ӘОК ӘОЖ 657.2:637.523 (574.51+574.41) Қолжазба құқында
АЛАЙДАРҚЫЗЫ ҚАЛАМҚАС
Шұжық өнімдерін шығаратын кәсіпорындардағы басқарушылық есеп
(«Алматы ет» және «Семей ет комбинаты» ЖШС-нің
мәліметтері негізінде)
08.00.12 – Бухгалтерлік есеп, аудит, статистика
Экономика ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2008
Диссертациялық жұмыс Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде орындалды
Ғылыми жетекшісі: экономика ғылымдарының
кандидаты Қ.К. Кеулімжаев
Ресми оппоненттер: экономика ғылымдарының
докторы С.Ж. Жақыпбеков
экономика ғылымдарының
кандидаты Ә.Д. Дәулетбеков
Жетекші ұйым «Тұран» университеті
Диссертация 2008 жылы «____» ________ сағат _________ Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетіндегі Д 14.45.10 ғылым докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады.
Мекен-жайы: 050035, Алматы қ., Жандосов көшесі 55, 144 бөлме.
Диссертациямен Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің кітапханасында танысуға болады.
Автореферат «____ » _______ 2008 ж. таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы,
экономика ғылымдарының докторы Ұ.А. Текенов
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық жағдайда шаруашылықтанудың жаңа талаптары мен олардың әріқарай дамуы ұйымның экономикалық жұмысының барлық жүйесінің елеулі қайта ұйымдастырылуын талап етті. Кеңес үкіметі кезеңінде ұзақ жылдар бойы отандық ұйымдардың көпшілігі жоспарлау, бухгалтерлік есеп және экономикалық талдаудан көп тәжірибе жинақтады. Бірақ бұл тәжірибе нарықтық экономика ұстамдарынан едәуір ерекшеленетін, теориялық негіздегі орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайында қалыптасты.
Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алынғаннан кейін, ұйымдар өз қызметінің нәтижесіне толық жауап беретін дербестікке қол жетіп, экономикалық және заңдылық тұрғыдан оқшауланды. Ұйымның өндірістік – қаржылық қызметінің тиімділігіне деген басқарудың барлық буындардың жауапкершілігі арта түсті. Кәсіпорынды банкроттық пен күйзелуден құтқаруға ешкім көмектеспейтін болды. Өндірістік – шаруашылық қызметтің барлық мәселелерін тиісті ақпарат негіздерінде және оларды талдау арқылы, сонымен қатар өндірістік қызмет түрлерін түбегейлі қайта құру арқылы мәселелерді ұйымның өзіне шешуге тура келді. Бірақ, ұйымдық нысандар тұрғысынан кәсіпорындар ішінде бұрынғыдай жоспарлау сақталып қана қоймай, тіпті оның мәні күшейе түсті, бухгалтерлік есеп, сонымен бірге өндірістік-қаржылық қызметті жан-жақты экономикалық талдау да жалғастырылды. Бірақ, олар көпшілік жағдайда айдың соңында жүргізілгендіктен, оның тиімділігі онша жоғары дәрежеде болмады.
Дегенмен де, түбегейлі өзгерістер, ең алдымен бұрынғы жоспарлау, есеп, бақылау және талдау әдістемесінде басқару үшін экономикалық ақпаратты қалыптастыру мен пайдалану жүйесінде қажет болды. Қазіргі жағдайда өндіріс шығындары мен қаржылық нәтижелер туралы ақпараттарды қалыптастырудың, оларды басқарудың жаңа жолдарын құру, жедел талдау үшін алынатын мәліметтердің жеделдігі мен құндылығын арттырудың дәстүрлі емес жүйесін құру – қазіргі шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі мен бақылауының және талдаудың өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Экономикасы жоғары дамыған елдерде нарық жағдайындағы ұйымның оңтайлы экономикалық жұмысын ұйымдастырудың мол тәжірибесі жинақталған, мұны отандық кәсіпорындардың есеп тәжірибесінде пайдалану өте қажет. Ұйымды басқару теориясы мен тәжірибесінің шетелдік жетістігінің бірі басқарушылық есеп болып саналады.
Басқарушылық есепті ұйымдастыру мен жүргізу ұйым басшыларының жедел және стратегиялық шешім қабылдауына керекті қаржылық және өндірістік ақпараттарды сәйкестендіру, өлшеу, талдау, дайындау, түсіндіру және ұсыну процесі болып табылады.
Бұл анықтама халықаралық стандарттарға сай және ұйымды басқару үшін есептің мәні мен мазмұнын ең толық сипаттайтын түсінік. Осыған сай басқарушылық есеп ұйымның, оның бөлімшелерінің қызметін стратегиялық басқаруды, бағалауды, кәсіпкерлік қызметті жоспарлау мен бақылауды, материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарын оңтайлы пайдалануды қамтамасыз етуді қоса алғанда жалпы бизнесті басқару үшін қажетті ақпаратты жедел қалыптастыру мен пайдаланудың барлық жүйесін қамтиды. Бұл жағдайда бухгалтерлік есеп жүйесі, оның ішінде ұйымды басқару үшін пайдаланатын бөлігі басқарушылық есебіне кіреді.
Ғалымдар мен экономисттердің арасында басқарушылық есепті бухгалтерлік есеп жүйесінде және онан тыс та қарайтын әртүрлі көзқарастар бар. Соңғы жылдары басқарушылық есеп кәсіпорын қызметінің қаржылық есебімен, яғни шығындар мен қаржылық нәтижелер, борыштық талаптар мен міндеттемелер, материалдық қорлар мен төлем тәртібін бақылаумен ғана шектеледі. Бірақ өндіріс, өткізу және жабдықтау, сонымен қатар басқарушылық шешімдердің тиімділігін бағалау, оның ішінде кәсіпорын үшін маңызы жағынан кем түспейтін өндірістік инвестициялармен байланысты шешімдер басқарушылық есеп өрісінен тыс қалып қалады.
Басқарушылық есеп шаруашылық қызметтерінің нәтижелері бойынша басқарылатын әрбір объектінің есептік жүйесі, жопарлауы, бақылауы мен шығындары туралы мәліметтерді талдауы болып көрінуі, соның негізінде ұзақ және қысқа мерзімді уақытқа ұйымның қызметін оңтайландыру мақсатында әртүрлі тиімді басқарушылық шешімдерін жедел қабылдау үшін ақпараттың негізі болып саналады. Себебі бұрын бухгалтерлік қызмет ешқашан жедел және стратегиялық жоспарлау мен бюджеттендіру, жабдықтау, өндіріс пен өнімді өткізуді басқару үшін ақпараттарды дайындаумен айналыспаған. Бірақ, соңғы кезде экономикалық ақпаратты қалыптастырудың компьютерлік жүйесі көп жылдар бойы өндірістік – шаруашылық қызметті жоспарлау, болжау, есепке алу және талдау арасындағы көбіне шартты түрде болатын кедергілерді жойып жіберді.
Қазіргі таңда ет және шұжық өнімдері өнеркәсібінің тұрақты дамуына және осы саладағы өнімдердің сапалылығы мен сұранысқа ие болуына саладағы өндірістің тиімділігіне ұйымдық-технологиялық жетістіктермен қатар, өндіріс шығындарының басқарушылық есебі мен бақылауы және жедел талдауының алатын орны өте айрықша десек қателеспейміз. Яғни, саладағы дұрыс ұйымдастырылған басқарушылық есеп пен бақылау және талдау қаржылық, материалдық, еңбек және басқа да ресурстарды тиімді, әрі үнемді пайдалануға, өзіндік құнды төмендетуге, сондай-ақ өндіріс тиімділігін арттыруға толық мүмкіндіктер беретіні анық.
Осы аталған міндеттерді орындау үшін шұжық өнеркәсібінің технологиялық ерекшеліктеріне қарай жабдықтау-дайындау қызметіндегі, сонымен қатар өндірістік және коммерциялық-сату қызметтеріндегі басқарушылық есептің ұйымдастырылу тәртіптерін, шығындар мен пайданың өзара байланысын талдау, шығындарды төмендету жолдарын қарастыру, жұмсалған шығындарға ішкі бақылау мен жедел талдау ұйымдастыруды жетілдіру өзекті мәселелер болып саналады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық зерттеудің мақсаты – нарықтық қатынастар жағдайында шұжық өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың өндірістік қызметінің басқарушылық есебін ұйымдастыру әдістемесін жетілдіру болып саналады.
Осы аталған мақсатқа қол жеткізу үшін зерттеу барысында мына төмендегі міндеттер алға қойылды:
- шұжық өндірісінің ұйымдық және технологиялық сипатына байланысты басқарушылық есепті ұйымдастырудың ерекшеліктерін және оның өндірістік қызметтегі рөлін анықтау;
- шұжық өнімдерін өндіретін ұйымдардағы жауапкершілік орталықтары мен шығындардың пайда болу орындарын белгілеу;
- шұжық өнімдері өндірісін, табыстары мен шығындарын бюджеттеу және оның орындалуын бақылау үшін басқарушылық бақылау жүйесін ұсыну;
- шұжық өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың өндірістік қызметіндегі «Шығын-өндіріс-пайданың» өзара байланысын талдаудың нәтижесінде әдістемелік ұсыныстар жасау;
- шұжық өнімдері өндірісінде ішкі шаруашылық бақылау мен жедел талдау ұйымдастырудың теориясы мен тәжірибесін зерттеп, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар беру.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Шұжық өнімдерін өндіру ұйымдарындағы басқарушылық есепті ұйымдастыру және оны жетілдіру мәселері бойынша отандық және шетелдік ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектері жоқтың қасы. Ал жалпы басқарушылық есепті ұйымдастыру және оны дамыту сұрақтарына байланысты шетелдік және отандық әдебиеттерде көп көңіл бөлінген. Шетелдік ғалымдардың ішінен К. Друри, Л.А. Крятова, Т.П. Карпова, Б. Нидлз, С.А. Стуков, В.Ф. Палий, П. Драккер, Р. Энтони, А. Яругованың, еңбектері белгілі болса, ал отандық және ресейлік ғалымдар мен тәжірибешілердің, яғни В.К. Радостовец, К.Т. Тайғашинова, К.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, К.Ш. Дүйсембаев, Ф.С. Сейдахметова, С. Жақыпбеков, С.Д. Тәжібаев, Ә.Д. Дәулетбеков, Т.А. Тасмағанбетов, Г.Ю. Касьянова, И.А. Басманов, П.С. Безруких, А.П. Бархатов, А.И. Васильков, Е.А. Голиков, В.Б. Ивашкевич, А.Ш. Маргулис, Р. Манн, В.Е. Ластовецкий, Н.П. Кондраков және тағы басқалардың еңбектерінде кеңінен зерттелген болатын.
Бұл ғалымдардың еңбектерінде өндірістік шығындарды есепке алудың нормативті әдісі мен өнімнің өзіндік құнын есептеуге, сонымен қатар ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметін, оның ішінде ет өнімдерін өндіруді талдау әдістемесіне көп көңіл бөлінген. Бірақ, шұжық өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың өндірістік қызметіндегі басқарушылық есебін ұйымдастыру мәселелері ғылыми тұрғыдан осы күнге дейін толық зерттелмей келеді.
Нарықтық экономика жағдайында шұжық өнімдерін шығаратын кәсіпорындарға басқарушылық есепті ендіру басқару мамандарының дербестігін арттыру және қабылданған басқарушылық шешімдердің дәлелді қабылдануына және өндірістік қызметтің соңғы нәтижесін жақсартуға көмектеседі. Басқарушылық есеп өндірістік шығындардың мөлшерін анықтап, оларды құжатқа тіркеп, кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметіне жан-жақты талдау жасап қана қоймайды, сонымен бірге басқарушылық шешімдер қабылдау үрдісін экономикалық тұрғыдан толық дәлелдеуге мүмкіндік береді. Сондықтан, оның саласына өндіріс экономикасы, оны басқару, ұйымдастыру, талдау және өндіріс технологиясына байланысты сұрақтар кездейсоқ енгізілмеген. Басқарушылық есеп шығындарды тиімдірек жұмсауға және оларды оңтайлы басқаруға мүмкіндік беретін экономикалық үрдістің барлық құрамдас бөліктерін зерттейді.
Жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешудің қажеттілігі және олардың шұжық өнімдері өндірісінде ғылыми тұрғыдан толық зерттелмеуі диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдауға, оның мақсаты мен міндеттерін айқындауға негіз болып отыр.
Зерттеудің пәні мен объектісі. Зерттеудің пәні шұжық өнімдерін өндіретін ұйымдарда басқарушылық есепті ұйымдастыру мен дамыту теориясы мен тәжірибесін талдау және олардың жетілдіру жолдарын қарастыру болып табылады.
Зерттеу объектісі ретінде шұжық өнімдерін өндіретін «Алматы ет» және «Семей ет комбинаты» ЖШС-нің шұжық өндірісі таңдап алынды.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негіздері. Басқарушылық есепті дамыту мен ұйымдастыру мәселелері бойынша зерттелген отандық және шетелдік ғалым экономистердің ғылыми еңбектері, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және өндірістік қызмет мәселелері бойынша заңдар мен заң күші бар нормативтік актілер, ғылыми-теориялық және ғылыми-тәжірибелік конференциялардың материалдары, зерттеу жүргізілген ұйымдардың бухгалтерлік есеп мәліметтері пайдаланылды.
Зерттеу әдістері ретінде зерттеліп отырған объектіге жүйелі талдаудың жалпы ғылыми тәсілдері, бақылау және салыстырмалы талдау, тарихи және логикалық ойлау, зерттеу объектісі мен алынған нәтижелерді кешенді сипаттау және тағы басқа әдістер пайдаланылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Нарықтық экономиканың жаңа талаптарына сәйкес шұжық өнімдерін өндіретін ұйымдардың өндірістік- шаруашылық қызметінде басқарушылық есепті ұйымдастыруға байланысты мәселелер кешенін тәжірибелік және теориялық жағынан зерттеп, оларды өндіріске ендіруге және одан әрі жетілдіруге байланысты нақты ұсыныстар беру болып табылады.
Қорғауға шығарылған төмендегідей маңызды нәтижелер алынды:
- нарықтық қатынастар жағдайында шұжық өндірісінің ұйымдық және технологиялық ерекшеліктеріне қарай басқарушылық есепті ұйымдастырудың әдістері және оның маңызы анықталды;
- шұжық өнімдерін өндіретін ұйымдардың өндірістік қызметіндегі табыстар мен шығындардың жауапкершілік орталықтары анықталып, ішкі есептеме нысандары ұсынылды;
- шұжық өнімдерін өндіретін ұйымдардағы шығындар мен табыстарды бюджеттендіру әдістемесі мен бюджеттің орындалуын жүзеге асыратын басқарушылық бақылау жүйесі ұсынылды;
- шұжық өнімдерін өндіретін ұйымдарының өндірістік қызметінде «Шығын-өндіріс-пайданың» өзара байланысын талдау әдістемесін қолдану бойынша ұсыныстар жасалынды;
- зерттеу жүргізілген ұйымдарда ішкі шаруашылық бақылау мен жедел талдау ұйымдастырудың ерекшеліктері анықталып, өндіріс шығындары мен өзіндік құнды бақылау және талдау бойынша нақты ұсыныстар берілді.
Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы. Диссертацияда берілген негізгі ережелер, әдістемелер, ұсыныстар мен тұжырымдамалар шұжық өнімдерін өндіретін кәсіпорындар қызметіне басқарушылық есепті ендіруде қолдануға бағытталған және оларды оқу үрдісінде пайдалануға болады.
Автордың жасаған ұсыныстарын өндірістік қызмет тәжірибесінде пайдалану арқылы ұйымның жедел, тактикалық және стратегиялық басқару шешімдерін қабылдауға қажетті ақпараттық-талдаушылық базаларының сапасын арттыруға болады. Бұл жабдықтау, өндірістік және коммерциялық қызметті тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Зерттеу нәтижелерінің аппробациясы мен өндіріске ендірілуі. Диссертациялық жұмыстың нәтижелері мен қорытындылары республикалық және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда және кезеңдік басылымдарда баяндалып, жарық көрді, соның ішінде: ғылыми-тәжірибелік конференциялардың жинақтарында: «Всесторонняя ускоренная модернизация экономики Казахстана и Средней Азии: современность и перспективы», (КазНАУ им. Аль-Фараби, Алматы, 7-8 декабря, 2007 ж.), «Қазақстан Республикасының экономикалық өрлеуі жағдайында білім беру жүйесін дамыту», (Халықаралық Бизнес Университеті, Алматы, 30 қаңтар 2008 ж.), «III Рысқұлов оқулары» (Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, Алматы, 19-23 мамыр, 2008 ж.) және ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті ұсынған басылымдарда: ҚазЭУ Хабаршысы» – 2008, № 2, 3; «Статистика, есеп, аудит» тоқсандық ғылыми-тәжірибелік журнал - 2008.- №2.
Зерттеу жұмысының негізгі мазмұны мен әдістемелік нәтижелері «Алматы ет» және «Семей ет комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің есеп тәжірибесіне және Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша оқу үрдісіне енгізілді.
Зерттеу нәтижесінің басылымдарда жарық көруі. Жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша жалпы көлемі 3,38 б.т. болатын 7 ғылыми мақала жарияланды.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Диссертациялық жұмыс 19 кестені және 3 суретті қамтиды.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Бүгінгі таңда басқарушылық есеп тақырыбы – Қазақстандағы басқару теориясы мен тәжірибесінде ең пікір-таласты көп тудыратын мәселелердің бірі болып саналады.
«Басқарушылық есеп» түсінігі (management aceounting) ағылшын тілінен аударылған және біршама қарама қайшылықтарға ие. Мәселен, басқарудың классикалық теориясы тұрғысы бойынша кез келген есеп басқару функциясы болып табылады. Сондықтан бұл анықтама басқарушылық есептің толық мазмұнын сипаттай алмайды. Сонымен басқарушылық есеп сұрақтарын теориялық және тәжірибелік жағынан қарастыру кезінде ғалымдар мен сараптаушылар арасында оның пәндері мен ұйымдастыру жолдары туралы әртүрлі көзқарастар мен ұғымдар бар. Бұл іс жүзінде батыс пен отандық экономикалық-басқарушылық пәндер саласына екі салыстырмалық көзқарасқа байланысты болады.
Қазақстан Республикасының нормативті реттеу заң актілерінде басқарушылық есепке берілген ресми анықтаманың жоқ екенін атап өтуіміз керек. Біздіңше, бұның себебі басқарушылық есепті ұйымдастыру әрбір ұйымның ішкі ісі болғандықтан деп түсінеміз. Мемлекет ұйымды осындай есеп жүргізуге міндеттендіре алмайды немесе оны жүргізудің бірегей ережесін жасап бермейді. Басқарушылық есептің батыстық қалыптасқан практикасы мемлекеттің бұл салаға араласпайтындығын көрсетеді. Бірақ, басқарушылық есептің теориялық және тәжірибелік маңызы зор, сондықтан оған мамандардың зерттеуін талап ететін жеке бағыт ретінде анықтама беру аса маңызды болып саналады.
Сондықтан, біздің ойымызша басқарушылық есеп ұйымның ақпараттық жүйесінің негізгі бөлігі болып отырып, бір жағынан ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметтерін, өндірістік шығындар мен өндіріс көлемін болжамдау, жоспарлауға, сондай-ақ тиімді басқару шешімдерін қабылдау мақсатында қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету, жедел басқару мен бақылауға, оңтайлы басқару шешімдерін қабылдауға, сонымен бірге алға қойған мақсат-міндеттердің орындалуын бағалауға арналған ішкі есеп жүйесі деп түсінеміз.
Жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесінде біз басқарушылық есеп – бұл басқару қызметін тиімді атқаруға, яғни, шешім қабылдау, жоспарлау, талдау, бағалау, бақылау мен реттеуге қажеттi ақпаратпен қамтамасыз ететін, басқарудың жалпы жүйесіне жекеленген бухгалтерлік есептің бір бөлігі деп толық айта аламыз. Бұл процесс фирма ішінде өздерінің қызметін атқару үшін басқарушылық аппаратқа қажетті мәліметтерді теңдестіруді, өлшеуді, жинауды, жүйелеуді, талдауды, дайындауды, беру мен қабылдауды қамтиды.
Мемлекетіміз тұрғындарды жоғары сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз етуде тамақ өнеркәсібіне, оның ішінде шұжық өнімдерін өндіруге жоғары талаптар қойып отыр. Шұжық өнімдерін шығаратын ұйымдар бәсеке қабілетті өнімді шығаруды ұлғайтуға мүдделі және бұл өз кезегінде олардың технологиялық жағдайына және өндірістің алдыңғы қатарлы технологиясын пайдалануға байланысты болады.
Ет және шұжық өнеркәсібі тұрғындарды тек сапалы өніммен қамтамасыз етумен шектелмейді, сонымен қатар олардың нарықта жоғары деңгейде дамуы тұрғындарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етуді жүзеге асыратын сала болып саналады. Сондықтан, біз Қазақстан Республикасындағы соңғы бес жылда өндірілген ет және шұжық өнімдерінің көлемін толық анықтау үшін төменде берілген 1 кестеде көрсетілген.
1 кесте – Республика бойынша ет және шұжық өнімдері өндірісінің көлемі
Өнім түрлері
|
2002 ж
|
2003 ж
|
2004 ж
|
2005 ж
|
2006 ж
|
2006/2002 %
|
Ет және еттен жасалған аралық тамақ өнімдері, тн
|
90182
|
67522
|
68815
|
85625
|
91412
|
101,4
|
Шұжық өнімдері, тн
|
9684
|
22658
|
23057
|
25065
|
30759
|
317,6
|
Барлығы
|
99866
|
90090
|
91872
|
110690
|
122171
|
122,3
|
Ескерту – кесте ҚР Статистика Агенттігінің мәліметтері негізінде жасалынды
|
Жоғарыда берліген 1 кестенің мәліметтері республика бойынша ет және шұжық өнімдері өндірісінің көлемі соңғы жылдары жоғары деңгейде өндірілгенін байқатады. Яғни республика бойынша барлық ет өнімдері 2006 жылы 2002 жылмен салыстырғанда 22,3 пайызға өскен. Соның ішінде ет және еттен жасалған аралық тамақ өнімдері 2006 жылы 2002 жылмен салыстырғанда 1,4 пайызға, ал шұжық өнімдері 217,6 пайызға жоғарылаған. Демек, жалпы республика бойынша шұжық өнімдері өндірісінің деңгейі қарқынды дамып келеді деп қорытынды шығаруға болады. Яғни, бұл еліміздің тұрғындарының ет және шұжық өнімдеріне деген сұранысының жоғарылағанын көрсетеді.
Шұжық өндірісінде екі калькуляция жасалады: шикізатты (жартылай фабрикатты) бөлшектеудің өзіндік құнын есептеу және дайын шұжық өнімдерін өзіндік құнын есептеу.
Жартылай фабрикаттардың нақты өзіндік құнының калькуляциясы шикізаттың әр түрі – сүйектегі сиыр еті, сүйектегі шошқа еті, сүйектегі қой еті және басқа шикізаттар бойынша жасалынады. Бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастырудың әсіресе өндірістік ресурстардың рационалды пайдалануын күнделікті бақылауды қамтамасыз ететін және шұжық өнімінің тиімділігін арттыру үшін өндіріс шығындары есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызы аса зор. Соған байланысты біз зерттеу жүргізілген «Алматы ет» ЖШС-нің нақты мәліметтері негізінде шұжық өнімдерін өндіруге байланысты еттің өзіндік құнын анықтаудың тәсілін 2 кесте арқылы ұсынып отырмыз.
Біздің ойымызша, шұжық өнімдерін шығаратын кәсіпорындарда өэдерінің ұйымдық-технологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, өндіріс шығындары жайлы ақпараттарды шығындарды пайда болу орнымен қатар, шұжық өнімдерінің жекелеген түрлері, пайдаланылған материалдың және еңбек ресурстарының түрлерінің белгіленген нормалары және нормадан ауытқу туралы ақпаратты алуды қамтамасыз ететін өндіріс шығындар есебінің тәртібі қажет, яғни шығындарды есепке алу мен бақылаудың нақтылығын күшейтетін өндіріс шығындар есебінің нормативтік әдісін қолданған дұрыс.
Нормативтік әдістің негізгі ұстамы бұл - әрбір өндіріс учаскісі бойынша жоспарлы-өндірістік нормаларды тағайындау болып саналады. Өндірістік нормалармен барлық өндірістік процестер, негізгі шикізаттар мен көмекші материалдар, еңбек ақы шығындары, өндіріс құрал-жабдықтарын пайдалануға байланысты шығындар мен үстеме шығыстардың деңгейі қарастырылады.
2 кесте – Еттің өзіндік құнын анықтау тәсілі
Бөлшектеуге түсті
|
Көрсеткіштер
|
Салмағы
(ц)
|
1ц. бағасы теңге
|
Сомасы, теңге
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Сиыр еті
І категория
ІІ категория
|
100
500
|
22000
18000
|
2200000
9000000
|
Барлығы
|
600
|
|
11200000
|
(қатардағы) құны алынып тасталады:
Сүйек трубка
Сүйек
Сіңірі
|
40
90
25
|
3500
3000
1700
|
140 000
270 000
42 500
|
Алып тастағаннан кейінгі барлығы
|
445
|
|
10747500
|
Шошқа еті:
Семіз терісіз
Етті терісіз
|
150
350
|
20 000
15 000
|
3000000
5250000
|
Барлығы
|
|
|
8250000
|
Құны алынып тастағанда:
- сүйек
- сіңір
|
55
15
|
3000
1700
|
165000
25500
|
Алып тастағаннан қалған барлығы
|
430
|
|
8059500
|
кестенің жалғасы
|
Ет түсімі
|
Көрсеткіштер
|
Салма-ғы,
(ц)
|
Коэф
|
Келтір-ілген өлшем саны
|
Сомасы (тенге)
|
1ц. өзіндік құны (теңге)
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
Сіңірден тазартылған сиыр еті:
Жоғарғы сорт
І сорт
ІІ сорт
|
53
130
260
|
1,2
1,0
0,8
|
63,6
130
208
|
1702 045
3479 022
5556, 433
|
32114,06
26761,70
21409,36
|
Барлығы
|
443
|
|
401,6
|
10747500
|
-
|
Сіңірден тазартыл-
ған шошқа еті
Шпиг
|
294
100
|
1,0
1,4
|
294
140
|
5014800
2388000
|
17057,14
23880,00
|
Ысталуға арналған шошқа еті
|
35
|
1,1
|
38,5
|
656700
|
18762,86
|
Барлығы
|
429
|
|
472,5
|
8059500
|
-
|
Ескерту – кестені «Алматы ет» ЖШС-нің мәліметтері негізінде автордың өзі дайындады
|
Шұжық өнімдерін шығаратын кәсіпорындарда басқарушылық есепті ұйымдастыру кезінде басты назарды шұжық өндірісінің келесідей ерекшеліктеріне аудару қажет: ет категориясы мен семіздігін көрсете отырып, өлшеу-жөнелту құжатын дұрыс толтыру; жібіту кезіндегі ет өнімдерін есептен шығару тәртібін сақтау; бөлшектеу мен сіңірден тазартудан алынған ет өнімдері мен қалдықтарды өлшеу және құжаттау; етті бөлшектеу кезіндегі шығымы, сонымен қатар сіңірден тазарту кезіндегі сорттар бойынша шығымы нормаларының орындалуын бақылау; технология мен рецептураны сақтау, шұжық өнімдерінің ылғалдылығына талдауды іске асыру; рецептура журналының мәліметтерін, шикізатты жұмсау нормалары әртүрлі, бірақ сату бағалары бірдей шұжық атауларының өзгеріп кетуін анықтау мақсатында шұжық өнімдерін жіберу мәліметтерімен салыстыру; бастапқы жиыны бойынша шикізаттың тұздау бөліміндегі партиялық есепке алынуының дұрыстығын анықтау.
Басқарушылық есептің принципиалды ерекшелігі шығындар мен табыстарды тек жалпы шұжық шығаратын кәсіпорындар бойынша ғана емес, сонымен қатар оларды ұйым ішінде қалыптастыру орындары және жауапкершілік орталықтары бойынша анықтау болып табылады. Ол өз алдына менеджерлердің жауапкершлігін арттырып, өнімнің тиімділігіне әсерін тигізеді.
Шұжық өнімдерін шығаратын кәсіпорындарда шығын орталықтары басқа жауапкершілік орталықтарына кіруі немесе оқшау әрекет етуі мүмкін.
Сонымен бірге, біз диссертацияда шығындар орталығының негізгі екі типін бөліп, көрсетуді ұсынып отырмыз:
- нормативті шығындар орталығы;
- басқарушылық шығындар орталығы.
Нормативті шығындар орталығы – басшысы өнім бірлігіне жұмсалатын шығындардың жоспарлы деңгейінен артып кетпеуін қамтамасыз ететін бөлімше. Шұжық өнімдерін шығаратын кәсіпорындарда осындай орталықтар ретінде өндірістік цехтар, шикізаттар мен материалдарды сатып алу бөлімшесі қарастырылады.
Басқарушылық шығындар орталығы – басшысы шығындар жиынтығының жоспарлы деңгейінің сақталуына жауап беретін бөлімше. Біздің жағдайда, бұл – бақылау мен басқару қызметтің іске асыратын әкімшілік-басқарушылық қызметкерлері және бухгалтерия болып табылады.
Шұжық өнімдерін шығаратын кәсіпорындардағы жабдықтау процесі өнімді дайындауға қажет еңбек заттарымен кәсіпорынды қамтамасыз ететін операциялар жиынтығын көрсетеді. Жабдықтауды ұйымдастыру арқылы белгілі бір сапалы материалдық ресурстармен өндірісті уақытылы қамтамасыз етудің нәтижесінде дайын өнімнің сапасына, кәсіпорынның барлық ұжымы қызметінің тиімділігіне жағымды әсер етуге болады.
Шұжық кәсіпорындарының жабдықтау-дайындау қызметінің негізгі міндеті бұл - өнімді дайындауға барлық қажетті құралдарымен қамтамасыз ететін операциялар жиынтығы. Дайын өнімнің сапасы мен жалпы кәсіпорынның қызметінің тиімділігі жабдықтаушы ұйымдардан өндіріске
материалдық ресурстардың белгілі бір көлемде сапалы, уақытылы түсуіне тәуелді болады.
Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде біз шұжық өнімдерін шығаратын кәсіпорындар үшін қызметтің басқа салаларының (өндірістік, коммерциялық - өткізу) тиімді қызмет етуіне елеулі әсер ететін жабдықтау-дайындау қызметін дұрыс ұйымдастыру маңызды кезең екенін айта аламыз. Осы саладағы шұжықты үздіксіз өндіру мен сату - өндірісті материалдық ресурстармен жабдықтаумен тікелей байланысты.
Зерттеліп отырған шұжық өнімдерін өндіретін кәсіпорындарда, әдетте материалдық-техникалық жабдықтау бөлімдері басшыларға тікелей бағынады. Осыдан келіп жабдықтау-дайындау қызметінің фирманың басқа бөлімшелері-мен (жоспарлы-экономикалық бөлім, бухгалтерия, өндірістік бөлім, қаржы-өткізу қызметімен) өзара қызметтік қатынасы шектелінеді. Осы бөлімшелердің әрқайсысы «өз» қызметін дербес жүргізеді, яғни бүкіл кәсіпорынның жалпы шаруашылық мүддесін ескермейді.
Жабдықтау-дайындау қызметіне байланысты шығындар шұжық өндірісі-нің жалпы шаруашылық шығындарына енгізіледі. Осыған қарай негізгі өндірістің көлемін ұлғайтудың нәтижесінде тұрақты қызметкерлердің біліктілігіне, өндірісті технологиялық құрал-жабдықпен уақытылы жабдық-тауға, тиеп-түсіру жұмыстарын механизацияландыру және тағы басқа да ұйымдастыру мәселелеріне аз көңіл бөлінеді.
Шұжық өнімдерін шығаратын кәсіпорындардағы басқарудың ең күрделі және жауапты саласы өндірістік процестерді басқару болып табылады.
Зерттеудің нәтижесінде біз шұжық өнімдерін өндіретін ұйымдарда өндіріс шығындарын есепке алу мен өнімнің өзіндік құнын есептеудің жекелеген мәселелерінің осы күнге дейін шешімін таппағанын байқап отырмыз. Өндірісті басқарудағы негізгі қиындықтардың бірі бұл елеулі кемшілік өндіріс шығындары туралы ақпараттардың толық жүйелі болмауы болып саналады.
Кәсіпорынның көрсеткіштер жүйесінде өзіндік құнның атқаратын рөлі мен орны өте зор. Оның дұрыс анықталуы тек төмендегі жағдайлар сақталғанда ғана қамамасыз етіледі: шығындар есебін негізделіп белгіленген жіктемесі бойынша жүргізгенде; шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау өндірістің ұйымдастыру және технологиялық ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылғанда; шығындар есебі мен барлық тауар өнімі және оның жекелеген түрлерінің өзіндік құнын калькуляциялауда экономикалық тұрғыдан дәлелденген әдістер қолданғанда.
Қаржылық есептің Ұлттық стандартына сәйкес барлық ұйымдар меншік түлері мен құқықтық формаларына қарамастан өнім өндіру, қызмет көрсету кезінде өндірістік шығындар есебін материалдар, еңбек ақы, үстеме шығыстар және басқа да шығын баптары бойынша ұйымдастырады. Бұл стандарттағы негізгі жетіспеушілік болып, шұжық өнімдерін өндіретін ұйымдар үшін өндірістегі негізгі шикізаттар мен материалдардың және көмекші материалдардың есебін, сонымен қатар өндіріс процесіне тікелей қатынасатын машиналар мен құрал-жабдықтарды пайдалану шығындарын үстеме
шығыстардың құрамынан бөліп, бөлек есепте көрсетудің қажеттілігі болып отыр. Себебі, №2 қаржылық есептің ұлттық стандарты бойынша материалдар негізгі және көмекшіге, сонымен қатар машиналар мен жабдықтарды пайдалану шығындары үстеме шығыстардан ажыратып көрсетілмеген.
Шұжық өнімдерін шығаратын кәсіпорындар өндіретін өнімнің өзіндік құнын жоспарлауды, есепке алу мен есептеуді жетілдіру және есептің дәлдігін, оның талдамалылығын қамтамасыз ету үшін, біз шұжық өнімдері ұйымдары үшін өндірістік шығындардың есебін төмендегі шығын баптары бойынша ұйымдастыруды ұсынамыз:
Шикізат және негізгі материалдар (ет өнімдері);
Көмекші материалдар;
Қайтарылатын қалдықтар (алынып тасталады);
Технологиялық мақсаттарға арналған отындар мен энергия;
Өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбек ақысы;
Өндірістік жұмысшылардың қосымша еңбек ақысы;
Әлеуметтік мұхтаждарға аударымдар;
Машиналар мен құрал-жабдықтарды ұстау мен пайдалану шығындары;
Үстеме шығыстар.
Өндіріс шығындарын, шығындарды есепке алу объектісіне байланысты топтау, шығындарды түрлері, пайда болу орындары, жауапкершілік орталықтары, және шығын тасымалдаушылары бойынша есепке алуды ұйымдастыру үшін қажет. Мәселен, шығындарды түрлері бойынша есепке алу өндірілген шұжық өнімінің өзіндік құны құрылымын анықтауға мүмкіндік береді. Өзіндік құн құрылымы дегеніміз – шығындардың жекелеген түрлерінің жалпы шығындар сомасына пайыздық қатынасын құрайды. Ол әдетте шығындардың элементтері бойынша есептеледі.
Шұжық өндірісі материал сыйымдығы жоғары салаға жатады. Себебі, шұжық өнімінің өзіндік құнындағы шикізатқа жұмсалатын шығындар үлесі 60 пайыз және одан да жоғары болып келеді. Шұжық өнімнің өзіндік құн құрылымында шикізаттың жоғары үлес салмағына байланысты оны пайдаланудың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту өзіндік құнды төмендетудің негізгі көзі болып табылады.
Зерттеліп отырған «Алматы ет» жауапкершілігі шектеулі серіктесітігі бойынша 2006 жылдағы нақты өндірілген шұжық өнімдерінің түрлеріне қарай өндіріс шығындарының құрылымын төмендегі 3 кесте арқылы көрсетіп отырмыз.
Шұжық өнеркәсібі материалсыйымдылығы жоғары сала болып табылады. Оның дәлелі ретінде, біз зерттеу жүргізген «Алматы ет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 2006 жылы шұжық өндірісіндегі негізгі шикізаттар мен көмекші материалдардың орташа үлес салмағы басқа шығындарға қарағанда өнімнің өзіндік құрылымында 69,5 пайызды құрап отырғанын айта аламыз. Еңбек ақы шығындарының орташа үлес салмағы 12,1 пайызды құраса, ал өндірістегі үстеме шығыстардың үлес салмағы 18,4 пайызды құрап отырғанын байқауға болады.
3 кесте - «Алматы ет» ЖШС бойынша шұжық өнімдерінің түрлеріне қарай өндіріс шығындарының құрылымы (2006 ж)
Шығын түрлері
|
Шұжық өнімдерінің түрлері бойынша шығындардың үлес салмағы (%)
|
Любительс-кая пісірілген (шошқа еті)
|
Зернистая жартылай сүрленген (шошқа еті)
|
Закусочная сүрленген (сиыр еті)
|
Докторская сүрленген (сиыр еті)
|
Сосиски
|
Сардельки
|
Негізгі шикізат
|
61,0
|
59,0
|
58,0
|
58,0
|
57,0
|
59,8
|
Көмекші материалдар
|
11,0
|
11,3
|
9,0
|
11,3
|
12,0
|
9,5
|
Еңбек ақы және аударымдар
|
12,3
|
10,0
|
12,4
|
12,3
|
12,7
|
12,8
|
Үстеме шығыстар
|
15,7
|
19,7
|
20,6
|
18,4
|
18,3
|
17,9
|
Барлығы
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
Ескерту – кестені ұйымның бухгалтерлік есеп мәліметтері негізінде автордың өзі есептеп шығарды
|
Қазіргі жағдайда шұжық кәсіпорындарындағы өнімнің өзіндік құнын талдау әдістемесіне байланысты талдау жұмысын ұйымдастыру аса маңызды болып саналады. Біздің ойымызша, осы міндетті шешу үшін келесі кезеңдер бойынша талдау жүргізу қажет:
1) Жекелеген баптар бойынша шығындарды анықтау, өткен жыл мен жоспардан ауытқуды және осы өзгерістерге әсер етуші себептерді анықтау;
2) Барлық шұжық өнімінің нақты өзіндік құнының жоспармен салыстырғандағы өзгеру дәрежесін есептеу;
3) Материалдық қорлар баптары бойынша шығындар сметасының өзгеру дәрежесінің сақталуын тексеру және ауытқуды анықтау;
4) Калькуляция баптары бойынша үнемдеу немесе артық жұмсау себептерін анықтау;
5) Жекелеген шұжық өнімдерінің өзіндік құнын талдау.
Нарықтық қатынастар жағдайында шығындарды тиімді басқару мен бақылау үшін үстеме шығындардың есебін дұрыс ұйымдастыру және оларды өндірілген өнімдер мен орындалған жұмыстардың арасында экономикалық дәйектелген бөлу базаларының негізінде дұрыс тарату өндірістегі басқарушылық есебінің маңызды болып саналады. Сондықтан, бұл шұжық өндірісіне жұмсалған үстеме шығыстарды жоспарлы нормамен немесе лимиттермен жүйелі түрде салыстырып, ауытқуларды дер кезінде анықтап отыруды қажет етеді.
Үстеме шығыстарға шұжық өнімдерін өндіруге жалпы қатысы бар, бірқатар жалпы сипаттамаларға ие, өндірісті басқару мен қызмет көрсетуге байланысты бірнеше өнім түрлерін өндірген жағдайда осы өнімдердің құндарына тікелей қосыла алмайтын, сондықтан өндірілген өнімдер мен аяқталмаған өндіріс арасында жанама тәртіппен таратылатын шығындар жатады.
Шұжық өндірісінде үстеме шығындарды бөлу кезінде үстеме шығындардың кейбір түрлері өндіріс процесінің талаптыранан туындап отырады, яғни өндіріспен байланысты болады. Ал шығындардың кейбір түрлері, мысалы, жалпы ұйымдастыру, қызмет көрсету, басқару процесіне байланысты болатынын естен шығармау қажет. Соған байланысты шұжық өнімдері әртүрлі өндіріс сатылары арқылы өндірілетінін ескерсек, онда әрбір сатыдағы (жауапкершілік орталығы мен шығынның пайда болу орындарындағы) үстеме шығыстарды осы сатыда дайындалған өнімінің өзіндік құнына алғашқы құжаттардың негізінде тікелей қосуға болады. Мұндай шығындарға, еңбекті қорғау, күзет, өрт сөндіру, жалдау ақыларын, материалдар мен құрылғыларды сынау шығындарын жатқызуға болады. Ал шығындардың мынадай түрлерін, яғни өндіріс жұмысшыларының қосымша еңбек ақыларын өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбек ақыларына қарай, еңбек ақыдан аударым сомаларын өндіріс жұмысшыларының негізгі және қосымша еңбек ақыларына қарай, отын, қосалқы бөлшектер мен көмекші материалдардың құнын машиналар мен механизмдердің бір сағатта пайдаланатын нормасына немесе жұмыс істеген уақытына қарай, яғни әрбір үстеме шығынның түріне бөлек бөлу базаларын қолдану арқылы бөлуге болады.
Шұжық өнімдерін өндіретін жекелеген кәсіпорындардың қызметін тәжірибесін зерттеу нәтижелері ұйымның коммерциялық-өткізу қызметі табысты жұмыс істеу үшін осы қызмет бойынша барлық шығындардың толық және жан-жақты есебі ғана емес, сонымен бірге жұмысты келесідей бағыттар бойынша қамтитын өткізудің дәлелденген жүйесін қалыптастыру қажет етіп отырғанын байқатады: сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің деректерінің базасын қалыптастыру; сатуды жоспарлау кезіндегі бақылауды жетілдіру; өткізу-сату жоспарының орындалуын бақылауды күшейту.
Өнеркәсіптің басқа да салалары сияқты, ет және шұжық өнімдерін өндіруші салалардағы ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметіне елеулі әсер ететін фактордың бірі – бұл ұйымның коммерциялық-сату (өткізу) қызметі екенін айта аламыз. Ұйымның жабдықтау-дайындау, өндіріс және коммерциялық-сату қызметтері бірін-бірі үнемі толықтырып, үздіксіз өзара байланыста болуға тиісті. Өйткені, шұжық өнімдерінің технологиялық ерешеліктері мен сипатына байланысты, оларды сақтау орындарында ұзақ уақыт сақтауға болмайды. Тек берілген тапсырыстар мен нарықтағы ұсынысқа байланысты орындалатын шұжық өндірісінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін, ұйымның ішінде өткізу-сату бөлімінің басқарушылық есебін өндірістік жоспармен және нақты өндіріс көлемімен байланыстыра отырып, ұйымдастыру қажет деп тұжырым жасаймыз.
Басқару есебі басқарушылық шешімдердің тиімділігін алдын-ала бағалауға, оңтайлы түрде бөлімшелер арасында бөліп, таратуға, ұйымның даму жолдарын белгілеуге және дағдарыс жағдайын болдырмауға қолайлы жағдай туғызатын бюджеттеу жүйесіне сүйенеді. Бюджет – жорамалданған әрекеттерді орындауға дейін жасалатын қаржылық құжат болып табылады. Басқару есебінде бюджеттеуді жоспарлау процесі деп те атайды. Жоспарлау процесі бақылау процесімен тығыз байланысты, соған байланысты жоспарлау мен бақылау ұйымды басқарудың ең қажетті бөлігі болып табылады. Біздің пікірімізше, шұжық өнімдерін өндіретін кәсіпорындарға бюджеттендіру жүйесін енгізудің нәтижесі келесідей міндеттерді шешуге мүмкіндіктер береді:
1. Кәсіпорын ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға;
2. Қызметті үйлестіруді және жекелеген бөлімшелер мен жалпы кәсіп-орындар мүдделерінің өзара байланысын қамтамасыз етуге;
3. Шұжық кәсіпорынының шаруашылық қызметінің түрлі баламаларын болжауды, жоспарлауды, нормалауды, талдауды бақылауды, бағалауды және қабылданылатын басқарушылық шешімдердің дәлелдігін арттыруды іске асыруға;
4. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және ұйымның қаржылық жағдайын жақсартуға.
Біздің пікірімізше, шұжық өнімдерін өндіретін кәсіпорындардағы бюджеттендіру жүйесі ең аз дегенде келесідей бюджеттерді қамтуы керек: сату; өндіріс; шикізат, негізгі және көмекші материалдардың тікелей шығындары; еңбек ақы төлеудің тікелей шығындары; жалпы өндірістік шығындар; бөлімше бойынша жиынтық бюджет; үстеме шығындар; пайда мен зияндар.
Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде бюджеттің орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін негізгі екі бағытты қолдануды ұсынып отырмыз:
1. Шұжық өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың құрылымдық бөлімше-лерінің бюджетін бөлімшенің өзінің жауапты адамдары арқылы орындату;
2. Барлық құрылымдық бөлімшелер бюджетін (оның ішінде шығын баптары бойынша) жоспарлы-экономикалық қызмет бөлімі немесе есеп бөлімі арқылы орындату.
Шұжық өнімдерін шығаратын кәсіпорындар басшысына тәжірибеде көптеген саналуан басқарушылық шешімдер қабылдауға тура келеді. Өнімнің бағасы, кәсіпорын шығындары, өнімді сату көлемі мен құрылымына қатысты қабылданылатын әрбір шешім кәсіпорынның қаржылық нәтижесіне тікелей әсер етеді. Осы категориялар арасындағы өзара байланыс пен өзара тәуелділікті анықтаудың қарапайым және аса дәл тәсілі залалсыздық шегін орнату, яғни шұжық өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың табысы шығындарын толық жабатын кезді анықтау болып табылады.
«Шығындар-өндіріс-пайда» арақатынасын талдаудың негізгі элементтері болып маржиналды табыс; тиімділік табалдырығы (залалсыздық нүктесі); өндірістік леверидж; мықтылықтың (сенімділіктің) маржиналды қоры табылады.
Сату көлемінің мүмкіндігінің төмендеуін анықтайтын тауардың нарықтық жағымсыз конъюнктурасы кезінде, сонымен қатар шұжық өнімдерін өндіретін кәсіпорынның өмірлік циклінің алғашқы кездерінде, ол әлі залалсыздық нүктесінен өтпегенде кәсіпорынның тұрақты шығындарын төмендетуге шара қолдану қажет. Керісінше, тауар нарығының жағымды конъюнктурасы кезінде және белгілі бір мықтылық запасы болған кезде тұрақты шығындарды үнемдеуге қойылатын талаптар елеулі түрде әлсіреуі мүмкін. Бұндай кездерде кәсіпорын негізгі өндірістік қорларды қайта құру және жаңарту арқылы нақты инвестициялардың көлемі елеулі кеңейте алады.
Тұрақты шығындарды басқаруда еске алатын тағы бір жағдай олардың жоғары деңгейі салалық ерекшеліктерімен – еңбек механизациясы мен автоматизациясының түрлі деңгейі, өнімнің қор сыйымдылығымен анықталады. Одан басқа ескерілетін жағдай тұрақты шығындардың тез өзгеруге аз ұшырайтынын, сондықтан жоғары өндірістік леверидж бар кәсіпорын өз шығындарын басқаруда икемділігін жоғалтады.
Бірақ та, осы объективті шектеулерге қарамастан, әр кәсіпорында тұрақты шығындар сомасы мен үлес салмағын төмендетудің жеткілікті мүмкіндіктері бар. Мұндай резервтерге тауар нарығының жағымсыз конъюнктурасы кезінде үстеме шығындарды (басқару бойынша шығындарды) қысқарту; пайдаланылмайтын құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтерді сату және соның нәтижесінде амортизациялық аударымдарды төмендету; машиналар мен құрал жабдықтарды меншікке сатып алу орнына қысқа мерзімді лизингін пайдалану; коммуналдық қызметтер көлемін қысқарту және т.б. жатқызуға болады.
Ауыспалы шығындарды басқару кезінде негізгі бағыт оларды тұрақты түрде үнемдеу, себебі осы шығындар мен өнімді өндіру мен сату көлемдері арасындағы тікелей тәуелділік бар. Кәсіпорын залалсыздық нүктесін игергенге дейін осы үнемді қамтамасыз ету маржиналды табыстың өсуіне әкеледі және осы нүктені тез игеруге мүмкіндік береді. Осыдан кейін ауыспалы шығындарды үнемдеу кәсіпорын пайдасының тікелей өсуін қамтамасыз етеді. Ауыспалы шығындарды үнемдеудің негізгі резервтеріне еңбек өнімділігінің жоғарылатуды қамтамасыз ету есебінен негізгі және қосымша өндіріс қызметкерлері санын азайту; тауар нарығының жағымсыз конъюнктурасы кезеңінде шикізаттар мен материалдар, дайын өнімнің артық тұрған қорларын қысқарту; кәсіпорынға шикізат пен материалдарды жеткізудің пайдалы жағдайын қамтамасыз ету және т.б.жатқызуға болады.
Шұжық өнімдері өндіретін ұйымдарында сату бағасының әртүрлі деңгейлерінде нарықтағы сұраныс пен шығындарды бағалаудың қажеттілігі өте зор. Ең оңтайлы баға пайданың жоғары болуын қамтамасыз етуі қажет. Сондықтан, біздің оймызша бұл мақсатқа қол жеткізу үшін нарықты толық зерттеу арқылы, ұйымның бағаландыру саясатын дұрыс жолға қою қажет. Соның нәтижесінде, өнімнің сапасын арттырып және оның бағасын өзгерте отырып не болмаса өнімнің басқа түрін өндіру арқылы нарықтағы алған орынды нығайту қажет деп санаймыз.
Нарықтық қатынастар жағдайында ұйымның құрылтайшылары, басшылары мен мамандары өнім (жұмыс орындау мен қызмет көрсету) өндірісінің рентабельділік деңгейін жоғарылатуға және қызметтің барлық түрлерінің тиімділігін арттыруға мүдделі болуы керек. Бұл өндірістің технологиялық процестерін ғана емес, сонымен қатар кәсіпкерліктің экономикалық субъектілерін және олардың әртүрлі сегменттеріне қатысты басқару жүйесінің барлық қызметтерін жетілдіруді талап етеді. Сондықтан, біздің ойымызша ұйым қызметінің барлық түрлерінің табысты қызмет істеуін, өнім өндіруді және оның өзіндік құнын төмендетуді, шаруашылық механизмі мен қызметтің барлық буындарының басқару механизмін жетілдіруді қамтамасыз үшін күнделікті ішкі шаруашылық бақылау қажет деп санаймыз.
Бақылау ұйымның өткен қаржылық-шаруашылық қызметінде орын алған қателіктерді, ауытқуларды, кемшіліктерді жоюға бағытталған. Ұйымның қызметінде пайда болған кемшіліктерді болдырмау және оларға жол бермеу үшін басқару шешімін қабылдауға және қабылданған шешімнің орындалуына ықпал ету құралы. Демек, дұрыс ұйымдастырылған бақылау ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін жақсартуды және басқару жүйесін үнемі жетілдіруді, қабылданған шешімдердің тиімділігін арттыруды көздейді.
Шұжық өндірісі ұйымдарындағы есеп тәжірибесін зерттеудің нәтижесінде, біз ондағы мамандардың өндіріс шығындарын жоспарлау, талдау және бақылау мәселелеріне көп көңіл бөлмейтіндігін анықтадық. Соған байланысты шұжық өндірісімен айналысатын ұйымдарда ішкі бақылау бөлімін ұйымдастыру кезінде өзекті міндеттердің бірі болып әрбір ішкі бақылау қызметкерінің құқықтары мен жауапкершіліктерін қайта қарастыратын лауазымдық нұсқауларды дайындап, оларды жетілдіру қажет деп санаймыз. Ішкі бақылау қызметі, оны құру тәртібі және өкілеттіліктер туралы мәліметтер тиісті ережелер арқылы тіркеліп, ал ішкі бақылау қызметкерлерінің міндеттері мен олардың біліктілік деңгейі лауазымдық нұсқауларда көрсетілуі қажет.
Ішкі бақылау жүйесі барлық ұйымдарда ұйымдастырылады. Бірақ, кейбір ұйымдарда ол тиімді қызмет істесе, ал басқаларында тиімсіз әсер етеді. Бір кәсіпорында ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыруды және қолдауды оның басшылығы саналы түрде жүргізсе, ал кейбір ұйымдарда ішкі бақыдау жүйесі басшылықтың еркі мен мақсатты әрекетіне тәуелсіз қалыптасады.
Зерттеу жұмыстары жүргізілген шұжық өндірісі ұйымдарында жедел бақылауды күшейту, қаржылық және өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану, сондай-ақ мамандарға көмек көрсету мақсатында ішкі бақылаудың мақсатын төмендегідей тәртіптермен көрсетіп отырмыз: өндірістік ресурстардың сақталуы мен тиімді пайдалануын анықтау; ішкі және сыртқы ортадағы өзгерістерге уақытында бейімделу көрсеткіштерін шығару; ұйымның тиімді қызмет ету, оның тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдарын қарастыру; ұйым қызметіндегі әртүрлі тәуекелділіктерді төмендету шараларын ұсыну.
Өзіндік құнның деңгейі кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесіне, ұлғаймалы ұдайы өндірістің жоғарылауына және ұйымның жалпы қаржылық жағдайына әсер етеді. Сондықтан да кез келген меншік нысанындағы ұйымның қаржылық- шаруашылық қызметін басқару үшін оған ғылыми жағынан негізделген талдау жүйесін тұрақты түрде жүргізіп отыру қажет. Демек, осы міндеттерді шешу барысында, біз зерттеу жұмысы жүргізілген «Алматы ет» ЖШС-нің 2006 жылдың бірінші тоқсанында жоспарлы өнім көлемі мен нақты өндірген шұжық өнімдерінің өзіндік құнының құрылымына талдау жүргізіп, оған әсер етуші факторлар анықталып, олардың нәтижелері төмендегі 4 және 5 кестелер арқылы көрсетіліп отыр.
4 кесте – «Алматы ет» ЖШС бойынша өнімнің өзіндік құнын талдау
(2006 ж. 1 тоқсан)
Өнім түрлері
|
Жоспарлы өнім шығымы, кг
|
Нақты өнім шығымы, кг
|
Нақты өнім бойынша жұмсалған шығын сомасы, мың тг
|
Ауытқу (+, -)
|
Норма бойынша
|
Нақты
|
Негізгі шикізат пен көмекші матер.
|
Еңбек ақы
|
Үстеме шығыстар
|
Жоспарлы өзіндік құн
|
Негізгі шикізат пен көмекші матер.
|
Еңбек
ақы
|
Үстеме шығыстар
|
Нақты өзіндік құн
|
Мың тг
|
%
|
Любитель
ская пісірілген
|
27000
|
26820
|
15799,8
|
2197,8
|
2458,62
|
20457,22
|
15731,3
|
2210,6
|
2023,0
|
19946,9
|
-510,32
|
97,5
|
Зернистая жартылай сүрленген
|
21750
|
21718
|
12536,8
|
1770,45
|
1769,36
|
16076,68
|
12154,5
|
1768,4
|
1560,4
|
15483,3
|
-593,38
|
96,3
|
Заку-сочная сүрленген
|
24000
|
24000
|
13834,2
|
2032,8
|
2620,32
|
18486,25
|
13892,1
|
2048,8
|
2512,7
|
18453,6
|
-32,65
|
99,83
|
Доктор-ская сүрленген
|
30150
|
30164
|
17193,3
|
2553,7
|
3306,5
|
23053,51
|
17410,0
|
2718,9
|
3311,5
|
23440,4
|
+386,89
|
101,67
|
Мусульм.
|
18300
|
18305
|
10065,4
|
1202,67
|
1222,25
|
12490,3
|
10204,2
|
1310,4
|
1220,25
|
12734,85
|
+244,55
|
101,95
|
Сардель-ки
|
20100
|
20118
|
11108,3
|
1320,97
|
1402,98
|
13823,24
|
12334,9
|
1160,7
|
1071,45
|
14567,05
|
+734,81
|
105,38
|
Барлығы
|
141300
|
141125
|
80537,8
|
11078,3
|
12780,0
|
104396,2
|
81727,0
|
11217,8
|
11699,3
|
104626,1
|
+229,9
|
100,22
|
Ескерту – кестені «Алматы ет» ЖШС-нің мәліметтері негізінде автордың өзі есептеп шығарды
|
5 кесте - Өнімнің өзіндік құнына әсер етуші факторларды талдау
Өнім түрлері
|
Жұмсалған шығын сомасы
|
Нақты өнім шығымына жоспарлы шығын, мың тг
|
Жалпы ауытқу, мың тг
|
Ауытқуға әсер етуші факторлар
|
Норма бойынша
|
Нақты
|
Өнім шығымы,
кг
|
Өнімнің бір өлшеміне
теңге
|
Барлық шығымға, мың тг
|
Өнім шығымы, кг
|
Өнімнің бір өлшеміне,
теңге
|
Барлық шығымға,мың тг
|
Өнім көлемінің өзгерісі
|
Шығын нормасының өзгерісі
|
Любитель-
ская пісірілген
|
27000
|
757,67
|
20457,22
|
26820
|
743,73
|
19946,9
|
20320,7
|
-510,32
|
-136,52
|
-373,8
|
Зернистая жартылай сүрленген
|
21750
|
739,15
|
16076,68
|
21718
|
712,92
|
15483,3
|
16052,8
|
-543,38
|
-23,88
|
-569,5
|
Закусоч-ная сүрленген
|
24000
|
770,26
|
18486,25
|
24000
|
768,9
|
18453,6
|
18486,25
|
-32,65
|
0
|
-32,65
|
Доктор-ская сүрленген
|
30150
|
764,62
|
23053,51
|
30164
|
777,0
|
23440,4
|
23064,0
|
+386,89
|
+10,49
|
+376,4
|
Мусульманская
|
18300
|
682,53
|
12490,3
|
18305
|
695,7
|
12734,85
|
12493,7
|
+244,55
|
+3,4
|
+241,15
|
Сардельки
|
20100
|
681,17
|
13823,24
|
20118
|
724,0
|
14567,05
|
13703,77
|
+734,81
|
-128,47
|
+863,28
|
Барлығы
|
141300
|
|
104396,2
|
141125
|
|
104626,1
|
104121,22
|
+229,9
|
-274,98
|
+504,88
|
Ескерту – кестені «Алматы ет» ЖШС-нің мәліметтері негізінде автордың өзі есептеп шығарды
|
Жоғарыда берілген 4 кесте арқылы «Алматы ет» ЖШС 2006 жылдың бірінші тоқсанында любительская пісірілген, зернистая жартылай сүрленген және закусочная сүрленген шұжық өнімдерінің нақты өзіндік құны жоспарлы өзіндік құнға қарағанда жалпы шығын деңгейін 1136,35 мың теңгеге төмендегенін байқасақ, ал докторская сүрленген, мусульманская және сардельки өнімдерінің нақты өзіндік құны жалпы шығын деңгейін 1366,25 мың теңгеге жоғарылатып отыр, нәтижесінде барлық нақты шығынның мөлшері жоспарлы шығынмен салыстырғанда 229,9 мың теңгеге жоғарылатып отыр.
Зерттеу жүргізілген ұйым бойынша өндіріс шығындарының жоспарлыдан ауытқуына әсер етуші факторлары 5 кестенің мәліметтерімен нақтыланып отыр. Бұл кестеден байқағанымыз, нақты өнім шығымының өзгерісі жалпы шығынды 274,98 мың теңгеге төмендеткен болса, оның ішінде любительская пісірілген шұжық пен зернистая жартылай сүрленген шұжық және сардельки шығымының жоспарлы көлемінен кем өндірілуі нақты шығынды 288,87 мың теңгеге дейін төмендетіп отыр. Ал, докторская сүрленген және мусульманская шұжық өнімдерінің көлемі жоспарлыдан артық өндірілуіне байланысты нақты шығын сомасы 13,89 мың теңгеге жоғарылатып отыр.
Любительская пісірілген, зернистая жартылай сүрленген және закусочная сүрленген шұжық өнімдеріне шығын нормасының төмендеуіне байланысты жалпы өнім көлеміне жұмсалған шығын сомасын 975,95 мың теңгеге төмендеген болса, ал докторская сүрленген, мусульманская және сардельки өнімдерінің шығын нормаларының жоғарылауы жалпы нақты шығын деңгейін жоспарлыға қарағанда 1480,83 мың теңгеге жоғарылатып отыр.
Нарықтық қатынастар жағдайында өнімнің өзіндік құндарының дұрыс қалыптасуы ұйымының қаржылық-шаруашылық қызметінің соңғы нәтижесіне әсерін тигізеді. Соған байланысты шұжық өнімдерін өндірумен айналысатын ұйымдар үшін өндіріс шығындарын тиімді, әрі үнемді пайдалану мақсатында және саладағы қызметтердің өзіндік құндарын төмендету үшін негізгі шикізаттар мен көмекші материалдарды үнемді пайдалану, яғни өндіріске негізгі және көмекші материалдардың сапасын жоймай, оларды норма бойынша дер кезінде өндіріске жіберу, еңбекті ұйымдастыру мен өндірісті басқаруды жетілдіру, үстеме шығындардың нормаға сәйкес жұмсалуын бақылау; өндірісті автоматтандыру қажет деп санаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |