«Кәсіпкерлікті қолдау онлайн орталығы» жобасының маңызды анықтамалары
«Кәсіпкерлікті қолдау онлайн орталығы» жобасы Облыс әкімдігінің қолдауымен облыстың 32 кітапханасы мен БҰҰ-ның «Өңірлік жоспарлауға инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
Жобаның басты серіктесі - БҰҰ Даму бағдарламасы, ол компьютер мен проектілік жабдық, сондай-ақ, көбейту техникасынан құралған ірі техникалық қолдау көрсетіп отыр.
Жергілікті аудандық және ауылдық әкімдіктер Интернет пайдаланымын ұйымдастыруға ықпал ететді. Аудандық мәдениет бөлімі, орталық аудандық кітапхана онлайн орталық базасын қамтамасыз етеді (онлайн орталықтың орналасуы мен жұмысын ұйымдастырады, онлайн орталық кітапханашыларына әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді).
Онлайн орталық жұмысын үйлестіруші – А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхана.
Онлайн орталық жұмысын ұйымдастырушы – онлайн орталық орналасқан кітапхана қызметкері («Онлайн орталықтың кезекші қызметкерінің міндеттерін» қараңыз).
Онлайн орталық қызметін әлеуметтік деңгейі, жас ерекшелігі, білімі т.б. қарамастан барлық ниет білдіруші пайдалана алады.
Мақсатты топтар:
Кәсіпкерлер,
Оралмандар,
Мемлекеттік қызметкерлер,
Жұмыссыздар,
Мүмкіндігі шектеулі адамдар,
Өзге де ерекше топтағы тұрғындар.
Онлайн орталық қызметтері
Компьютер мен Интернетті ақысыз пайдалану,
Ақысыз электронды оқу,
Бизнес-кеңесшілер көмегі,
Мемлекеттік онлайн қызметтер т.б. пайдалану жөнінде семинарлар.
Электронды оқыту:
Word, Excel компьютер бағдарламаларында жұмыс істеу негіздері бойынша тренингтер,
Интернетте ақпарат іздеу негіздері жөнінде тренингтер,
Mail.Ru Агент, Скайп желілік қатынас бағдарламаларын орнату және пайдалану бойынша тренингтер,
Электронды сандық қолтаңба алуға бағытталған тренингтер.
Бизнес кеңестер
Бизнес-жоспар құрылымы,
Өз бизнесіңді қалай тіркеуге болады,
Несие беру, жеңілдіктер, субсидиялар,
«Даму» қоры өкілдерінің қашықтық кеңестері,
Тәжірибе алмасу мақсатында онлайн кездесулер.
Онлайн орталық - е-үкімет аясында
Мекенжай анықтамасы, зейнетақы аударымдары т.б. туралы анықтамалар алу,
Баспанаға, балабақшаға кезекке тұру,
Салық берешегін көру және төлеу,
Салық декларациясын тапсыру,
т.с.с.
Онлайн орталық іс-әрекетте. Онлайн орталық қызметтері мен осы қызметті пайдаланушылар тіркеліп, есептеледі (Аты-жөні, күні, уақыты, жұмыс ұзақтығы, сондай-ақ, тапсырыс-кеңес тақырыбы). Онлайн орталықтың статистикалық мәліметтері мен көрсеткіштері статистика органдарына, БҰҰДБ-ға, кітапхана саласының өкілетті органдарына ұсынылады, сонымен бірге, кітапхананың есеп құжаттары мен баяндамаларында көрсетілетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |