұрақты түрде толықтыру;
6. Диалог алаңын ұйымдастыру.
|
Қауіп
1. Өнеркәсіптің шикізаттық бағыты;
2. Қайта өңдеу өнеркәсібіндегі жекелеген салалардың бәсекеге қабілеттілігінің жеткіліксіздігі;
3. Шикізат бағасының түсіп кетуінің ықтималдығы;
4. Жоғары өмір деңгейінің және экспортқа бағытталған жобалардың бағалық саясатының әсері етуі.
|
Инвестиция және инновация саласындағы негізгі проблемалар:
ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға Кәсіпорын шығындары мен бюджет шығыстарын қысқарту;
кәсіпорындар, облыстың академиялық және сервистік ұйымдары арасындағы байланыстың әлсіздігі;
облыстың инновациялық белсенділігі деңгейінің төмендеуі;
технологияларды коммерциялау мәдениетінің жоқтығы;
инвестиция саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру;
Өңірлік инновациялық жүйенің болмауы.
Достарыңызбен бөлісу: |