Microsoft Excel программасындаѓы зертханалыќ ж±мыс



жүктеу 0,98 Mb.
бет1/4
Дата19.11.2018
өлшемі0,98 Mb.
#21589
түріПрограмма
  1   2   3   4

Петровка орта мектебі


ТАҚЫРЫБЫ:

Информатика сабағында Ms Exсel программасын өмірмен байланыстыра оқыту

Жұмыс авторы: Нурдуллаев Е.Г.

Петровка орта мектебінің

информатика пән мұғалімі

2015-2016 оқу жылы

Мазмұны


Кіріспе. 3

І бөлім


MS Excel программасы

ІІ бөлім

MS Excel программасын өмірмен байланыстыра оқыту

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Қосымша

Кіріспе
«Қоғамда өмір сүре отырып,қоғамнан тысқары бола алмайсың».

В.И. Ленин

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Казақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасы анықтап берген және Қазақстан Республикасының ғылым және білім беру жүйесінің алдында тұрған келешектегі жауапты міндеттердің бірі- еліміздің гүлденуіне, өсіп өркендеуіне өз үлесін қосар жоғары білімді, мәдениетті жастар тәрбиелеу. Білім беруді 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында: «ЮНЕСКО-ның және өзге де зерттеулер оқушылардың білім деңгейлерінің жылдан- жылға төмендеп келе жатқандығын анықтайды»- деп атап көрсетілді.

Бүгінгі күні біздің мемлекетімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалынып, әлемдік білім кеңістігіне бағыт алуда. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу- қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адам арасындағы қарым- қатынас құралдарының ғарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы. Оқыту мен тәрбиелеудің жеке тұлғаға бағдарлануы- 12 жылдық білім беруге көшуге жаңа бастама болып отыр. Сондықтан мұғалім үшін оқушының қызығушылығы, бейімі, жеке қабілеті және әлеументтік- психологиялық ерекшеліктері басты орында болуы тиіс. Орта мектепте оқытылатын оқу пәндерінің қазіргі өзгерісті кездегі жүзеге асыруға тиісті негізгі мәселесінің бірі- оқушылардың «дұрыс ойлау дағдыларын қалыптастыру». Оқушылардың дұрыс ойлау дағдылары олардың таным белсенділігімен тығыз ұштасып жатады.

Сонымен, зерттеу тақырыбының көкейкестілігі информатика сабағында оқушының дұрыс ойлау дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілетін сабақта арттырудың, өз бетінше еңбектене білуге дағдыландырудың тиімді жолдарын қарастырылумен анықталады. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру қазіргі заман педагогикалық теориясы мен практикасының даму кезеңіндегі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Оқушылардың негізгі әрекеттерінің бірі оқу болғандықтан бұл заңды.

Қоғам жеке оқушыдан прогрессивті ойлай алатын, белсенді әрекетті, жан- жақты болуды талап етеді. Қазіргі кезде ұстаздар алдындағы маңызды міндеттердің бірі – оқушының жеке басының ерекшеліктерінің дұрыс қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттілігін дамыту, оқуға деген қызығушылығы мен іскерлігін қалыптастыру. Ол үшін ең алдымен, оқушылардың танымдық іс -әрекеттерінің маңызды жақтарына көп көңіл аудару қажет.

Оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық жан қуаттарының оянуына түрткі болу- ол мектептегі оқытудың негізгі мәселелері. Оқушылардың белсенділігі мен танымды іс - әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру, мектептердің алдында тұрған міндет. Оқу жасындағы оқушылардың негізгі таным әрекеті, оқушының жалпы психикалық дамуына, мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты болады. Оқу әрекеті - күрделі әрі жан – жақты үрдіс.

Оқушының ақыл -ой еңбегі жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты іске асырылып отырады.


Зерттеудің болжамы: Егер оқушылардың таным белсенділігін арттырып қалыптастыратын болсақ, онда шығармашылыққа қабілетті жеке тұлғаны дамытуға да болар еді.

Зерттеу нысаны:- орта мектептің 8-сынып оқушылары.

Зерттеу пәні - информатика

Зерттеудің мақсаты- Оқушылардың таным белсенділігін, ойлау қабілетін және компьютерлік сауаттылық деңгейін өмірмен байланыстыра отырып дамыту.

Зерттеу мақсаты төмендегідей негізгі міндеттермен нақтыланады:



  1. Теориялық тұжырымдарды практикада іске асыру, сабақ барысында оқушылардың таным белсенділігін арттыруды зерттеу, оны іске асыру жолдарын көрсету.

  2. Оқушыларды өзін өзі бағалауға, өз бетінше ізденуге дағдыландыру.

Зерттеу міндеттері мен мақсатын жүзеге асыру үшін төмендегідей зерттеу әдістері: бақылау; сабақтар жүргізу және нәтижелерін өңдеу қолданылды.

І бөлім.

1979 жылы екі экономист студент Dэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін әдіс ойлап табуды шешті. Олар тарихта бірінші рет электронды кесте бағдарламасын жазып, оны Visible Calculator сөзінен қысқартылған VisiCalc (Көрсеткіш калькулятор) деп атады. Сондықтан барлық электрондық кестелер бағдарламасы, оның ішінде Еxcel программасы Дэн мен Бобтың арқасында жүзеге асты. 1980 жылы кестелік процессорлардың пайда болуы кестелік құжаттарды компьютердің көмегімен өңдеуге мүмкіндік туғызады. Бірінші болып VisiCalc кестелік процессоры жасалды. Осыдан кейін-ақ электрондық кестелер (ЭК) тұжырымдамасын бірқатар фирмалар іліп алып кетті. Осылай VisiCalc, SuperCalc, Multiplan сияқты кестелік процессорлары пайда болды, содан кейін Lotus 1-2-3 дестесі жасалды. Біздің елімізде Computer Associates, Ins фирмасының SuperCalc-3-4-5 кестелік процессорлары кеңінен таралды. Содан кейін бірқатар орысша бейімделген АБАК, ДРАКОН, ВАРИТАБ-86 дестілері жасалынды. Осы күнге дейін қуаты аз компьютерлерде SuperCals-4.5 нұсқасы қолданылады.

Қазіргі компьютерлерде Мicrosoft Excel кестелік процессоры кең таралған. Мicrosoft Excel электрондық кестесімен танысамыз. «Электрондық кесте» деген термин кесте түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеу деген ұғымды білдіреді. Кестелерді өңдеу мыналардан тұрады:


  1. Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулер жүргізу.

  2. Түрлі-түрлі факторлардың мәліметтерге тигізетін әсерін зерттеу.

  3. Оптимизация (тиімді ету) есептерін шығару.

  4. Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын алу (табу).

  5. Графиктер мен диаграммаларды тұрғызу.

  6. Мәліметтерді статистикалық талдау.

Мicrosoft Excel – сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office-тің құрамына кіретін программа. Мicrosoft Excel-дегі ыңғайлы аспаптардың көмегімен алынған сандық мәндерді талдауға, сонымен қатар олардың нәтижесін кесте түрінде беруге болады. Есептеу кезінде 400-ден аса математикалық, статистикалық, қаржылық және басқа да арнаулы функцияларды, әр түрлі кестелердің өзара байланыстарын қарастыруға болады.

Microsoft фирмасының Excel программасы – кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық кестелердің бірі. Бірақ Excel жәй программа емес, ол көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекті етіп әр адамға түсінікті түрде жүргізе алады. Ол кестедегі мәліметтерді пайдаланып, түрлі-түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер қоймасын жасап, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент өткізуді және т.б. қамтамасыз ете алады.

Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек экономика саласында ғана емес, оқып-үйренуде, ғылыми-зерттеу істерінде, әкімшілік және жәй шаруашылық жұмыстарында да кеңінен қолдануға мұрсат береді.




ІІ бөлім.

Бірінші зертханалық жұмыс.

«Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал!»

Абай

«Ұйықтар алдында өткен күнде өзіңнің не істеп, не тындырғаныңды ой елегінен бір өткізбей тұрып, көзіңді жұмушы болма.

Пифагор

Осы ұлы адамдардың сөздері әр адамды ойландыратыны сөзсіз. Оқушыларға да осындай ой сала отырып өздерінің бір күніне есеп беруін сұраған жөн. «Күн тәртібі» зертханалық жұмысының басталуы оқушының өз бір күнін қалай өткізгені туралы өзіне есеп беруден басталады. Өзіне есеп бере отырып бір күнінің кеткен уақытын жазып шығады. Яғни, бір күндегі немесе 24 сағаттағы өз өмірінің немен өткенін төмендегідей MS Excel программасына енгізеді.




MS Excel программасына енгізіп болғаннан кейін, осы күн тәртібін диаграммаға салады да пайызын көрсетеді. Бұл мысалы төменегідей болып шығады.





жүктеу 0,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау