Тамды ауылдық кітапхана шежіресі Оқырман саны: 171 Кітап берілімі



жүктеу 293,43 Kb.
Дата01.01.2018
өлшемі293,43 Kb.
#6847

Тамды ауылдық кітапхана шежіресі

Оқырман саны: 171

Кітап берілімі: 5735 дана.

Кітап қоры: 4825 дана.

Біздің елімізде жеке адамның барған сайын толық дамуы үшін зор материалдық және рухани игіліктер жасалуда. Қоғамымыздың жан-жақты жетілген мүшелерін тәрбиелеуде кітапхананың рөлі жыл сайын артып келеді. Кітапхана рухани байлықтың қайнар көзі. Кітапхана жаңа адам тәрбиелеуде олардың бойына көркемдік және рухани талғамдарды қалыптастырып, мәдениетін көтеруге ықпал етеді.

Халықтың рухани қажетін өтейтін Сырым ауданы Тамды ауылдық кітапханасының құрылымы тарихы жөнінде барынша ашып жазғалы отырмын. Халқымыздың еңбек адамдарын бос уақытының мәнді де сәнді өтуі үшін және олардың еңбекке деген құлшынысын арттыруда кітапхананың орны ерекше.

Кітапхана тарихын жазу үстінде мұнда әр жылдарда халыққа мәдени қызмет көрсеткен еңбек адамдарының өмір жолдары толығымен көрсетілген. Әр жылдарда кітапханадағы әдебиеттердің өсімі оқырманға таралымы сараланып көрсетілмек.

Халқымыздың рухани талап тілегін қанағаттандыруда олардың тұрмыс – мәдениетін арттыра беруде, білімнің інжу-маржандарын теру мақсатында кітапхананың алатын орны ерекше. Кітапхана жас ұрпақты тәрбиелеуде олардың бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда зор рөл атқарады.

Ұсынылып отырған осынау кітапхана тарихында колхоз болып құрылған кезден күні бүгінгі дейінгі аралықта еңбек еткен мәдени қызметкерлеріміздің өмір жолы сөз болмақ .

Қазақ халқының өмір сүріп жатырған жерінің көлеміне қарай алғаш рет кітапхана «Қызыл отау» деген атпен құрылған. Ізденіп, талдау жасап құрылған кезден бері тарихи күндер, карта-сызбалар арқылы көрсетіледі. Сондай-ақ әр жылдар бойынша кітапханадағы әдебиеттердің өсімі, олардың оқырмандарға таралымы сараланып көрсетіледі. Бұл тарихи мұраның толыға молая беруі, яғни толық жазылуы болашақ ұрпаққа игі мұра болып қалары сөзсіз.

Кітапхана көпшіліктің келетін киелі орны. Ондағы санмыңдаған әдебиеттердің қалай орналасуы, қалай насихатталуы жөнінде де суреттер арқылы толық мағлұматтар ала аласыздар. Кітапханамызға басшылық етіп, кітапхана жұмысының ойдағыдай жүруіне қол ұшын беріп отырған мәдени мекеме қызметкерлерінің жұмысы да назардан тыс қалмады. Кітапханамыздың орталықтандырылған жүйе арқылы атқарған жұмыс кездері де айқын көрсетіледі. Әрбір адам кітапханаға рухани қажетін өтеу үшін келеді. Сондықтан да әр ұрпақ осы тарих беттерінен кітапханамыздың қай жылы, қалай құрылғаны, кімдер қызмет еткендері жөнінде толық мағлұматтар ала алады. Карта – схемасында көрсетіл- дей үш фермада Былқылдақ, Кеңащы, Жданов, бір орталық Жосалы кітапханасы жұмыс істеген. Орталық кітапхана меңгерушісі К.Тоғызбаева ферма кітапханашыла рына методикалық көмек көрсету мен қатар 17-саулық отарларын және 5-егіс бригадасын, 4- шөп дайындау бригадасын қамтып отырған.Көктемгі қой төлдету кезінде 17 шопан отарына айына 2 реттен автоклубпен аралап кітаппен қамтамасыз етіп отырған.

Көктемгі егіс кезінде әр бригадаға «Найзағай», «Алтын дән», «Диқаншы», «Озаттарға теңелейік», «Алға» атты жар газеттері шығарылып, көрсеткіш тақталары толтырылып отырған.

Әр жылдарда қой қырқу кезеңінде «Бүгін алда келеді», «Жібек жүн-Отанға», «Ел жаңалықтары» деген айдармен баяндамалар оқылған. Осындай көпшілік мәдени жұмыстардың нәтижесінде шопандар Ғ.Жуымбаев, Х.Хамзин, Е.Қожамуратов, К.Айтжанов, Б.Досжанов, Ф.Иманкулов, С.Нығметов, Б.Достановтардың алғыс сезіміне бөленген. Осы карта сызбасында кітаппен қамтылған әр пункт толық көрсетілген. Кітапхана кеңесінің мүшелері сақманшыларды, механизаторларды автоклубтармен жиі аралап, көркемөнерпаздар қойылымы көрсетіліп, көркем әдебиеттер насихатталған.



1970 жылдар

Бұл жылдарда кітапхана қоры көбейіп, кітапхана облыстық қамтуда болып, коллектор арқылы ай сайын кітап келіп тұрды. Құрал-жабдықтармен (стол, орындық, т.б.) Маркс ауылдық советі қамтып тұрды, материалдық-техникалық базасы жақсарып отырды. 1974-1978 жылдары кітапхана кең орынға көшіріліп, әдебиеттер саны, оқырман саны өсті.

Көпшілік ұйымдастыру жұмыстарының нәтижесінде 1975 жылы «Үздік кітапхана» атағын жеңіп алды.

1979 жылы кітапхана аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне бірігіп, №11 филиалы болды. Сол кездерде кітапхана қажетті заттармен, кітап қорымен толықты.

Сол кездегі орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Т.Теміралиеваның ықпалы зор болып, әрбір өткізілген кеңестер кітапханашылардың өз мамандығын жете игеруге көмегі көп болды.

Кітапхана библиографиялық білімді насихаттап, әдебиеттер жүйелі, алфавиттік каталогтар арқылы жұмыстар жүргізді. Кітапхана әдіскерлері жиі-жиі кітапхананы тексеріп, методикалық көмектер беріп отырды. «Парасат» әуесқойлар клубы тұрақты жұмыс жасады. Жұмыс жоспарына сай, оқырмандар конференциясы, ауызша журнал, диспут, түрлі сайыстар өтіп тұрды.



2000-2007 жылдар.

Бұл жылдарда кітапханада жаңаша жұмыстар жүргізілді. Ай сайын ауданда зерделі Кеңестер өткізіліп, кітапханашылар өз білімдерін үнемі оқырман талабына сай толықтырып отырды.

Жұмыстың жаңаша түрлері енгізіліп отырды. Қоғамдық ұйымдармен, ауылдық клубпен бірлесіп, ауылда, ауданда өтетін сайыстарға қатысып жүлделі орындар алды.

2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған көрме, «Әжелер сайысы», т.б. шаралар мақтауға ие болды. «Ауыл жылдарын» өркендетуге арналған 2003-2005 жылдары сол талаптарға сай көптеген жұмыстар жүргізілді.

2004 жылы өлкетану жұмыстарын алға жүргізу мақсатында жүргізілген «Ауыл энциклопедиясын» жинақтауда жақсы жетістіктерге жетті. «Ауыл энциклопедиясы – Шағын Отан» байқауының І-ші кезеңінде облыс бойынша І орын алып «Үздік өлкетанушы» атағын жеңіп алды.

2005 жылы Ұлы Жеңістің 60 жылдығына жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде кітапхана көптеген жұмыстар жүргізді. Аз қалған Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесу, дөңгелек үстел өткізіліп, «Ұлы Жеңіске – 60 жыл» - деген тұрақты көрме жасақталды.

Сол жылы жерлес ақын А.Жұмағалиевтің 90 жылдығы қазан айының 15-де тойланды. Аудандық кітапхананың методисттері көптеген көмектер көрсетіп, тақырыптық кештер өткізілді. Ауылда жалпыхалықтық мереке өткізіліп, облыстан, ауданнан көптеген танымал адамдар келді, телевидение деректі фильм түсірді.

2006 жылы өлкетану жұмысын одан әрі жалғастыруда «Ауыл энциклопедиясы – Шағын Отан» байқауының ІІ-ші кезеңі жалғастырылып, қалып қойған деректер, қамтылмай қалған оқиғалармен толықтырылды.

2007 жылы ауыл кітапханасының тарихы жасақталды. Деректер шама келгенше жылдармен істеген адамдардың өмірбаянымен, карта-схемалармен, фото-суреттермен безендірілді.
Тамды ауылдық кітапханасының әр он жылғы көрсеткіші



1972

1982

1992

1996

2001

Кітап қоры

4430

оқырман

250

Кітап қоры

2500

2006

оқырман

210

Кітап қоры

2000




оқырман

200

Кітап қоры 4430

Оқырман -250



Кітап қоры

1800




оқырман

180

Кітап қоры

300




2007 жыл

Кітап қоры 4700

Оқырман -200



Оқырман

110



Жданов кітапханасында әр он жыл сайын өсім байқалғанымен 2006 жылы халық санының азаюына байланысты оқырман саны да азайған.


Кітапханашы Жумышева Ақзия Рамазанқызы 1955 жылдың 22 наурызында Орынбор облысы, Орынбор ауданы, Сырт елді мекенінде дүниеге келген. 1962 жылы 1 сыныпқа барып, 1972 жылы Жосалы орта мектебін бітірген. 1972 жылдың қазан айында жаңадан ашылған Жданов ауылдық кітапханасына жұмысқа келген. Сол кездегі кітап қоры 373 дана болды. 1974 жылы Шымкент педагогикалық мәдениет институтының кітапхана факультетіне оқуға түскен. 1977 жылы Кеңащы ауылдық кітапханасына ауысып 1997 жылы жұмыстан қысқарған. 2006 жылдың ақпан айынан бері Жосалы ауылдық кітапханасында жұмыс істейді.Жанұялы- жолдасы, бес баласы бар.Қазірде қыздары ұяға қонып, шаңырақ көтерген. Жолдасы Қ.Бишаев мал санитары болып ұзақ жылдан бері жұмыс жасайды. А.Жумышева өз жұмысында беделді бола білді.Коммунист қатарына өтіп, белсенділік танытып бесжылдықты жақсы қортындылап, алдыңғы қатарлы кітапханашы болды. 1977 жылдан бастап Құспанова Жібек кітапханада жұмыс істеген. Ол 1956 жылдың 20 мамыр айында Әзтөбе ауылында дүниеге келген. 1962 жылы «Қызыл әскер» колхозының мектебіне 1963 барып, 1972 жылы А.Жұмағалиев атындағы орта мектепті бітірген. 1972- 1975 жж Орал қаласынды ГПТУ училещесінде оқып. 1977 жылы маусым айынан 1984 жылға дейін Жданов кітапханасында қызмет атқарған. Жұмыс істеген кезінде оқырмандарды кітаппен қамтып, мәдени шаралар өткізіп, көшпелі кітапхана арқылы жұмыстар жүргізген. Еңбек адамдарының бос уақытын мәнді өткізуінде әр түрлі сұрақ-жауап кештерін өткізген. Бригадаларды аралап көпшілік шараларды жүзеге асырған.Партия сьезінің шешімдерін орындауда бесжылдық жоспарларды орындауда еңбек адамдарының бос уақытын мәнді өткізген. Кітапханада 2200-дей кітап қоры болса 200 оқырман кітап алып оқыған. 1984 жылы отбасы жағдайымен тұрмысқа шықты. 1қыз,1ұлы бар. Қазірде басқа салада жұмыс істейді. 1984 жылдан кітапханада Оңайбекова Баянсұлу жұмыс жасаған.Оңайбекова Баянсұлу 1963 жылы 1 желтоқсанда Қызыл ту колхозында дүниеге келген. 1970 жылы 1 класқа мектепке барып, 1980 жылы бітірді. 1980 жылы Орал қалалық бухгалтерлік мектепте оқыды. 1984 жылдан бастап Тамды ауылдық кітапханасында жұмыс істеді. 1985 жылы Орал қаласында 1 айлық мамандығын жоғарылату бөлімінде оқыды.Оқырман саны -170, кітап қоры - 2500-дей болды.Кітапханаға оқырмандарды тарту мақсатында түрлі қызықты шаралар ұйымдастырды. Досқараева Гүлнар Жәшімқызы 1959 жылы 14 қарашада Жданов елді мекенінде дүниеге келген. 1967 жылы мектеп табалдырығын аттап, 1977 жылы Жосалы орта мектебін бітірген. 1979 жылы Орал педагогикалық училищесіне оқуға түсіп, 1983 жылға дейін Тамды бастауыш мектебінде мұғалім болып қызмет атқарған. 1988 жылдан 1996 жылға дейін Тамды селолық кітапханасында жұмыс жасаған. Кітап қоры шамамен- 2300 данадай, оқырман саны- 200-дей. Жанұялы. Отбасында – жолдасы, 2 ұлы, келіні, 1 немересі бар.Досқараева Г. Кітаптармен жұмыс жасауда, есеп жұмыстарын әр тоқсан сайын жүргізіп, тазалыққа жете мән берген. Әр айдың соңғы күндері тазалық күндері болып белгіленді.Белгіленген жоспар бойынша мәдени шаралар өткізілді. Шопан,механизаторлар бригадасы араланып,қабырға газеттері шығарылды.Балалармен жұмыс,ересектермен жұмыс түрлері жасақталды.Ауданнан кітаптар келіп толықтырылып отырды. 1996 жылы ферма кітапханалары қысқарып соның ішінде Жданов кітапханасы жұмысын тоқтатты.Кітапхана орталық кітапханаға тапсырылды.Клубтарда жабыла бастады. 2000-2001 жылдары халықтың жағдайы жақсарып, эканомикамыз өрлей бастады. Яғни 2001 жылы 1тамыздан Тамды ауылдық кітапханасы 4000-ға жуық кітаппен жаңадан ашылып, онда Құмарова Сандуғаш басшылық жасады. Негізінен бұрынғы «Кеңащы» кітапханасының кітаптарын қабылдап алды. 2002- 2004 жылдары аудандық кітапханадан жаңа әдебиеттермен үнемі толықтырылып отырды.Кітапхана директоры Р.Хасанова әдіскер А.Уалиахметова кітапхана жұмысына баса назар аударып көмектерін аяған емес.

Сандуғаш Құмарова 1957 жылдын 28 маусым айында Қызыл әскер колхозында дүниеге келген. 1964 жылы Әз төбе ауылында 1класқа барып,1974жылы Жосалы орта мектебін бітірген,1981 жылы Орал педагогикалық училещесін бітіреді.1975 жылдан 1989 жылға дейн бастауыш мектеп ұстазы болған.1990-1992 жылдары балабакша тәрбиешісі болып қызмет атқарды.2001жылдан 2004 жылдын қазан айына дейн Тамды кітапханасында істеді.Балалармен,ересектермен тіл табысып әр топқа бөліп,мәдени жұмыстар жүргізген.Малшыларды аралап,газет беттерін апарып кітаппен қамтамасыз еткен.Жана келген әдебиеттерді халыққа насихаттап ұсынған.Әдеби кеш,конференциялар,диспуттар өткізген.Тәуелсіздігіміздің 10 жылдығына орай орталық кітапханашы Қ.Тоғызбаева екеуі «Тәуелсіздік данғылы»-атты тақырыптық көрме ұйымдастырып,ауданға апарып,жақсы нәтижелерге қол жеткізген.Кітапхана іші оқырман ойына сай жасақталған.Барша қауымнын талап-тілегін қанағаттандырып,мәдени жұмыстар жүргізген.Кітап қоры-4000дана,оқырман саны-200-дей болған.2004 жылы өз еркімен жұмыстан босап,орнына Жұмағалиева Фарида істеген.Жұмағалиева Фарида 1984 жылы Сырым ауданы Талдыбұлак ауылының Алатау елді-мекенінде дүниеге келген.1991 жылы мектепке барып,2001 жылы Жосалы орта мектебін бітірді.2001-2002 жылдары Орал педагогикалық колледжінде білім алады.2003жылы Тамды ауылында бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істейді.2004 жылдың қазан айынан Тамды ауылдық кітапханасында істеп,2005 жылдың айына дейн жұмыс жасаған.1 жыл уакыт ішінде кітапхананың ішкі ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп,оқырманға әртүрлі әдебиеттерді таратқан.Балалармен ойындар,концерттер қоюға қатысқан.Жана әдебиеттерді алып толықтырып отырған.Кітап қоры-4430 дана,оқырман саны-250 болған.Жалпы жұмыс жасаған мәдениет қызметкерлері де өз міндеттерін атқарып белгіленген жоспар бойынша еңбек етіп,халық көңілінен шыға білді.



Қарасаева Әсел Талапқызы1980 жылдың 20 қыркүйек айында дүниеге келді.1997 жылыА.Жұмағалиев атындағы Жосалы орта мектебін бітірді.1998-2001 жылдары Орал қаласындағы Агро-техникалық колледжінде оқыды.2005 жылдың қазан айынан бастап Тамды ауылдық кітапханасында жұмыс істеп келеді.Алғаш кітапхана жоспарымен танысып,алда атқарылып жұмыстарды қарап әр тоқсанға бөліп жұмыстанды.Кітапхана рухани байлықтың орталығы.Әр түрлі оқырман келіп кітап оқиды.Сондықтанда оқырманның тез арада әдебиеттерді табуына қолайлы жағдай жасап,әр сала бойынша орналастырдым.Ауыл шаруашылығы,техника,медецина,педагогика,көркем әдебиет,философия,т.б.Кітапханадағы каталогтарды реттеп,өз орнына орналастыруға міндеттеміз.Оқырмандарды әр топқа бөліп,мәдени жұмыстарды жиі/ашық сабақ,баспасөз бетін насихаттау,ауызша журнал,кітап конференциясы,жазушылардың өмірбаяндары,т.б./ өз кезегімен іске асырылды.Аудандық кітаппен қамту бөлімі де әдебиеттер жіберіп, толықтырып отырады. Әдіскер А.Уалиахметова, басшымыз Р.Хасанова, Дина апай өз көмектерін беріп, зерделі кеңестер өткізіп,іс-тәжірибелерін аяған емес.Кітапханашы К.Тоғызбаеваның шәкірті ретінде, іс-қағаздарын толтыруды, мәдени шаралар өткізу бағытын, әр топтармен жұмыс, жасөспірімдермен жұмыс жүргізуді, сондай-ақ кітапхана есебін, күнделік толтыру сияқты көптеген жұмыс тәсілін үйреніп өз жұмысыма пайдаландым.Соның нәтижесінде оқырманым көбейіп, келушілер саны артты. Оқырмандар кез-келген сәтте керек кітабын тез арада тауып білім нәрімен сусындады. Мерекелі күндері кітапханада кең көлемді көрмелер баяндамалар оқылып,озат енбек адамдарымен кездесу кештері тақырыптық көріністеріміз орталық клубқа көрсетілді.Атап айтсам,*Желтоқсан ызғары*,*Бізде батыр болғанбыз*,*Тәуелсіздік бастауы*-атты тақырыпта болған.Тамды ауылында 55үй,халқы252.Бастауыш мектептің24оқушысы да кітапхананың тұрақты оқырмандары.Еңбек ардагерлері мен зейнеткерлеріміз Ч.Бірғалиев,Т.Биғалиев,т.б.окырмандар.Кітапханада жүргізілген көпшілік жұмыстар-Ы.Алтынсариннің «Ұлы педагог» атты әңгіме сағаты,2006 1 наурыздағы 2006 жылдың 1 наурыз ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауына байланыста *Жолдау жол сілтейді* атты кітап көрме ұйымдастырылып,көрмеге шолу жасалды.Осы жолдауды талдау барысында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Жаңа әдебиеттерді насихаттау барысында әдебиеттерге анықтама жазылды. 2007 жылдың 28 ақпан Н.Ә.Назарбаевтің *Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан* атты жолдауы оқырмандарға талқыланды.Аудандық кітапхана директоры Р.Хасанованы әдіскер А.Уалиахметовалардың ұйымдастыруымен өткізілген зерделі кеңесі көп көмегін берді.Жұмысымыздың кең көлемді жаңаша жұмыс істеудегі бірден бір қадам болды.Тамды ауылдық кітапханасында казіргі таңда кітап қоры -4700,оқырман саны-200 болып халықтын талап тілегін орындау барысында жұмыстанып,мәдени жұмыстардың белсенділігін арттырудамыз.
жүктеу 293,43 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау