Жергілікті қамтуды дамыту
Облыс аумағында импорттық аналогтармен бәсекелес бола алатын көптеген өнімдердің шығарады.
Бұл тауарлардың спектрі мемлекеттік органдар ғана емес, ұлттық компанилар, ірі кәсіпорындар, жер қойнауын пайдаланушылар өткізетін, сатып алу кезінде жергілікті қамтудың негізі болды.
Өңірде сұр тас көмір, темір рудасы, асбест, бокситтер алынады.
Ауыл шаруашылығы өнімі өндіріледі және оны қайта өңдеу бойынша (бидай, ұн, жарма, сүт және ет өнімі, өсімдік майы) кәсіпорындардың тізімі кеңейтіледі.
«АгромашХолдинг», «Агротехмаш», «Дормаш» «Болашақ - А» және басқа да машина жасау кәсіпорындары дестелегіштер, ауылшаруашылық техникасына қосалқы бөлшектер дайындайды, тракторларды, комбайндарды жинайды, маневр тепловоздарын жөндеу.
«Баян Сұлу», «Алтын өмір», «ДЕП», «Милх», «Ирина и К», «Лидер - 2010» тамақ өндірісі және басқа да кәсіпорындарда тамақ өнімдерінің көптеген сұрыптамасы өндіріледі.
Арнайы киім, ұсталық бұйымдар, оттегі сияқты тауарлар, кейбір құрылыс материалдары, баспа және бланктік өнімдер сияқты тауарлар жергілікті жеткізушілерден сатып алынады. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау обьектілері үшін азық-түлік өнімдері негізінде жергілікті жеткізушілерден сатып алынады.
Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамтудың мониторингі облыстың жүйе құраушы кәсіпорындары бойынша жүргізіліп отыр: «Дормаш» ЖШС (ауылшаруашылық және жол техникасының қосалқы бөлшектерін дайындау, тораптары мен агрегаттарын жөндеу); «СарыркаАвтоПром» ЖШС (автомобильдер жинау); «Большевичка» ӨК (тігін бұйымдарын, арнайы киімдер, халық тұтынатын тауарлар шығару); «Қостанай-МБИ» ЖШС (жинақ темірбетон және бетон құрылымдашылары мен бұйымдарын өндіру); «Костанайский мелькомбинат» АҚ (ұн және макорон өнімдерін өндіру); «Қарасу Ет» ЖШС (салқындатылған ет және вакуумдық қаптамадағы жартылай фабрикаттар, сұрыптамалы шұжық өнімдерін өндіру).
2015 жылдың қорытындылары бойынша мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алу кезіндегі облыс бойынша жергілікті қамтудың көлемі: тауарлар бойынша - 47,3-ды құрады, бұл 2013 жыл деңгейінен 16,5%-ға жоғары (2013ж – 30,8%, 2014ж – 47,3%), жұмыстар бойынша – 51,1% (2013ж – 82,1%, 2014ж – 80,6%), қызметтер бойынша – 63,9% (2013ж - 91%, 2014ж -89,5%).
Тау кен рудасы кешені жер қойнауын пайдаланушыларының тауарлар, жұмыстар мен қызметтерін сатып алу кезіндегі жергілікті қамтудың үлесі 2015 жылдың қорытындылары бойынша 46,8%-ды құрады, бұл 2012 жылдың деңгейінен 13,6%-ға артық (2012ж – 33,2%, 2013ж – 37,6%,2014ж – 43,1%), оның ішінде тауарлар бойынша – 21,5% (2012ж – 14,2%, 2013ж – 17,2%,2014ж -18,8%), жұмыстар бойынша – 95,3% (2012ж – 94,3%, 2013ж – 85%, 2014ж – 95%) және қызметтер – 95,6% (2012ж – 95%, 2013ж – 97%, 2014ж – 94,4%).
Облыстың жүйеқұраушы кәсіпорындарының тауарлар, жұмыстар мен қызметтерін сатып алу кезіндегі жергілікті қамтудың үлесі 2015 жылдың қорытындылары бойынша 17,5%-ды құрады, оның ішінде тауарлар бойынша -0,6%, жұмыстар бойынша - 100% және қызметтер бойынша – 98,7% (2013/2014 жыл қорытындылары бойынша тиісінше 46,4%/14,3%, оның ішінде тауарлар бойынша – 12,6%/0,3%, жұмыстар бойынша - 100%/95,8 және қызметтер бойынша – 87,9%/76,3%).
Қостанай облысында өндірілетін бәсекеге қабілетті тауарларды ішкі нарыққа жылжыту мақсатында кеңестер, дөңгелек үстелдер өткізіліп тұрады. Өңірдің кәсіпорындары өңірлік және респуликалық формудар мен көрмелерге қатысады.
Отандық өнімді тарату және қазақстандық қамтуды ұлғайту мақсатында 2015 жылдың 3 ақпанында облыста Премьер-Министрдің орынбасары Б.М. Сапарбаевтың төрағалығымен жергілікті қамту мәселесі бойынша өңірлік кеңес-форум өтті.
2015 жылы 3,6 млрд. теңге сомасына 200 меморандум жасалды, олардың шеңберінде жалпы сомасы 4,6 млрд.теңгеге 914 шартқа қол қойылды.
Ағымдағы және әлеуетті проблемалары
Өнім шығарушы зауыттардың болмауы (кеңсе, шаруашылық тауарлары, тұрмыстық және компьютерлік техника, медициналық жабдықтар, арнайы көлік, сонымен қатар кейбір азық-түлік тауарлары және т.б.) болып табылады. Сондай-ақ, Қазақстанның аумағында шығарылған немесе өндірілген азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың, электр энергиясының, судың және басқа да тауарлық өнімдердің басқа түрлерін жеткізетін жеке жеткізушілер қазіргі уақытта СТ-KZ нысанындағы сертификаттар алған жоқ.
Жеткізушілерде СТ-KZ нысанындағы сертификаттың болса да басқа жағдайларда сертификатта жергілікті қамтудың үлесі 15-20% аспайды. Осығанты байланысты, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда жергілікті қамтудың үлесі аз.
Сондай-ақ, жергілікті қамтуды есептеудің бірыңғай әдістемесіне сәйкес жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде жергілікті қамтудың мардымсыз пайызы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсету кезінде және жергілікті қамтуды есептеу кезінде импорттық өндіріс тауарлары (қазақстанда өндірілмейтін құрылыс материалдары, арнайы жабдықтар, ұйымдастыру техникасы және т.б.) пайдаланылатынымен негізделеді, тапсырыс берушілер жергілікті қамту үлесін жеткізушіде СТ-KZ пішіміндегі сертификаты болған жағдайда ғана көресете алады.
Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектісі үшін СТ-KZ сертификатын алу уақытша да, қаржылық та шығындармен байланысып жатыр. Осыған байланысты, сертификат 1 жыл әрекет етеді, кәсіпкер жыл сайын оны алу шығындарын тартады. Негізінен шағын кәсіпкерлік субъектілерінің көрсетілген себептер бойынша (жеткізушілер өз азық түлік тауарларын қайта өңдеуге) сертификат алуға қызығушылықтары жоқ.
Даму беталысы:
1. Әкімдіктер, ұлттық компаниялар, жүйеқұраушы кәсіпорындар және жер қойнауын пайдаланушылар арасында жергілікті қамту мәселесі бойынша меморандумдар жасау.
2. Қазақстандық өндірушілер үшін бірыңғай логотипін орналастыру бойынша жұмыстар жүргізу.
3. Жұмыс істеп жатқан шағын және орта кәсіпорындарда шығарылатын өнім желісін кеңейту және ірі кәсіпорындар айналасында тапсырыс беруші мен өндіруші арасында оффтэйк келісімшарттар жасауға жәрдем көрсету тәсілімен іргелес өндірістер құру.
4. «Қазақстандық қамту» порталы арқылы мемлекеттік органдардың, жүйе құраушы кәсіпорындардың және ұлттық компаниялардың тауарларын, жұмыстарын және қызметтерін сатып алуда жергілікті қамтудың үлесіне жүйелі түрде мониторинг жүргізу.
Аумақтық құрылыс. Экономикалық өсім орталықтарын дамыту.
Қостанай облысы аумақтық-кеңістіктік қатынаста халықтың өмір сапасын тұрақты дамыту мен арттыруды қамтамасыз ету мақсатында еліміздің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамдық сызбасының негізгі ережелерін, сондай-ақ жергілікті деңгейде әзірленген құжаттарды ескере отырып, дамитын болады. Осылайша, экономикалық даму қажеттіліктерге жауап беретін және ресурстарды тиімді қолдануды қамтамасыз ететін (инвестициялар, инфрақұрылымдар және жұмыс күші және т.б.) аумақтарды дамыту тәсілімен облысты дамыту жоспарланып отыр.
Негізгі стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сүйенсек, мұндай аумақтар («өсім орталығы») облыстың облыс орталығы –Қостанай қаласы, Солтүстік макроөңірдің тірек қалаларының бірі, урбанизация орталығы және моноқалалар: Арқалық (боксит және отқа төзімді саз қазу), Жітіқара (хризотил-асбест рудасын қазу), Лисаковск (тау кен қазу өнеркәсібі) және Рудный (тау-металлургиялық өнеркәсібі).
Қостанай қаласы
Халық саны 231,9 мың адамды құрайды. Қала Қостанай облысының әкімшілік, сауда, индустриалдық және әлеуметтік-мәдени орталығы болып табылады. Ол Тобыл өзенінің сол жағалауындағы қыр дала аймағында орналасқан және 28,4 мың гектарды алып жатыр.
Қваланың бәсекелестік артылықшылығы дамыған инфрақұрылымы, ғылыми қажеттілігі бар, жоғары технологиялық, экспортқа бағытталған өндірісін құру, жоғары білікті мамандардың болуы және Ресей Федерациясымен шектесуі болып табылады.
Қаланың даму перспективасы машина жасаудың, металл өңдеудің, өңдеу өнеркәсібінің дамуымен байланыстырылады. Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде, оның көлемі 90%-ды құрайды. Сонымен қатар әр саладағы ұсақ сұрыпты прокат өндірісінің дамып жатыр. Қостанай қаласында 293 өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс істейді, оның ішінде 46 ірі және орта кәсіпорындарға, 247 шағын өнеркәсіп кәсіпорындарына жатқызылады.
Бұдан басқа, Өңдеу өнеркәсібінің құрылымында 35,9% - машина жасау, 1,6% - жеңіл өнеркәсіп, 4,7% - металл емес бұйымдар өндірісі, 3,3% - резина және пластика бұйымдарының өндірісі алып отыр.
Моноқалалар
Арқалық қаласы
Облыстық маңызы бар қала болып табылады, 1956 жылы құрылды, Халық саны 29,7 мың адам. Облыстық орталықтан Арқалық қаласының арақашықтығы - 454 км. Торғай бастауының Ұлытау тауларының солтүстік шатқалында орналасқан қала Торғай өзенінің ағысы бойынша, сондай-ақ Ұлытау қаласының батыс тарамдарынан арал жанындағы Қарақұмға дейін жалғыз елді мекен болып табылады. Бұл Орталық Қазақстан далаларының құрғақ жерлеріне терең бойлаған бекініс болып табылады.
Арқалық Қостанай қаласының Амангелді ауданымен, Ақмола облысының Жаркент қаласымен, Қарағанда облысымен Ұлытау ауданымен шектеседі.
Қаланың бәсекелестік артықшылығы «Солтүстік-Оңтүстік» темір жолының көлік дәлізін ашу орталық, оңтүстік және батыс Қазақстан нарығына шығуға мүмкіндік берді. Жаңа желіні енгізу Арқалық станциясы бойынша жүк айналымын жылына 3 321 млн.тонна-километрге ұлғайтуға, темір рудасын Железорудный станциясынан Қытайға дейін тасымалдаудың арақашықтығын 50 км—ге қықартуға мүмкіндік берді.
Қаланы дамыту перспективасы тау өнеркәсібінің (боксит және отқа төзімді саз қазу), тамақ өнімдерін шығару және ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеудің дамуымен байланысты. Қалақұрушы кәсіпорын болып «Қазақстан Аллюминийі» ТБРУ АҚ және «Алюминстрой» ЖШС болып табылады.
Жітіқара қаласы
Аудандық маңызы бар қала болып табылады, Жітіқара алтын қазбаларының пайда болуымен байланысты қазақ ауылы ретінде 1880 жылы құрылды, оның ашылуынан кейін тау кен ауылы болды. 1939 жылы кент Жітіқара қаласы болып қайта құрылды. Халық саны 35 мың адамды құрайды. Облыстық орталықтан Жітіқара қаласына дейінгі арақашықтфқ – 217 км. Қала Қостанай облысының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, Ресей Федерациясымен көршілес болуының арқасында тиімді экономикалық-географиялық орналасқан.
Жітіқара ауданы солтүстік-шығысында Қостанай облысының Денисов ауданымен және Қамысты ауданымен, батысында – РФ Челябі облысының Брединский ауданымен, оңтүстік-шығысында – РФ Орынбар облысының Адамовский ауданымен шектеседі.
Өңірдің бәсекелестік артықшылығы дамыған көліктік инфрақұрылымы, индустриалдық аймақ құру кезінде кен қазу кешені үшін ілеспе өнідірістері бар даму перспективасы, Ресей Федерациясына жақындығы болып табылады.
Қаланың даму перспективасы Қазақстандағы жалғыз хризотил-асбест рудасын қазу және байыту кәсіпорынының болуымен байланысты. «Қостанай минералдары» қалақұрушы кәсіпорны болып табылады. Жобалық сыйымдылығы жылына 400 мың тонна сұрыпты хризотил-асбестті құрайды, зерттелген қорлары кәсіпорынның қызметін жуырдағы 70 жыл ағымында қамтамасыз етеді.
Жітіқара қаласының болашақтағы негізгі мамандығы металл рудаларын қазу болады (алтын кен орындары, никель, кобальта, титан, жердің сирек металлдары, талька, известняк, каолин саз, гранит, басқа да құрылыс материалдарын шоғырланған).
Лисаков қаласы
Облыстық маңызы бар қала болып табылады, 1971 жылы Лисаков тау кен-байыту комбинатының базасында құрылған. Халық саны 40,9 мың адамды құрайды. Облыстық орталықтан Лисаков қаласына дейінгі арақашықтығы -120 км. Лисаков қаласы облыстық орталықтың оңтүстік-батысында Тобыл өзенінің жоғарғы жағында Тобыл станциясы ірі темір жолы торабынан 18 оңтүстігінде және Ресей шекарасынан 70 километрде орналасқан.
Қаланың бәсекелестік артықшылығы жоғары білікті кадрлардың болуы, тау кен-металлургиялық кешеннің дамуы болып табылады.
Қаланың даму перспективасы боксит, темір рудасын қазумен, темір рудасы концентратының өндіруімен байланыстырылады. Көптеген мүмкіндіктері тамақ өнімдері өндірісінің, машина жасаудың артуымен байланысты. «Қазақстан Аллюминийі» АҚ Краснооктябрь бокситтік руда басқару («Қазақстан Аллюминийі» АҚ құрылымдық бөлімшесі) және «Өркен» ЖШС Лисаков филиалы («АрселорМиттал Темиртау» АҚ құрылымдық бөлімшесі) қала құрушы кәсіпорындар болып табылады.
Рудный қаласы
Облыстық маңызы бар қала болып табылады, қоры 4 млрд.тоннаны құрайтын, темір рудасы кен орнының ашылуымен байланысты 1957 жылы құрылған. Халық саны 129,6 мың адамды құрайды. Облыстық орталықтан Рудный қаласына дейін арақашықтығы 45 километр. Қостанай қаласынан оңтүстік-батыста Тобыл өзенінің солтүстік жағалауында орналасқан.
Бәсекелестік артықшылығы Қостанай қаласының ықпал ету аймағында орналасуында, тау кен кен кешені үшін ілесп өндірістердің болуында, Қаратамыр су қоймасына жақын орналасуында.
Қаланың даму перспективасы тау кен-металлургиялық өнеркәсіптің дамуымен байланыстырылады. Қалақұрушы кәсіпорны «ССКӨБ» АҚ болып табылады.
Металлургиялық өнеркәсібі «ССКӨБ» АҚ базасында металлдан жасалған брикеттер өндіру бойынша жаңа кәсіпорындар салу, сондай-ақ байыту кешені бойынша ДОФ-2, ММО-4 жоғары сапалы концентратының кешені есебінен өз ұстанымын күшейте түседі.
Ауылдық аймақтарды дамыту
Ауыл тұрғындарының тіршілігін қамтамасыз ету үшін, ауылдық елді мекендердің ұлттық стандарттарға сәйкес ауыл тұрғындары өмірінің сапасы білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, сапалы ауыз сумен, автомобиль жолдарымен, электрмен, байланыс қызметтерімен, телевидениемен, Интернет желісімен қамтамасыз етілген, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілерімен нормативтік қамтамасыз етуге қол жеткізу қажет.
Ауылдың орташа өмір жағдайын жасау үшін ауыл тұрғындарын әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар іске асырылуда.
Ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету.
Облыста 2016 жылғы 1 қаңтарда 590 ауылдық елді мекеннің 70 АЕМ-де ауыз сумен жабдықтаудың сыртқы көзі, 518 АЕМ-де жерастылық, 1 АЕМ-де жерастылық және сыртқы көздері бар.
Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету:
- орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесінен 169 АЕМ немесе АЕМ жалпы санынан 28,%-ы;
- сумен қамтамасыз етудің орталықтандырылмаған жүйесінен 378 АЕМ немесе 64,2%-ы;
- басқа жақтан келтірілген сумен 42 АЕМ-де немесе 7,2%.
Сумен жабдықтау проблемасын шешу үшін облыста жыл сайын мемлекеттік бюджеттен су объектілерінің құрылысы мен қайта жаңғыртуға қаражат бөлінеді.
Газбен жабдықтау
2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 63 ауылдық елді мекен, оның ішінде: 4 қала, 1 кент (Горняцкий) және 58 аудандардың ауылдық елді мекені: Алтынсарин, Денисов, Жітіқара, Қамысты, Қарабалық, Қостанай, Таран аудандары табиғи газбен қамтамасыз етілген. Газбен жабдықтау 2013-2015 жылдары кезеңінде 1,2%-ға жақсарды және немесе тағы 5 АЕМ қосылды.
Табиғи газбен Қостанай, Рудный, Лисаков қалаларының, Перцев а., Октябрьский к. тұрғындары, Қостанай ауданының 16 ауылы, Алтынсарин ауданының 5 ауылы және Жітіқара ауданының 3 ауылының тұрғындары қамтамасыз етілген. Ауылдардың көбісі газдандырылмаған және сұйытылған газды пайдаланады.
2015 жылы облыста «Рудный қ.-Қашар к.-Федоров с.» магистралдық газ құбырының құрылысы жүргізілуі жалғастырып жатыр, бұл әрі қарай Федоров ауданының елді мекендерін газдандыруға мүмкіндік береді.
Ауыл балаларын мектептермен қамтамасыз ету
Жалпы білім беретін мектепсіз ауылдық елді мекендердің саны 170 АЕМ құрады, оның ішінде: 51-да – мектеп жасындағы балалар жоқ, 34-і – жақын жатқан мектепке дейін 3 км қашықтықта орналасқан (оған орта және жоғары сыныптардың балалары өз беттерімен барады).
Жақын маңдағы мектептерге 3 км астам жерде орналасқан елді мекендерде тұратын 717 оқушылар үшін 29 интернатта өмір сүру ұйымдастырылған, туыстардың пәтерлерінде 54 бала.
Денсаулық сақтау
2016 жылдың 1 қантарына облыстың 471 ауылдық елді мекендердің аймағында 474 медициналық ұйым жұмыс істейді, оның ішінде: 15 орталық аудандық аурухана, 2 мамандандырылған аудандық аурухана, 2 ауыл аурухана, 41 дәрігерлік амбулатория, 75 фельдшер-акушерлік мекен және 339 медициналық мекен.
119 ауылдық елді мекенде денсаулық объектілер жоқ, олардың ішінде: тұрғындарының саны 50 адамнан аспайтын 53 село, жақын маңдағы медициналық мекемеге дейін арақашықтық 5 км аспайтын, тұрғындарының саны 47 АЕМ-де медициналық мекеме қажет емес.
Мәдениет және спорт
390 ауылдық елді мекендердің аймағында 674 мәдени объект бар (оның ішінде 289 клуб (281 жұмыс істейтін), 380 кітапхана, 5 мұражай.
350 ауылдық елді мекендердің аймағында келесі спорттық объектілер бар: 15 ДЮСШ, 25 стадион, 21 жабылған спорттық кешен, 470 спорттық зал, оның ішінде 372 жалпы білім беретін мекемелерінде, 5 бассейн, 13 шаңғы база.
Ауылдық аумақты дамытудың жалпы проблемаларымен бірге ауылдық елді мекендер тұрғындарының неғұрлым жоғары тіршілік деңгейін қамтамасыз ету үшін тірек және шекара бойындағы АЕМ-ді кешенді дамыту қажет.
Саланың дамыту SWOT-талдауы:
Күшті жақтары (S):
1.Ауыл шаруашылығын дамыту үшін қолайлы топырақтық-ауа-райылық жағдайлар;
2.Іргелес аумақтармен сауда мен іскер қатынастарды жетектеу мүмкіндік беретін географиялық жайғастыруы.
|
Әлсіз жақтары (W):
1.Әлеуметтік инфрақұрылым объектілердің жүйесін дамытудың жеткіліксіз деңгейі;
2.Адам басына шаққанда кірістердің аймақтық әркелкі таралуы;
3.Білім, денсаулық сақтау, мәдением және спорт қызметтеріне әркелкі қолжетімділігі кісілік потенциалдың деңгейін елді мекендерде төмендетеді.
|
Мүмкіндіктері (O):
1.Демеу және басқа еслді мекендердің потенциалын дамыту;
2.Туристік саланы және шекара бойындағы сауданы дамыту;
|
Қауіп-қатерлері (T):
1.Халық санын төмендету.
|
Облыстың ауылдық және шекара бойындағы аудандары үшін мынадай негізгі проблемалар мен тәуекелділіктер:
Халық санының қысқаруының беталысы (көші-қон кету, теріс табиғи өсім, халықтың қартаюы).
Өңірлер экономикасының қалақұрушы кәсіпорындарына тәуелді болуы.
Ауылшаруашылық өндірісі тауарларының ұсақтығы.
Әлеуметтік, көлік инфрақұрылымының, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің тозуы, базалық әлеуметтік қызметтерге қол жеткізу проблемасы, кеңжолақты интернет желісіне қолжетімділіктің шектелгендігі.
Демографиялық және көші-қон салдарынан оқушылар контингентінің қысқаруы.
Шалғайда орналасқан елді мекендердің тұрақты қатынаспен қамтылмауы.
Білікті кадрлардың жеткіліксіздігі;
Сауда және тұрмыстық қызмет көрсету жүйесінің жеткіліксіздігі.
2.1.2. Әлеуметтік саласы
Білім беру
Білім беру саласында компьютерлермен, жаңа үлгідегі кабинеттермен және кең жолақты Интернетпен жарақтандыру негізінде мектептердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі деңгейлерін арттырудың тұрақты қарқыны байқалып отыр, бұл қызмет алушыларының сапалы білімге қол қол жеткізуін арттырады.
Техникалық және кәсіби білім беретін объектілердің қатары және оларда білім алушылар санының ұлғаюы облыс экономикасының әр саласын білікті кадрлармен қамтамасыз етуді арттырады. Кәсіптік лицейлер мен колледждер жұмыспен қамтамасыз етілген түлектері санының өсуі өңірдегі жұмыссыздық деңгейін төмендетуге көмектеседі.
Облыста балаларды мектепке дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтуды өсірудің тұрақты қарқыны байқалуда. Облыста мектептерді мақсатты ағымдағы және күрделі жөндеу, жаңарту, осы заманғы нормаларға сай мемлекеттік тілде оқыту үшін жағдай жасалған жаңа мектептер салынуда.
Мектепке дейінгі білім беру
Облыста мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жалпы саны (бұдан әрі – МДБҰ) 2016 жылдың 1 қаңтарына 628 бірлікті құрап (шағын орталықтардың жабылуы есебінен), 2012-2015 жылдары 4 бірлікке қысқарды.
Облыста бала бақшаға баратын балалардың жалпы саны 2012-2014 жылдары 2789 балаға ұлғайып, 2016 жылдың 1 шілдесіне 22 398 адам құрады.
0 ден 7 жасқа дейінгі балалардың саны 73 186, оның ішінде ауылдарда – 35 334 бала құрайды. Облыста 175 балабақша, 453 шағын орталық бар, балаларды мектепке дейін тәрбиелеумен және оқытумен қамту 2012 жылмен салыстырғанда 0,8%-ға төмендеді.
31 балабақшада тәрбиелеу және оқыту қазақ тілінде жүреді, олардың 15,7%-ын (3391) 1-ден 6 жасқа дейінгі қазақ балалары қамтиды.
2016 жылдың 1 шілдесіне облыс бойынша 175 ББ-да және 453 шағын орталықта 35259 бала, оның ішінде бала бақшаларда – 22 398, шағын орталықтарда – 12 861 бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі біліммен 35,2 мың бала қамтылды немесе 90,9% (республика бойынша – 53,8%). Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-аналарға арналған 92 кеңестік пункт қызмет етеді.
2015 жылдың 31 желтоқсанына бала бақшаға бару үшін кезекте тұрған балалардың саны 23 336 адамды құрайды. Бала бақшаға бару үшін кезекте тұрған балалардың үлкен саны Қостанай қаласында – 9952 бала, Рудныйда – 5086 бала, Арқалықта – 2313 бала, Лисаковта – 1388 бала, Қостанай ауданында – 1383 бала байқалады.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2012-2015 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде облыста 39 бала бақша ашылды.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту саласында облыста балаларды мектепке дейін тәрбиелеумен және оқытумен қамту деңгейімен, МДБҰ-ның қызметкерлермен қамтамасыз етілуі деңгейінің ұлғаюымен көрініп отырған оң серпін байқалып отыр. Сол сияқты, қалалық жерлерде МДБҰ-ның жетіспеушілігі, топтардың көбеюі және мұғалімдер мен тәрбиешілерге түсетін өте ауыр жүктеме бұл облыстағы өңірдің басты проблемалары болып табылады. Сонымен қатар, өңірде қызмет көрсетудің сапасына жүзу бассейндері, спорт және музыка залдары сияқты осы заманғы мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту қызметтерінің ажырамас атрибуттарымен МДБҰ-ны жеткіліксіз қамтамасыз ету сияқты шектеуші факторлар әсерін тигізеді.
Саланың дамыту жағдайын SWOT-талдауы:
Күшті жақтары:
1.Облыс бойынша МДБҰ желісін кеңейту;
2.Мемлекеттік-жеке әріптестіктің шеңберінде МДБҰ орындарын кеңейту
|
Әлсіз жақтары:
1.Облыстың қалаларында МДБҰ-ның жеткіліксіз желісі;
2.Бала бақшаға бару үшін кезекте тұрған балалардың үлкен санының қалаларда (Қостанай, Рудный, Арқалық және Лисаковск) және ірі елді мекендерде (Қостанай және Әулиекөл аудандарында) сақталуы;
3.МДБҰ ақпараттандырылуының әлсіз дамығандығы; МДБҰ материалдық-техникалық базасының ҚР Білім және ғылым министрлігі бұйрығымен бекітілген нормативтеріне толық көлемде сәйкес келмеуі.
|
Мүмкіндіктері:
1.Мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамтуды 100%-ға дейін жеткізу мақсатында осы заманғы МДБҰ құрылысын бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету және жеке қаржыландыруды ынталандыру;
2.МДБҰ материалдық-техникалық базасын нығайту саласында мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту (ғимараттарды күрделі жөндеу, оқу орындарын арнайы жабдықтармен және мүліктермен жарақтандыру);
3.Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласында, оның ішінде жұмыс істеу және тұру үшін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету мақсатымен жас мамандарды тарту және оларды қолдау шараларының жүйесін әзірлеу;
4.Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту қызметтерін ұсынатын мекемелерге қойылатын талаптарды қанағаттандыратын үкіметтік емес коммерциялық ұйымдармен (бұдан әрі – ҮКҰ) институтционалдық әріптестікті дамыту.
5.Жеке сектормен инвестициялық әріптестікті дамыту: «әлеуметтік жүктемесі» бар, яғни балабақша, емхана сияқты т.б. әлеуметтік бағдарланған объектіні жобада қарастыру міндеттемелерімен коммерциялық ғимараттардың немесе тұрғын үй кварталдарының құрылысына қалалық қордан жер участкелерін бөлу нұсқауын пайдалану;
6.Тиісті қызмет өтілі бар жеке мекемелерден немесе коммерциялық емес ұйымдардан (әлеуметтік тапсырыс), болмаса біліктілік әлеуетін растаған үкіметтік емес ұйымдардан (бұдан әрі – ҮЕҰ) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту қызметтерін сатып алуға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту;
7.Соңғы ыңғайлы жағдайларда жұмыстың және өңірдің ерекшеліктеріне бағдарланған арнайы бағдарламаны әзірлеу негізінде тұрудың нақты қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласына білікті мамандарды тарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру.
|
Қауіп-қатерлері:
1.Аймақтар бойынша балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтуының әркелкілігі;
2.Өз кезегінде мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту саласында қосымша (инновациялық) қызметтерді ұсынатын БМДБҰ халықтың таңдауын шектейтін қолданыстағы жеке МДБҰ санын қысқартуды бір қалыпта ұстайтын өңірлік жеке сектордың және ҮКҰ өкілдерінің төмен әлеуеті (қаржы ресурстарының, жұмыс өтілінің, педагогикалық құрам қызметіне тарту және уәждеменің тиімді сұлбаларының жетіспеушілігі);
3.Облыстық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін қаражаттардың шектілігі облыстағы МДБҰ нашар материалдық-техникалық базаны негіздейді, атап айтқанда МДБҰ қатарында спорт залдарының, жүзу бассейндерінің, музыка залдарының жоқтығы балалар денсаулығын нығайту және сол балалардың арасында салауатты өмір салты насихаттау мүмкіндігін төмендетеді.
|
Негізгі проблемалар
Облыстың МББҰ орындардың тапшылық проблемасы.
Орта білім
Облыста күндізгі жалпы білім беру мектептерінің жалпы саны 2012-2015 жылдары 32 бірлікке қысқартылып, 2016 жылдың 1 қаңтарында 536 бірлікті құрады.
Облыс бойынша мектептер саны қысқаруының негізгі себебі болашағы жоқ ауылдық елді мекендердегі бастауыш мектептердің жабылуы және мектептер желісінің мемлекеттік кепілдендірілген нормативке сәйкес келмеуі болып табылады. Сонымен қатар, мектептерді жабу себептері тұрғындардың ауылдық өңірлерден қалаларға қоныс аударуы сияқты факторлар, сол сияқты, тұрғындардың өсіп-өну деңгейінің төмендеуі болды.
Облыста 2012-2015 жылдардағы мектептердің қысқаруымен қатар, 2014-2015 оқу жылының басында оқушылардың саны 100502 адам құрай отырып, 301 адамға қысқарды.
Академиялық дарынды балаларды оқытуды ұйымдастыру үшін облыста «Қостанай дарыны» ғылыми-тәжірибелік орталығымен және білім беруде жаңа технологиялардың өңірлік орталығымен тығыз байланыста жұмыс істейтін дарынды балаларға арналған 8 гимназия, 8 мектеп-гимназия, 1 физикалық-математикалық лицей, 4 мектеп-лицей және 3 мектеп-интернат жұмыс істейді. Бірлескен жұмыстың нәтижесі білімді сырттай бақылау қорытындылары бойынша жоғары нәтижелер болып табылады.
2015 жылдың ҰБТ-не 2676 бітіруші немесе 60,86% (2014 жылы-2828 немесе 60,02%) қатысты. ҰБТ-ң орташа балл 78,79 бірлікті құрады, бұл 2014 жылдың ұқсан кезеңнен 1,15 төмен (79,94, 2013 жылдан 3,35-ке жоғары-75,44, ҚР 79,44) республика көрсеткіштен 0,65-тен төмен. Білім сапасы 41,67% құрады (2014 жылы-41,06%), білім сапасының өсу оң қарқыны 0,61%-ға байқалады.
2015 жылдың қорытындылары бойынша облыста 9,1% (400) түлек 100 және одан да көп балл алды. Сондай-ақ, облыста 128 түлек ҰБТ-ны барлық пәндер бойынша «5» деген бағаға тапсырды, оның ішінде 41 түлек «Алтын белгі» аттестатын және 27-і – үздік аттестат алды.
2016 жылдың 1 қаңтарында облыстың жалпы орта білім беру мектептерінде 14539 педагог қызмет атқарады. Білімі жоғары педагогтардың жалпы қатарынан – 12339 (85,0%), арнайы орташа білім барлар – 2196 (15,10%), орта білім барлар – 4 (0,02%). Жоғары және бірінші санаттағы оқытушылардың саны – 6229 (42,84%. 2015 жылдың 1 қыркүйегінде облыс мектептеріне 593 жас маман (2014 жылы – 598 адам) келді.
Облыста мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамту мақсатында оқушылардың контингентін сақтау және есепке алу жөнінде жұмыс жүргізілуде. Басты назар негізгі орта білім беру орындар түлектерінің одан әрі тиісті білім алуын жалғастыруына аударылуда.
Мектепте ыстық тамақты ұйымдастыру маңызды сауықтыру іс-шара болып табылады. 2012 жылдан 2015 жылға дейінгі кезеңде облыста оқушыларды ыстық тамақпен қамту 0,6%-ға ұлғайды (2012-2013 жж.-89,1%, 2013-2014 жж.-89,5%, 2014-2015 жж.-90,3%, 2015-2016 о.ж. -89,7%).
Облыста оқушыларды тегін тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде белгілі жұмыс жүріп жатыр. Облыс мектептерінде тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балалар 100% тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
Облыста барлық мұқтаж оқушыларды 100% тасымалдау ұйымдастырылған. Балаларды тасымалдау үшін ыңғайлы және қауіпсіз жағдайлар жасау үшін облыста автокөлік құралдары паркін жаңарту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
2012 жылы аудандық бюджет қаражаты есебінен балаларды тасымалдауды ұйымдастыру үшін 5 бірлік көлік (4 шағын автобус: Әулиекөл ауданы – 2 бірлік, Алтынсарин ауданы – 1 бірлік, Ұзынкөл ауданы – 1 бірлік) сатып алынды.
2013 жылы Ұзынкөл ауданында 4 млн 690 мың теңге сомасына 1 бірлік автобус сатып алынды.
2014 жылы облыстық бюджеттен 32 млн. теңге сомасына 4 автобус сатып алынды Қарабалық ауданында және 3 шағын автобус: 2- облыстық бюджеттен 10 млн. теңге Қарабалық ауданында, 1-жергілікті бюджеттен 3 млн. теңге сомасына Таран ауданында.
Облыс бойынша апаттық мектептер мен үш ауысыммен оқитын мектептер жоқ. 2012 жылдан 2015 жылға дейін облыста 5 мектеп салынып, қайта жаңартылды.
Саланың дамыту жағдайын Swot-талдауы:
Күшті жақтары:
1.апаттық жағдайда тұрған және 3 ауысымдық мектептердің жоқтығы;
2.қосымша мектептердің құрылысы есебінен оқу орындарының тапшылығын жою;
3.жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлер-түлектер санының өсуі және екінші жылға қалатын оқушылар санының төмендеуі;
4.Интернет желісіне мектептердің 100%-ы қосылды.
5.тұрмысы төмен отбасылардан шыққан оқушылардың 100% ақысыз ыстық тамақпен қамтылды.
|
Әлсіз жақтары:
1.халықтың көшуі есебінен педогикалық кадрлардың перманентті жетіспеушілігі (әсіресе математика, физика, информатика, химия, ағылшын тілі мұғалімдері);
2.экономикалық трансформация кезінде – 80-жылдардың соңынан 2001 жылға дейін бала туудың азаюына және халықтың көшіп-қонуына байланысты мектеп оқушыларының саны қысқаруда;
3.мектептердің жеткіліксіз материалдық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейі; ауылдық елді мекендерде ыңғайластырылған жайларда орналасқан мектептердің болуы.
|
Мүмкіндіктері:
1.бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету және орта білім объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға байланысты шығындарды қаржыландыруға жеке сектордың қатысуын ынталандыру;
2.ыңғайластырылған жайда мектептердің орналасу тәжірибесін жою мақсатымен орта білім берудің осы замандық объектілерін салу саласында мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту;
3.жас педагогикалық кадрлардың өз істерін беріліп істеуіне және елді мекенге, оның ішінде ауылдық жерге сіңісіп кетуін ынталандыратын шаралар жүйесін әзірлеу.
|
Қауіп-қатерлері:
1.тұрғындардың жақсы еңбекақы және тұру жағдайларына тырысуы жоғары біліктілігі мен балалармен жұмыс істеу тәжірибесі бар педагогикалық кадрлардың білім беру жүйесінен жүйелі түрде кетуіне апарып соғады, бұл орта білімнің сапасын төмендетеді;
2.осы заманғы жаңа үлгідегі мектептердің құрылысына арналған шығындардың жеткіліскіз қаржыландырылуы ауылдық елді мекендерде ыңғайластырылған жайларда орналасқан мектептер үлесін сақтауды негіздейді.
|
Ағымдағы және әлеуетті проблемалар:
Мектептер жүйелердің мемлекеттік кепілдік мөлшеріне сәйкессіздігі.
Даму беталысы:
ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан білім беру ұйымдарының орнына, сондай-ақ нақты қажеттілікті қанағаттандыруды, оның ішінде қазақ тілінде оқытатын мектептерді ескере отырып, білім беру объектілерінің құрылысын бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету және жеке қаржыландыруды ынталандыру;
алыс ауылдық-елді мекендерде тұратын оқушылардың тұруы үшін кәсіби мектептердің; мектептердің жанындағы ресурстық орталықтардың құрылысын кеңейту;
мектептерді, мектептердің жанындағы интернаттарды күрделі жөндеуден өткізуге және қайта жаңғыртуға байланысты шығыстарды қаржыландыруды кеңейту;
12 жылдық оқытуға толыққанды көшуді қамтамасыз ету мақсатында және оқудың жаңа формаларын дамыту үшін білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға (физика, химия, биология, информатика пәндері бойынша лабораториялық кабинеттер, басқа да компьютерлік техника, интерактивтік тақта сатып алу, кітапханалық қорды толықтыру мен жаңарту, мультимедиялық кабинеттер сатып алу; кең жолақты Интернет желісіне қосылу, интерактивтік тақта, спорттық бұйымдар сатып алу) шығыстарды бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету және жеке қаржыландыруды ынталандыру;
ағылшын тілі, математика, физика, химия, биология және информатика пәндері мұғалімдерінің перманентті жетіспеушілігін, оның ішінде ауылдық жерлерде жетіспеуін болдырмауға бағытталған іс-шаралардың өңірлік жоспарын әзірлеу жөнінде жұмыс тобын қалыптастыру.
Білім берудің арнайы түзету ұйымдары
Облыста 7 арнайы түзету ұйымдары, оның ішінде 3 мектеп және 4 мектеп-интернат тұрақты жұмыс істейді.
Мектептердің және мектеп-интернаттардың материалдық базалары барлығы сенсорлық бөлмелермен, осы заманғы есту құрал-жабдықтарымен, ішінара интерактивтік тақталармен және т.б. жабдықталған.
2012 жылмен салыстырғанда жалпы білім беретін мектептердің жанында арнайы сыныптардың саны 22%-ға төмендеді (2012-234 арнайы сынып, оның ішінде-1575 оқушы, 2013-227 арнайы сынып, оның ішінде-1528 оқушы, 2014-205 арнайы сынып, оның ішінде-1432 оқушы, 2015ж.-182 арнайы сынып, оның ішінде 1301 оқушы бар).
2014-2016 оқу жылдары 270 балаға (2012ж.-301, 2013ж.-219, 2014ж.-219, 2015ж.-270) үйде жеке тегін оқыту ұйымдастырылды.
2015 жылы қалалар мен аудандардың жалпы білім беру сыныптарында 4236 бала ықпалдастырылған (2012- 5200, 2013 – 4832, 2014 - 5023), 106 логопед пунктінің жанында (2012- 106, 2013 -109, 2014 - 95) 2690 бала (2012 – 2650, 2013- 2256, 2014 - 2325), 11 психолог-педагогикалық түзету кабинетінде -627 бала түзету қолдауын алуда (2012 -734, 2013 – 705, 2014- 664).
Мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау және мүгедектерді оңалту бағыттарын қолдаудың перспективалық бағыттарының бірі оларды жұмысқа орналастыру болып табылады.
2012-2015 жылдары 7 білім берудің арнайы ұйымдардан 9 сыныптағы 5324 түлек оқуын бітірді обучение (2012 – 138, 2013- 153, 2014- 115, 2015 – 126), оның ішінде 80 мүгедек-бала медициналық көрсеткіштеріне байланысты оқуды жалғастырып алмады (2012 – 25, 2013 – 25, 2014 - 10, 2015 - 20), қалғандары 452 түлек мемлекеттік тапсырыстың негізінде кәсіби колледждерге түсті.
Саланың дамыту жағдайын Swot-талдауы:
Күшті жақтары:
1.барлық интернаттық ұйымдар СанЕН осы заманғы талаптарға сәйкес келтірілген;
2. мектептерде логопедиялық пункттердің саны өсіп жатыр, бұл балалардың, әсіресе бастауыш мектеп жасындағы балалардың тіл кемістігінің түзетілуінде оң нәтижелер көрсетіп отыр;
3.білім берудің түзету ұйымдары осы заманғы жабдықтармен жабдықталуда, бұл дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуды тиімді ұйымдастыруға көмектеседі;
4.дамуында мумкіндіктері шектеулі балаларға ППТК-да түзету көмектерін алу мүмкіндіктері ұсынылған.
|
Әлсіз жақтары:
1.жалпы білім беретін мектептерде мемлекеттік тілде оқытатын түзету сыныптарының желісі жеткіліксіз дамыған;
2.5 ауданда (Алтынсарин, Жангелдин, Қамысты, Қарасу және Таран) ППТК ашылмаған.
|
Мүмкіндіктері:
1.мектептерді арнайы мамандармен, оның ішінде мемлекеттік тілде оқытуды қамтамасыз ету үшін түзету сыныптарын, ППТК ашуға, аудандар, қалалар әкімдерінің гранттары бойынша педгогикалық кадрлар даярлауға бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету;
|
Қауіп-қатерлері:
1.педагогикалық кадрлардың тапшылығы (дефектологтар, сурдологтар, тифлопедагогтар, олигофренопедагогтар);
2.инклюзивтік жағдайларда балаларды оқыту үшін педагогтардың біліктілігін жеткілікті жоғарылатпау;
3.арнайы түзету ұйымдарының оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен (бұдан әрі – ОӘК) жеткілікті қамтамасыз етілмеуі.
|
Ағымдағы және әлеуетті проблемалар:
Облыстың 5 аудандарында қазақ тілде оқытатын түзету сыныптардың жоқтылығы.
Педагогикалық кадрлардың тапшылығы
Даму беталысы:
мектептерді арнайы мамандармен қамтамасыз ету үшін түзету сыныптарын, ППТК ашуға,педгогикалық кадрлар даярлауға бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету;
білім берудің түзету ұйымдарын ОӘК мен оқулықтармен қамтамасыз ету;
білім берудің түзету ұйымдарын интерактивті тақталармен толық қамтамасыз ету үшін бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету;
ППТК мен ПМПК қажетті жабдықтармен аяғына дейін жабдықтау үшін бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету.
Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесі
2016 жылдың 1 қаңтарында облыста 2796 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрады, оның ішінде 1671 бала қамқорға алынды және асырап алынды, 137 бала – қазақстан азаматтары жанұяларының қамқорлық тәрбиесінде, 988 бала 16 білім беру, денсаулық сақтау және тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйелерінің мемлекеттік мекемелерінде тәрбиеленуде, 108 деңсаулық сақтау жүйесінің үш балалар үйінде, 68 әлеуметтік қорғау жүйесінің психоневрологиялық интернат-үйінде, 812 білім жүйесінің 12 ұйымында.
Отбасылық құрылымның баламалы нысандарын насихаттау жөніндегі шаралардың жүйелік сипаттамасы осы үлгідегі ұйымдар санының қысқарумен және тәрбиеленушілер санының түсуімен дәлелденіп отыр (2012-2014 жылдары жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім жүйелері білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің саны 1109-дан 812 балаға дейін қысқарды).
Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар және жетім балаларға арналған балалар үйлері мен мектеп-интернаттар әкімшіліктері қазақстан азаматтарының қонақ отбасыларына (балаларды асырап алатын отбасылар) балаларды беру жөніндегі шараларды іске асырады.
2015 жылы отбасылық құрылымның баламалы нысандарымен 129 (2012-129, 2013-144, 2014-155, 2015-316) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тәрбиеленушілер қамтылған.
Тұрғын үйге жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығын іске асыру үшін 2012 -2015 жылдар аралығында (2012-18, 2013-137, 2014-32, 2015-70) көрсетілген санаттағы азаматтар мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
2015 жылы 70 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұрғын үй алды.
Саланың дамыту жағдайын Swot-талдауы:
Күшті жақтары:
1.құрылымның отбасылық нысандарымен қамтылған ата-анасының қарауынсыз қалған балалар мен жетім-балалардың саны ұлғаюда;
2. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың анықталу жағдайы көбейді.
|
Әлсіз жақтары:
1. қамқорлыққа алу немесе асырап алу органдары мамандарының жиі ауысуы;
2. кәмелетке толмағандарға қатысты ата-аналар құқығынан айырылғандар ата-аналардың жауапкершілігі (материалды немесе басқа да) шаралары, алимент төлету тетігі реттелмеген.
|
Мүмкіндіктері:
1. отбасы құрылымының баламалы формалары мен отбасы құндылықтарын насихаттау.
2.қамқорлыққа алу немесе асырап алу органдары мамандарының ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және жетім-балалардың құрылымын деинституционалдандыру стратегиясын іске асыру жөніндегі курстардан өтуін қамтамасыз ету;
|
Қауіп-қатерлер:
1. мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын органдардың штат санын оңтайландыру шеңберінде қамқорға алу және асырап алу ұйымдары мамандарының қысқаруы
|
Ағымдағы және әлеуетті проблемалар:
қамқорлыққа алу немесе асырап алу органдары мамандарының жиі
ауысуы;
кәмелетке толмағандарға қатысты ата-аналар құқығынан айырылғандар ата-аналардың жауапкершілігі (материалды немесе басқа да) шаралары, алимент төлету тетігі реттелмеген;
Техникалық және кәсіби білім (ТжКБ)
2016 жылдың 1 қаңтарында облыста 41 техникалық және кәсіби білім оқу орындары қызмет етеді, оның ішінде 32 мемлекеттік, 9 мемлекеттік емес. Соңғы үш жыл ішінде колледждердің контингенті сәл ғана өзгерді (2012-2013 оқу жылдары – 29 мың, 2013-2014 оқу жылдары – 27 мың, 2014-2015 оқу жылдары – 25 мың, 2015-2016 оқы жылдары -23 мың).
166 сыныптама бойынша мамандарды даярлау жүргізіліп отыр. Техникалық және кәсіби білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім тапсырысын арттыру жөнінде жұмыстар жүргіліп жатыр. 2015-2016 оқу жылдарына 5811 адам көлемінде мемтапсырыс бекітілді. Облыста апаттық ғимараттарда орналасқан оқу мекемелері жоқ. Оқу корпустарын ағымдағы және күрделі жөндеуден өтті. 2013 жылы соңғы жылдардың ішінде алғашқы рет Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі оқу корпусын күрделі жөндеу аяқталады. Жұмыспен қамту 2020 жол картасының 1-ші бағыты шеңберінде Тобыл кәсіптік-техникалық колледж ғимаратының күрделі жөндеуі қарастырылған.
2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 27 жатақхана жұмыс істейді, олардан 24-і мемлекеттік болып табылады. Жатақханаларда орындардың жалпы саны 3963-ке дейін жеткізілді.
2012-2015 жылдары бойынша оқу мекемелері желілерінің серпіні 2012 жылғы 48-ден 41-ке осы жылға дейін өзгеріп отыр. 2013 жылдың қаңтарынан бастап облыстың 15 кәсіби лицейлері колледждерге ауыстырылды, осылайша білім мекемелерінің мәртебесі артты. Білім ұйымдары кәсіби кадрларды даярлау жүйесіне жаңа тәсілдерін енгізуге ұмтылуда.
2012 жылдан бастап оқу мекемелерінде оқудың дуалдық жүйе элементтері енгізіліп жатыр, оның шеңберінде оқу процессінің 70%-ы өндірісте өткізіледі. Әулиекөл аудандағы ауыл шаруашылығы колледж негізінде екі мамандық бойынша дуальдік оқуының Қазақстандық-неміс жобасы іске асыруда. 2015 жылдың аяғына дейін осы жобаға тағы 4 колледж 4 мамандық бойынша қосылады.
Таяу және қиыр шетелдермен халықаралық ынтымақтастық дамуда: Германия (Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі), Франция (Қостанай политехникалық колледжі), Сингапур (Қостанай автомобильді көлік колледжі).
Білікті жұмыс кадрларын даярлау мәселелерінде ТжКБ ұйымдары мемлекеттік және жеке құрылымдармен жұмыс жасайды. Әлеуметтік әріптестік мынадай бағыттар бойынша іске асырылады: білікті мамандар даярлаудағы қажеттілікті болжау, арнайы пәндер бойынша жұмыстық оқу бағдарламаларын бірігіп түзету, кәсіби тәжірибені ұйымдастыру. 2016 жылдың 1 қаңтарына колледждер кәсіпорындармен және ұйымдармен әлеуметтік серіктестік туралы 1458 шарт жасасты.
Оқушылар мен жұмысшылармен қатар NEET ұрпағы бар – 15-28 жас аралығындағы жастар, олар әр-түрлі экономикалық, әлеуметтік және саяси факторлардың себебімен оқымайды және жұмыс істемейді.
Қостанай облысының техникалық және кәсіби білім жүйесінің бітірушілердің саны 2015 жылы 7803 студент (2013ж. - 8722 адам) құрады, соның ішінде мемлекеттік білім тапсырыс бойынша-4557 адам (2014ж. - 4908 адам). Жұмыс істейтін бітірушілердің үлесі 90% 2014 жылға қарағанда 2%-ға жоғары (2014ж.-88%), Аталған көрсеткіш колледждердің және әлеуметтік әріптестердің өзара табысты іс-қимылын көрсетіп отыр.
5491 адам (70%) (2014ж.-5745(66%) кәсіпорындарға жұмысқа орналастырылған, 650 адам ЖОО-да оқу жалғастырып жатыр (2014ж.-1025 адам (11%), 90 адам техникалық және кәсіби білімінің ұйымдарында оқуды жалғастырып жатыр (2014ж.-72 адам).
Білім, энергетика және электроэнергетика, медицина және фармацевтика, тамақ өнімдерін өндіру технологиялар саласының мамандықтары жоғары көрсеткіштер көрсетеді.
ТжКБ объектілері мен әлеуетті және нақты жұмыс берушілер арасында стратегиялық әріптестікті дамыту қажеттілігін, сондай-ақ еңбек нарығында нақты қажет мамандарды даярлауды қамтамасыз ету мақсатында олардың материалдық-техникалық базасын нығайтуды аталған саланың субъектілеріне тән келетін даму келешегі бар бағыттардың бірі деп айтуға болады.
2016 жылдың 1 қаңтарына 41 оқу орны техникалық және кәсіби білімді іске асырды, оның ішінде 32 мемлекеттік және 9 мемлекеттік емес. 2015 жылы 2 мемлекеттік емес колледж жабылды (Рудный ақпараттық технологиялар, Қостанай бизнес колледжі). 25 колледжде жұмысшы кәсіптері бөлімдері қызмет етеді. 135 мамандық бойынша дайындық жүргізілді. Техникалық және кәсіби білім оқу орындарында оқитындардың жалпы контингенті 23,5 мың адамды құрады (2014 жылы -25482 адам). 2014 жылмен салыстырғанда мектеп бітірушілері контингентінің төмендеюіне байланысты оқушылар саны 6%-ға төмендеді.
Саланың дамыту жағдайын Swot-талдауы:
Күшті жақтары:
1.мемлекеттік білім тапсырысын ұлғайту;
2.әлеуметтік әріптестікті дамыту;
3.дуалдық оқу жүйесін енгізу.
|
Әлсіз жақтары:
1. лабораториялар мен өндірістік шеберханаларды жабдықтаудың жеткіліксіз деңгейі;
2. ТжКБ жүйесінен кетуін негіздеп отырған өндірістік оқу шеберлерінің төмен еңбек ақысы сол немесе басқа да мамандық бойынша білім алушылардың тәжірибелік дағдыларын меңгеруі көзқарасымен білім беру үдерісі сапасының төмендеуіне әсер етеді және еңбек нарығында колледждер түлектерінің қажет болуын қиындатады.
|
Мүмкіндіктері:
1.колледждердің желілерін кеңейтуде мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту; білім беру жүйесінің, кәсіпорындар мен ұйымдардың тығыз байланысын жорамалдайтын, сонымен қатар дайын мамандарды жұмысқа орналастыру мәселелерін алып тастайтын корпоративтік білім қағидаттарын енгізу;
2. білікті кадрлардың ТжКБ жүйесіне, әсіресе ауылдық жерлерде ағымын ынталандыру шараларының жүйесін әзірлеу.
|
Қауіп-қатерлері:
1. бюджеттік қаржыландырудың жеткіліксіздігі колледждер желісінің кеңеюін шектейді және облыстың кейбір елді мекендерінде олардың болмауын шектейді, бұл әлеуетті білім алушылардың тұрғылықты жерінің аумағында оқу мүмкіндіктерін шектейді.
|
Ағымдағы және әлеуетті проблемалар
15-28 жас аралығындағы жастар жалпы санындағы NEET үлесі бар.
ТжКБ бітірушілердің жұмысқа орналастырудың төмен пайызы.
Даму үрдісі
Жұмыс берушілермен ТжКБ ұйымдары мұғалімдерінің тағылымдамадан және білім алушыларының тәжірибеден өтуі туралы шарттар жасасу;
Жұмыс берушілерді КЛ-дың оқу-материалдық және ақпараттық базаларын нығайтуға тарту.
Денсаулық сақтау
2016 жылдың 1 қаңтарына Қостанай облысының аумағында тұрғындарға емдеу-алдын алу көмегін көрсететiн 521 дәрiгерлiк ұйым жұмыс iстейдi (2012ж. – 580, 2013ж. – 566, 2014ж. – 549). Денсаулық сақтау желiлерiн нормативтерге сәйкес келтiруге байланысты олардың саны 2012-2015 жылдары 59 бiрлiкке қысқарды.
Қостанай облысы азаматтарының туған кезiндегі күтiлетiн өмiр сүру ұзақтығы 2015 жылы 70,7 жасты құрады және 2014 жылмен салыстырғанда (70, 39 жыл) 0,31 жылға ұлғайды (2012ж. - 68,46, 2013ж. – 69,59).
2016 жылдың 1 қаңтарына тұрғындар саны 883,64 мың адам құрады, 2012 жылы 879,941 мың адамды, 2013 жылы- 880,776 мың адамды, 2014 жылы – 881,456 мың адамды құрады.
Туудың ұлғаюы және өлiм-жiтiмнiң азаюы нәтижесiнде облыста табиғи оң өсiм (2012 жыл – +3,33; 2013 жыл – +3,27; 2014 жыл - +3,9; 2015 ж. -+3,96) байқалып отыр. Осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден төмен (2012 жыл – +14,18; 2013 жыл – 14,75; 2014 жыл – 15,51,2015 жыл – 15,22).
Халықтың табиғи қозғалысының беталысында кему байқалып отыр: Лисаков қаласында (-0,4), Денисов ауданында (0,8), Меңдіқара (-1,1). Халықтың табиғи өсімінің неғұрлым жоғары деңгейі дәстүрлі түрде облыстың оңтүстік өңірлерінде сақталып отыр: Амангелді (+12,0), Жангелдин (+13,2), Арқалық (+12,4).
Жалпы өлiм-жiтiм көрсеткiшi (тұрғындардың 1000 адамына шаққанда) төмендеу қарқынына ие және 2015 жылдың қорытындылары бойынша (10,5), 2012 жылмен салыстырғанда (11,6) 9,4%-ға (1000 тұрғынға шаққанда 2,56 жағдай) азайды, 2012 жылы-11,6, 2013 жылы-10,8, 2014 жылы-10,65.
Облыстың дәрiгерлiк ұйымдарында тiрi туудың жаңа өлшемдерiн енгiзуге байланысты нәресте өлiм-жiтiмі көрсеткiшiнiң 2012 жылы көрсеткіштің төмендеуі – 14,9, 2013 ж.-11,9; 2014 ж.-11,2 (ҚР: 2012 жылы – 13,6, 2013ж. – 11,5; 2014ж. -10,0, 2015 ж. -10,48) байқалып отыр және нәресте өлім-жітімі жыл сайынғы төмендеу қарқыны соңғы 3 жылдары бойы 24,3% құрады.
2013 жылы көрсеткіш республикалық көрсеткіштен 3,5%-ға, 2014 жылы 12%-ға, 2015 жылдың 8%-ға артты. Облыста нәрестенің өлім-жітімінің жетекші себебі перинаталдық кезеңнің жеке жағдайлары тума дамудың ауытқуы, жазатайым оқиғалар болып табылады. 2015 жылы орта облыстық көрсеткішті едәір арттырып отырған нәресте өлімінің көрсеткішін ұлғайту Жангелді ауданында (42,7,2 болса – 2014 жылы 27), Жітіқарада (20,2 болса 2014 жылы 8,3), Наурызым (16,9 болса 2014 жылы 25,6) төмендеу 66%, алайда орта облыстық көрсеткіштен 1,8 есеге артық.
Бала өлімін төмендету және тұрақтандыру үшін 2013-2015 жылдары мынадай шаралар қолданылды:
- 2012 жылы Қостанай перинатальдық орталығы, 2014 жылы Рудный перинатальдық орталығы ашылды;
- 15 неонатолог, реаниматолог дәрігер Белоруссия медициналық академиясының (Қостанай перинаталдық орталығы базасында) көшпелі циклінде оқытылған;
- Израиль «Bnai-Zion Medical Center» емханасының аға дәрігері және аға медициналық бикесі өткізген «Неонатологиядағы күттірмейтін жағдай» шығу циклымен 28 неинатолог, педиатр, балалар реанимтолог дәрігері, 33 медициналық бике оқытылды (2015 жыл мамыр).
- Астана қаласының Ғылыми аналық және балалық орталығының циклы бойынша біліктіліктерін арттырды, онда 26 педиатр оқытылған;
- 37 акушер-гинеколог Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің оқытушыларымен Қостанай облыстық ауруханасының негізінде оқытылды;
- дәрігерлерді жетілдіру республикалық институттарында 52 акушер-гинеколог, 15 педиатр біліктілігін жоғарылатып, оқу курстарынан өтті;
- бала жастағы ауруларды емдеуге шоғырландырылған жетекшілік ететін 2 өңірлік орталық жұмысының шеңберінде балалар дәрігері мен орта медициналық қызметшілердің 55%-дан астамы оқытылды, тиімді перинатальдық көмек және емшекпен емізуді қолдау орталығы амбулаторлық және стационарлық бөлім медициналық қызметшілерінің 48%-ын оқумен қамтып отыр;
- бала тууды өңірлендіру және перинаталдық көмек бойынша жұмысты нығайту шеңберінде бала көтеруге мүлдем болмайтын және аурулары асқынған жүкті әйелдердің 66%-ы және бір жасқа дейінгі ауру балалардың 80%-ы облыстық медициналық ұйымдарға жолдама алды.
Аналық және нәрестелiк өлiм-жiтiмдi төмендету үшiн шұғыл шаралар қабылдау жөнінде өңірлік штаб және өлiмнiң әрбiр жағдайына қызметтiк тексеру өткiзу және қарау нәтижелерi бойынша нақты шаралар қабылдау үшiн нәрестелiк, аналық өлiм-жiтiмдi талдау жөнінде жұмыс комитетi жұмыс iстейдi. Әрбір ана өлiмінiң және 5 жасқа дейінгі балалар өлімінің жағдайына ай сайын мониторинг пен талдау жүргiзiледi.
Барлық жағдайда, оның ішінде салмағы 500-999 грамммен туылған балалар туралы жедел ақпарат жиналуда, сондай-ақ «Мединформ»-да «АИС-МЛАД» бағдарламасы бойынша деректер қоры қалыптастырылады және беріледі. Консультативтік және тәжірибелік көмек көрсету меқсатымен облыста ауыр науқасты нәрестелер мен 1 жасқа дейінгі балалардың күн сайынғы мониторингі жүргізіледі. Перинаталды көмектің аймақтандыру принциптері сақталып отырады. Ана өлім-жітімінің және қиын жағдайлардың құпия аудиті енгізілді.
2014 жылы: Қостанай қаласындағы перинатальдық орталықта уақытына жетпей туған балаларды бағу екінші кезеңдегі бөлімі ашылды, оған медициналық жабдық пен техника 23,5 млн. теңге сомасына орнатылған. 2 жыл ішінде 42 адам оқытылған; бала жастағы аурулардың ықпалдаған жүргізу мен перинатальдық технологиясы бойынша 234 дәрігер мен 831 СМР оқытылған.
Аналық өлiм-жiтiмінiң көрсеткiшi (100 000 тірі туылғандарға шаққанда) соңғы 3 жылдары бойынша тұрақсыз болып қалады, бірақ қалыпты төмендеу үрдісі бар (2012 жылы – ана өлімі тіркелген жоқ; 2013 жылы – 15,3; 2014 жылы-7,86, 2015 жылдың 6 айы - 0) (ҚР 2012ж. - 13,5; 2013ж. - 12,6; 2014ж. – 12,3, 2015ж. – 12,3).
Бұл жүкті әйелдердің мониторингін өткізу, бала жасындағы ауруларды ықпалдастыра қарау (бұдан әрі - БЖАЫҚ) қауіпсіз аналық бағдарламасын енгізуге нәтижесінде қол жеткізілді. Сондай-ақ аналар мен балаларға медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жоғарылату бөлігінде перинаталдық көмекті өңірлендіру толық жетілдірілді. Облыстық аурухана базасында санитарлық авиация бойынша жұмыс ұйымдастырылды, жоғары білікті профильді мамандардан: акушер-гинеколог, неонатолог, анестезиолог-реаниматолог, нейрохирург бригадалары қалыптастырылды. «Орнында» көмек көрсету үшін аудандарға мамандардың ұшуы және облыстық деңгейде әйелдер мен балаларды тасымалдау жүзеге асырылған.
2012-2015 жылдары облыста ана өлімінің 3 жағдайы тіркелген (Әулиекөл ауданы мен Арқалық қ.), 2012 жылы – тіркелген жоқ, 2013 жылы – 2 жағдай, 2014 жылы – 1 жағдай, 2015 жылы – тіркелген жоқ).
Азаматтардың денсаулығына, олардың өмірінің ұзақтығына өлім-жітім себептерінің құрылымында жетекші орын алатын әлеуметтік маңызы бар аурулар мен олардың себебімен өлім-жітімдер үлкен әсерін тигізеді.
Облыстың аумағында қан айналу жүйесі ауруларымен (ҚЖА) ауыруды және аурулардан қайтыс болуды төмендету мақсатында көрcетiлген ауруларды ертерек анықтау үшін тұрғындарды алдын ала тексеру жүргiзiледi. Жасалған жұмыс нәтижесінде 100 000 тұрғынға шаққанда 2012 жылы - 289,2, 2013 жылы - 231,1, 2014 жылы - 215,8, 2015 жылдың 6 айы бойынша - 186,2 құрады.
2015 жылы ҚЖА-дан қайтқандардың саны 1687 адамды құрады, бұл 2012 жылға қарағанда - 2544 адам, 2013 жылы-2033 адам, 2014 жылы – 1636 адам, 33,9% аз. Қазіргі таңда 2012-2013 жылдарға арналған Қостанай облысында кардиологиялық, интервенциондық, кардиохирургиялық және неврологиялық көмекті әрі қарай дамыту жол картасы әзірленді.
Облыста 25 кардиологиялық профиль мамандары жұмыс істейді, мамандармен жинақталу 90% құрайды.
Кардеологияда шұғыл көмек көрсету бойынша медицина қызметкерлерінің білім деңгейін арттыру мақсатында ерте диагностикалау және емдеудің нақты стратегиясы ерекше маңызы болып табылады. Шұғыл көмек көрсету жүйесі диагностикалаудың, емдеудің бірыңғай қағидасына негізделген біртұтас алгоритм және тактикалық мәселелерді біртұтас түсіну арқылы жұмыс істеуі қажет. 2014 жылы республикалық клиникалардың негізінде 53 дәрігер, 2015 жылы 240 дәрігер (Астана қ. ННМЦ негізінде 2 дәрігер, көшпелі циклда өткізілетін ҚЖА-дан қайтқандардың санын төмендету мәселесі бойынша С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медуниверситетімен 237 дәрігер, СМР-715 ) оқытылды.
2015 жылы облыстың оқыту орталықтарында қан айналым және МҚЖБ жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарға шұғыл көмек көрсету алгоритміне 825 адам (288дәрігер және 537 орта медицина қызметкерлерінің бастапқы буыны) оқытылды.
2012 жылдың қараша айынан бастап облыста кардиологиялық және инсультті орталық чашылды. 2013 жылдың мамыр айынан бастап Рудный қаласында облыстың екінші ангиографиялық зерттеуханасы ашылды, бұл ЖКБ бар науқастарға жедел кезек күттірмейтін көмек көрсету үшін облыс тұрғындарын қайта бөлуге жол берді (жалпы халық саны 255 208 адам екі қала мен төрт аудан). Ауруларды облыстың кардиоорталықтарына жедел жеткізу және «алтын» уақыт принципін сақтау үшін қолда бар реанимобильдер ЖМСЖ ұйымдарына бекітілген. Нәтижесінде облыста ҚЖА-дан өлім 18%-ға төмендеді (2013 ж. 227,18-ден 2015 ж. 186,2-ге дейін).
Жылсайын облыста жазатайым оқиғалардан, жарақаттар мен уланудан өлім-жітімнің жоғары көрсеткіші байқалады. Себептердің бірі облыс аумағында сапасы төмен автомоболь жолдарының болуы (жоғары жол-көлік жарақаттанушылық), автомашиналар паркінің, оның ішінде жоғары жылдамдықтылардың анағұрлым өсуі, жүргізушілерді дайындаудың жеткіліксіз сапасы болып табылады. Бірақ қайта жаңғыртудан кейін республикалық автожолдарды пайдалануға берумен, халықаралық стандарттарға сәйкес 2015 жылы осы көрсеткіш 131,7, 2014 жылы – 132,4,2012 жылы – 129,3, 2013 жылы - 126,0 құрады. «Жол картасы» әзірленді, Әулиекөл, Федоров аудандарында ауданаралық травматологиялық бөлімше жұмыс істейді. 2014 жылдың қарашасынан бастап - Арқалық өңірлік ауруханасында 20 төсек-орынға арналған травматологиялық бөлімшелер базасында ауданаралық травматологиялық бөлімше құрылды (Астана – Ақтөбе - Атырау Республикалық маңызы бар трассада).
Облыста соңғы 3 жылдары (2012-2014 жылдар) қатерлi ісіктермен ауыру жоғары деңгейде сақталып отыр (100 000 тұрғынға шаққанда), бұл жоғары радиациялық фонның болуына байланысты, олардың пайда болу көздері Рудный, Арқалық, Лисаков қалаларының аумағындағы кенiштер болуы мүмкін.
Қатерлі ісіктермен ауырудың көрсеткіші тұрақты емес (2012 жылы – 291,9; 2013ж. - 277,9; 2014ж. - 293,5; 2015 ж. – 295,3) орта республикалық көрсеткіштен жоғары (2012 жылы-106,6; 2013 жылы-193,9; 2014 жылы-198,8). Онкологиялық ауруларды және олардан қайтыс болуды одан әрі төмендету мақсатында қатерлі ісіктерді анықтаудың скринингтік бағдарламаларын жалғастыру қажет, онкологиялық қызмет ұйымдарын ресурстық жабдықтау, осы заманғы химиялық препараттарды сатып алу көлемін ұлғайту қажет.
Өткен 3 жыл ішінде, облыс бойынша жалпы айтқанда 100 000 халыққа шаққанда туберкулезбен ауру көрсеткішінің төмендеуі белгілі болып отыр (2012 жыл –103,1; 2013 жыл – 87,0; 2014 жыл – 76,3; 2015 жыл – 65,5). Алайда бұл көрсеткіш орта республикалық көрсеткіштен жоғары (2012 жыл –102,5; 2013 жыл – 73,5; 2014 жыл – 66,4; 2015 жыл – 58,5). Жоғары көрсеткіштер Жангелдин, Амангелді, Науырзым аудандарында және Арқалық қаласында сақталып отыр. Облыстық көрсеткіштердің оңтайлы динамикасына қарамастан эпидемиологиялық жағдай қауырт болып қалып отыр. Республикада Қостанай облысы туберкулезбен ауру бойынша 5 орында тұр. Туберкулездің таралуын, дәрі-дәрмекке төзімділіктің дамуын және туберкулезден өлуді эпидемиологиялық қадағалау мәселесі өзекті болып қалуда.
2012 жыл мен 2015 жыл аралығында туберкулезден қайтыс болу 2 есе (2012 жылы 10,7-ден 2014 жылы 5,3 дейін, 2013 жылы-7,2; 2014 жылы-5,2; 2015 ж. -5,3) төмендеді.
Мұндай табыстарға туберкулезге қарсы қызметтердің негізгі көрсеткіштерін үнемі бақылау, облыстың туберкулезге қарсы диспансер мамандарының белсенді ұйымдастыру - әдістемелік жұмыстарының, туберкулезге қарсы қызмет жұмысшыларының туберкулез жағдайларын тіркеу ошақтарында алғашқы медициналық көмек көрсету жұмыстарының жақсы жүргізілуі, халық арасындағы белсенді санитарлық-жарақтандыру қызметінің жүргізілуі нәтижесінде қол жеткізілді. Алайда, жоғары көрсеткіш болып Денисов, Әулиекөл, Амангельды аудандарында және Арқалық қаласында сақталады.
2016 жылдың 1 қаңтарына облыстың деңсаулық сақтау мемлекеттік секторы 521 медициналық объектті қамтиды (01.01.2015 жылы - 535). 42 стационарлық ұйымдар және 468 амбулаторлық-емханалық ұйымдар мен алғашқы медициналық-санитарлық көмек объектілері халыққа емдеу-профилактикалық көмек көрсетеді (01.01.2015 жылына-44 және 478 тиісінше).
Облыс бойынша 700 фармацевтикалық объект халықты дәрілермен жабдықтау және медициналық ұйымдар іске асырайды.
Облыста 2016 жылғы 01 қаңтарға 1726 дәрігер (01.01.2015 жылға - 1755) және 6146 орта медицина қызметшілер (01.01.2015 жылға - 6157) жұмыс істейді.
2016 жылдың 1 қаңтарына халықтың 10 мың адам санына дәрігерлермен қамтамасыз ету 19,6 құрады (01.01.2015 ж. - 21,3), орта медицина қызметшілермен – 69,7 (01.01.2015 ж. - 72,9). 2016 жылғы 01 қарашаға дәрігер кадрларының керектігі 334 дәрігер, соның ішінде ауылда 81 дәрігер құрайды.
2016 жылдың 01 қаңтарына облыс бойынша кумулятивтік АИТВ жұқтырған 1593 адам тіркелді, олардың саны жыл сайын 12-13%-ға өсуде (2012 жылы-1240 адам, 2013 жылы-1384 адам, 2014 жылы-1435 адам). Қазақстан Республикасы бойынша Қостанай облысы АИТВ инфекциясын тарату жағынан 5 орынды алады. АИТВ инфекциясының эпидемияның шоғырланған сатысында таралуын тұрақтандыру мақсатында алдын-ала шараларды кеңейтуді, сонымен қатар ЖИТС-мен ауруларға қажет ретровирусқа қарсы емді толық көлемде қамтамасыз етуді көздейтін ЖИТС эпидемиясына қарсы тұру бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.
Облыста жылжымалы медициналық кешен күшімен шалғай елді мекендерден 12776 адам тексерілді. 10938 диагностикалық зерттеулер өткізілді. Санитарлық авиацияның жұмысы ұйымдастырылды, жоғары білікті профильді мамандардан бригада қалыптастырылды. 2015 жылғы есептік кезең аралығында 360 көлікпен шығу (2014 ж. - 389), самолетпен ұшу – 61 (2014 ж. –54) жүзеге асты, 422 (2014 ж. – 490) ауруға қызмет көрсетілді.
2012 жылы облыс тұрғындарына 1932 дәрігер және 6504 орташа медицина қызметкер, 2013 жылы 1913 дәрігер және 6465 орташа медицина қызметкер, 2014 жылы 1755 дәрігер және 6157 орташа медицина қызметкер, 2015 жылы 1726 дәрігер және 6146 орташа медицина қызметкер медециналық көмек көрсетті.
Кадрлардың жетіспеушілігі 2012 жылы 360 адам, 2013 жылы – 265 бірлік, 2014 жылы – 268 бірлік құрады, 2015 жылға кадрлар жетіспеушілігінің деңгейі - 334 құрады.
Дәрігерлік кадрлар тапшылығы мәселесін шешудің бірден бір жолы – «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» 007 бюджеттік бағдарламасы шеңберінде медицина мамандығы бойынша оқуға әлеуметтік көмек көрсету, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз жігіне жататын жастардың өтініші тоқсан алдыңдағы тоқсан үшін Қостанай облысы бойынша бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен жанбасына орташа табысы бар отбасылардан шыққан жастарға әлеуметтік көмек көрсетіледі.
2012 жылы – 113 адам, 2013 жылы – 97 адам, 2014 жылы - 71 адам, 2015 жылы – 50 жас маманға көмек көрсетілді.
Облыста жас мамандарды ауылдарға бекіту Бағдарламасы әзірленді. Жыл сайын жергілікті бюджеттерде көтерме жәрдемақылар төлеуге бюджеттік қаражаттар көзделіп, тұрғын үй бөлу мәселелері шешілуде. Бірқатар аудандарда 100-200 мың теңге көлемінде көшерақылар төленді және басқа әлеуметтік пакеттер ұсынылды.
Жас дәрігерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту мәселесі әкімдіктердің тұрақты бақылауында тұр.
Медициналық көмек сапасына облыста төмен деңгейде қалып отырған осы заманғы медициналық жарықтандырылуды қосқанда ұйымдардың және денсаулық сақтау объектілерінің материалдық-техникалық базасы әсер етеді.
2012 жыл мен 2015 жыл аралығындағы кезеңде облыста денсаулық сақтау ұйымдарының осы заманғы медициналық құралдармен және медициналық бағыттағы бұйымдармен жабдықталуында оң серпін байқалды. Жарақтандыру пайызы 2012 жылы, 2013 жылы – 56,48%, 2014 жылы – 65,73%, 2015 жылы – 68,92% құрады. Қазақстан Республикасы бойынша бұл көрсеткіш: 2012 жылы – 57,78%, 2013 жылы – 63,16%, 2014 жылы – 65,74%, 2015 жылы – 69,86% көрсетіп отыр. Ауылдық денсаулық сақтау ұйымдардың жарақтандырылуы 35,63%-ға ұлғайды (2007 жылғы – 35,9%-дан 2015 жылы – 71,53%-ға дейін). құрады.
2016 жылдың 01 қаңтарына аяғына қарай облыс бойынша медициналық ұйымдар ғимараттарының тозу деңгейі 35,2% құрады. Елді мекендер шегінде ғимараттардың тозуының жоғары деңгейі (80 %-дан 100 %-ға дейін) 21,4 % елді мекенде байқалып отыр (Науырзым, Алтынсарин, Әулиекөл, Денисов, Жітіқара, Қамысты, Қарабалық, Қарасу, Қостанай, Меңдіқара, Сарыкөл, Таран, Ұзынкөл, Жангелді, Федоров аудандары, Қостанай, Лисаков, Рудный, Арқалық қалалары).
«100 мектеп және 100 аурухана» жобасын іске асыру шеңберінде Қостанай облысы бес денсаулық сақтау обектісінің құрылысына (Қостанай және Рудный қалаларында 2 емхана және 2 аурухана, Қостанай қаласында Қан орталығы), 16,1 млрд. теңге бөлінді.
2013-2015 жылдарға арналған кезеңде «350 дәрігерлік амбулаторлық, фельдшерлік-акушерлік пуктері және емханалары құрылысы» бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 1761,9 млн. теңгені құрайтын 25 келушілерге арналған 16 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды (Амангелді ауданының Амантоғай а., Әулиекөл ауданының Диевка а., Қарабалық ауданының Смирновка к., Ұзынкөл ауданының Троебратск а., Қарабалық ауданының Бозкөл а., Амангелді ауданының Үрпек к., Сарыкөл ауданының Комсомольское а., Әулиекөл ауданының Новонежинка а., Алтынсарин ауданының Щербакова а., Қостанай ауданының Жамбыл а., Таран ауданының Майское а., с. Арқалық қаласының Родина а., , Қостанай ауданының Мичурин а., Федоров ауданының Пешков а., Меңдіқара ауданының Первомай а., Ұзынкөл ауданының Пресногорьковское а.).
Саланың дамыту жағдайын Swot-талдауы:
Күшті жақтары:
1.Медициналық қызметтерді көрсетуде бәсекелестіктің дамуы.
2.Салауатты өмір салты бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқан БМСК ұйымдары желісінің кеңеюі.
3.Соңғы 3 жылдың ішінде жас мамандардың келуі.
|
Әлсіз жақтары:
1. Медициналық көмекке кеш жүгіну.
2. Медициналық ұйымдарда жүкті әйелдердің үнемі қаралуға деген ынталарының жеткіліксіздігі.
3. Жағымсыз әдеттердің денсаулыққа тиетін әсері туралы жеткіліксіз ақпараттандырылу.
4. Денсаулықты сақтаудың және салауатты өмір салтын жүргізудің төмен басымдылығы.
5. Жүрек-қан тамырлары ауруларының даму-ына себеп болатын тамақтану үлесіне әдет.
6. Жұмыс берушілер жұмыс орындарының сапасын және қауіпсіздігін жоғарылату мәселелеріне жеткілікті назар аудармайды.
7. Әлеуметтік проблемалар халықтың елеулі бөлігіне өз денсаулықтарын сақтау мен қарауына мүмкіндік бермейді.
8.Мінез-құлықтың жоғары қауіп-қатерлері (темекі шегу, алкоголь, есірткі).
|
Мүмкіндіктері:
1. Консультатциялық қамтамасыз ету мақса-тында телемедицинаны пайдалану.
2. Жергілікті компаниялар тарапынан салауатты өмір салты саласын қосымша қаржыландыруды тарту.
3.Халықты ұлттық скринингтік зерттеулер-мен қамтуды ұлғайту.
4.Аурулардың күні-түні болу стационарла-рын күндіз болу стационарларымен және үйде емделу стационарларымен алмастыру.
|
Қауіп-қатерлері:
1.Дәрігерлерге іс жүзінде үлкен салмақ түсуіне байланысты халыққа қызмет көрсету сапасының төмендеуі;
|
Достарыңызбен бөлісу: |